Мемлекеттік басқару-мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қызметінің ортасы


2. 1 БӨЛІМ. Мемлекеттік басқару-мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қызметінің ортасы
Глоссарий (анықтама, сөздік)
Администрация (латын сөзінен алғанда - administratio) -басқару дегенді білдіреді.
Басқару (жалпы алғанда) - бұл екі немесе одан да көп адамдардың, олардың бірлестіктерінің қандай-да бір нақты нәтиже алу үшін жүзеге асырылатын мақсатты келісімді қызметі. Басқару (кең мағынасында) - бұл қандайда бір нәрсеге (немесе қандайда біреуге) жетекшілік етуді білдіреді. Басқару тар мағынасында адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастыру.
Мемлекеттік басқару - бұл қоғам дамуындағы қоғамдық процестерді тікелей, практикалық ұйымдастыру бойынша атқарушылық және бұйырушылық қызмет. Мемлекеттік басқаруды кең мағынасында мемлекет істерін барлық мемлекеттік органдардың жүзеге асыруын айтамыз.
Әкімшілік құқықтың пәні - бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.
Әкімшілік құқықтың жүйесі - бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар - құқықтық институттар бойынша бөлінген құқық нормаларының ғылыми - ұйымдастырылған жиынтығы - біртұтас нормативті құрылым.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері - бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез-құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандар.
Әкімшілік - құқықтық қатынастар - бұл тараптары әкімшілік - құқықтық нормалармен белгіленген және кепіл болатын өзара құқықтар мен міндеттердің тасушысы ретінде қатысатын әкімшілік - құқықтық нормалармен реттелген басқарушылық қоғамдық қатынастар аталады.
Әкімшілік - құқықтық нормалар - бұл мемлекеттің билік органдарымен белгіленген және атқарушы билік сферасындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін қажетті, құқыққа сай рұқсат етілген мінез - құлық ережесі.
ҚР азаматының әкімшілік - құқықтық мәртебесі - ҚР Конституциясымен және қолданылып жүрген заңнамамен белгіленген азаматтың жалпы құқықтық мәртебесінің маңызды және құрамды бөлігі болып табылады. Азаматтардың құқықтарының кепілдіктерін экономикалық, саяси және ұйымдық - құқықтық деп бөлуге болады. Ұйымдық - құқықтық кепілдіктерге соттық және соттан тыс кепілдіктер жатады.
Атқарушы билік-заң күшіндегі реттеу өкілеттілігін, сыртқы саяси өкілдіктің өкілеттілігін, әртүрлі бақылау түрлерін жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерді қоса алғандағы мемлекеттік істерді басқару бойынша өкілеттіліктердің жиынтығын білдіреді.
Атқарушы билік органы - мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылатын, өз құрылымы, құзырылығы бар, заңнамаға сәйкес құрылған, мемлекеттік тапсырмасы бойынша қатысуға құқық берілген, шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси сфераларға күнделікті жетекшілікті атқарушы және бұйырушы қызмет тәртібінде жүзеге асыруға арналған, сала аралық басқарумен шұғылданатын ұйым.
№ 1 тақырып Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі
Мақсаты: Мемлекеттік қызмет түсінігінің мәнін ашу және оның ерекшеліктерін анықтау
Жоспар:
- Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі
1. 2 Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудағы негізгі қағидалар
Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша ресми қызметі.
ҚР мемлекеттік қызмет екі деңгейде жүзеге асырылады: республикалық және жергілікті;
ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес "мемлекеттік қызмет" - бұл мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызмет. Заң әдебиеттерінде мемлекеттік қызмет ұғымын тар және кең мағынада қарастырылады.
Мемлекеттік қызмет (кең мағынасындағы түсінігі) - бұл жұмысшылар мен шаруалардың жұмысынан бөлек, мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жүзеге асырылатын жұмыс, ал тар мағынасында - бұл мемлекеттік органдардың (мемлекеттік аппараттың) қызметкерлерінің күнделікті еңбек қызметі. Сонымен, мемлекеттік қызмет - бұл құқық нормасымен реттелген, кәсіби негізде, ақылы түрде мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің шегіндегі адамдардың еңбек етуінің жеке дербес түрі. Сол үшін мемлекеттік лауазымдар белгіленеді. Мемлекеттік лауазым - бұл мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі.
Мемлекеттік лауазымды жүзеге асыру үшін лауазымдық өкілеттіліктер беріледі. Лауазымдық өкілеттілік - бұл заңда белгіленген құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында қойған мақсат-міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен қарастырылған өкілеттілік. Осы лауазымды өкілеттілік лауазымды тұлғаларға жүктеледі. Лауазымды тұлға - үнемі, уақытша немесе арнайы өкілеттілік бойынша мемлекет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын немесе мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық - шаруашылық қызметтерді атқаратын адам.
2. Мемлекеттік қызметтің негізгі белгілері:
1) мемлекеттік ұйымдастырушы қызметінің бір түрі;
2) әкімшілік, еңбек, азаматтық, қаржы және басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі;
3) ақылы түрде кәсіби негізде жүзеге асыралады, яғни арнайы даярланған қызметкерлрмен - мемлекеттік қызметкерлермен жүзеге асырылады;
4) олардың қызметінің мәні - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын практикада жүзеге асыру.
Мемлекеттің қызметтің қағидалары - мемлекеттік қызметтің негізіне қаланатын және оның мәнін білдіретін негізгі идеялар, басшылыққа алынатын бастаулар ("ҚР мемлекеттік қызметі туралы" заңының 3 бабында бекітілген ) . Оларға мыналар жатады:
1) заңдылық;
2) қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүддесі алдында басымдылығы;
5) жалпының қол жетушілігі, яғни ҚР азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуына тең құқылығы;
6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;
7) мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығы мен жоғарғы біліктілігі;
8) жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз өкілеттіліктері шегінде қабылдаған шешімдерінің бағынышты төменгі органдардың орындаулары үшін міндеттілігі;
9) мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есеп берушілігі;
10) мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбек ақыны тең төлеу;
11) мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын қорғалатын өзге де құпия болып табылатын қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру;
12) мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;
13) қызметтік міндеттін адал, ынтал атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу;
14) қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін немесе тиісінше орындамағаны үшін және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;
15) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу.
Бақылау сұрақтары:
- Мемлекеттік қызмет дегеніміз не?
- Мемлекеттік қызмет қағидасын атаыңзы?
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз. Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
Тақырып 2. Мемлекеттік басқару қызметінің нысандары мен құқықтық әдістері
Мақсаты: студенттерді мемлекеттік басқару қызметінің нысандарымен таныстыру, олардың құқықөтық әдістерін ауқындау
Жоспар:
1) Басқару қызметінің нысандарының ұғымы және түрлері
2) Басқару әдістерінің түсінігі мен түрлері
1. Атқарушы биліктің басты міндеті - заңдардың орындалуын қамтамасыз ету. Бұл міндет әртүрлі басқару нысандарында жүзеге асырылады.
Басқарудың әкімшілік - құқықтық нысаны - бұл атқарушы органның (лауазымды тұлғасының) өз құзырлығы шегінде жүзеге асырылатын және нақты салдарлар тудыратын, оның әрекетінің сырттай көрсетілген әрекеті.
Мемлекеттік басқарудың әкімшілік-құқықтық нысандарының мынадай түрлері болады:
1) әрекетінің сипатына қарай:
а) құқықтық;
б) құқықтық емес;
2) мақсаттылығына байланысты:
а) ішкі - ішкі ұйымдастыру мәселелерін шешуге қолданылады;
б) сыртқы -органның міндеттері мен функцияларын орындау мақсатында қолданылады;
3) көрсетілу әдісіне қарай:
а) ауызша және жазбаша;
б) конклюдентті.
Басқару қызметінің нысандарының ішінде ең көп тараған классификациясы оны құқықтық және құқықтық емес деп бөлу.
Құқықтық нысандар нақты айқындалған құқықтық салдарларға әкеледі, ал құқықтық емес нысандар құқықтық салдарларға әкелмейді. Құқықтық нысандарына мыналар жатады:
1) нормативті-құқықтық актілерді дайындау және қабылдау (құқық шығармашылық депте атауға болады) ;
2) жеке нормативті актілерді шығару (немесе құқық қолданушылық) ;
3) әкімшілік-құқықтық шарттар жасасу;
4) әкімшілік - іс жүргізушілік әрекеттер жасау;
5) заңды мәні бар өзге де әрекеттерді жасау.
Нормативті-құқықтық актілерді дайындау және шығару - бұл атқарушы билік органдарына заңнамамен ұйғарылған және тек заңдардың көмегімен ғана бұқаралық мүдделерді қамтамасыз ету мүмкін болмағанда әкімшілік норма шығармашылыққа мұқтажыдығымен байланыстырылған, заңдарды орындау үшін арналған атқарушы биліктің қызметінің негізгі түрі. Тек осы құқықтық нысандарда ғана өктемік өкілеттіліктер айқын көрініс табады. мысалы, Президенттің заңды күші бар жарлық немесе өкімдер шығаруы, ҚР Үкіметінің қаулылар мен өкімдер шығаруы.
Жеке құқықтық (әкімшілік) актілерді шығару - бұл көп жағдайда құқық қолданушылық болып табылады, яғни құқық нормасын адрестік қолдану бойынша қызмет, мысалы, қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындардға айыппұл санкцияларын салу;
Әкімшілік келісімшарт жасасу - бұл тараптарының біреуіне мемлекеттік - өкімді өкілеттіліктер берілетін келісімшарт, мысалы, контракт жасасу.
Әкімшілік - іс жүргізшілік әрекеттерді жасау - бұл қызмет нақты заңды істерді шешумен байланысты қызмет және іс жүргізушілік нормаларымен толықтай реттелеген. Оның мынадай негізгі белгілі бар:
1) бұл қызметте өктемдік өкілеттіліктер жүзеге асырылады. Тиісті қатынастарға азаматтарда, ұйымдарда қатысады, бірақ бұл қатынастарда басымдылықт бұқаралық билік органдарына беріледі, мысалы, тіркей, пресс - конференция ұйымдастыру, дауыс беруді ұйымдастыру және т. б.
2) іс жүргізушілік қызметтің нәтижесі заңды істерді шешу, мысалы, заңды мәні бар құжаттарды қабылдау, азаматтылық беру, санкция қолдану және т. б.
3) іс жүргізушілік қызмет іс жүргізушілік нормалармен реттеледі; бұл нормаларда процеске қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері, іс - әрекеттерді істеу тәртібі мен мерзімдері анықталады, құжаттарды, шғымдарды рәсімдеу ережелері, шешімді орындау анықталады.
Заңды мәні бар өзге де іс - әрекеттерді жасау - қандайда болмасын құқықтық салдарларды туғызатындығын білдіреді. Атқарушы органдар (немесе олардың лауазымды тұлғалары) әртүрлі азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге және басқару қатынастарының өзге де қатысушыларына нақты іс-әрекеттерді істеуге, белгіленген жағдайларда міндетті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға, көлік құралдарын жүргізу құқығына, қару - жарақ алу, сақтау және пайдалану құқығына, аң немесе балық аулау құқығына және т. б. куәлік сияқты ресми құжаттарды беру. Осындай әрекеттердің және олардың салдарларының заңды мәні бар екендігі сөзсіз, бірақ олар аралық көрініс табады. Арнайы құқықтар беру қабылданып қойған құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады.
Басқарудың құқықтық емес нысандарына мыналар жатады:
а) ұйымдық;
б) материалды-техникалық әрекеттер.
Ұйымдық әрекеттер мынадан көрініс табады:
- заңнамалардың немесе өзге де актілердің мағынасын түсіндіру;
- қызметкерлер мен лауазымды тұлғаларды аттестациядан және инструкциядан өткізу;
- басқару органдарының жұмысын тексеру және қорытындылау;
- төменгі басқару органдарының жетекшілерін қатыстыру арқылы отырыстар, мәжілістер өткізу, екі министрліктердің алқаларын біріккен отырыстарын және өзге де іс-шаралар өткізу.
Материалды-техникалық әрекеттер мыналармен байланысты:
а) органдардың және лауазымды тұлғалардың жұмысын қамтамасыз ету үшін ақпараттық- анықтама жүргізумен;
б) іс қағаздарын жүргізу (хат алысу, құжаттарды көбейту, көшірмесін дайындау, оларды сақтау) ;
в) тіркеу - есепке алу жұмыстарымен, қабылданған шешімдердің негізінде қажетті құжаттарды берумен (реестрге кіргізу, тиісті нөмірін көрсету және т. б. ) .
2 Басқару қызметінің әдістерінің түсінігі мен түрлері Мемлекеттік басқару әдістері- бұл мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының (ғни атқарушы билік субъектілерінің) басқару объектісіне (яғни басқарылатындарға - бағынышты органдар, ааматтар және т. б. объектілерге, олардың санасы мен еріктеріне) тікелей және мақсатты түрде практика жүзінде әртүрлі ықпал ету тәсілдері.
Мемлекеттік басқару әдістеріне мына белгілер тән:
1) мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттің еркі бойынша қалыптасады және содан туындайды;
2) ереже бойынша олар мемлекеттік қызметті атқару кезінде іске асырылады;
3) мемлекеттік басқару субъектілері мемлекеттің атынан және соның мүддесі үшін пайдаланады;
4) мемлекеттік - биліктік өктем өкілеттіліктер берілген;
5) құқықтық және ұйымдық нысандарға ие болады;
6) жан-жақты бағыттылығы болады (бұл басқару үрдісінің көп түрлілігі мен күрделілігі көрінеді) .
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі. Басқару міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруда қандайда бір әдістерді дұрыс қолдануға байланысты болады, сондықтан осы әдістерді жетілдіру басқарудың жақсаруын білдіреді. Мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Осыған байланысты олар көбінесе бсқару қызметінің құқықтық нысандарында көрсетіледі.
Мемлекеттік басқару әдістерінің түрлері:
1) универсалды әдістері немесе негізгі: сендіру мен мәжбүрлеу;
2) құқықтық әдістер - практикада қолданғанда заңды салдарға әкеледі, оларға мыналар жатады: тікелей бөлу, ұсыныс, шешу, келісу;
3) құқықтық емес (ұйымдық) - практикада қолданғанда заңды салдарлардың туындауына әкелмейді, оларға мыналар жатады: қаулы, бұйрықтар, түсіндірме, шешімді дайындау; көрмелер, жарнама, шешімнің орындалуын тексеру.
4) басқару ықпалының мазмұны бойынша:
а) моралдық - саяси әдістер - бұл тәрбиелеу, моралдық қолдау, үгіттеу, насихаттау;
б) ұйымдық әдістер - үйлестіру, келістіру, бақылау, субъектінің өз жұмысын ұйымдастыру (нұсқау беру, сілтеу), қадағалау, тексеру;
в) әлеуметтік әдістер - бақылау, эксперимент жасау, байқау, анкета жүргізу, интервью алу;
г) психологиялық әдістер - психологиялық аяу, дәлелдеу, кәсіби іріктеу мен оқыту, бедел;
д) әкімшілік әдістер - әкімшілік юрисдикция, жарлық, бұйрықтар
е) экономикалық әдіс - баға, несие, материалдық қолдау көрсету, сыйақы, жәрдемақы;
Осы әдістердің барлығы бірін-бірі жоймайды, тек бір - бірін толықтырады және әрбір басқару әдісі қандайда болмасын басқару функцияларын ерекше тәсілмен жүзеге асырылуымен сипатталады.
Мемлекеттік басқаруда әкімшілік және экономикалық әдістер маңызды орын алады.
Әкімшілік - құқықтық әдістер - бағынушылардың басқаратындардың еркіне бағынуымен сипатталады, яғни "билік-бағыныштылық" оларда басқару қызметінің биліктік табиғатын өте айқын көрсетеді. Әкімшілік - құқықтық әдістерді пайдалану басқару субъектісінің басқарылатындарға тура ықпал етеді. Бірақта басқарылатындарға әкімшілік әдісті пайдаланып ықпал еткенде басқарылатындардың (бағынатындардың) мүдделерін есепке алмау дегенді білдірмейді, керісіше ғылым олардың мүдделерін ескере отырып пайдалануды ұсынады. Әкімшілік-құқықтық әдістер мемлекеттік қауіпсіздікті, ішкі істерді басқаруда ерекше орын алады.
Әкімшілік - құқықтық әдістердің мынадай түрлерін атап көрсетуге болады:
1) көрсетілу нысаны бойынша:
а) әкімшілік -құқықтық - құқықтық нысандарда көрініс табатын;
б) әкімшілік - ұйымдық - басқару субъектісінің ұйымдастырушылық әрекетінде көрініс табады;
2) заңдық қасиеті бойынша:
а) нормативті - нұсқаулар, бұйрықтар, бағынушылардың қызметін реттейтін басқада актілер;
б) жеке - нақты орындаушыға берілетін өкімдер;
3) басқару субъектілерінің мінез-құлықтарына ықпал ету тәсілдері бойынша:
а) нақты әрекеттерді жасауға міндеттейтін әдістер;
б) нақты әрекеттерді істеуге өкілеттілік беретін әдістер;
в) әлеуметтік пайдалы әрекеттерді істеуді қолдайтын;
г) қандайда болмасын әрекеттерді істеуге тиым салушы әдістер;
4) бұйрықтың нысаны бойынша:
а) императивті;
б) тапсырушы;
г) ұсыныстар.
Әкімшілік әдістердің мазмұны:
1) мемлекеттік басқару сферасында міндетті мінез-құлық ережелерін белгілеу;
2) нақты тапсырмаларды бекіту;
3) лауазымға тағайындау;
4) белгілі бір әрекетті жасауды ұйғару;
5) белгілі бір әрекеттерді істеуге тиым салу;
6) белгілі бір әрекеттерді істеуге рұқсат беру;
7) қоғамдық қатынастарға қатысушылардың заңды мүдделерін қанағаттандыру;
8) материалдық санкция қолдану;
9) стандарттаржы белгілеу;
10) тіркеу;
11) бақылау мен қадағалау;
12) материалдық және моралдық мадақтау;
13) басқару қатынастарына қатысушылардың дауларын шешу;
14) мемлекеттік тапсырыстарды дайындау;
15) әкімшілік - мәжбүрлеу шараларын қолдану.
Әкімшілік - құқықтық әдістерден айырмашылығы экономикалық әдістер басқару объектілеріне тура емес, жанама ықпал етеді, өйткені олардың басқару ықпалы материалды стимулдар беру арқылы, қажетті мінез-құлыққа деге ұмтылысын тудыратын экономикалық жағдайларды туғызу арқылы ықпал етеді. Экономикалық әдістердің ішінде баға, табыс, кіріс, несие, шаруашылық есеп маңызды рөл атқарады.
Әкімшілік және экономикалық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді.
Басқарушы субъектілердің қызметін ұйымдастыру процесі - бұл құрылымды бөлімдерді құру және олардың орындауына функцияларын беру, оларды атқарушы билік органдарының жүйесіне кіргізу болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, атқарушы билік органдары алдына қойған міндеттеріне байланысты және сәйкес нәтижелерге жету үшін өзінің аппаратын ұйымдастырады.
Басқару процесінде нақты сұрақтар жеке (министрлер, комитет төрағасы), алқалы (алқада, ғылыми-әдістемелік кеңесте) немесе ортақ бірілесіп (2 немесе одан да көп министрліктердің, комитеттердің қатысуымен) шешіледі.
Бақылау сұрақтары:
- Әкімшілік әдістердің мазмұны
- Басқарушы субъектілері
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз. Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
№3 тақырып Мемлекеттік органдар жүйесі
Мақсаты: студенттерді басқару органдарының мақсатымен, белгілерімен таныстыру, атқарушы билік билік органдарының түсінігін, түрлерін және жүйесі туралы түсініктер беру
Жоспар:
- Басқару органдарының мақсаттары мен белгілері
- Атқарушы билік органдарының түсінігі, түрлері және жүйесі
- Үкімет - жоғарғы атқарушы билік органы
- Орталық атқарушы органдар
- Жергілікті атқарушы органдар
1 Мемлекеттік басқарудың атқарушы билік органдарының ұғымы мен әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Жалпы, атқарушы билік мемлекеттік биліктің бір тармағы болып табылады. Атқарушы билік - бұл заң күшіндегі реттеу өкілеттілігін, сыртқы саяси өкілдіктердің өкілеттіліктерін, әртүрлі бақылау түлерін жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерді қоса алғандағы мемлекеттік істерді басқару бойынша өкілеттіліктердің жиынтығы.
Атқарушы биліктің мақсаттары:
1) азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің аман-есен өмір сүруіне септігін тигізетін
жағдайлар жасау;
3) азаматтардың немесе ұйымдардың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру
үшін, адамдардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өмірлерінің
еркіндігіне жағдай жасау.
Атқарушы биліктің негізгі белгілері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz