Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Тарих-педагогика факультеті
Жалпы психология кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Жалпы психология
кафедрасының меңгерушісі
Ж. З. Торыбаева
«___»2014 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
5В010300 - мамандығы -«Педагогика-психология»
Орындаған: Умарова У. Н.
Ғылыми жетекшісі,
п. ғ. д., доцент: Атемова Қ. Т.
Түркістан, 2014
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Оқушыларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық мәселелері . . . 6
1. 2 Оқушыларға қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы отбасының рөлі мен қызметі . . . 16
1. 3 Отбасында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың
ерекшеліктері . . . 232 ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы халықтық дәстүрлер . . . 31
2. 2 Отбасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі әдіс-тәсілдері . . . 36
2. 3 Отбасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда мектептің ынтымақтастығы . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61
ҚОСЫМША . . . 63
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қай заманда да, қай елде болса да отбасының адамзат ұрпағына тигізетін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Алайда, қазіргі кездегі елдегі экономикалық әлеуметтік жағдайлардың қиындығы, жұмыссыздық, материалдық-рухани қажеттіліктердің тапшылығы осының бәрі отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп отыр. Бала тәрбиесінің негізі - бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ - бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы» (2002), «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» (2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады [1, 2, 3, 4] .
2004 жылы ақпан айында Үкіметтен қолдау тапқан «Білім тұжырымдамасы» үздіксіз білім беру жүйесінің алғашкы сатысы балабақшадан бастап, мектеп аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ал ата-ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады. Сондықтан да баланы жағымды ортада тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақ халқының бала тәрбиесіне деген көзқарасының өзіндік ерекшеліктері бар. Келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, балаларды ата-баба дәстүрінде тәрбиелеуді мақсат тұтқан қазақ отбасылары баласын мәдениеттілікке, зерделілікке баулып, халықының мәдениеті мен әдет-ғұрпын тәрбиенің бұлжымас құралы ретінде ұстанған. Бұл ретте педагогика тарихында қазақ ауылындағы отбасы тәрбиесі, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру, балалардың даму ерекшеліктері, адамгершілікке тәрбиелеу және т. б. мәселелер зерттелген. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесімен де бірқатар ғалымдар айналысқан, атап айтсақ, ресей ғалымдары Урунтаева Г. А., Афонькина Ю. А., Петерина С. В., Лисина М. И. және т. б. қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдарын ұсынса, қазақ педагог-ғалымдары Шериазданова Қ. Т., Ауталипова Ұ. И., Елеусізова С. М., Оразбекова К. К. және т. б. қарым-қатынас мәселелерін сөз етеді. Десек те, қазақ отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты, оның өзіндік ерекшеліктерін қарастырған еңбектердің өте аздығы анықталды. Сонымен, балалардың қарым-қатынас мәдениетін бүгінгі өмір талабына сай, ұлттық сипатта қалыптастыруды жүзеге асырудың қажеттілігі мен оны отбасы тәрбиесі жағдайында ғылыми-әдістемелік бағыттарының жеткіліксіздігі аралығында қарама-қайшылықтар байқалады.
Бұл қарама-қайшылықтардың шешімін табу бізге диплом жұмысымыздың тақырыбын «Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру» деп айқындауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің объектісі. Балаларда қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы.
Зерттеу пәні. Отбасы тәрбиесі жағдайында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру процесі.
Зерттеудің мақсаты. Отбасы тәрбиесі жағдайында балалар бойында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін ұсыну.
Зерттеудің міндеттері.
- «Қарым-қатынас мәдениеті» ұғымының мәнін ашу.
- Отбасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетінің ерекшеліктерін анықтау, олардың қалыптасу жолдарын көрсету.
- Балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы отбасының мүмкіндіктерін айқындау.
- Отбасы тәрбиесі жағдайында балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін ұсыну.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында сұрақ-жауап, тест, сұхбат, философиялық, психологиялық т. б. әдістердегі қарым-қатынас мәдениетіне қатысты мәліметтерге жүйелі теориялық талдау жасау, салыстыру, өңдеу, жүйелеу, эксперимент әдістері пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімде жұмыстың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері және басқа да ғылыми аппарат айқындалады.
«Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық мәселелері» атты 1-бөлімде балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық мәселелері қарастырылып, ғылыми әдебиеттерге шолу жасалады, сонымен бірге, отбасының балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда негізгі фактор ретіндегі ықпалы дәлелденеді, отбасында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері сөз болады, атап айтқанда қазақ отбасындағы тәрбие мәселесі жан-жақты талданады.
«Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдары» деп аталатын 2-бөлімде балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы халықтық дәстүрлердің алатын орны, атап айтқанда, халықтық педагогика, оның негізгі тәлім-тәрбиелік мәні сөз етіледі. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы, балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы мектептің, сынып жетекшісінің, мұғалімдердің рөлі айқындалып, бұған қоса қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың басқа да әдіс-тәсілдері туралы айтылады.
Қорытынды бөлімде жұмыс бойынша айтылған ой-пікірлер тұжырымдалып, негізгі түйіндер жасалады. Зерттеу нәтижелеріне сүйеніп ұсыныстар беріледі.
1 ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Оқушыларда қарым-қатынас мәдениетін калыптастырудың теориялық мәселелері
Адам өзінің материалды және рухани қажеттіліктерін өтеу мақсатында еңбек әрекетімен айналысып, өзін қоршаған адамдармен жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас жасамайынша дұрыс өмір сүре алмайды. Қоғам, жеке адам, қарым-қатынас және әрекет әр уақытта бірлікте. Бұл тіршіліктің заңды белгілері.
Сәби жарық дүниеге келген алғашқы сәттерінен бастап-ақ отбасының мейірімді, парасатты жаны - анасы, басқа да өзінің айналасындағы адамдармен түрлі қарым-қатынасқа түсе бастайды. Ал, қарым-қатынас адам баласының тіршілік етуінің негізгі шарты ғана емес, оның психикасының дұрыс қалыптасып дамуының факторы және аса қажетті құралы болып табылады. Өйткені, қарым-қатынас дегеніміз - өзара пікір алмасу, келісім не өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі болып табылады.
Жоғарыда аталған құнды ғылыми деректер баланың жан-жақты дамуы олармен үлкендердің мектеп жасына дейінгі және мектеп жасында жүргізген дұрыс, жағымды қарым-қатынасына байланысты екенін көрсетеді. Отбасындағы қарым-қатынас арқылы ата-ана баласын өмірге бейімдеп, өзінің де өзгелердің де дербестігін түсінуге үйретеді. Кез-келген отбасындағы ең негізгі мәселелердің бірі - үйдегі тәртіп. Тәртіп ата-ана мен баланың күнделікті қарым-қатынасының тұтастай бөлшегі. Ата-ана баласының ақыл-ойын, қабілетін дұрыс тәрбиелеу үшін ең алдымен баласын жақсы, толық түсіне білуі керек.
Жеке адам қалыптасуының негізгі факторы болып табылатын қарым-қатынас баланың интеллектісінің дұрыс, жеткілікті дамуына өте үлкен әсер етеді. Көптеген педагогикалық, психологиялық ғылыми деректер бізге қарым-қатынас әр кезде әрекетпен тікелей байланыста жүретінін көрсетеді. Қарым-
қатынас адамзат тарихымен адамдардың күнделікті байланысының қажетті әріптесі.
Айталық, 2003 жылы жарық көрген «Қысқаша педагогикалық сөздікте» «қарым-қатынас» ұғымына мынадай анықтама берілген: Қарым-қатынас адамдардың өзара қатысуы, олардың әрқайсысының өмір сүруі мен дамуының басты шарты және тәсілі. Адам дүниеге келісімен өзінің өмір сүру қабілетін дамытуға қатысы барлармен бірге тарихты басынан кешіреді. Тек қарым-қатынас барысында ғана адам өз басына, өз іс-әрекетіне мән беріп, баға бере қарайды [5, 27 б] .
Ал психологиялық сөздікте «Қарым-қатынас - біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы үрдіс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жасауда аса қажетті шарттардың бірі - сөйлеушілердің өз ой-пікірлерін өзгелерге, тыңдаушыларға қалайда жеткізіп, оларға әсер етуді көздесе, ал тыңдаушылардың қарым-қатынас орнатудағы сөйлеуші жақтың ой-пікірін дұрыс ұғынып, оны іс жүзіне асыра білу мәдениеттілігіне байланысты [6, 93 б] . Бұдан қарым-қатынас жасаудың үнемі екі жақты үрдіс екенін түсінеміз. Қатынас орнатудың нәтижесінде өзара ықпал етіп, адамдардың өмір тәжірибесі, іс-әрекеті, ой-пайымдары дамиды. Адамның өзгелермен тілдесіп, қарым-қатынас жасай білуі - жалпы адами қасиеттердің аса қажет түрінің бірі деп есептейміз.
Зерттеуші С. Елеусізова «Қарым-қатынас психологиясы» деген еңбегінде қарым-қатынас үғымына мынадай анықтама берген: Қарым-қатынас - адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс-салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Қарым-қатынас дегеніміз -ғылым, әрі өнер. Бұл шығармашылық процесс. Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу - әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына байланысты жүзеге асып отыратын тіршілік мұқтаждығы. Қарым-
қатынас нәтижесінде адамның кісілік қасиеті, өзгелерге деген қамқорлығы мен жанашырлық сезімі, мәдени көзқарасы қалыптасады [7, 9 б] .
Ата-ана баласымен қарым-қатынасқа түскенде қарым-қатынастың түрлерін қолданады. Көптеген ғылыми деректерден біз қарым-қатынастың демократиялы және авторитарлы түрі барын білеміз.
Демократиялы қарым-қатынас - ата-ана мен баланың арасындағы өзара достық, жолдастық көріністерден жасалған қатынас. Бұл қатынас балада эмоцианалды көңіл-күй тудырып, саналы іс-әрекетке итермелейді. Бала ата-анасы жағынан эмоцианалды дұрыс қарым-қатынасты барлық қажеттеліктерден де басым керек етеді. Ата-ана осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін баласымен кішкене кезінен бастап мейірімді, жылы қатынас жүргізуі тиіс. Ол баланың келешекте мәдениетті болып қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Демократиялық қарым-қатынаста тәрбиеленген бала кез келген ортада өзін дұрыс ұстауға тырысады.
Авторитарлы қарым-қатынас - кішкентайлардың үлкендерге сөзсіз бағынып, тәуелді болуымен тікелей байланысты жүреді. Үлкендер бұл жағдайда тәртіптілікті, баланың ата-анасына толық бағынышты болуы деп түсініп, баласына психологиялық қысым жасағанын байқамай да қалады.
Авторитарлы қарым-қатынас барысында бала көбінесе ата-анасынан сескеніп, қорқады. Нәтижесінде бала өз тәртібін дұрыс меңгере алмайды. Осындай қарым-қатынаста тәрбиеленген бала балабақшада, мектепте, басқа да қоғамдық орталарда өзін бірқалыпты ұстай алмайды, қарапайым мәселелерді шешуде қиналады. Өз әрекеттеріне әділ баға беруде қателеседі. Мектепке дейінгі жастағы бала мен ата-ананың жасаған авторитарлы қарым-қатынасы бала ойлауының дамуына да өз әсерін тигізбей қоймайды.
Зерттеуші-ғалым А. Капенованың пікірінше, қазақ отбасында ата-ана мен бала арасындағы тәрбие жұмысында қарым-қатынастың авторитарлы түрі басымдық танытады [8, 117 б] .
Әр ата-ана өз баласына деген сезімін өзінше жеткізуі мүмкін. Қандай жағдайда болмасын, ата-ана баламен жағымды қатынас жасап, оны қолдап отыруы керек. Өйткені, отбасында ата-ана ықпалымен жүргізілген дұрыс қарым-қатынас барысында балада өзін қоршаған табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген таза көзқарас қалыптасады. Біздің ойымызша, ата-ана баласымен жоғарыда аталған қарым-қатынастың белгілі бір түрін ғана қолданбай олардың екеуін қатарластыра, байланыстыра қолданғаны дұрыс, бұл жағдайда тәрбиеленген балада белгілі тәртіп ережелері қалыптасып, коммуникация дағдылары, яғни кез келген адаммен жеңіл, қиындықсыз қарым-қатынасқа түсу қабілеті пайда болады.
Зерттеуіміздің негізгі мәселесі болып отырған «қарым-қатынас мәдениеті» ұғымына тоқталмас бұрын, «мәдениет» сөзінің мағынасын ашып өтейік.
«Философиялық сөздікте» мәдениет - адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығының қызметі. Мәдениет - қоғамдық-экономикалық формациялардың алмасуына байланысты дамитын тарихи құбылыс, - делінген [9, 145 б] .
Ал Р. Қоянбаевтың «Қысқаша педагогикалық сөздігінде» «мәдениет» ұғымына мынадай анықтама берілген: Мәдениет - адамды жасампаз, белсенді тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал жасайтын қоғамдық-тарихи барыстың мазмұны, адамзат тарихында жасалған және дамытылған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.
Мәдениеттің шын болмысы - адамдардың тікелей іс-әрекеттік қарым-қатынасында қалыптасатын және көрінетін, іс-әрекетінің тәсілдерінде, құрал-саймандарында және еңбек нәтижелерінде жүзеге асатын олардың қайталанбас жасампаз өзіндік қабілеттерінде [5, 32 б] .
Ал енді қарым-қатынас мәдениеті ұғымына тоқталсақ, қарым-қатынас мәдениеті адамзаттың ғасырлар бойы қалыптастырған белгілі ережелерін сақтауға негізделеді. Ондай ережелерді әдеп деп атаймыз. Әдеп - бұл адамдар арасындағы сыпайы болу, олқылықтардан аулақ болу, осы аталған әдептілік белгілерін бала бойында дарытатын ең бірінші кезектегі адам - ата-ана екендігі белгілі.
Ертеректе туыстық, отбасылық қатынастар адамда бала кезден қалыптастырылған болатын. Қазақ отбасында ойын ойнау, көркем өнермен шұғылдану, еңбекке қатыстыру арқылы ересек адаммен баланың қарым-қатынасы нығайған. Жалпы, отбасында бала мен қарым-қатынас орнатуда ата мен әже, әке мен ана өз рөлдерін дұрыс түсіне білуі керек. Олардың әрқайсысының бала өмірінде алатын орны ерекше. Айталық, ата бауырында өсіп, қарым-қатынаста болған бала ерте ер жетіп, тиянақты, саналы болып өссе, әжесінен тәрбие алып, оның ертегі, әңгімесін тыңдап өскен бала бауырмал, сезімтал, үлкенді сыйлағыш келеді. Дегенмен, әке шешенің арасындағы ұрыс-керіс баланың қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Осы тұрғыда Ж. Қоянбаев кейбір отбасындағы тәрбиенің қиындығы мынада деп түсіндіреді: «Әке мен шеше өздерінің кемшіліктерімен күреспейді, қайта оны жуып-шаяды, солай бола тұрса да балаларынан тәртіпті болуды талап етеді. Мұндай жағдай балаларды дұрыс жолдан тайғызып, оларды «екі жүзділікке» итермелейді» деп түсіндіреді [10, 35 б] . Шындығында да бала отбасында жақын туыстарымен қарым-қатынасқа түсу барысында жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажыратуды үйреніп, өз халқының мәдениетін, сөз өнерін меңгереді. Әрине, бұл айтылғандардың барлығы отбасындағы ата-ана мен бала арасында ұйымдастырылған екі жақты байланыс, өзара түсіністік арқылы ғана жүзеге асады. Бала үлкендердің махаббаты мен қамқорлығынсыз жеке тұлға болып қалыптасуда түрлі кедергілерге тап болуы мүмкін. Бала жасы қаншалықты кіші болған сайын олар үшін әлеуметтік оқшаулау соншалықты ауырға соғады.
С. В. Петерина қарым-қатынас мәдениеті - баланың қоғамдық орындарда, тұрмыста әдептілік көрсету, сөз қорын дұрыс қолдану, жағымды қатынас жасау деп түсіндіреді [11, 26 б] .
Т. Ахметов баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін ата-аналарға қажетті белгілі ережелерді ескеруді ұсынады:
- ата-аналарға әдебиет таңдауда бала жасын ескеру;
- тамашаланған теледидар бағдарламаларын баламен бірлесе талқылау;
- қарым-қатынаста баланың қимыл-қозғалысына, жүріс-тұрысына назар аудару;
- ата-ана, үлкендерге құрмет көрсету;
- қарым-қатынаста ата-ана өзіндік сөйлеу тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл бөлу сияқты мәселелерді атап өтеді [12, 11 б] .
Осылайша, жоғарыда көрсетілген теориялық жағдайлар, ғылыми зерттеулер негізінде, біз, қарым-қатынас мәдениетіне өзімізше анықтама беруге тырыстық. Сонымен, қарым-қатынас мәдениеті - бұл қоғамдық қажеттіліктер негізінде туатын әр адамның білім, тәрбие және әлеуметтану деңгейін көрсететін, мінез-құлық мәдениетінің құрамдас бөлігі.
Қарым-қатынас мәдениеті адамның бойындағы кісілік қасиеттерге жатады. Ал кісілік қасиеттердің бүгінгі қазақстандық философтар еңбектерінде де көрініс тапқан. Солардың бірі Д. Кішібеков өзінің философиялық зерттеуінде кісілік қасиеттердің үш дәрежеде болатынын айтады:
1. Әрбір адам ең алдымен адамзат қауымының мүшесі. Шыққан
нәсілінен, ұлтынан, табынан, жынысынан, туған жерінен тәуелсіз есті адамның
барлық өкілдеріне ортақ, жалпы адамзаттық қасиеттер тән. Олардың қатарына
қуану, қайғыру, балажандық, ананы сүю, арамдық-зұлымдықтарға,
әділетсіздікке теріс қараушылық, махаббат, жек көрушілік, әділдікті жақтау т. б.
жатады.
- Ер адамның физиологиялық ерекшелігінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінен туатын және оның тек өз басына тән психологиялық ерекшеліктері. Бұлар оның мінез-құлқына, қимылы мен жүріс-тұрысында, сөйлеу ыңғайында, адамдармен қарым-қатынасында болады.
- Адам белгілі бір елде, тарихи дәуірде, белгілі бір дәрежеге жеткен материалдық және рухани мәдениет жемістерін сусындап өседі.
Осылардың бәрі қосылып адамның жан-дүниесінде өзінің ізін қалдырады және адамның мәдениет дәрежесін құрайды деп түйіндейді [13, 118 б] .
Жұмыс барысында талданып, зерттелген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру көрсеткіштеріне сүйене отырып, балалардың қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу өлшемдері мен көрсеткіштерін белгіледік (1-кесте) .
Тәрбиенің негізгі салаларының бірі - ақыл-ой тәрбиесі үлкендердің балаға саналы ықпал етуімен, айналадағы әлем, табиғат жайлы қарапайым білім беруімен анықталады. Қазіргі кезде бала өзінің көп уақытын отбасынан тысқары жерлер - балабақша, мектепте, құрбылары арасында өткізеді. Сол күнделіктi тіршілік барысында неше қилы байланыстар мен қарым-қатынастар жасайды. Алуан түрлі адамдармен ұшырасады, сөйлеседі, пікір алысады, тәжірибе жинақтайды. Бірімен бірі ұласып жатқан өмір ағымында ол өзі де байқай бермейтін әр түрлі әдеп дағдыларын танытады. Кей жағдайларда әдептілік талаптары деңгейінен төмендеу болатыны сезіледі. Ол, әрине, көп жағдайда: әдептіліктің жастан бойға сіңбегендігіне, оның ережелерін сақтап, дағдыланбағанына, отбасында бұл мәселеге жөнді көңіл бөлінбегендігіне байланысты. Адам мәдениеті неғұрлым жоғары болса, оның айналасындағыларға қарым-қатынас мәдениеті қарапайым, сыпайы бола түседі.
Қарым-қатынас - қоғамның мәнді иесі ретіндегі адамның маңызды рухани қажеттілігі. Адамның қарым-қатынасты қажетсінуі оның қоғамдық сипаттағы тұрмысымен, іс-әрекетте өзара әрекет етуді қажет етумен сабақтасады. Кез келген бірлескен іс-әрекет, ең алдымен еңбек іс-әрекеті оны орындаушылар арасында тиісті байланыс пен өзара түсіністік болмаса жүзеге аспайды. Қарым-қатынас бұл адамдар арасындағы түрліше байланыстар, ол байланыстар бірлескен өмір қажеттілігі, қарым-қатынастың ерекшелігі оның іс-әрекетпен тығыз ажырамас байланыстылығында. Қарым-қатынас мазмұны болып, адамдардың өзара әрекеттестігін тудыратын ақпарат болады. Ол жаңа білімді хабарлау болуы мүмкін, мұғалімнің ұғымдары, гипотеза т. б. түсіндіруі болады. Қарым-қатынас іскерлік пен дағды, шеберлікті игерудің білімі мен бөлшегін беру тәсілі де болады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас байланысы, қарым-қатынас мәдениеті, қарым-қатынас әдебі, қарым-қатынас тәрбиесі, қарым-қатынас жиілігі, қарым-қатынас өркениеттілігі тағы сол сияқты, әрбір адамға етене таныс сөздерді үйреншікті, қалыптасып қалған бар әдет ретінде күнделікті өмір ағымы барысында айтыпта, естіп те жүреміз. Алайда сөздердің мағынасына, яғни олардың функционалдық мазмұнына мән бере бермейміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz