XVIII -XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның мәдениеті туралы ақпарат


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

xviii -xix ғасырдың бірінші жартысындағы қазақстанның мәдениеті

Қазақтардың XVIII-XIX ғасырлардағы материалдық мәдениеті

ҚазақтардыңXVIII-XIXғасырлардағы материалдық мәдениетінің жай-күйі экономикалық дамуы деңгейімен аяқталды. Оның дамуы барысында көшпелі қазақтар экономикасындағы дамуындағы басты фактор

ретіндекөшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағнан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз. болған жоқ

Материалдық мәдениеттің маңызды элементтердің бірі мал шаруашылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнермен байланысты еңбек құралдары болып табылады. Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары керек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал құйрығынан тұсау мен шідер жасалды, құлындар мен боталарды байлау үшін жуан арқандар, ноқталар пайдаланылды, мал суғаруға қауға, науа және т. б. дайындалды. Барлық осы айтылған қарапайым еңбек құралдарын, ер-тұрман әбзелдерін қоспағанда, мал өсірушілер өздері жасап алып отырды.

XVIIIғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қысқа шөп дайындауға арналған шалғылар біртіндеп тарала берді. XIXғасырдың орта шегінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады. Қазақстан аумағында суармалы және тәлімді егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген еді. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды. Мәселен тіс ағаш, мала, егін оратын орақ, ағаш-

тан жасалған аша, ағаш күрек, сыпыртқы егіншілік құралдарына жатады. Егісті суару үшін суды көтеріп шығаратын әр-түрлі аспаптар - атпа, шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды, оларды жергілікті ұсталар өздері істеді.

Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның

бүкіл аумағында бір-біріне ұқсас болады. Қазақтың ат-тұрман әбзелінің ішіндегі ердің сыртқы түрімен дайындау тәсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалады. Олардың үлгілері тиісті өзіндік атаумен аталып келді. Ердің ең көп таралған түрі, қайыңнан шауып жасалған алдыңғы қанаты кең «қазақ ері» болып табылады. Мұндай елдер құрамдас бес бөліктен-алдыңғы қас пен артқы қастан, екі жақтағы қапталдан және Орта ағаштан тұрды. Ердің ағаш сүйегі мұқият өңделді, ал халықтың ауқатты таптарына арналған күміс кейде алтынмен қақтап түрлі-түсті бағалы тастан көз салған түрлері болды. Әсіресе әйелдерге арналған ерлер сәнді безендірілді.

Оңтүстік Қазақстан ердің «құранды ер»дейтін түрі таралған. Ол 22 құрамдас бөліктен тұрған және бұл элементтердің әрқайсысының өз атауы болған, бұл бөліктердің бәрі желіммен жапсыры-лып, сыртынан түйенің көңімен немесе алтынмен безендірілген.

Ер-тұрман әбзелдерін жасау негізінен ершілердің ісі болған. Олар тек қана ердің өзін емес, сонымен бірге бүкіл ат әбзелдерінің бәрі:тоқым, құйысқан,

өмілдірік, жүген, айыл, тартпа, үзеңгі, таралғы, қамшы және т. б. жасап, оларды әсемдеп-көркемдеп отырған. Ерші ер шабумен өз үйінде ішінара арнайы шақыртып алушылардың үйінде айналысқан . Сондай-ақ қайыстан ат- тұрман әбзелдерін арнайы өретін шеберлерді «өмірші»деп атаған.

Ең көп таралған қару түрі үш метрлік «сойыл», одан соң «шоқпар» болды. Неғұрлым дәулетті қазақтардың жауынгерлік айбалтасы, жебелері

мен қорамсағы бар садағы болған. Қол бастаған ықпалды билік иелері батырлар сауыт киіп, қалқан, қылыш, наркескен, седебе, сапы және темір ұшты найза мен сүңгі ұстаған. Қазақ шонжарлары арасында қолдан жасалған білтелі мылтық өте сирек кездесетін еді. XIXғасырдың орта шеніне дейін

Аң аулау кезінде садақ қолданылды, бірақXIX ғасырдың екінші жартысында жебелі садақ қазақтардың тұрмысынан шығып қалды деуге болады.

Оның есесіне бұл кезде Ресейден және Орталық Азиядан сатып алынатын әр-түрлі мылтықтар біршама көбейе түседі. Қазақтардағы көшпелі тұрмысқа бейім шаруашылықтың үстемдігі алуан түрлі үй қолөнерін: тоқымашылықтың, киіз басудың, ағаш, металл, тері, сүйек және мүйіз өңдеудің дамуына себепші болды. Тоқымашылықпен және киіз басумен көбінесе әйелдер айналысты, олар негізінен алғанда үйге керек-жарақтардың тоқымашылық пен ісмерлікке қатысты заттарын : кілемдер, алашалар, шекпендер, киіз үй ішіндегі алуан түрлі басқұрлар, бау-шулар, текеметтер, түскиіздер, сырмақтар, аяққаптар және т. б. дайындалды.

Ағаш, сүйек, мүйіз және тері ұқсатуға байланысты істермен үйшілер мен ағаш ұсталары, зергерлер, өміршілер мен етікшілер және т. б. айналысады.

Еңбек құралдары едәуір қарапайым бола отырып, қолөнерші шеберлер қазақтардың қолданбалы өнерінің биік деңгейін сипаттайтын тұрмыстық

Және иәдени жағынан алғанда әр түрлі бұйымдар жасады.

Көшпелі қазақтардың негізгі тұрғын үйлері көші-қонға ыңғайлы киіз

Үйлер болған. Бұл -Еуразия көшпелілердің ертеден келе жатқан тұрғын

Үйлері көші-қонға ыңғайлы киіз үйлер болатын. Бұл-Еуразия көшпелілерінің ертеден келе жатқан тұрғын үйлерінің бірі. Көшпелі тұрмыс жағдайларында киіз үйлер тұрғын үйдің өте қолайлы түрі болды. Оның жығып, тігуі әрі жеңіл әрі тез, көлікке теңдеп артып жүруге қолайлы, жазда салқын, ал қыста жылы болады.

Қазақтың киіз үйлерінің үлгілері негізінен алғанда олардың үлкендігімен яғни тігілген киіз үйде қанат деп аталатын кереге санымен анықталатын. Қанаттар саны 4 қанаттан 12 қанатқа дейін және оданда көп болды.

Сыртқы түрі бойынша қазақтың киіз үйлері күмбез тәрізді және шошаө болып келеді. Алғашқы түрі - батыс, солтүстік, орталық және шығыс, ал екінші түрі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында таралды. Қазақ үйлерінің мұндай түрлері шаңырақтарының көлеміне және шаңырақтарды көтеріп тұратын уықтар иінінің иілу мөлшеріне байланысты болды.

Киіз үйдің сүйегі кереге мен уықтан, шаңырақтан және «сықырлауық» деп аталатын жарма есіктен тұратын.

Киіз үй сүйегін айналдыра уық қарына дейін 3-4 турлық, шаңырақ пен кереге басының арасын 2-3 үзік, сықырлауықты киіз есік жауып тұратын болған . Киізден басылатын бұл әбзелдер «киіз үй жабуы» деп аталған. Киіз үйдің киіз жабулары көбінесе ақ қойдың жүнінен басылған ақ

Киізден пісілген.

Қысқы қыстаулар орналасқан өзендердің аңғарлары мен тау шатқалда-

Рына қазақтардың тұрғын үйлері тұрақты үлгемен салынатын. Бұлар жер бетіне киіз үй сияқты етіп тастан (шошала), қамыстан (доғара), тұрғызылған

Құрылыс түрінде, тік бұрышты жеркепе, және жертөле, жер бетіне тік бұрышты етіп салынған шым үй және саз балшықтан домбаздалған соқпа

Там болды. Қазақстанның орманды аудандарында ағаштан салынған алты

Қырлы шошалалар мен орыс үлгісіндегі бір бөлмелі үйлер пайда болды.

Қыстаулардағы отырықшылдыққа бейімделген тұрғын үйлердің дамуы

Үй-жайлар санының көбеюі және оның мәдениетінің ықпалы тұрғын үй-

Лердегі керек жарақтардың едәуір өзгерісіне әкеп соқты. Дәстүрлі ағаш

Жәшіктер -кебежелердің, көрпе-төсек жинауға арналған жүкаяқтар және ес-

кіден келе жатқан төс-ағаштардың орнына, қазақтардың тұрмысында әйнек-

телген ыдыс қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер, іші құлыпталатын, көлемі әр түрлі сандықтар пайда болды. Қазақтардың ұлтық

Киімінде өздеріне тән этнографиялық белгілері сақталып қалды. Киім-кешек

үшін малдың жүні мен терісі негізгі материалдар болды. Киімнің едәуір бөлігі мақта-мата, жібек және басқа маталардан тігілді. Түйе жүн тоқымадан

тігілген шалбарлары пішімі жағынан іш киімдері сияқты, бірақ әлдеқайда

Қолпылдаған кең болатын. Сонымен бірге жаздыгүні олар ешкі терісінен иленген күдері шалбар киіл жүрлі, шалбардың балақтарына төменгі жағынан

тілік тасталып, ол кестемен сәнделетін. Еркектердің сыртқы киімінің ең тарал

ған түрі шапан болды, ол көп жағдайларда фабрикалық маталардан тігілетін.

Ал ауқатты қазақтар түрлі -түсті бұхара жібегінен, барқыттан қымбат мата-

мен әдіптеп тігілген шапан киетін. Шапандар жазғы және қысқы болып бөлінді.

Қазақтар әдемі «мәуіті шапан» мен «мәуіті шекпен»де дайындады. Олардың қос шабуынан өрнек салынды, шабудың төменгі жағынан тілік қалдырылып, жұқа түйе жүні тоқымасынан тігілді.

Барлық жастағы еркектердің көбінесе күзбен қыс кезінде киіп жүретін әмбебап сыртқы киім түрлерінің бірі - шекпен қолдан тоқылған түйе немесе қой жүнінен тігілетін. Жазғы шекпеннің тоқымасы неғұрлым жеңіл етегі қысқалау болды.

Қазақстанның барлық облыстарында қазақтардың кеңінен қолданылған қысқы сырт киімінің ежелгі түрлерінің бірі - күпі көктемде қырқылған түйе немесе өой жүнінен дайындалды және жоғарыдан төмен қарай тығыз етіп сырылды. Ол сапасы әр түрлі матамен, көбіне тоқыма шекпенмен де қапталатын болды.

Сырт киетін қысқы киімнің қадірлілерінің қатарына аң және үй жануарларының әр түрлі терілерінен тігілетін ішік жатады. Қазақ халқының негізгі бұқарасы елтірі ішік пен марқа қозылардың терісінен тігілетін сеңсең ішікті қанағат тұтқан. Ішіктің барлық түрі иесінің әл-ауқатына қарай әр түрлі маталармен тысталатын еді.

Қазақтар арасында өте кең таралған және бәрінің қолы жететін қысқы киім түрі қой терісінен өңделіп, жүні ішіне қаратып тігілген тон болды.

Қазақтар арсында еркектерге арнап теріден тігілген киімдердің жарғақ дейтін бірнеше түрі кең таралды. Ол үш үлгіде : «тақыр жарғақ », «құлын жарғақ» және «тайжақы» үлгісінде болды. Қазақ байлары серке терісінен өңделіп қолмен жасалған «тақыр жрғақ» дейтін киіп жүрген. Оны көбінесе сырт жағынан жібек жіппен кесте тігіп сәндеп отырған . «Құлын жарғақ» - жүні сыртына қаратылып құлын терісінен тігілген ішік түрі. Бұл үшін түсі бір, көбінесе қара түсті терілер ғана таңдап алынған. Оларға көбінесе матадан астар тігілген. Жылқышылар үшін «тайжақы» дейтін - тай терісінен астар салмай жүні сыртына қаратылып тігілген үлкен тон дайындалған. Жарғақтардың осы түрлерінің бәрі қыс кезінде жылы киім сыртынан оңай киілуі үшін кең пішілетін болған.

Қазақтардың негізгі аяқ киімі былғар етік, кебісті мәсілер болды. XVIII ғасырда қазақтардың жазда киетін етіктерінің өкшесі биік тұмсығы қайқы келген. Алайда ХІХ ғасырдың екінші жартысында олар сирек ұшырасатын еді. Барлық жастағы еркектердің қыста киетін негізгі аяқ киімі ішінде киіз байпағы бар, аласа да жалпақ өкшелі, ұзын қонышты саптама етік болды. Неғұрлым ауқатты қазақтар қыс пен жазда теріден тігілген, былғары кебісі бар мәсі киіп жүрген. Бұл аяқ киім түрлерінің бәрі сол аяққа немесе оң аяққа бөлінбей, бір қалыппен тігілген. Ересек еркектердің бәрі шашын тықырлап алдырған, басына тақия, тебетей киетін. Тебетейдің сыртынан төбесі жалпақ және терімен көмкерілген бөрік киген. Мұндай бөріктер тігілген терісіне сәйкес пұшпақ бөрік, сусар бөрік, елтірі бөрік және т. б. деп аталған. Сонымен бірге жаз кезінде тебетейдің үстінен ақ киізден төбесі шошақ етіп тігілген қалпақ киген.

Қазақстанның бүкіл аумағында қазақтардың ең көп таралған қастық бас киімі «тымақ » болды. Тымақтаі киізден бірнеше сайлы етіп пішетін биік төбесі матамен тысталды. Екі құлағы, желкелігі мен маңдайы аң немесе мал терісінен пішіліп, оның да сырты матамен тысталады. Тымақ еркектердің ең сенімді қысқы бас киімі болған. Әйелдердің киімі жекеленген түрлерінің пішіні бойынша да, олардың дайындалатын материалы бойынша да көп жағынан алғанда еркектердің киімімен ұқсас болған.

Әйелдердің көйлегі иығына тігіс түспейтін етіп пішіліп, жалпақ қайырма жағалы, жеңдері ұзын етіп тігілген. Кеуде тұсындағы өңір қақпағына кесте төгілген. Қыздардың немесе жас келіншектердің көйлектері пішімі жөнінде, матасы жағынан да жасы үлкен әйелдердің көйлектерінен өзгеше болған. Ол етегі бүрмеленіп, түймеленетін қатырма жағалы етіп тігілді. Жеңі жең ұшына қарай тарыла берді. Қай жастағы әйел болса да көйлектің сыртынан фабрикалық матадан тігілген қазекей киді. Қазекейдің сыртынан үлгісі жағынан еркектердің қамзолынан өзгешелігі жоқ, жеңді қамзолдар киді.

Әйелдердің сырт киімі еркектердің шапанына ұқсас етіп тігілді, ауқатты әйелдерде шәйі жең жібек шапандар болған. Әйелдер ішігі еркекткр ішігінен қайырма жағасымен ерекшеленетін.

Әйелдердің былғарыдан жасалатын жалпақ кемер белдіктері күміспен күптеліп, алтынмен апталып, қымбат бағалы тастармен жіне түсті шынылармен мол әсем әшекейленіп отырды. Кемер белдіктің зергерлік нақышқа бай қапсырма металл доға басы немесе жылтыр танадан орнатылға ілгегі болған.

Негізінен алғанда барлық жастағы әйелдердің аяқ киімі мәсі және кебіс болатыг. Қыздардың және жас келіншектердің ішінде қайқы тұмсық, биік өкшелі етік киіп жүретіндері де аз болмаған.

Әйелдердің жасына және оның отбасындағы жағдайына қарай олардың бас киімдері де ерекшеленіп отырды. Жаз кезінде қыздар түрлі-түсті мақпалдан, жібек пен барқыттан тігілген, төбесі жайпақ дөңгелектебетей киіп жүрген, ол зеркестемен әсем нақышталатын еді. Бай нақышты үкілі тебетей - «қасаба» деп атаған. Қасабаның шет-шетіне моншақтан немесе бағалы металдан шекелік тағылды. Қыздардың қысқы бөріктері кәмшаттың, құндыздың, сусардың және елтірінің терісінен биік етін әдіптелетін. Әйелдер бас киімінде қалаңдықтың тойдағы бас киімі - сәукелі ең қымбат болып саналды, ол бағалы металдармен, асыл тастармен, аң терілерімен барынша сәнделетін еді.

Күйеуге шыққан әйелдің негізгі бас киімі - кимешек ақ мақта-матадан дайындалған.

Ауқатты отбасынан шыққан қазақ әйелдері күмістен жіне алтыннан, асыл тастар мен танадан жасалған көптеген сәнді бұйымдар тағып жүрген. Бұлар - қымбат тұратын сақиналар, жүзіктер, білезіктер, сырғалар, бұрымдары мен киіміне тағып жүретін әр түрлі алқалар, шолпылар мен моншақтар, өңірліктер және т. б.

Мал шаруашылығына негізделген қазақтардың тұрмысы олардың ішетін тамақтары мен ыдыс аяқтарынан өте айқын көрінді. Негізгі тамақтары ет-сүт өнімдері. Қолында малы жоқ кедей отбасылары үшін егіншілік өнімдерінің шешуші маңызы болды. Қыстыкүні қазақтар көбінесе ет пен ұннан дайындалған тамақтармен, кептірілген ірімшік құртпен жіне т. б. қоректенді. Қараша айының аяғы мен желтоқсан айының басында қазақтар жетерлік соғы сойып алып отырды. Жылқының ішегіне қабырғасынан «қазы» айналдырып, ет пен майды ұсақтап турап «шұжық» дайындап алды. «Қарта», «жалы-жая» да жылқы етіне бағалы мүшесі болып саналды. Қазақтардың жақсы көретін сусыны - қымыз бие сүтінен жаңа сауған сүтті арнаулы тері ыдыста (сабада) ашыту жолымен дайындалды. Түйе сүтінен сіңімді сусын - шұбат әзірленді. Қазақстанның солтүстік аудандарында ол түйе қымызы, ал оңтүстік аудандарында «қымыран» деп аталды.

Пісірілген сүттен күнделікті ішу үшін қатық, айран ашытылды. Айран мен іріген сүттің артығы күбіге құйылды, ол «іркіт» деп аталды. Іркітті әбден қоюланғанға деййін үлкен қазанға қайнатты. Бұл қою іркіт дорбаға құйылып сүзілді. Одан сүзбе алынып, сүзбеден қысқа арнап «құрт», «сықпа», «ежекей» кептірілді. Жаңа сауылған сүттен қазақтар ірімшік қайнатты. Ол үшін жаңа сауылған сүтті пісіріп, оны мәйекпен ұйытқан, ұйыған сүтті ірімшігі баланғанға дейін қайнатқан, алнған ақ ірімшікке тұз және сары май қосып, дастарқанға қойған . Ұзақ қанатылған қызыл ірімшікті кептіріп алған.

Қазақтарда дала жағдайында қойшылар қой сүтінен дайындайтын тағы да бірнеше сүт тағамдары - «қойыртпақ» және «қорықтық» болған. Таңертең оларды өргізіп кеткенде қойшылар кішкене қымыз әкеткен, ал далаға барған соң қой сауып, сүтті қымызы бар торсыққа құйған. Кешке қарай осы қоспадан өте дәмді сусын - «қойыртпақ» дейтін алнған. Оны жылы күйінде де, салқын күйінде де ішіп жүрген.

Қазақтар арсынла егн шаруашылығыныі дамуы тары мен бидай жармаларын тамаққа едәуір пайдалануға мүмкіндік берді. Жарлы жатақтар тары жармасынан сүтке не майға ботқа қайнатқан немесе көбінесе сүт ара- тұра ет қатып, тары көже жасаған.

Бидай ұнынан бауырсақ, нан пісіріп ет тағамдары үшін және басқа да ұннан жасалатын тағамдар дайындаған. Қауызы ұшырылған бмдайды қуырып азық еткен., сондай-ақ одан бидай көже де дайындаған. Бидайды аз уақыт суға салып, келіге түйіп, талқанға айналдырған, Тары талқанынан қазақтар сүтпен майға қосып ботқа немесе көже жасаған.

Қазақтар ыдыс пен керек жарақтарды көбінесе сынбайтын материялдардан ; ағаштан, теріден, жүннен, киізден және шұғадан жасаған. Көшкен кездерінде ыдыс-аяқты сыртқы беті түрлі-түсті құрақтар-

Мен өрнектелген арнаулы киіз қаптарда сақтаған. Сусымалы өнімдер үшін

Тоқыма қаптар дайындаған. Сұр етпен сары майды ағаштан жасалған кебе-

Желерде сақтаған.

Қымызды сақтау үшін және тасу үшән бие терісінен түрі мен көлемі жағынан әр түрлі ыдыс жасап, оны ыстап отырған. Қымыз сақтауға арналған ең үлкен тері ыдыс-саба табаны төрт бұрышты төрт жағынан трапеция іспет-

Ті бүйір қабырғалары көлбеу тігіліп, ұзын мойын шығарылған сыйымды ыдыс . Қымызды салт атпен алып жүру үшінде ешкінің тұтас сойылып алынған терісінен ыдыс - «мес» дейтін жасалған . Мал сауатын көнек те тері

Ден дайындалған. Қазақтар тұрмысында ыдыстарды ағаштан жасалған түрлері де кеңінен пайдаланылды. Мәселен, олар қайыңнан жасалған үлкен

Тегенелер, қатты ағаштан немесе қайыңның безінен жасалған шаралар, аяқтар, тостағандар, қымыз құятын ожаулар, үлкен ағаш астаулар, ет тартуға аналған көлемді ағаш табақтар және т. б. Металл ыдыстар ішінен қазақтар өмірінде ең көп таралғаны жәнее ең қажеттісі көлемі әр-түрлі, шойын қазандар. Ең үлкен қзандар «тай қазан» деп аталдыҚазан үш аяқты темір

Тұғыр не ошаққа қойылды. СөйтіпXVIII ғасырдың аяғы менXIX ғасырдың

бірінші жартысында қазақтардың материалдық мәдениетінде көшпелі және

жартылай көшпелі тұрмыс салтына байланысты дәстүрлі ерекшеліктер

сақталып қалды .

  1. ТҰРМЫС-САЛТ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДӘСТҮРЛЕРІ

Қазақтарда тұрмыстық және ғұрыптық мәдениет дәстүрлері күнделікті

өмірде көрініп отырды . Бұл ислам дініне дейінгі, ертедегі әр түрлі ғұрып

тар мен салттарға байланысты болды. Отпен тазарту «аластау» түрінде ертедегі отқа табыну қазақтар өмірінің әр түрлі қырларынан байқалды.

Мәселен, көктем кезінде қыстаудан көшкенде және күзде оған қайтып

оралғанда қыстау мен малды от арқылы «тазарту» салты міндетті түрде сақталды. Қысқы қыстаудан көшкенде барлық мал екі оттың арасынан

айдап өтілетін. Отқа табыну отбасы өмірінде де байқалды, мәселен сәбиді бесікке салар алдында бесікті отпен аластау салты жасалды. Тіпті адамдардың кейбір арлары өткен кездерде отпен «емделді» . Әрбір отбас

ында ошақты құрметтеу дәстүрі сақталды. Қазақтар отқа түкіруге, отқа қарап дәретке отыруға, оттан өтуге, тіпті бір кездерде от жағылғар орынды басып өтуге тыйым салынған.

Жазғы көші қон кезінде әрбір ауыл көш керуенді салтанатты түрде ресімдеуге ерекше көңіл бөлді. Бұл үшін көш басында түйеге қырғауылдың ұзын қанаттарынан төрт айыр қарқара орнатты. Халық

тың түсінігі бойынша, қырғауылдың әдемі қауырсындары бөгде адамдардың назарын аударып, көш керуенді көз тиюден және жол бойындағы әр түрлі қолайсыз жағдайлардан сақтайтын болған.

Жазғы жайлауға жеткеннен кейін қазақтар бие сауып,, қымыз ашыту

үшін бие байлайтын . Бұл жағынан алғанда ауыл ауыл шеңберінде

«қазық майлау» немесе «қымыз мүрындық» дейтін шағын той өткізетін.

Бұл салттың мағынасы құлындар мен олардың енелері аман, қымыз мол болсын деген тілекке саятын еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ қоғамындағы экономикалық жағашылдықтарды әдістемелік тұрғыдан зерделеу
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени үрдістері
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Орынбор губернаторларының қазақ даласына қатысты саясатын толық және жүйелі көзқарас тұрғысынан зерттеу
XVI-XIX Қазақстан мәдениеті
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
Қазақстан жаңа заман тарихы
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz