Коммерциялық банктердің қызыметі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I. тарау. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ . . . 5
1. 1. Пассивті операцияларды сапалы басқару - банктің табысты қызмет етуінің кепілі . . . 5
1. 2 Депозиттерді жүргізу бойынша қызметтерді басқару . . . 9
1. 3Депозитті емес пассивтерді және банк қаражаттарын қалыптастыру
көздерін басқару . . . 15
II. тарау "ТұранӘлем Банкі" АҚ-ң пассивті операцияларының басқарылуын
талдау . . . 21
2. 1"ТұранӘлем Банкі" АҚ-ң қаржылық қызметтерінің негізгі көрсеткіштерін
және меншікті капиталын бағалау . . . 21 2. 2"ТұранӘлем Банкі" АҚ-ң депозитті және депозитті емес көздерін басқарудағы
негізгі мәселелер . . . ……31
III. тарау Пассивті операцияларды басқару тиімділігін жоғарлату жолдары . . . 44
3. 1 Банк қорларын басқару стратегиялары мен әдістері . . . 44
3. 2 Банк қаражаттарын игерүіндегі шетелдік тәжірибенің алатын
орны . . . 48
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 55
ҚОСЫМША . . . 57
Кіріспе
Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның банк аясы бұл - экономиканың аса қарқынды дамып келе жатқан секторларының бірі болып табылады. Бұрын қатаң реттелетін коммерциялық банктер қазіргі таңда дербестікке жетіп, күшейіп келе жатқан банкаралық бәсеке жағдайларында қызмет етуде.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің рөлі артуда. Банктер арасындағы бәсекелестіктің күшеюі нәтижесінде, банктің басқару үрдісін ұтымды ұйымдастыру өзекті мәселеге айналды. Әр бір банк өзіндік пайданы максимизациялау мен шығындарды минимизациялау үшін пассивті және активті операцияларды жоғары дәрежеде басқаруды ұйымдастыру керек. Пассивті операцияларды басқару негізінен банк меншікті капиталын құру мен үлғайтуды басқаруды, банктің депозитті және депозитті емес қаражат көздерін қалыптастыруды және басқаруды қарастырады. Банктің меншікті капиталы, банкті алуан түрлі тәуекелдерден сақтау қүралы болып келеді. Меншікті капитал басқа ұзақ мерзімді қаражаттарға қосымша ретінде банктің несиелік қызметін қолдайтын негіз болып табылады.
Қазақстанның экономикалық өсімі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сындарлы саясаты қоғамдық сенімділіктің өсуін күшейтті және елдің банк секторын қарқынды дамытуға мүмкіндік берді. Ірі корпорациялар_мен жеке тулғалар өзіндік уақытша бос қаражаттарды банкке салуды жөн көре бастады. Бұл өз кезегінде банктерді қосымша қаражаттармен қамтамассыз етеді және активті операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндікті туғызады.
Тартылған қаражаттар банк капиталының негізгі көзі болып табылады және олар бүкіл пассивтердің 85-90% құрайды. Олар мерзімді өсуді қамтамассыз ететін, банк несиелерін және бағалы қағаздарды сатып алуды қаржыландыратын негізгі капитал көзі болып келеді. Депозиттердің талап еткенге дейінгі, мерзімдік және жинақы сияқты түрлері бар. Олар салыну мерзімдеріне, пайыздық мөлшерлемелеріне және депозиттерді жүргізу шарттарына қарай ерекшеленеді. Әр бір банк өзіндік депозит портфелін халықтың депозит бойынша қызметтерге сұранысын ескере отырып құрастырады. Депозиттерді басқару кезінде менеджерлер алдында екі негізгі мәселе туындайды: қаражаттарды тартумен байланысты депозиттердің қай түрлері банк шығындарын минимизациялауға көмектеседі; банк өзінің қаражат қажеттілігін қанағаттандыра алатындай депозит қоржынын қалай құрастыру керек.
Қазіргі таңда банктер өзінің депозиттерін қысқа мерзімді депозит нарығының депозитті емес қарыздармен қостайды. Оларға негізінен банкаралық нарықтың қарыздары, қайта сатып алу шартымен бағалы қағаздарды сату туралы келісімдер, Орталық банктің қарыздары, банктік облигациялардың эмиссиясы жатады. Банкирлер осындай қарыздарды қолданбас бұрын банктің жалпы ресурстық қажеттіліктерін бағалау керек.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты коммерциялық банктің пассивті операцияларды басқарудың өзекті мәселелерін ашу, пассивті операциялардың жеке түрлерін қарастыру, олардың ерекшеліктері мен артықшылықтарын айқындау, менеджердің пассивті операцияларды басқару кезінде қарастыруға тиісті мәселелерді, қабылдайтын шешімдерді анықтау болып келеді. Сонымен қатар банк басқарушысы, банкті арзан немесе қысқа мерзімді не утымды қаражаттармен қамтамассыз ету үшін, капиталды қалыптастырудың қай көздерін қолдану керек екендігін айқындау. Қандай жағдайда банк қорларын қалыптастырудың депозитті не депозитті емес көздеріне артықшылық берілетінін анықтау.
Бұл мәселелердің актуалдылығы мен тәжірибелік маңыздылығы дипломдық жұмысымның тақырыбын таңдауға негіз боды.
Дипломдық жұмысымның объектісі "Тұран Әлем Банкі" Ашық типті Акционерлік Қоғам болып табылады.
Осы дипломдық жұмысымды жазудың мақсаты банктің қаржылық жағдайына, пассивті операцияларды басқару жолдарына талдау жүргізу. Депозитті және депозитті емес тартылған көздерді, меншікті капиталды басқарудан пайда болуы мүмкін мәселелерді шешудің бағыттарын ойластыру.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттердің орындалуы қарастырылады:
- коммерциялық банктің меншікті капиталын бағалау;
- "ТұранӘлем Банк" АҚ-ң депозитті және депозитті емес көздерінбасқаруды талдау;
- банк қорларын басқару стратегиясын ұсыну.
Дипломдық жұмысты орындау барысында зандық және нормативтік актілер, әдістемелік нүсқаулықтар, отандық және шетел экономистерінің ғылыми еңбектері, "ТұранӘлемБанкі" АҚ-ның жылдық есебі және тағы басқа ресми әдебиеттер қолданылды.
I. Тарау. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
1. 1 Пассивті операцияларды сапалы басқару - банктің табысты қызмет етуінің кепілі
Пассивті операцияларды басқарудың кең мағынасы бұл - салымшылардың және несие берушілердің қаражаттарын тартумен байланысты банктің іс-әрекеті. Ал тар мағынада бұл - банк ұтымдылығын сақтауға және нарықтағы несие ресурстарын мобилизациялауға бағытталған іс әрекет.
Банктің қаржылық ресурстары өте күрделі құрылым болып табылады. Олардың негізгі бөлігін банктің меншікті қаражаттары құрайды, бірақ-та тартылған қаражаттың үлесі де жоғары. Олар банктің қаржылық ресурстарының маңызды көзі болып табылады. Сол себепті банктің қаржылық ресурстарын қалыптастыру үрдісін басқару өзіне, меншікті капиталды құру мен пайдалану механизімін басқару мен қарыз қаражаттарды басқаруды енгізеді. Осы екі басқару түрін тереңірек қарастырайық. Банк капиталы - бұл негізінен жарғылық және басқа қорлардан, резервтерден, бөлінбеген пайдадан тұратын банк иелерінің қаражаттары.
Капитал - жаңа банктің өз жұмысын бастауына қажетті ресурстармен қамту, банк қызметінің кеңею мен өсуін қамтамассыз ететін қорларды құру, тәуекелден сақтау, банкке және оның менеджментіне сенімділікті ұстап тұру сияқты маңызды функцияларды атқарады.
Меншікті капиталды басқарудың маңызды нысаны, оның жеткілікті екенін дәлелдеу, сонымен қатар жеткіліктілікті бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді анықтау болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, меншікті капиталдың жеткіліктілік шамасына активті операциялардың көлемі, құрылымы және құрамы әсер етеді. Осылайша банк тәуекелі жоғары операцияларды жүргізуге бағытталуы, меншікті қаражаттардың көп болуын қажет етеді. Төмен меншікті қаражатпен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.
Меншікті капиталдың мөлшері, банктің клиенттер сапасы мен санына да байланысты болып келеді. Банк клиентері арасында сенімді қарыз алушылардың көп болуы, ірі меншікті капиталдың болуын талап етеді.
Меншікті капиталдың жеткіліктілік мәселесін шешудің басты мақсаты, бір жағынан максималды пайданы, екінші жағынан өтімділікті қамтамассыз ететіндей мөлшеді ұстап тұру болып келеді.
Банкке қажетті капитал көлемін анықтау, банк ісінің теориясында даулы сұрақтардың бірі болып келеді. Айтарлықтай жан-жал туғызатын мәселе, кім банктерге капиталдың қоғамдық мөлшерін орнату керек, мемлекет әлде нарық және капиталдың коғамдық мөлшері кандай болу керек.
Банктік капитал қызмет етудің әлемдік тәжірибесі, банкроттыққа ұшырау тәуекелін шектеу мақсатында және банктерге сенімділікті ұстап түру үшін банк капиталын реттейтін нақты мемлекеттік жүйе қажет екенін көрсетеді. Әр ел өзінің нақты шарттарына сәйкес, жарғылық капиталдың минималды мөлшерін орнатады.
Сенімділік пен тұрақтылыкқа жету мақсатында, сонымен катар табысты активті операцияларды кеңейту мүмкіндігін тұғызу үшін, көп банктер меншікті капиталды өсіруге тырысады. Бұл үрдіске банкирлерді бірқатар маңызды экономикалық факторлар итермелейді. Ең басты - инфляция, ол активтер мен пассивтердің мөлшерін үлкейтіп, меншікті капиталды азайтады. Екінші факторға экономиканың тұрақсыздық сипаты жатады, ол банктік табыстарды жоғалту тәуекелін тудырады. Алайда капитализация дәрежесі жоғары банктер сенімді және бәсекеге жарамды болып келеді.
Меншікті капиталды өсірудің екі түрлі көзі бар: ішкі және сыртқы. Банк капиталын өсірудің негізгі ішкі көзіне акционерлерге төленбей, банкте қалдырылған бөлінбеген пайда жатады. Бұл көздің маңызды артықшылығына, оның ашық нарықтағы алынатын қаражаттардан тәуелсіз болуы жатады, сонымен қатар ол арзан және акционерлердің мүдделеріне қатер төндірмейді.
Ал кемшілігіне пайдаға салык салынатыны, және оның макроэкономикалық факторларға тәуелді болуы жатады.
Пайданы капитализациялау мүмкіндігі дивидендтік саясатпен тура және тікелей байланысты. Дивиденд - бұл, банк пайдасының көзі болып табылатын, акцияға табыс. Сондықтан неғұрлым пайданың көп бөлігі дивиденд ретінде төленсе, соғұрлым онын аз бөлігі капитализацияланады. Ал капитализацияның төмен қарқындары банкротқа ұшырау тәуекелін өсіреді, және табыс әкелетін банк активтерінің өсуін тежейді. Басқа жағынан дивидендтертің тым аз үлесі. банк акцияларының нарықтық бағасының төмендеуіне әкелу мүмкін.
Осылайша банк пайдасын басқарудың өнері, пайданы дивидендтерге және капитализацияланатын бөлікке үлестірудегі оңтайлы пропорцияны табуда жатыр. Пайданы үйлестіру туралы басқарушылык шешімге әсер ететін факторға, банк өзінің активтерінің қаншалықты тез өсуін қамтамассыз ете алатыны жатады. Басқа сөзбен айтқанда, егер де банк өзінің акционерлерге тұракты мөлшерлеме бойынша дивиденд төлеуді жалғастырса, меншікті капиталдың активтерге қатынасы тұрақты болып сақталу үшін, банк пайдасынын; өсу қарқыны қандай болу керек.
Меншікті капиталдың өсу көзі ретінде пайданың жоғары маңыздылығына қарамастан, ол бұл мәселені толық шеше алмайды. Осыған орай банктер өз капиталын сыртқы көздер есебінен өсіруге мәжбүр болады. Олар: акцияларды сату, қарыздық міндеттемелердің эмиссиясы, активтерді сату, негізгі қорладың кейбір түрлерін жалға беру және тағы басқалары.
Сыртқы капиталды тартудың ең қымбат түрі, акциялардың эмиссиясы болып табылады. Өйткені ол жоғары тәуекелді және көп шығынды қажет етеді.
Меншікті капиталмен қатар банктің қаржылық ресурстарының маңызды көзі ретінде, клиенттердің және несиелік мекемелердің тартылған қаражаттары карастырылады. Сондықтан банкті басқару тиімділігі, пассивті операцияларды басқару сапасымен анықталады, оның негізгі бабы депозиттер болып табылады. Осы жағдайда екі негізгі мәселе шешіледі: 1) банк қандай қаражаттарды айтарлықтай аз шығынмен алады және 2) қажетті несие көлемі мен басқа
қаржылық қызметтерді қамтамасыз етуге, жеткілікті депозиттерді банк басшылығы қалай кепілдендіре алады. Бұл мәселелерді шешу, әсіресе қаржылық нарықтың тұрақсыздығы және терең құрылымдық экономикалық дағдарыс кезінде банкирлерге қиынға түседі.
Ақырында пассивті операцияларды басқару келесі екі негізгі талапқа тіреледі: 1) пайыздық шығындарды минимизациялау және 2) клиенттермен қарым-катынас маңыздылығын мойындау. Депозиттер бойынша пайызды шығындарды минимизациялау мүмкіндігі салымшылардың жеке топтарының, депозиттер бойынша мөлшерлемелердің өзгеруіне деген, қатынасқа байланысты болады. Мөлшерлемеге сезімталдық дәрежесі бойынша депозиттерге сұранысты анықтауға, депозиттік қызмет нарығын сегментациялау көмектеседі. Банк түрлі сегменттер бойынша пайыздык мөлшерлемелерді өзгертіп, депозиттер бойынша шығындарды азайтуға мүмкіндік туғызады.
Банктердің қарыз қаражаттарды тарту үшін қымбат бағаны төлеуге дайын болуды түсіндіретін, пассивтерді басқарудың екінші маңызды жағы бұл клиенттерге қызмет көрсетудің сапасы. Банкирлер ең жақсы клиенттермен формальды және формальды емес келісімдерге отырады, Бұл клиенттердің несиеге ғана емес, басқа да банк қызметіне сұранысты өсіреді де, банкке косымша табысты алуға мүмкіндік туғызады.
Дамыған елдерде банк менеджментінің маңызды элементі, банк пен клиент арасындағы өзара қатынас сипатын анықтайтын концепция болып табылады. Бұл концепция пассивтерді басқару стратегиясының негізі болып табылады.
Банктер мен басқа қаржылық құрылымдар арасындағы, заңды және жеке тұлғалардың салымдары үшін қатал бәсекелестіктің күшеюі, депозиттердің, оларға қызмет етудің және бағалардың алуан түрлерінің пайда болуына әкелді. Қазіргі кездегі дамыған елдердің банк салымдарының саны отыздан асады. Осыған орай әрбір клиент талабына жауап беретіндей ақша-каражаттарды сақтау формасын және тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізудің нысанын таңдай алады. Депозиттердің жалпы классификациясы (ҚОСЫМША А), ал жеке тұлғалар депозиттерінің классификациясы (ҚОСЫМША Ә) келтірілген.
Активті операцияларды кеңейтіп, банк қосымша табыс алу үшін пассивтерді баскару жағынан ең қолайлы әдіс, негізгі депозит түрлерінің өсуі мен диверсификация болып табылады, оларға мерзімді және талап етуге дейінгі депозиттер жатады. Мерзімді депозиттерді тарту арқылы банк балансының өтімділігін қамтамасыз ету мәселесі шешіледі, ал талап еткенге дейінгі салымдардың көмегімен пайда алынады, өйткені олар ең арзан банк ресурстарына жатады. Сонымен қатар клиенттердің ағымдық және есептік шоттарға қызмет көрсету бойынша банк шығындары минималды болып келеді. Банктің қаржылық ресурстарында талап еткенге дейінгі депозиттердің үлесін үлкейту, банктің пайыздық шығындарын азайтады да, бұл қаражаттарды банк активінде қолдану жоғары пайданы алуға мүмкіндік береді. Бірақ есептік шоттар пассивтердің алдын ала болжауға жатпайтын элементтерінің бірі болып табылады. Сол себепті, қарыздық капиталдағы олардың көп бөлігі банк өтімділігін әлсіретеді.
Осыған орай пассивтерді басқарудың маңызды міндеті - банк депозит базасының оңтайлы кұрылымын анықтау болып табылады.
Депозиттердің сапасы мен саны банк кызмет нәтижесіне маңызы ерекше болғандыктан, олар қатаң бәсекелестіктің объектісі болып келеді. Банк жүйесінде депозиттердің көлемі мен кұрылымына, үкіметтің ақша-несие және салык саясаты шешуші әсер етеді. Банк менеджментінің сапасы да өте маңызды болып келеді. Әдетте адамдар ыңғайлы және әдемі офистері бар қызметкерлері кәсіпқой зейінді және сүйкімді фирмалармен іс жүргізуді қалайды. Алуан түрлі және ең жақсы қызметтерді ұсынатын банктердің, қызмет қатары шектеулі банктерден артыкшылығы бар.
Депозиттерді басқарудын тиімді инструменті депозитті пайыз, жөне оньң салым мерзімі мен сомасына қарай өзгерісі болып табылады. Неғұрлым депозит мезімі ұзақ болса, соғүрлым Бұл депозит бойынша салымшылар жоғары пайыздық табыспен қамтамассыз етілу керек. Депозиттерге пайыздық ресурстарға карағанда төмен болады.
Депозитті емес каражат көзін таңдағанда менеджер келесі негізгі факторларды ескеру қажет: әрбір депозитті емес көздерден құрастырылатын, қаражаттардың салыстырмалы құны, әр көздің тәуекелі, өтеу мерзімі, қорлардың депозитгі емес көздерін қажет еткен банк көлемі, қаражаттарды қалыптастыруда балама көздерді қолдануды шектейтін, ережелерді шығару.
Банктін қаржылық рессурстарды басқару тиімділігі, активті және пасивті операциялардың мерзімі бойьшша сәйкестігін қамтамассыз етумен анықталады. Өкінішке орай, банктердің көбісі бұл ережені бұзады. Қыска мерзімге алынған каражаттар үзак мерзімді салымдар ретінде жиі қолданылады, осынық нәтижесінде активтер мен негізгі міндетгемелер бойынша жабулар сәйкес келмейді. Активтерді өткізуден қолма-қол қаражаттардын түсуі, мерзімдер бойынша қарызды жабуға қажетті ақша-қаражаттың мөлшерімен сәйкес келмейді. Бұл мерзімдердің дәл келмеуінде туындайтын тауқымет, тез арада жүзеге асыруды талап ететін, ақша нарығының қарыздары және талап еткенге дейінгі салымдар сияқты міндеттемелердің көп бөлігінін бар болуы. Осылайша, банк әрдайым ақша-қаражат сұранысын қанағаттандыруға дайьш болу керек. Банктің өз міндеттемелері бойынша жауап беруге дайын болуы, оның өтімділігін анықтайды.
Ұтымдылық мәселесіне әсер ететін келесі фактор бұл - банктің пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісіне сезімталдығы. Пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, клиенттердін депозиттерге және несиелерге сұранысынан көрініс табады, бұл банк өтімділігінің деңгейіне қатты әсер етеді.
Кез келген банкті басқарудың маңызды мәселе, өтімділіктің қажетті денгейін қамтамассыз ету болып табылады. Егер банк қажет болған уақытта тиімді бағамен қаражаттарды ала алса, ол өтімді болып есептеледі. Яғни банктің қолында өтімді қаражаттар соммасы бар, немесе ол оны активтерді сату немесе қарыздар арқылы лезде ала алатынын білдіреді.
Әрбір каржыландыру көзіне клиент сұранысының пайыздык икемділігі өте маңызды болып келеді. Шын мәнісіде банк, клиенттер пайыздық мөлшерлемеге сезімтал емес болуын қалайды. Осыған, депозитті өнімдерді, басқа қызметтер мен артықшылықтарды бір "пакетке" біріктіру арқылы жетуге болады. Мысалға депозиттерді алған кезде, клиент басқа банк қызметтерінен айрылады, осындай әдістерді қолдану арқылы банк басшылығы одан төмен баланстар төлемге жіберілмеу тиіс, негізгі қаржыландыру деңгейді анықтай алады.
1. 2 Депозиттерді жүргізу бойынша қызметтерді басқару
Салымдар - бұл банктердің дамуына және тиімді қызмет етуіне қажетті негіз болып табылады. Салымдар банк балансындағы айрықша бап болып келеді және олар банктік қызметті басқа бизнес түрлерінен ерекшеленеді. Салымдар банкті несиелеу көздерімен қамтамассыз етеді де, пайданың өсуіне әкеледі. Сонымен қатар салымдар заң шығарушылықтың талабына сәйкес резервтерді құруға мүмкіндік береді.
Банктермен ұсынылатын депозиттердің түрлері. Қазіргі кезде депозиттерді жүргізу бойынша ұсынылатын банк қызметінің ауқымы клиенттерді таң қалдырады. Олардың саны 31-ден асып, фирмалар мен үй шаруашылықтардың талаптарын қанағаттандыра алады.
Трансакциондық (төлемдік) депозиттер. Банк клиенттің атынан жасалынатын төлемдерге негізделген депозиттерді жүргізу бойынша банк қызметінің ең көне түрі. Трансакциондық депозиттерге, немесе талап еткенге дейінгі депозиттерге қызмет көрсеткенде, банк клиент сұрауымен шоттан кез келген соманы алып беруге міндетті. Трансакциондық депозиттер өзіне кәдімгі пайызсыз талап еткенге дейінгі депозиттерді енгізеді, олар клиенттерге пайыз ретіне пайда әкелмейді, бірақ есептеулерді жүргізуді жеңілдетеді және каражат сақталымын қамтамассыз етеді.
Пайызсыз талап еткенге дейінгі салымдар. Бұл салымдарды тұрақсыз және алдын ала болжауға жатпайтын депозит түріне жатқызуға болады, өйткені шоттағы қаражаттар кез келген уақытта клиентпен алыну мүмкін. Пайызсыз депозиттердің маңызды бөлігі коммерциялық фирмалармен ашылып, кейін пайыздық табысты әкелетін басқа чектік депозиттердің түрлеріне аударылады.
Пайыздарды төлеуді ескеретін талап етуге дейінгі депозиттер. Бұл депозитерді чектік және жинақы депозиттерінің гибриді деп те атауға болады. Оларға НАУ-шоты жатады, ол жинақты депозит болғандықтан, клиентті пайыздық табыспен қамтамассыз етеді. Клиент НАУ-шотынан қаражатты алмас бұрын банке хабарлама қағаз ұсыну керек. Автоматты түрде қаражаттарды аудару жүйесінің (АТS) көмегімен клиент өз банкіне жинақы қордан чектік шотына ақша қаражаттарды аудару үшін тапсырыс бере алады. Нәтижесінде пайыздар трансакциондық шоттың қалдығына есептеледі, және олар жинақты шотқа есептелетін пайыздарға сәйкес болады.
Мерзімдік депозиттер. Жинақтық немесе мерзімдік депозиттер уақытша бос ақшаларын белгілі бір уақыт аралығында сақтағысы келетін, клиенттер қаражаттарын тартуға негізделген шоттар. Осындай депозиттерге трансакциондық шоттармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары пайыздық мөлшерлеме орнатылады. Мерзімдік депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі жоғары болғанымен, оларға қызмет көрсету банкке арзанға түседі. Осындай депозиттерді негізінен жеке тұлғалар мен кәсіпорындар ашады. Мерзімдік депозиттердің бекітілген мерзімі мен пайыздық мөлшерлемесі болады. Осы депозиттерден қаражатты тек мерзімі келгенде ғана алуға болады.
Түрлі депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер. Депозиттердің пайыздық мөлшерлемелері депозит мерзіміне тікелей байланысты, неғұрлым мерзімі ұзақ болса, соғүрлым әкелетін пайыздық табысы жоғары болады. Мысалға НАУ-шотынан және жинақтық депозиттерден, клиент банкті алдын ала хабарламай ақша-қаражаттарын ала алады, сол себепті бұл депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме ең төмен болып келеді. Мерзімі бір жылдан асатын депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі аздап жоғары болады. Депозиттерге пайыздық мөлшерлемені қалыптастыруда банктің өз мойнына алатын тәуекел деңгейі де маңызды роль ойнайды. Маркетингтік бағдарлама мен банк мақсаттары мөлшерлеме қалыптастыруда салмақты факторлар болып келеді. Егер банк нарықта салымдар үшін күрессе, жоғары пайыздық мөлшерлемелерді орнатады. Ал керісінше кейбір депозит түрлерін ұсынуды тоқтатқысы келсе, ол депозиттердің пайыздарын бәсекелес банктердің мөлшерлемелеріне сәйкес төмендетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz