Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
“Бейнелеу және сызу” кафедрасы
Қорғауға жіберілді
“”20__ ж.
Кафедра меңгерушісі
п. ғ. к.
Тәңірбергенов М
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы:Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі.
«Саз сырнай»
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
Сипаттама беруші:
Мазмұны
Кіріспе. . . . 3
- Таңдап алған тақырыптаң диалектикасының өзектілігі. . . 10Керамиканың шығу тарихы . . . 12Қазақстан керамикасы . . . 15
- Тақырыптың ғылыми анторпомериялық жабдықтары . . . . 18Керамиканың тұрмыстық өмірде қолдануымен оның эстетикалақ мәні . . . 21Керамиканы көркемдеп өңдеу тәсілдері . . . 27
- Гипстен бұйымдар жасау тәсілдері . . . 35Оқушылардың ұлттық қол өнерге баулудағы халық педагогикасының тиімділігі . . . 36Ұлттық қол өнер негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу . . . 40Оқушыларды қол өнерге баулудың дидактикалық принциптері . . . 46
Қорытынды . . . 50 Қолданылған әдебиеттер . . . 52 Қосымшалар. . . . 53
КІРІСПЕ
Керамика грек тілінен аударғанда «Keramos» балшық дегенді білдіреді . Әр түрлі минералдық және биорганик заттар қоспасы араласқан балшықты күйдіру арқылы алынатын бұйым. Тұрмыстың барлық салаларында :үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар) , құрылыста (кірпіш, қыш, құбыр, тақта т. б. ) техникада су және ауа транспортында мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. Керамиканың негізгі технологиялық түріне құрылыстың кірпіш терракота майолика, фаянс, фарфор, жатады.
Керамика жасауды әр халық өз бетімен ойлап тапқандықтан олардың өзіндік ерекшеліктері де бар. Халқы мен заманына тән ерекшелігі әртүрлі ою-өрнектер мен таңбалардың, тіпті кейде жазулардың болуы бұларды бағалы тарихи ескерткіштер қатарына жатқызады.
Керамиканың дамуы тарихында ертедегі гректердің орны ерекше. Б. э. б. мың жылдықта керамикалық бұйымдар жасалғаны анықталып отыр. 10 ғасырдан бастап ертедегі Русьте гончар дөңгелегімен ыдыс аяқтар жасала бастаса, 11-12 ғасырда Петербург қаласында ұйымдастырылды. Тұңғыш фарфор заводы 1744 жылы Петербурге салынды. Керамика Қазақстан территориясында да ертеден дами бастаған.
Орталық Қазақстандағы Алаш, Жұға Аяққамыр мазарлары, Тұркістандағы Ахмед Яссаидің мазары осы керамикалық материалдардан жасалған. Керамика өндірісінің негізгі шикізаты балшық. Балшық ішінде мөлшері 5 мл ден астамы тастан болса, машинанада өткізіліп, не тазартыла ды, не уатылады. Ұсақ түйірлі керамикалық бұйымдар жасау үшін күйдіргенде түсі ағаратын балшықтар, каолиндер, кварц, дала шипаты т. б. қоспасыз сапалы шикізаттар қолданылады. Керамикалық масса дайындалу жағынан сұйық плстикалық жартылай құрғақ болып келеді. Керамиканы қалыпқа қүю әдісі бүйымның түріне қарай таңдап алынады. Отқа төзімді кірпіш, тыстамалық тақтамалар секілді .
3
Қарапайым бұйымдар құрғақ майда массадан пірестеліп жасалады. Қалыпталған керамикалық материалдар күйдіруден бұрын кептіріледі. Күйдіру процессінде керамикалық массадан гигроскопиялық судың қалдығы бөлініп шығады, және балшық қүрамындағы минералдар химиялық өзгеріске үшырайды. Кұйдіру температурасы массаның қүрамына алынатын бүйым түріне және қасиеттеріне қойылатын талаптарға байланысты 300 градустан (құрылыс қышы) 3000 градусқа (отқа төзімді матермалдар) дейін жетеді . Күйдіру мерзімі 2-3 сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады.
Қазақстандағы керамика өндірісі негізінен Үлы Қазан революциясынан кейін, әсіресе 1950 жылдан бастап өрістеді. Қазір Қазақстанда жүзден аса қыш заводтары жылына 1, 5 млрд аса күйдірілген қыш өндіреді. Керамикалық шикізат-керамикалық бүйымдар жасауға қолданылатын әр түрлі материалдар, минералдардың тотықтары, жоғары температураға төзімді т. б. заттардың қоспалары. Химикат және грануламетриялық қүрамына тығыздығына қарай керамика шикізаттың ұсақ тесікті, су өткізгіштігі 50 проценттен асатын одан да кем түрі бар.
Құрамдық ерекшеліктеріне қарай ұсақ түйіршіктері өте ұсақ біркелкі түйіршікті біріңғай бояулы (фарфор, фаянс) болып бөлінеді. Қабырғалық бүйымдар жасауға пайданылатын негізгі шикізат әр түрлі тас, әк тас, балшық. Әшекейлік бұйымдар отқа төзімді, тез балқымайтын балшықтан жасалады . Оның отқа төзімділігін арттыру үшін 50 процентке дейін шамот қосу керек. Санитарлық техника бұйымдарын өндіруге негізгі шикізат ретінде балшқтың отқа төзімді түрлері каомин (25-30 %) кварц құмдары (25-30%) . Әр түрлі күйдірілген заттардың ұнтақтары (6-16%) қолданылады. Керамикалық материалдар негізінен шикізаттардан алдын ала керамикалық масса дайындау, оларды әр түрлі қалыпқа салып кептіру арнаулы пештерде күйдіру жолымен алынады. Керамиканың дамуындағы
4
жаңа кезең Біздің эрамызға дейінгі бірінші мыңжылдықта екінші жартысында тура келді. Сақтар мен үйсіндердің керамикасында көптеген жаңа бейнелер түрлі көлемдегі кеселер кубоктар, аяғы мен шүмегі бар ыдыстар, құмыралар, сапты аяқтар пацуда болды. Олардың сыртқы жағы басқа түспен балшықпен ангобпен қапталған минералды бояуларды өрнектелетін.
Жұмыстың көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет дәрежесіне ие болуына байланысты, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, ерте жастан еңбекке, ой-өрісіне, шеберлігіне және дағдысына талапты күшейту бүгінгі қазақ мектептерінің негізгі міндеттері болып саналады.
Қазақстан Республикасының өркениетті елдермен теңесуіне адамзат қоғамы жауапты. Ал қоғамның алдында жас ұрпақты тәрбиелеу және білім беру, жаңашыл техника мен технологияны меңгерту, елімізде шығарылатын техниканың өзгешілігі мен жаңашыл технологияның артықшылықтарын білуге үйрету, еңбекке баланың оқуы мен білім алуы үшін қажетті көптеген құнды қасиеттерді: икемділік, ұқыптылық, дербестік, жауапкершілік т. б. қалыптастыру мәселелері өзекті болып келеді.
Мұндай талап, Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан. Соның бірі - жастарды халықтық тәрбие негізінде оқытуда көркем еңбекке баулудың өркендеуіне жол ашу қажеттілігі. Ал, этнопедагогикалық білім беру мен тәрбиелеудің бірі көркем еңбек болып табылады.
Көркем еңбектің ғылыми негізін ашу және оларды оқу-тәрбие процесінде пайдалануда, жалпы білім беретін мектептің “Технология” иньегративті білім саласы бағдарламасы және оның оқулықтарындағы сабақтың жеткілікті деңгейде еместігін нысанаға алған абзал. Себебі, мектепте еңбекке және кәсіпке баулу мазмұны ғылымның, техника мен өндірістің жетістігіне сәйкес үнемі жаңарып отырады және бұл мазмұнды меңгертуде бағдарлама негізі мен оқулықтарды бөліп қарау мүмкін емес.
5
Жалпы білім беретін оқу материалының сипатын ашуға бағытталады. Соның ішінде ғылыми негіздері, оның ережелері, терминдері қазіргі заманғы өмірмен байланысты болып, олар мектеп оқушыларын еңбек етуге бағыттап отыруы қажет. Заман талабына сай оқу материалдары жаңарып, толықтырылып отырылуы тиіс.
Еңбек біздің рухани өміріне еніп достық пен қуанышқа бөлесе, құштарлық пен білуге деген ұмтылушылықты дамытса, қиыншылықты жеңудің тебірентерлік қуанышын тудырса, қоршаған дүниеде жаңа таңғажайып тамашаларды ашса, адам өмір сүре алмайтын материалды байлықтар жасаушы сезімді, яғни тұңғыш азаматтық сезімді оятса ұлы тәрбиешіге айналады.
Баланы ерте жастан еңбекке, оның жас ерекшелігін ескере отырып, ой-өрісіне, шеберлігіне және дағдысына талапты күшейту - қазақ халық педагогикасының өскелең ұрпаққа еңбек тәрбиесін беру жөніндегі негізгі міндетіне айналады. Жас өспірімдерді еңбекке тәрбиелей отырып, оларды тек өзі үшін ғана емес жалпы игілік үшін еңбек етуге, оған құрметпен қарауға, еңбек процесінің әсемдігін, эстетикалық қуаныш ләззатын сезініп, түсіне білуге үйретеді.
Қазіргі таңда жанданып келе жатқан қазақ мектептерінің жаңа талаптарына біртіндеп көшуі нарықтық экономика кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай Қазақстан Республикасының білім туралы заңында “Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін жалпы орта және кәсіптік бастауыш білім алуға және әр азамат осы деңгейлердің әрқайсысына бірнеше рет білім алатын болса, сайыстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырмасына сәйкес білім беру ұйымдарында мемлекеттік жалпы міндетті стандарттар шегінде тегін кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алуға кепілдік береді”, сонымен қатар “Кәсіптік білім негіздерін мектеп жасында қалыптастырмайынша олардан іскер маман шықпайды”, - деп оқушыларды мектеп қабырғасында ағаш, темір т. б. істеріне баулу жұмыстарын бағдарламалар бойынша қарастыруда.
6
Көркем еңбек - адамның өмірлік қажеттілігі. Сол қажеттілікті қолдан жасау, игілікте қолдану үшін еңбек сабақтарында тігіп, әзірлеп, дайындап үйренсе, келешекте септігі тиетін болса, ұстаз еңбегінің зая кетпегені. Ол үшін бұйымға эстетикалық талғаммен жаңалық еңгізіп, олардың дидактикалық мәселелерін жаңа техникада, жетілдірілген технологиялар- ды орындау қажет. Көркем кәсіпшіліктің еңбек объектілерінің еліміздің мәдениетіндегі өзіндік ролі бар.
Сонау ерте заманнан тарихпен бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан, халық қолөнерінің бірі - көркем еңбек деп санауға болады. Себебі, сол кездің өзінде-ақ халықтың жасаған бұйымдарында жоғары сапалы, сәнді, әсем, көзге тартымдылық әсері болған. Міне, осындай бұйымдарды даярлауда оқушыларға сабақ барысында үйрету, оны көркемдеудің түрлерімен таныстырып дамыту міндетін дидактика мәселесі етіп қоюға болады. Дидактика - гректің didako деген сөзінен шыққан, білім мен оқытудың теориясы деген мағына береді. Оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, заңды принцптерін және әдістерін баяндайды. Бұл - педагогика пәнінің ең басты бөлімі. Мектептерде жеке пәндерді оқыту әдістері осы дидактика принцптеріне негізделеді.
Сондықтан да, зеттеу барысында оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп баяндау үшін, өте қажетті дидактикалық принцптерді ескеру керек.
Себебі, көркем еңбек мәселелері бұйымдарды сәндеп өңдеуге технологиялық процестердің ғылыми негізін ашу және оларды оқу тәрбие процесінде пайдалану, оқушыларды ұлтық өнерге баулу педагогикалық тұрғыдан, яғни зертеу объектісі ретінде қарастырылмаған.
Мектепте еңбекке және кәсіпке баулу мазмұны ғылымның, техника мен өндірістің жетістігіне сәйкес үнемі жаңарып отыруына байланысты- рылғанын ескере отырып, материалды көркем өңдеудің негіздерін айқындауға болады.
7
пайдалану мен туындыларын түзу, қолданбалы өнер мәселелері қарастырылады.
Жалпы білім беретін орта мектептерде оқушыларды көркем еңбекке баулудың теориясы мен практикасы мәселелерін П. Р. Атутов, А. Д. Тхоржевский және т. б. ал, қазақстандық ғалымдардан К. Ж. Қожахметова жан-жақты зерттеген. Сонымен қатар оқушыларды еңбекке баулудағы тұрақтылық, белсенділік, екпінді еңбек, тапқырлық, жауапкершілік сияқты қасиеттерді қалыптастыру да ескертілген.
Мектеп оқушыларын ұлттық көркем еңбекке баулу бірнеше жылдан бері қолға алынғанымен оның дидактикалық мәселелері нақтыланбаған. Сондықтан, біздің зерттеу мәселеміз оқушыларды көркем еңбекке баулудың дидактикалық мәселелерін анықтау болып табылады. Бұл мәселе біздің зерттеу жұмыстарымыздың өзектілігін анықтайды. Осы қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында диплом жұмысымыздың тақырыбын, Былғарыны ұлттық тәсілмен өңдеуді 8-сынып оқушыларына үйретудің дидактикалық талаптары деп таңдауға негіз болды.
Көркем еңбекке баулу барысында ұлттық қолөнерінің табиғи ортамен байланысы материалдық заттар және құбылыстар негізінде әртүрлі формада болады. Басты формалары: оқу материалының мазмұны, іс-әрекет практикасы және тәжірибесі жатады.
Осы мәселелерді ескере келе біз, диплом жұмысының ғылыми ақпараттарын былайша құрастыруды жөн көрдік:
Зерттеу жұмысының мақсаты: мектеп оқушыларын көркем еңбекке баулудың дидактикалық проблемаларын айқындау және оны ғылыми тұрғыда негіздеу;
Зерттеудің пәні: оқушыларды көркем еңбекке баулудың дидактикалық мәселелері;
8
- онда: мектепте технология пәнінің оқыту деңгейі жоғарылайды.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Еңбекке баулу жүйесінің негізіне сипаттама жасай отырып, көркем
еңбек мәселелерін айқындауға байланысты педагогикалық және
әдістемелік арнайы әдебиеттерді зерделеу;
- “Көркем еңбек” ұғымының мәні мен мазмұнын айқындау;
оқушыларды көркем еңбекке баулудың әдістемелік жолдарын айқындауға байланысты міндеттер;
- оқушыларды көркем еңбекке баулу мазмұнына талдау жасау;
- көркем еңбекке баулудың тиімді әдістері мен формаларын анықтау;
- көркем еңбекке байланысты қолөнер түрлері мен бұйымдарды сәндеу;
- Бұйымның өзіндік құнын есептеу;
Әдістемелік жаңалығы:
- оқушыларды қолөнерге баулудың алгоритмі ретінде, еңбекке оқытудың жүйесі зерделенді;
- оқушыларды еңбекке баулудың дидактикалық проблемаларын теориялық тұрғыда айқындалды;
- дидактикалық проблемалар мектеп бағдарламасының мазмұнына сәйкес қарастырылды;
Зерттеудің практикалық құндылығы: зерттеудің нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердің “технология” сабақтарында пайдалануға болады.
9
1. ТАҢДАП АЛҒАН ТАҚЫРЫПТЫҢ ДӘЙЕКТІЛІП МЕН өзектілігі.
Таңдап алынган тақырыбым Қазақстан елінің егемендік алған күндерінен бастап елді басқа елдерге таныту ол тек халықтың мәдениетін, өнерін, күнделікті өмірдегі болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтармен әр уақытта таныстырып көрсетіп отыру болады. Басқа халықтар еліміздің өнері мен мәдениетінің деңгейін біле отырып халықтың тұрмыс жағдайын біліп отырады. Балалық шақ атты декоративті ваза, өзімнің жас кездегі шақтарды еске алып, совет кезеңіндегі балаларға деген қамқорлықтың бүгінгі күнмен салыстырғанда ерекше екеніне көзімді жеткізіп, соны осы өзімнің жүмысым арқылы көрсеткім келді. Керамика күнделікті тұтынып жатпаса да ол қазақ өнерінің ескі дүниелерінің бірі болып табылады. Сол себепті еліміздің тарихын бұл дүние арқылы кешесі мен бүгінмен салыстыра отырып көрсетеміз. Өткен ғасырларды бұл дүниелер үй тұрмыстарында өте қәжетті зартар болып есептелсе, бүгінгі күндері ол дүниелер еліміздің кешегі күндерінен естелік сияқты сувенирлік бүйымдар әр түрлі материалдарды орындалып жатқандарын көріп отырмыз. Бүл дүниелер әшекейленіп, киізден, металдан, ағаштан, саз балшықтан\керамика\ да орындалып өз халқымызға және өзге халықтарға да ұсынып отырмыз. Олар қазақ үлтының бар өткені мен болашағын осы қол өнерінің шеберлігі арқылы көрсетіп отыр. Онын дәйектілігі-өзінің өткен тарихы арқылы, болашаққа жаңа дүние ретінде танымал болып, өзінің тұрмысқа тұтыну кажеттілігінің бүгінгі күндері де әл керек екенін және оны бүгінгі күні де пайдалануға болады екенін көрсетеді. Ол дегеніміз ескі дүнилердің барлығы қазақ даласында көшпенді болып жүрген ата-бабаларымыздың біздерге қалдырған дүниелерінің өз тарихи-шежіре екен көрсетеді. Қыш өнерінің өзектілігі де осында болып отыр.
10
керамикасын көріп танып біліп, орындау технологиясын тексере келе, қыш құрамының қоспаларының ерекшеліктерін біле отырып, жаңа туындыларды дүниеге келтіріп отырған көптеген суретшілер зерттеушілер сол дүниелердің желісімен көптеген жаңа дүниелер келтіруде. Атап айтар болсақ өзіміздің оңтүстік өңірінен шыққан Қарабдалов Кендебай, әрі зертеуші әрі суретші ретінде Отырар дүниелерін қайта дүниеге келтіріп жүр деп айтсақ та болады. Онын жасаған бүйымдары тек қазақстанда ғана емес сонымен қатар дүние жүзіне тарытылып жатқанын білеміз. Суретшінің қолынан шыққан еңбектері бүл күндері өткен тарихымыздың бүгінгі күні десек те болады.
Қыш өнерінің дамып, халық арасында бүгінгі күні сұранысқа енуі, оның тазалық жағынан ешқандай экологиялық зиянкестілігінің әрекеттерге соқтырмайтынын айтатын болсақ, керамикалық дүниелердің болашақтағы өмірі мен қажеттілігі әлі алда екеніне кәміл сенуімізге болатынын көрсетеді. Керамикалық шығармалар қазіргі күндері көбінесе жеке үйлер мен демалыс орындарын безендіруге, немесе офистер мен кіші гірім кафелерде пайдаланылып отырғанын көреміз. Оның экологиялық тазалық жағын ескерсек келешекте үй тұрмысында жаппай пайдаланылатына сенеміз. Бұған қыш өнерінің әлі де зертелмей, біз білмейтін кереметтері көп екенінің өзі айғақ. Бүл тақырып бүгінгі күннін өзекті мәселерінің бірі деп есептеймін. Сол себепті мен өз еңбегімде балалық шағымыз үшін біздің атқа мінер ағаларымыз осыны көріп өз жігерлерін бөбектердің балалық шақтарын жарқын етуге ат салысады ғой деп есептеймін.
11
1. 1. КЕРАМИКАНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХИ .
Жергілікті ұлттық дәстүрлерді жалғастырып, оларды одан әрі дамытқан фабрикалар мен заводтар құрылды. Осы заманға фабрика жасаудың Қазақстандағы негізгі орталылығы.
Амидтының эксперименталдық көркем керамика заводы. Бүл кәсіпорын қырық жылдық мерзім ішінде қиын жолдардан өтті. Оның творчестволық бағытында өрлеу мен сәтсіздіктер де болды.
Керамиканың дамуындағы жаңа кезең біздің эрамызға дейін бір мыңжылдықтың екінші жартысына тура келді. Сақтар мен үйсіндердің керамикасында көптеген жаңа бейнелер түрлі көлемдегі кеселер, кубоктар, аяғы мен шүмегі бар ыдыстар, құмыралар, сапты аяқтар пайда болды. Олардың сырт жағы
басқа түсті балшықпен ангобпен қапталған минералды бояулармен өрнектелетін. Оймалы және сызықты өрнектермен әшекейленетін саз балшықтан жасалған көптеген бұйымдардың түбі томпақ шеңберлі болып келеді.
Керамика кәсіпшілігіндегі маңызды жаңаланысты ол халық шеберлерінің творчествосымен қол үзіп алды. Бүл жағдайлар 19 ғасырда Қзақстанда керамика дамуының құлдыраумен байланысты еді. Қазақстанның ұлан байтақ территориясын мекендеген халықтардың қол өнерінде керамикалық бұйымдарды өндіру талай ғасырлар негізгі роль атқарады. Археологтардың дәлелдегеніндей саз балшықтан ыдыс жасауды адамдар осыдан 6 мың жылға жуық уақыт бұрын үйренген. Алғашқы құмыралар құм не уатылған қабыршықтар қосылған саз балшықтан жасалып, отқа күйдірілген. Олардың формасы сопақша, түбі дөңгелек болған, сонымен бірге ойықтар, толқынды бұжырлар арқылы жасалып әшекейлейді.
12
. 7-8 ғасырдың керамикасы ертедегі керамикадан ерекше. Әл ауқатты, тұрмысты үйлерде болатын алтыннан, күмістен және қоладан жасалған ыдыстардың формалардың, көнешілер арзан әрі оңай табылатын материал- саз балшықтан қайталап жасайтын.
Кейінірек 9-12 ғасырларда ыдыстардың басым бөлігін шеберлер көзелік шеңберде дайындаған. Құмыралар мен қазандар үшін олар әдемі қақпақтар жасаған, ол қақпақтарда үлгілермен
ойып өрнектеумен жапсырмаларымен барынша безендірілген . Көптеген нүктелер арқылы үйлестіре отырып жүргізілген ирек геометриялық сызықтар, әр түрлі түстер, күннің суреті, қырлы шыршалар, жартылай сопақшалар салынған ромбылар мен шеңберлер әр алуан өрнектерге ұласып жатады.
11-12 ғасырда минералды бояулар қара қоңыр, қызыл немесе қызғылт түске боялып әшекейленген ыдыстар тарай бастады. Негізінен алғанда құмыра тостаған табақ аяқтар боялатын.
9 ғасырдың аяғында глазурьдің табылуы бүйымдардың сыртқы
қабатының беріктігін күшейтіп ғана қойған жоқ, сонымен бірге
керамикашыларға әшекейдің жақсарту жаңа мүмкіндіктерін
ашып берді. Оңтүстік Қазақстан территориясында тұрған
көнешілер бұл жаңалықты жетілдіре түседі. Ең алдымен сахар
сілті глазурьі пайда болды. Ол онша мықты емес күңгірт сөйтіп
шеберлер жылтыратып заттың жаңа құралын іздестіреді.10 ғасырда қорғасыннан және қолайдан істеген глазурь кең
тарай бастайды . Қорғасын глазурь темір, мыс, қалайы, күміс
тотықтарының бояуларымен үйлестіріп пайдаланып қолданып,
металдардың тотықтары қыздыру кезінде қызыл, жасыл, сары,
қоңыр түске айналады, бұлар жалт-жұлт еткен глазурьде
айқын, анық көрінеді.
13
11-13 ғасырлардағы суреттердің элементтері сан алуан стильді өсімдік нақыштары, жан жануарлар мен адамның шарттары, бейнелері, араб алфавитінің стильді әріптері геометриялық фигуралар, өрмелер, леондар көріністі нақыштар, нүктелер болып келеді. Отырарда осы кезеңде ою-өрнек туындысының неготивті бейнелері бар арнайы дайындалған жоғарғы дәрежедегі көркем керамикалар өндіріледі. Мұндай типтегі керамиканы осы жерден археологтар көзедерді күйдіретін пештерді қосқан кезде
тауып алды. Бұл керамиканың жергілікті жерде өндірілгенінің тамаша айғағы. Шырақ шамдары құйма ыдыстардың ерекше тобына жатады. Олардың сыртқы көріністері ұзын подьяға ұқсайды, ілмек сабы бар, ұстауға ыңғайлы болуы үшін көп жағдайда сабы иректеліп буылтықтана жасаланатын. Олар сопақша, дөңгелек тік бұрышты және үшбұрышты болып келеді. Оның үсті гүл немесе анар жемісімен геометриялық өрнекпен аңдармен, құстармен бейнесімен әшекейленген. Отырар шырақтарының бірінің түтқасында артына бүрылып түрған киік бейнеленген. Шырақ Оңтүстік Қазақстан жеріндегі қалаларда көп тараған .
... жалғасы14
1. 2 ҚАЗАҚСТАН КЕРАМИКАСЫ.
Қазақстанда 14 ғасырдың аяғында көгілдір және көк қүймамен қапталып, мөлдір құйма көк және бояу арқылы салынған суреттермен әсемделген ыдыстар тарай бастады. Сырт тәрізді фигуралардан жасалған ою-өрнек қара немесе көк түстермен әшекейленді.
Б. э. алғашқы ғасырларының керамикасында екі құлақты шағын қүмыралар пайда бола бастады. Міне сол үшін болған қүмыралар, қазір қайта шығарылып отыр.
Құйма керамикаларға кесе, тостаған, табақ, тарелкалар мен шылапшындар жатады. Бүл бүйымның әшекейлері әр алуан және күрделі, оларда геометриялық айқышты сызықтар, крестер мен ромбылар өсімдік бұталары, ағаштардың, шырмауықтың суреттері де пайдаланылды.
Мөлдір көк түсті бояумен боялған ыдыстар өте көп. Шеберлер оларды қытай фарфорларына еліктеп жасаған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz