Еділ-бұлғар мемлекеті


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Еділ-бұлғар мемлекеті

Кавказдағы Көктүрік билігін оноғырлардың басшысы Кобрат жойды. Бұл кезе4де Қара теңіздің солтүстігі мен оның артынша Балкандарға көптеген түркі тайпалары келді және олар Византия үшін өте қауіп болды. Аварлар 626 жылы Оноғыр мен Бұлғарлармен бірге Константинопльді басып алды. Византия императоры Гераклиос Оноғыр қағаны Кабрашен келісім жасасты. Византиямен жасалған кездесулерден кейін Кабрат Оноғыр Бұлғар мемлекетін құрды. Алайда, Кабрат қайтыс болғаннан кейін аварлар, әсіресе хазарлардың Тозйылжы мен Оноғыр Бұлғар мемлекеті 643 жылы саяси күшінен айрылды. Хазар билігін мойындамаған оноғырлардың бір қолы солтүстікке шегініп, Еділ Бұлғар мемлекетін құрды және XIII ғасырда монғолдар келгенге дейін Еділ мен Кама өзендері арасында тәуелсіз өмір сүрген. Еділ мен Кама арасында тіршілік еткен Еділ бұлғарлары алғашқы мұсылман түркі мемлекеттерінің арасынан орын алады.

Бұлғарлар жөніндегі мәліметтер VI ғ. бастап Византия, Армян, Сирия деректерінде кездеседі. Олар Солтүстік Кавказда мекендеген, тіпті сол жерді Патрия Оногурия (он оғыздардың мекені) деп атаған. VIII ғасырдың I жартысында Азов теңізіне дейінгі жерлерде мекендегендігі байқалады. 630 ж. Орта Азиядағы Кек Түріктер императорлығынның өтпелі кезеңінде хазарлар сияқты Бұлғарлар да басшылықты өз қолдарына алып, "Ұлы Бұлғарлар" мемлекетін құрған, Мемлекеттің негізін салған қолбасы Коурт (қасқыр) деген кісі Доуш атты қаған әулетінен шыққан. О. Прицсактың айтуы бойынша, бұл бұрынғы Мотун (Биктун, б. з. б. 209-174 жж. ) заманынан бері Хум Танхуларын тәрбиелеген атақты Туко (ту-ку) әулеті. Бұлғар билеушілері Азиядағы Хун, Танху әулетінен шығып отырған. Коуцт бытырап жатқан Оғыр тайпаларын бірлестіріп, Ұлы Бұлғария (Манга Бұлғария) деген мемлекет құрды. Бірақ, бұл мемлекет ұзақ өмір сүрмеді. 665 жылы Курт (Коурт) өлімінен кейін көрші Хизк қағандығының қысымымен бұлғарлар мемлекеті ыдырап кетті. Отыз Оғурлар Солтүстікке ығысты (Еділ бұлғарлары) . Курт балалары Бат Баян хазарлардың қол астына бағына отырып, мажарларды және Он Оғур бұлғарларын билеп, Кавказдағы мекенінде қалды. Бүгінгі таңдағы балкарлар осылардың ұрпағы ретінде есептелінеді.

Түркі дүниесінде алғашқы мұсылман түркі мемлекеті ретінде қабылданған Еділ Бұлғар түркі мемлекеті еді. Түркі көші әрекетінің маңызды тоғысқан орталығының бірі де Еділ-Орал аймағы. Қауымдар көшінен бұрын және одан кейін батыска қарай кеткен түркі тайпалары, рулары немесе топтарынан Каспий теңізінің солтүстігін жағалай кеткендер бұл өлкеде ұзақ тұрақтай алмады. Хазарлардың да бұл өлкемен тікелей байланыстары бар.

Қауымдар көшінің артын ала, әсіресе Орта Еуропада Еуропа Ғұн мемлекеті құрылған. Атилланың елімінен кейін орнына отырған ұлдары мен немерелері мемлекет пен мемлекет билігін сақтай алмады. Соңында ғұндар Итргурлар мен Кутригурлар болып маңызды екі үлкен топқа бөлінді. Итригурлардың басым көпшілігі бүгінгі Венгрияға және Орта Еуропаға шегінсе, Кутригурлар шығыска бет алып, Еділ өлкесінде осы жерлердің жергілікті халқьг болған фин-угорлар мен ертеректе келген түркі тектес қауымдарды да билігіне алып, IX ғасырда Орта Еділ жағалауында бір мемлекет құрды. Бұрындары дәстүрлі түркі дінін ұстанатын бұлғарлар IX ғасырдың соңдарында Түркістаннан және оңтүстіктегі ислам мемлекеттерінен келген саудагерлердің ықпалымен ислам дінін қабылдап, бұл территорияларға ислам діні тарала тастады. Ибн Фадланның деректеріне қарағанда 900 жылдары Еділ-Бұлғар әміршісі Алмыш ханның бұл дінді қабылдауына байланысты Еділ Бұлғар мемлекеті алғашқы мұсылман түркі мемлекеті ретінде танылған. Алмыш хан 920 жылдары Бағдат Аббасид халифасынан халқының мұсылман болғанын, оларға діни ғалымдар мен сәулеткерлер жіберуін сұрайды. Халифа үлы Биллах бір керуенмен бірге көптеген елшілік кеңесті 922 жылы Еділ-Бұлғар мемлекетіне жібереді. Елшілік кеңесі арасында Ибн Фадлан атты кісі Бұлғар мемлекетіне жасаған осы саяхатын қағаз бетіне түсіріп, бүтінгі таңда Ибн Фадлан саяхатнамасы атымен аталатын бұл саяхатнама Еділ Бұлғар түркі мемлекеті жайлы құнды мәліметтер беруде.

Еділ Бұлғарлары Еділ өзені бойымен солтүстік-оңтүстік сауда ісінде маңызды рөл ойнаған. Әсіресе, мұсылман мемлекеттер мен Византияда солтүстіктің терілері (сусар, түлкі, тиін) алушылардан кенде болмайтын. Дәл осылайша оңтүстіктің сауда өнімдері де сол жолмен солтүстікке жіберілетін.

Махмұт Кашқаридің "әркім білетін, танымал түрік қаласы" ретінде көрсеткен Бұлғар каласы мен Сувар қалалары маңызды сауда орталығы болу ерекшеліктерін ғасырлар бойынша сақтап келді. Себебі, Еділ-Каспий бойымен өтетігі тері және баска солтүстік орман өнімдері сауданың негізгі қайнар көзі болды. Сауда өнімдері арасында: түлкі, құндыз, қоян, ешкі терілері, сусар, (оқ, қой, сиыр, балауыз, іркілдек (желатин), хош иісі тасылатын, Еділ-Бұлғар мемлекеті Шыңғыс ханның 1218-1220 жылдары -Жебе-Сүбетей нояндарының билігімен басталған І-Дешті Қыпшақ жорығының артынша монғол билігіне өтті.

XI ғасырдың ортасында қырғыздардан жеңіліс тапқан Ұйғыр қағанаты бөлшектеніп, оның бір бөлігі Хан тәңіріне қоныс аударды. Онда тибеттіктерге тап болып, оларды жеңеді де, 902 жылы Ганьсу мемлекетін құрады. Жаңа қоныс негізінен осы аймақтағы Ұлы жібек жолының бойында жатты. Мемлекеттің орталығы Ганчжоу бекінісі болды.

Ганьсу мемлекеті батыс пен шығыстың сауда және мәдени байланыстарын қамтамасыз ететін Ұлы Жібек жолында жатқандықтан тез дамып, көркейді. Кейбір деректерге қарағанда, мемлекеттің территориясы 500 мың шаршы километрге жеткен. Оның империясы байыста - Куча, шығыста - Хами, солтүстікте - Үрімші, ал оңтүстікте -Хотанды қамтыған. Ганьсу мемлекетінің жері мен климаты әр түрлі болғандықтан, онда шаруашылықтың кеп түрі дамыды.

Қытай, Иран және Орта Азиямен байланыстыратын Ұлы Жібек жолы үшін Ганьсу мемлекеті көршілермен үнемі күресіп отырды. X ғасырдың аяғында бұл мемлекеттің территориясына жауынгер танғүт тайпалары үнемі шапқыншылық жасап отырды. Үздік-создық жалғасып отырған бұл жорықтар ақырында XI ғасырдың I ширегінде Ганьсу мемлекетінің толық құлауына әкеліп соқтырды. Мемлекеттің негізгі халқы - ұйғырлардың бір бөлігі Кукунор тибеттіктерінің жеріне, ал екінші бір бөлігі Наншань таулы аймақтарына барып жасырынуға мәжбүр болды. Сөйтіп, Ганьсу мемлекетінің орнын Танғүт мемлекеті басты.

Б. э. V ғасырдың ортасынан бастап Хун империясының европалық белігіндегі, оның ішінде Днепрден Оралға дейінгі жерлерде халықтар біртұтас мемлекеттілігін жоғалтып, бытыраңқы жағдайда тұрды. Олардың қатарында түркі және фин-угорлар тайпалары: утугурлар, оногорлар, огарлар, вирмарлар, сабарлар, хайландар, уздар және т. б. болды.

VI ғасырдың ортасынан бастап Еділ және Орал аймағында қағанаттық мемлекетін құрған Көктүріктердің ықпалы күшейді. Олар аварларды ығыстыра отырып, бұл аймақтағы жергілікті тайпалардың қолдауына ие болды. VII ғасырдың ортасында Көктүріктер қағанаты бір жағынан Қытай империясы, екінші жағынан Араб халифатының қыспағына ұшыраған кезде қағанат ықпалындағы Еділ бойын жайлаған ру-тайпалар бірігіп, өздерінің мемлекетін қүра бастады. 651 жылы қөктүріктердің Ашина әулетінен шыққан Түры жаңадан құрылған Хазар қағанатының ханы болды. Ол қысқа уақыт ішінде Еділ бойында бірнеше қала-бекіністер: Беленжер, Саркел, Исмендер, Савар, Байда және т. б. салды. Қағанат ордасы Еділдің батыс жағасында салынған Хан-балық болды. Хазар қағанаты сауда жолдарының түйіскен жерінде жатты. Сондықтан мұнда тұратын халық тез байып, оның мал шаруашылығы, жер өңдеу және андылық кәсібі қарқынды дамыды. Оған бір жағынан қағанат арқылы жүргізілетін саудаға салынатын 10 пайыздық төлем де ықпал етті.

Кектүріктің кемегінің арқасында Хазар қағанаты өзінің территориясын біраз кеңейтіп алды. Қағанат жерлері Кавказда Дербентке дейін, солтүстікте қазіргі Удмуртияға, шығыста Оралға, ал батыста Қара теңіз бен Днепрге дейінгі аймақты алып жатты.

Хазарлар кектүріктермен біріге отырып Ұлы Бұлғарлар мемлекетін өзіне қаратты. Оңтүстікте Арал көліне дейін шекараны ұлғайтты. Сөйтіп, бір кезде Атилладан кейінгі кезенде ыдырап кеткен Еуропалық Хундар қағанаты І-ІХ ғасырлардағы Еуропаға үлкен ықпалы тиген Хазар қағанаты түрінде қайтадан өмірге келді.

Қағанаттың күшею кезеңі Араб халифатының солтүстікке дарай шапқыншылық жорықтармен тұспа-түс келеді. Хазар қағанаты арабтармен 150 жылдай соғыс жағдайында болды. 651 - 654 жылдары арабтар Хазар қағанаты жеріне басып кіріп, Дербент пен Беленжерді алды. Алайда арабтар Арменияға дейін қуып тасталынды. Ал 684 жылы арабтар Иранға дейін шегінуге мәжбүр болды. Бірақ 692 жылы арабтар қайтадан, Дербентті алуға қол жеткізді. Бірақ 710 жылы Дербент қайтадан хазарлықтар қолына көшті. 735 жылы араб қолбасшысы Марван орасан қалың қолмен Хазар қағанатына жорық ұйымдастырды. 737 жылы ол хазарлардың Варачан мен Семендер сияқты қала-бекіністерін алып, Еділдің сол жағалауына дейін келді. Хазарлықтар Еділдің оң жағасына өтіп шегінді және келісімге келуге мәжбүр болды. Арабтар қағанаттан мұсылман дінін қабылдауды талап етті. Қағанат ол талапты қабылдады.

Марван жорығынан кейін Хазар-Араб қатынасы 738 - 763 жылдары бейбітшілік жағдайда дамыды. 760 жылы Кавказды билеген Аббасилер әулетінің билеушісі Хазар қағанатының қызына үйленді. Мұнымен Араб халифаты өзінің солтүстіктегі қауіпсіздігін нығайтпақшы болды.

764 жылы Астар қаған Армения мен Грузиядағы араб әскерлерін талқандады. Халиф Мансүр Кавказға өзінің қосымша әскери күштерін жібергенімен олар да талқандалды. Ал жіберілген қолдың басшылары Жабраил ибн Йахья мен Забра ибн Абдаллах қашып құтылды. 798 - 799 жылдары араб-хазар соғыстары қайтадан ершіді, бірақ арабтар тағы да жеңіліске ұшырап қалды. Сонымен, 150 жылға созылған Хазар-Араб соғыстары осылайша аяқталды.

Хазар қағанатының саяси тарихы мен әлеуметгік-қоғамдық өмірінде түрлі діндердің тоғысуы үлкен рол атқарды. Қағанаттың негізін қүрған ру-тайпалардың ежелгі наным-сенімі Тәңірлік болғанымен батыстың, әсіресе Византия империясының ықпалы артып барып, христиандық дін тарай бастады. Және жер-жерлерде шіркеулер ашылды. Арабтардың ықпалымен ислам діні де кеңінен тарады. Сонымен қатар қағанатта Кавказдан тараған иудей діні де белең ала бастады. Ол бір кезде Маздахиттер қозғалысына байланысты Кавказға ығысқан еврейлердің діні болатын. Қағанатта иудей дінін ұстаған еврейлер негізінен сауда мен есімқорлықпен айналысқандықтан, олар тез байып, қағанат билеушілеріне ықпал ете бастады. Ашина әулетінен шыққан қағандар көп әйел алушылықты ұстанғандықтан, еврейлердің әдемі қыздарына да үйленді. Ал олардың ұлдары иудей дінінің ықпалында болды. Оның бер жағында еврейлерде өздерінің әулетін аналық жағынан тарататын дәстүр мығым еді. Нәтижесінде VIII ғасырдың бірінші жартысынан бастап хазар қағандары иудейлік дінді ұстанған еврейлердің қандастары бола бастады. Алғашқы жартылай еврей Булан қаған Хазарлар мен Еврей қоғамдарының арасында ортақ саяси бағыт ұстады. Кейініректе иудейлік еврей қоғамдарының теңкерісі нәтижесінде иудей Обадий қаған тағына отырды. 790 жылы Обадий иудейді мемлекеттік дін ретінде қабылдады. Осыдан бастап қағанатқа жан-жақты еврейлер келіп қоныстанып, мемлекеттің маңызды лауазымдық орындарын иелене бастады. Сонымен қатар кептеген синагогтар ашылды. Иран мен Византиядан келген еврейлер құлдарды сатумен де айналысты. Ираннан тараған «қарай» деген дінді қабылдаған түркілер «караимдар» болып аталды.

Сонымен қорыта келгенде, қағанат еврей-түркілік сипат алды. Мұның өзі қағанат ішіндегі негізгі халық саналған түркілердің наразылығын тудырды. Өйткені, бұрынғы түрік қағандары жалпы халық мүддесін көздесе, ендігі жерде ат төбеліндей басқарушы еврейлер тобы сауда мен есімқорлықтан байып, салық жинаумен айналысты. Және де олар еврей қауымының ғана мүддесін қорғады. Еврейлер қағанат халқына қаны, діні және рухы жағынан да бетен, жат болды. Халықты бағындыру үшін еврей билеушілері әуелі ығысып келген печенгтер әскерін, кейін мұсылман жалдамаларынан құралған армияны пайдаланды. Ал оларды үстау үшін мемлекеттен көп қаражат бөлінді. Еврей билеушілері бұл қаражатты қарапайым халыққа салынатын салық көлемін ұлғайту арқылы табуға тырысты. Осының барлығы IX ғасырдың аяғында қағанатты әлсіретті. 965 жылы Русь князі Святослав печенгтер мен оғыздармен одақтасып, жорық жасағанда іштей әлсіреген қағанат тойтарыс бере алмай қалды. Хазардың бай қалалары тоналды. Негізгі халық - түркілер иудей билеушілерінің мүддесі үшін шапқыншыларға қарсы күрескісі келмеді. Керісінше, түркі қауымы оларды иудейліктерден құтқарушы, азаттық әперуші ретінде қарсы алды. Князь Владимирдің оғыздармен бірігіп, 983 - 985 жылдардағы жасаған жорығы қағанаттың ыдырауына әкеліп соқтырды. Соған қарамастан, ол кейініректе Еуразия кеңістігінде жаңадан бірнеше мемлекеттердің құрылуына мұрындық болды.

Бат-Баян кіші інісі Аспарух пен Бұлғар халқын ертіп Дунайпі беттеді. 668 жылы Балканға өтіп, 679 жылы Бұлғар мемлекетініи негізін салды.

Аспарух император Константин ІV-нің қарсылығын жойын, Добружаның оңтүстігінде азғана уақыт ішінде әскери, саяси тұрғыдан тез жетілген "Дунай Бұлғарлары" деген атпен мемлекет құрады. Оғыр Түркілері тарапынан құрылған бұл мемлекет кішігірім болғанымен ең ұзақ өмір сүрген саяси ұйым болып табылады.

Бұл мемлекет Византия мен Аварлар империясының арасында құрылды. Сырттан келген Бұлғар Түркілері Славян халқып шеберлікпен өздеріне бағындырды. Бұлғарлар тайпалар ретінде өмір сүрген Славян халқына "отан", "мемлекет", "ұлт" деген ұғымдарды үйретіп, олардың басын біріктірді. Және өздерін Византиядан қалай қорғану керектігін көрсеткен. Дунай Бұлғарларының ең жақын саяси әріптесі Византия еді. Хазар ханшайымымен некеге тұрған Византия императоры Юстиниан II Бұлғар ханы Тервельдің (702-718 жж. ) кемегімен екі рет таққа отырғандығы (705) белгілі. 716 жылы Византиямен жасалған сауда келісіміне байланысты 717-718 жж. Ыстамбулдың арабтар тарапынан қоршалуы кезінде ол Византиялықтарға кемектескен. Осы ынтымақтастық Бұлғар мемлекетіндегі экономикалық өрлеу мен тыныштықты қамтамасыз етті. Бірақ, VIII ғасырдың ортасында қағанаттағы ішкі тартыстардың күшеюінен пайдаланған Византия Бұлғарларға қарсы бірнеше рет жорықтар ұйымдастырды. Император V Корранимос 741-775 жылдары арасында Бұлғарияны тонады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерінің фонетикалық жүйесі
Түркі-ислам байланыстары
Жалпы түркі тарихы. Дәрістер
Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы
Бірқатар авторлардың пікірі бойынша палеолит екі дәуірге бөлінеді - ежелгі дәуір мен соңғы дәуір
Шыңғысханның алтын әулеті
Бату хан
Алтын орда туралы ақпарат
Алтын Орданың саяси тарихы
Түркі тілдерін топтастырудың теориялық және практикалық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz