Ғылым мен бiлiм саласындағы барымыз бен жоғымыз


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ғылым мен бiлiм саласындағы барымыз бен жоғымыз

Ғылым және бiлiм министрi Жансейiт Түймебаев өткен жұмада бiлiм ошақтарының және қоғам қайраткерлерiнiң басын қосып, үлкен кеңес өткiздi. Онда бiлiм саласындағы қазақ тiлiнiң жай-күйi сөз етiлдi. Ақын, қоғам қайраткерi Мұхтар Шаханов, ғалым, сенатор Ғарифолла Есiм, жазушы Смағұл Елубай, “Ұлт тағдыры” қозғалысының басшысы Дос Көшiм, Қазақ қыздар педагогикалық университетiнiң ректоры Шәмша Беркiмбаева және басқа да азаматтар сөз алды. Жиында айтылған деректер жиырма жыл iшiндегi жеткен жетiстiктерiмiз бен кемшiлiктерiмiздi қолмен қойғандай етiп ашып көрсетiп беретiн тәрiздi. Қалай десек те, мұның жақсы бастама екенiн ешкiм жоққа шығармаса керек. “Заман-Қазақстан” газетiнiң бас директоры Ахмет Аляз бұдан билiктiң халықпен санаса бастағанын көредi. Ал “Ұлт тағдыры” қозғалысының төрағасы Дос Көшiм мұны “Ел бiрлiгi доктринасынан” кейiнгi билiктiң жұмсарту саясаты деп бiледi. “Кездесу өткiзiп жүргендер - қазаққа жұмыс iстейдi-ау деп ел күткен министрлер. Бұл - кезектi үгiт-насихат жұмысы”, - дейдi ол.

Министр елiмiздiң ұлттық бiлiм саласындағы мемлекеттiк тiлдiң даму болашағына қатысты ой тiлектердi, ұсыныстарды ортаға салып, пiкiр алмасуды ұсынды. Ж. Түймебаев өзi басқарып отырған саланың жетiстiктерiн санамалап өттi. Айталық, қазақ тiлiнде тәлiм-тәрбие беретiн балабақшалар мен мектептердiң саны өсiп келедi.

Министр келтiрген деректер мынадай: 1991 жылы 8146 мектептiң 2768-i ғана қазақ мектебi болса, қазiр 7576 мектептiң 3811-i - қазақ мектебi. Қазақ мектептерi - 50, 03 пайыз. Аралас мектептегi оқушылардың үлесiн қосып есептегенде, 77, 9 пайызға жетедi. Балабақша саласында 1999 жылдан 2009 жылға дейiн 648 қазақ тiлiндегi балабақша iске қосылған. Елiмiздегi барлық бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тiл оқытылады. Қазақ тiлiн оқыту сағаттары көбейтiлген. Басқа тiлдерде жұмыс iстейтiн балабақшаларда 2-3 сағаттан тiл үйретуге арнайы сағаттар бөлiнiп отыр.

2007 жылы министрлiкте арнайы бекiтiлген шаралар жүзеге асырылған. Соның бiрi - қазақтiлдi емес мектептерде қазақ тiлiнiң апталық сағаты 2 сағатқа көбейтiлдi. Осының негiзiнде, мемлекеттiк стандартқа толықтыру енгiзiлдi. 2007 жылдан бастап республикадағы мектептердiң 9-сыныптарында жыл сайын мемлекеттiк бақылау тұрақты түрде өткiзiлiп тұрады. Сондай-ақ 2007 жылы арнайы бұйрықпен Бiрыңғай ұлттық тестiлеу бағдарламасына қазақ тiлi мiндеттi пән ретiнде енгiзiлген. Содан берi қазақтiлдi емес мектеп бiтiрушiлер және жоғары оқу орнын тәмамдаушылар мемлекеттiк тiлден емтихан тапсырады.

Биылғы жылы Ғылым және бiлiм министрлiгiнiң бұйрығы бойынша, “Болашақ” халықаралық бағдарламасына да арнайы сынақ енгiзiлдi. Сол кезеңнен бастап шетелге оқуға баратын қазақ тiлдi емес мектептi бiтiрген жастар да қазақ тiлiнен емтихан тапсырады.

Кәсiптiк мектептерде - лицейлер мен колледждерде, мiндеттi стандарттарға сәйкес, қазақ тiлi - 156 сағат, кәсiби қазақ тiлi - 137 сағат, қазақ әдебиетi - 126 сағат көлемiнде оқытылды. Және қазақ тiлiнде iс-қағаздарын жүргiзу 68 сағат көлемiнде оқытылуда. Жоғарғы оқу орындарында да қазақ тiлi сағаттары 270 сағатқа көбейтiлдi. Жоғары оқу орындарында оқитын студенттерiмiздiң 50 пайызы қазақ тiлiнде бiлiм алады. 2000 жылдың өзiнде қазақ тiлiнде оқитын студенттер бар-жоғы 20 пайыздың үстiнде едi. Қазақ бөлiмдерiнде мамандар даярлау қазiргi таңда 65 пайызға жеткен.

Мемлекеттiк тiлдi қазақтiлдi емес орталарға, мектептерге, орта және жоғарғы оқу орындарына, сондай-ақ шетелдiктерге оқыту үшiн көп деңгейлi арнайы бағдарлама дайындалған. Ол әлемде қабылданған IELTS TOEFL үлгiсi бойынша жасалды. Алты деңгейден тұрады. Қазiр арнайы жұмыс тобы құрылды.

“Бұл қазақ тiлiн шетел тiлi ретiнде оқытатын жаңа бағыт. Жасыратыны жоқ, басқа ұлт өкiлдерi пәлен жыл мектепте, университетте оқып қазақ тiлiн бiлмей шығып жатыр. Осы олқылықты жөндеу үшiн халықаралық қалыптасқан дәстүр бойынша 4-5 деңгейлi қазақ тiлi бағдарламалары мен оқу құралдары дайындалды. Бұдан былай “5 сыныпта 4 алды, 6 сыныпта 5 алды” деп емес, бiтiрушiлер қазақ тiлiн қай деңгейде меңгергенiне қарай сертификат алады. Бұл тiлдi игеруге деген талапты да, сұранысты да күшейтедi”, - дейдi министр.

Сондай-ақ ғылыми диссертациялардың 27 пайызы мемлекеттiк тiлде қорғалады. 2000 жылдары 4 пайыздан аспаған. Гуманитарлы салада 73 пайызы қорғалуда. “Мемлекеттiк тiлге қатысты жұмыс iстей беремiз. Мұнымен тоқмейiлсiмеймiз”, - дедi министр.

Мұхтар Шаханов бұл статистикалық деректерге қарсы мынадай дау айтты: “Қазiр қазақ тiлiнде 648 балабақша бар деп жүрмiз. 1991 жылы елiмiзде 8 881 балабақша болған. Бiр мәлiмет бойынша, соның 930-ы, бiр мәлiмет бойынша, 1 100-i ғана қалдырылып, қалғандары мың теңгеге, мың жарым теңгеге қалталы адамдарға сатылып кеттi. Мұны ешкiм жоққа шығара алмайды. Қазақ тiлiнде (оның iшiнде аралас бала бақша да бар) 4 734 балабақша болған. Қазiргiсi - 648 балабақша. Бiреулер осыны да жетiстiк деп ойлайды. Бұл қайдағы жетiстiк! Қазiр жыл сайын 4-5 балабақшадан берiлiп жатыр. Осы өгiз аяңмен жүретiн болсақ, бұрынғы балабақшаның санына жету үшiн бiзге 400 жыл уақыт керек екен!

Гитлердi он мың кiтапты өртеткенi үшiн ағаш атқа мiнгiзiп жүрмiз. Ал Қазақстанда 10 мың кiтапхана жойылып отыр. Мұндай жағдай бұрын-соңды әлемде болған емес. Мәдениет ошақтарының 8 мыңға жуығы жекешелендiрiлiп кеттi. Қазiр соның үлкен бөлiгiн қайтара алмай отырмыз. Евангелия деген дiннiң өкiлдерi Алматының iргесiндегi Iргелi деген ауылда 5 600 орындық мәдениет үйiн, 300 орындық балабақшаны жекешелендiрiп алыпты! Әр апта сайын жиын өткiзiп, оған қатысқандарға 50 доллар ақша және тегiн түстiк ас бередi екен.

Егер Бiлiм және ғылым министрлiгi осы мәселенi баяғыда жолға қойғанда, мысалы, орта мектептi бiтiрген балалар мемлекеттiк тiлден емтихан тапсырып, ол есепке алынатын болғанда бүгiнде қазақ тiлiнiң мәселесi әлдеқашан шешiлген болар едi.

“Болашақ” бағдарламасы бойынша қазақ тiлiнен емтихан тапсырылған жоқ. Аузың қайсы десе мұрнын көрсетiн балалар шетелге оқуға кеттi. Көбiсi сол жақта тұрмысқа шығып жатыр. Кейбiреулер оқуын бiтiрiп келдi. Бiрақ олар “нан бер” деген сөздi қазақша айта алмайды. Ендi көресiнi солардан көремiз. Билiк басына келгенде бәрiмiзге көкемiздi танытатын болады”, - дедi М. Шаханов

Жансейiт Түймебаев бұл мәселеге қатысты келесi күзден бастап “Болашақ” бағдарламасымен оқуға баратындардың барлығы мемлекеттiк тiлден сынақ тапсыратынын айтты. “Жаратылыс және техникалық мамандықтар бойынша қазақ бөлiмдерiнiң саны, қазақ тiлiнде жазылған оқулықтардың саны қазiр көбейдi. Бұрын бұндай нәрсе болған емес. Тек қана гуманитарлық салада ғана болатын. Айып етпессiздер, Қазақстанның ұлттық жағынан ерекшелiктерi бар. Жүз пайыз қазақ тiлiне бiрден көшiре алмаймыз. Халық көбейiп жатыр. Сол кезде бәрi орнына келедi деп ойлаймын”, - дедi министр.

“Нұр Отан” партиясының хатшысы Ерлан Қарин “Ұлттық саясатта жүйелi көзқарас қажет екенiн айтты: “Статистистика бойынша, бәрi дұрыс! Қазақ тiлiндегi мектептердiң көбеюi, қазақша ғылыми зерттеу жұмыстарының санының ұлғаюы, тағысын тағылар. Екiншi жағынан алып қарағанда, қазақ мемлекеттерi саны көбейгенмен, бiлiм беру жүйесiнiң, оқыту бағдарламаларының сапалығы, ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұны ойландырады. Мәселен, 1997 жылы елiмiздегi жалпы докторлық, кандидаттық диссертациялардың тек қана 4 пайызы ғана мемлекеттiк тiлде қорғалса, 2007 жылы 22 пайыз болған. Өстi ме? Төрт пайызбен салыстырғанда өскен сияқты. Екiншi жағынан алғанда, 22 пайыз деген тым аз. Қорғалғандардың 80 пайызы - тарих, филология сияқты гуманитарлық пәндер бойынша. Сонда, ғылымның қазақ тiлiнде дамуы тек қана тарихшылар мен филологтарға ғана керек пе? Қазақ мектептерiнде кейбiр пәндер бойынша үй тапсырмасы орыс тiлдi кiтаптар бойынша берiледi. Сабақтың өзi де орысша түсiндiрiлетiнi кездеседi. Бұл қалай? Физика, геология, басқа да ғылым саласында докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалмай жатса, онда ғылыми еңбектер бiлiм жүйесiне қалайша енбек? Ғылым мен бiлiм беру жүйесiндегi байланыс бар ма, жоқ па? Бұл - өз алдына бөлек мәселе.

Ана тiлi мен Чтение оқулықтарын салыстырып қараңызшы. Мәселе - қазақ тiлiнде айтылуы мен жеткiзiлуiнде емес, берiлу мазмұнында. Чтениеде “орыс рухы”, “орыс сөзi” дегеннен көз сүрiнедi. Бiзде бұл жағы кемшiн. Мемлекеттiк тiлдiң болашағына, қазiргi мәселесiне тоқталсақ, жүйелi түрде ортақ тұжырымдама аясында қарастыру керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы ішкі өнім
ҒҰЛАМА ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ
Абай жолы роман-эпопеясындағы ұлттық салт-дәстүрлердің көркем көрінісі
Билер жөнінде бірер сөз
Тарихи өлкетану материалын тарих сабағында пайдалану әдістері
Тіл Мемлекеттік тіл мәртебесі
Каспий экологиясы
«Жұмақ ананың аяғының астында»
Астананың көркеюі
Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz