Жеті жарғы туралы деректер



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Жеті жарғының түп төркінін түсіну ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.Жеті жарғы туралы ғалымдардың көзқарасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
3.Жеті жарғы туралы деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Жаңа билеуші көрген саясаткер, арқылы дипломат, құдыретті хан болды. Тәуке ханның өзіне дейнгілерден айырмашылығы – хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идиологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды.
Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырылды. Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды.
Тәуке хан билігінің бір бөлігін беру жолымен ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ол қазақтың үш жүзінің ең беделді билердің қатысумен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырады. Ұлы жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің беделі ерекше болды. Олардың даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруде, сондай-ақ хандықты ауыр сындардан аман алып өтуге бағытталды.
Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарнының жақындасуына табандылықпен қол жеткізді. Ол 1686-1693 жылдары Сібірге бес елшілік жіберді. Мұнда Тәуке орыс-қазақ қатынастарының өзара тең дәрежеде дамуын нығайтуға айқын мүдделілігін танытты. Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы бейбіт келісім-қатынастар сақтала берді. 1698 жылан ойраттар мен қазақ әміршілері арасындағы қарулы қақтығыстардын жаңа кезеңі басталды. Жонғардың әскери шонжарлары манызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстанның аумағын басып алуды көкседі. Қазақтың Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ қалалары жоңғарлармен күресте өзіндік стратегиялар тірек бекетіне айналды. Тәуке ханның ойратармен күрестегі кейбір сәттіліктері оған үлкен жеңіс әкелмеді, соғыс белсенділігі ойраттардын жағына болды. Қалмақ-қазақ қырқыстары толассыз жүргізілді.
Уақытша болса да, бар қазақтың бірігуіне әсер еткен, атақты заңы – Жеті Жарғының өмірге келуіне мүмкіндік жасаған Ұлы Тәуке хан еді. (1680-1715) Тәуке хан кезіндегі жетістік деп – қазақтардың 1695жылға дейінгі жоңғарлардан 32 қаланы азат еткенін мысалға келтіре аламыз.
1. Ч.Мусин. «Қазақстан тарихы» . Алматы 2005.ж.
2. Қ.Ә.Берденова. « Қазақстан тарихы». Алматы 2011.ж
3. Қ.С.Қаржанов. «Қазақстан тарихы». Алматы. NURPES баспасы.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Жеті жарғының түп төркінін
түсіну ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .4

2.Жеті жарғы туралы ғалымдардың көзқарасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

3.Жеті жарғы туралы деректер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..10

Кіріспе

Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Жаңа
билеуші көрген саясаткер, арқылы дипломат, құдыретті хан болды. Тәуке
ханның өзіне дейнгілерден айырмашылығы – хандықтағы ерекше әлеуметтік топты
құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін
нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді.
Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идиологиялық міндеттерді
атқаруда ерекше ролі болды.
Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер
кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырылды. Осыдан бастап
билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды
мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды.
Тәуке хан билігінің бір бөлігін беру жолымен ықпалды билерді
мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ол қазақтың үш
жүзінің ең беделді билердің қатысумен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып
отырады. Ұлы жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке
бидің беделі ерекше болды. Олардың даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап
алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруде, сондай-ақ хандықты ауыр
сындардан аман алып өтуге бағытталды.
Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарнының жақындасуына табандылықпен
қол жеткізді. Ол 1686-1693 жылдары Сібірге бес елшілік жіберді. Мұнда
Тәуке орыс-қазақ қатынастарының өзара тең дәрежеде дамуын нығайтуға айқын
мүдделілігін танытты. Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы бейбіт келісім-
қатынастар сақтала берді. 1698 жылан ойраттар мен қазақ әміршілері
арасындағы қарулы қақтығыстардын жаңа кезеңі басталды. Жонғардың әскери
шонжарлары манызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары
орналасқан Оңтүстік Қазақстанның аумағын басып алуды көкседі. Қазақтың
Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ қалалары жоңғарлармен
күресте өзіндік стратегиялар тірек бекетіне айналды. Тәуке ханның
ойратармен күрестегі кейбір сәттіліктері оған үлкен жеңіс әкелмеді, соғыс
белсенділігі ойраттардын жағына болды. Қалмақ-қазақ қырқыстары толассыз
жүргізілді.
Уақытша болса да, бар қазақтың бірігуіне әсер еткен, атақты заңы –
Жеті Жарғының өмірге келуіне мүмкіндік жасаған Ұлы Тәуке хан еді. (1680-
1715) Тәуке хан кезіндегі жетістік деп – қазақтардың 1695жылға дейінгі
жоңғарлардан 32 қаланы азат еткенін мысалға келтіре аламыз.

1. Жеті жарғының түп төркінін түсіндіру

Қазақ халқының әдет-ғұрып заң нормалары мен этикалық қағидалары бір
яки екі емес,сан жетпес ұзақ дауірлердің ішінде жинақталған,бірте-бірте
жазылма заңға айналған жол-жоба.
Ертедегі қазақ халқының әдет-ғұрып заңдары өте қарапайым әрі өз
қоғамына ыңғайлы есептеліп үлкен демей,кіші демей бай демей барі бас иіп,ол
заңдарды мүлтіксіз орындап отырған.Оның орындалуын ханнан бастап, ру
ақсақалдары,билер қадағалаған.
Ол замандағы басты қағида-сот түзелмей, мін түзелмейді.Әрине хан ел
ішіндегі ірі, маңызы зор мәселелерді шешкен. Ал ел арасындағы қылмыстық
құқық мәселелерімен билер соты айналысқан. Билік айту-сонау ертеден түгел
сөздің түп атасы Майқы биден басталады. Қазақ тайпалары YIII ғасырдың
өзінде-ақ Ақсақалдар ережесі , Ата баба жолы , Жөн-жосықтар деп
аталатын заң тізбектерін шығарған. Иассыда, Сауранда билер жиі-жиі кеңесіп,
қоғамға зәру заң қағидалары талқыланып, бекітілген. Алаша ханның тұсында
осындай бір кеңесте қазақты үш жүзге бөлген деген аңыз бар.
Көптеген ғалым мұны Шыңғыс ханның Жаса заңынан іздейді.
Енді біреулері: Оған үш қайнаса да сорпасы қосылмайды, саф таза қазақ әдет-
ғұрпы заңдары ,- дейді. Біздің пікірімізше, Жеті жарғы ежелгі
балаларымыздың, туысқан түркі халықтарының әдеттік құқықтарының жемісі,
кейін әр дәуірдің өз үлесіне тиген жаңалық, өзгерістері мен, әсіресе
Ақсақалдар ережесі , Билер шешімі, Жөн жосықтар,Сол секілді Шыңғыс
ханның Жаса заңына негізделген Қасым ханның қасқа жолы , Есім ханның
ескі жолы секілді жол-жолы жарлығыларының тікелей әсер етуін туындаған ірі
заңдар кодекісі болса керек.
Жарғы сөзі қазақша -әділдік шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні
жарудан, нарсенің салмағын бір жағынан аудармай, дал де әділ айырудан
шыққан.
Кезінде Орыс хан Хақназар хан,Қасым хан, Есім хан тұсында әдет-ғұрып
заңдарына ірі өзгерістер енгізілген. Алайда бұл өзгерістер бізге тұтас
күйінде келіп жетпеген. Қасым ханның қасқа жолы ел басқару ісінде ежелгі
әдет-ғұрып үрдісіне сүйенген. Қасымханның қасқа жолы өзінің мазмұны бойынша
ежелгі әскери демократия арынасына барып тіреледі.XV ғасырдың айағында,XVI
ғасырдың басында Бұқардың ишан қазақтары қазақ өлкесіне дни үгіт таратып,
Ежелгі жарғы заңын естен шығарындар,ол көкке табынатын дінсіздіктің
ісі,оның шариғат қағидасын алып соған аусыңдар ант бергенді: Көк
соқсындеп айтпаңдар Құран ұрсын деп,Құранды бастарыңа көтеріңдер деп
үйретті[1,149-152]
Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, Жарғы ережелеріне мәнді өзгерістер
енгізеді.Халық бұқарасы Хасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы-жарғыны
қайтадан көтергенін ұнатып,оны Қасым ханның қасқа жолы деп атап кеткен.

Бұрынғы заң қағидаларына енгізген ережелері:
1.Мүлік заңы(мал-мүлік,жер-су,қоныс дауларын шешу ережелері).
2. Қылмыс заңы (кісі өлімі,ел шабу,мал ұрлау,ұрлық т.б).
3.Әскери заң(қосын ұрлау, аламан міндеті,қара қазан,тұлпар ат, ердің құны
т.б).
4.Ершілік жоралары (шешендік, әдептілік,халықаралық қатынастарға
спайлылық,сөйлеу мәнері).
5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту,ас-той,мерекелермене жиындардағы
ережелер,жылу асар).
Есім ханның ескі жолы деп аталатын заң жобалары Қаым хан мен
туысқаныЖөдік ханның немересі Шығай ханның баласы Есім хан заманында
қабылданған. Жошы хан әулетінде қырық жылдан астам тақта отырған тек Есім
хан болған еді.Бұл деректі әліде анықтай түскен жөн.Өйткені Қазақ Совет
энциклопедтясында Есім 47жыл (1598-1645) хандық құрды десе Қазақ ССР
тарихында 30 жыл (1598-1628) хандық құрған деп көрсетке.
Есім хан көбіне ойраттардың шабулына тойтарыс беру үшін жорықтарда жүрді.
Сол себепті де ол Қасым салған қасқа жолға көп өзгерістер енгізбесе
керек. Бізге келіп жеткен деректер бойынша, Есім хан ердің құнына 100 жылқы
және 6 жақсы(6түйе) кесім белгілеген. Ол бай-кедей жас-кәрі қараша-сұлтан
демей,еркек атаулының бәріне бірдей қолданылған. Одан басқада үстеме: өнер
құны, сүйек құны бар. Егер өлген адам батыр не ақын жырау немесе би
болса,сол өнері үшін үстеме құн алынған. Сол секілді өлген адамның сүйегі
тусқандарының қолына тимей итпен құсқа жем болса, сүйегі үшін құн
төленген. Ал әйел құны алынатын қалың малы мөлшерінде белгіленген.
Тәуке хан заңдарының неліктен Жеті жарғы деп аталу этимологиясына
тоқтала кетейік.Өйткені әлі күнге Жеті жарғы деп не себепті аталғанын
түсіндіру түпкілікті шешілмей келеді. Әр бір зеріттеуші Жеті жарғы деген
сөзге өздерінше қарап , бір-біріне ұқсамайтын өзіндік мағына береді. Заң
әдебиеттерінде Жеті жарғыны-жеті бидің туындысы,яғни жеті бидің қатысуымен
қабылданған қазақ заңы деп тұжырымдайды .Бір қатар деректерге қарағанда
Тәуке хан қырық рудан қырық би жинап кеңесіп отырған. әлбетте , жеті би
емес,Жеті жарғыны жүйелеуге көптеген билердің қатысқаны даусыз. Солардың
ішінде беделді де ең басты үш бидің(Ұлы жүзден-Төле би,Орта жүзден-Қазыбек
би және кіші жүзден-Әйтеке би)аты ғана халық жадына сақталған.
Қазақ хандығының заңдары Жарғы деп аталады. Негізгі орта ғасырларда
қыпшақ Шағатай ұлыстарында қолданған ярғұ заңынанг алынған .Қазақша
Жарғы әділдік деген ұғымды білдіреді. Қасым хан (1511-1523)жоғарыдағы
саяси жағдайға және халық бұқарасы мен билер тобының тілегіне
негізделіп,қазақ халқының ежелгі әдет-ғұрыптық ереже-тәртіптеріне мәнді
өзгерістер енгзіп, дамытып билер кеңесінде ақылдаса отырып, Жарғы заңын
жасады.
Қасқа жол мен Ескі жол заңдары 17-ғасырдың аяқ кезімен 18-
ғасырдың басында қайта толықтырылып,елеулі өзгерістер енгізіліп дамытылды.
Тауке хан (1680-1718) тұсында Күлтөбенің басындакүнде кеңес өткізіліп,
Қасқа жолдың бұрынғы бес тарауына тағыда екі тарау қосылып Жеті жарғы
(жеті заң) деп аталды. Бұл жаңадан қосылған екі тарау: жер дауы туралы
заңмен құн дауы туралы заң еді. Тәуке хан заңдарының құрамына:1)байырғы
әдет-ғұрып нормаларының Тәуке хан тұсында жаңартылған феодалдық кодексі-
Жеті жарғы ,2)Билер сотының тәжрибесі, түйінді биліктер шежірелер,3)ұсақ
хандықтардың өзара бірлігін,ынтымақтастығын нығайтып,сырытқы жауларға қарсы
тұруға жұмылдыруға, ру-тайпа басшыларының (би батырлардың ) саяси
экономикалық рөлін арттыруға көршілес елдермен дипломаптиялық.және сауда
қатынасын нығайтуға арыналдған заңдары мен жазба актлері жатады.
Зеріттеушілердің кейбіреулері:Қазақ хандығы заңдарының түп төркіні
Шыңғысханның жасақзаңынан алынған деген пікір айтады,енді біреулері:
Қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың көне ел билеу заңы – «Жеті жарғы»
Жеті жарғыға кірген ережелер жетеу
Тәуке ханның өмірі
Қазақ ордасының мемлекеттік құрылымы
Жеті жарғы туралы дерктер
Жеті жарғы туралы ақпарат
“Жеті жарғы” – дәстүрлі мемлекет және құқық ескерткіші
Қазақ хандығындағы заңдар жинағын оны қазіргі заманғы билік жүйесіне сай үйлестіру
Тәуке ханның Жеті жарғысы, ішкі және сыртқы саясаты
Тәуке хан және «Жеті жарғы»
Пәндер