Мақатаев Мұқағали



1 Мақатаев Мұқағали
2 Мұқағали және музыка
Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931-1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Балалық бал дәурені соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») 1963-1965, «Жұлдыз» (1965-1972) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973) қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін туындаған өнер деңгейіндегі ғана құбылыс емес. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті.
Мұқағали аударма саласында да өзіндік шеберлік шалымымен толымды еңбектер тындыра алды. Ол Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Біртуар дара дарын Мұқағали Мақатаевтың қаламынан туған қанатты жырлар халқымен бірге мәңгі жасай бермек.
«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали Мақатаев өз күнделігінде жеке басына ғана қатысты күйбең тіршілікті айтпайды. Қазақ әдебиетіне, қоғамға, жалпы, адамзат баласына ортақ мәселелерді қозғайды. Өзінің ой-пікірін, көзқарасын ашық білдіріп отырады. Не жазса да жан-тәнімен беріле жазады. Ол жазбалардан ақынның ақ жүрегі, асқақ рухы, кіршіксіз таза пейілі, адами қадір-қасиеті көрініп тұрады. Қуанғанын да, кейігенін де жасырмайды. Ағынан ақтарыла салады. Өзінің болашақ оқырмандарына сыр айтады.
«Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттеген болсаңыздар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанында түк те емес. Біріктіріп қарағанда, ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның дауысындай» деп өзінің сүйікті музасына мінездеме береді.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мақатаев Мұқағали
Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931-1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған
жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы. Топырақ бұйырған
жері Алматы қаласы. Балалық бал дәурені соғыста қаза болып, анасы Нағиман
Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Орта мектепті
интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің
хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық
мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық Советтік шекара
газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң Социалистік
Қазақстан (қазіргі Егемен Қазақстан) газетінің (1962-1963), Мәдениет
және тұрмыс (қазіргі Парасат) 1963-1965, Жұлдыз (1965-1972)
журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973)
қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған
ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік
қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Ильич (1964),
Армысыңдар достар (1966), Қарлығашым келдің бе?, Мавр (1970),
Аққулар ұйықтағанда (1973), Шуағым менің (1975) атты жыр жинақтарын
көзінің тірісінде жариялап үлгерді.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан
тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали
жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей
поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл
сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер
деңгейінде туындатып отырған. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа
биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін
туындаған өнер деңгейіндегі ғана құбылыс емес. Оның өлмес өнері, қанатты
поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын
кемелдендіре түсті.
Мұқағали аударма саласында да өзіндік шеберлік шалымымен толымды еңбектер
тындыра алды. Ол Дантенің Құдіретті комедиясының Тамұқ атты бөлімін,
Шекспирдің Сонеттерін, Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Біртуар дара дарын Мұқағали Мақатаевтың қаламынан туған қанатты жырлар
халқымен бірге мәңгі жасай бермек.
Ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаев өз күнделігінде жеке басына ғана
қатысты күйбең тіршілікті айтпайды. Қазақ әдебиетіне, қоғамға, жалпы,
адамзат баласына ортақ мәселелерді қозғайды. Өзінің ой-пікірін, көзқарасын
ашық білдіріп отырады. Не жазса да жан-тәнімен беріле жазады. Ол
жазбалардан ақынның ақ жүрегі, асқақ рухы, кіршіксіз таза пейілі, адами
қадір-қасиеті көрініп тұрады. Қуанғанын да, кейігенін де жасырмайды. Ағынан
ақтарыла салады. Өзінің болашақ оқырмандарына сыр айтады.
Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды,
творчествомды зерттеген болсаңыздар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел
оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды
өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанында түк те емес.
Біріктіріп қарағанда, ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде
күлімдеген, кейде түңілген жанымның дауысындай деп өзінің сүйікті музасына
мінездеме береді.
Өмірдің өзі қуаныш пен қайғыдан, сүйіну мен күйінуден, ғажап пен азаптан
тұрады. Бұл – барлық адамзат баласына ортақ тағдыр. Ал егер ғұмырыңыз тек
қиыншылықтан, жоқшылықтан тұрса ше?... Мұқағали бұл сауалға да жауап беріп
қойыпты: Өзіме бір жаңа екі костюм алып кимей-ақ өліп кету (құдай оның
бетін әрі қылсын) қандай аянышты. Жетіспеушілікте туып және үнемі
жетіспеушілікте өмір сүру қандай өкінішті?! Егер бала, бозбала кезімді
есіме алсам, сұмдық үрейленем, қатты жәбірленем... Санамда титімдей бір
қуаныштың ізін қалдырған, ең құрыса, бір күнімді есіме түсіре алмаймын. Мен
бұл жарық дүниеге келгелі міне, қырық төртінші жылға аяқ басып барады екен,
бар өмірімнің қор, жиіркенішті болып көрінетіні соншалық, кейде бәрін өз
ырқыммен-ақ қиып кете салғым келеді...
Бұл сөзді ақын 1975 жылы, яғни ел тыныш, жұрт аман заманда жазыпты. Сонда
қазір: Мен Мұқағалимен бірге жүрдім. Арамыздан қыл өтпейтін дос болдық
дейтін жанашырлары қайда қалған? Бір қызмет тауып бере алмағандары несі?
Жарайды, қол ұшын созбай-ақ қойсын. Бірақ ақынның еркін өмір сүруіне неге
кедергі болды? Ол туралы жаны нәзік ақын былай дейді:
Білгендерін істеп бағуда. Не жаза бар, бәрін қолдануда. Милицияға да
бірнеше рет тапсырды. Енді қаматпақ ойлары. Көлеңкемнен қорқатын халге
жеткізді. Милиция қашан келіп, қашан алып кетер деген қауіптемін. Әнеу күні
милицияда асылып өлмек те болдым, балаларымды қимадым. Мойныма тұзақ салып,
сәл тұрдым да ойландым...Бұл халге де жеткізді. Соншама не істеп қойдым
бұларға?!
Себепсіз адам өлмейді... О, не деген қиын уақытта өмірге келеміз,
бауырым....
Бұл жолдарды бауыр етіңіз езілмей оқи алмайсыз. Сонда Қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған заманда оны осындай халге жеткізетіндей оларды кім зорлады?
Тағы да Сталин мен Голощекин бе? Олардың сүйегі қурап кеткен кезі еді ғой.
Жарайды, 1937 жыл жала жабуға мәжбүрледі. Әйтпесе күнің қараң. Ал 1975 жылы
ешкім мылтық кезенген жоқ қой. Адам жаманшылықтың бәрін заманнан көреді.
Заманды жасап отырған өзіміз, яғни адам екенін түсіне алмаймыз. Түсінгіміз
де келмейді. Сонда біз бұл дәуірдің дәрісін қашан терең түсінеміз? Біздің
арамызда тайқы маңдайлы тағдырлар жүрген жоқ па? Күні ертең олардың да
жазбаларын оқып, көңіліміз сеңдей бұзылып жүрмесін. Талантты қашанда
тірісінде бағалайық!.
Әдебиет ғылымында шынайы суреткердiң қаламы тиiп кеткен жер образ, мәселен,
ақын неғұрлым ұлтжанды болған сайын, солғұрлым ұлттық белгiлерге жиi бармақ
деген тұжырымның жөнi бар. Мұқағалида мұндай образ баршылық.
Мысалы, Қайран жеңгемде жеңге мен оның кейiнгi күйеуi – қара мұрт
бiрден жадыңда жатталып, ойында сақталады. Жеңгесi – жағымды iс-әрекеттiң,
ұнасымды мiнез-құлықтың, өрлiк пен өжеттiктiң, ақ жарқындықтың үлгiсi. Оның
кешегi күнi осындай керемет-тұғын.
Жеңгесi Cу сұраса сүт пенен айран беретiндей бал бармақты, қолы ашық
үлкен жүректi, жаны жомарт, үлкен-кiшiге мейiрiмдi бола-тұғын. Әсiресе,
соғыстан қайтпаған ағайы жанында отырғанда жайсаңдық пен жарасымдылыққа
қоныстасып, бақытқа малынып, рахат өмiр кешкен-дi.
Ендi мiне жаңа күйеу тапқанмен құр сүлбесi қалып, қайғы жұтып, жырындының
қақпанына түсiптi. Тұнығы лайланып, шаттығы шайқалыпты. өлеңдегi өз аты
аталмаған бейне – Қарғаның бәлетiндей едiрейген – қара мұрт.
Ол – типтiк образ. Сұрқы сұстылығымен, мiнез-құлқы тұрпайылығымен
оқшауланып қана қоймай, бұйрық берiп, әмiр жүргiзуге дағдыланған жан.

Апырай суық едi сұрқы неден,
Адамға қарайды ғой сыртыменен.
Жол көрсеткiш сақшының таяғындай,
Қимылыңды бағып тұр сыртыменен.

Аңсап, сағынып келген жеңгесiне жүздесiп, баяғыдай сырласпақ тұрмақ,
тiлдесуi мұң болғанын түсiнесiң. Сақшының таяғындай мұрты келiпсiң, ендi
тездеп кет деп бұйрық бергендей. Оның iштарлығы, жан-дүниесi, жұтаңдығы,
адамгершiлiк тапшылығы сезiледi.
Қара мұрт – соғыс жылдарындағы – жырындылықпен майданға бармай қалып қойған
айлакер алаяқтардың, жаны жара, бетi қара мұңлылардың қайғысын одан бетер
қоюлатқан қатыгездердiң, жесiрлер мен жетiмдердi көз жасын көлдей көбейткен
iшiмерездердiң бiрi. өлең осындай жайды сезiндiредi.
Немесе Күзетшi өлеңiндегi Мұрат – соғыс салған сойқанды еске түсiретiн,
соғыс салған жараның аузын ашатын, қиындығын арқалататын образ. Ол –
бейбiт өмiр, байқұт заманды жақтайтын жан. өйткенi, соғыс өртiнен жүрегi
шайлығып, суқаны ұшқан. Төрт бiрдей ұлын соғыс жалмаған.
Медетi төрт ұлынан қалған төрт тұяғы. Төрт келiнi күйiкке күйiк қосып,
басқа отбасылардың түтiнiн түтеткен. Осы тауқымет пен тақсiреттi тарту –
Мұрат қарияға оңай соқпаған. Жарымжан, мазасыз еткен делбетаптандырған.
Сондықтан сәлем берген, суыт жүрген адамдардан үрейi ұша, құты қаша
сұрайтыны жалғыз сөз: Тыныштық па?, Ел-жұрт аман ба?! Тiптi күн
күркiресе, найзағай ойнаса алай-дүлей басталмады ма дегендей тыныштық па?
дегеннен танбайды.
Бұл соғыстан кейiнгi жалпақ жұрттың жайы, ынта-шынтасымен тiлейтiн тiлеуi,
құдайдан сұрайтын сұрауы. Қан жұтып, қаралы қағазбен көз жасын сүрткен
елдiң өлеңдегi картинасы.
Ұлы сыншы Белинский Талантты жазушының әр образы – тип демекшi,
Мұқағалидың кей жеке-дара жолдарынан-ақ образды танып, кемелдiктi көрiп,
шымыр соғылған, сом құйылған кейiпкерге кезiгемiз. Дүйсенбiнiң шешегi,
Мұхамеджан қартыңның мешелi тектi жалт етiп көзге ұрар жанды образдар жиi
ұшырайды.
Ақын ұлттық бейнелерге айрықша мән бередi. Тұмсығы үшкiр қанжарындай
Қодардың 1 т. 403 б. Қайырымсыз ата Қарабайдай қаталды 1 т. 403 б.
Араңда жүр Жантықтың туысқаны 3 т. 34 б. Қозыдай маңырап сүймеген,
сiрә шығармын 1 т. 403 б. Мәжнүн болып барамын күннен күнге 3 т. 248
б. Бiрдеңе бар әйтеуiр, бiрдеңе бар, Менiң мына Махамбет сүйегiмде 1 т.
411 б. Бұл халық мұрасына тағзым.
Көркемдiк мiнсiздiгiн мойындағандық. Образ жасауда бұлардың көңiл
түпкiрiнде ұсталғаны күмәнсiз. Қарабай – сараңдықтың, Қодар –
қатыгездiктiң, Жантық – екi жүздiлiктiң мықты мұрагерi де, Қозы – берiк
махаббаттың, Баян – сұлулықтың, Махамбет – ақындықтың асқақ үлгiлерi.
Мұқағали ұзын ырғасы қырыққа тарта арнау өлеңдер жазған. Бiрақ, олар
қарбалас кездегi қауырт қимылға сай, той-томалаққа, мерейтойларға
мезгiлдерде шығарылған өлеңдер емес. Және олар өмiрбаяндық деректерге,
мақтаулар мен мадақтауларға құрылмайды.
Таптаурынды тәсiлдi айналып өтiп, өлең арнап отырған тұлғаның болмысын
ашатын, бейнесiн айқындайтын түстi танып, таңдап алады, сөйтiп кесек те
келiстi бейнесiн жасайды. Ақын жалпы арнау өлеңдерiнiң жазылуына деген
өзiндiк көзқарасын былай бiлдiретiнi бар.

Қоя тұрыңдар,
Айтыла жатар арнаулар.
Аялдай тұрыңдар,
Асығыстыққа бармаңдар.
Әлi де талай құлдырау бар да, самғау бар,
Әлi де нелер танылмай жүрген тарлан бар.
Осымыз қалай,
Жырымыз неге тым арзан.
Арнау жазбасақ, шықпайтын болдық құмардан
Қырсығы тимес,
Қысқарсын фабрикалар
Арзан бағамен арнау өлеңдер шығарған.
Ақынның сөзi алтыннан құнды келетiн,
Арзандап кеттiк, ағайындар-ау неге тым,
Құшынаш болып кетпесек бiздер жарады
Көрiнген жанға iшiрiткi жазып беретiн.
Көрiп отырғанымыздай кезеңдегi етек алып отырған жөнсiздiктi, той-топырдағы
өлең арнағыш орынсыздықтарды, жаппай мадақтау науқаншылығын түйреп, көтерме
баға, көбiк көпсiтулерге жаны қастығын жасырмайды. Ал, арнау өлеңдердiң
қалай жазылу керектiгiне, көркемдiк дәрежесiне өз шығармашылығы арқылы
нақты жауап бередi.
Сұқтанып та, сұранып оқыр сұлу жырдың бiрi – Ғабит Мүсiреповке арналған.
Қасым солай болмаса –Аманжоловтың ақындық табиғатымен шығармашылығының
жалпы бiтiм-болмысымен таныстыратын жыр. Алдымен Қасымның десi басым деуi
мiнез құлқының шалттығы өлеңдерiнiң де авторындай өжеттiлiгiне, өткiрлiгiне
саяды.
Және дархан даласынан, шалқар сахарасынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Мақатаевтың азаматтық тұлғасын өзінің өлеңдері мен поэмалары арқылы сомдау
Мақатаев социализм дәуірінің төл перзенті
Мұқағали Мақатаевтың экспрессионизмі және поэтикалық ойлауы
Мұқағали Мақатаев лирикасы тілінің көркемдігі
ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ САЛАСЫ
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы метафораның қолданыстық ерекшеліктері
Туған жерімнің табиғатын таныстыру
М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухы
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух
Мақағали шығармалары мен аудармалары
Пәндер