Туберкулез дертіне шалдыққан адамдармен жүргізетін әлеуметтік жұмыстар


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

"Әлеуметтік жумыс" кафедрасы

мамандық

"Әлеуметтік жұмыс"

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Туберкулез дертіне шалдыққан адамдармен жүргізетін әлеуметтік жұмыстар.

Ғылыми жетекші,

п. ғ. к. доцент

" " 20__

Жұмыс қорғауға жіберілді,

кафедра меңгерушісі,

п. ғ. к, доцент

""20__

Норма бақылаушы

" "20__

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ТУБЕРКУЛЕЗ ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН АДАМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ СТАТУСЫ . . . 5

  1. Ерте кезде туберкулез дертіне шалдыққан адамдардың әлеуметтік-медициналық статусы . . . 5
  2. Қазіргі кезде туберкулез құрбандарының статусы . . . 10

2 ӘЛЕУМЕТТІК-МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 24

2. 1 Азaмaттapдың жекелеген санаттарына медициналық және медициналық- әлеуметтік көмек көрсетудің ерекшеліктерi мен олардың қамтамасыз етiлуі, науқастарға көрсететін әлеуметтік көмектің жайы . . . 24

2. 2 Шығыс Қазақстан облысында туберкулез дертіне шалдыққан адамдардың өмір сапасын жақсарту мақсатында жүргізілген іс-тәжірибе . . . 33

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 42

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 44 ҚОСЫМША . . . 47

КІРІСПЕ

Табыстарға жетуге халқымыздың әл-ауқатының жыл сайын жақсара түсуінің, санитариялық мәдениетіміздің өсуінің де үлкен себепші болып отырғандығы сөзсіз.

Міне, сондықтан денсаулық сақтау қызметкерлерінің алдына елімізде таяу жылдарда туберкулезбен аурулар санын шүғыл азайтып, келешекте оны негізінен жою жолдарын іздеу, осы үшін күресу міндеті қойылып отыр. Жалпы алғанда медицина ғылымының туберкулез ауруын зерттеудегі бүгінгі табыстарына қарағанда бұл міндетті орындауға толық мүмкіншілік бар.

Өзектілігі: Туберкулез ауруы қазіргі кезде ұлттық мәселелердің бірі болып, қоғамдық медициналық ғылымның және денсаулық сақтаудың негізгі проблемасы болып табылады.

XX ғасырда Ресейде және Қазақстан Республикасында өкпе құрт науқастарымен сырқаттанаған адамдардың саны мен сапасының жағдайларына байланысты келеңсіз жағдайға тап болды Шилова В. М. (2003) және Белиловский Е. М. (2004) мәліметтері бойынша туберкулез науқастарының саны 2001-2005 жылдың аралығынды екі еседен артық өсіп кетіпті. Осындай динамикалық өзгерістер Қазақстан Республикасында да орын алып келеді, туберкулез науқасының көрсеткіші 2000 жылы 65, 8 болса, 2004 жылы 102, 28 тең болды, соның ішінде балалардың туберкулезі 2004 жылы 32, 6 %-ға өсіп отырды (Қабыкенова Р. К., 2004) . Шығыс Қазақстан облысында 2005 жылы туберкулезбен зардап шегетін 2288 науқас алғашқы рет анықталып, оның 254-і (11, 1%) туберкулездің күрделі асқындалған түрі болып келді. Қабыкенова Р. К. (2003) мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында түберкулезбен сырқаттанатын адамдардың денгейі 1990 мен 2000 жыл аралығында 113%-ға өсіп, 100 мың халыққа шаққанда 65, 8 ден 160, 4 көрсеткішке жетті және бұл науқастан 2003 жылы қайтыс болған кісілердің саны 3321 адамға жетті.

Зерттеу объектісі: Туберкулез дертіне шалдыққан адамдар

Зерттеу пәні : Туберкулез ауруына шалдыққан адамдарды әлеуметтік медициналық қолдау ерекшеліктері

Мақсаты: Туберкулезбен ауыратын науқастарға эеуметтік-медициналық көмек қажеттілігін анықтау.

Міндеттері.

- аурудың пайда болу себептері мен оның тигізетін қасіретінің теориялық жағдайын оқып зерттеу;

- қазіргі қоғамдағы туберкулез ауруларының әлеуметтік медициналық статусын қарастыру;

- туберкулез дертіне шалдыққан адамдар өмірінің медициналық-әлеуметтік сапасын анықтап, оның емделу процесіне әсерін көрсету.

Зерттеу болжамы: Егер де әрбір туберкулез дертіне шалдыққан ауруға әлеуметтік-медициналық тұрғыдан өмірінің сапасына мінездеме бере отырып емдеу жұмысы жүзеге асырылса науқастың психологиялық тұрғыдан жағдайлары жақсарып аурудан айығу процесі жылдам жүретін еді

Зерттеу әдістері: анкета, әңгіме, бақылау;

Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің хирургия бөлімі.

1. ТУБЕРКУЛЕЗ ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН АДАМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ СТАТУСЫ

  1. Ерте кезде туберкулезге шалдыққан адамдардың әлкеуметтік-медициналық статусы

Туберкулез - адам баласына ерте заманнан кесел болып келе жатқан аурулардың бірі. Атадан балаға мұраға қалдырған малдай тұқым қуалап, мыңдаған қыршын жастарды қызғалдағынан солдырып, талаптыларды өмір бойы мүгедек еткен аурулар арасында туберкулез алдыңғы қатарда орын алады

Туберкулез ауруы жөніндегі алғашқы еңбек медицинаның атасы саналатын Гиппократ (біздің Дәуірімізге денінгі 460-400 жылдары өмір сүрген) қаламынан шыққан. Ол өз еңбегінде ауруды қалай емдеу керектігі жайлы ақыл-кеңес береді, тазалық сақтаудың, тағамды дұрыс іше білудің (диета) маңыздылығына көңіл аударады.

Батыс және Орталық Европа елдерінде туберкулез ауруын емдеушілер корольдер мен императорлар болған. Англияда тіпті без туберкулезін «король ауруы» деп атаған. Туберкулезден емделеміз деп орталық қалаларға ағгылып келіп жаткан халықты корольдер оң аяғының бас бармағымен сүйкеп «емдеген». Мысалы Иванов II және Вильям III осындай әдіспен 20 000 ауруды, ал Карл II 91 000 адамды «емдеген». Әрине, мұндай «емдеу» халықтан ақша алудың, қанаудың тағы бір амалы еді.

Атақты неміс ғалымы Роберт Кох 1882 жылы Берлин академиясында сөйлеген сөзінде: «егер біз аурудың халық үшін зиянын айтқанда оның өлшемі есебінде әрбір аурудан өлгендерді алсақ, онда адамзат өміріндегі ең қатерлі оба, тырысқақ сияқты аурулар туберкулезден әлдеқайда көп кейін тұрар еді», - деп атап көрсетті [7; 14б] .

Гейдельберг маңынан табылған, біздің жыл санауымыздан 5000 жыл бұрын (тас дәуірі) өмір сүрген адамнын сүйегін тексеру кезінде кеуде омыртқаларынан туберкулезге ұқсайтын аурулардың белгілерін тапты. Біздің заманымызға дейін сақталған жазбалардан туберкулез ауруының ертедегі Египет, Вавилония, Греция, Персия, Қытай халықтары арасында кең тарағанын көреміз. Бұл жазбаларда туберкулез ауруының белгілері және одан сақтану шаралары да келтіріледі.

Бұл ауру жайлы қызықты деректерді атақты тәжік ғалымы Абу-али-Ибн-Сина (Авицена) еңбектерінен де көреміз. Медициналық мәселелерге арнаған еңбектерінде туберкулез ауруы тұқым қуалайды, аурудың асқынуы көктемде жиі болады, ауру әсіресе жүкті әйелдерде ауыр болады деп жазды. Ауруды емдегенде таза ауа, әртүрлі климат жағдайлары пайдалы әсер етеді деп есептеген. Уақыт өте келе көптеген әдеби жазбаларда туберкулез ауруы және оның жеке мемлекеттерде кең тарағаны жайлы деректерді жиірек кездестіреміз.

Туберкулез ауруы жайында медициналық ғылымның дами түсуіне үлкен әсер еткен жай - 1882 жылы 24 наурызда Роберт Кохтың туберкулезді қоздырушы микробты ашуы болды. Бұл микроб микроскоп арқылы қарағанда таяқшаға ұқсас болғандықтан туберкулез таяқшасы, немесе оны ашқан ғалым құрметіне Кох таяқшасы, немесе микробтар дүниесіндегі орнына байланысты туберкулез микробактериясы деп аталынды.

Көптеген мұрағаттардағы құжаттар туберкулез ауруының бұрынғы патшалық Россия территорнясында кең тараған аурулардың бірі болғанын көрсетеді.

Аурулардың басым көпшілігі шаруалар, жұмысшылар мен солдаттар арасында болды. Туберкулез ауруы орыс армиясы мен флотының нағыз қас жауы болып есептелді, өйткені солдаттардың 1, 5-2 пайызы туберкулезбен ауырды. Профессор И. О. Бейлин земство медицинасының санақтарына сүйене отырып, әрбір үш үйге бір аурудан келгенін көрсетеді.

Туберкулез ауыруынан өлім де көп болды. Дарындары шарықтап тұрған шоғында Белинский, Веневитинов, Кольцов, Суриков, Чехов, Плеханов сияқты ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері осы туберкулез ауруының құрбаны болды. уберкулез, әсіресе патшалық Россияның шет аймақтары болған Орта Азия мен Қазақстан жерлерінде де кең тараған.

Батысымыздағы халықтармен қарым-қатынаста болған оқымысты азаматтарымыз бұл кеселге жиірек ұшыраған.

Абайдың Әбіш пен Мағаш - екі баласының, Шоқан Уәлихановтың осы дертпен аурып ертерек дүние салуы да содан . . .

Қайырымдылықтың тамыры ежелгі болғандықтан, ерте заманнан бері қарай атақты ірі ойшыл-ғалымдардың, мемлекет қайраткерлерінің жазған ғылыми еңбектерінде, айтқан нақыл сөздерінде бұл мәселе жан-жақты айтылып, зерттеліп келуде.

Әсіресе, қазақ даласында өмір сүрген Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, А. Иассауи, М. Дулати сияқты ерте заманның дана, ғалым, ойшыл философтардың еңбектерінің маңызы ерекше[3; 14б] .

Түркі әлемінің ұлы ойшылы көрнекті философ Әбу Насыр әл-Фараби, ол адам бойындағы қасиеттерді құндылық ретінде зерттей білген. Оның еңбектерінде адамдар қарым-қатынасының мәселелері негізгі орын алған. Ұлы ақын әрі кемеңгер, ойшыл, философ Қожа Ахмет Иассауи мен әл-Фараби адамдар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам ғана қайырымды қоғам болатындығы туралы, адам өмірін жай ғана сүрмей, үнемі қайырымдылық жасауға, ізгілікке, жақсылыққа қарай ұмтылу қажеттігін ескертеді. Қайырымды қаланы қайырымды адам басқарғанын қалаған.

Сондықтан әл-Фарабидің негізгі әлеуметтік тұжырымдамасы гуманизм принципіне сүйенген деген пікірлерінің жалпы бағытымен келісуге болады.

Ал педагогикалық көзқарастарында имандылық идеяларымен танымал болған Жүсіп Баласағұн имандылық тәрбиесінің негізін қалайтын қасиеттердің бірі - ізгілік екендігіне баса назар аударған.

Әйгілі "Құтты білік" дастанында оның айқын көрінетін тұстары кедейлерге, қарттарға, жетім - жесірлерге. ауру - сырқауларға көрсетілетін қайырымдылық істері туралы айтылатын өлең жырлары. Ол әлеуметтік топ өкілдерінің, адамдардың портреттерін жасап, елдің құты - білімді, қайырымды, мейірімді бек дейді.

Сол сияқты қазақтың ұлы ойшылдары Абай, Шоқан, Алтынсарин, Шәкерім сияқты данышпан ұлдарының қайырымдылық туралы ой-пікірлерін үнемі басшылыққа алыуға болады.

Шоқан Уәлиханов қазақ даласында жүргізілуге тиісті саяси реформа халықтың мүддесіне, оның материалдық мұқтажына сай келуі, әрі сол коғамның ұлттық мінез-құлқына сәйкестендірілуі қажет деп қорытты. Ол қоғамда жүргізілетін өзгерістер адам мүддесін көздеуі қажет екендігін, ал түпкі мақсаты - халықтың материалдық әл-қуатын жақсарту, мүгедек мұқтаж адамдарға көмек беру қажет екендігін атап өтті.

Сондай- ақ Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев өз шығармаларында да адамның адамдық мәртебесі туралы тамаша ой-пікірлерге аса мән берді.

Қазақстанда мемлекеттік көлемде туберкулез ауруына қарсы жоспарлы түрде күресу шаралары тек Қазан төңкерісінен кейін басталды. Аз уақыт ішінде туберкулез ауруын емдейтін көптеген арнаулы мекемелер ашылды, дәрігерлер мен фельдшерлер даярланды, аурумен күресудің жаңа әдістері іске аса бастады.

Ең алғашқы туберкулез диспансері 1922 жылы Қазақстанның сол кездегі астанасы болған Орынбор қаласында ашылды. Көп ұзамай осындай диспансер Петропавлда, 1924 жылы - Семей мен Қызылордада, 1925 жылы - Оралда, 1926 жылы Шымкентте ашылып, туберкулезбен ауырғандарға нақтылы көмек көрсетіле бастады

Мысалы әлемдік ақпаратқа жүгінсек, дүние жүзінде 8 миллион адам құрт ауруын жұқтырып, жылына 2 миллионнан астам тұрғын көз жұмады екен. Қазіргі кезде егемендік алған еліміздің барлық аудандарында медицина техникасының соңғы жаңалықтарымен жабдықталған туберкулез диспансерлері жұмыс істейді. Бұларда екі мыңға таяу арнаулы жоғары білімі бар маман дәрігерлер қызмет көрсетеді. 1934 жылы ашылған ғылыми-зерттеу туберкулез институты бұл науқасқа қарсы жүргізіліп жатқан күллі жұмыстарды бағыттап отырады.

Бұл туберкулез мекемелерін ашуға белсене ат салысқан, Қазақстанда бұл ауруға қарсы күрестің пионері есептелінетін В. Н. Елизарев (Семей), П. В. Александровский (Қызылорда), С. Т. Кропанин (Петропавл), Л. Л. Сушков (Алматы) сняқты дәрігерлер болды. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарынан бастап 1960 жылдарға дейін ол ушыға берген.

Әсіресе, бұл дерт Қазақстан, Әзірбайжан, Тәжікстан секілді әлеуметтік жағдайы төмен республикаларда жоғары болды. Мысалы, 1960 жылы Қазақстанда әр 100 мың адамға 300 туберкулезбен ауыратын адамнан келіп, 100 мың тұрғынның 31-і осы дерттен көз жұмған. Міне, содан кейін барып туберкулезге қарсы ашық күрес жүргізіле бастады.

Міне осы 1963 жылдан бастап туберкулезге қарсы күрес Қазақстанда да кең етек жайды. Атап айтқанда, жер-жерлерде туберкулезді емдейтін диспансерлер, санаторийлер салынып, емдеу мекемелері көліктермен, күшті тамақтармен қамтамасыз етіле бастады. Дәрігерлік көмек халыққа жақындап, жылжымалы тексеру пунктері шалғайдағы ауылдарға дейін аралады. Сөйтіп, туберкулезбен күреске қатты көңіл бөлінгені соншалық ауруға шалдыққандарға дәрі-дәрмек пен тамақтар тегін беріліп ауыл тұрғындарының қалаларға барып емделуі үшін жол қаражатына кететін шығынды мемлекет өзі көтерді. Тіпті, сол жылдары жұқпалы туберкулез ауруына шалдыққан 888 науқасқа пәтер берілді.

Міне сол кезеңдері республикамызда туберкулез ауруымен күресті ұйымдастыру жолында көп еңбек сіңірген В. И. Зюзян, И. Қарақұлов, М. Е. Морозов, А. Ыдырысов, Ш. Көшербаев, А. Байгурин, Д. Төлемісов, Е. Оразақов, X. Барлыбаев, А. Терлікбаев, С. Байжановтың есімдерін республика азаматтары құрметпен айтып, қадір тұтады. [21; 5] .

Бір өкініштісі, 80-жылдары Кеңес Одағы «біз құрт ауруын 100 пайыз жеңдік» деп жер-жаһанға жар салды. Міне, дәл осындай мәлімдеменің кесірінен, сол 80-90 жылдары кешегі Кеңес Одағы тұрғындары арасында туберкулез ауруы айрықша белең алып, асқынып кетті. Бұған алып империя экономикасының құлдырауы, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әл-ауқатының барынша төмендеуі, дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі бірден-бір себеп болды.

Әлбетте жасыратыны жок, еліміз тәуелсіздігін алған өтпелі жылдарда туберкулез мәселесіне жете көңіл бөлінбеу салдарынан мемлекетімізде туберкулез індеті қайта өрши бастады. Нақтылай айтар болсақ, 1998 жылы елімізде 18500 жаңадан туберкулез ауруына шалдыққан адам табылып, ол 100 мың адамға шаққанда 118, 8 науқастан келген болса, 1999 жылы туберкулезбен ауыратындар қатарына тағы да жаңадан 21 мың адам келіп қосылып, 100 мың адамға 140, 7 аурудан келген. Сол сияқты елімізде туберкулезден қайтыс болушылар саны да алаңдатарлық жағдайда қалып отыр. Мысалы, 1998 жылы республикада 5988 адам осы кеселден көз жұмса 100 мың адамға 38, 4 адамнан келеді, 1999 жылы оның саны аздап төмендеп, өлгендер саны 4337 адамды (100 мыңға 27, 8 адамды құраған. Бірақ, бұл нақты статистикалық мәліметтер емес екенін ескерген жөн. [23; 13б] .

Сонымен, адамға ерте кезден-ақ кесел болып жабысқан індетке бастапқыда тек құлдар мен кедейлер ғана бой алдырса, кейін келе, ол адам статусын талғамайтын деңгейге жетті.

  1. Қазіргі кезде туберкулез дертіне шалдыққан адамдардың медициналық-әлеуметтік статусы.

XXI - ғасырлардың басы туберкулез ауруының белең алуымен және содан адамдардың қайтыс болу көрсеткішінің жоғарылығымен сипатталады. Жұқпалы аурулар ішіндегі дүние жүзі бойынша 1-орындағы өлім мен мугедектікке әкеліп соқтыратын бірден бір індет болып отыр. 1993 жылы Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымы (БДСҰ) туберкулезді «Глобальді қауіпі бар мәселе» деп жариялады.

Адам өзін қаншалықты жетілдім, ой-өрісім дамыды дегенімен, көбінесе ол табиғаттың әкелген кейбір құбылыстары мен ауру-сырқауларының алдында дерменсіздік танытып алатыны белгілі. Міне, осындай ғарышқа ұшып, жеті қабат жердің астындағыны біліп жатқан адамзат баласының құдіреті жетпей келе жатқан қауіпті індеттің бірі - туберкулез. Өйткені, бүгінде оған қарсы қаншама дәрі-дәрмектер жасалып, жаппай қоғамдық күрес жарияланса да ол біздермен бірге жиырма бірінші ғасырдың табалдырығын аттап отыр.

Әрине бүгінгі күні медицина мекемелерінің заман талабына сай жабдықталғаны баршамызды қуантады. Дегенмен де, соңғы уақытта туберкулез - құрт ауруы асқынып, талай адамның ғұмырын қиюда.

Ал соңғы 15 жылда Қазақстан тұрғындарына дәл осы тажал қауіп төндіре бастады. Әлбетте сол кезеңде сәбилердiң шетiнеу көрсеткiшiнiң төмендеуiне қарамастан, ол әлi де болса, жоғары деңгейде қалып отыр.

Осындай туберкулезге қарсы жаппай күрестің нәтижесінде, 1994 жылы Қазақстанда бұл дертке шалдыққандар көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 59, 7 адамға (1960 жылы 100 мың адамға 300 науқастан келетін, ал өлгендер саны әр 100 мың тұрғынға 17, 6 адамға дейін кеміген. Бұл Қазақстандағы ең төменгі көрсеткіш. Өкінішке орай, туберкулез індеті осы жылдан бастап елімізде қайтадан белең алды.

Оның ең басты себебі - халықтың әл-ауқатының нашарлап, тояттап тамақ ішпеуінде, яғни, тұрмыстық, әлеуметтік-экономикалық деңгейдің төмендеуінде және дәрігерлік қызметтің жетіспеуінде болып отыр. Өйткені, туберкулез ауруына уақтысында тамақтанбай, үнемі аш
құрсақ жүретін, тазалықты сақтамай, өз денсаулығын күтінбейтіндер жиі ұшырайды. Сондықтан да, қазір бұл дертке шалдыққандар арасында
зейнеткерлердің, студенттердің, жұмыссыздардың, қаңғыбастар мен қайыршылардың, нәрестелі болған аналарлың, ішімдікке салынушылар мен нашақорлардың және түрмеде отырғандардың үлесі басым. Туберкулездің міне сондықтан да әлеуметтік індет ретінде қарастырылуы сондықтан.

Туберкулездің ушығып, халықтық қасіретке айналуының тағы бір үлкен себебі - соңғы кездері халыққа медициналық қызмет көрсету деңгейі төмендеп, дәрігерлік көмектің халықтан алшақтай түсуінен. Өйткені экономикалық қиындықтардың кесірінен, халық денсаулығын тексеру мен емдеу, бақылауға алып отыру сияқты жұмыстар көп жерлерде жүргізілмеді.

Аурды емдеу мен зерттеудің және анықтаудың жолдары ғылыми тұрғыда қарастырылады. Аурудың жұқпалы жағын зерттейтін бөлімдер бар. Сол зерттеулер арқылы олар науқастың қандай дәрежеде екендігін біліп барып, емдеудің әдістерін қолданады. Дәрінің күші жетпейтін аурулар бар, олаға операция жасау арқылы немесе оқшаулау негізінде жұмыс жасалынады. Туберкулез ауруы ұзақ емдеуді қажет ететін ауру. Емделу барысында ауру қалай пайда болғандығы анықталып, зерттеледі. ауруды қоздыратын таяқшаларды тауып, одан жазылып кетудің жолдары үшін мамандар жұмыс істейді. Аурудан сақайғандарды үйіне не болмаса емдеу-сауықтыру орындарына жіберіп, оларды үнемі бақылауға алады. Кейінгі жылдары туберкулез ауруы көбейіп кеткені жасырын емес. Оның өзіндік себебі бар. КСРО құлағаннан кейін заман өзгеріп, көп қиындықтарға тап болдық. Елдің экономикалық, әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті, көптеген ірі жұмыс орындары жабылып, ел жұмыссыз қалды. Күні кешегі туберкулез ауруына жасалған жағдай құлдырады, ауруханалар қысқарып, төсек орындар саны азайып кетті, дәрі-дәрмек жетіспей, емдеу орындары қысқарды. Халықтың тұрмысы нашарлады. 1995жылдары туберкулез ауруы қатты ушықты. Ауруды тез анықтап, оны дер кезінде емдемесе, ауруға дәрінің күші жетпейтін кездер болады. Міне осы жағдай бізде ескерілмей туберкулезді азайту мумкін емес. Президент жарлығында туберкулез ауруын жоюдың жолдарына аса мән берген. Дәргерлер аурудың жазылуына себепші болса, Үкіметтен көмек көп. [24; 12б] .

2004 жылғы 28 маусымдағы N 510 бұйрығы бекітілді Туберкулезге қарсы санаторийларда емдеудің тиімділігін арттыру мақсатында бұйрық жазылды. Бұйрықта туберкулезге қарсы санаторийлар туралы ереже жәнетуберкулезге қарсы санаторийларда медициналық көмек кґрсету ережесі бекітілді. Емдеу-алдын алу ісі, аккредиттеу, аќпаратты талдау департаменті (НерсесовА. В. ) әкімшілік департаментімен (ШабдарбаевА. Т. ) бірлесе отырып, осы бұйрықты Қазақстан Республикасының әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберді. Әкімшілік департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етті.

Қазіргі кезде елімізде 32 санаторий бар. Оның 22-сі балар мен жасөспірімдердікі, қалған 10-ы үлкендерге арналған. Осы санаторийлердің барлығы бір ережеге бағынады. Республикалық, облыстық, қалалық деңгейлердегі туберкулезге қарсы санаторийлар белгіленген тәртіппен ұйымдастырылған және мамандандырылған мекеме болып табылады.

Санаторий Қазақстан Республикасының Конституциясына, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері: бактерия бөлмейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды одан әрі емдеу; тұрақты өзгерістері бар туберкулездің компенсацияланған нысандары болған жағдайда алдын алу іс-шараларын өткізу; науқасты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу; туберкулезбен ауыратын науқастарды немесе туберкулез ауруымен ауырған адамдарды кешенді оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткізу болып табылады.

Әрине, мұндай жағдай жалғыз Қазақстанда ғана емес, дүние жүзінде қалыптасып отыр.

Бұл қатерлі дерт, яғни әлеуметтік маңызға ие болған құрт ауруы, атап айтар болсақ сонау 1996 жылмен салыстырғанда 2001 жылы туберкулез ауруы 78, 3 %- ға өскен.

Мысалы, біздің елімізде әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда, орта есеппен 147, 4 адам қан түкіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туберкулез, аурудың пайда болу себептері мен оның тигізетін қасіреті
Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
СПИД ауруын тарататын тек адам ғана
Туберкулездің ашық түрімен ауыратын пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыру
СПИД және оны болдырмау сақтану жолдары
Медицинадағы әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен ерекшеліктері
Жас балардағы СПИД проблемасы тек
Жұқпалы аурулар «СПИД»
Аутист балалардың топтары
Қазақстанда аутизм туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz