Ислам өркениеті және мұсылман философиясы



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I.тарау. Ислам өркениеті.
1.1 Ислам әлемдік діндердің бірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.5
1.2 Ислам өркениетінде Мұхаммед пайғамбардың алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.7
1.3 Құран.Кәрім . мұсылмандардың киелі кітабы ... ... ... 8.9


II.тарау. Мұсылман философиясы
2.1 Мұсылман философиясының қалыптасуы мен даму ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10.13
2.2 Мұсылман ойшылдарының ғылыми.философиялық көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.19
2.3 Суфизм . мұсылмандық діни.философиялық ойлардың бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.25


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26


Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе

Бұл курстық жұмыста қарастыратын негізгі мәселелер :
Ислам өркениеті және мұсылман философиясының пайда болуы және дамуындағы белең алған мәселелер.
Жұмыстың мақсаты :
Ислам өркениеті мен мұсылман философиясының идеясы мен мазмұнын терең ашып көрсету.
Жұмыстың міндеті :
Ислам өркениеті мен мұсылман философиясының дүниетанымдық мәселелерін студенттерге насихаттау.

Курстық жұмыстың құрылымы :
Кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Бірінші тарауда ислам дінінің пайда болуын, оның әлемге таралуын, осы діннің негізін салған Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен қызметін ашып көрсеттім және де мұсылмандардың киелі кітабы – Құран Кәрім жайлы қарастырдым. Мұнда ислам дінінің араб жерінен бастау алып, оның жайылуы және Мұхаммед пайғамбардың осы дінге сіңірген қызметтері жайлы ауқымдырақ мәселелері қаралды. Жалпы, Мұхаммед пайғамбар Орта Азия және т.б. халықтарына монотеизмді орнатып, дүниеге дұрыс бетбұрыс орнатады.
Екінші тарауда ежелгі мұсылман философиясының қалыптасуы мен дамуындағы негізгі мәселелерді, мұсылман ойшылдарының дүниетанымдық көзқарастары, қалдырған мұралары жөнінде толық баяндадым. Суффизм – мұсылмандық діни-философиялық ойлардың бағыты туралы мазмұнын ашып, қарастырдым. Осы суффизм бағытында біршама Орта Азиялық ойшылдардың қосқан еңбектері жайлы тереңірек зерттедім.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Молдабеков Ж., Қасабек А.,
Шығыс философиясы: оқу құралы – Алматы:”Қазақ университеті”, 2001.
2. Бейсенов Қ.Ш., Философия тарихы: оқулық – Шымкент: “Нұрлы бейне”,
2005ж.
3. Ғабитов Т.Х., Философия – Алматы: “Раритет”, 2004ж.
4. Ғ.Есім, Фәлсафа тарихы – Алматы: Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2000ж.
5. Ғабитов Т.Х., Мүтәліпов Ж.М., Құлсариева А.Т.,
Мәдениеттану – Алматы:”Раритет”, 2004ж.
6. Тұрғынбаев Ә.Х., Философия – Алматы: “Білім”,2001ж.
7. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ., Философия – Алматы: “Атамұра- Қазақстан”, 1994ж.
8. Мұсылманшылдықтың белгісі – Алматы, 1991ж.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті.
Түркістан Гуманитарлық ғылымдар және Бизнес институты.

Экономика және Заң факультеті

Философия кафедрасы

Тақырыбы: Ислам өркениеті және мұсылман философиясы

Ғылыми жетекшісі:
Магистр оқытушы

Ашимова Г.
Орындаған: ЗФФ-615
тобының студенті

Жақсыбаев М.

Түркістан 2007 ж.
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..3

I-тарау. Ислам өркениеті.
1.1 Ислам әлемдік діндердің бірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-
5
1.2 Ислам өркениетінде Мұхаммед пайғамбардың алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 6-7
1.3 Құран-Кәрім - мұсылмандардың киелі кітабы ... ... ... 8-9

II-тарау. Мұсылман философиясы
2.1 Мұсылман философиясының қалыптасуы мен даму
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .10-13
2.2 Мұсылман ойшылдарының ғылыми-философиялық
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..14-19
2.3 Суфизм – мұсылмандық діни-философиялық ойлардың
бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..20-25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..26

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...27

Кіріспе

Бұл курстық жұмыста қарастыратын негізгі мәселелер :
Ислам өркениеті және мұсылман философиясының пайда болуы және дамуындағы
белең алған мәселелер.
Жұмыстың мақсаты :
Ислам өркениеті мен мұсылман философиясының идеясы мен мазмұнын терең ашып
көрсету.
Жұмыстың міндеті :
Ислам өркениеті мен мұсылман философиясының дүниетанымдық мәселелерін
студенттерге насихаттау.

Курстық жұмыстың құрылымы :
Кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Бірінші тарауда ислам дінінің пайда болуын, оның әлемге таралуын, осы
діннің негізін салған Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен қызметін ашып
көрсеттім және де мұсылмандардың киелі кітабы – Құран Кәрім жайлы
қарастырдым. Мұнда ислам дінінің араб жерінен бастау алып, оның жайылуы
және Мұхаммед пайғамбардың осы дінге сіңірген қызметтері жайлы ауқымдырақ
мәселелері қаралды. Жалпы, Мұхаммед пайғамбар Орта Азия және т.б.
халықтарына монотеизмді орнатып, дүниеге дұрыс бетбұрыс орнатады.
Екінші тарауда ежелгі мұсылман философиясының қалыптасуы мен
дамуындағы негізгі мәселелерді, мұсылман ойшылдарының дүниетанымдық
көзқарастары, қалдырған мұралары жөнінде толық баяндадым. Суффизм –
мұсылмандық діни-философиялық ойлардың бағыты туралы мазмұнын ашып,
қарастырдым. Осы суффизм бағытында біршама Орта Азиялық ойшылдардың қосқан
еңбектері жайлы тереңірек зерттедім.

Ислам әлемдік діндердің бірі.

Ислам-бір бағытта дамыған діндердің үшіншісі және соңғысы.
Христиан және иудаизм сияқты исламда Таяу Шығыстың аймақта
қалыптасты. Б.д.д. VI ғасыр үнді , қытай, грек мәдениетінің сапалық,
жүйелік кезеңі болса, шамасы мың жылдан кейін осындай мәдени жаңару
араб жеріндеде басталады. Үш діни тармақтың мәдени дәстүрінде
ұқсастық, идеялық негізінде сабақтастық білінеді. Ұқсастық жалпы
мәдени, теологиялық және діни –пұтқа табынушылық деңгейлерінен
сезінеді. Сабақтастық наным- сенім символынан, табыну рәсімімен,
мифтерінен, моральдық өсиеттерінен аңғарылды. Ислам кейін пайда
болғандықтан, өмірдің, талабы мен сынынан өткен діни – мәдени
ағымдардың жиынтығы, өркениеттің ерекше арнасы.
Ислам араб жерінде қалыптасты. Бірақ исламның ықпалы
таяу-
шығыс елдеріне ғана емес, иран, түрік, үнді, индонезиялық, Орталық
Азия,
Кавказ Поволжье, Балкан, Африканың көптеген халықтарына таралды.
Ислам арабтықтардың жеңісі арқылы да, бейбітшілік жолымен де тамыр
жайды. Қалай десекте, ислам, біріншіден сол халықтардың тағдыры мен
тарихына, дәстүрі мен салтына , идеялық бағдары мен рухани
құндылығына өшпессіз, әсер қалдырды, екіншіден сол халықтардың исламға
дейінгі рәсім-салтын, өзіндік ұлыстық және ұлттық ерекшелігін жойып
жіберген жоқ. Исламның құдіреті мен құралы – түрленудің жалпы және ерекше
ағымын тоғыстырған, тағдыры бөлек халықтарды ортақ бағытқа іштей, рухани
бұрған, жаңа ағымды қолдаушылардың таусылмас қатарын құрған қызметінде.
Ертедегі арабтардың басым көпшілігі семит дәстүрін ұстап,
көптеген құдайларға табынып, тәжім етті.Көне вавилон дәуірінен келе жатқан
күн мен айға, бабалардың рухы мен табиғат күшіне табынатын рәсім де
қалыптасты.
Арабтарға иудаизм және христиан дінінен басқа, ираннан
таралған зороастризм де ықпалын тигізді.
Араб тайпалары әр түрлі діннің ықпалында болды. Оның үстіне,
көрші мемлекеттердің саяси және сауда –саттық қысымынан, араб
тайпаларының арасында жіктелу, жауласу күшейді.
Тарихтың осы тәлкегін жеңілдеткен, саяси қарсыласуға тоқтам
салған күш – қуат табылды. Ол діннің мүмкіндігі еді.
VI ғасыр Арабияның оңтүстігінде әр түрлі құдай мен әулиеге
табынушылық дәстүріне қарсы ханифтер қозғалысы етек алды. Ханифтер
қозғалысын бір құдайға бағыну идеясын уағыздаған пайғамбарлар
бастады. Ханифтердің уағыздаған құдайы иудеистердің Яхвесіне,
христиандардың үштігіне ұқсамады. Оны- Аллах деп атады. Әрбір ханиф
өзін құдайдың өкілімін деп жариялап, құдайдың атынан жарлықтарын
уағыздады. Бұл қозғалыстың жағымды ықпалы аз болмады, бірақ та бірде-
біреуі дегеніне жете алмады.
Үлкен де, ортақ жеңіс Мұхаммед пайғамбардың үлесіне тиді.
Мұхаммед пайғамбарлардың ішіндегі белсендісі де, атақтысы да болды.
Мұхаммед пайғамбардың негізгі идеясы: дүниені жаратқан бір ғана
құдіретті Алла бар, бәрі де соның еркіне бағынып, ырқында жүру
керек. Жалпы, ислам, мұсылман деген сөздер – бас июшілік, құл
етушілік мағынасын білдіреді. Аз уақыт аралығында Мұхаммед
пайғамбардың Алла үшін, жаңа дін үшін қозғалысы үлкен жеңіске
жетеді.

Ислам өркениетінде Мұхаммед пайғамбардың алатын орны

Мұхаммед 570 жылы Мекке төңірегіндегі күрейш тайпасында
кедейленген отбасында дүниеге келеді. Жасынан жетім қалған ол ағасы
Абутәліптің малын, қойын бағады, содан кейін бай жесір әйел
Хадишаның сауда – саттық жұмыстарын жүргізеді. Жаңа қызметте әр түрлі
ортамен, түрлі елдердің өкілдерімен жүздесуге, сұхбаттасуға мүмкіндік
алады. Хадиша өзінен 15-16 жастай үлкен болса да, Мұхаммед оған
үйленеді. 20 жылдай бірге өмір сүреді, бірнеше ұлдары мен сүйікті
қызы Фатима дүниеге келеді. Хадиша қайтыс болғасын, Мұхаммед бірнеше
рет үйленеді. Бірақ Мұхаммедтің Хадишадан басқа әйелдерінен ұрпақ
қалмаған. Хадишаға үйленгесін Мұхаммед сауда – саттық жұмысымен
айналысуды қойып, біржақты діни ізденіске бас бұрады. Шамасы 610
жылдары Мұхаммед өзін жаңа дінді уағыздаушы пайғамбар деп
жариялайды.
Алғаш Мұхаммед жаңа ілім, жаңа дінді жасауды өзінше дара
міндет етіп қоймайды. Оны мазалаған негізгі мәселе – тоз – тозы
шыққан араб тайпаларының басын қосу еді. Сол үшін христиандар мен
еврейлерді өзінің рухани туысқандары деп есептейді, тіпті
христиандықтар мен иудаистердің орталығы – Иерусалимге қарай табынады.
Бірақ еврейлер Мұхаммедтің теологиялық сауатсыздығын, догматикалық
қателіктерін тәлкекке салып, күле бастағасын, намазды Меккеге қарап
оқуды ұйғарады.
Мұхаммед өсиетінің басты талаптары:
-бір Аллаға табыну;
-мұсылмандыққа тән бес парызды – Құдайдың бірлігі мен Мұхаммедтің

пайғамбарлық қасиетін мойындау, намаз оқу, ораза тұту, қайыр садақа
беру, хажыға бару;
-бес намазды – таң намазын, бесін намазын, екінді намазын, ақшам
намазын, жашиық намазын оқу;
- бес борышты – Аллаға, пайғамбарға байланысты борышты, адамның
өзіне байланысты борышты, мемлекет пен халыққа қатысты борышты, үй –
іші, жақындардың борышын, адамгершілік әлеміне ортақ борышты орындау
рәсімін енгізеді.
Мұхаммед осылайша бір рухани ілімнің төңірегінде арадтарды
топтастыра бастады, қай жолда күш – қуатты жинақтауға болатынын
көрсетті. Бұл қозғалыс арабтардың көңілінен шыққан бастама еді.
Бастама қолдау тапты, біртіндеп үлкен жеңіске жеткізді.
Мұхаммед Мекке қаласын исламның орталығы етіп жариялады. Өзі
өмірінің соңында Меккеде тұрмай, Мәдинаға қайтіп оралады. Дегенмен 632
жылы Меккеге арнайы қажылық жасап қайтады. Сол жылы дүние салады.
Мәдинаға жерленеді.
Бұл кезде халиф тағына деген күрес араб жерінде
толастамайды. Сонда да болса, исламның ықпалы кеңейе түседі. Ислам
өзіне дейінгі тамыр жайған идеялық түсініктерді іріктеп, мәдени
дәстүрге сүйенді.
Дегенмен исламның негізгі идеялары, дәлірек айтқанда
Мұхаммедтің діни ілімі Құранда,- мұсылмандардың киелі кітабында
жинақталынған. Құранда христиандардың киелі кітабы – Библияның идеялық
желісі, арабтардың мәдени жетістігі жөнімен ескерілген.

Құран – Кәрім – мұсылмандардың киелі кітабы.

Құран сипаты мен көлемі бірдей емес 114 бөлімнен
тұрады. Мұхаммедтің өзі қайтыс болғаннан кейін, мұсылмандар арасында
Құранның текстісі туралы пікірталас басталады. Сунниттер Құранның
текстісін толық, өзгеріссіз қабылдайды. Хариджиттер оның 12 сүресіне
күдік тудырды. Хариджиттердің ұйғарымынша, осы сурада Иосиф туралы
Библиялық аңызға көп және біржақты көңіл бөлінген. Шииттер
пікірінше, Құранның соңғы текстісінде пайғамбардың Әлі туралы сөздері
жөнсіз қысқартылған, алып тасталған.
Құранның текстісі нақты, түсінікті тілмен қысқаша
жазылған.
Құран стилінің қайрылып, қысқаша жазылуы , кейінгі шейхтер мен
халифтер арасында түрлі пікірталастық тудырады. Құранның 220-дан
артық қағидаларына бұрын-соңды түсіндірме беріліп келеді.Мұхаммедтің
өмірі, отбасы және ортасы туралы мәліметте, хадистер ғасырлар бойы
жиналды, оларға ауызша түсіндірме берілді. Осы мәліметтер IХ
ғасырда
алты жинақ болып басылады. Жинақтар Құранға қосымша, Сүннәнің, яғни
Мұхаммед пайғамбар туралы хадистердің негізін құрады. Оған
мұсылмандардың құқықтық және дәстүр нормалары, мінез-құлық ережелері
енді.
Құранда жеті қабат аспан мен жерді, жер бетіндегі
тірі жәндіктерді, алтыншы күні адамды және перілерді жаратушы –Құдай

делінген. Құранда, адамзаттың ең қуатты қымбат кезі өтіп кетті,
деген басқа діндегі ой қайталанады. Фәни –бұл дүниемен, бақи -о дүние
туралы,
о дүниедегі рай мен тамұқ туралы идеялар арнайы түсіндіріледі.
Құран бұл дүниені өзгертуге, жаңартуға емес, бар
нәрсе мен
тәртіпке көнуге, бағынуға шақырады;
адамды төзімділікпен, адал еңбектенуге үйретеді;
нағыз қанағат пен бақытты о дүниеден күту қажеттігін
құлаққа
құяды. Осы тұрғыдан Құранның қағидалары мен сүннәнің құқықтары
түсіндіріледі.Түсінік беруде әсті төрт тәсіл қолданылған. Олар – рай,
қаламның кейбір сүрелерін адамның өзінше жеке талдауы, түсінуі.
Райдың рөлі шектеулі;
- иджма, әр орта мен заманның беделділерінің келісілген
түсінігі
Жиі қолданылатын тәсіл;
- қыяс, аналогиядан, салыстырудан туындайтын тоқтам;
- истихсан, Сүннәдегі хадистердің қайсыбірі заман
игілігімен, үлгі-
сімен үйлеспесе, оны өзгерткізетін әдіс.
Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде әдептілік мәселеге
айрықша мән берілген. Соның кейбіреулеріне тоқталарлық:
37. Мүмкін болғанынша адамдарды қатал жазаламауға
тырысыңдар. Бірақ қатал жазаны мүлде қолданбауға да болмайды.
38. Жау жағынан әлдекім өз жанына сауға тілеп келсе, оны
өлтіруге болмайды.
103. Ақталуға көп әуестенбе.
148. Адамдар арасындағы талас – тартысты әділ, адал пікір
айтып, тура шешкен адам жақсы адам.
163. Тек қайырлы, сауапты істер тапсырылса ғана орындау
керек.
174. Екі түрлі адамның: жетім мен жесірдің ақысын жеу
харам.
183. Мас қылатын ішімдіктерді аз ішуге де рұқсат жоқ.
290. Мынандай бес түрлі күнә кешірілмейді: Аллаға шәк
келтіру; нақақтан кісі өлтіру; мұсылманға жала жабу; әділетті соғыстан
қашу; ант ішіп, біреудің ақысын нақақтан жеп қою.
324. Пара беруші де, оны алушы да – тозаққа түседі.
378. Момын (мұсылман) кісіге нақақ жаза берілмеуге тиіс.
544. Кімде – кім біреудің жерін зорлықпен иеленіп алса,
қиямет күні Алланың қаһарына душар болады.
545. Кімде – кім біреудің мал- мүлкін зорлықпен тартып
алса, ол ислам дінінен шығады.
Мұсылман философиясының қалыптасуы мен даму ерекшелігі

VIII-IX ғасырларда Батыс Еуропаның мәдениеттік даму деңгейі
төмен дәрежеде қалып қойған кезде, ортағасырлық Шығыста араб
мәдениеті өркен жайды. Мұсылман философиясының алғашқы бетбұрысы осы
кезде байқалады.Мұсылман философиясының объектісі – дүниетанымның мәңгі
мәселелері туралы антикалық және діни дәстүрлерді саралау, әрбір
тарихи кезеңдегі аймақтық, ұлттық рухани жетістіктерді бағалау.
Мұсылман философиясының қалыптасу кезеңдері мен бағыттары қилы
– қилы, қайшылықтарға толы. Ол өзінің объектісі бойынша бір- біріне
сабақтасады. Бірақ мұсылман философиясын тұтас феноменальдық ерекшелігі
немесе оның қалыптасуы мен даму заңдылықтары арнайы
зерттелінбеуде.Зерттеудің әдістемелік негізі жасалынған жоқ.
VII ғасырда араб тілі парсы және грек тілдерін орта шығыс
аймағында ығыстыра бастады. Осы кезде ғылымдар, әсіресе алхимия және
астрология туралы шығармалар араб тіліне аударыла бастады. Араб
аудармасының негізін қалаушылардың бірі омейяд сұлтаны Халид Ибн
Язид деген мәліметтер бар.Үнді ертегілері мен әдебиетін аударуда
парсылық Абдалла ибн ал-Мукаффаның орны ерекше.Ол Парсы патшаларының
тарихын, Айин – Наме, Мазда кітабын, Ануширван ғұмырнамасын аударған.
Абдалла ибн ал – Мукаффа және оның баласы Мұхаммад Аристотельдің
Категриясын, Герменевтикасы мен Аналитикасын аударады. Халиф аль
–Мансурдың кезінде ( 754-775) көптеген медициналық трактаттар,
Аристотельдің кейбір трактатты, Птоломейдің Альмагесті, Эвклидтің
Элементтері аударылады. Харун ар- Рашид патшалығында ( VIII ғ)
астрономия туралы үнді еліндегі трактаттар араб тілінде сөйлейді ,
Исламда тұңғыш астрономиялық орталық салынады. Йахья ибн ал -
Битрик Птоломейдің Квадрипартитусын аударса, оған Харун Умар
Фарухан патшалығында
арнайы кіріспе жазылып, баспадан жарық көреді. Ол алғаш
философиялық шығармаларды, соның ішінде Платонның Тимейс,
Аристотельдің жан туралы шығармаларын арабшалағанның бірі. VIII –IХ
ғғ. Машалл астрономия, астрология, метеорология туралы еңбектерін
жаза бастайды, ал парсылық Перс Абу Сахл ал –Фадл ан- Наубахти
парсы тіліндегі астрономиялық еңбектерді араб тіліне аударады.
Халиф ал -Мамун ғылымының дамуына үлкен септігін
тигізеді, тіпті оның өзін Ислам, Таухид туралы трактаттардың,
Пайғамбардың нұры туралы афоризмдердің авторының біріне жатқызады.
830 жылы Бейт ал-Хикма салдырады. Осы ордада Йахья Масавейх, Йахья ал-
Битрик, Салма сияқты белгілі ғалымдар жұмыс істейді. Олар көне грек
трактаттарын аударумен және жүйелеумен шұғылданады.
Грек философиясын ең көп және сауатты аударғандардың
бірегейі Хунайн Исхан деп есептелінді. Хунайн өзінің ұлымен,
немересімен және шәкірті Исой ибн Йахьямен бірлесе отырып Галеннің,
Аристотельдің, Платонның және тағы басқа еңбектерін сирия және араб
тілдерінде тәржімелейді.
Сонымен грек мәдениеті, грек тілі мен философиясы
арабтардың тіл және ойлану мәдениетінің жетілуіне өзіндік үлкен
ықпал етеді. Араб тілінде жаңа терминдер, ұғымның тың мағыналары
қалыптасады. Араб мәдениетінде саяси ілімдер, құқықтану, адамгершілік
ілімі, философия жаңа қырынан және қатар қалыптасады. Осы дәстүр
ислам дінінде де өзіндік жалғасын тапты. Исламда адамгершілік пен
заң тәртібі, болмысқа деген саяси және философиялық тұжырымдар бірге
өрбіді.
Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи –
философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің
данышпандары ерте грек ғылымы, философиясымен қатар Алдыңғы Азия,
Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен филосолфиясын қабылдай отырып,
философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырды. Егер ортағасырлық
Батыс Еуропада христиандық дінді идеологияландыру, философиялық
интоксикациялау және негіздеу үдерісі жүріп өтсе, ал мұсылман
аймағында, әсіресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым өзінің
гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде ғылымның мынадай
салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология,
астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина.
Классикалық ислам мәдениетінің қалыптасуы мен дамуына да
“аудармашылық қызмет” үлкен ықпал етті. Грек мәдениетін қабылдаудағы
тілдік айырмашылықты икемдеуде сириялық христиандардың үлесі анау
айтарлық орасан.
Орта ғасырда Сирия мәдениетінің өкілдері әлемдік өркениетте
өзіндік үлкен орнын тапты. Сирия мемлекеті Византия мен Иранның
саяси күресінен өзін алшақ ұстады да, біртіндеп Шығыс пен Батыстың
арасын жалғастыратын белді және беделді мәдени аймаққа, тіпті мәдени
ортаға айналды. Шығыс пен Батыс бір-біріне қарсы идеологиялық
шиеленісті жалғастырып жатқанда, Сирия исламды тарату арқылы өз
ықпалын нығайта түсті. Сирия елінде христиандар мен мұсылмандар
қатар өмір сүрді. Сөйтіп олар Шығыс пен Батыстың мәдени
сабақтастығын жалғастыратын дәнекер күшке айналды. Осындай сириялықтар
арқылы арабтар антикалық ғылым мұраларымен, әсіресе Платон,
Аристотель,Гален, Гиппократ және басқа атақты ойшылдардың еңбектерімен
танысты.
Араб зерттеушілерінің еңбектері, түсіндірмелері арқылы Еуропа
бірнеше ғасырдан кейін ғана грек мұраларымен танысты. Сириялықтар
ғылыми идеялар мен ілімнің дамуына да маңызды үлес қосты.
Сириялықтар өз мәдениетін ғана зерттеп қоймай, сондай-ақ Иранның,
Арабияның, Орталық Азияның мәдени ескерткіштерін әлемге танытты, үнді
мәдениетімен танысуға мүмкіндікті кеңейтті. Араб елдеріндегі мәдени
қатынастар, ондағы қарым-қатынастық түрлерін жандандырды. Византия мен
Таяу Шығысқа манихейлік идеялар келіп жатты, христиандық дәстүр
Қытай мен Үндістан шекарасына жетіп жатты.
Сонымен, мұсылман филослфиясының тарихын, дүниетанымның бағдарын
және әдістемелік жинақтарын бір-бірімен салыстыра, үйлестіре
іздестіретін, іріктейтін қажеттілік туындады, осы мәселелерді нақты
және жан-жақты талдаудың құндылығы артуда.
Мұсылман философиясының идеялық бір бастауы - Құранның рухани

құндылығында, ислам дінінің христиан және иудаизммен пікір
таласында, екіншісі – аристотелизмде. Дүниетанымның осы бағдарларында
болмыс бастамасы, дүние мен адам қатынасы, шындыққа жету жолдары
көзқарасты үнемі үйіріп отырады.
Құранда құдайдың дүниені жаратуы туралы Библияға ұқсас
болжамы беріледі. Айырмашылық - Құранда құдай мен дүние біржақты
жіктелінген. Құдай – жалқы, біртұтас, субстанцияның, түп негіздің ең
жоғарғы түрі, дүние – алуан түрлі, тірі мақұлық, субстанцияның
төменгі
сатысы. Ислам философтары, атап айтқанда мутазилиттер құдайға
қандайда болмасын келбет беруге қарсы болды. Мутазилиттердің
ұйғарымынша, құдай да, дене де, рух та, түр де, қан да,
субстанция да, акциденцияда да жоқ. Ол бөлінбейді, жеріне және
уақытына қарай анықталынбайды. Құдай барлық заттардың Біріншісі,
мәңгі Болмысы. Күллі әлем, ондағы заттар болса, олар өте ұсақ,
әрмен бөлінбейтін бөлшектерден тұрады. Құдай қалаған уақытында бұл
субстанцияны үнемі жасайды. Сондықтан заттарда тұрақты қасиеттер
болмайды. Құдай барлық нәрсенің әрекеттегі бастамасы.
Түсініктеменің бір бағыты, Құдайды дүниедегі өзгерістен
тіптен алшақтатты, оны жалақ абстракцияға айналдырды. Мутазилиттердің
бұл ұйғарымы киелі кітап Құранның кейбір қағидаларымен келіспейді.
Құранда құдайдың 99 атауы берілген, оны таққа отырды, дейді.
Түсініктеменің енді бір арнасы болмыстық бірлігіне күмән тудырды.
Мұсылмандық схоластикалық қарсы суфистер өз уәждерін келтірді.

Мұсылман ойшылдарының ғылыми-философиялық көзқарастары

Феодализм дәуірінде ортағасырлық цивилизацияның бір ошағы
болған Орта Азияда әл-Хорезми (IX ғ.), әл-Фараби (870-950 жж. шамасы),
әл-Бируни (973-1037 жж. шамасы), Ибн Сина (980-1037 жж. шамасы), Омар
Хайям (1040-1123) сияқты өз заманының ғұлама ғалымдары, ірі философ,
ойшылдары өмір сүрді.
ІХ-Х ғасырларда Орта Азия халықтары араб халифатының
үстемдігінен құтылып, жергілікті феодалдық мемлекеттер пайда болды.
Осы кезде мұнда жаратылыстану ғылымдары айтарлықтай күшті дамыды.
Арнайы білім салаларының дамуына осы аталған ойшылдар өз үлестерін
қосты.
Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы
мен философиясы қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық зор
ықпалын тигізді. Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антик
мәдени мұрасымен, сонымен бірге Шығыс мәдениетінің озық
жетістіктерімен танысты. Бұл ғылыми, теориялық жетістіктер мен
философиялық жаңашылдықтарды, прогресшіл рационалистік философия мен
ғылыми шығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде
жазғанымен, олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан араб емес,
түркі және парсылар болды.
Ойшылдарға тоқтала өтсек, хорезмдік математик, астроном әрі
географ әл-Хорезми үнді, грек және араб жерлерінде математиканы
дамыта отырып, ғылымның жаңа саласы – алгебраны бірінші болып жасады.
Оның “Астрономиялық таблицалар”, “Күн сағаты жайында трактаттар”,
“Жердің келбеті” деген, тағы басқа шығармалары латын тіліне
аударылып, Шығыс пен Батыс математикасы мен астрономиясының
қалыптасып, дамуында үлкен роль атқарды.
Қазақ жерінен, оның ішінде Отырар қаласынан шыққан атақты
математик, әрі философ әл-Фараби Аристотельдің ізбасары ретінде
саналды.Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Сырдария бойындағы Фараб
қаласында түрік отбасында дүниеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылман философиясы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Ислам философиясы. Араб философиясы
Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы
Араб және мұсылман елдерінің өнері
Ислам өркениетінің европаға ықпалы
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Ислам философиясы
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Пәндер