Тілдік қатынас



Мазмұны

Кіріспе ... ..2.3

I. Тілдік қатынас дегеніміз не ... ..4.11
II. Тілдік қатынастың құрамы мен тұлғалары ... ...12.20

II.1. Сөз тілдік қатынастың басты тұлғасы ... ...21.29
III. Тілдік қатынастың ғылыми кезеңдері ... ...30.40
III. 1. Тіл мен ойлау ... ...41.45
Ш.2. Тіл мен сөйлесім ... ...46.49
III.3. Тіл мен таңба ... ...50.52

Қорытынды ... ... ... .53

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... .54
Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Ғасырлар бойы
бостандықты, елдікті аңсаған еліміздің қолы тәуелсіздікке жеткелі бері мемлекеттік тілде ұлтымыздың сана-сезіміне, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына сай келетін, яғни ұлттық рухын жоғары көтеретін мәселесі тіл білімі саласында ғана емес, ғылымның барлық саласында күн тәртібіндегі айрықша маңызға ие болды. Осы бағытта көптеген ғалымдар: (Қ.Асылов, Ү.Құсайынов, Ф.Оразбаева, Ә.Жүнісбеков, Д.Рахымбек т.б. еңбек еткен.
Оқулық түзу мәселесі үш түрлі бағытта жүріп жатыр, бірақ олардың бәрі бірдей өмірден практикалық қолданым талқылауда себебі білім стандарты мен оқу бағдарламалардағы негізгі бағыт оң болғанымен, оның жалпылама сипатта ғана беріліп, жүзеге асыру жолдарының нақты жүйесінің жасалынбауы оқулықтарға ол талаптардың орындалмай қалуына соқтырған. Біз үшінші бағытта коммуникативтік қатынастағы тіл ретінде үйретуге бағытталған оқулықтар тобына назар аударып отырмыз. Себебі тілдік қатысым болмай адамдар өзара түсінісе алмайды. Бұл - алғашқы қадам. Қазақ тіл білмегенде бұл салаға алғаш бет бұрып, осы бағыттың дұрыстығын дәлелдеген ғалым педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оразбаева Фаузия Шамсияқызы. Оның: Қазіргі жас ұрпақ XXI ғасырда Қазақстан Республикасына білімді тұлғамен қатар қазіргі әлемдік өркениетке сай мінезі, тапқырлығы талабы мен таланты жетік өз ортасын жарып шыға алатын, бәсекеге төтеп бере алатын жеке тұлғаның қажет екенін біліп, мемлекеттік, шетел орыс тілдерін жетік білетін мамандарға ұмтылуда — деген атты біздің дипломдық жұмысымыздың маңыздылығын айқындай түсері хақ.
Диплом жұмысының мақсаты: II сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан түзу үшін қажетті тілдік қатынас теориясын анықтау.
Диплом жұмысының міндеті: Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін
- Тілдік қатынас анықтамасын;
- Тілдік қатынастың құрамы мен тұлғаларын;
- Тіл мен ойлардың сөйлесімнің, таңбаның бірліктерін
шешу қажет.
Диплом жұмысының нәтижелерін теориялық тұрғыдан:
- қатысымдық бағыттағы оқулықтар түзуде;
- қатысымдық бағыттағы оқулықтарға мәтіндер түзуде;
- қатысымдық бағыттағы оқулықтарға жаттығулар
пайдалануға болады.
Диплом жұмысын жазуда дәстүрлі лингвистикалық, талдау және жинақтау әдістеріне пайдаланылды.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі. : Бастауыш
мектептері қазақ тілі оқулығы.
Диплом жұмысынң құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Тілдік қатынас дегеніміз не?
Қарым-қатынастың түрлері көп. Тілдік қатынасы - тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен карым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу, яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі тілдік қатынас дегенді білдіреді.
Бұл жерде сөйлеу тілі деген тіркесі ерекше бөліп айтуға тура келеді. Өйткені ол ауыз екі сөйлеу деген мағынаны емес, жалпы адамзаттың сөйлесу құралы, сөйлеу құралдарының қызметі, адамның тілі, адамның тілдік қатынас құралы деген қоғамдық-әлеуметтік мәні бар ұғымды жеткізуі тиіс. Сондықтан осындай нақтылы ұғымды білдіру үшін, біз сөйлесім тілі деген тіркесті қолданамыз. Себебі «сөйлесім», «сөйлеу», түбірі арқылы жасала келіп, сөйлеу процесінің тек адамның ойын жарыққа шығару қасиетін білдіретіндіктен, көбінесе біржақты әрекет ретінде қабылданады. Ал «сөйлесім» «сөйлеу» түбіріне ортақ етістің «с» жұрнағы қосылу арқылы жасала келіп, бір-бірімен тілдік қарым-қатынас нәтижесінде іске асатын ортақ құбылысты көрсетеді. Тілдік қатынас жүзеге асу үшін, айтылған не жазылған хабардың қабылданып, оған жауап қайтарылуы, яғни істің ортақ атқарылуы — басты шарт. «Сөйлесім» - осы басты шартты және ортақ тілдік әрекетті аңғартатын сөз.
Сөйлесім тілі - тек адамзатқа ғана тән әрекет, тек адамдар ғана тіл арқылы сөйлей алады, үғыныса алады. Ал басқа тірі жануарлар т.б. бәрінде дененің бір мүшесі ретінде, анатомиялық-физиологиялық жағынан тіл болғанымен, олар сөйлеу мүшелеріне тән қызметпен қамтамасыз етілмеген, яғни олар тірлігі бар құбылыс болғанымен сөйлей алмайды.
Сөйлесім әрекеті тек сөйлеу мүшелерінің қызметіне ғана емес, ойлау мен пайымдаудың, сана мен мидың да ерекшелігіне қатысты. Бұл - өз алдына бөлек, жеке мәселе.
Тілдік қатынас /ТҚ/ - сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді.
Өмірде адамдар тек тілмен сөйлесу арқылы ғана бір-бірімен түсініспейді, кейде әр түрлі жағдайларға байланысты олар бір-бірін тілсіз-ақ ұғып, соған қарай іс-әрекет жасайды. Мәселен, көшеде келе жатқанда, адамдар түрлі жарық көздеріне, естілген дыбыстарға назар аударып, соған өздерінше жауап қатады, соған сай әрекет жасайды. Сол сияқты жол белгілерінің әр түрлі үлгілері немесе таңбалары адамға белгілі бір жайдан хабар береді де, адам оны қабылдап, түсініп, осыған байланысты қозғалады.
Кейде адамдар белгілі бір шартты келісімдер немесе белгілер арқылы тілсіз-ақ үғынысады. Бұл да - адамдар арасындағы қарым-қатынастың бір түрі. Осы басқа да адамдардың бірін-бірі түсінудің көптеген жолдары бар.
Мұндай семиотикалық таңба-белгілерден өзгеше
адамдардың ыммен түсінісуі және көздің, ауыздың, қабақтың қимыл-қозғалыстары мен жалпы бет-әлпеттің өзгеруі арқылы ұғынысуы сияқты қаншама көп белгілер бар. Тіптен дене мүшелерінің /қолдың, аяқтың, иықтың т.б./ әр түрлі қимыл-әрекеттерінің өзін неше саққа жүгіртуге болады.
Ауладан естілген қатты айқай немесе есікке берілген қоңырау, соны ести сала екінші адамның оған қарсы әрекет жасауы /далаға жүгіріп шығуы, не есікті ашуға ұмтылуы/ бұл да өзара түсініскендік.
Қарым-қатынастың жоғарыда айтылған үлгілерінің барлығы өмірден, қоғамнан тыс бола алмайды. Мұндай қарым-қатынастар адам үшін қызмет етеді, ададмдардың өзара түсіністігіне жол ашады. Сондықтан олар да
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Абузяров Р.А., Туева З.И. Русский язык на занятиях по
начальной военной подготовке в национальной школе. 2-изд.,
М, "Просвещение", 1989.
2. Адамбаева Ж. Орыс мектептерінде казақ тілі сабактарында
тіл дамыту жұмыстары. Алматы, 1978.
3. Адамбаева Ж. Орыс мектептерінде қазақ тілін окытудын,
кейбір мәселелері. Алматы, "Рауан", 1993.
4. Айғабылов А. Лексиканы окыту методикасы және оның
казіргі міндеті. Алматы, "Мектеп", 1982.
5. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. Орынбор, Қазмембас,
1924. Аймауытов Ж. Ана тілін қалай окыту керек? "Жаңа мектеп
1925, N2.
7. Аймауытов Ж. Тіл туралы "Еңбекші казак", 1926, 9-наурыз.
8. Аймауытов Ж. Дәйектігі жөнінен. "Еңбекші қазақ", 1928.
23-ноябрь.
9. Аймауытов Ж. Комплекспен оқыту жолдары. Қазмембас, 1929 г.
10. Актуальные вопросы вузовской методики преподавания и
усвоения русского языка: русский язык в вузе. Сб.статей.
/отоед.А.Метса/. Таргу, ТГУ, 1982.
П.Алдашева А. Казахский язык. Учебно-методическое пособие. Алматы, "Санат", 1997.
12. Алдашева А., Сарыбаев Ш., Уэлиев Н. Жаңа атаулар. Алматы, "Анатілі", 1992.
15.Аманжолов С, Сауранбаев Н. Қазак тілінің граммати-касы. П-бөлім. Синтаксис. Алматы,1939.
16. Аралбаев Ж. Қазак фонетикасы бойынша этюдтер. Алматы
Ғылым", 1988.
17. Арғынов X. Қүрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы.
Алматы, "Мектеп", 1964.
18. Арғынов X. Қазак тілі синтаксисі методикасының не-
гіздері. Алматы, "Мекгеп", 1969.
19. Арғынов X. Қазак тілі методикасы. Алматы, "Мектеп",
1974.
20. Артемьева М.А. Категория интенсивности в публицистике:
общее и индивидуальное в языке. Авт. канд.фил.наук,
М.,1992.
21.Аскерова Л.Д. Коммуникативно-речевые средства орга-низации типов речи газетаого текста. Авт. канд.фил.наук. Алматы1992.
22. Ахгамбердиева З.Т., Еремина К.И. Қазак тілі. "Ферст
девелопмент", 1995.
23. Аяпова Т.Т. Қазак тілі. Негізгі окулык. Үй кітабы.
Мұғалім кітабы, Тылым", 1998.
24.Әбдіғалиев С. Неміс тілін окытудың негіздері. Алматы, ҚазМУУ,1992.
25. Әбілкаев А. Қазак тілін окыту әдістемесі. Алматы, 1995.
26. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазак тілін окыту методикасы.
Алматы, "Мектеп" 1965.
27. Әлімжанов Д. Қазак тілін окыту методикасының прог-раммасы. Алматы, 1980.
29. Әміров Р.С. 1-класта казақ тілін окыту. Алматы, "Қаз.
мем. басп.", 1962.
30. Әміров Р.С. т.б. Грамматика, емле, тіл дамыту. Алматы,
"Рауң", 1993.
31. Әуелбаев Ш., Қазак тілі сабактарының мазмұны мен
жоспарлау үлгілері. Алматы, "Мектеп", 1980.
32. Байкова Л.С. Теория и практика коммуникативного обу-чения
русскому языку в национальном вузе. Дис.док.пед.наук. М.,1985.
33. Балакаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін окыту.
Алматы, "Мектеп", 1989.
34.Баринова ЕЛ. и др. Методика русского языка. М.,
1974.
35. Барлыбаев Р. Қазіргі қазак тіліндегі коғамдык-саяси лексика.
Алматы, "Мектеп", 1978.
36.. Бейсенбаева К.А. Қазак тілі. Алматы, 1998.
37. Бектуров ILL, Бектурова А. Казахский язык. /под общей
ред. проф.А.Е.Карлинского/. Алматы, "Рауан", 1990
38. Беляев Б.В. О взаимоотношении мышления, языка и ре-
чи. "Вопросы психологии", 1958.
39. Беляев Б.В. Очерки по психологии обучения иностран-
ным языкам. 2-изд. М., 1965.
40. Ф.ПІ. Оразбаева «Тілдік қатынас теориясы мен әдістемесі»
Алматы 2000ж.
41. Қордабаев Т.М. «Жалпы тіл білімі» Алматы мектеп №75
42. Қоянбаев М. «Педагогика» 1999ж. Алматы
43. Рахметова С. Бастауыш класс оқушыларының тілін
дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері /ауызша және жазбаша
тіл дамыту әдістемесі/. Пед.ғыл.док.дис. Алматы, 1994.
44. Рубинштейн С.А. Основы общей психологии. В 2-х то-
мах. М., "Педагогика", 1989.
45. Садуакасов Ә. Қазақ тілінен методикалық құрал. 2класс.
Алматы, Қазмембас, 1941.
46. Сариева К. Қазак тілі. Алматы, "Білім" 1997.
47. Сарыбаев Ш.Х. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері.
П-бөлім. Алматы, ОПБ, 1959.
48. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Ақанова Д. Тіл ұстарту.
Қазақ тілі. Казахский язык. Учебный комплекс. Алматы, "Жібек
жолы", 1996.
49. Сыздықова P., Шалабаев Б. Көркем тексті лингвистикалық
талдау. Алматы, "Мектеп", 1989.
50. ¥йықбаев И. Қазақ тілін оқыту мәселелері. Алматы, 1959.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ..2-3
I. Тілдік қатынас дегеніміз не ... ..4-11
II. Тілдік қатынастың құрамы мен тұлғалары ... ...12-20
II.1. Сөз тілдік қатынастың басты тұлғасы ... ...21-29
III. Тілдік қатынастың ғылыми кезеңдері ... ...30-40
III. 1. Тіл мен ойлау ... ...41-45
Ш.2. Тіл мен сөйлесім ... ...46-49
III.3. Тіл мен таңба ... ...50-52
Қорытынды ... ... ... .53
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... .54
Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Ғасырлар бойы
бостандықты, елдікті аңсаған еліміздің қолы тәуелсіздікке жеткелі бері
мемлекеттік тілде ұлтымыздың сана-сезіміне, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына
сай келетін, яғни ұлттық рухын жоғары көтеретін мәселесі тіл білімі
саласында ғана емес, ғылымның барлық саласында күн тәртібіндегі айрықша
маңызға ие болды. Осы бағытта көптеген ғалымдар: (Қ.Асылов, Ү.Құсайынов,
Ф.Оразбаева, Ә.Жүнісбеков, Д.Рахымбек т.б. еңбек еткен.
Оқулық түзу мәселесі үш түрлі бағытта жүріп жатыр, бірақ олардың бәрі
бірдей өмірден практикалық қолданым талқылауда себебі білім стандарты мен
оқу бағдарламалардағы негізгі бағыт оң болғанымен, оның жалпылама сипатта
ғана беріліп, жүзеге асыру жолдарының нақты жүйесінің жасалынбауы
оқулықтарға ол талаптардың орындалмай қалуына соқтырған. Біз үшінші бағытта
коммуникативтік қатынастағы тіл ретінде үйретуге бағытталған оқулықтар
тобына назар аударып отырмыз. Себебі тілдік қатысым болмай адамдар өзара
түсінісе алмайды. Бұл - алғашқы қадам. Қазақ тіл білмегенде бұл салаға
алғаш бет бұрып, осы бағыттың дұрыстығын дәлелдеген ғалым педагогика
ғылымдарының докторы, профессор Оразбаева Фаузия Шамсияқызы. Оның: Қазіргі
жас ұрпақ XXI ғасырда Қазақстан Республикасына білімді тұлғамен қатар
қазіргі әлемдік өркениетке сай мінезі, тапқырлығы талабы мен таланты жетік
өз ортасын жарып шыға алатын, бәсекеге төтеп бере алатын жеке тұлғаның
қажет екенін біліп, мемлекеттік, шетел орыс тілдерін жетік
білетін мамандарға ұмтылуда — деген атты біздің дипломдық жұмысымыздың
маңыздылығын айқындай түсері хақ.
Диплом жұмысының мақсаты: II сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт
тұрғысынан түзу үшін қажетті тілдік қатынас теориясын анықтау.
Диплом жұмысының міндеті: Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін
- Тілдік қатынас анықтамасын;
Тілдік қатынастың құрамы мен тұлғаларын;
Тіл мен ойлардың сөйлесімнің, таңбаның бірліктерін
шешу қажет.
Диплом жұмысының нәтижелерін теориялық тұрғыдан:
- қатысымдық бағыттағы оқулықтар түзуде;
қатысымдық бағыттағы оқулықтарға мәтіндер түзуде;
қатысымдық бағыттағы оқулықтарға жаттығулар
пайдалануға болады.
Диплом жұмысын жазуда дәстүрлі лингвистикалық, талдау және жинақтау
әдістеріне пайдаланылды.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі. : Бастауыш
мектептері қазақ тілі оқулығы.
Диплом жұмысынң құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Тілдік қатынас дегеніміз не?
Қарым-қатынастың түрлері көп. Тілдік қатынасы - тіл арқылы байланыс,
сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен карым-қатынас жасауы;
қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу, яғни
адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі тілдік қатынас дегенді
білдіреді.
Бұл жерде сөйлеу тілі деген тіркесі ерекше бөліп айтуға тура келеді.
Өйткені ол ауыз екі сөйлеу деген мағынаны емес, жалпы адамзаттың сөйлесу
құралы, сөйлеу құралдарының қызметі, адамның тілі, адамның тілдік қатынас
құралы деген қоғамдық-әлеуметтік мәні бар ұғымды жеткізуі тиіс. Сондықтан
осындай нақтылы ұғымды білдіру үшін, біз сөйлесім тілі деген тіркесті
қолданамыз. Себебі сөйлесім, сөйлеу, түбірі арқылы жасала келіп, сөйлеу
процесінің тек адамның ойын жарыққа шығару қасиетін білдіретіндіктен,
көбінесе біржақты әрекет ретінде қабылданады. Ал сөйлесім сөйлеу
түбіріне ортақ етістің с жұрнағы қосылу арқылы жасала келіп, бір-бірімен
тілдік қарым-қатынас нәтижесінде іске асатын ортақ құбылысты көрсетеді.
Тілдік қатынас жүзеге асу үшін, айтылған не жазылған хабардың қабылданып,
оған жауап қайтарылуы, яғни істің ортақ атқарылуы — басты шарт. Сөйлесім
- осы басты шартты және ортақ тілдік әрекетті аңғартатын сөз.
Сөйлесім тілі - тек адамзатқа ғана тән әрекет, тек адамдар ғана тіл
арқылы сөйлей алады, үғыныса алады. Ал басқа тірі жануарлар т.б. бәрінде
дененің бір мүшесі ретінде, анатомиялық-физиологиялық жағынан тіл
болғанымен, олар сөйлеу мүшелеріне тән қызметпен қамтамасыз етілмеген, яғни
олар тірлігі бар құбылыс болғанымен сөйлей алмайды.
Сөйлесім әрекеті тек сөйлеу мүшелерінің қызметіне ғана емес, ойлау мен
пайымдаудың, сана мен мидың да ерекшелігіне қатысты. Бұл - өз алдына
бөлек, жеке мәселе.
Тілдік қатынас ТҚ - сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді
нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры
тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті
қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен
пікір алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді.
Өмірде адамдар тек тілмен сөйлесу арқылы ғана бір-бірімен түсініспейді,
кейде әр түрлі жағдайларға байланысты олар бір-бірін тілсіз-ақ ұғып, соған
қарай іс-әрекет жасайды. Мәселен, көшеде келе жатқанда, адамдар түрлі жарық
көздеріне, естілген дыбыстарға назар аударып, соған өздерінше жауап қатады,
соған сай әрекет жасайды. Сол сияқты жол белгілерінің әр түрлі үлгілері
немесе таңбалары адамға белгілі бір жайдан хабар береді де, адам оны
қабылдап, түсініп, осыған байланысты қозғалады.
Кейде адамдар белгілі бір шартты келісімдер немесе белгілер арқылы
тілсіз-ақ үғынысады. Бұл да - адамдар арасындағы қарым-қатынастың бір түрі.
Осы басқа да адамдардың бірін-бірі түсінудің көптеген жолдары бар.
Мұндай семиотикалық таңба-белгілерден өзгеше
адамдардың ыммен түсінісуі және көздің, ауыздың, қабақтың қимыл-
қозғалыстары мен жалпы бет-әлпеттің өзгеруі арқылы ұғынысуы сияқты қаншама
көп белгілер бар. Тіптен дене мүшелерінің қолдың, аяқтың, иықтың т.б. әр
түрлі қимыл-әрекеттерінің өзін неше саққа жүгіртуге болады.
Ауладан естілген қатты айқай немесе есікке берілген қоңырау, соны ести
сала екінші адамның оған қарсы әрекет жасауы далаға жүгіріп шығуы, не
есікті ашуға ұмтылуы бұл да өзара түсініскендік.
Қарым-қатынастың жоғарыда айтылған үлгілерінің барлығы өмірден,
қоғамнан тыс бола алмайды. Мұндай қарым-қатынастар адам үшін
қызмет етеді, ададмдардың өзара түсіністігіне жол ашады. Сондықтан олар да
адамдардың қарым-қатынасына, байланысына коммуникацияға жатады. Өмірдегі
мұндай ұғынысу, түсінісу тілсіз қарым-қатынас деп аталады.
Тілсіз қарым-қатынаста түсінісудің бәрі тілдік тұлғалардың сөз, сөйлем
т.б. қатынасынсыз жүреді. Мұнда тіл қатынас құралы ретінде қызмет
атқармайды.
Дегенмен, тілсіз қатынас пен оның түрлері қоғамда да, өмірде де белгілі
орын алады. Бұлар адамдардың қарым-қатынасына қызмет ете келіп, түсінісудің
қарапайым жолы болып табылады.
Жалпы адамдардың қарым-қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан
тұрады. Оның бірі — тілдік қатынас, екіншісі - тілсіз қатынас.
Тілдік қатынас пен тілсіз қатынастың ұқсастықтары да, айырмашылықтары
да бар. Бұл қатынастардың сәйкес жақтары: олардың екеуі де, біріншіден,
адамдардың бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамдар арасындағы
қатынасқа қызмет етеді.
Екіншіден, тілдік қатынаста да, тілсіз қатынаста да белгілі бір нәрсе
хабарланады, бірақ тілсіз қатынаста хабар шартты түрде болуы мүмкін.
Үшіншіден, тілдік, тілсіз қатынас та адамдардың өзара түсінісуіне жол
ашады. Ұғынысу тікелей жолмен емес, сырттай болуы да мүмкін, бәрібір
адамның белгілі бір хабарды үғып, соған қатысты іс-әрекет жасауына
мүмкіндік болады. Алайда тілдік қатынас адамдардың бір бірімен ұғынысуын,
ойын еркін, толық жеткізуінде ерекше қызмет атқарады. Оның осы ерекшелігіне
ғалымдар баса көңіл аударады. Мәселен,
Г.В.Колшанский: Языковая коммуникация — это прежде всего общение с
помощью языка в целях установления взаимопонимания, - деп, тілдік
қатынасты өзара түсінісудің тіл арқылы жүзеге асуы деп бағаласа,
И.М.Кобозева оны ойдың тіл арқылы берілу тәсілі дей отырып, бұл процесті
сөйлеуге қатысты қарым-қатынаспен байланыстырады: ...это способ передачи
мысли посредством языка, объективируемый в форме речевого акта — этого
элементарного звена речевого общения
Тілдік қатынас — тілсіз қатынастан әлдеқайда күрделі және бөлек.
Сондықтан да тіл білімі - адамдардың қарым-қатынас құралы тіл туралы және
сол қарым-қатынасқа негіз болатын тілдік қатынас туралы ғылым.
Лингвистикадағы тілдік қатынас мәселесін жан-жақты қарастырып, белгілі
бір тұжырымға келген автордың бірі - Э.П.Шубин. шет тілдерін оқытудың
қағидалары мен әдістемелерін сөз ете отырып, жалпы тілдік қатынастың
құрамын, олардың атқаратын қызметін, оқытудың мақсаты мен мазмұнын, тілдік
құралдары анықтауға тырысады. Оның бұл проблемаға қатысты өзіндік пікірлері
бар. Ол көзқарастардың ұғымды жақтары да, субъективтік жақтары да
кездеседі.
Э.П.Шубин тілдік қатынасы хабармен алмасудың тұтас жиынтығы дей келіп,
негізінен, тілдің дыбыстық жүйесі мен таңбалық ерекшелігіне көңіл
аударады:
Естественно было бы определить языкаовую коммуникацию как комплекс
явлений, связанных с обменом информацией между людьми через посредство
универсальной системы звуковых или графических знаков, именуемой языком.
Тілдің таңбалық қасиетімен қатар автор хабардың берілуі мен
қабылдау түрлеріне, оны жеткізуші шарттарға ерекше көңіл бөледі. Тіптен бір
объектіден шыққан хабар информация екінші объектіде қабылдану үшін,
олардың арасында хабарды жеткізетін көмекші құралдардың посредниктің
болатынын дәлелдеп, оған жазуды жатқызады:
В примитивной языковой общине все коммуникативные
явления сводились к передаче и приему звуковых сообщений.
Но в обществе? имеющем письменность и взаймодействующем
с другими языковыми коллективами, обмен информацией
между коммуникантами нередко осложняется наличием
своеобразных посредников выполняющих особые
вспомогательные коммуникативные операции.
Тілдік қатынастың осындай ерекшеліктерін атап өте келіп, Э.П.Шубин оның
тілдік қатынастан тілсіз қатынастың екі түрлі айырмашылығы бар деп
есептейді.
Біріншіден, тілдік қатынас әмбебап, яғни жан-жақты, өйткені ол
адамдардың барлық саналық және физикалық әрекетіне қызмет етеді.
Екіншіден, тілдік қатынас бірінші пайда болады, яғни
алғашқы кезеңде тұрады, өйткені оған адамның ойдау
қабілеті негіз болады. Бұны ғалымның өз сөзімен келтірейік:
Во-первых, языковая коммуникация универсальна, поскольку
она обслуживает все сферы умственной и физической
деятельности людей, неязыковая же коммуникация используется
либо в специальных ситуациях, либо как вспомагательная по
отношению к языковой. Во-вторых, языковая коммуникация
первична, поскольку на ней базируется само мышление
человека; трудно представить себе такой вид неязыковой
коммуникации, который осуществлялся бы без
психологического вмешательства знаков языка точнее их образов.
Э.П.Шубин айтып отырған тілдік қатынас бүкіл хабардың тұтас жиынтығы
деген анықтамамен келісуге болады. Бірақ мәселенің негізі мынада: тілдік
қатынас жалпы хабардың, ақпараттың тұтас жиынтығынан тұратын болса, онда
хабардың тұтас комплексті жиынтығы неден құралады, оның басты құрамы
қандай деген сауалды шешуге тура келеді.
Бұл ретте тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырушы хабарға қатысты барлық
құрамды бөліктер жеке-жеке жіктеле келіп, олардың әрқайсысының өзіндік
қызметі анықталуы тиіс.
Ең алдымен, ерекше орын алатын тілдік қатынастың негізгі мазмұны, мәні,
мағынасы болып табылатын - хабарды іс жүзіне асырушылар, хабарға тікелей
қатысушылар. Олар мынадай құрамнан тұрады:
Белгілі бір ақпаратты, деректі хабарлайтын — Баяншы.
Ақпаратты жеткізетін — Тұлғалар
Ақпаратты не деректі - Қабылдаушы.
Баяншы - сыртқы объективтік әсерді, өмірді сезінуден, пайымдаудан туған
санадағы ойды түрлі тілдік амал-құралдардың, тұлғалардың көмегімен екінші
біреуге баяндауды, хабарлауды жүзеге асыру үшін тілдік байланысқа қатысушы,
тілдік қарым-қатынасқа түсуші.
Тұлғалар — хабарлаушыдан шыққан дерек туралы басқа адамның санасындағы
ұғым тудыратын, оған ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыз ететін, адамдар
арасындағы карым-қатынасқа байланысшы ретінде қызмет атқаратын қатысымдық
бірліктер.
Қабылдаушы — белгілі бір хабарды қабылдап, алып, оның мәнін тілдік
тұлғалар арқылы түсініп, ой мен пайымдау арқылы өз санасынан өткізіп
ұғынудың нәтижесінде тілдік қатынасты ары қарай іске асырушы.
Баяншыға да, қабылдаушыға да — бәріне ортақ әрекет — байланыс, қатынас.
Ал байланыс, тілдік қатынас тіл арқылы жүзеге асады. Адамдар арасындағы
өзара байланыс болмаса, сөйлесім әрекеті де жүзеге аспайды. Байланыс —
тілдік қатынастың негізін жасайтын, оны іске асырушы өзек, адамдар
арасындағы тілдік қарым-қатынастың қажетті шарты.
Баяндау мен қабылдау үрдістері тілдік қатынастың
барлығына тән. Бірақ лингвист-ғалымдар оларды қарапайым
күнделікті сөздермен атаудан гөрі, лингвистикалық
терминдермен атауды жөн көреді. Дегенмен, бұл терминдердің өзі тіл ғылымына
біркелкі емес.
Мәселен, Э.П.Шубин тілдік қарым-қатынастағы
хабарлауды, яғни хабар беруді - трансмиссия, ал қабылдауды -
рецепция деп атайды. Осыған орай хабар берушіні
трансмиссор, хабар қабылданушыны — реципиент дейді.
Сонымен қоса, алғашқы - хабарлауға қатысты құбылыстарды -
трансмиссивті трансмиссивные немесе
Продуктивті продуктивные; ал қабылдауға қатысты құбылыстарды - рецептивті
рецептивные деп көрсетеді. Э.П.Шубиннің айтуынша, хабар Р
трансмиссордан Т шығады да, реципиентке R\ жетеді.
Қазақ тіл білімінде тілдік қатынасқа қатысты терминдер қалыптаспағанын
ескеріп, бұл ұғымдарды беру үшін төмендегі терминдерді қолданған дұрыс деп
таптық. Олар: баяншы, хабар, тұлға, қабылдаушы. Сонда тілдік қатынас жүзеге
асу үшін Баяншыдан Б шыққан Хабар X Тұлғалар Т арқылы Қабылдаушыға
Қ келіп, одан ары қарай қайтадан байланысқа түсіп, тілдік айналымда
жұмсалады.
Шынтуайтқа келгенде, басты мәселе мынада: баяншыдан Б шыққан хабар
X қатысымдық тұлғалар Т арқылы қабылдаушыға Қ дұрыс жету керек. Ал ол
ауызша болсын, жазбаша болсын бәрібір жүзеге аса береді: тек жазбаша түрде
болса, онда арада көп уақыт өтуі мүмкін. Өйткені әр түрлі жағдайларға
байланысты хабардың бірден жеткізілмеуі, немесе тоқтап тұруы, немесе
бірнеше үздікпен берілуі мүмкін т.б.
Тілді зерттеуші ғалымдар тілдік қатынас құбылысына байланысты үш
кезеңді атап өтеді, олар мыналар:
Хабардың дұрыс айтылуы, шығуы. Мұнда синтаксистік
заңдылықтар, яғни грамматикалық единицалардың айтылуы,
дыбысталуы ерекше көзге түседі.
Айтылуға тиісті мағынаның дұрыс жеткізілуі, айтылар
ой мен айтылған тілдік құралдың тепе-теңдігі. Мұнда
семантикалық заңдылықтар басым роль атқарады.
3. Әңгімелесуші - екінші адамның хабарды дұрыс
қабылдауы. Е.И.Пассов осы үш кезеңді баяндай келіп, тілдік
қатынастың толық жүзеге асуы үшін ең бастысы - үшінші
кезең, алдыңғы екі кезең қарым-қатынасты іске асырмайды,
бірақ өкінішке орай тілдік қатынаста біз осы үшінші кезеңге
жете бермейміз, яғни қарым-қатынаста бірінші және екінші
кезеңдерде тоқтап қалып қоямыз деп көрсетеді.
Біздің пікірімізше, тілдік қатынас жалпы адамзат арасындағы ойға,
санаға қатысты болса, ол, ең алдымен, сыртқы объективтік шындықты
қабылдаудан, жеткізейін деген хабарды пайымдаудан туады.
Тілдік қатынастың дыбыс арқылы айтылуы және әріп арқылы таңбалануы
лингвистикада ауызша және жазбаша тілдік қатынастар деп те
айтылады. Осы тұрғыдан келгенде, тілдік қатынасты дыбыстық және графикалық
таңбалардың әмбебап жүйесі деп танысақ, онда тілдің таңбалар жүйесі тілдік
қатынастың ауызша түрі, болып табылады. Тілдік таңбалар жазылу арқылы көзге
көрінеді, ал дыбысталуы немесе айтылуы арқылы естіледі. Бұл екеуі де
тілдік қатынастың жүзеге асуы үшін қызмет етеді.
Ауызша қатынас адамдардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынасы
нәтижесінде іске аса келіп, белгілі бір хабардың дыбысталуы естілуі
арқылы сыртқа шығады. Адамдардың арасындағы ауызша тілдік қатынас - өте
ертеден пайда болып, қоғаммен бірге өмір сүріп келе жатқан құбылыс.
Ауызша қатынас — ойдың тіл арқылы сыртқа шығуы, ол тілдік тұлғалардың
сөзге, сөйлемге айналып, дыбысталуы арқасында жүзеге асады.
Ауызша тілдік қатынаста басты роль атқаратын - адамның сөйлеу мүшелері.
Дыбыстау мүшелері ерін, тіл, тіс, мұрын, дауыс шымылдығы т.б. жиі
қозғалып, еркін жұмыс істеу арқылы қатысымдық тұлғалардың айтылып,
естілуіне мүмкіндік жасайды.
Бұл — сөйлесім әрекетінің іске асуының алғашқы кезеңі болып табылады.
Ауызша ТҚ адамның сөйлеу қабілетіне қарай өзгеріп отырады және тілдік
қатынастың әр түрлі қызметін эмоциялық, экспрессивтік, байланыстырушылық
т.б. іске асырады. Бұл ретте дауыс ырғағының мәні ерекше. Жазбаша
қатынас тілдік тұлғалардың таңбалық қасиетімен байланысты
бола келіп, адамдардың бір-бірімен тікелей қатынаста болуын аса қажет
етпейді. Жазбаша қатынаста тілдік тұлғалардың естілу қасиетінен гөрі, көзге
көріну ерекшелігі басым болады. Мұндай қарым-қатынас таңбаларының тұрақты
жүйесі арқылы іске асады, оны адам өз бетінше өзгерте алмайды.
Жазбаша тілдік қатынаста басты роль атқаратын - тілдік тұлғалардың
таңбалық көрінісі. Жазбаша тілдік қатынас ТҚ -ауызша тілдік қарым-
қатынастан ТҚ кейін пайда болған құбылыс.
Ауызша ТҚ пен жазбаша ТҚ айырмашылықтарын қадағалай отырып, оларды
дыбыстық ТҚ дыбысталу нәтижесінде болатын және таңбалық ТҚ әріптермен
таңбаланудан болатын деп те атауға болады.
Дыбыстық ТҚ естілуімен ерекшеленеді, ал таңбалық ТҚ жазылады және
әріптер арқылы көзге көрінеді.
Сонымен, ауызша қатынас дыбыстала келіп, сөйлеу арқылы іске асады және
тыңдалады. Жазбаша қатынас таңбалана келіп, жазу арқылы жүзеге асады.
Және оқылады.
Ауызша тілдік қатынас пен жазбаша тілдік қатынастардың әрқайсысы жеке
құбылыс ретінде өмір сүрмейді. Олар өзара тығыз байланысты бола келіп,
біреуі екіншісіне ұласады.
Тілдік қатынасқа негіз болатын адамның ойлау қабілеті, осы
ерекшелігімен ол тілсіз қатынастан ажыратылады. Оны ғалымдар айтып та жүр.
Ойлаусыз тілдік қатынас жоқ. Ойлау тілдік қатынастың тірегі ғана емес, ол —
бүкіл сөйлеу әрекетімен өмір сүретін адамзаттың болмысы. Ойлау мен сана,
тіл мен сөйлеу - бір-бірінен ажырамас жүйелі құбылыстар.
Тілдік қатынас сөз жоқ ойлау мен сөйлеудің бірлігінен тұрады. Өйткені
тіл-ойдың көрінісі, адам ойын тіл арқылы , яғни сөйлеу арқылы
жеткізеді. Ал тілдік қатынастың негізі -тіл.
Сондықтан олардың бірлігі өте берік, олар бірінсіз бірі өз қызметтерін
атқара алмайды. Яғни, ойлау мен сөйлеу тіл арқылы қарым-қатынаста маңызды
роль атқарады. Рас, белгілі бір тілді оқытуда бұл бірлік табиғаттың
болмысымен бірге қалыптасып дамыса, уақыт өткен сайын ол күрделене түседі
және ана тілінен бөтен генеалогиялық жағынан туыстас емес тілдерді
үйренудің өзіндік қиындықтары мен кедергілері болуы мүмкін.
Сондықтан да шет тілін, екінші тілді оқыту әдістемесін зерттеуші
ғалымдар қатыстым коммуникативтік әдісіне қазір ерекше назар аударып жүр.
Тілді оқыту қазір тілдің түрлі зандылықтарының теориясын үйретуте емес,
тілдің адамдар арасындағы қатынастық қызметін меңгертуге, екінші тіл арқылы
адамдар бір-бірімен қатынас жасай алатын болуына бағытталып отыр.
Екінші тілді оқытуда қатысым әдісінің қолданылуы кешірек
басталғандықтан, әлі оның теориялық негізі толық қалыптасып үлгерген жоқ.
Ғалым-тілшілердің қатысымдық коммуникативтік теорияны әлі бір
жүйеге келтірмеуі оның анықталуына уақытты сарапшы санауға әкеліп отыр. Бұл
мәселенің шешілуінің қиын да, күрделі екенін аңғартса керек.
Бүгінгі күн талабына сай барлық жерлерде екінші тілді, шет тілдерін
үйрету, оқыту кеңінен іске асырылып жатқан кезде, қазақ тіл білімінде де
тілдік қарым-қатынастың аясы кеңіп, тілдік қатынас өз-өзінен жүріп жатыр.
Оны тілшілер ғана емес, барша қауым болып жүзеге асырып отыр. Сондықтан
қазақ тілінің қатысымдық жүйесін бір ізге салып, оның теориялық
негізін жасауға ат салысу — бүгінгі зерттеушілердің алдында түрған
міндет.
Рас, қандай болсын ереже бірден сәтті болмауы мүмкін, өйткені ол үзақ
тәжірибелердің жиынтығынан, бірнеше коллективтік еңбектің нәтижесінен
тұжырымдалады. Дегенмен, бүгінгі күн талабын қазірден бастап қолға алып,
тіл заңдылықтарын зерттеуді тереңдете түссек, сол азды-көпті айтылған
пікірлерден дұрыс тұжырым жасауға мүмкіндік туады.
Сонымен, тілдік қатынас — адамдарға тән ойлау мен сөйлесім үрдісінің
белгілі бір қоғамдық қатынаста тіл арқылы жарыққа шыққан көрінісі.
Тілдік қатынастың басты ерекшелігі: ол үздіксіз қозғалыста болатын
қатынас құралы тілдің санамен бірлігі арқасында жүзеге асады және тек
адамзатқа ғана тән болып табылады.
Қандай болсын тілдік қатынасқа кем дегенде екі
байланысшы қатысады. Олардың біреуі хабарлайды, екіншісі
қабылдайды, немесе біреуі хабарды айтып, не жазып,
жібереді, екіншісі хабарды алады. Бұл екі процестің екеуі де сөйлесім
әрекеті арқылы болады есту мүшесінің актви қызметі арқылы жүзеге асады,
көзбен көру арқылы қабылданады.
Екіншіден, ол адамдардың қарым-қатынас құралы тіл арқылы жүзеге аса
келіп, бір адамға ғана емес, жалпы адамзатқа, қоғамға қызмет етеді. Яғни,
ол - қоғамның өзі туғызған, оның әлеуметтік қажеттігін өтейтін күрделі
құбылыс.
Үшіншіден, тілдік қатынас жеке адамның тікелей өз басына емес, жалпы
оның қоғамдағы орнына байланысты болады. Ол қоғамдық қарым-қатынастың
негізін сала келіп, адамның әлеуметтік пікірлсеудің, ұғынысудың
дамуына жол ашады. Сөйтіп, адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастың
қалыптасуының шарты болып табылады. Адам мен адам тілдік қарым-қатынасқа
түсу арқылы дербес, жеке өмір сүруден қалады, олар табиғатпен, жаратылыспен
біріге отырып, күрделі әлеуметтік, қоғамдық ортаға түседі.
Төртіншіден, тілдік қарым-қатынас адамды қоғамдық күрделі үрдістермен
қатар қойып, оны жаратылысқа, қоғамға тәуелді етеді. Себебі, адам тілді
тікелей өзі өзгерте алмайды, өзі қолдан жасай алмайды, адам тек тілдік
заңдылықтарды зерттей алады.
Бесіншіден, тіл — бүкіл қоғамдық-әлеуметтік
құбылыстардың ең күрделісі, ол - кішіден бастап үлкенге дейінгі, ұсақтан
бастап іріге дейінгі әрекеттердің жүзеге асуын қамтамасыз ететін жетекші
құрал. Осы қоғамдық қатынастарды тіл жүзеге асырып қана қоймайды, оған
бағыт сілтейді, жол ашады. Сондықтан да ол барлық қоғамдық үрдістердің іске
асу көзі болып табылады.
Алтыншыдан, тілдік қатынас әлеуметтік идеялардың жүзеге асуына әсер ете
келіп, бүтіндей қоғамның қалыптасуына қызмет етеді. Ол барлық саяси
топтардың байланыстырушы құралы бола отырып, өзі де қоғамдық-әлеуметтік
құбылысқа жатады.
Қорыта келгенде, тілдік қатынас ТҚ - ойлау мен сөйлеудің қатысы
арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде
жүзеге асатын, катысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу
заңдылықтар арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз
ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс.
Тілдік қатынас ең кем дегенде екі адамның қатысы арқылы жүзеге асады
деген пікір жоғарыда айтылды. Оны тілдік қатынасты зерттеуші ғалымдардың
көпшілігі атап өтеді. Ол - тілдік қатынастың жеңіл түрі.
Бірақ бір ескеретін мәселе тілдік қарым-қатынас, пікірлесу екі адамның
арасында ғана емес, екі топтың арасында да немесе бір адам мен үжымның,
яғни көпшіліктің арасында да бола береді. Бұл — тілдік қатынастың жеке
хабаршы мен жеке қабылдаушымен ғана атқарылмайтынын, хабаршы мен
қабылдаушының сан жағынан түрліше болып келетінін көрсетеді.
Қатысатын адамдар санына қарай тілдік қатынас қарапайым ТҚ не күрделі
ТҚ болып келуі мүмкін. Егер тілдік қарым-қатынас екі адамның арасында
жүргізілсе, ол қарапайым не жеңіл ТҚ болады. Ал бірнеше топтың, не үлкен
ұжымдардың бір-бірімен қарым-қатынасын іске асыратын тілдік қатынас
күрделі ТҚ жатады.
Тілдік қатынастың барлығы жоғарыда айтылған ауызша және жазбаша түрде
іске асады.
II. Тілдік қатынастың құрамы мен тұлғалары.
Тілдік қатынастың басты белгілері мен түрлерін ажыратып алған соң, оның
құрамдық бөліктерін саралаған жөн.
Біздің ойымызша, тілдік қатынастың негізгі құрамы төмендегідей болып
жіктеледі:
Тілдік қатынасты іс жүзіне асыруышылар.
Тілдік байланысқа қатысушылардың қызметі.
Сөйлеу мүшелерінің бірлігі.
Қатысымдық тұлғалардың жиынтығы.
Тілдік қатынасты іс жүзіне асырушылардың
қатарына Баяншы Б, Тұлғалар Т және Қабылдаушылар Қ жатады. Олардың
әрқайсысы туралы қысқаша мәлімет жоғарыда берілді.
Тілдік қатынасқа түсушілердің ең басты қызметі - қатысымдық,
байланыстырушылық, экспрессивтік.
Қатысымдық қызмет бойынша баяндаушы мен қабылдаушылар тілдік қарым-
қатынастың барлық түрлерін іс жүзіне асыра келіп, хабар арқылы бір-бірімен
қарым-қатынастық қызмет атқарады.
Байланыстырушылық қызмет тілдік қатынаста жүзеге асырушылардың бір-
бірімен тығыз байланысынан көрінеді. Мұнда негізгі қызмет атқаратын -
хабарды жеткізетін тұлғалар. Ол баяншы мен қабылдаушыны өзара
байланыстырады және тілдік қатынастың түсінікті болуын қамтамасыз етеді.
Экспрессивтік қызмет тілдік қарым-қатынасқа түсушілердің берілген
хабарды түсініп қана қоймай, оның айырықша мәнін, күшейту реңкін толық
білуінің нәтижесінде орындалады. Баяншы хабарды жай айтып қана қоймайды,
ондағы қандай ойға ерекше көңіл бөлу керектігін де, өзінің көңіл-күй,
сезімдерін, көзқарастарын да жеткізуге тырысады. Ал қабылдаушы осыны дәл
танып, жете түсінуі қажет болады.
Сөйлеу мүшелерінің бірлігі олардың әрқайсысының өзіне тән қимыл-
қозғалысынан және сол қимыл-әрекеттің тілдік тұлғаларды айтуға қатысты
бүтіндігінен байқалады. Әр дыбыстау мүшесі әр бөлек қимылдаса, онда дыбыс
та анық айтылмайды, сөз де түсінікті болмайды, айтылар ой да жеткізілмейді.
Сондықтан тілдік қатынас үшін, сөйлеу мүшелерінің
бірлескен, дұрыс қимыл-қозғалысы аса маңызды орын алады.
Сөйлеу мүшелерінің қимыл-әрекетімен тілдік қатынасқа қажет тұлғалардың
мән-мағынасы пайда болады. Жалпы тілдік қатынастың негізгі құрамын
көрсететін ең басты көрсеткіш, ол - тілдік қарым-қатынасты тікелей жүзеге
асыратын қатысымдық тұлғалар.
Тіл білімнің қай саласында болсын тілдік тұлғалар труалы мәселе мен
осығна қатысты терминдер бүрыннан сөз болып келеді. Бірақ бұл мәселелер әлі
толық өз шешімін тапқан жоқ.
Терминдердің қолданылу ерекшелігіне мән берсек, олар тек тілдік
единицалар ғана емес, қатынастық единицалар деп те атала бастады.
Байыптап қарасақ, мұнда негізгі мәселе олардың тілдік тұлға
лексикалық, грамматикалық, синтаксистік немесе қатысымдық тұлғалардың
аталуы жөнінде емес, тілдік тұлғаға не жатады, оның қатысымдық тұлғалардан
айырмашылығы бар ма, әлде тілдік тұлға мен қатысым тұлғалары бірдей ме
деген сұрақтардың басын ашып алуға келіп тіреледі.
Тілдік және қатысым тұлғалары туралы мәселені қарастырғанда, біз
единициа терминнің баламсы етіп көбінесе тұлға сөзін пайдаланамыз.
Лингвистикада тілдік тұлға қатысым тұлғасы деп айтылғанда, тілдік
немесе қатысымдық құбылыстың ішкі құрамы құрылысы деген мағынаны қамтуы
қажет. Тілдік немесе қатысымды тұлға кіші бөлшек те сөз бола беруі
мүмкін.
Лингвистикада тілдік единициа деген көп айтылып жүрген термин.
Қазақ тіл білімінде болсын, орыс тіл білімінде
болсын ол жалпылама алғанда қарым-қатынас құралының, яғни
тілдің құрамы, ішкі бөліктері дегенді білдіре келіп, осы тұрғыдан морфема,
сөз тіркесі, тұрақты тіркес, сөйлем - бәрі тілдік тұлға немесе жалпы тұлға
деп айтылып жүр. Кейде дыбыс пен фонеманы фонетикалық тұлға, сөзді -
лексикалық тұлға, сөйлемді — синтаксистік тұлға деп нақтылы түрде атап айту
да жиі кезедеседі.
Кейбір әдебиеттерде тіптен буын, негіз, абзац жаңа жол, контекст,
дауыс ырғағы да тілдік тұлғалар деп саналады.
Әр автор әр түрлі белгіге сүйенеді және мәселені нақтылы шешуден гөрі
түсініксіздік басым.
Осындай қарама-қайшылықтар болғанымен, көптеген тілшілер тілдік
тұлғаларға фонеманы, морфеманы, сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді
жатқызатындығын ашып айту керек. Тілдік тұлға жөніндегі нақтылы ойларды
мына авторлардардан оқып білуге болады: Қ.Аханов, Т:Қордабаев, С.Исаев,
Ә.Болғанбаев, Ғ.Мұсабаев, А.И.Смирницкий, В.М.Солнцев, Э.Бенвенист,
А.И.Моисеев, А.Реформатский, Р.А.Будагов, М.М.Копыленко, т.б.
Жалпы фонема да, морфема да, сөз де, тіркес те, сөйлем де тілдің
құрылымдық бөлшектері болып табылады. Себебі, осы аталған тұлғалардың
біреуі өз орнында тұрмаса немесе мүлде болмай қалса, тіл өз мақсатына жете
алмайды. Сондықтан адамзат тілі өз қызметін атқару үшін әр тұлғаның өзіндік
маңызы бар. Мөселе осы тұлғалардың қайсысы қандай дәрежеде қолданылуына
байланысты. Рас, сөз барлық тілдік тұлғалардың кіндігі тәрізді, оған тілге
қатысты қасиеттердің көпшілігі тән.
Бірақ сөз жеке тұрып тіл бола алмайды және адам ойын жеткізе алмайды.
Әсіресе қазақ тілінде және басқа жалғамалы тілдерде сөз жеке
түрып түсінісу құралы бола алмайды. Ол басқа сөздермен морфемалық
байланысқа түсу арқылы сөз тіркесі мен сөйлемнің құрамында белгілі бір
ойды білдіреді:
Мысалы: Бағың өскенше, тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің,
бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің Абай.
Осы сөйлем құрамындағы бір ғана тілеу сөзін алып қарастырсақ, ол әр
түрлі сөздермен әр түрлі грамматикалық байланысқа түсу арқылы нақтылы ойды
білідреді және сөйлем құрамында қолданылады.
Ю.В.Фоменко барлық единицалардың жасалуына сөз негіз болады деп, соны
басты өлшемдердің бірі деп санаса, сөздің жасалуына басқа тұлғалар мысалы,
дыбыс, фонема, морфема да әсер етеді. Мәселен: Өнерпаз болсаң арқалан
деген сөйлемді алсақ, осындағы өнерпаз сөзі паз қосымша морфемасының
қосылуы нәтижесінде жаңа мағынаны білдіріп, ол жаңадан сөз жасауға
себепкер болып тұр.
Сол сияқты арқалан сөзінің жасалуына түбір морфема мен аффикстік
морфемалардың құрамы негіз болып түр.
Осы сөйлем құрамындағы фонеманы да, морфеманы да тіптен сөздерді де
жеке-жеке алып қолдансақ, онда олар тілдің дара тұлғалары болғанымен,
қарым-қатынас тілі бола алмайды.
Бірақ фонемаға, дыбысқа т.б. қарағанда сөз ұғымды, мағынаны білдіру
арқылы тілдің ең басты көрсеткіші болып табылады. Сондықтан да сөз - тек
лексикологияның объектісі ғана емес, тіл білімінің сөйлеу процесіне қатысты
барлық салаларының объектісі. Бұл жөнінде ғалым-тілші С.Исаев нақтылы
дәлелдеп, ашып айтқан. Тілдік қатынастың да негізгі ерекшелігі осында:
басқа да тірі организмдер, жәндіктер, жануарлар т.б. дыбыстық қасиетке ие
болуы мүмкін, бірақ Сөз, сөйлеу — тек адамзатқа ғана тән. Әрине,
тілдік дыбыс пен физиологиялық немесе табиғаттағы
дыбыстардың да айырмашылықтары жер мен көктей.
Табиғат құбылыстарының ең күрделісі болып табылатын адамзаттың сөйлеу
мүшелері сөйлеу аппараты тілдік дыбыстардың, фонемалардың жасалуына
қандай ықпал етсе, тілдік тұлғаның ең негізгісі - сөздің де пайда болуына
соншама әсер етеді.
Лингвистикада тілдік тұлға туралы проблема қаншалықты күрделі болса,
соңғы жылдары жаңадан қалыптасқан қатысымдық тұлға жөніндегі мәселе одан да
күрделі. Әсіресе, қазақ тіл білімінде бұл теориялық тұрғыдан да,
практикалық жағынан да арнайы зерттеу объектісі болған жоқ.
Тілдік қатынасқа қатысты тұлғалар ғылыми түрде сөз болмағанымен, қазақ
тілін оқыту, үйрету процесінде қолданылып, барлық сабақ жүйелерінде,
кітаптарда кездесіп отырады. Жалпы лингвистика тарихында
кейбір тілшілер қатысымдық тұлғаларға сөзді, сөйлемді жатқызса, кейбір
ғалымдар тексті жатқызады. Кандинский Б., Кухаренко В., Наер В..
Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлға туралы мәселе тілдің тұлғалары мен
сөйлеудің алғы шарттарын ажыратып алудан басталуы қажет. Қатысымдық
тұлға тілдік тұлғаларға қатысты болғанымен, онымен бірдей
емес. Ол тілдің жеке бөлшектерден гөрі, сол тілдің тұтас қарым-қатынастық
ролімен тікелей байланысты ерекшеліктерді: белгілі бір ойды тиянақты
жеткізу, оған жауап алу, сөйлеу, сөзді қабылдау, оған мән беру, әр түрлі
экспрессивтік-эмоциональдық күйді таныту т.б. — сол сияқтыларды қамтиды.
Демек, коммуникативтік тұлғаның жұмысы жалпы сөйлеу процесімен тікелей
байланысты.
Осы тұрғыдан келгенде, сөйлеудің шарты сөзге, тіркеске және сөйлемге
байланысты. Сөз белгілі мағынаны білдіру арқылы басқа сөзбен байланысқа
түседі де тіркестің құрамына енеді. Тіркестер грамматикалық байланысқа түсе
келіп, сөйлем құралады. Содан адам ойын екінші біреуге жеткізеді. Сөйтіп,
өзара түсінісуте жол ашылады.
Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлғаға қатысты В.Л.Наердің пікірі мүлде
өзгеше. В.Л.Наер бірде-бір тілдік тұлға қатысымдық тұлға бола алмайды,
өйткені олар өзара байланысты болғанымен, әр бөлек құбылыстар дейді:
коммникативным единицам нет места среди системных единиц языка. И
наоборот. Эти единицы разноплановые, хотя и тесно взаймосвязанные.
Бұл автор жоғарыдағы тұлғалардың негізгі
айырмашылығын олардың атаулық және қатысымдық және деректі ерекшеліктеріне
байланысты деп тани келіп:
...нередко отождествляются понятия информации и
коммуникации и особенно информативности и
коммуникативности. Эти две пары понятий соотносятся друг-другом как явления
и свойство, и таким образом, являются понятиями различными,
разноплановыми - дейді.
В.Л.Наердың тілдік тұлғалар қатысымдық тұлға бола алмайды деген
көзқарасын қуаттау қиын. Оның үстіне хабар, ақпарат информация тек бір
нәрсені білдіреді деп кесіп айту да біржақты.
Мәселен, кейде хабар баяндау мағынасымен шектеліп қана қоймайды, сол
хабардың қабылдану дәрежесіне сай жауапқа да ие болады. Онда ол
адам санасынан тыс В.Л.Наер атап өткендей бір мағынаны ғана емес,
керісінше саналы түрде хабарлауды, баяндауды, ойды білдіреді. Мұндай
жағдайда информация коммуникацияға айналады.
Сөйте тұра, бұл автор Өрт! деген сөз қатты айтылса, ол болған
жағдайды хабарлау ғана емес, жәрдемге шақыруды да білдіреді деп өзіне-өзі
қайшы келеді. Так единица языка действительно обретает статус
коммуникативной, но само по себе она таковой не является.
Бірақ бәрібір хабарды жеткізу де, оған жауап күту де сол бір ғана тұлға
- Сөз арқылы болып түрғанын ескермейді. Сөз дербес қолданылғанда атаулық
мағынаға ие болып, ал контексте қатынастық роль атқарады.
Осы ретте қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдерді алсақ, жеке сөз атаулық
мағынаны емес, белгілі бір ойды білдіреді.
Сонымен, бұл автордың пікірінше, қатысымдық тұлғаға жататын — адамның
ойын толық, тұтас жеткізетін — мәтін текст.
Бірақ соған қарамастан, автор тағы мынадай тұжырымды айта кетеді: Но
как бы то не было исследователи придерживаются того мнения, что языковые
единицы представляют собой единицы коммуникации.
Біздің ойымызша, тілдік тұлға мен қатысымдық тұлғаның ең басты
айырмашылығы олардың атқаратын қызметі мен қолданылу өрісіне байланысты.
Тілдік тұлғалар - адамзат тілінің жасалуы мен өмір сүруіне қызмет
ететін, сөйлеу мүшелеріне дыбыстау мүшелеріне тікелей тәуелді,
фонетикалық, лексикалық және грамматикалық қасиеттерге ие болатын, таңбалық
сипаты бар тілдің құрылымдық бірліктері.
Қатысымдық тұлғалар - тіл арқылы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін,
белгілі бір орта мен араласу жағдайында жүзеге асатын, тиянақты ойды
хабарлау және қабылдау қасиеті бар, ерекше деңгейге көтерілген тілдік
тұлғалардың қатысынан тұратын, қарым-қатынастық мәні бар бірліктер.
Тілдік тұлғалар жеке, дербес жүмсалса, қатысымдық тұлғалар бір-бірімен
байланыста қолданылады.
Тілдік тқүлағалар атаулық мағынаны білдірсе, қатысым тұлғалар тұтас
ойды білдіреді.
Тілдік тұлғалар көпмағыналы бола келіп, жалпылама ұғымды көрсетсе,
қатысымдық тұлғалар контекстік жүйелі мағынаға ие болу арқылы нақтылы
ұғымды, ойды жеткізеді.
Тілдік тұлғалар дербес мағынада түрса, қатысымдық тұлғалар бір бүтін,
тұтас мазмұндық қасиетке ие болады.
Тілдік түлағалар бір ғана субъектіге қатысты болса, қатысымдық тұлғалар
жалпы қарым-қатынас үрдісіне, оның ішінде тілдесімге, сөйлесім әрекетіне
тән.
Тілдік тұлғалар адамның миы мен сөйлеу аппаратының,
дыбыстау мүшелерінің қимыл-қозғалысына қатысты,
қатысымдық тұлғалар онымен қоса ойлау жүйесіне, пайымдауына санасында туған
хабарды жеткізуге әрі қабылдауға қатысты.
Тілге және сөйлеуге қатысты тұлғаларды салыстыра отырып, олардың
әрқайсысна тән ерекшеліктерді қарастыра келіп, біз қатысымдық тұлғалар
мынадай қасиеттерге ие болу керек деп есептейміз.
Сана мен ойға қатысты мазмұнның тиянақтылығы.
Баяндау ғана емес, хабарлау, жеткізу қасиетіне ие болуы.
Ми жүйесі арқылы қабылдануы.
Белгілі бір жағдайға, ортаға байланысты жүмсалуы.
Тіл мен сөйлесімге байланысты қарым-қатынаста қызмет атқаруы.
Жоғарыдағы ерекшеліктерін саралап алғаннан кейін, енді қатысымдық
тұлғаларға қандай единицалар жататынын айтуға болады.
Тілдік қатынаста өзіндік орны мен маңызы бар қатысымдық тұлғалар: сөз,
фразеологиялық тіркестер, сөйлем және сәтін.
Мәтін яғни текст - қатысымдық тұлғалардың ішіндегі
мазмұндық тұтастығымен ерекшеленетін бүтін жүйе. Тіл
білімінде қатысымдық бағыт дами бастағаннан кейін, осыған байланысты
сөйлемнен де ірі тілдік тұлғаның бар екеніне оқытушылар мен тілшілер назар
аудара бастады. Бұрын мәтін дербес жиынтық тұлға ретінде жеке өзі зерттеу
өзегі болмай, тек сөйлемді жан-жақты білу үшін жүмсалатын контекст есебінде
қарастырылатын да, көбінесе оның сөйлемге қатысты жақтары сөз болатын.
Мәтіннің өзара мағыналық байланыста болатын сөйлемдердің жүйелі
жиынтығы болуы — оның тек бір ғана жағы. Бұдан басқа мәтін - адамдар
арасындағы тілдесімдік қатынастың жемісі. Адам өз ойын екінші біреуге
жеткізген кезде қалай болса солай айтылған сөйлемдер тізбегінен құрамайды.
Керісінше жиынтақталған пікірін, көзқарасын бір-бірімен ойы жағынан да,
қалпы тарапынан да бірлескен сөйлемдер жүйесімен, яғни мәтін арқылы
жеткізеді, баяндайды. Адам тілдік қатынаста үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты
мәтіндерді сөйлесім әрекетінің кез келген кезеңінде ойдан қүрап, қолдана
береді.
Тілдік қатынастың бір бүтін тұлғасы болып табылатын мәтін адамдардың
қарым-қатынасын іс жүзіне асыратын материал ретінде және өзара түсінісу,
пікірлесу, ойды жеткізу тұлғалары түрінде зертеледі. Бұл ретте мәтін
сөйлесім әрекетімен, қатысым әдісімен, олардың қолданылу қағидаларымен
тығыз байланысты болады.
Демек, мәтін — ойлау, хабарлау, баяндау, қабылдау, пайымдау
құбылыстарымен байланысты, адамдар арасындағы тілдік қатынастың іске асуына
негіз болатын қатысымдық жүйелі тұлға.
Сөйлем — тілдік қатынастың орындалуына тікелей себепкер болатын ең
қажетті тұлға. Сөйлем баяншының айтайын, жеткізейін деген ойын, хабарын
қабылдаушыға түсінікті етіп қана қоймай, сонымен бірге оның қабылдаушының
қайыра жауап беруінің көзі көрсеткіші де болып табылады. Тілдік тұлға
ретінде сөйлем тиянақты ойды білдірсе, қатысымдық тұлға ретінде ойды
білдірумен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асырушы тілдесім
жолы, сөйлесу құралы да болып есептеледі.
Кез келген адам басқа біреуге ойын жеткізу үшін, ең алдымен, мәтін
емес, сөйлем қүрастыруды ойлайды, онда айтайын дегенін үғынықты етуге
тырысады. Егер оның айтқан не жазған сөйлемі дұрыс, түсінікті болса ғана ол
оған жауап ала алады. Түсіну арвқылы жауап алу, тілдесім әрекетін жүзеге
асыру - тілдік қатынастың ең басты шарты.
Фразеологиялық оралымдар не тұрақты сөз тіркестері тілдік қатынаста
жүмсалатын қатысымдық тұлғалардың қатарына жатады. Мұнда тұрақты
тіркестердің бір тұтас лексикалық тұлға түрінде тілдік қарым-қатынаста
қолданылуы маңызды орын алады. Сондықтан қатысымдық тұлға ретінде
алынатын тұрақты тіркестер адамның ойын жеткізуге белгілі ұғымды
көрсетуімен қымбат.
Тілдесім әрекетінде сөйлем ішінде еркін сөз тіркестері де,
тұрақты сөз тіркестері де үшырасады. Бірақ тұрақты сөз
тіркестері қатысымдық жеке тұлғаның қатарында
пайдаланылса, еркін сөз тіркестері оған кірмейді. Сол себепті гілдік
қатынаста оларды бір-бірімен ажыратып қолдануға тура келеді.
Қатысымдық тұлғалардың ішіндегі басқаларына үйытқы болатын және тілдік
қарым-қатынаста аса маңызды орын алатын тұлға, ол - сөз.

II. 1. Сөз — тілдік қатынастың басты тұлғасы.
Сөз — лексикалық жағынан да, грамматикалық жағынан да, сөзжасам
түрғысынан да жан-жақты зерттеліп келе жатқан тілдік тұлға. Сондықтан біз
сөздің бұл жақтарына тоқталмай, тілдік қатынасқа байланысты сипатын азды-
көпті сөз етеміз. Жалпы бұл - арнайы зерттеуді, жан-жақты талдауды қажет
ететін мәселелердің бірі.
Сөзді қатысым құбылысына қатысты қарастырғанда, негізінен, оның сөйлеу
мен сөйлесуге байланысты ерекшеліткеріне назар аударуға тура келеді. Мұнда
ол адамдардың тілдік қарым-қатынасында жүзеге асатын, пікірлесуге негіз
болатын, өзара түсінісуге мүмкіндік жасайтын қатысымдық элемент түрғысынан
сөз болады.
Сөздің сөйлеу процесіндегі орны мен қызметі көптеген лингвистердің
назарына іліккен. Сол себепті сөздің әр түрлі ерекшеліктеріне қатысты
берілген анықтамалардың мазмұны түрліше болып келеді. Мысалы, көрнекті
лингвист- ғалым Фердинанд де Соссюр: ...Слов, несмотря на все трудности,
связанные с определением этого понятия, есть единица, неотступно
представляющаяся нашему уму нечто центарльное в механизме языка - дейді.
Сөздің басты-басты ерекшеліктерін сөз ете келіп, лингвист ғалымдардың
көпшілігі сөздің сөйлеу процесіне қатысты түрліше тілдік, қатысымдық
қасиеттерді меңгеретініне ерекше назар аударады. Мысалы: А.А.Леонтьев бұл
туралы: Именно слово является минимальной функциональной единицей речевого
восприятия - десе, тура осы пікірді П.В.Чесноков айна қатесіз былай
қайталайды: ...можно считать слово минимальной функциональной единицей
речевой деятельности вообще - дейді. Сол сияқты Б.Н.Головин:
Слово - это наименьшая
смысловая единица языка, свободно воспроизводимая в речи для построения
высказываний - деп, сөздің ойды жеткізудегі маңызын атап көрсетуге
тырысса, Ю.В.Фоменко сөзден басқа единицалардың тілдік қарым-қатынастағы
ролін мүлде жоққа шығарады: Коммуникативная деятельность человека
протекает не на базе фонем, слогов и морфем не говоря о словосочетаниях,
а на базе слов
Жалпы Ю.В.Фоменконың сөзге қатысты келген тұжырымдарының көпшілігі
А.И.Смирницкийдің пікірімен үштасып жатады. А.И.Смирницкий оны ғылыми
тұрғыдан жан-жақты сөз етсе, Ю.В.Фоменка ол көзқарасты қабылдап қана
қоймай, қайталайды.
Сөзің негізгі екі қасиеті: формасы мен мазмұны, яғни
дыбыстық таңбасы мен мағынасы да қатысымдық процесте
түрліше қарастырылады. Мысалы, B.JL.Haep: Отдельные
языковые единицы, даже, например, лексические, ничего
конкретного передавать на способны; Лексические единицы,
например, сами по себе ничего конкретного не сообщают;
они являются лишь знаками, замещающими определенные
предметы, явления, отношения, свойства и т.п. или
репрезентирующими их абстрактное отображение - деп, сөздің
тілдік қарым-қатынастан тыс уақытта таңбадан басқа ешбір
нақтылық белгісі мен мазмұны жоқ десе, Ю.В.,Фоменко:
Слово обладает признаком самостоятельности: в отличие от
фонемы и морфемы, оно допускает изолированное
употребление в естественной речи.
Слово обладает признаком воспроизводимости: оно не строится в процессе
коммуникации, а извлекается из памяти как единица готовая, заранее
данная - деп, сөздің жеке тұрғанда да, сөйлеу процесінде
қолданғанда да мағынасы бар екенін атап өтеді.
Сөз белгілі бір контекст құрамында ғана нақтылы мағынаны білдіріп,
өзіндік мазмұнға контекст арқылы ғана ие болады деген пікірді жақтаушылар:
Г.Штейнталь, К.Фосслер, Ж.Вандриес, П.Вегенер, А.Гардинер, Л.БЛумфильд,
Л.Ельмслев, С.Шауман т.б.
Керісінше, сөздің мағынасы контексте қатысты анықталмайды, ол мағыналық
жағынан дербес, сөз тек өзінде бар мағынаны сөйлем құрамында жүмсайд, яғни
сөздің мағынасы контекске тәуелді емес деген көзқарасты дәлелдеушілер:
Р.А.Будагов, Н.С.Дмитриева, М.Бурмаков, ФА.Литвин, Ш.Балли, А.Мейе,
А.Мартине, В.З.Панфилова, М.ГАрсеньева, А.Р.Лурия, Г.В.Колшанский т.б.
Сөз - сөйлеу, пікір алысу үрдісінде ең басты тұлға. Сөз жеке түрғанда,
заттың, сынның, қимылдың т.б. атауы болып, номинативті қызмет атқарса, тіл
арқылы қарым-қатынаста белгілі бір жағдайға, ортаға байланысты жүмсалып,
қарым-қатынастық қызмет атқарады. Тіптен контекссіз дербес қолданылып,
грамматикалық тұлға ретінде әр түрлі дауыс ырғағымен айтылса да әрі
хабарлау, әрі қабылдау мәніне ие болады.
Осындай жағдайлардың барлығында сөз белгілі бір ойды білдіре келіп,
екінші адамның санасы арқылы қабылданады. Қандай болсын хабарды, деректі,
ойды қабылдаған адам оған жауап қайтаруға тырысады.
Тілдік қарым-қатынаста жүмсалып, қатысымдық байланысқа түскен сөз
айтылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдік қатынас мәселесіне байланысты қолданылатын терминдер жүйесі
Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері
Тілдік қатынас: «коммуникация» термині
Тілдік қатынасқа жалпы анықтама
Тілдік қатынас негіздері
Тілдік қатынас туралы байланыс
Оңтүстік Қазақстанның университет жастарының тіл қолдануы мен дамуын талдау
Тіл қатынас жүйесі және аударма түрлері
Аударма аумағындағы концепцияның аудармашының тілдік тұлғасы
Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі
Пәндер