Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп «Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементтікүлден монолит бетон әзірлеу» (ii кезең) (аралық)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ
ШАРУАШЫЛЫҚ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ
«ҚАЗҒЗСТҚСИ» РМК
ӘОЖ 666. 973. 2
Мем. тіркеу № 0110РК00162
БЕКІТЕМІН «ҚАЗ ҒЗСТҚСИ» РМК
бас директорының орынбасары
М. С. Абақанов
« » 2011 ж.
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП
«Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементтікүлден
монолит бетон әзірлеу» (II кезең )
(аралық)
Жұмыстың жетекшісі
техн. ғыл. док., профессор К. А. Нұрбатыров
Жұмыстың жауапты орындаушысы,
техн. ғыл. канд. А. А. Родионова
Алматы, 2011
ОРЫНДАУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
Тақырып жетекшісі
ҚР ҒЗА академигі, техн.
ғыл. докт., профессор
К. А. Нұрбатыров
(жалпы жетекшілік)
Жауапты орындаушы
ЖҒҚ, техн. ғыл. канд.
А. А. Родионова
(1- 3 -бөлімдер, қорытынды)
Зертхана меңгерушісі,
техн. ғыл. докт.
А. А. Беспаев
(1- 3-бөлімдер, қорытынды)
И. М. Дё
(1- 3-бөлімдер, қорытынды)
РЕФЕРАТ
Есеп 42 бет, 3 сурет, 5 кесте, 27 атаудан тұратын әдеби көздер тізімін қамтиды.
МОНОЛИТ КЕРАМЗИТБЕТОН, ҰСАҚ ТАРТЫЛҒАН БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЦЕМЕНТКҮЛ, ТЕХНОЛОГИЯ, ӨНДІРІС ПАРАМЕТРЛЕРІ.
Зерттеулер нысаны -ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден жасалған жеңіл бетон.
Зерттеулердің мақсаты - ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл және монолитті құрылысқа арналған жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған жеңіл бетон өндіру технологиясын әзірлеу.
Зерттеулердің міндеттері технологиялық параметрлерді оңтайлау, ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл және оның негізінде керамзитбетон өндірудің технологиялық регламентін әзірлеу болып табылады.
Негізгі технологиялық параметрлер оңтайландырылды және суды аз қажет ететін ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл мен монолит керамзитбетон өндірудің регламенттері әзірленді. Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден жасалған керамзитбетон бетон қоспасының салуға қолайлылығымен және қатаю мерзімінің басында-ақ беріктігінің артуымен ерекшеленеді, бұл қоспаны бетонсалғыштарды дірілдетпей-ақ салуға мүмкіндік береді. Механикалық белсендірілген ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлдің беріктігі бойынша талаптар, бақылау әдістері, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау, өндірушінің кепілдіктері келтірілген.
Аралық есеп.
МАЗМҰНЫ
1 МОНОЛИТ БЕТОН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН модификацияланған БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЦЕМЕНТКҮЛ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ . . . ….
1. 1. Цементті механикалық-химиялық белсендіру . . . . . .
1. 2 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиялық параметрлерін оңтайландыру. .
1. 3 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиялық схемасы . . .
1. 4 Модификацияланған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлге қойылатын талаптар
1. 5 Буып-түю және таңбалау . . .
1. 6 Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптары . . . .
1. 7 Қабылдау ережелері
1. 8 Бақылау әдістері. .
1. 9 Тасымалдау және сақтау . . . . . .
1. 10 Дайындаушының кепілдігі . . .
7
7
10
11
18
19
20
21
23
23
23
2. 2 Бақылау әдістері……. .
2. 3 Қолдану жөніндегі нұсқаулар.
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН КӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ . . . . .
ҚОСЫМШАЛАР. .
28
29
30
32
35
КІРІСПЕ
Жайлылығы жоғары деңгейлі жылуұстағыш тұрғын үйлер құрылысын дамыту 2010-2014 жылдарға арналған ГПФИИР аясында құрылысты индустриалды дамытудың ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, өткені тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың жылутехникалық қасиеттері және тиісінше жылуұстағыштығы қазіргі заманғы жылутиімділігі жөніндегі талаптарға сай емес. Қоршау құрастырмалары арқылы жылу жоғалту 30-35 % дейін жетеді, бұл 6, 82 млрд кВт-сағ. құрайды.
Энергия сақтау және ұзақ мерзімділік бойынша жоғарғы талаптарға жауап беретін тұрғын үйлер салу аумағында климаты суық және жоғары сейсмикалық қаупі бар аймақтардың болуына байланысты Қазақстан үшін айтарлықтай проблема болып отыр. Материал қажеттілігін, құрылыстың құнын төмендетуді және ғимараттарды пайдалану кезінде қажетті энергияның сақталуын қамтамасыз ететін жоғары бәсекелестікке қабілетті өнімдер шығаруды қамтамасыз ететін неғұрлым прогрессивті жаңа технологияларды ендіру қажеттілігі туындады.
Қазіргі кезеңде индустрияландырудың, көпшілік тұрғын үй мен азаматтық құрылыс көлемін арттыру және сапасын жақсартудың ең маңызды бағыттарының бірі болып табылатын жеңіл керамзитбетонды пайдаланып салған монолитті құрылыс экономикалық жағынан тиімді деп танылып отыр
Портландцементтен және дәстүрлі толтырғыштардан жасалған монолит бетонның жылутехникалық қасиеттері сенімді жылу сақтауды қамтамасыз етпейді. Бұл міндеттерді шешудің анағұрлым перспективалы бағыттарының бірі байланыстырғыш цементкүл жасалатын күл-тозаңды пайдалану болып табылады. Табиғи құмға қарағанда күл химиялық жағынан анағұрлым белсенді, бұл цементті үнемдеуге мүмкіндік береді, ол жеңіл және одан жасалған қоршау құрастырмалары жылы болады. Құрғақ күлді қолданудың болашағы зор, ол өте біркелкі, гидравликалық белсенді және технологиясы жоғары. Құрғақ күл қатпайды және оны өндіріске пневматикалық көлікпен беруге болады.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері және көпжылдық құрылыс тәжірибесі тиімді технология құрамына суперпластификаторлар мен бытыраған ұсақ толтырғыштар кіретін көпқұрамды бетондарды қолдануды болжайды. Сондықтан бетон технологиясы үшін күл-тозаңды қолданудың маңызы ерекше, ол гидравликалық белсенді, қиыршықтарының сферикалықтығының арқасында бетон қоспасын қабаттандырады, түйіршікметрлік құрамының жинақталуы есебінен оның байланысуын және салуға қолайлығын арттырады, бұл цемент шығынын азайтуға және құрылыстың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Күлді пластификатордың және суперпластификатордың органикалық қоспаларымен бірге қолдану бетон қоспасының суды қажет етуін одан да төмендетуге және бетон сапасын арттыруға ықпал етеді.
Жұмыс «ҚазҒЗСТҚСИ» РМК жасалған 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 03-03/10 шарт бойынша орындалуда. Орындау мерзімі - 2010 жылғы сәуір-2011 жылғы желтоқсан.
Зерттеулердің мақсаты - жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған жеңілдетілген монолит бетонның жылусақтағыш технологиясын әзірлеу.
2010 жылы цементті, күл-тозаң мен суперпластификаторды қосып тартудан алынатын, суды аз қажет ететін ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл құрамдары әзірленді. Байланыстырғыштың тартылу ұсақтығының бетонның қалыпты шоғырына, қатаю мерзіміне және беріктену қарқындылығына әсері зерделенді.
Байланыстырғыш цементкүлден жасалған керамзитбетон қоспасы суды аз қажет ететіндігімен сипатталады, қабыршықтанбайды, бетонның жоғары біркелкілігін қамтамасыз етеді. Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлдің және бетонның түрлі температуралық жағдайларда беріктену қарқындылығына суперпластификатор мен қатаюды тездеткіштер қоспаларының әсері зерделенді. Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден жасалған керамзитбетонның бүліну-беріктік қасиеттері, түрлі құмдарды қолданып алынатын керамзиткүлбетонның жылу-физикалық қасиеттері зерттелді.
2011 жылғы қаңтар-наурыздағы аралық есепте алынған керамзитбетон туралы, оның ауаға төзімділігі, суға төзімділігі, аязға төзімділігі жоғары және ылғалдану-құрғау ауыспалы жағдайына төзімділігі туралы мәліметтер берілген болатын. 1450-1430 кг/м 3 тығыздық және беріктігі бойынша М200-М250 марка жағдайында керамзитбетонның сусіңіргіштігі 2, 5 %, жұмсару коэффициенті 0, 91-0, 95, аязға төзімділігі F100 құрады. Алма-кезек 90 цикл ылғалдау-құрғату жүргізгеннен кейін бетон құрылымында өзгеру құбылыстары байқалған жоқ.
Бұл есепте шартқа қосымша жасалған күнтізбелік жоспарға сәйкес 2011 жылғы сәуір-шілдеде монолиттік керамзитбетон жасауға арналған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиясын әзірлеу бойынша орындалған зерттеулердің нәтижелері келтіріліп отыр. Механикалық белсенді байланыстырғыш цементкүлдің беріктігіне қойылатын талаптар, бақылау әдістері, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптары, дайындаушының кепілдіктері келтірілді.
Алдағы мерзімде монолит бетон жасауға арналған модификацияланған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл тәжірибелік тобын шығару және оны қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр.
1 монолит бетон ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН модифиКАциЯЛАНҒАН БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЦЕМЕНТКҮЛ ӨНДІРІСІНІҢ технологиЯСЫН ӘЗІРЛЕУ
Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиясы және технологиялық регламент орындалған зерттеулердің, сондай-ақ байланыстырғыштарға қойылатын нормативтік талаптарды ескеріп техникалық әдебиетке жасалған талдау мен қорытулардың негізінде әзірленді.
Бүгінгі таңда байланыстырғыштар мен бетондар технологиясындағы анағұрлым басымдықты ресурс-және энергия сақтау бағыттары деп мыналарды санауға болады:
- энергияны аз қажет ететін жаңа материалдарды, әсіресе, клинкері аз және клинкерсіз байланыстырғыштар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды қолдану;
- компоненттерді алдын-ала бағыттап дайындау, әсіресе, байланыстырғыштарды механикалық-химиялық белсендіру;
Байланыстырғыштарды механикалық-химиялық белсендіру табиғи және техногендік материалдардың термодинамикаға төзімсіздігін пайдалануға мүмкіндік береді яғни белсендіру барысында олардың ішкі энергиясының кейіннен қатаю процесіне қатысатын бір бөлігі босатылады.
- Цементті механикалық-химиялық белсендіру
А. И. Вильшанский, И. А Кудрявцева, Г. С. Ходаковтардың жұмыстары [1-3] ұсақ тартылған материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі бытырату есебінен ғана емес, бөлшектердің беткі қабаттарының кристаллдық құрылымының айтарлықтай өзгеруі есебінен де жүретіндігін дәлелдеді. Ұсақ ұнтақтардағы гетерогендік химиялық процестердің жылдамдығы негізінен олардың өзіндік беттерінің шамасымен емес, құрылымның ыдырауы мен аморфизациясы салдарынан белсенділік қуатының азаюымен анықталады.
Механикалық-химиялық белсендіру кезінде белсенділігі бастапқы цементтікіне тең және одан да асатын белсенділікті аралас байланыстырғыш алуға болатыны белгілі. Механикалық-химиялық белсендіру кезінде минералдардың кристалл торшаларында қабаттардың бүлінуі салдарынан торшалардың астындағы электрондардың қозғалысын арттыратын және материалдың үстіңгі қабаттарының сумен өзара әрекетін жылдамдататын ақаулар пайда болады.
Ұсақ ұнтақтардағы гетерогендік химиялық процестердің жылдамдығы олардың өзіндік беттерінің ұлғаюымен де, кристаллдық және аморфизалық құрылымдардың ыдырауымен де анықталады [4, 5] .
Цементті механикалық-химиялық белсендіру түрлі минералдық қоспаларды пайдалануға мүмкіндік береді, мұндай жолмен алынған ұсақ тартылған аралас байланыстырғыштың белсенділігі артады немесе цемент белсенділігінің деңгейінде сақталады, бұл жағдайда өнімнің өзіндік құны айтарлықтай төмендейді. Клинкерді, минералдық қоспаларды және суперпластификаторды қосып тартқанда беріктік көрсеткіштері кең көлемді суды аз қажет ететін байланыстырғыш (САҚБ) алынады.
Ұсақ тартылуы және модификациялаушы қоспалар байланыстырғыштың бірқатар маңызды қасиеттерін болжамдайды: бірінші кезекте суды аз қажет етеді, беріктігі жоғары және қарқынды өсуі, әсіресе қатаюдың бастапқы мерзімінде, осының бәрі құю әдісімен салынатын жоғары қозғалысты бетон қоспаларын алуға және монолитті бетон және темірбетон бұйымдары мен құрылымдарын бетондауды айтарлықтай жеңілдетеді. Суперпластификатор қосылған төмен қозғалысты қоспалардың тығыздау кезіндегі дірілдеу қатаңдығы қоспасыз, шоғыры бойынша ұқсас қоспаларға қарағанда едәуір төмен.
Суды аз қажет ететін көпкомпонентті байланыстырғыштар өндірісінің технологиялық тиімділігі қолданылатын минералдық қоспалардың қасиеттерімен, олардың химиялық-минералогиялық құрамымен, бытыраңқылығымен, гидроксидпен және кальций гидроалюминатымен белсенді химиялық әрекетке түсу қабілеттілігімен едәуір мөлшерде анықталады.
Техногендік өнімдердің арасында жоғары гидравликалық белсенді күл-тозаңдар ерекше орын алады. Құрамында шақпақтас пен сазбалшықтың молдығының арқасында мұндай күлдер негізінен алюминсиликаттық шыныдан және аморфизаланған сазды заттан тұрады және пуццоландық қасиеттерге ие.
Алюминшақпақтасты аморфты шынытәрізді фазаның цементтің гидротациясы кезінде бөлінетін әкпен өзара әрекетінің нәтижесінде клинкерлік минералдардың гидротациялық өнімдерінен басқа цементтейтін қосылыстардың- тоберморит гельдің, сондай-ақ гидроалюминаттар мен түрлі құрамды кальций қосымша саны түзіледі [6, 7] .
Байланыстырғыш материалдардың технологиясында механикалық белсендіруді қолдануерекше қасеттері бар цементтер алуға мүкіндік береді және сұраныс жоқ өндіріс қалдықтарын, мысалы ЖЭС шығатын қышқыл күл-тозаңды пайдаланып, сапалы байланыстырғыштар алу мүкіндігіне жол ашады. Құрылысы түрлі қондырғыларда - шар тәріздес, ағыстық, құйындатқыш, роторлық- соққыш және басқа да құрылыс қондырғыларында қосымша үгіп-тарту жолымен аралас цементкүл байланыстырғыштарды белсендіру портландцемент деңгейінде немесе сапасы жағынан одан асып түсетін ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштар алуға мүмкіндік береді. Цементті минералдық қоспамен және суперпластификатормен қосып ұсату кезіндегі механохимиялық белсендіру аралас байланыстырғыштың клинкерлік бөлігін ғана емес, минералдық қоспаны да байланыстырғыштың бытырауын арттыру (550 м 2 /кг дейін) есебінен және оның бөліктерінің үстіңгі бетін аморфизациялау мен активациялау есебінен де белсендіруге мүкіндік беретіні анықталды [8-11] .
Күл қосып механикалық белсендірілген байланыстырғыштың беріктігінің арту динамикасы клинкерлік минералдардың гидратациясымен қамтамасыз етілген ерте қалыптасқан жоғары беріктікпен қатар жасанды тастың құрылымын қалыптастыруда күлдің белсенді қатысуы есебінен байланыстырғыштың кейінірек одан да жоғары беріктікке ие болатынын көрсетеді [12-14] .
Күлшлак қалдықтарын бетонның құрамында кеңінен пайдалану аз қалдықты және қалдықсыз өндірісті ұйымдастыруға әрі жылуэлектрстансалары маңындағы аумақтарда экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартуға жағдайлар жасайды. Сонымен бір мезгілде бетон дайындауға кететін цемент пен толықтырғыштардың шығыны қысқарады, техникалық-экономикалық көрсеткіштер жақсарады, бетонның құрылыс-техникалық қасиеттерін мақсатты өзгерту мүмкіндігі туады. Күлқұрамды бетондар Қазақстанның климаттық аймақтарына бейімделген, үнемді және экологиялық жағынан таза.
Сыртқы қоршау құрастырмалары үшін қолданылатын кәдуілгі керамзитобетонға қарағанда шығатын күл мен шлактың негізінде жасалған жеңіл бетондар ұсақ және ірі толтырғыштар құрамының біркелкілігімен, бетон қоспасы қозғалысының жоғарылығымен, қабаттарынының бұзылуының әдәуір төмендеуімен, сондай-ақ жылуфизикалық қасиеттерінің жақсарумен ерекшеленеді. [15, 16] . Жеңіл бетондарда күлді қолданудың тиімділігі жылуфизикасы тұрғысынан қарағанда бастапқы материалдардың жылуөткізгіштік коэффициентінің төмендеуімен түсіндіріледі. Жеңіл күлшлак бетондарда құрамдастарының шығынына қарай жылуөткізгіштік коэффициенті 0, 25 тен 0, 40 Вт/(м∙К) дейін, ал керамзитбетонда - 0, 45 тен 0, 6 Вт/(м∙К) дейін өзгереді.
Зерттеулер көрсеткендей [17-20], химиялық қоспалары бар күлді бетон қоспасын дайындаудың қарқынды (турбулентті) технологиясымен үйлестіре отырып пайдаланғанда, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады. Күлді суперпластификатормен бірге қолдану:
- ұсақ толтырғыштың тапшы бөлігін күлмен алмастыруға;
- тасымалдау кезінде бетон қоспасының қабаттанып ыдырауын төмендетуге және салу (төсеу) қолайлығын жақсартуға;
- керамзитбетонның жылуфизикалық қасиеттерін жақсартуға;
- құрылымдық беріктігін арттыруға және шекті беріктікке жету мерзімін қысқартуға, бұл қалыптың айналымдылығын арттырады, сонымен монолит ғимараттар мен құрылыстар тұрғылу кезінде бетон дайындау жұмыстарының қарқынын арттырады;
- құрастырмалар беттерінің сапасын едәуір көтеруге мүмкіндік береді.
Күлшлак қалдықтарының шексіз ресурстары және олардың бетон жасаудағы жоғары тиімділігі күлқұрамды бетон және темірбетон бұйымдары мен құрастырмаларын кеңінен қолданудың дұрыстығын белгілейді. Тәжірибе жинақтай келе, мұндай бетондарды қолдану аясы, соның ішінде монолитті құрылыста, кеңейетін болады.
- Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиялық параметрлерін оңтайландыру
Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлдің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін құрылыс нормаларымен және ережелерімен, стандарттармен және басқа да нормативтік, жобалық құжаттамамен көзделген бастапқы материалдарға қойылатын талаптардың, сондай-ақ осы технологиялық регламенттің талаптары сақталуы тиіс.
Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлдің өндірісі өндірістің барлық кезеңінде технологиялық процестің және бақылаудың қатаң сақталуын қажет етеді. Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл алудың технологиялық параметрлерін жасау кезінде бастапқы компоненттерді диірменге берудің барынша қарқындылығы, араластыру және тарту ұзақтығы, компоненттердің ұсақ тартылуы белгіленді. Байланыстырғыш компоненттерін араластыру және қосымша тарту зертханалық шар тәріздес диірменде жүргізілді.
Байланыстырғыш алудың үйлесімді технологиялық параметрлерін бағалауға арналған өлшемдер ретінде байланыстырғыштың стандарттық әдістермен анықталатын беріктік көрсеткіштері алынды.
Зерттеушілер компоненттердің тартылу ұсақтығы және байланыстырғыштың белсенділігі бастапқы қомпоненттердің диірменге берілу қарқындылығына және процестің ұзақтығына байланысты екенін анықтады. 1-кестенің деректері модификацияланған ұсақ тартылған байланыстырғыштың үлес беті (цемент 70-80 %, күл 28-18 %, суперпластификатор С-3 - 2 %) компоненттерді диірменге беру жылдамдығы 100 кг/мин процестің ұзақтығы 4 мин болғанда 480-500 м 2 /кг, байланыстырғыштың белсенділігі - 55-62 МПа құрағанын, ал материалдарды беру жылдамдығы 30 кг/мин ұзақтығы 8 мин
1-кесте - Қосымша тарту параметрлерінің ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлдің белсенділігіне әсері
Материал-ды беру жылдам-дығы
кг/мин
Үлестік бет,
м 2 /кг
при
изгибе
болғанда байланыстырғыштың үлестік беті 530- 550 м 2 /кг дейін, белсенділігі - 61-68 МПа дейін артқанын көрсетеді. Қосымша тартудың ұзақтығы 15-20 мин дейін артуымен байланыстырғыштың үлестік беті 600-700 м 2 /кг, белсенділігі 68-70 МПа жетті.
1. 3 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиялық схемасы
Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің ұсынылып отырған технологиялық схемасы (1-сурет) әмбебап және оны түрлі құрамды және маркалы байланыстырғыштар, соның ішінде суды аз қажет ететін байланыстырғыш дайындауда пайдалануға болады.
Қондырғының (цехтың) жобасын желілерді (электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, канализация) пайдаланымдағы желілерге қосып, кәсіпорынның өндірістік алаңына байластыруға болады.
Өндірістің технологиялық схемасы модификациялайтын қоспасыз да, қоспамен де ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл алуға, өндірістік циклды дәл реттеуге эәне қажетті номенклатура өнімдерін дайындауға мүмкіндік береді.
Кіреберіс бақылаудан өткеннен кейін шикізат материалдары (цемент, күл, суперпластификатор, қоспалар) қабылдауыш жүйемен қондырғының жоғарғы бөлігінде орналасқан шығыс бункерлеріне тасымалданады. Ауалау жүйесі сусымалы материалдарды жатып қалудан сақтайды және сыйымдылықтардағы «тыныш аймақтардың» пайда болуын болдырмайды. Бункердің барлығы үздіксіз істейтін деңгейөлшеуіштермен жабдықталған.
Тасымалдауыш жүйенің (дискілі, тарельді қоректендіргіштер, иірліктер, пневматикалық беру жүйесі) көмегімен шикізат материалдары таразы дозаторлары бар жоғары дәлдікпен өлшеу жүйесіне түседі.
Барлық компоненттерге арналған бункерлердің құрастырмасы, мөлшері мен саны, араластырғыш және буып-түйгіш агрегаттардың өнімділігі шикізат компоненттерінің мөлшеріне, байланыстырғыштар номенклатурасының өндіріс көлеміне байланысты.
Цемент, күл заводқа автоцистерналармен жеткізіледі (1) . Байланыстырғыштарды және күлді тасымалдайтын құбыржелілері автоцистерналарды иілгіш құбыршек жүйесіне қосуға мүмкіндік беретін қабылдағыш келтеқұбырлармен жарақтандырылған. Заводтың пневмтикалық жүйесімен айдалатын ауамен (2) байланыстырғыштар және күл арнайы шұңқыр сыйымдылықтарға айдалады (3) .
Суперпластификатор қоспасы биг-бэгтерде немесе мешоктарда жеткізіледі және тізбекті көтергішпен сыйымдылығы 2 м 3 кіші бункерге беріледі (11) . Пневматикалық бөлгіш ысырмамен жабдықталған мөлшерлеп ауалағыш кіші иірліктің көмегімен қоспа бункерден барлық компоненттердің араластырғышқа мөлшермен түсуін қамтамасыз ететін жалпы мөлшерлегіш таразыға (14) беріледі.
Модификацияланған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл (суды аз қажет ететін байланыстырғыш) алу үшін цементті алдын ала С-3 араластырылып, қатаюды жылдамдататын қоспа салынған күлмен бірге қосымша тартады. Байланыстырғышты қосымша үгіп-тарту құрылысы түрлі жоғары нәтижелі агрегаттарда - дірілдеткіш, роторлы-соққыш, құйындатқыш, ағыстық және басқа да диірмендерде 450-550 м2/кг үлестік бетке жеткенше жүргізіледі (14) .
Байланыстырғыш цементкүлді қосымша тарту және механикалық белсендіру үшін «Айрих» фирмасының ММЗ жедел араластырғышын ұсынуға болады. Араластырғыш еңкіш орнатылған айналмалы резервуар, ол араластырылатын материалдарды ортада (эксцентрически) орналастырылған және материалдың араластырғыш резервуарының қабырғаларына жабысып қалмауын болдырмайтын және оның босауын жылдамдататын әмбебап құралы бар тез айналатын қондырғының ауданына беріледі.
Араластырғыш жұмыс істеген кезде пайда болатын араластырылатын материалдың қарсы ағыны жоғары түрлі жылдамдықпен оның қарқынмен араласуын әбден майдалануын қамтамасыз етеді. Араластырғыш резервуарының көлемі 500 л, өнімділігі сағатына материалды 22 рет салғанда 11 м 3 /ч.
1 - сурет - Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиялық схемасы
(-2-кестеде)
2-кесте - Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндіруге арналған негізгі жабдық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz