Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы



1 Лекция
I бөлім. Педагогика тарихының теориялық.әдіснамалық негіздері.
I.тақырып. Педагогика тарихы: тақырыбы, міндеттері , әдіснама, тарихи.педагогикалық зерттеу әдістері.
II бөлім. Шетелдегі мектеп пен педагогикалық ой
I тақырып. Алғашқы қауымдағы тәрбие
1.1 Қазақстандағы педагогика ғылымының даму тарихы.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы егемен ел болғалы педагогикалық білім беру мазмұнына да біршама өзгерістер енуде. Қоғамдағы жаңа әлеуметтік-саяси және мәдени жағдайларға байланысты оқу пәндерінің барлық түрлеріне де жаңаша талап қойылуда. «Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы»-кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесіндегі оқу пәндерінің бірі болып табылады.
Курстың мақсаты-магистрлердің бойында педагогикалық құбылыстарға тарихи жағынан түсіне алуын қамтамасыз ететін ғылыми дүниетанымын, педагогикалық категориялармен ойлап, олардың генезисін түсіне алу қабілетін қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
-Магистрлерді тарихи мен қазіргі заманның ара қатынасы туралы негізгі әдіснамалық ережелермен таныстыру;
-педагогика тарихын магистрдің меңгеруінде-білім беру жүйесін дамытушы;
-тарихи тұрғыдан педагогикалық ғылымның қазіргі жай-күйі мен дамуын, білім беру жүйелерін олардың тарихи дамуы, заңдылықтары, кезеңдері мен ерекшеліктері негізінде бағалауды үйрету;
-әрбір халықтың мәдени дамуын тұтас адамзат қоғамының дамуымен салыстыра отырып, қазіргі заман мектебінің даму сабақтастығын айқындау;
Дүниежүзілік және отандық тарихи-педагогикалық теория мен тәрбие-білім беру тәжірибесін тарихи динамикада меңгеру, болашақ мұғалімге оның кәсіби және адамгершілік жағынан жетілуіне көмектесіп, оқушылармен жұмысы кезінде өзіндік шығармашылық стилін табуға ықпал етеді. Бұл ретте педагогика тарихы курсының мамандарды кәсіби дайындаудағы алар орны ерекше болып келеді.
Жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес педагогикалық пәндерді оқу барысында магистрлер тәрбие теориясы мен тәжірибесінің, мектептік білім берудің, педагогикалық көзқарастың, қалыптасуы мен даму тарихы бойынша айтарлықтай білім алып, әртүрлі заманның және әртүрлі халықтың, соның ішінде өз халқының ағартушылары мен педагогтардың идеяларымен танысады.
«Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы» пәнінің барысында магистрлер мынадай білімдерді игеруі тиіс: көптеген жылдар бойындағы әлеуметтік-таптық көзқарастардың абсолюттігі туралы; мектеп тарихындағы және педагогикалық ойдың бағыттарының бұрмалануы мен теріс бағалануына әкелген мәдени-тарихи және әдістемелік көзқарастардың терістігі туралы.
Сондай-ақ келесі біліктерді игерулері тиіс:
1) тарихи білімдердің қоғамның мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалына талдау жасау;
2) отанымыздағы мектеп пен педагогиканың тарихын дұрыс түсініп, объективті баяндау, тұтас дүниежүзілік тарихи-педагогикалық процеспен байланысын игеру;
3) қоғамның қазіргі заманғы дамуы жағдайында өткен кезеңнің тәжірибесін шығармашылық түрде қолдану.


Бағдарлама мазмұны
I бөлім. Педагогика тарихының теориялық-әдіснамалық негіздері.
I-тақырып. Педагогика тарихы: тақырыбы, міндеттері , әдіснама, тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері.
Педагогика тарихы тәрбиенің, мектеп және педагогикалық теорияның әртүрлі тарихи кезеңдерде, ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі, дамуын зерттейтін ғылым ретінде.
Педагогика тарихының негізгі ұғымдары: тәрбие, білім беру, оқыту, ағарту, білім беру жүйесі, мектеп, педагогикалық ой,педагогикалық идеялар, педагогикалық көзқарастар, педагогикалық теориялар, этнопедагогика, халықтық тәрбие.
Ғылым мен оқу пәні ретінде педагогика тарихының тақырыбы мен міндеттері. Оның басқа ғылымдармен байланысы (жалпы тарих, философия, мәдениеттану, филология т.б.) Педагогика тарихының әдіснамасы, оның көздері мен әдістері. Педагогика тарихы мен қазіргі заман.
1. Ж.Алтаев, Т.Ғабитов, А.Қасабеков, Қ.Мұхамбеталиев. Философия және
мәдениеттану. Алматы «ЛИТЕРА» 2001ж.

2. Ертегілер. Қорқыт (қазақ әдебиетінің тарихы). А., 1948, 89-б.

3. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. А., 1975, 378-379-б:б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
1 Лекция

Қазақстан Республикасы егемен ел болғалы педагогикалық білім
беру мазмұнына да біршама өзгерістер енуде. Қоғамдағы жаңа әлеуметтік-саяси
және мәдени жағдайларға байланысты оқу пәндерінің барлық түрлеріне де
жаңаша талап қойылуда. Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы-кәсіби-
педагогикалық білім беру жүйесіндегі оқу пәндерінің бірі болып табылады.
Курстың мақсаты-магистрлердің бойында педагогикалық
құбылыстарға тарихи жағынан түсіне алуын қамтамасыз ететін ғылыми
дүниетанымын, педагогикалық категориялармен ойлап, олардың генезисін түсіне
алу қабілетін қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
-Магистрлерді тарихи мен қазіргі заманның ара қатынасы туралы негізгі
әдіснамалық ережелермен таныстыру;
-педагогика тарихын магистрдің меңгеруінде-білім беру жүйесін дамытушы;
-тарихи тұрғыдан педагогикалық ғылымның қазіргі жай-күйі мен дамуын,
білім беру жүйелерін олардың тарихи дамуы, заңдылықтары, кезеңдері мен
ерекшеліктері негізінде бағалауды үйрету;
-әрбір халықтың мәдени дамуын тұтас адамзат қоғамының дамуымен
салыстыра отырып, қазіргі заман мектебінің даму сабақтастығын айқындау;
Дүниежүзілік және отандық тарихи-педагогикалық теория мен тәрбие-
білім беру тәжірибесін тарихи динамикада меңгеру, болашақ мұғалімге оның
кәсіби және адамгершілік жағынан жетілуіне көмектесіп, оқушылармен жұмысы
кезінде өзіндік шығармашылық стилін табуға ықпал етеді. Бұл ретте
педагогика тарихы курсының мамандарды кәсіби дайындаудағы алар орны ерекше
болып келеді.
Жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес
педагогикалық пәндерді оқу барысында магистрлер тәрбие теориясы мен
тәжірибесінің, мектептік білім берудің, педагогикалық көзқарастың,
қалыптасуы мен даму тарихы бойынша айтарлықтай білім алып, әртүрлі заманның
және әртүрлі халықтың, соның ішінде өз халқының ағартушылары мен
педагогтардың идеяларымен танысады.
Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы пәнінің барысында магистрлер
мынадай білімдерді игеруі тиіс: көптеген жылдар бойындағы әлеуметтік-таптық
көзқарастардың абсолюттігі туралы; мектеп тарихындағы және педагогикалық
ойдың бағыттарының бұрмалануы мен теріс бағалануына әкелген мәдени-тарихи
және әдістемелік көзқарастардың терістігі туралы.
Сондай-ақ келесі біліктерді игерулері тиіс:
1) тарихи білімдердің қоғамның мәдени және әлеуметтік-экономикалық
дамуына ықпалына талдау жасау;
2) отанымыздағы мектеп пен педагогиканың тарихын дұрыс түсініп,
объективті баяндау, тұтас дүниежүзілік тарихи-педагогикалық процеспен
байланысын игеру;
3) қоғамның қазіргі заманғы дамуы жағдайында өткен кезеңнің тәжірибесін
шығармашылық түрде қолдану.

Бағдарлама мазмұны
I бөлім. Педагогика тарихының теориялық-әдіснамалық негіздері.
I-тақырып. Педагогика тарихы: тақырыбы, міндеттері , әдіснама, тарихи-
педагогикалық зерттеу әдістері.
Педагогика тарихы тәрбиенің, мектеп және педагогикалық
теорияның әртүрлі тарихи кезеңдерде, ерте заманнан бүгінгі күнге
дейінгі, дамуын зерттейтін ғылым ретінде.
Педагогика тарихының негізгі ұғымдары: тәрбие, білім беру,
оқыту, ағарту, білім беру жүйесі, мектеп, педагогикалық ой,педагогикалық
идеялар, педагогикалық көзқарастар, педагогикалық теориялар,
этнопедагогика, халықтық тәрбие.
Ғылым мен оқу пәні ретінде педагогика тарихының тақырыбы мен
міндеттері. Оның басқа ғылымдармен байланысы (жалпы тарих, философия,
мәдениеттану, филология т.б.) Педагогика тарихының әдіснамасы, оның
көздері мен әдістері. Педагогика тарихы мен қазіргі заман.

II бөлім. Шетелдегі мектеп пен педагогикалық ой

I тақырып. Алғашқы қауымдағы тәрбие

Тәрбиенің пайда болуы, оның алғашқы қауым адамдарының еңбек іс-
әрекетімен байланысы. Осы қоғамдағы тәрбиенің ерекшелігі. Жанұяның пайда
болуы. Тәрбиенің ұйымдасқан формаларының пайда болуы.
Жазудың және алғашқы мектептердің пайда болуы. Педагогикалық
тәжірибе мен білімді жеткізудің жазбаша педагогикалық дәстүрі.
Этнопедагогика. Педагогикалық білім, оның құрылысы, құрамы.

1. Қазақстандағы педагогика ғылымының даму тарихы.

Қазақстан жоғары мектебінің 1931-1940 жылдарда іс тәжірибесін
зерттеуде және теориялық-әдіснамалық тұрғыдан пайымдауда және бұл кезеңде
қалыптасқан тәжірибені жинақтауда тарих-педагогикалық еңбектер басшылыққа
алынды (Х. Әбжанов, Ш. Әлжанов, Қ.Б. Бержанов, П.П. Блонский, А.С. Бубнов,
К.И. Васильев, Р.Б. Вендровская, А.С. Выготский, Қ.Жаманбаев, Қ.Б.
Жарықбаев, Т. Жүргенов, С. Қалиев, К.К. Құнантаева, М. Қозыбаев,
А.П.Колмаков, И.Б. Мадин, Р.Г. Лемберг, К.Нүрпейісов, Г.П.
Паначин, Т.С. Садықов, Ә.И. Сембаев,Р.Б. Сүлейменов, М. Татинов, Г.М.
Храпченков және т.б.)
Педагогикалық оқу орындарының білім беру мазмұнын жетілдіруде
КСРО Орталық, Атқару Комитетінің 1932 жылғы 19 қыркүйектегі Жоғарғы мектеп
пен техникум бағдарламалары мен режим туралы қаулысы ерекше роль атқарды.
Бұл қаулыдан кейін барлық оқу орындары басшыларының, кафедраларының,
профессор-оқытушыларының оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда жауапкершілігі
мен құқы қарастырылады, институттарда тәртіп күшейтілді, жоғары оқу
орындары мен техникумдардың бірыңғай типтік жарғысы әзірленді.
Республикада алғаш ұйымдасқан Қазақ педагогикалық институты 1931 жылы
бірінші рет өз түлектеріне жолдама берді. Бірақта республикада бір ғана
педагогикалық жоғары оқу мұғалім кадрларын даярлау мәселесін шеше алмады.
Сол себептен де 30-жылдардың бас кезінде бірнеше педагогикалық институт
ашылды.
Студенттердің әлеуметтік құрамын жақсарту мақсатында педагогикалық
институттардың жанынан арнаулы жұмысшы факультеттері ұйымдастырылды.
Жұмысшы факультеттерін бітіргендердің саны 1931 жылы институтқа
қабылданғандардың 11,5 пайызы болса, 1932 жылы институтқа қабылданғандар
саны 16,8 процентін құрады.
1934 жылы Алматыда Қазақтың мемлекеттік университетінің ашылуы
қазақ халқының өміріндегі ерекше оқиға болды. Оның негізгі мақсаты-
Республика және арнаулы оқу орындары үшін жоғары білімді ғылыми-
педагогикалық кадрлар даярлау. Университет өз жұмысын бастағанда 5
профессор, 10 доцент және 10 ассисент, барлығы 25 оқытушы-профессор
құрамымен жұмыс істеді. Алғашқы ұйымдасқанда институт физика-математика
және биология факультеттері болса, кейін оларға химия және филология
факультеттері қосылады. Университеттің тұңғыш ректоры болып, халық ағарту
ісінің көрнекті қайраткері Ф.И.Оликов жұмыс істеді.
Қазақ университеті алғаш ұйымдасқан кезінде Москва
университетінен белгілі ғалымдар И.Д.Молюков, Д,В.Сокольский, Қазақ
университетінен профессор-К.Д.Персидский, басқа жоғары оқу орындарының
профессорлары А.И. Бартенев, П.Н. Мишенко, В.П. Литвинов т.б. жұмысқа
келді. Университет қабырғасында қазақ әдебиетінің классигі, заманымыздың
заңғар жазушысы, академик Мұхтар Әуезовтың, ғұлама ғалым, Қазақ КСРО Ғылым
академиясының бірінші президенті, академик Қаныш Сатпаевтің және басқа да
республиканың ғылымы мен мәдениеті саласындағы көрнекті қайраткерлер еңбек
етті.
Егер де 20 жылдардың аяғында Қазақстандағы бір ғана Абай атындағы
Қазақтың педагогикалық институты жұмыс істесе, 30-жылдардың бас кезінде
Орал, Семей педагогикалық институттары, Қазақ мемлекеттік университеті
шаңырақ көтерді, 30-жылдардың екінші жартысында Қызылорда педагогикалық
институты және облыс орталықтарында Алматыда, Ақтөбеде, Семейде, Оралда,
Петрапавлда, Шымкентте, Қарағандыда мұғалімдер институттары ашылды.
1937 жылғы оқу жоспарында педагогика-психология цикліндегі
пәндерінің сағат саны арттырылды. 1937 жылғы оқу жоспарынан бастап,
педагогика және психология пәндері бойынша курстан курсқа көшіру және
институтты бітіру мемлекеттік емтихандар енгізілді.
1936 жылы тамыздың 31-нен қыркүйектің 2-не дейін педагогикалық
институттардың педагогика және психология кафедрасы меңгерушілердің РСФСР
халық ағарту Коммиссариатында педагогикалық институттар мен техникумдардың
педагогикалық пәндер бағдарламаларын талқылау жөнінде кеңесі өткізілді.
Педагогика пәні бағдарламасы (Пинкевич, Пистрак, Каменев) Педагогика тарихы
бағдарламасын А.П. Пинкевич пен Е.Н. Медынский құрастырды. Бұл кеңеске
Қазақстаннан профессор Ш.Әлжанов қатысып, республикада педагогикалық ой-
пікірдің дамуы туралы өз ойын ортаға салды.
30-жылдарда педагогикалық институттарға арналған психология
пәнінің бағдарламасы профессорлар С. Рубинштейн мен К. Корниловтың
жетекшілігімен жасалды. 1935 жылы профессор Ш. Әлжановтың Марксистік
педагогика оқу құралы баспадан шықты. Кейбір әдіснамалық кемшіліктерге
қарамастан, оны педагогикалық институттардың студенттерді оқу құралы
ретінде пайдаланды.
Ғылыми зерттеу институтының бірінші директоры болып, республиканың
белгілі педагог-ғылымы профессор Ш. Әлжанов жұмыс істеді. Ш.Әлжанов 1932
жылдан 1938 жылға дейін КазПИ-де алғашында педагогика және педология, ал
кейіннен педагогика және психология кафедраларын басқарды.
1944 жылы Қазақтың қыздар педагогикалық институты алғаш рет
шаңырақ көтерді. Сонымен қатар соғыс жылдары Қазақ мемлекеттік
консерваториясы, дене шынықтыру институты ашылды.
Соғыс жылдарында жоғары педагогикалық оқу орындарының жұмысында шешуші
роль атқарған профессор-оқытушы құрамын ерекше атаған жөн. Бүкіл республика
Халық ағарту коммиссариаты жүйесі бойынша 1941 жылы 501 адам жұмыс істеді:
оның ішінде 17 профессор, 5 ғылым докторы, 61 доцент, 46 ғылым кандидаты
болды.
Сонымен қатар жоғары педагогикалық оқу орындары майдан мен тылға
материалдық жағынан көмек беруде игі істерді атқарды. Осының бәрі майдан
мен тыл бірлігінің нығаюына жәрдемдесіп, кеңес адамдарының жеңіске деген
сенімін күшейтті.
Бүкіл одақтық жоғары мектеп комитеті мен Қазақтың Халық ағарту
комиссариатының ұсынуымен республика жоғары оқу орындары ғылыми-зерттеу
жұмысын қайта құруға ерекше мән берді. Жоғары оқу орындарында ғылыми-
зерттеу жұмысының жоспары қайта қаралып, қорғаныс және халық шаруашылық
мәні бар тақырыптарға ерекше мән берілді.
1942 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында және
С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінде асперантура қайта ашылды.
Халық ағарту комиссариаты жүйесі бойынша бір жылдың ішінде 30-дан астам
адам кандидаттық диссертация қорғады.
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институты студенттерге дәріс беруге
Алматыға эвакуациямен келген атақты ғалымдарды кеңінен тартты. Олардың
қатарында орыс тілінен академик И.Н. Мещанинов, физикадан академик
В.Г.Фесенко сабақ берсе, КСРО Ғылым Академиясының корроспондент-мүшесі В.И.
Чернышев орыс тілі кафедрасын басқарады, КСРО ғылымына еңбек сіңірген
қайраткер Н.И. Баранский экономикалық және география кафедрасының
меңгерушісі болса, ғылым докторлары, профессорлар А.А. Глаголев, П.М.
Рубинштейн, Н.Ф. Бельчиков, Ц.А. Фридман, Д.И. Макеев, Г.А. Капиев кафедра
меңгерушілер қызметін атқарды.
Қазақстанға қоныс аударған ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары
оқу орындары ерекше қорғаныс және халық шаруашылық мәні бар орасан зор
жұмыс атқарды.
Республика алғаш рет психолг-маман кадрларын белгілі ғалым
Төлеген Тәжібаевтің еңбегі ерекше еді. Бірақ та педагогика және психология
бөлімі бар болғаны 1951-53 жылдардың арасында 3 рет өз түлектеріне жолдама
берді. Бұл кезеңде жоғары педагогикалық мектептің екі жүйесі қалыптасты.
Педагогикалық және мұғалімдер институттары. 1952 жылдан бастап, мұғалімдер
институттары педагогикалық институттарға айнала бастады. Демек, орта
мектептердің 5-10 сыныптарға мұғалім даярлау жүйесінің бірыңғай жүйесі
қалыптасты.
Сонымен, 1954-55 оқу жылы басында республикада 10 педагогикалық
және 3 мұғалімдер институттары жұмыс істесе, 1955-56 оқу жылынан бастап,
педагогикалық институттардың саны 13-ке жетті. Педагогикалық институттарда
оқитын студенттердің саны 1940 жылмен салыстырғанда 2-2,5 есе артты.
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институты мен Қазақтың С.М.Киров
атындағы мемлекеттік университетінде психология мамандығы бойынша
аспирантура ашылды.
Педагогикалық институттарды ғылыми жұмысты дамытуда Ғылыми
жинақтау шығару ерекше роль атқарады. Ғылыми жинақтар Гурьев, Семей, Орал
педагогикалық институттарында жарық көрді.
Сонымен, соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда педагогика-
психология ғылымдары жедел қарқынмен дамыды. Педагогика және мұғалімдер
институттары соғыстан кейінгі жылдарда оқу бағдарламасымен қамтамасыз
етілмеді. Әсіресе, мұғалімдер институтының жағдайы өте қиын болды. Себебі
олар педагогикалық институттардың оқу бағдарламасымен жұмыс істеуге тура
келеді.
Сонымен қатар 50-жылдардың ішінде оқу бағдарламасының мазмұнын
жетілдіруге және болашақ мұғалімнің ғылыми-теориялық және кәсіби деңгейін
арттыруға арналған бірнеше байқау қадамдар жасалды. Жалпы оқу жоспары мен
бағдарламаларында болашақ ұстаздар кәсіби-педагогикалық жағынан даярлауға
жете мән берілді. Педагогика, психология, әдістеме пәндері және
педагогикалық практика сағаттары арттырылды. Бірақ та педагогика-психология
цикліндегі пәндер университеттердің оқу жоспарында өзінің тиісті орнын ала
алмады. Оның сағат саны сан рет өзгеріске ұшырады. Соғыстан кейінгі жылдары
педагогикалық институттар мен университеттердің студенттеріне арналған
педагогика және психология оқулықтары жарық көрді. Бұл оқулықтар
пайдаланылды. Педагогика және психологиядан алғашқы қазақ тіліндегі
оқулықтар 60-70 жылдары дүниеге келді.
Педагогикалық білім беру проблемалары белсенді зерттеле бастады. Бұл
проблеманы талқылауда педагогика ғылымының көрнекті ғалымдары проблемалық
(мазмұндармен) мәселелермен айналысты. (Н.В. Дмитриев, Н.В.Кузьмина, К.
Кузьмин, М.құдайқұлов, Р.Г. Лемберг, И.Т.Огоролников, Р.В.Петровский, А.И.
Пискунов, В.К.Розов, А.В. Сластенин, Н.Д. Хмель, Г.А. Уманов).
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының педагогика
кафедрасының мүшелері профессор Р.Г. Лембергтің жетекшілігімен кешенді
ғылыми тақырыппен айналысты. Оның ғылыми жетекшілігімен Мектептегі оқыту
әдістері, Сабақтың психологиялық мәселелері, Оқушылардың білімі мен
ептілігін есепке алу тақырыптарында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институты мен Қазақтың
мемлекеттік университеті педагогика және психология кафедралары
республикамыздағы педагогика және психология ғалымының қалыптасып, дами
түсуіне ықпал жасаған ғылыми орталыққа айналды.
Академик Т. Тәжібаев-тұңғыш рет республика педагогика ғылымы саласында
докторлық диссертация қорғаған белгілі ғалым. Оның Қазақстанда халық ағарту
ісі мен педагогикалық ой-пікірдің даму тарихына арналған, әр жылдары жарық
көрген монографиялық еңбектері жалпы білім беретін мектептер мен арнаулы
орта және жоғары оқу орындарында педагогикалық ой-пікірдің теориясы мен
тарихына арналған көкейкесті проблемаларды зерттеуге негіз болды.
Ә.І.Сембаев Қазақстанда кеңес мектебінің даму тарихы,
Қ.Б.Бержанов Халық ағарту саласындағы орыс-қазақ ынтымағы тақырыптарында
педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация
қорғады. Қазақтың Абай атындағы педагогика институтының профессоры
Г.А.Уманов Қиын балаларды тәрбиелеу проблемаларына арналған бірнеше
еңбектерге ғылыми жетекшілік етті. Бұл проблемамен Г.А. Умановтың
жетекшілігімен аспиранттармен, оқытушылармен қатар студенттер де айналысты.
Осы институттың жоғары мектеп педагогикасы проблемасы бойынша
профессор Н.Д.Хмельдің жетекшілігімен комплексті ғылыми-зерттеу жұмысы
жүргізілді. Оған республика жоғары оқу орындары оқытушылары мен
аспиранттары кеңінен қатыстырылды.
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында профессор
М.А.Құдайқұловтың жетекшілігімен техникалық құралдар мен программалар
оқытудың физик-студенттері кәсіптік-педагогикалық даярлау жүйесі жасалып,
зерттеу жұмысы жүргізілді.
Қазақ тілінде оқу-әдістемелік материалдар даярлауда және басып
шығаруда Алматының Абай атындағы мемлекеттік университеті педагогика
кафедрасының іс-тәжірибесі туралы кафедра меңгерушісі, профессор Г.А.
Умановтың хабарламасын Білім миниситрлігінің алқасында (31 шілде 1992
жылы) тыңдап, мақұлдап және оны республика жоғары оқу орындарында кеңінен
тарату жөнінде ұсынылды. Сонымен қатар педагогика теориясының өте күрделі
тарауларынан, Қиын балалар және олармен жұмыс профессор Л.К.Керимов),
Қазақтың ұлттық өнері құралдары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
(проф. С.А.Ұзақбаев), Оқушылардың әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеу
(проф. Б.И.Мұқанова) және т.б. оқу-әдістемелік құралдары баспадан шықты.
Қазақ тілінде оқулық пен оқу-әдістемелік құралдары дайындауда және
баспадан басып шығаруда Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетінің
профессоры Қ.Жарықбаев пен Ы.Алтынсарин атындағы білім проблемалары ғылыми-
зерттеу институтының профессоры С.Қалиевтің еңбектері өзіндік орын алады.

2-лекция

Әбу Насыр Әл-Фараби

(870-950)

Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ
топырағынын көкіреп ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтарм бүкіл шығыс араб-парсы
мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі
ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары
да аз емес. Солардың бірі – күллі әлемге танымал ұлы жерлесіміз - Әбу Насыр
әл-Фараби.
Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім,
бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби
870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб
қаласында дүниеге келді. Фарабидің то-лық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби
Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы
Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп
атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр
атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының
территориясында. Сол түста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына
карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының
торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Замандастары жазған шежірелер
бойынша алғанда, оның арғы аталарының есімдері таза Түркі тілінде
келтіріледі.
Әл Фараби, Әбу-Насыр (Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн
Ұзлақ әл-Фараби ат-Түрки) (870-950) - Аристотельден кейін дүниежүзі білімі
мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым.
Энциклопедист, ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі
– ғалымның жан-жақты тұлғасын көрсетеді. Деректерде сауатын Түрікше ашқаны,
өзін ақын және күйші, әнші ретінде танытқаны айтылады. Оның өлеңдерінан
үзінділер де сақталған. Фарабидің күйшілік өнері туралы әңгімелер көптеп
кездеседі.
Туған жері Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы
болған Отырар қаласы. Отырарды арабтар Фараб деп атаған. Қай жерден
шыққанын білдіру үшін аты жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін
сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған. Махмұд Қашқари Диуани
лұғат ат түрк атты еңбегінде Фараб қаласының түрікше аты Қарышоқы деп
көрсетеді.
Әл Фараби заманында бүкіл ОртаАзия мен Түркістан Араб халифатының
ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде
ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар
қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тіл болған. Сондықтан осы
қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған Әл
Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім ғылым
іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің
орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сол кездің әйгілі
ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады.
Одан кейін ғылыми жолға түсіп, Грек, латын, санскрит және басқа
тілдердіүйренеді. Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне,
өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми
еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай
бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика,
музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия
риторика, философия болып келеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары да ұлы
ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады. Қазір
Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында Әл Фарабидің елу шақты еңбегі
бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған, ғалымдар арасында осы күнге
дейін белгісіз болып келген: Алмагеске түсініктеме, Геометриялық
сызықтар жасаудың әдістері, Астрология, Китаб әл мусики әл кабир
секілді әрқайсысы бір бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары бар.
Мұның сыртында соңғы жылдары Қазақстанның Иранда алғашқы Төтенше және
Өкілетті елшісі болған ғалым Мырзатай Жолдасбеков тауып әкеліп, Алматыдағы
Әл Фараби атындағы ұлттық университеттің кітапханасына тапсырған Әл
Фарабидің қолжазбалары - өз алдына бір пара қазына. Олардың көшірмесі (он
үш қолжазба) бүгінде Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасында
сақтаулы.
Өмірінің соңына қарай Әл Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында
болып, ақырында Шам шахарында келіп, сонда тұрақтайды. Осында қайтыс
болады. Оның денесі Шам шахарының Кіші қақпа (Баб ас Сағир) жағындағы
зиратқа қойылады.
Әл Фарабидің ісін жалғастырған, ғылымға берілген шәкірттері көп
болған. Олардың ішінен, ең алдымен, Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн
Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Кейінгі кездегі шығыс ғалымдары
оларды бөліп жармай Қос Фараби деп те атайды. Сондай ақ еңбектері ұлы
ұстаз еңбектерімен сабақтасып жатқан ұлы ғалымдар Беруни, Бозжани, Омар
Һайямдар да өздерін Әл Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген. Бұл Ұлы
Ғұламаның өзінен кейінгі талай Ұлыларға да үлгі болғанын көрсетеді.
А. Н. Бернштам, шекарадағы аса манызды мекен және керуен жолдарының
торабы болған Отырарға орта ғасыр авторларының көп назар аударғанын атап
көрсетеді. Географиялық көрінісі түрліше бұл өнір суармалы егіншілікпен
айналысуға да қолайлы болған.
А. Н. Бернштамның айтуынша, Отырар қаласы орналасқан аса құнарлы
алқапта қазақ халқының арғы ата-бабалары, қырдағы көшпенділер мен қала
тұрғындары жиі карым-катынас, тығыз байланыс жасап отырған деп пікір қорыту
әбден орынды.
Кеңінен мәлім екі дерек бар: 1218 жылы монғолдар шапқынышылы кезінде
қала қиратылды, бұл "Отырар ойраны" деп аталды, қала қайтадан тез қалпына
келеді. Онаң соңғы әйгілі мәлімет 1405 жылғы ақпанда мұнда Әмір Темір
қайтыс болды. Отырар жайында біздің қолымызда Ибн Хаукальдың, Абул Фиданың,
қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Отырар жөнінде Птоломейде де
айтылған. Отырардағы кітапхана, ел ауыздағы аңызға қарағанда, кітабының -
саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орында
болған. Қаланың ең ақырғы күйреуі 18 ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығына
байланысты.
Бірақ Отырар Қазақстан территориясындағы бірден бір мәдени орталық
емес-ті. Зерттеушілердің кажырлы еңбегі арқасында республиканың
археологиялық картасында басқа да мәдени орталықтар (Тараз, Сығанак,
Түркістан, Мерке, Исфиджаб және басқа қалалар) болғаны көрсетілген.
Сондықтан, біз осы территорияны мекендеген тайпалардың сонау арғы заманда
қалыптасқан өскелең өнері, қол өнері, ғылымы, түркі тілдес жазуы болған деп
қазір батыл айта аламыз.
Осы жазба әдебиеттің пайда болған кезін, ол біздік заманымыздан 300-
400 жыл немесе одак да көп бұрын қалыптасты ма деген мәселені келешекте
тарихшылар мен тіл мамандарының анықтауына тура келеді. Міне, сондықтан да,
қазақ топырагынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр әл-Фараби, Исхақ әл-Отрари,
Исмаил әл-Шаухари, Жемал әл-Түркістани, әл-Сығнақи, әл-Қыпшақи, Қадырғали
Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мәдени негізде дүниеге
келуі әбден табиғи нәрсе. Осынау санлақтардың ішінде жалпы әлемге әйгілі
алып тұлға ретінде көзге көрінетін әл-Фарабидің орны ерекше.
Ал енді әл-Фарабидің антика дәстүрімен байланыстылығынан, осының
арқасында оның Аристотельден кейінгі "Екінші Ұстаз" атанып, даңққа
бөленгенін айтатын болсақ, әл-Фараби жастайынан ақ ұлы Аристотельдің,
Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да философтарының шығармаларымен
түп нұсқасынан танысқаны жөнінде бізде деректер бар.
Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол, жас шағында,
дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін
кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнін көптеген орталықтары:
Хорасанда, Бағдадта, Дамйскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) болған. Өз
өмірінің көп жылдарын ол, араб халифатының саяси және мәдени орталығы
болған, Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп,
толықтырады, көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің
білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп
ұзамай олардың арасында үлкен аброй-беделге ие болды. Бірақ өресі тайыз
кертартпа хадисшілер оны жек керіп, күндей бастаған, әсіресе, олар әл-
Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені, оның дүниеге
көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден іздеп
табуға мезгейтін еді. Ақыр сонында әл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді.
Өзінің "Фусул ал-мадани" ("Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері") деген
соңғы шығармасында ол: "Адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен
кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс",— дейді. Әл-Фараби
александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан
ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Хоранға келіп қоныс тебеді.
Өмірінің соңғы жылдарын Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда ол солтүстік
Сирияның жетекшісі саяси қайраткері Сейд ад-Дуаль Хамданиге аса кадірлі
болды. Әл-Фараби 950 жылы 80 жасында кайтыс болды. Бейіті қазір Сирия
жеріндегі Баб әс-Сағир зиратында жатыр.
Біздің заманға әл-Фарабидің тек негізгі шығармалары ғана келіп жетті.
Ол шығармалардың ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық
және ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген әсері толассыз.
"Мұсылман Ренессансы" деген атауға ие болған сол заманға тән белгілері
оның шығармаларымен белгілі бір дәрежеде өз орнын алады. Әл-Фарабидің
шығармаларында көне замандағы дәстүрдің және "Бірінші Ұстаз" деп шығыста
аталып кеткен Аристотельдің тарих барысында қалдырған әсері,
неоплатонизмнің несторионшылдықтың әсері және исламның әсерімен Аристотель
идеяларының өзгеруі айқын көрінеді. Әл-Фарабидің Аристотельге бас игені
сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең жаксылары мен бағалыларын
әрдайым таңдап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ біз үшін ерекше бағалы жағы
сол — ол Аристотель ілімінің формалдық жағымен ғана шектелмейді, ол
диалектика элементтеріне, мәселені қарама - қарсы қоюына белгілі дәрежеде
көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс
таным логикасының ірге тасы болып табылатынын дәлелдейді.
Фараби Аристотельдің, Әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның
барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Мәселен, Фараби
шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейщнейдер 117 еңбек десе, түрік
ғалымы А. Атеш— 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров—- 200 трактат деп
көрсетеді.
Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің
"категориялар", "метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика",
бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" мен 4 сопылық еңбектеріне
түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мәні — маңызын
жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі
мәдениетін таныстыруда зор роль атқарды.
Сондықтан да XI ғасырда өмір сүрген Фарабидің ізін қуушы атақты Ибн-
Сина (980—1037) тек Әбу Насыр түсіндірмелері аркылы ғана Аристотель
еңбектерінің ойын ұғып, қуанғанынан қайыршыларға садақа үлестіргені жайлы
жазған екен.
Анығырақ айтсақ, Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-ақ араб
тіліне аударылып үлгіргенді. Араб шығысында Аристотельдің кейбір құнды
ойлары бұрмаланып көрсетілді. Бірақ көп еңбектері тәржімаланбағандықтан
ұлы грек философиясының ойын түсіну қиын болды. Сондықтан да, көп тілдерді
жетік білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб тілінде
түсіндірме жазуды үйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ
пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші
ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс әрекетін
таныта білді. Сондықтан да, шығыс философтары оны "Ал муалим ас-саны" -
"екінші ұстаз" деп атаған.
Ұлы Бабамыз Аристотельдің философиясын дамыта отырып, өз тарапынан да
"Ғалымдардың шығуы", "Ғалымдар энциклопедиясы немесе тізбегі", "Кемеңгерлік
меруеті", "Ізгі қала тұргындарының көзқарасы", "Музыканың үлкен кітабы",
"Философияны аңсап үйрену үшін алдан ала не білу кажеттігі жайлы", "Ақылдың
мәні туралы", "Әлеуметтік-этникалық трактаттар", "Философиялық трактаттар",
т. б. көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымның философиялық-
логикалық ірге тасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі
зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология,
география, этика т. б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор.
Тарихқа неғұрлым терең үңілген сайын, біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен
ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген "теорияның" негізсіздігін
соғұрлым айқын көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған
сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мәдениетінің бірлігін паш
етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүние жүзілік тарихи тұлғалардың санатына
қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иранның, үндінің ежелгі дүние
мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Дәл, сондықтан да, ол таяз
ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле білді, өзінің ойлау жүйесін
сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең
асылын таңдап ала білді, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді.
Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам
жасамаған бірде-бір білім саласы жоқ деуге болады.
Араб шапқыншылығы Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймағындағы
территорияда феодалдық қатынастардың дамуына дем берді. Терең ішкі
қайшылықтар, еркін қауым мүшелерінен феодалдарға тәуелді адамдарға айналған
шаруалар қозғалысы және басқа да тәуелді күштер халифаның ыдырауына
себепкер болғанымен, феодалдық қатынастардың дамуын тоқтата алған жоқ. X
ғасыр мәдени өрлеу заманы болды. Бұл Европадағы қайта өркендеу заманына
ұқсас мұсылман Ренессансы деп аталды. Осы өрлеуге ықпалын тигізген
жағдайлардың қатарында сауаттылықтың біршама кең өріс алғанын, қолжазба
жинау, аудару ісінің жолға қойылғанын, жеке меншік және қоғамдық
кітапханалардың құрылғанын атап өтуге болады.
Егер Қазақстан, Орта Азия және Таяу Шығыс елдерін сипаттайтын
әлеуметтік, этникалық және мәдени процестердің барлық айқыш-ұйқыш қиын
өрнектерінің бетінде әл-Фарабидің саяхат сапарларын көрсетсек, осының өзі
IX—X ғасырлардағы мәдени байланыстардың мүмкін жолдарын тамаша етіп
көрсеткен болар еді. Мүмкін, осының өзі, араб халифатының ішінде шетке
тарту әрекеттеріне және оның іс жүзінде күйреуіне байланысты, сол заманда
Оңтүстік Қазақстан "Мұсылман дүниесі" деп аталатын дүниенің мәдени-саяси
өмірінің көшіп келіп отырған орталықтарының біріне айналғанын көрсеткен
болар еді. Бұрынғы орталықтар, өзінің бір замандағы саяси маңызынан
айырылса да, мәдениет ошақтары ретінде сақталғанын көрген болар едік. Мұның
бәрі сол замандағы Шығыста Екінші ұстаз аталынып кеткен әл-Фарабидің
философиялық көзқарастарынан көрінеді.
Әл-Фараби сарай төңірегіндегі тынышсыз өмірден аулақ болғанды ұнатып,
өзіне тамаша лауазымдар ұсынып жатса да, күніне бір дирхемге қанағат тұтып,
қарапайым ғана өмір сүрді, өйткені, осы жағдай оны, алаңсыз жұмыс істеуіне
мүмкіншілік берді. Оның әшекейге толы бейнесін жасау ақиқаттан алыстау
болар еді. Нақ осы сияқты, әл-Фарабиді қазақ етіп көрсетуге тырысу да
жасанды әрекет болады. Ол заманда ұлт болып бірігу процесі аяқталудан әлі
тіпті алыс еді.
Фактілер негізіне сүйене отырып, әл-Фараби кейін қазақ халқының
құрамына қосылған түркі тайпасынан (Қаңлы-қыпшақтардан) шыққанын, оның
туған қаласы қазір Қазақ жерінде екенін және ол Шығыс халықтарынын
мәдениетіне жақын қатынасы бар қайраткер болды дей аламыз.
Тәжіктердің, өзбектердің, қазақтардың, түрікмендердің, қырғыздардың,
ұйғырлардың мәдениеті, дәстүрі және тұрмысы өте ерте заманнан бері ортақ
болуына байланысты, олар ерекше бірыңғай мәдени аймаққа жатқан. Атап
айтқанда, көшпелі мал шаруашылығын жүргізудің бұл екі түрі тіпті таза
күйінде бола бермеген. Оңтүстік Қазақстандағы қалалар көшпелі және отырықшы
халықтарды байланыстырушы буындар болып келген.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың орта ғасырлық қалаларының және
мекенді жерлерінің қалдықтарын археологиялық жағынан зерттеулер орта
ғасырлықтың алғашқы дәуірінен бастап (VI—VII ғ.) Оңтүстік Қазақстанның
қалалары мен Орта Азия қалаларының экономикалық және мәдени жағынан біріне-
бірі өзара әсер етіп отырғандығын көрсетеді. Бұған, әсіресе, сауда қатынасы
қолайлы жағдай жасаған. Батыс пен Шығысты жалғастырған ұлы Жібек жолын,
Мервті, Самарқанды, Бұқара мен Чачты (Ташкент), Таразбен, Исфиджабпен және
Отырармен байланыстырған керуен жолдар мен жалғыз аяқ жолдарды атап
көрсетуге болады. Бұл кездерде архитектура, қол өнерінде бәріне ортақ
канондар қалыптасады. Бірақ олардың бір-бірімен ұқсастығына қарамастан,
әрбір аймақта өзіне ғана тән ерекше мәдени дәстүрлері қалыптасқан. Бұған
айғақтың бірі — Айша Бибі мазары. Дала елі мен отырықшы халықтың егіншілік
пен көшпелі шаруашылықтың ұштасқан жеріне, сол замандағы аса маңызды сауда
жолдарының тоғысқан жеріне осы сынды кесек тұлғаны шығаруы тегін емес.
Әрине, әл-Фараби туған қаласының дәстүрлерінен әлдеқайда кең келемді
дәстүрлерді бойына сіңірді. Өйтпейінше, оның есімі дүние жүзі мәдениеті
алыптарының қатарына жазылмас еді. Оның қызметі өзінің сыртқы бейнесі
жағынан араби тілдес, Ислам мәдениеті деп аталатын мәдениеттің аймағы
шеңберінде кең өріс алды.
Мәдениеттің кейінгі дамуына, соның ішінде, Шығыс, Орта Азия,
Қазақстан, Кавказ халықтарының мәдениетіне әл-Фарабидің жасаған ықпалы әр
тарапты болды және ұзақ уақытқа созылды. Барлық этникалык топтардың, соның
ішінде, түркі тектілер өкілдерінің "мұсылман" Шығысының мәдени өміріне
белсенді түрде қатысуы әдеби тілді халықтық негізде дамыту әрекеттеріне
қолайлы жағдай туғызды. Түркі тілінде Махмуд Қашқаридің және Жүсіп
Баласағұнның шығармаларынан тамаша энциклопедист-ғалым әл-Фарабидің
рационалистік және гуманистік идеяларының іздері айқын көрінеді.
Бақыт дегеніміз — ол абсолюттік игілік. Фарабидің айтуынша, адамдар
көп нәрселерді өзінің өмірінің мақсаты мен негізі деп ойлайды. Олар — өзіне
ұнайтын, керекті нәрселер, мысалы: ақша, атақ, тағы басқалары. Адам бақытты
ешбір жағдайда басқа күш арқылы емес, тек теориялық ақыл парасат күші
арқылы ғана пайымдайды. Бақытты дұрыс түсінетін адамдар — данышпан адамдар.

Фарабидің қолжазбалары дүниежүзінің көп кітапханаларына тарап кеткен
және сол жерлерде сақтаулы тұр. Сол сияқты көптеген ғалымдар Фарабидің асыл
мұраларын зерттеп, оқып үйренуде. Фарабидің көп шығармаларын қазақ және
орыс тілдерінде басып шығаруда жергілікті ғалымдарымыз да, өз үлестерін
қосуда.
1975 жылы Мәскеу және Бағдад шаһарында халықаралық аренада Абу Насыр
әл-Фарабидің туғанына 1100-жылдық мерейлі тойы атап өтілді.
Республикадағы Қазақ Мемлекеттік Университетіне, Шымкент шаһарындағы
Мәдениет институтына әл-Фараби есімі беріліп отыр. 1991 жылы Қазақ
Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің ректоры профессор Т. С.
Садықовтың қолдау ынтасымен тұңғыш рет Алматы, Шымкент шаһарларында Қазақ-
Американ мәдени практикумы аясында Фараби мұрасынан алған Фараби оқуы болып
өтті. Мұнда рухани мұраларымыздың, мәдениетіміздің өзара әсері,
байланыстары мәселелері талқыланды.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ж.Алтаев, Т.Ғабитов, А.Қасабеков, Қ.Мұхамбеталиев. Философия және
мәдениеттану. Алматы ЛИТЕРА 2001ж.

2. Ертегілер. Қорқыт (қазақ әдебиетінің тарихы). А., 1948, 89-б.

3. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. А., 1975, 378-379-б:б.

ӘЛ-ФАРАБИ (870-950)

Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы
әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз"
атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.

Ұлы жерлесіміз әл-Фарабидің түркі тайпасының дәулетті бір ортасынан
шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты-жөнінде "Тархан" деген
атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзенінің Сырға барып
құятын жеріндегі Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні
Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Үзлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни әкесі
Үзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері — қазақтың ежелгі қаласы Отырарды
арабтар Барба—Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу-Насыр Фараби, яғни
Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған.
Отырардағы кітапхана, ел аузындағы аңызға қарағанда, кітабының саны
жағынан атақты Александрия кітапханасынан соң екінші орында болған.
Әл-Фарабидің Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа
да философтарының шығармаларымен түпнұсқасынан танысқаны жөнінде деректер
бар. Білімге ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол жас шағында,
дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін
кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген орталықтары:
Хорасанда, Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) болған. Өз
өмірінің көп жылдарын ол араб халифатының саяси және мәдени орталығы болған
Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады.
Көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының
алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында
үлкен абырой-беделге ие болады. Өзінің "Фусул ал-мадани" (Мемлекет
қайраткерінің нақыл сөздері) деген соңғы шығармасында ол: адам ғылымға
түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде
тұруға тиіс дейді, Әл-Фараби өмірін александриялық (мысырлық) ғалымдар, бір
кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын
Дамаскіде өткізеді.
Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның
барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Мәселен, Фараби
шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік
ғалымы А. Атеш 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді.
Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар",
"Метафизика", "Герменевтика" мен "Софистикасына" түсініктемелер жазды. Көп
тілдерді жетік білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб
тілінде түсіндірме жазуды ұйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын
жаңсақ пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің
бірінші ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс-
әрекетін таныта білді. Сондықтан да шығыс философтары оны "Ал муаллим ас-
сани"— екінші ұстаз деп атаған, Фараби Аристотельдің философиясына
түсініктемелер жаза отырып, өз тарапынан да "Ғылымдардың шығуы", "Ғылымдар
энциклопедиясы немесе тізбесі", "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы",
"Музыканың үлкен кітабы", "Философияны аңсап үйрену үшін алдын ала не білу
қажеттігі жайлы", "Ақылдың мәні туралы", "Әлеуметтік этикалық трактаттар",
"Философиялық трактаттар", т. б. сияқты көптеген философиялық еңбектер
жазған. Фараби ғылымның философиялық-логикалық іргетасын дұрыстап қайта
қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің
метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, географафия, этика, т. б.
ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор.
Фараби өзінің "Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат"
еңбегінде Аристотельдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт
жайлы өз пікірлерін ортаға сал ып, бұл туралы былай дейді:
Бірінші шарт — философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті
нәрседен тұрады.
Екінші шарт — өткендегі ірі философтардың еңбектеріңдегі негізгі
ойларын, мақсаттарын тану.
Үшінші шарт—философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу.
Төртінші шарт — философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну.
Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат —
жаратқан иені тану.
Бесінші шарт — философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде
Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дүрыс жолы аянбай еңбек ету дейді.
Алтыншы шарт — Аристотель еңбектеріңцегі қолданылған ғылыми ұғымдарды
талдай білу.
Жетінші шарт — Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең
жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель еңбектерінде
жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу.
Сегізінші шарт — философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін және
қалпын түсіну.
Тоғызыншы шарт — Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер қажет
екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын
оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды.
Әл-Фарабиді дүниеге танытқан музьжа теориясына арналған шығармаларының
бірі — "Музыканың үлкен кітабы" атты еңбегі. Ғұлама бұл еңбекте
математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет
қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка
теориясын ғана жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол
аспаптарда керемет ойнай да білген.
Соңғы зерттеулер әл-Фарабидің жаратылыстану-математика ғылымдары
бойынша да аса терең, салдарлы мұра калдырғанын анықгап отыр. Бұл, әсіресе,
оның математика, астрономия, физика, медицина, химия, биология салалары
бойынша жазған еңбектерінен айқын көрінеді. Ғұлама өзінің "Ғылымдардың
шығуы туралы" атты трактатында табиғаттану ғылымдарының шығу төркінін,
себептерін ашып көрсетуге тырысады. Оның пікірі бойынша, табиғат әуелде
жаратқан бір алланың құдіретті күшінен пайда болып, одан былай өз алдына
дербес заңдылықтарымен өмір сүрді. Және бөтен еш нәрсеге тәуелді болмайды.
Жаратылыстың, болмыстың түп негізінде субстанция, акциденция жатыр. Оларды
танып білу—ғылымдардың шығуының қайнар көзі. Субстанция,
қазіргіше айтқандай, материя ұғымына жуық келеді. Ал акциденция —
субстанцияның түрліше көрінісі. Осы көзқарасты негізге алып әл-Фараби
арифметика, геометрия, астрономия, музыка, әр алуан жаратылыстану
ғылымдарының қалай шыққанын және өзінше қалай дами бастағанын сипаттайды.
Ғұламаның математикаға қатысты еңбектері: "Евклидке түсініктеме"
геометриялық трактат, Птоломейдің "Алмагесіне" түсініктеме, "Музыканың
үлкен кітабы", т. б.
Ол математик ретінде өзара бір-бірімен тығыз байланысты үш бағытта
зерттеулер жүргізіп, көрнекті жетістіктерге жеткен. Олар: 1. Математиканың
әдістемелік мәселелері (математикалық ғылымдардың пәні, негізгі
ұғымдарының, әдістерінің шығу тегі, т.б.); 2. Математиканың нақты
проблемаларды шешуге қатысуы; 3. Математиканы астрономия, музыка,
география, геометрия, т. б. ғылымдарға қолдану. Әл-Фараби, әсіресе,
математика философиясы, геометрия, тригонометрия салалары бойынша ірі
жаңалықтар ашқан (алгебраның пәнін анықтау, салу есептерін бір жүйеге
келтіру, синустар теоремасы, т. б.)
Әл-Фараби астрономиялық еңбектерінде ол тарихта тұңғыш рет Шолпан
планетасының Күннің бетін басып өтуін бақылайды, "Астрологиялық болжамдарда
не дұрыс, не теріс" деп аталатын трактатында ғұлама ғылыми астрономияны,
жұлдыздардың орны, түр-түсі, қозғалысы, т. б. көрінерлік қасиеттеріне
сүйеніп, жер бетіндегі оқиғалардың, адам өмірінің болашағын алдын ала
болжауға болады дейтін дүдәмал, күмәнді ғылымсымақты астрологиядан бөліп
қарайды.
Физика саласындағы ғұламаның көрнекті еңбегі "Вакуум туралы" деп
аталады. Мұңда ол табиғатта вакуум (бостық) жоқ екенін ежелгі грек
оқымыстыларында сирек кездесетін тәжірибеге (экспериментке) сүйенген
логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысады. Бұл еңбегінде ол вакуум
проблемасынан басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол
кездегі ғылымның деңгей-дәрежесіне сай шешімдерін тауып беруге тырысады.
Олардың ішінде дененің жылудың ұғымы не кішіреюі, түсірілген кернеу-күшке,
қысымға байланысты ауаның көлемінің ұлғаю немесе кішірею құбылыстарының
заңдылықтары, ол күштің жан-жаққа берілуі және басқалар бар.
"Әлхимия өнерінің қажеттілігі туралы" деп аталатын трактатында ғұлама
өз тұсындағы химиялық білім дағдыларды талдай, сарапқа сала келе, ол
химияның жалған қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір
зерттеу пәні бар жаратылыстану ғылымы қатарына қосады.
Әл-Фарабидің медицина, биология ғылымдарына да үлкен мән бергені мәлім
болып отыр. Ол, әсіресе, бұл ғылымдарды теориялық философиялық тұрғыда
зерттеуге көп күш жұмсаған. Медицина жөнінде "Адам ағзалары жайлы
Аристотельмен алшақгығы туралы Галенге қарсы жазылған трактаттар",
"Жануарлар ағзалары", "Темпераменттер туралы", т. б. еңбектер жазған,
бұларда ол негізінен медицина ғылымының пәнін, міндет-мақсатын анықтап
беруді көздейді. Бұл еңбектерден ұлы ғұлама медик Әбу-әли ибн Сина тәлім
алған. Мэселен оның "Медицина негізінде" атты әйгілі шығармасы теориялық,
әдістемелік жағынан ұстазының аталмыш "Адам ағзалары жайлы" трактатына өте
жақын келеді. Әл-Фарабидің бұлардан басқа көптеген философиялық және
натурфилософиялық тұжырымдарында да жаратылыстану жайында айтылған бағалы
пайымдаулар мен ғылыми қорытындылар кездесіп отырады.
Ғұлама шығыс елдерінде тұңғыш сыңдарлы педагогикалық жүйе жасаған
ағартушы оқымысты.
Әл-Фараби өзінің "Риторика", "Поэзия өнері туралы", "Бақытқа жол
сілтеу" туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл
бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категорияларының бетін
ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.
Этиканы ол, ең аддымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік
беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында
жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ол адам баласын
жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны
құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қорытындының басты
түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігіңде. Фарабидің
гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін
дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: оның пікірінше,
көркемдік өмір шындығының өзіне тән қасиет, ол болмысты нақты түрде бар
құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік — адамның
денесі мен рухани жан дүниесінің адамгершілік қасиетінің сұлулығын
көрсететін белгі деп санайды.
Фараби "Бақыт жолын сілтеу" трактатында бақытқа, оған жетуге бастайтын
жолға айрықша назар аударады. Әл-Фараби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт
туралы емес,тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін-өзі
жетілдіре отырып, қиын жолдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогиканың дамуы
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика
Қазақстанда психология ғылымының дамуының алғышарттары
Қазақ халқының ұлы ағартушылары
Қазақ педагогикасының тарихы
VI-ХV ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстандағы ұлы педогок ағартушылардың үлес қосқан ой – пікірлері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Пәндер