Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

1. 7 Әдебиеттер тізімінің мазмұны:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Учебник «Начальная Военная Подготовка», Москва 1981год.
  2. «Подготовка офицеров запаса Сухапутных войск»Военное издательство 1989 год.
  3. «Атлас офицера», Москва, Военно-Топографическое Управление
  4. 4. «инженерное обеспечение», Калибернов М., 1984 год.
  5. «Карта офицера», И. Д. Помбрик Н. А. шевченко. 1985 год.
  6. «Проведение занятий по НВП» М. П. Брысин, К. М. Калинин, 1990 год.
  7. Учебник «Начальная Военная подготовка 10-11 классы»Алматы 2002 год.
  8. «Методика НВП», И. Г. Назимка, Ф. С. Штыкало
  9. «Учебное пособиепо военно технической подготовки для студентов, обучающихся на Военной кафедре Карагандинского Металлургического Института», Н. В. Серов, 1999 год, Части 1-2.

Қосымша әдебиеттер:

1. Алғашқы әскери дайындық Аманжолов А. А 2006 ж

2. Оқу процесі мен ішкі тәртіпке жалпы әскери жарғылар

талаптарын енгізу жөніндегі жұмыс әдістемесі Алматы 2000ж

3. Каргин С. Т., Дошаков С. Х. Бастапқы әскери дайындық негіздері. - Қарағанды, 2002.

4. Проведение занятий по начальной военной подготовке. П. М. Брысин, М. П. Калинин

5. Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы 2007 ж

6. Азаматтарды әскери қызметтке шақыруды ұйымдастыру және өткеру ережесін бекіту туралы 2006 ж

7. Аманжолов А. А Алғашқы әскери дайындық 2003 ж

8. Жақсыгельдинов М. Т. Бастапқы әскери дайындық 2003ж

9. Қазақстан Республикасы даму стратегиялық бағдарламасы «Қазақстан-2030»

1. 8 Баға туралы ақпараттар білім бағасы:

Ағымдық бақылау:

- Дәріс және практикалық сабақтарға қатысу;

- Дәріс және практикалық сабақтарға конспект жазу;

- Практикалық сабаққа белсенді қатысу;

Аралық бақылау:

- СОӨЖ орындау (әдістер жасау, кесте толтыру т. б. )

Үй тапсырмасы:

  • Таңдаған тақырыпта реферат жазу;
  • Таңдаған тақырып бойынша қысқаша баяндама жасау.

рейтинг шкаласы.

Бақылау түрі: Бақылау түрі
Балдар: Балдар
Бақылау түрі: Ағымдық бақылау
Балдар: 20
10
Бақылау түрі: Аралық бақылау
Балдар: 30
20
Бақылау түрі: Үй жұмысы
Балдар: 10
30
Бақылау түрі: Қорытынды бақылау
Балдар: 40
40
Бақылау түрі: Барлығы:
Балдар: 100
100

Білім бағалау критериялары

%-тік тақырыптар: %-тік тақырыптар
критериялар: критериялар
%-тік тақырыптар: 0 - 49
критериялар: Жоспар бойынша сабақ тақырыптарын толық білмейді. Көп қателіктер жібереді.
%-тік тақырыптар: 50 - 74
критериялар: Жауабы дұрыс, бірақ толық емес. Жоспар бойынша сабақ тақырыбын және мағанасын терең түсінбеуі. Алған білімінен қорытынды шығара алмайды.
%-тік тақырыптар: 75 - 89
критериялар: Жауабы толық дұрыс. Ұсынылған әдебиеттерге сәйкес тақырып мазмұнын түсініп, дұрыс талқылайды. Өз ойына қорытынды жасап, түсінгенін жеткізе біледі.
%-тік тақырыптар: 90 - 100
критериялар: Жауабы толық дұрыс. Ұсынылған әдебиеттер бойынша тақырыпты жақсы талқылайды, өз ойына қортынды жасап, алған білімін дұрыс жеткізе алады. Барлық сұрақтарға дұрыс толық жауап береді.

1. 9 Курстың саясатымен процедурасы:

Студенттер міндеті сабақтарға үзбей қатысу, пән бойынша тапсырмаларды кестеге сәйкес орындау және әдебиетпен кітапхана мен интернет-залында өзіндік жұмыстар орындау.

Сабаққа кешігу, келмеу және аудиторияда басқа адамдардың білім алуына кедергі келтіретін жүріс-тұрыс үшін жауапкершілік «Академик Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ішкі ережелерімен» анықталады. Студенттің өзінің қатысуынсыз қорытынды бақылау өткізілмейді. Емтиханға келмеу жағдайлары ҚарМУ-дың оқу процесін ұйымдастыру ережелерімен реттеледі.

Зерттеу барысында студенттерге қойылатын әкімшілік талаптар:

1.: 1.
Мерзімінде рефераттың дайын болмауы: Мерзімінде рефераттың дайын болмауы
5 балл шегеріледі.: 5 балл шегеріледі.
1.: 2.
Мерзімінде рефераттың дайын болмауы: Мерзімінде қосымша баяндаманың болмауы
5 балл шегеріледі.: 2 балл шегеріледі
1.: 3.
Мерзімінде рефераттың дайын болмауы: СОӨЖ болмауы
5 балл шегеріледі.: Сабақ тақырыбына сәйкес балдар шегеріледі
1.: 4.
Мерзімінде рефераттың дайын болмауы: Аралық бақылауда болмауы
5 балл шегеріледі.: 8 балл шегеріледі.
1.: 5.
Мерзімінде рефераттың дайын болмауы: Сабаққа кешігулер, сабаққа қатыспаулар
5 балл шегеріледі.: Ағымдық бақылаудан балдар шегеріледі


2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

2. 1 Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары

Барлығы (несиелер) 3 кредит

Рет №: Рет №
Тақырып аттары: Тақырып аттары
Сағат саны: Сағат саны
Рет №:

Дәріс

Тақырып аттары:

Сем

Сағат саны:

СОӨЖ

СӨЖ

Рет №: 1.
Тақырып аттары:

1-тақырып: Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық

Әскери-инженерлік дайындықтың мәні және міндеттері. Далалық фортификациялық құрылымдар.

Сағат саны: 4
2
4
4
Рет №: 2.
Тақырып аттары:

2-тақырып: Инженерлік бөгеттер.

Инженерлік бөгеттердің (ИБ) атқаратын қызметі, классификациясы.

Сағат саны: 4
2
4
4
Рет №: 3.
Тақырып аттары:

3-тақырып: Инженерлік бөгеттерден өту.

Инженерлік бөгеттерден өту тәсілдері.

Сағат саны: 2
1
4
4
Рет №: 4.
Тақырып аттары:

4-тақырып: ҚазақстанРеспубликасы

Қарулы күштерінің инженерлікминиалары.

Инженерлік миналардың атқаратын қызметі, классификациясы, жалпы құрылысы.

Сағат саны: 2
1
4
4
Рет №: 5.
Тақырып аттары:

5-тақырып: Әскери құрылым жүйесіндегі әскери топография.

Әскери топографияның мәні және міндеттері.

Сағат саны: 2
1
4
4
Рет №: 6.
Тақырып аттары:

6 -тақырып: Жергілікті жерде картасыз бағдар алу.

Бағдар алу туралы жалпы түсінік. Аспандағы жарық, жергілікті жер заттары белгілерімен, компас көмегімен көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері.

Сағат саны: 2
1
3
3
Рет №: 7
Тақырып аттары:

7 -тақырып: Азимут бойынша жергілікті жерде қозғалу.

Азимутты анықтау. Жергілікті заттар мен азимутты анықтау тәртібі және азимут бойынша қозғалыс бағытын анықтау.

Сағат саны: 2
1
4
4
Рет №: 8
Тақырып аттары:

8- тақырып: Топографиялық карта.

Топографиялық карта турылы түсінік.

Сағат саны: 2
1
4
4
Рет №: 9
Тақырып аттары:

9-тақырып: Карталы жұмысқа дайындау.

Жұмыс картасын таңдау, бағалау. Координаттың географиялық жүйесі. Координаттық жазық тік бұрыш жүйесі. Пункттің картада шамамен орналасқан жерін көрсету.

Сағат саны: 2
1
4
4
Рет №: 10
Тақырып аттары:

10-тақырып: Жергілікті жерде карта бойынша бағдар алу.

Жұмыс картасын жүргізудің негізгі тәртіптері. Жергілікті жерді топографиялық карта бойынша зерттеу.

Сағат саны: 2
1
4
4
Рет №: 11
Тақырып аттары: 11-тақарып: Әскери құрылым жүйесіндегібасқару және байланыс.
Сағат саны: 2
1
2
2
Рет №: 12
Тақырып аттары:

12-тақырып: Радио байланысты ұйымдастыру.

Радиобайланысты ұйымдастыру түрлері, тәсілдері.

Сағат саны: 2
1
2
2
Рет №: 13
Тақырып аттары:

13-тақырып: Радиобайланыс құралдары.

Р-107, Р-107М радио станциясының атқаратын қызметі, ТТС және жұмыс істеу тәртібі.

Сағат саны: 2
1
2
2
Рет №: 14
Тақырып аттары: Барлығы
Сағат саны: 30
15
45
45

Сырттай оқу бөлімнің тақырыптық жоспары:

Рет №: Рет №
Тақырып аттары: Тақырып аттары
Сағат саны: Сағат саны
Рет №:

Дәріс

Тақырып аттары:

Сем

Сағат саны:

СОӨЖ

СӨЖ

Рет №: 1.
Тақырып аттары: 1-тақырып: Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық
Сағат саны: 6
3
6
6
Рет №: 2.
Тақырып аттары: 2-тақырып: Инженерлік бөгеттер.
Сағат саны: 6
3
6
6
Рет №: 3.
Тақырып аттары: 3-тақырып: Инженерлік бөгеттерден өту.
Сағат саны: 2
1
6
6
Рет №: 4.
Тақырып аттары:

4-тақырып: ҚазақстанРеспубликасы

Қарулы күштерінің инженерлік миниалары.

Сағат саны: 2
1
4
4
Рет №: 5.
Тақырып аттары:

5-тақырып: Әскери құрылым жүйесіндегі әскери топография.

Оқыту әдістемесі.

Сағат саны: 2
1
4
4
Рет №: 6.
Тақырып аттары: 6 -тақырып: Жергілікті жерде картасыз бағдар алу.
Сағат саны: 2
1
3
3
Рет №: 7
Тақырып аттары: 7-тақырып: Азимут бойынша жергілікті жерде қозғалу.
Сағат саны: 2
1
4
4
Рет №: 8
Тақырып аттары: 8- тақырып: Топографиялық карта.
Сағат саны: 2
1
4
4
Рет №: 9
Тақырып аттары: 9-тақырып: Карталы жұмысқа дайындау.
Сағат саны: 3
1
4
4
Рет №: 10
Тақырып аттары: 10-тақырып: Жергілікті жерде карта бойынша бағдар алу.
Сағат саны: 3
2
4
4
Рет №: 11
Тақырып аттары: Барлығы
Сағат саны: 30
15
45
45

2. 2 Дәріс тақырыптарының тезистері.

№1тақырып. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық

Әскери-инженерлік дайындықтың мәні және міндеттері. Инженерлік жасырылу іс-шаралары. Оқыту әдістемесі.

1. Инженерлік бөгеттердің классификациясы, арналуы.

2. Мина-жарылғыш, жарылмайтын және аралас бөгеттер.

3. Минаның әрекет ету принципі

4. Белгі беруші миналар

1. Қәзіргі заманғы ұрыста инженерлік бөгеттер бөлімшелердің ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуде бұрыңғысынша маңызды рол атқаратын болады.

Инженерлік бөгеттер қарсыластың ілгерілеуін бөгеу, маневрін қиындату адам күшімен техникасын шығынға ұшырату өз әскерлеріне қарсыласты қарудың барлық түрлерімен жою үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызу мақсатында жасалады. Инженерлік бөгеттер әскерлердің ұрыс қимылдарының барлық түрлерінде қолданылады, оларды табиғи бөгесіндермен ұштастырып атыс жүйесіменде әскердің іс-қимылымен де тығыз ұштастырып командирдің шешімімен сәйкесм жасайды. Инженерлік бөгеттерді шептер бойынша және бағыттар бойынша жасайды; олар қарсылас үшін күтпеген жерде болуы және өз әскерлерінің маневрін шектемеуі керек.

2. Инженерлік бөгеттер мина жарылғыш, жарылмайтын және аралас бөгеттер болып сараланады, танкке қарсылары және жаяу әскерге қарсылары болады. Өзендер (су қоймалары) болған кезде судағы бөгеттер қойылуы мүмкін.

Мина жарылғыш бөгеттер инженерлік бөгеттердің негізін құрайды және миналанған алаң, миналар тобы (шоғыры) мен жеке миналар түрінде жасалынады.

Мина жарылғыш бөгеттер жасауы үшін танкке қарсы (ТҚМ), жаяу әскерге қарсы (ЖҚМ) миналар, сондай-ақ жарылғыш заттардың (ЖЗ) зарядтары қолданылады, мина жарылғыш бөгеттермен бір кешенде сигналдық миналар (СМ) қойылуы мүмкін.

Танкке қарсы миналар танктерді және басқа да ұрыс машиналарын жою үшін қолданылады, олар танк және басқа ұрыс техникасы жүріп келіп басқан кезде жарылатын шыншыр табанға қарсы, түп астыға қарсы болып бөлінеді.

Жалпы құрылысы. Танкке қарсы миналар корпустан (металл, ағаш, пластмасса) жарылғыш зат зарядынан жарғыштан және аралық детонатордан тұрады. Танкке қарсы кейбір миналардың түбінде және бүйір бетінде миналарды алынбайтындай жағдайға койған кезде жарылғышқа арналған бұрандалы тұтандырғыш ұялары болуы мүмкін.

Танкке қарсы ТМ-62 миналары, МВЧ жарғышымен қолданылуы мүмкін.

Танкке қарсы ТМ-62 миналарының құрылысы:

Корпус 2) тығын 3) төсем 4) заряд 5) түп 6) қосымша детонатор

7) тұтқаны бекітетін құлақша

Танкке қарсы ТМ-57 миналары МВЗ-57 жарғышымен қолданылады.

Минаның әрекет принципі қойылған минаның үстінен басқан кезде қақпақ майысады жарғының соққы тетігі төмен түсіп КД-МВ капсюль детонаторлары төлкесімен минаның диафрагмасына тіреледі одан әрі басқан кезде мұрындық қиылады, шарлар соққышты босатады; соққы серіппенің әсерімен соққыш капсюль детонаторды теседі де, ол да, минада жарылады.

МВЗ -57 жарғышты ТМ-57 минасы құрылысы: 1) корпус 2) қалқанша 3) НВЗ-57 жарғышы 4) диафрагма 5) заряд 6) түп 7) орталық детонатор 8) бүйірлік детонатор 9) тығын

Танкке қарсы ТМК-2 кумулятивтік минасы танктің не басқадай ұрыстық техниканың астында жарылады.

Жаяу әскерге қарсы миналар. Адам күшін жою үшін қолданылады. Олар фугас (ПМД-6 М, ПМН) және жарықшақты (ПОМЗ-2М, ОМЗ-72 және МОН-50) болып сараланады.

Жаяу әскерге қарсы ПМД-6М миналары МУВ, МУВ-2 және МУВ-3 жарғыштарымен қолданылады.

Жаяу әскерге қарсы ПМД-М минасының құрылысы: 1) қақпағы 2) МУВ-2 жарғышы 3) резеңке қалпақша 4) металл элемент 5) тескіш 6) сақтандырғыш мұрындық 7) Т тәрізді ұрыстық мұрындық 8) соққыш 9) соққы серіппе 10) жарғыш корпусы 11) МД-5М тұтандырғышы 12) металл тілімше 13) мина корпусы 14) ЖЗ заряды 15) бүпкеніш қабат (жапырақтар)

Минаның әрекет принципі минаны басқан кезде қақпақ төмендеп Т тә-різді мұрындықты жарғыштан суырады соққыш соққы серіппенің әсерінен МД-5М (МД-2) тұтандырғышын теседі, ол жарылып миналар жарылады.

Жаяу әскерге қарсы ПМ минасының пластмасса корпусы болады. Мина-ның әрекет принципі минаны басқан кезде қақпамен қалқанша төмен түседі, соққы серіппенің әсерімен тұтандырғышты теседі де ол жарылып, минаны жарады.

Жаяу әскерге қарсы ПМН минасының құрылысы: 1) корпус 2) ЖЗ заряды 3) резеңке қалпақ 4) қалқанша 5) кеспе шығыршық 6) соташық 7) металл таспа 8) резеңке төсем 9) калпақша 10) кескіш 11) металл элемент 12) шығыршық 13) сақтандырғыш мұрындық 14) төлке 15) соққы серіппе 16) соққыш 17) сота-шық серіппесі 18) ұрыстық томпешік 19) капсюл детонаторы 20) тетрил құты 21) пластмасса гильза 22) тығын 23) резеңке төсем.

Жаяу әскерге қарсы Фугас миналар топыраққа үстіңгі беттен 3-5 см тереңдікке, қысқы жағдайда қардың қалыңдығы 10 см болғанда жерге, ал қар қалың болғанда үсіңгі бетінен 5 см аспайтын бүркеніш қабаты бар тапталған қарға қойылады. Орнатылған жаяу әскерге қарсы Фугас миналарды алуға үзілді-кесілді тыйым салынады.

Жаяу әскерге қарсы ПОМЗ-2М жарықшақты миналарыы МУВ, МУВ-2 немесе МУВ-з жарғышымен қолданылады.

Жаяу әскерге қарсы ПОМЗ-2М жарықшақты минасының құрылысы: 1) корпус 2) ЖЗ заряды (75 грамм тротилды құты) 3) МУВ-2 жарғышы 4) Р тәрізді ұрыстық мұрындық 5) кесінді сымы бар карабин 6) сым керме 7) қазықша 8) МД-М тұтандырғышы

3. Минаның әрекет ету принципі: сым керме тартылған кезде ұрыстық мұрындық жарғыштан жұлынады соққыш босайды да, соққы серіппенің әсерімен тұтандырғышты теседі ол жарылып минаны жарады, минаның корпусы жарықшақтарға бөлшектеліп жан-жаққа ұшып жаралайды.

Минаны сым керменінің бір не екі тармағымен орнатады . Керменің қазықшалары топыраққа жер бетінен 12-15 см биіктікке қағылады, ал орнатпа қазықша топырақ бетінен 5-7 см-ге қағылады. Сым керме минадан 5 м-ге дейінгі қашықтықта орнатылады, ал екі тармақпен орнатқан кезде екі қазықшаның арасындағы сым керме бір-бірінен 8 метрге дейін болуы керек.

4. Белгі беруші миналар өз әскеріне қарсыластар бөгеттер ауданына, позицияларға немесе қорғаудағы объектіге келгенін ескерту үшін қолда-нылады.

Белгі беруші минаның әрекет принципі жарғыштың ұрыстық мұрын-дығы жұлынған кезде (сым керменің тартылуынан) соқыш КТ- 11 капсюль-тұтандырғышты тесіп оқ-дәрі заряды тұтанады, ал одан дыбыстық белгі блогының татанғыш құрамы жанады да дыбыс шығады (ысқырық) ; дыбыстық сигнал әрекеті аяқталғаннан кейін жарық сигналының бірінші жұлдызшасынынң тұтанғыш құрамы жанады, бұдан соң от жұлдызшаның тұтанғыш құрамынан айдама оқ-дәрі зарядына тиеді; айдама заряд жанға кезде түзілетін газдардың қысымымен жанған жұлдызша гильзадан атылады; жанған айдама заряд осымен бір мезгілде кезекті белгі беруші жұлдызшаны жандырады; нәтижеде барлық жұлдызшалар (12-15) дана бірінен кейін бірі кезектесе жаныпминаның корпусының 10-12 секунд ішінде атылып шығады.

Белгі беруші миналар жерге орнатылуы және жергілікті заттарға (ағашқа, қазыққа және т. б. ) байлануы мүмкін. Мина іске қосылған кезде жанған жұлдызшалар мина орнатылған жерден 20 метрге дейінгі радиуста жерге түсіп жанып бітеді. Одан құраған шөп, егін өртенуі мүмкін; миналарды орнатқан кезде мұны ескеру керек.

№ 2 тақырып. Минажарылғыш бөгеттерді білдіретін белгілер:

1. Танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы миналанған алаңдар

2. Жою әдістері.

3. Жарылмайтын инженерлік бөгеттер

4. КМТ-6 сипаттамасы

1. Танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы миналанған алаңдар, мина шоғырлары мен жеке миналар: миналар орнатылғаннан кейін топырақтың жинастырылмағандығы; миналар мен жарғыштардың ұмыт қалған (шашылған) орамалары, қағаз зат белгілері; қалып қойған құрал-сайман, миналау құралдары; сілтемелер мен қоршаулар; төмпешіктердің, қылтиған қадалардың, орнатпа және керме қазықтардың, баулардың, сымдардың болуы; миналардың үстін бүркемелеген қабаттың төңірекке тән көріністен өзгешілігі; мина қою кезінде жүрген минаорнатқыштардың шынжыртабандарының (доңғалақтарының) бороздалары мен іздері.

Тұзақ- миналар: қару-жарақ құралдары мен жергілікті заттарға бекітілген керме сымдарын, сондай-ақ электр сымдарының болуы; қабырғалардың қаламасындағы, жолдардың қаптамасындағы кінәраттар; ғимараттардың не жеке құрылыстардың ішінара қирағаны; ғимараттар, қоймалар, оқ-дәрі, ұрыстық және көлік машиналарының маңындағы әр түрлі заттардың үйіліп жатуы.

Миналанған алаңдар жасалуын тәуліктің жарық уақытында ұшақтар мен тікұшақтардың ұсақ заттардың (контейнерлердің) тасталуын және снарядтардың (ракеталардың) әуеде неғұрлым ұсақ бөліктерге бөлшектенуін көріп анықтауға болады. Миналанған алаңдарда қандайда бір сыртқы әсерсіз жекелеген миналардың жарылуы болуы мүмкін, мұның өзі миналардың өзін-өзі жою элементтерінің іске қосылуынан немесе миналанған алаңдардан өтуді қиындату мақсатында орнатылған баяу жарылатын мина бомбалардың жарылуынан болады.

Қашықтықтан орнату жүйелерімен миналанған алаңдардың білдіріп тұратын мынадай белгілері болады; төңіректе шашылып тасталған миналар контейнерлері (касеттер), тұрақтандырғыш құрылғылар, парашюттер, сым кермелер және т. б.

2. Жою әдістері. Сым кермелермен орнатылған жаяу әскерге қарсы қолданылатын жарықшақты миналарды жою бауының ұзындығы 30-50 метр тарбақтармен жүзеге асырылады. Тарбақты тексерілетін жерге (миналанған алаңға) кезектеп алға лақтырып кейін сүйрейді. Миналардың бар екенін жарылғандарына қарап анықтайды.

Танкке қарсы миналанған алаңдарда кермелері бар жаяу әскерге қарсы миналар миналар орнатылған болуы мүмкін. Миналарды тралдау және жою үшін инженерлік - саперлік бөлімшелерден іздеу және жою құралдары сайма-сай неғұрлым дайындалған бөлімше тағайындалады; олар әуелі жаяу әскерлерге қарсы миналарды тралдайды, одан соң танкке қарсы миналарды іздеп тауып, жоюды бастайды. Танкке қарсы миналар тарбақтармен белгілен-ген орындарға жиналып, бастырма зарядтармен жойылады.

3. Жарылмайтын инженерлік бөгеттер мақсатына қарай танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы бөгеттер деп сараланады.

Танкке қарсы бөгеттерге танкке қарсы орлар, эскарптар, контрэ-скарптар, бағандар (ағаш, металл, темірбетон, тас) орманда бөренелерден, су қоймаларында мұздан жасалған тосқауылдар, елді мекендерде металл арандар, баррикадалар, қар үйінділері, тау беткейлерінде мұз жолақтары, өзендер мен су қоймаларында суаттар, су жаймалары, сондай-ақ ағаш үйінділері, тауларда, елді мекендерде жасалған үйінділер жатады.

Жаяу әскерге қарсы бөгеттер ауыстырмалы және тұрақты болады.

Ауыстырмалы сым бөгеттер негізінен өтпелерді, бөгеттердің бұзылған тұстарын жылдам жабу үшін, сондай-ақ басқадай бөгеттер жасау қиын болған жағдайларда қолданылады. Оларды әдетте күнілгері жасап, дайын күйінде орнатылған жерлерге жеткізіп қояды (онша еленбейтін сым торлар, тікенді және тегіс сымнан жасалған тез орнатылған бөгеттер, шиыршықтар, арандар) .

Тұрақты бөгеттерге биік және аласа қазықтармен бекітілген сым торлар, сым қоршаулар, ілмектер мен тұзақтар, ормандағы бөгеулер, түбірлер мен бұталарды тікенді сыммен шалмалау т. б. жатады.

Шөл дала және елсіз таулы жерлерде, қыста беткейлерге мұз қатыру қолданылады.

Танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы жарылмайтын бөгеттер бөлек-бөлек те, бір-бірімен ұштастырып та қолданылады, оларды минажарылғыш бөгеттермен және белгі беретін құралдармен күшейтуге болады.

Жарылмайтын бөгеттер жасаған кезде оларда өз әскерлерін өткізуге арналған өтпелер қалдырады, ал бұл өтпелерді тез бітеу үшін қажетті құралдарды (ауыстырмалы бөгеттер не миналар) дайындап қояды.

Жарылмайтын бөгеттерді бүркемелеу үшін бөгеттердің негіздерін (бағандарды, арандар мен қазықтарды) бүркемелеп сырлау, жасанды перделер қолдану, алдамшы бөгеттер жасау пайдаланылаады.

. Қарсыластың инженерлік бөгеттерін, соның ішінде дистанциялық миналау жүйелерімен орнатылғандарын шабуылдаушы әскерлер орағытып өтеді, ал орағытып өтуге болмайтын кездерде тралдаудың штаттық құралдарын қолданып не болмаса өтпелер жасап өтеді.

Инженерлік бөгеттерде өтпелерді миналық тралдармен, минасыздандыру құрылғыларымен және шектеулі инженерлік машиналармен жасайды.

Табанжолдық миналық трал КМТ- 5М (24 б- сурет) танктердің арнаулы жабдығы болып табылады және танкке қарсы миналанған алаңдарды барлауға, тралдары жоқ ұрыс машиналары мен шабуылдаушы бөлімдердің өтуі үшін табанжол өтпелер жасауға арналған. Трал оң және сол бөліктен тұрады, олар танкке жеке-жеке қосылады және бір-бірінен бөлек іске қосылады. Трал жинақтамасына екі аунақтық бөлік, оң және сол жақтау, ұстастырма құрылғы, екі пышақтық бөлік, оң және сол көтеру тетіктері қамтылады. Бұларға қоса трал түпкік қадалық миналарды тралдауды, жасаған өтпені белгілеудіжәне қажет болған жағдайда аунақтық бөліктерді автоматты түрде ағытып тастауды қамтамасыз ететін құрылғылармен жарақталған.

Табанжолдық КМТ-5М миналық трал.

1-түптік қадалық миналарды тралдайтын құрылғы.

2-аунақтық бөлік.

3-пышақтық бөлік.

КМТ-5М сипаттамасы

Тралддау жылдамдығы, км/сағ: Тралддау жылдамдығы, км/сағ
6-12: 6-12
Тралддау жылдамдығы, км/сағ: Тралданатын табанжол ені, м
6-12: 0, 73-0, 81
Тралддау жылдамдығы, км/сағ: Тралды танкке экипаж күшімен тіркеу(танктен ағыту) уақыты, мин
6-12: 30-45(8-13)
Тралддау жылдамдығы, км/сағ: Тралдың массасы, т
6-12: 7, 3-7, 5
Тралддау жылдамдығы, км/сағ: Тралды тасымалдайтын автомобильдер саны, дана
6-12: 1-КРАЗ-2556 не 2-ЗИЛ-131

КМТ-6 миналық тралы орташа танктердің аспалы жабдығы болып табылады және олардың танкке қарсы миналанған алаңдардан өтуі үшін арналған. Құрылымы жөнінен трал қазып алғыш, табанжолдық; миналарды тралдау оларды топырақтан қазып алып, танктен былайғы жаққа қою арқылы орындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай басқармасының органдарында шешім қабылдау жөнінде информациялық және техникалық қолдау
Қазақстанның қазіргі армиясы туралы
Химиялық қару туралы
Қарулы Күштер тылы
Инженер-техникалық интелегенцияның қоғамның әлеуметтік құрылымдағы орны мен рөлі
ҚазҰТУ-дың шаңырақ көтеруі – 1934-1960 жж. Қазақтың тау-кен металлургиялық институты (қазткми)
Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің қалыптасуы мен дамуы (1991-2010 ж.ж)
Спорт құрылыстарын жіктеу сызбасы
Құрлық әскерлері - қазақстандық армияның басты жауынгерлік күші
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz