Түркістан қаласының ерте ортағасырдан басталатын тарихын тың дерек көздері негізінде, араб-парсы және еуропалық саяхатшы-тарихшы, географтардың мәліметтерін сараптау арқылы, жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастыра отырып, әлемдік тарихтағы алар орнын айқындау


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ортағасырлық Қазақстан тарихында ХV-ХVІІ ғ. ғ. дейінгі аралық ерекше орын алады. Өйткені осы бір тарихи кезең ішінде Қазақстан территориясында саяси-этникалық маңызы зор күрделі өзгерістер болып өтті. Бұл өзгерістердің ішінде, саяси маңызы жағынан ең негізгісі, әрине, ХV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының өмірге келуі еді.
Саяси және этникалық процестердің ХV ғасыр ортасында сапалы өзгерістерстерге өтуін Қазақстан территориясында сол уақытқа шейін жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси этникалық процесстер даярлап берді.
Ал, Ќазаќстанның XV - XVII ғасырлардағы тарихын тану Түркістан ќаласының тарихын танып білмей мүмкін емес десек асыра айтқандығымыз емес сірә.
Түркістан ќаласының XV - XVII ғасырлардағы тарихына ќатысты ќолда бар санаулы деректердің өзі, бұл ќаланың Ќазаќ хандығында ерекше орны барын, шын мәнінде астаналыќ дәрежеде болғанын көрсетіп тұр. Мұны сол кезде де, көрші елдер өкілдері мойындаған. 1734 жылы 11 шілдедегі Орынбор экспедициясының бастығы И. Кириллов сыртќы істер коллегиясына жазған хатында аныќ көрсетеді: «Туркестан, где была их старинная столица».
Тарих таным, тағылым, тәрбие, бабалар тәжірибесі, туған топырағыңды танудың кілті. Отаныңа деген сүйіспеншіліктің ақ бастауы. Қазақстан тарихының өзіне ерекше назар аудартатын іргелі тақырыптарының бірі - қалалар тарихы.
Кең байтақ даламыздың тарихы, бізге өз халқының атақ-даңқын аспандатқан ұлы тұлғаларымен, олардың кіндік қаны тамып, білім нәрін алған, өркениеттің ежелгі ескерткіштерін жинақтаған қалалармен тығыз байланысты. Ғасырлар бойында ғұмыр кешкен арғы ата-бабалар, тұтас бір халықтар, кейінгі ұрпақтарына бүкіл адамзат игілігіне айналар төлтума мәдениетін мұра етіп қалдырды. Далалық өлкені Батыспен жалғастырған, Ұлы керуен жолында кент-бекіністер, қамалдар, мазар-кесенелер мен тұтас бір қалалар кешені бой түзеді. Соның бірі қасиетті Түркістан қаласы.
Ортағасырлық сәулет өнерінің де алып асылы - Қожа Ахмет Иассауидің кесенесі де осы Түркістанда. Қазақтың бір топ саяси және діни, рухани, заңғар, алып тұлғаларының денесі осы Түркістан топырағында байыз тапқан. Сондықтан да, мәселені тақырыптық жағынан кеңірек зерттеу үшін, Түркістан қаласының тарихына тереңдеп үңілу қажет. Бұл - Тәукеден бастап қазақтың талай-талай хандарының ту тіккен бас қаласы.
Күллі түркі әлеміне танымал Түркістан - киелі қала. Түркістан дегенде әрбір мұсылманның жүрегінде өзгеше сезім елес беретіндей. Атақты Әмір Темір салдырған сәулетті ғимарат - дүниежүзі мұсылмандарының зиярат етер қасиетті шаңырағы. Ғасырлардың сырын шерткен шаңырақтағы Иассауи бабаларымыздың көк күмбезді кесенесі-қаламызға ерекше рең беріп тұрар мұрамыз. Екінші Мекке атанған Түркістанның тарихын білу - перзенттік парызымыз.
Түркістан - төл тарихымыздың үлкен де күрделі арнасы Түркістан төңірегінде ел аузында жүрген мәнді аңыз, көненің көзі, асылдың сынығы - құнды жәдігерліктер мол. Біз осының бәрін екшеп, қажетімізге жаратуымыз керек, бабалар тәжірибесін игеруіміз қажет. Бірнеше ғасырлық тарихы бар түбі бір түркі халықтарының рухани, мәдени, ғылыми және экономикалық сауда орталығы ретінде Түркістанның орны ерекше. Ендеше, Түркістан тарихын оқыту, зерттеу арқылы туған жерін қастерлеп сүйе білетін, жанжақты дамыған иманды, адамгершілігі мол, мейірімді елжанды жеке тұлға тәрбиелеудің маңызы зор. Қасиетті қаламыздың беймәлім тұстарын зерттеу келешек ұрпақтын еншісінде.
Тарихи тағдырдың жазмышымен ортағасырлық Қазақстан қалаларының көпшілігі біздің заманға жеткен жоқ. Біраз бірін басқыншылар талқандап, монғол, жоңғар шапқыншылықтарының от-жалынына шарпылса, енді біреулері сауда жолдарының алшақтығынан, немесе ауа райының қуаңдануынан қаңырап, бос қалып отырды.
Көптеген қалалардың тіршілігі таусылып, аттары өшіп кетті. Жазба деректерде аттары сақталғандарын, ежелгі жұрт орындарымен сарыла салыстырған, тарихшы мамандар ғана олардың қай жерде болғанын анықтай алады.
Алайда дәм-тұзы ешқашан таусылмай, өткен-кеткен замандар мен бүгінгі уақытты жалғастырып, ғасырлар тұңғиығынан аттарын аман алып шыққан қалалар бар. Ал, олардың арасында ең алдымен Түркістанның ұлан-ғайыр Тұран аймағы деп аңыз болып кеткен, "тарихи түркілер елі" - Түркістан атымен аталған қаланың қазақтардың Қазақ хандығының астанасы болған Түркістанның аталары айқын.
Міне, сондықтан да тақырыптың өзектілігі, Түркістан қаласының тарихын тереңінен кешенді түрде зерттеу болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қарап отырған мәселенің дерек көздеріне ерте ортағасырдағы Шауғар қаласына қатысты араб географ-саяхатшылары мен тарихшыларының шығармалары жатады. Мысалы, Ал-Истахридің "Китаб-массолик ал-мамолик", Ал-Макдисидің "Асхан ат-такасим фи-марифат ал-акалим", Ибн Хордадбектің "Китаб ал-масалик ва-л-мамалик", Ал-Якубидің "Китаб ал-буддан" мәліметтері ерте ортағасырлық Шауғар қаласының орны жайында дерек көзі болады [1] . Фазаллах ибн Рузбихан Исфахани еңбегі де, аса қажетті мәліметтер береді [2] . Келесі бір дерек ретінде монғол шапқыншылығынан кейінгі қалалар тарихы Плано Карпини мен Гильом де Рубруктің "Шығыс елдеріне саяхатында" баяндалған [3] .
Қазақ тілінде жарық көрген Захир ад-дин Мухамед Бабырдың, Махмұд Қашқаридің, Құрбанғали Халидтің шығармаларынан біршама мәліметтер алынды [4] .
ХУ-ХУІІ ғ. ғ. өмір сүрген Қазақ хандарының шежіресі, олардың өмірі туралы кейбір мәліметтер Қадырғали Қосымұлы Жалайридың «Жылнамалар жинағы» [5] , мен Әбілғазының «Түрік шежіресі» [6] .
Қазақстандық тарихнамада, қалалар тарихына арналған алғашқы арнайы еңбектер анықтамалар түрінде ғана жарық көрді. Алдымен қала тарихтарының зерттелуінің бастаулары, 1917 жылға дейінгі отарлық мүддеден туындаған қажеттіліктер негізінде пайда болды. Бекіністер салу, ішкі рыноктық сұраныс, шикізат өнімдері қорлары мен Ресейден әкелетін тауарларды өткізу, әкімшілік басқару жүйесіне қажетті негіздер және халықаралық сауда жолдарындағы орналасу ыңғайлылығы мен тұрғындардың болашақта салық жинау үшін тығыздығын анықтау, қоныстандыру шараларына тиісті жерлерді қарастыру сияқты мәліметтерге аса зәрулік көрініс берді.
Түркістанның өткен тарихына алғашқылардың бірі болып ден қойған, Орынбор өлкесін зерттеуші П. И. Рычков болды. Ол өзінің еңбегінде аудармашы Оразалының айтқан аңызын келтіреді: "Бұл қаланы парсылардың төртінші патшасы Жамшид-шах салдырған . . . , ол өз әскерімен ұлы Татарияға келді, қажеттілік негізінде, әскерді орналастыру үшін үш қаланы салуды бұйырды. Оның біріншісі Түркістан, келесілері Утрар, үшіншісі Сауран . . . " П. И. Рычков Түркістанның бұрынғы Иассының орнында екендігін айтады.
XIX ғ. 60-жылдарының ортасынан бастап Түркістан қорымдарын зерттеуге деген қызығушылық оянды, оның басты себебі Қожа Ахмет Иассауидің ханакасы (мүрдесі орналасқан жер) болды.
1865-1866 ж. Түркістанға келген Уфалық сот қызметкері М. Бекчуриннің "Әзірет сұлтан мешіті" жайында қалдырған мәліметтері аса құнды деректер береді. Бұл еңбекте алғашқылардың бірі ретінде Қожа Ахмет Иассауи кешенінде жерленгендердің жатқан орнын көрсетеді.
Ал, 1866 жылы Сауран, Ясы (Түркістан), Қарнақ, Сайрам (Испиджаб) қалаларының үйінді орнын географ А. К. Гейнс қарап шыққан болатын.
Келесі бір зерттеу еңбегіне тоқталар болсақ П. И. Лерхтің еңбегін атап өтуіміз керек. Ол өз еңбегінде, Түркістан қаласының қазіргі орнында бұрын Ясы қаласы болғандығын, археологиялық материалдар арқылы негіздеді. Сонымен қатар Лерхтің есебінде ХIV-ХVI ғ. Сырдария бойындағы қалалар жайындағы жазба деректер мәліметі де келтіріледі, Қожа Ахмет ханакасы ішіндегі құлпытастар суреттеледі.
XIX ғ. 90-шы жылдарынан бастап Түркістанның өткен тарихына зерттеуді, Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі мүшелері П. Н. Ахмеров, Н. С. Лыкошин, С. Г. Маллицкий, А. А. Диваев [7] және басқалар жүргізе бастады .
Революцияға дейінгі зерттеулер ішінде шығыстанушы В. В. Бартольд пен А. И. Добромысловтың еңбектерін атаған жөн. В. В. Бартольд Ясы-Түркістан-Шавгар қалаларының бір екендігін айтты [8] . Ал, А. И. Добромысловтың еңбегі революцияға дейінгі кездегі, Түркістан қаласының тарихы жөніндегі алғашқы монографиялық зерттеу болып табылады.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары Түркістан қаласының тарихы негізінен Қожа Ахмет Иассауи кесенесін қалпына келтіру мен қорғауға байланысты зерттелді. Ол негізінен А. А. Семенов, Т. В. Савельева еңбектерінде көрсетілген. Алғашқы археологиялық зерттеулер 1928 жылдың жазында М. Е. Массонның бастауымен цитаделде жүргізілді. Нәтижесінде М. Е. Массон қазіргі Түркістан қаласының орнында Ақсақ Темір дәуіріне дейін-ақ ХІІ-ХІІІ ғғ. үлкен қала болғандығын айқындады [9] . Ұлы Отан соғысы нәтижесінде тоқтап қалған зерттеулер 1947-1951 жылдары Н. А. Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жұмысымен қайта жанданды. Ол Түркістаннан 8 шақырым қашықтықта орналасқан Шойтөбе қалашығының Шаугар-Ясы болу мүмкіндігін айтқан болатын.
Осы экспедицияның материалдар жинақтап, монографиялық еңбекті жариялағандар Е. И. Агеева мен Г. И. Пацевич еді. Археологиялық мәліметтерге сүйене отырып, олар қазіргі Түркістан қаласы ауданына Оңтүстік Қазақстанның ежелгі егіншілік-отырықшылық аймағы болғандығын дәлелдеді.
1958 жылдары Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің айналасындағы жерлерде Н. Б. Немцова қазба жұмысын жүргізді. Оның зерттеуі нәтижесінде қазақ хандарының мазарларының орны табылды [10] .
Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1972 жылғы арнайы қабылдаған жарлығында, Түркістан қаласын ғылыми-зерттеу мен қалпына келтіру жұмыстарын жақсарту мәселесі көтерілді. Бұл үшін кешенді бағдарлама жасалып, археологиялық жұмыстар, қаланың сәулеттік тарихын, салыну құрылысы, технологиясы және басқа да бағыттар бойынша зерттеу жүргізу жоспарланды.
1972-74 жылдары Түркістан қаласында ҚазССР ҒА-ның Тарих, археология және этнография институты мен ҚазССР Мәдениет министрлігімен бірлесіп отырып (отряд бастығы Т. Н. Сенигова) кең көлемдегі археологиялық зерттеу жұмыстары басталды. Алынған мәліметтерді жинақтаған және оны ғылыми талдауға алған Т. Н. Сенигованың бірнеше еңбегі жарық көрді [11] . Түркістан қаласында табылған монеталар - қаланың ақша айналымы мен әр түрлі кезеңдегі, әр елмен экономикалық байланысын көрсететін зерттеулерде Р. З. Бурнашеваның еңбегі зор [12] .
Л. Б. Ерзакович, Б. Нурмуханбетов, А. Ордабаев, А. Н. Марьяшев, Ю. А. Мотов еңбектерінде Түркістан тарихи археологиялық жағынан зерттелген еді [13] .
Кесенеден 300 метр оңтүстік-шығысқа таман орналасқан Күлтөбе төбешігінде Е. А. Смағұловтың жүргізген қазба жұмысы нәтижесінде бұл төбешіктің - б. д. 1 мың жылдығында болған Иассы мекені мен кейінгі Түркістанның көне орыны екендігі анықталған [14] .
Кейінгі қазба жұмыстарын Б. Х. Адильгереев, А. О. Итенов жүргізіп Түркістан қаласы тарихы мен Қожа Ахмет Иассауи кесенесі жайындағы мәліметтердің баюына өз үлестерін қосты. [15] .
1985-1986 жылғы Түркістан отрядының бастығы Б. Х. Адильгереев болса, 1987 жылдан бастап оны А. О. Итенов алмастырды. Бұрынғы Иассыдан да тарихы әрі кететін Шауғар қаласының тарихын зерттеу барысында, Түркістан қаласынан 8 шақырым жерде орналасқан Шойтөбе қалашығына археологиялық қазба жұмыстары ұйымдастырылған болатын.
1992 жылдары Шойтөбе қалашығында жүргізілген қазба жұмысын отряд бастығы Ә. Қ. Шашаев басқарған болатын [16] . Жинақталған материалдар негізінде оның көне Шауғар қаласының орны екендігі анықталған еді.
К. М. Байпақовтың ортағасырлық қалалар жайындағы көптеген еңбектерінде Түркістан, Иассы, Шауғар қалаларының тарихы археологиялық мәліметтер арқылы жан-жақты қарастырылған [17] .
Біз үшін құңды еңбектердің бірі, Сәйден Жолдасбайұлының монографиялық зерттеуі болды [18] . Бұл еңбекте Шауғар қаласы, Иассы мен Түркістан қалалары тарихына қатысты мәліметтер берілген.
Ортағасырлық Түркістан тарихын тыңғылықты зерттеуге алған Е. Смағұлов [19] пен М. Тұяқбаевтың [20] аттарын ерекше атауға тиіспіз. Түркістан тарихы тереңінен басталғандығын деректер негізінде сараптай отырып, ондағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі жазуларын оқып мәліметтердің тың көзін ашқан. Бұл саладағы ірі еңбектердің бірі ретінде Б. Т. Тұяқбаеваның көп жылдық еңбегін атап өтуіміз қажет [21] . Эпиграфикалық мәліметтердің құндылығын аша отырып, оларды Түркістан қаласы қорымдарында жерленген адамдардың ата-тегін анықтауға пайдалануға, қала тарихындағы рөлін сараптауға қажет мәлімет көзі ретінде қарауды арабтанушы-ғалым Әбсаттар Дербісәлі ұсынған болатын [22] . Осы мәселеге қатысты Түркістанда жерленген қазақ хандары жайындағы мәліметтер И. В. Ерофееваның зертеуінде келтірілген [23] .
Түркістан қаласы мен ондағы тарихи-мемориалдық Қожа Ахмет Иассауи кешені тарихына қатысты, жекелеген зерттеулер жеткілікті. Әлмашұлы Жолтай, Қожа Мұхтар, Әбіласан Әбілхан, Берекет Кәрібай, Сабира Сайфулмаликова еңбектері мәселенің әр қырынан тарихи түрде кең қарастырған [24] .
Жеке жинақтық еңбектермен қатар мақалалар жинағы, конференциялар материалдары да қажетті мол мағлұматтарға толы болатын. Біз негізінен аса қажетті деген зерттеулерге ғана тоқталдық.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Түркістан қаласының ерте ортағасырдан басталатын тарихын тың дерек көздері негізінде, араб-парсы және еуропалық саяхатшы-тарихшы, географтардың мәліметтерін сараптау арқылы, жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастыра отырып, әлемдік тарихтағы алар орнын айқындау және Түркістан - Қазақ хандығының астанасы етіп қалыптасуының негізін тұжырымдау жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай нақтылы міндеттер қойылады:
- Ерте ортағасырлық Шауғар қаласының тарихы ежелгі кезеңнен бастау алып, қалалық деңгейге көтерілгендігін анықтау;
- Ортағасырлық Иассы қаласының тарих сахнасына шығу кезеңдерін жүйелеп, кешенді зерттеу объектісі ретінде қарастыру;
- Жазба деректер археологиялық қазба жұмысы нәтижесінде алынған мәліметтерімен салыстырыла отырып, мәселенің тарихи шындығына қол жеткізу;
- Қазақ хандығының қалыптасуы кезеңіндегі Түркістан қаласының саяси және рухани астанаға айналу үрдісі, үздіксіз даму динамикасы негізінде терең талдау;
- Қазақ жерінің отарлық кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы деректер негізінде Түркістан қаласының кейінгі жағдайымен тығыз байланысты қарастырып, халық санасынан Түркістанның саяси және рухани орталық ретіндегі орнын өшіру бағыты үстем болғандығын дәлелдеу.
1-ТАРАУ
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ МАУЕРЕННАХРМЕН САЯСИ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ
- Түркістан аймағының жалпы сипаттамасы
VІІІ-ХVІІ ғасырлар аралығында жазылған шығыс жазба деректерінің мәліметтерінде Түркістан атауы бірнеше мәнде қолданылады. Атап айтсақ, осы ғасырлар аралығында орасан зор тарихи-этнографиялық өңірдің, соның ішінде белгілі бір аймақтын және нақты каланың атаулары тілге тиек етіледі. "Түркістан" атауы жазба дерек мәліметтерінде VІІІ-ІХ ғасырлардан бастап кездесе бастайды да, парсы тілінде "Түркілер елі" деген мағынаны береді [25] .
Алғаш рет бұл атауды VІІ-ІХ ғасырларда араб-парсы тарихшылары қолданады да, оған барлық түркі тілдес тайпалардың мекендеген жерін жатқызады. IX ғасырдағы араб географы Ибн Хордадбех "Китаб ал-масалик уа ал-мам-лик" атты еңбегінде: "Мервтен екі жол шығады, бірі - Шашқа және түркі еліне, келесісі - Балх пен Тохарис-танға апарады" - деп жазса [26], оның замандасы, тарихшы, әрі географ ал-Якуби бүл үғымды нақтылап көрсетеді. Ол өзінің "Китаб ал-булдан" атты шығармасының бір тарауын "Түркістан" деп атап: "Барлық түркі елдері Хорасан мен және Седжестанмен шектеседі. Ал Түркістанда түркілер бірнеше елге, тайпаға бөлінеді", дей келе, түркі тайпаларының атауларын жазады [27] . Осылайша, Түркістан атауы IX-X ғасырлардан бастап этно-географиялык мәнге ие болады да, кең түрде қолданыла бастайды.
XI ғасырда түркі тайпаларынан шыққан атақты ғалым Махмуд Кашқари "Диуани лұғат ат-турк" атты кітабында бұл атауды жиі колданады [28] . Кітаптың "Түркі халықтарының мекен жайлары мен тау-теңіздері" деген тарауында М. Қашқари: "Кейбіреулер бүкіл Мауереннахрды Түркі елі деп есептейді. Ол Янкенттен басталады.
. . . Қазір бүкіл Түркі елінің шекарасы Абискүн (Каспи) теңізінен айналып, Рүм елі мен Өзкенттен Шынға (Қытайға) дейін созылады. Ұзындығы сегіз мың персех", - деп баяндайды [29] .
Монғол шапқыншылығьна дейінгі жазба деректердің мәліметтері бойынша, Түркістан - шығыста - Қытай мен батыста - Каспий теңізінің шьғыс және солтүстік жағалауларына дейінгі жерлермен, оңтүстікте - Хорасанмсн шектесіп жатқан орасан зор аймақ болып саналады. Бұны Түркістан атауының кең мағынада қолданылуы деуге болады.
Академик В. В. Бартольд түркі тілдес халықтар мен тайпалардың саяси эканомикалық және мәдени тарихына арналған көптеген зерттеу еңбектерінде Түркістан ұғымына монғол жаулауына дейінгі арап парсы тілдерінде жазылған атауды пайдаланады. Ол да Каспий теңізінін Қытайға дейінгі жерлерді Түркістан дай келе, бұл ұғымның мәндеріне терең тоқталып өтеді. «Саяси және этнографиялық тұрғыдан қарағанда Түркістанға Каспий теңізі мен Қытай аралығындағы жерлер жатады ал орта ғасырлардағы мұсылман авторларының терминалогиясы тұрғысынан қарамсақ, Түркістан Мәуереунахрға енбейді», деп жазады [30] .
XІҮ-XҮІ ғасырлардағы парсы-тәжік, түркі, шағатай тілдеріндегі деректерде Түркістан ұғымы өзінің алғашқы мәніне карағанда бірқатар өзгеріске ұшырайды. В. В. Бартольд көрсеткен „Түркістан" атауындағы терминалогиялық айырмашылық XIV ғасырдан бастап, саяси жағдайға да әсер етеді. Монғол шапқыншылығына дейін Мауереннахр атауы Түркістан ұғымының шеңберінде айтылып келсе, XIV ғасырдан бері Мауереннахр - тарихи-географиялық және саяси аймақ ретінде Түркістан ұғымынан бөлектенеді. Ал, Түркістан ұғымының географиялык аумағы анағұрлым кішірейеді.
XIV ғасырдың ІІ жартысы мен XV ғасырдьң I жартысында өмір сүрген тарихшы Муйн ад-дин Натанзи XIV ғасырдың 70-ші жылдарында Мауереннахр мен Дешті -Қыпшақта болған тарихи оқиғаларды баяндай келе, Ақсақ Темірдің Сауран, Отырар және Сығанақ қалаларын Тоқтамыс ханға сыйға бергені жөнінде айтады, және де ол осы еңбегінің келесі бір жерінде жоғарыда айтылған калалардың бәрін, бір ғана Түркістан атауымен атайды.
Осы кездерден бастап жазба дерек мәліметерінде Түркістан деп нақты бір аймақ, өлке немесе уалаят айтыла бастайды. „Тауарих-и гузида-йи нусрат наме" атты XVI ғасыр басында жазылған авторы белгісіз шығармада „Түркістан уалаяты" деп жазылса [31], „Фатх-намада" Отырар және Сауран бір сөзбен „Түркістан" деп аталады [32] . Сондай-ақ, XVI ғасырдың басы мен ортасына дейінгі жазылған „Шай-бани-наме", „Зубдат ал-асар", „Тарихи Абулхайрхани" секілді шығармаларда жеке иелікті, өлкені, елді Түркістан деп атайды.
„Бадай ал-вакай", „Тарихи Рашиди" еңбектерінде Түркістан деп нақты әкімшілік-географиялык аймақ жазылады. XVII ғасыр тарихшысы Махмуд ибн Уәли „Түркістан бұрын қалалары көп, үлкен ел болған» - деп түсіндіреді.
Сөйтіп ХІҮ-ХУІ ғасырларда Түркістан атауы Сырдария өзенінің бойындағы әкімшілік аймаққа ғана қолданылғын. Ал XVIII ғасырдың ортасынан бастап Түркістан деп Сырдария өзенінің бойындағы жеке бір кала айтыла бастайды. Бұл туралы Махмуд ибн Уәли: „ . . . казір Түркістан - Сақси каласы, жергілікті халық оны Иассы деп атайды», - деп жазады.
Жалпы, Түркістан атауының ҮШ-ХҮІІІ ғасырлардағы қолданылу тарихына карасак, ірі саяси өзгерістерге байланысты атау өз ұғымын үнемі өзгертіп отырған. Ортағасырлардағы Түркістан атауының үш мәні болғанына көз жеткізу қиын емес. Біріншіге - ҮІІІ-ХІІ ғасырларда түркі тілдес тайпалардың мекендеген жалпы аймағы жатады. Екіншісі - ХІУ-ХУІ ғасырлардағы Сырдария өзенінің бойындағы жерлер де, үшінші мәнге - XVIII ғасырдан бастап Сыр бойындағы Иассы каласының жаңа атауы енген.
XV ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап Түркістан аймағы, яғни Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы калалар мен өңірлер Қазақ хандығы мен Мауереннахр арасындағы саяси карым-катынастың негізгі өзекті мәселесіне айналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz