Мінез туралы түсінік



Жоспар

Кіріспе
I. Негізгі бөлім
1.1. Мінез туралы жалпы түсінік.
1.2. Типтік мінез бітістері.
1.3. Адамның өз мінез.құлқын жөндеуі.
1.4. Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары.
II. Пайдаланылған әдебиеттер.
Әр адам сыртқы дүниенің тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады. Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде ол сыртқы ор¬тамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тамыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, темпераменттің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез — адамның негізгі өмірін, бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол - көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар адамды әр қырынан көрсететін қасиет.
Мінез дегеніміз - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мінез - кең мағыналы ұғым. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы - оның негізгі сапалары болып есептелінеді.
Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады.
Мінез адамның басқа психикалық қасиеттері: қабілет, темпераментпен тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің қосар үлесі зор.
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балалар мекемелері, оқу, қоғамдық ұйымдар, т.б.) тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан еңбексүйгіш не жалқау, тәртіпті не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан-алуан ағымына қарай тәрбие үрдісінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның нақтылы іс-әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуында шешуші роль атқарып отырады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
I. Негізгі бөлім

1. Мінез туралы жалпы түсінік.

2. Типтік мінез бітістері.

3. Адамның өз мінез-құлқын жөндеуі.

4. Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары.

II. Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Мінез туралы жалпы түсінік
Әр адам сыртқы дүниенің тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап
қайтарып отырады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын қатынастарының жиынтығы
оның мінезін құрайды. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы
оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып
табылады. Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің
кейде ол сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін
кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тамыр болуының негізінде
адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі
жатпай, темпераменттің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты
қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез — адамның негізгі өмірін, бет алысын және оның өзіндік әрекетінің
айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол - көп қасиеттің бірлігі,
түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар адамды әр қырынан көрсететін
қасиет.
Мінез дегеніміз - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық
қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мінез - кең мағыналы ұғым. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі,
бірқалыптылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы - оның негізгі сапалары
болып есептелінеді.
Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең
адамдарды толық мінезді адам дейді. Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам
басқалардың жетегінде кетпейді. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның
байсалдылығы жатады.
Мінез адамның басқа психикалық қасиеттері: қабілет, темпераментпен
тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір мінез бітістерінің
болуын қажет етеді. Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің қосар үлесі зор.
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен
(мектеп, балалар мекемелері, оқу, қоғамдық ұйымдар, т.б.) тығыз байланысты.
Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін
тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан
еңбексүйгіш не жалқау, тәртіпті не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі ұзақ
жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан-алуан ағымына қарай тәрбие үрдісінің
ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның нақтылы іс-әрекеті де мінез
бітістерінің қалыптасуында шешуші роль атқарып отырады.
Мінез бітістері
Адамның өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болатындықтан, оның
мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшелік көптеп
кездесіп отырады. Типтік мінездер - белгілі тарихи қоғамдық жағдайлардың
нәтижесі.
Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға жинақтауға
болады, яғни адамның ұстаған бағытынан, бүкіл психикалық тұрпатынан
байқалатын мінез бітістері әр түрлі жағдайда көрініп отырады. Мұның
біріншісіне адамның басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітістері
кіреді. Бұларға: ұжымдық, имандылық, қайырымдылық, үйірсектік, адамдық және
осыларға қарама-қарсы жекешілдік, қатыгездік, тұйықтық, зымияндық, т.б.
бітістер жатады.
Адамның өз-өзіне қатынасын білдіретін мінез сипаттарына: кішіпейілдік,
қарапайымдылық, өзін-өзі сыйлай алу, талап қоя білушілік, бұларға қарама-
қарсы өр көкіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық, т.б. жатады.
Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті және әлсіз, яғни нашар мінез
болып екіге бөлінеді. Күшті мінезге — мақсатқа талпынғыштық, дербестілік,
тоқтамға келгіштік, шыдамдылық, ерлік, т.б. жатса, әлсіз мінезге -
ұялшақтық, қыңырлық, ұстамсыздық, жүрексіздік, т.б. кіреді. Мінез сондай-
ақ, ауыр, жеңілтек, мінезсіз, сотқар, тентек, ит мінез, т.б. түрлерге
бөлінеді.
2. Типтік мінез бітістері
Белгілі қоғам мүшелеріндегі ортақ мінездердің қатарына: отанға
берілгендік, адамдық, шыншылдық, еңбекке және қоғам мүшесіне дұрыс
көзқарас, кішіпейілділік, қарапайымдылық, сергектік, жолдастық, т.б.
жатқызуға болады. Типтік мінездерді зерттеу психология ғылымының алдындағы
басты міндет.
Отансүйгіштік - кісінің бойындағы күш қуатын, білімі мен тәжірибесін, халық
мүддесіне, оның игілігіне яғни, адамның кір жуып, кіндік кескен жеріне
білдіретін перзенттік борышы, оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.
Отан, отаншылдық қасиет туралы тебіренгенде қаз дауысты Қазыбек бидің:
"Алтын ұяң - Отан қымбат" деп келетін сөздерінің мәні зор.
Мақсаткерлік (мақсатқа талпынушылық) - бұл адамның өз мінез-құлқын көздеген
мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстаған бағыт-бағдар позициясына,
танымы мен сеніміне, асыл арманына бағындыра алуы. Алдағы мақсатынан
ауытқу, бос белбеулікке салыну - ар-намыс пен ожданға сыйыспайтын қасиет.
Мақсаткер адам жалындап жанады, ол жеңілу емес, жеңу үшін күреседі.
Мақсаткерлік - тек бір іспен өне-бойы шұғылдану, онымен ылғи да әуре болып
жүру емес. Бұл соны қайткенде де орындап шығуға мықтап берілу, бір істі
нәтижелі етіп тындыру. Мұндай кісі өзіне жүктелген тапсырманы да мүлтіксіз,
сапалы шығармашылық белсенділік көрсетеді, әрбір ісін көздеген мақсатымен
байланыстырып отырады.
Борыш пен жауапкершілік. Бұл - адамның үй-іші, әке-шеше, тума-туысқандарына
қатысты туындайтын қасиет. Борышты сезіну, оны орындау ми мен жүректің
бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл мен сезім тұрғысынан жақсы, иманды,
имансыз деп бағалау ар мен ұятқа келіп тіреледі. Өз қылығыңның дұрыс-
бұрыстығын түсіне білу - адамға үлкен куаныш, шабыт-жігер, қанағат әкеледі,
кісінің өзіне орынсыз тағылған жала, өсек-өтіріктің бекерлігіне қарсы
күресу сезімі артады. Адам өзінің борышы мен жауапкершілігіне үйлеспейтін
қолайсыз қылық көрсетсе, мұнысы тәрбиелі кісіге мықтап батады, оның арына
тиеді, тіпті ой-санасынан кетпей қояды. Мұндайда ақыл мен арды ерекше
қастерлей білетін адам жіберген қателігін тез түзетуді ойластырады, қашан
ары тазарғанша дегбірсізденіп, жаны тыным таппайды. Адамгершілігі жоқ, не
төмен кісі жаман қылығынан қайтпай, қатесін түзету былай тұрсын, мойнына да
алмай жүре береді, мұндайларды арсыз, "ары таза емес" деп ұнатпайды.
Ержетіп, есейген адамның борыш сезімінің оның тілек қалауымен үйлесе
бермейтіні, оның психологиялық көңіл-күйіне ауыр жүк, зіл түсіретіні
сөзсіз.
4. Мейірімділік пен ізгілік. Осы екі қасиет басқаларға (әке-шеше, ағайын,
туыс, таныс, т.б.) көңіл бөлу, олардың сеніміне ие болу, адамдармен қарым-
қатынас жасау эмоциялық жағынан тиімді. Мейірімділік — деп жазды К. Бови -
"мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл". Кісіге ізгілік,
имандылықпен қарап, оған мейірімділік пен мейірбандық білдіру - ұнамды
мінездің көрінісі. Адам кішкентайынан басқаларды өзіңмен қарым-қатынасқа
қызықтырғанға не жетсін. Ол үшін өзің білетін адамдардың жан дүниесінің
ерекшелігіне көңіл аударып, оның қуанышы мен күйзелісіне аса сезімталдықпен
қарауға машықтанған абзал.
Ізгілік - адам біткенді сүйе беру секілді күйректік, көңілшек сезіммен
ешбір жанаспайды. Нағыз иманшылдық үлкен мейірбандықпен қатар қоғамдық
прогреске кесірін тигізетін керітартпа, жаңалық атаулыға жаны қас адамдарға
өшпенділігін жасыра алмайды. Ізгілікті адам жұрт мүддесіне қайшы келетін,
адамзаттың бақытты болашаққа жетуге бағышталған асыл арманына бөгет
жасаушылармен ымырасыз күресіп отырады.
5. Адалдық пен шыншылдық. Бұл екеуі - бір-бірімен біте қайнасқан кісінің
жақсы мінез бітістері. Адал да, шьшшыл болу, еңбек пен білім алуға,
инабатты, тіршілікте тиянақты, принципті болу деген сөз. Адалдық пен
шыншылдық бар жерде кісі әділетті де, кішіпейілдікпен қайырымдылық,
қарапайымдылық жасап жүреді, бұлар кісінің аты мен абыройына дақ
түсірмейді. Біреу жасынан ерке болып, ата-анасына именбей, көп сөйлейтін,
қисынды-қисынсыз өтірікті беті бүлк етпестен айта салатын боп өседі. Есейе
келе мұндай адамның тек өз басының ғана қамын ойлап, керек десе басқа
түгіл, өз отбасын алдайтын екі жүзді суайт адам болып кетуі ғажап емес.
Өйткені "адалдық қайда болса тіршілік сонда" (К. Насири).
Достық. Бұл - ортақ көзқараспен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда
болып, уақыт сынынан өткен адамгершілік құндылығы мол тұрақты, тек адамға
ғана тән жоғары сезім. Достық адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене
түсуіне жәрдемдеседі. Оның маңызды белгісі - өте берік, әрі терең эмоциялық
жақындық. Ол адамның бір-біріне сөз жүзінде де, іс жүзінде де адал және
шынайы болу, өзара терең мүдделілік, бір-біріне толық сену, қайғы мен
қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық.
Достардың мінез, темперамент секілді ерекшеліктері түрліше болып келуі де
мүмкін. Жалқау, менмен, мәдениетсіз, самарқау, салдыр-салақ адам да бір-
бірімен дос болып көгермейді.
Дос іздеу - асқақ арман мен таудай талап, шексіз-шетсіз үмітке толы жас
дәуреннің ерекше сезімі. Ол өзара пікір алысудың, болашақты жоспарлап,
меңзей білудің, сенім-нанымдарды калыптастырудың таптырмас мектебі. Осы
кезде жас адам үшін құрбы-құрдастардың орны ерекше. Достық - өмірдің даңғыл
жолы емес, сондықтан ол туралы үстірт, жеңіл ұғымдардан аулақ болу кажет.

3. Адамның өз мінез-құлқын жөндеуі

Адамның бойындағы мінез бітістерінің өзі үшін де, сондай-ақ
төңірегіндегі адамдар үшін де орасан зор маңызы бар. Егер біреу туралы:
"Оның мінезі қандай жаман" десе, онда әдетте мұндай адамнан қашқалақтайды,
ұжымда оның достары болмайды, отбасында онымен бірге өмір сүру көбінесе
мүмкін болмайды. Мінезі жақсы адамдар айналасындағылардың, туған-
туысқандары мен достарының сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленеді.
Кейбіреулер мінезді жақсарту мүмкін емес деп санайды. Кейде теріс
мінезді адам, өзі туралы: "Егер менің мінезім осылай болған соң не
істеймін? Менің өзім де өзіме разы емеспін, бірақ ештеңе істей алмаймын" -
дейді. Бұл дүрыс емес. Рас, өз мінезін өзгерту, оның теріс жақтарынан арылу
және өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Табиғатқа аялы қарым - қатынастарын дамыту
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Тұлға туралы ұғым
Педагогика және психология 3 курс мамандығына арналған Әлеуметтік психология ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Жеткіншек жастағылардың психологиялық ерекшеліктері
Өзін-өзі тану пәні туралы ақпарат
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Темперамент пен мінездің өзара байланысы
Пәндер