Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік жұмыстар



1 Тақырыбы: Жай белоктардың алмасуы. Белоктардың қорытылуы, сіңірілуі және ішектегі шіруі.
2 Тақырыбы: Клеткада аминқышқылдарының тағдыры. Креатин және креатининнің синтезі.
3 Тақырыбы: Аммиактың түзілуі және усыздану жолдары.
4 Тақырыбы: Зат алмасу процестерінің өзара байланыстығы.
5 Тақырыбы: Нуклеопротеидтердің алмасуы. Нуклеопротеидтер алмасуының ерекшелігі.
6 Тақырыбы: Гормондардың биохимиясы. Гормондар
7 Тақырыбы: Катехоламиндер. Жыныс гормондарына жалпы сипаттама
8 Тақырыбы: Су.минералды алмасу. Гомеостаздың реттелуі
9 Тақырыбы: Бауырдың биохимиясы. Хромопротеидтердің алмасуы.
10 Тақырыбы: Қанның биохимиясы. Қан плазмасының органикалық құрам бөліктері.
Мақсаты: 1. Студенттердің, белоктардың асқазан-ішек трактінде қорытылуы, шіруі және сіңірілуі жөніндегі білімін қалыптастыру.
2. Студенттерге асқазан сөлін физико-химиялық жолдарымен зерттеу жүргізуді үйрету.
3. Асқазан-ішек трактінің функционалды жағдайын түсіну үшін, алынған
биохимиялық көрсеткіштерді пайдалана білуді үйрету.

3. Оқыту мақсаты: Асқазан-ішек трактісінің функциясы бұзылу кезінде түзілген аурулар - өте көп таралған патология болып табылады. Сол себепті қорытылу, сіңірілу процесстерінің бұзылуына және белоктардың шіру процесстерін медицинада зерттеу үлкен актуальды проблема болып табылады. Биохимиялық лабораторияда асқазан-ішек трактісінің патологиясын анықтау үшін асқазан сөліне анализ жасаймыз.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Қалыпты асқазан сөлінің физикалық қасиеттері және патология кезінде өзгеруі.
2. Асқазан сөлінің неорганикалық құрам бөліктері.
3. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының ролі.
4. Асқазан сөлінің қышқылдығы, қышқылдық түрлері, өлшем бірлігі, қалыпты мөлшері.
5. Бос тұз қышқылының дебит-сағаты және “Сағаттық зорлану” секрециясы туралы түсінік.
6. Патологиялық жағдайдағы асқазан сөлінің қышқылдығының өзгеруі (гипер-, гипо-, ахлоргидрия және ахилия) туралы түсінік.
7. Асқазан сөлінің органикалық құрам бөліктері.
8. Асқазан сөлінде әртүрлі патологиялық жағдайларда түзілетін өнімдер, олардың түзілу себептері.
9. Асқазан ішек трактісінде белоктардың қорытылуы. Осы процестерге қатысатын ферменттер, олардың сипаттамасы.
10. Белоктардың қорытылуы нәтижесінде түзілген өнімдердің сіңірілуі.
11. Ішекте белоктардың шіруі, шіру нәтижесінде түзілетін улы өнімдер.
12. Белоктың шіруінен түзілген улы өнімдерді усыздандыру.
13. Жануар организміндегі амин қышқылдарының тағдыры (кесте).
1.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.
2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М.,2005, 2007.
3.Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005, 2007.
4. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом общей биохимии – Алматы, 1998, 2008

Қосымша:
1.Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С. Медицинская и клиническая биохимия.-Павлодар,2004.
2.Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003
3.Кольман Я., Рем К-Г. Наглядная биохимия.- М.: Мир, 2004.
4.Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов , под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.
5.Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,
проф. С.М. Адекенова. -Астана, 2003.

Қазақ тілінде:
Негізгі:
1.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды.-2007.
2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2.Сеитов З.С., Биологиялык химия, 2007
3.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Қосымша:
1.Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана,2003.

Ағылшын тілінде:
1. Lehninger « Principles of biochemistry», Fourth Edition, David L.Nelson, Michael M. Cox, 2005.
2. Murray R.K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers Biochemistry.1988.
3. Saini A.S., Kaur J., Textbook of biochemistry.- New Delhi,1995.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

№1 медицина факультеті

Теориялық пәндер кафедрасы

Биологиялық химия пәнінен
№ 1 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Тақырыбы: Жай белоктардың алмасуы. Белоктардың қорытылуы, сіңірілуі және
ішектегі шіруі.

Түркістан-2012ж

1. Тақырыбы: Жай белоктардың алмасуы. Белоктардың қорытылуы, сіңірілуі және
ішектегі шіруі.

2. Мақсаты: 1. Студенттердің, белоктардың асқазан-ішек трактінде қорытылуы,
шіруі және сіңірілуі жөніндегі білімін қалыптастыру.
2. Студенттерге асқазан сөлін физико-химиялық жолдарымен зерттеу жүргізуді
үйрету.
3. Асқазан-ішек трактінің функционалды жағдайын түсіну үшін, алынған
биохимиялық көрсеткіштерді пайдалана білуді үйрету.

3. Оқыту мақсаты: Асқазан-ішек трактісінің функциясы бұзылу кезінде
түзілген аурулар - өте көп таралған патология болып табылады. Сол себепті
қорытылу, сіңірілу процесстерінің бұзылуына және белоктардың шіру
процесстерін медицинада зерттеу үлкен актуальды проблема болып табылады.
Биохимиялық лабораторияда асқазан-ішек трактісінің патологиясын анықтау
үшін асқазан сөліне анализ жасаймыз.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Қалыпты асқазан сөлінің физикалық қасиеттері және патология кезінде
өзгеруі.
2. Асқазан сөлінің неорганикалық құрам бөліктері.
3. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының ролі.
4. Асқазан сөлінің қышқылдығы, қышқылдық түрлері, өлшем бірлігі, қалыпты
мөлшері.
5. Бос тұз қышқылының дебит-сағаты және “Сағаттық зорлану” секрециясы
туралы түсінік.
6. Патологиялық жағдайдағы асқазан сөлінің қышқылдығының өзгеруі (гипер-,
гипо-, ахлоргидрия және ахилия) туралы түсінік.
7. Асқазан сөлінің органикалық құрам бөліктері.
8. Асқазан сөлінде әртүрлі патологиялық жағдайларда түзілетін өнімдер,
олардың түзілу себептері.
9. Асқазан ішек трактісінде белоктардың қорытылуы. Осы процестерге
қатысатын ферменттер, олардың сипаттамасы.
10. Белоктардың қорытылуы нәтижесінде түзілген өнімдердің сіңірілуі.
11. Ішекте белоктардың шіруі, шіру нәтижесінде түзілетін улы өнімдер.
12. Белоктың шіруінен түзілген улы өнімдерді усыздандыру.
13. Жануар организміндегі амин қышқылдарының тағдыры (кесте).

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару,
жұптасып жұмыс істеу.

6. Әдебиет:
Орыс тілінде:
Негізгі:
1.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.
2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М.,2005, 2007.
3.Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005, 2007.
4. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом
общей биохимии – Алматы, 1998, 2008

Қосымша:
1.Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С. Медицинская и клиническая биохимия.-
Павлодар,2004.
2.Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003
3.Кольман Я., Рем К-Г. Наглядная биохимия.- М.: Мир, 2004.
4.Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов , под
ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.
5.Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,
проф. С.М. Адекенова. -Астана, 2003.

Қазақ тілінде:
Негізгі:
1.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-
Қарағанды.-2007.
2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2.Сеитов З.С., Биологиялык химия, 2007
3.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Қосымша:
1.Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің
ред. басшылығымен.-Астана,2003.

Ағылшын тілінде:
1. Lehninger Principles of biochemistry, Fourth Edition, David L.Nelson,
Michael M. Cox, 2005.
2. Murray R.K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers
Biochemistry.1988.
3. Saini A.S., Kaur J., Textbook of biochemistry.- New Delhi,1995.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар
1. Асқазан сөлінің қышқылдылығының түрлерін қалай анықтауға болады.
2. Асқазан сөлінде қанды, сүт қышқылын және өт қышқылдарын қалдықтарын
қандай сапалық реакциялар арқылы анықтауға болады
3. Асқазан сөлінің патологиялық құрам бөліктерінің пайда болу себептері.
4. Асқазан сөлінде әр түрлі патологиялық жағдайдағы түзілетін өнімдер,
олардың түзілу себептері.
5. Белоктардың шіру процессі мен қорытылу процесстерінің айырмашылығы.
6. Жануар индиканы дегеніміз не?
7. Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылаған кезде, немесе төмендеген кезде
сүт қышқылының мөлшері көбеюі мүмкін бе?

Ситуациялық есептер
1. Асқазан сөлін зерттеген кезде, сүт қышқылының көбейгені байқалады. Бұл
қай патология кезінде болады.
2. Анализ кезінде асқазан сөлінен күкіртті сутегінің иісі сезілді және тұз
қышқылының мүлдем кездеспейтіні анықталды. Науқастың іші өтеді, асқазан
аймағында ауыр салмақ сезімі байқалады. Бұл жағдай асқазанның қандай
патологиясы екенін білдіреді?
3. Науқас асқазан аймағының ауырсынуына шағымданады. Асқазан сөлін зерттеу
барысында асқазан сөлінде қан бар екені және жалпы қышқылдықтың 90-ға тең
екені анықталды. Сіздің диагнозыңыз.
4. Асқазан сөлінің жалпы қышқылдылығы энтеральды белсендіруден кейін 85
ммл, ал бос тұз қышқылы НСІ - 65 ммл болды. Бұл жағдай қалай аталады және
асқазан сөлінде қандай патологиялық құрам бөліктері табылуы мүмкін.
5. Зерттелген зәрде көп мөлшерде индикан бар екені дәлелденді. Бұл өзгеріс
қай жағдайда байқалады?

Лабораториялық жұмыстар
Бензидин әдісі
Анықтау әдісі: Пробиркаға сүзілмеген асқазан сөлінен 1-2 мл құямыз, оның
үстіне 1 тамшы қаныққан бензидин ерітіндісін қосамыз (концентрлі хлор
қышқылында немесе 0,2% спирті ерітіндісінде ерітілген бензидин), және 3%
сутегінің асқын тотығынан 1тамшы құйып араластырамыз. Сұйықтық жайлап көк
түске боялады. Біраз уақыттан соң сұйықтықтың түсі қоңыр түске ауысады.
Химиясы. Гемоглобиннің қатысуымен, бензидин сутегінің асқын тотығымен,
тотықсызданып бензидинді көк түсті комплекс түзеді.

Конго-қызыл қағазымен реакция.
Конго-қызыл қағазына (конго-қызыл индикаторына алдын-ала малынып,
кептірілген сүзгі қағаз) асқазан сөлінен 1-2 тамшы тамызамыз. Егер асқазан
сөлінде бос тұз қышқылы бар болса қағаз көк түске боялады. Егер асқазан
сөлінде бос тұз қышқылы болмаса және органикалық қышқылдар мөлшері көп
болса қағаз қоңыр түске боялады. Конго-қызыл индикаторының ауысу аймағы 3,0-
5,0 тең, сондықтан асқазан сөлінің рН ортасы бос тұз қышқылының әсерінен
қышқыл болған жағдайда индикатор қағаздың түсі көк түске өзгереді (рН 3,0
төмен).

Асқазан сөлінің қышқылдығын парадиметиламиноазобензолмен анықтау.
Пробиркаға асқазан сөлінен 10 тамшы құйылып,
парадиметиламиноазобензолдың 0,5%-ті спирті ерітіндісінен 1 тамшы қосылады.
Асқазан сөлінде бос тұз қышқылының болуына байланысты қызыл түс пайда
болады.

Асқазан сөлінің қышқылдығын бір сынамада анықтау.
Анықтау әдісі:
Колбаға сүзілген асқазан сөлінен 5мл өлшеп құйылады және парадиметил-
аминоазобензолдың 0,5% спиртті ерітіндісінен 2 тамшы, 1% фенолфталеиннің
спиртті ерітіндісінен 3 тамшы қосамыз. Содан соң титрлі бюретканы
пайдаланып сұйықтықты 0,1н күйдіргіш натрий ерітіндісімен титрлейміз де
төменде көрсетілген түстердің пайда болуына жұмсалған күйдіргіш натрийдің
(мл) мөлшерін есептейміз:
1) қызыл түстен қызыл-сары түске өткенше қанша натрий гидроксиді жұмсалды
(А-көлем);
2) қызыл түстен айқын сары түске дейін (В-көлемі);
3) қызыл түстен ашық қызғылт түске дейін жұмсалған натрий гидроксиді
жұмсалады (С-көлемі).
Бұл жерде:
А көлемі дегеніміз - 5 мл асқазан сөліндегі бос тұз қышқылын нейтралдауға
жұмсалған 0,1 н күйдіргіш натрий мөлшері (мл);
Ал Ах20 мәні - 100 мл асқазан сөліндегі бос тұз қышқылының мөлшері;
С көлемі дегеніміз - 5 мл асқазан сөліндегі барлық қышқылдық қасиеті бар
басқа заттарды нейтралдауға жұмсалған күйдіргіш натрий (0,1 н) мөлшері
(мл).
Сх20 асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы.
В+С - 5 мл асқазан сөліндегі тұз қышқылының жалпы мөлшері.
2
- 100 мл асқазан сөліндегі
байланысқан тұз қышқылының мөлшері;

Есептеу мысалы:
5 мл асқазан сөлін титірлеуде А көлемі 1,75 мл, В көлемі - 2 мл, С көлемі -
2,5 мл болды дейік. Сонда асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы - С х 20 = 2,5 х
20 = 50;
бос тұз қышқылы - А х 20 = 1,75 х 20 = 35;
байланысқан тұз қышқылы

Уффельман реакциясы
Пробиркаға Уффельман реактивінен 10-15 тамшы және бірдей көлемде
дистилденген су аламыз, оның үстіне 3-5 тамшы асқазан сөлінің ерітіндісін
құямыз. Егер ерітіндіде сүт қышқылы бар болса Уффельман реактиві күлгін
түстен жасыл сары түске ауысады.

Билет-1
1. Қалыпты асқазан сөлінің физикалық қасиеттері.
2. Ішекте белоктардың шіруі, шіру нәтижесінде түзілетін улы өнімдер.

Билет -2
1. Қалыпты асқазан сөлінің органикалық құрам бөліктері.
2. Белоктардың қорытылуы. Бұл процеске қатысатын ферменттер.

Билет -3
1. Қалыпты асқазан сөлінде болатын органикалық емес заттар.
2. Ұйқы безінің ферменттері.

Билет -4
1. Асқазан сөлінде қан мен өттің пайда болу себептері.
2. Белоктардың шіру процесінде түзілген улы өнімдердің усыздандырылуы.

Билет -5
1. Асқазан сөлінің ферменттері.
2. Ішекте белоктардың қорытылуы.

Билет -6
1. Қалыпты асқазан сөлінің химиялық қасиеттері.
2. Асқазан сөлінде тұз қышқылының ролі.

Билет -7
1. Асқазан сөлінің патологиялық жағдайдағы түзілетін өнімдері, олардың
түзілу себептері.
2. Белоктардың қорытылу нәтижесінде түзілген өнімдердің сіңірілуі.

Билет -8
1. Гипер-, гипо-, ахлоргидрия және ахилия туралы түсінік.
2. Тағам белоктары, олардың асқазан ішек трактісінде қорытылуы. Осы
процестерге қатысатын ферменттер, оларға сипаттама.

Билет -9
1. Организмдегі амин қышқылдарының тағдыры.
2. Асқазан сөлінің қышқылдылығы, олардың түрлері, оларды өлшеу бірлігі,
қалыпты мөлшері.

Билет -10

1. Патологиялық жағдайда асқазан сөлінің қышқылдығының өзгеруі.
2. Амин қышқылдарының сіңірілуі.

Билет -11
1. Патологиялық асқазан сөлінің құрам бөліктері.
2. Белоктардың қорытылуы.

Билет -12.
1. Асқазан сөлінің неорганикалық құрам бөліктері.
2. Белоктардың шіруінен түзілген улы өнімдерді күкірт қышқылымен
усыздандыру.

Билет -13.
1. Қалыпты және патологиялық асқазан сөліндегі сүт қышқылын анықтау.
2. Ішекте белоктарды ыдыратуға қатысатын ішек сөлінің ферменттері.

Билет -14
1. Патология кезінде асқазан сөлінің өзгеруі.
2. Белоктардың шіруі кезінде түзілген улы өнімдерді глюкурон қышқылымен
усыздандыру.

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

№1 медицина факультеті

Теориялық пәндер кафедрасы

Биологиялық химия пәнінен
№ 2 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Тақырыбы: Клеткада аминқышқылдарының тағдыры. Креатин және креатининнің
синтезі. Қанның құрамында азотты алмасу кезінде ферменттер мен
метаболиттерді анықтау.

Түркістан-2012ж.

1. Тақырыбы: Клеткада аминқышқылдарының тағдыры. Креатин және креатининнің
синтезі. Қанның құрамында азотты алмасу кезінде ферменттер мен
метаболиттерді анықтау.

2. Мақсаты: Студенттер жануарлар организмі ткандеріндегі амин қышқылдарының
өзгерістерге ұшырау заңдылықтары туралы, аминқышқылдарының алмасуы
өнімдерінің организмге тигізетін физиологиялық әсері туралы, организмдегі
белоктар алмасуының кейбір көрсеткіштерін тәжірибе жүзінде анықтау туралы
білімдерін қалыптастырулары тиіс.

3. Оқыту мақсаты: Организмде белоктардың ролі мен маңызын бағалау өте
қиын. Адам организмінде тоқтаусыз белоктар жаңарып отырады, жаңадан
белоктар синтезделеді, белоктар молекуласы өзгереді және қолданылып болған
белоктар усыздандырылады. Сол себепті студенттер белок алмасуының
метаболизмдерін, бауырдың усыздандырудағы ролін, белок алмасуларының аралық
өнімдерін және соңғы өнімдерінің түзілу жолдарын, жақсы игерулері қажет.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Амин қышқылдарының сіңірілгеннен кейінгі тағдыры.
2. Креатин және креатинин синтезі.
3. Амин қышқылдары катаболизмінің спецификалық жолдары. Атаңыз.
4. Амин қышқылдарының трансаминденуі. Зат алмасудағы осы процестің маңызы.
Аминотрансферазалардың простетикалық тобына сипаттама.
5. Амин қышқылдарының декарбоксилденуі, маңызы.
6. Биогенді аминдердің түзілуі және физиологиялық процесті реттеудегі
биологиялық ролі.
7. Белок алмасуындағы бауырдың ролі.
8. АсТ, АлТ, креатинин активтілігін анықтаудың клиникалық маңызы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару,
жұптасып жұмыс істеу.

6. Әдебиет:
Орыс тілінде:
Негізгі:
1.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.
2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М.,2005, 2007.
3.Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005, 2007.
4. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом
общей биохимии – Алматы, 1998, 2008

Қосымша:
1.Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С. Медицинская и клиническая биохимия.-
Павлодар,2004.
2.Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003
3.Кольман Я., Рем К-Г. Наглядная биохимия.- М.: Мир, 2004.
4.Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов , под
ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.
5.Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,
проф. С.М. Адекенова. -Астана, 2003.

Қазақ тілінде:
Негізгі:
1.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-
Қарағанды.-2007.
2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2.Сеитов З.С., Биологиялык химия, 2007
3.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Қосымша:
1.Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің
ред. басшылығымен.-Астана,2003.

Ағылшын тілінде:
1. Lehninger Principles of biochemistry, Fourth Edition, David L.Nelson,
Michael M. Cox, 2005.
2. Murray R.K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers
Biochemistry.1988.
3. Saini A.S., Kaur J., Textbook of biochemistry.- New Delhi,1995.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар

1.
СООН
СН3
(
(
СН2 + ?
НС - NН2 + ?
(
(
СН2
СООН
(

НС - NН2

(

СООН
1. Сұрақтың орнына жеткіліксіз болған қышқылды жазыңыз? Реакцияны
катализдеуге қай фермент қатысады атаңыз?
2. Амин қышқылдарының декарбоксилденуі кезінде түзілген биологиялық активті
заттарды жазыңыз.
3. Креатинфосфат және креатиннің түзілуін жазыңыз, олардың түзілетін орны,
креатинфосфаттың маңызы.
4. Белок алмасуы кезінде бауырдағы өтетін реакцияларды жазыңыз.
5. Қай органдарда креатин биосинтезінің сатылары жүреді.

Ситуациялық есептер
1. Зерттелген қан сары суында креатиннің мөлшері 1,2 ммольл. Қай органның
жұмысы бұзылды деп ойлауға болады?
2. ГАМҚ-ң қандай физиологиялық әсерін орталық нерв жүйесінің ауруларын
(эпилепсия, қозғыштық) емдеуге қолданады.

Лабораториялық жұмыс

Қан сары суындағы креатининді анықтау әдісі.
Зәр құрамындағы креатининді түрлі-түсті Яффе реакциясымен анықтау
(Поппера әдісімен)
Жұмыс принципі: Креатинин пикрин қышқылымен қосылысып сілтілі ортада
қоңыр-қызыл түсті комплекс түзеді. Бұл түс креатинин мөлшеріне тәуелді.
Қан сары суындағы креатин мөлшерін анықтау.
Пробиркада 2 мл қан сары суын 6 мл қаныққан түссіз пикрин қышқылымен
араластырады. 5 минуттан соң пробирканы 15-20 сек. қайнап тұрған сулы
моншаға қоямыз, содан соң пробиркадағы сұйықтықты сүземіз. Үш пробирка
алып, оның ішіне төмендегі келтірілген реактивтерді қосамыз.

Реактивтер 1 2 3
Пробиркалар тәжірибе бақылау стандарт
Фильтрат 4 мл — —
Креатининнің стандарт сұйықтығы— — 1 мл
(1мг()
Пикрин қышқылының қаңыққан — 3 мл 3 мл
сұйықтығы
10% NаОН ерітіндісі 0,2мл 0,2мл 0,2 мл
Дистилденген су 10 мл-ге 10 мл-ге 10 мл-ге
дейін дейін дейін

10 мин. соң пробиркадағы сұйықтықтарды колориметрде (ФЭК-те) бақылау
сынамасына қарсы жасыл светофильтрде тығыздығын өлшейміз.
Есептеу:
Ех х 1мг
Х= мг(
Ест
Х- қан сары суындағы креатиннің мөлшері мг
Ех - тәжірибелік сынама көрсеткіші;
Ест- стандарт сынама көрсеткіші;
1мг- стандарт әдісіндегі креатиннің мөлшері
Қалыпты жағдайда қан сары суындағы креатинин мөлшері 0,5-1,0мг.
2) Зәр құрамындағы креатининді анықтау. Үш 100мл колбаға келесі
реактивтерді аламыз:

Реактивтер 1 2 3
Колбалар тәжірибе бақылау стандарт
Зәр 0,5 мл — —
Креатининнің стандарт сұйықтығы— — 0,5 мл
(100мг()
Пикрин қышқылының қаңыққан 3 мл 3 мл 3 мл
сұйықтығы
10% NаОН ерітіндісі 0,2мл 0,2мл 0,2 мл
Дистилденген су 100 мл-ге 100 мл-ге 100 мл-ге
дейін дейін дейін

Жасыл светофильтрлі колориметрде (ФЭК-те) тығыздығын бақылау сынамасына
қарсы өлшейміз.
ЕСЕПТЕУ:

Сст х Ех х а 0,5 х Ех х а
Ех х а
Х= =
=
Ест х в х 1000 Ест х 0,5 х1000
Ест х 1000

Х- креатининнің зәрдегі тәуліктік мөлшері гр.
Сст- креатинин стандарт сұйықтығындағы - мөлшері 0,5мг
а- зәрдің тәуліктік саны мл: в- анықтауға алынған зәрдің мөлшері мл
Ех- тәжірибелік сынама көрсеткіші
Ест- стандарт сынама көрсеткіші
а - зәрдің тәуліктік мөлшері мл-де
в - анықтауға алынған зәрдің мөлшері
1000-гр есептеу коэффициентті
Қалыпты жағдайдағы креатининнің зәрдегі тәуліктік мөлшері 0,5-2,0 г.

Қан сары суындағы және несептегі креатин деңгейін Креатинин КТ “ДДС”
реагенттер жиынтығымен анықтау.

Тәсілдің принципі
Бұл тәсіл Яффе реакциясына негізделген. Креатинин сілтілік ортада
пикрин қышқылымен әрекеттесуі нәтижесінде боялған қосынды түзіледі.
Қосындының түсінің интенсивтілігі креатининнің концентрациясына тура
пропорциональды.
Қалыпты жағдайда қан сары суындағы креатининнің мөлшері - 44-124 мкмл,
зәрде 7,1-17,7 ммтәулік.

Анықтау әдісі.
Реакцияға керекті ерітінділерді 1 және 2 кесте бойынша өлшеп аламыз.
Таблица 1

Ерітінділер Тәжірибелік Калибрлік Бақылау
сынама сынама (бос) сынама
Қан сары суы 0,5 - -
Дистилденген су 1,0 0,5 0,75
Калибратор - 0,25 -
Реагент 3 0,5 0,25 0,25
Сынамаларды араластырамыз. Тәжірибелік сынаманы 3-5 минуттан соң 900 g
центрифугирлейміз 5-7 мин. аралығында
Супернатант 1,0 - -
Реагент 1 0,5 0,5 0,5
Реагент 2 0,5 0,5 0,5

Сынамаларды араластырып +18-25(С бөлме температурасында 20 мин
инкубирлейміз де 500 нм жиілікте ФЭК-те тәжірибелік сынаманы
калибрлік сынамаға қарсы қойып оптикалық тығыздығын анықтаймыз.

Несептегі креатининді анықтау.
Таблица 2
Ерітінділер Тәжірибелік Калибрлік Бақылау
сынама сынама (бос) сынама
Сұйытылған несеп 0,5 - -
Дистильденген су 0,25 0,5 0,75
Калибратор - 0,25 -
Реагент 3 0,25 0,25 0,25
Реагент 1 0,5 0,5 0,5
Реагент 2 0,5 0,5 0,5

Сынамаларды араластырып +18-25(С бөлме температурасында 20 мин бойы
инкубирлейміз де ФЭК-те тәжірибелік және калибрлік сынаманың оптикалық
тығыздығын анықтаймыз.
Қан сары суындағы креатинин деңгейін мына формуламен есептейміз:

Еоп
Екал

С - зерттелетін сынамадағы креатининнің концентрациясы мкмольл

Еоп - тәжірибелік сынама тығыздығы
Екал - калибрлік сынаманың тығыздығы
177 - калибратордағы креатининнің деңгейі.
Несептегі креатинин деңгейін мына формуламен анықтаймыз:

Еопх V x 50
Екал x 1000

С - зерттелетін сынамадағы креатининнің концентрациясы мМтәулік
Еоп - тәжірибелік сынама тығыздығы
Екал - калибрлік сынаманың тығыздығы
50 - несептің сұйылту коэффициенті
V - бір тәуліктегі несеп мөлшері
1000 - мкмоль-ді ммоль-ге ауыстыру коэффициенті
177 - калибратордағы креатининнің мөлшері мкмольл.

АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ АЛМАСУЫ

Амин қышқыл-
дарының қоры

Реакция
өнімдері

Түзілген
өнімнің
тағдыры.

Тест бақылау.
1. Серотонин түзіледі:
1. гистидиннен
2. аланиннен
3. тирозиннен
4. триптофаннан
5. аспарагин қышқылынан
2. Гистаминнің физиологиялық әсері:
1. қан тамырларын кеңейтеді
2. қан тамырларын тарылтады
3. тұз қышқылының секрециясын күшейтеді
4. артериалық қысымды төмендетеді
5. коллапс пайда болады
3. Трансаминазаның коферменті:
1. НАД
2. НАДФ
3. ТГФК
4. фосфопиридоксаль
5. тиаминдифосфат
4. Креатин түзілуіне жұмсалады:
1. глицин, аргинин, цистин
2. аргинин, метионин, аланин
3. метионин, глицин, орнитин
4. глицин, аргинин, метионин
5. аланин, орнитин, цистин
5. Креатинфосфат:
1. ферменттерді активтендіреді
2. ГТФ-ты ресинтездейді
3. бауырда АТФ-ты ресинтездейді
4. бұлшық етте АТФ-ты ресинтездейді
5. нуклеотидтердің түзілуіне қатысады.
6. Амин қышқылдары анаболикалық реакцияларға пайдаланылған мына жолмен
ыдырайды:
1. карбоксилдену
2. дегидротациялану
3. гидролиздену
4. дезаминдену
5. метилдену
7. Дезаминдену қайтымды реакция:
1. ми тканінде активті өтеді
2. АТФ көмегімен активті өтеді
3. амидтерді әртүрлі процестерді қолдану формасы
4. аммиактың транспортты формасын түзуге қатысады
5. тұрақты қосылыстар түзуге жүреді
8. Креатиннің синтезі жүреді:
1. бүйректе
2. талақта
3. ішек қабырғасында
4. бауырда
5. бұлшық етте

9. Белок алмасуының соңғы өнімдеріне жатады:
1. мочевина, креатинин, билирубин
2. билирубин, зәр қышқылы, ацетон
3. мочевина, креатинин, СО2
4. мочевина, зәр қышқылы, аммиак
5. креатин, креатинин, СО2
10. Креатиннің маңызы:
1. креатинин түзіледі
2. алмастырылмайтын аминқышқылының көзі болып табылады
3. креатинфосфат түзіледі
4. глюконеогенез процесіне қатысады
5. гормондардың түзілуіне қатысады

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

№1 медицина факультеті

Теориялық пәндер кафедрасы

Биологиялық химия пәнінен
№ 3 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Тақырыбы: Аммиактың түзілуі және усыздану жолдары. Мочевинаның синтезі.
Мочевинаны анықтау әдісі.

Түркістан-2012ж.

1. Тақырыбы: Аммиактың түзілуі және усыздану жолдары. Мочевинаның синтезі.
Мочевинаны анықтау әдісі.

2. Мақсаты: Студенттер жануарлар организмі ткандеріндегі амин қышқылдарының
өзгерістерге ұшырау заңдылықтары туралы, аминқышқылдарының алмасуы
өнімдерінің организмге тигізетін физиологиялық әсері туралы, организмдегі
белоктар алмасуының кейбір көрсеткіштерін тәжірибе жүзінде анықтау туралы
білімдерін қалыптастырулары тиіс.

3. Оқыту мақсаты: Организмде белоктардың ролі мен маңызын бағалау өте
қиын. Адам организмінде тоқтаусыз белоктар жаңарып отырады, жаңадан
белоктар синтезделеді, белоктар молекуласы өзгереді және қолданылып болған
белоктар усыздандырылады. Сол себепті студенттер белок алмасуының
метаболизмдерін, бауырдың усыздандырудағы ролін, белок алмасуларының аралық
өнімдерін және соңғы өнімдерінің түзілу жолдарын, жақсы игерулері қажет.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Амин қышқылдарының дезаминденуі, түрлері, түсінік.
2. Амин қышқылдарының тікелей емес тотығудан дезаминденуі.
3. Аммиактың тағдыры (атап өту).
4. Амидтену және дезаминдену, процесстердің маңызы.
5. Аммиактың түзілуі және усыздану жолдары.
6. Мочевинаның синтезі.
7. Мочевинаны анықтаудың клиникалық маңызы.
8. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының тағдыры.
9. Азотсыз баланс дегеніміз не? Оң және теріс азоттық балансқа түсініктеме
беріңіз.
10. Гликогенді және кетогенді амин қышқылдары.
11. Жай белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың түзілуі және бөлінуі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару,
жұптасып жұмыс істеу.

6. Әдебиет:
Орыс тілінде:
Негізгі:
1.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.
2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М.,2005, 2007.
3.Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005, 2007.
4. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом
общей биохимии – Алматы, 1998, 2008

Қосымша:
1.Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С. Медицинская и клиническая биохимия.-
Павлодар,2004.
2.Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003
3.Кольман Я., Рем К-Г. Наглядная биохимия.- М.: Мир, 2004.
4.Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов , под
ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.
5.Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,
проф. С.М. Адекенова. -Астана, 2003.

Қазақ тілінде:
Негізгі:
1.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-
Қарағанды.-2007.
2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2.Сеитов З.С., Биологиялык химия, 2007
3.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Қосымша:
1. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің
ред. басшылығымен.-Астана,2003.

Ағылшын тілінде:
1. Lehninger Principles of biochemistry, Fourth Edition, David L.Nelson,
Michael M. Cox, 2005.
2. Murray R.K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers
Biochemistry.1988.
3. Saini A.S., Kaur J., Textbook of biochemistry.- New Delhi,1995.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар
1. Қай амин қышқылдары тотығудан дезаминденуге қатысады; а) серин; б)
тирозин;
в) гистидин; д) глютамин қышқылы; г) метионин.
2. Аммиактың ең негізгі усыздану реакциясын жазыңыз.
3. Реакцияның нәтижесін жазыңыз, катализдейтін ферменттерін атаңыз.

Карбомоилфосфат + ? ? +
Н3РО4
Цитруллин + ? аргинин
сукцинат

4. Аммиак пен глютамин қышқылының әрекеттесу реакциясын жазыңыз. Бұл
реакция қайда жүреді? Реакция қалай аталады? Организм үшін қандай маңызы
бар? Қайтымды реакция ма?

5. Белок алмасуы кезінде бауырдағы өтетін реакцияларды жазыңыз.

6. Мочевинаның синтезін жазыңыз.

7. Аммиак қай қосылыс түрінде организмнен шығарылады.

8. Мочевинаның синтезіне қатысатын амин қышқылдарын атаңыз.

Ситуациялық есептер
1. Қан сары суында азот мочевинасы 89(, қалдық азот санының барлығы 0,75
гл тең. Сіздің қояр диагнозыңыз?
2. Науқас адам белок мөлшерінің аз кездесетін диетасында отыр. Зерттеу
кезінде қан сары суында мочевинаның мөлшері 11,33 мМольл тең екені
анықталды. Қандай патологиялық өзгеріс деп ойлауға болады.

Лабораториялық жұмыс
Қан сары суындағы мочевинаның санын анықтау әдісі және зәр құрамындағы
мочевинаны түрлі-түсті диацетилмонооксил реакциясы арқылы анықтау.
Жұмыстың принципі: Диацетилмонооксим және тиосемикарбазид, темір тұздарының
әсерінен мочевина қышқыл ортада түрлі-түсті комплекс түзеді.
Анықтау әдісі: 1) Белоксыз фильтрат алу. Пробиркаға 0,1мл дистилденген су,
0,2мл қан сары суын немесе 1:25, 1:50 сұйылтылған зәр және 1 мл 10%-ті ТХУ
(үш хлорлы сірке қышқылын) ерітінділерін құямыз, 15-20 мин. соң
фильтрлейміз, сүземіз.
2) Түрлі-түсті реакция үш пробиркаға төменде келтірілген реактивтерді
қосамыз.

Реактивтер 1 2 3
Пробиркалар тәжірибе бақылау стандарт
Белоксыз фильтрат 0,1мл — —
Дистилденген су — 0,1 —
Мочевинаның стандарты сұйықтығы— — 0,1мл
(100мг()
Түрлі-түсті реактив 2мл 2мл 2мл

Пробиркаларды қайнап тұрған сулы моншада 10 минуттай ұстаймыз содан
соң, ағып тұрған су ағынының астында ұстап 2-3мин суытамыз. Жасыл
светофильтрлі ФЭК-те бақылау пробасына қарама-қарсы қойып тығыздығын
өлшейміз. Светофильтрі жасыл.

Есептеу мына формуламен жүргізіледі:
Ех х 100
Х= мг(
Ест
Х- қан сары суында мочевинаның концентрациясы мг(
Ех - тәжірибе; Ест- стандарт
100-мочевинаның стандарт сұйықтығындағы концентрациясы мг(
Қалыпты жағдайда қан сары суындағы мочевина мөлшері 15-50мг(

2) Тәуліктік зәр құрамындағы мочевинаның өлшемін мына формуламен
есептейміз:
Сст х Ех х а х К
Х= гтәулік
Ест х в х 1000
Х- мочевинаның зәр құрамындағы тәуліктік мөлшері гр.
Ех- анықтау, тәжірибе: Ест- стандарт
Сст- мочевинаның стандарт сынамасындағы мөлшері 0,1мг
а- зәрдің тәуліктік саны мл: в- анықтауға алынған зәрдің мөлшері мл
К- зәрдің сұйылту коэффициентті
1000-мг-нан гр-ға есептеу саны
Қалыпты жағдайда зәр құрамындағы мочевина мөлшері 20-35 гр.

Қан сары суындағы және несептегі мочевинаның деңгейін
Мочевина КТ “ДДС” реагенттер жиынтығымен анықтау.

Тәсілдің принципі
Уреаза ферменті мочевинаның аммиак пен көмірқышқыл газына дейін
ыдырауын катализдейді. Нитропруссид сілтілі ортада аммиактің салицилат және
натрий гипохлоридімен әрекеттесуін катализдейді, нәтижесінде түзілген
қосындының түсі мочевинаның концентрациясына тура пропорциональды.
Қалыпты жағдайда қан сары суындағы мочевинаның деңгейі - 330-580
ммольтәулік.

Анализді дайындау
Жұмыс реагентін дайындау: 200 мл-лік колбаға 1-реагенттен 100 мл
аламыз, оның үстіне 1,0 мл 3-реагентті қосып араластырамыз. Босаған 3-
реагенттің флаконын дайындалған ерітіндімен 3-4 рет шайып, жақсылап
араластырамыз.
Анализді жүргізу.
Таблица
Ерітінділер Тәжірибелік Калибрлік Бақылау
сынама сынама (бос) сынама
Қан сары суы немесе несеп 0,01 - -
Дистилденген су - - 0,01
Калибратор - 0,01 -
Жұмыс реагенті 1,0 1,0 1,0

Сынамаларды жақсылап араластырып +37(С температурасында немесе бөлме
тем-пературасында 5 мин инкубациялаймыз. Тәжірибелік және калибрлік
сынамаларды 540 нм ұзындық бойынша ФЭК-те өлшейміз.
Қан сары суындағы мочевинаның деңгейін мына формула бойынша
есептейміз:

Еоп
Екал

С - зерттелетін сынамадағы мочевинаның концентрациясы ммольл
Еоп - тәжірибелік сынаманың тығыздығы
Екал - калибрлік сынаманың тығыздығы
8,3 - калибратордағы мочевинаның деңгейі ммольл

Несептегі мочевинаның мөлшерін мына формуламен анықтаймыз:

Еопх Y x 100
Екал
С - зерттелетін сынамадағы мочевинаның концентрациясы ммольтәулік
Еоп - тәжірибелік сынаманың тығыздығы
Екал - калибрлік сынаманың тығыздығы
100 - несепті сұйылту коэффициэнті
Y - бір тәулікте жиналған несеп мөлшері, л.
8,3 - калибратордағы мочевинаның деңгейі

Билет - 1

1. Гидролитикалық дезаминдену.
2. Мочевинаныњ синтезі.

Билет – 2

1. Цитрулинніњ түзілу реакциясын жазыњыз.
2. Тотығудан дезаминдену.

Билет – 3

1. Тотықсызданудан дезаминдену.
2. Мочевинаныњ тҰртінші сатысын жазыњыз.

Билет – 4

1. Молекула ішілік дезаминдену.
2. Аминқышқылдарыныњ азотсыз қалдықтарыныњ тағдыры.

Билет – 5

1. Орнитинді цикл.
2. Белок алмасуында бауырдыњ ролі.

Билет – 6

1. Аминқышқылдарыныњ амидтенуі және дезамидтенуі.
2. Аминқышқылдарыныњ азотсыз қалдықтары.

Билет - 7

1. Тканде аминқышқылдарыныњ тағдыры.
2. Мочевинаныњ синтезі, мочевинаныњ клиникалық мањызы.

Билет – 8

1. Тікелей емес дезаминдену.
2. Белок алмасуында ЦТК-ніњ, БО-ныњ және тотығудан фосфорланудыњ ролі.

Билет – 9

1. Пирожүзім қышқылыныњ тотығудан декарбоксилдену реакциясын жазыњыз.
2. Аминқышқылдарыныњ дезаминденуі.

Билет – 10

1. Аммиактыњ тағдыры.
2. Белок алмасуында бауырдыњ ролі.

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

№1 медицина факультеті

Теориялық пәндер кафедрасы

Биологиялық химия пәнінен
№ 4 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Тақырыбы: Зат алмасу процестерінің өзара байланыстығы.

Түркістан-2012ж.

1. Тақырыбы: Зат алмасу процестерінің өзара байланыстығы.

2. Мақсаты: Студенттер көмірсулар, липидтер, белоктар алмасуының
байланыстылығы жөнінде, катаболизмнің жалпы ортақ жолдары жөнінде өз
білімдерін қалыптастырулары тиіс.

3. Оқыту мақсаты: Органикалық қосылыстардың әр түрлі кластарының алмасуы
бір-біріне тәуелді. Организмдегі заттар алмасуын жүзеге асыратын жеке
процесстер өзара тығыз байланысты бола тұрып бір тұтас өтеді. Белоктар,
липидтер, көмірсулар алмасуы орталық нерв, эндокринді және қан тамырлар
жүйелерінің әсеріне бағынатын біріккен биохимиялық процесстер.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Белок, липид, көмірсу алмасуларының өзара байланыстылығына түсінік.
2. Заттар алмасуының жалпы реттелу жолдары.
3. Катаболизмнің ортақ жолы.
4. ПЖҚ-ң түзілу жолдары және оның белок, көмірсу, липид алмасуында
қолданылуы.
5. Клеткада АСҚ-ң түзілуі, АСҚ деңгейінде алмасулар байланыстылығын
көрсетіңіз.
6. Амин қышқылдарының синтезіне ЦТК-ң қандай өнімдері жұмсалады, қалай?
7. Гликогенді және кетогенді амин қышқылдары, маңызы.
8. Белоктардан және көмірсулардан липидтердің түзілу жолдары.
9. Көмірсулардан және липидтерден амин қышқылдарының түзілуі, реакция
түрінде көрсетіңіз.
10. Белоктардан және липидтерден көмірсулардың түзілуі.
11. Алмасулар нәтижесінде түзілген және жұмсалатын ортақ энергия көзі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару,
жұптасып жұмыс істеу.

6. Әдебиет:
Орыс тілінде:
Негізгі:
1.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.
2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М.,2005, 2007.
3.Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005, 2007.
4. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом
общей биохимии – Алматы, 1998, 2008

Қосымша:
1.Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С. Медицинская и клиническая биохимия.-
Павлодар,2004.
2.Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003
3.Кольман Я., Рем К-Г. Наглядная биохимия.- М.: Мир, 2004.
4.Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов , под
ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.
5.Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,
проф. С.М. Адекенова. -Астана, 2003.

Қазақ тілінде:
Негізгі:
1.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-
Қарағанды.-2007.
2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2.Сеитов З.С., Биологиялык химия, 2007
3.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Қосымша:
1.Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің
ред. басшылығымен.-Астана,2003.

Ағылшын тілінде:
1. Lehninger Principles of biochemistry, Fourth Edition, David L.Nelson,
Michael M. Cox, 2005.
2. Murray R.K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers
Biochemistry.1988.
3. Saini A.S., Kaur J., Textbook of biochemistry.- New Delhi,1995.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар.
1. Көмірсулардан, липидтерден, белоктардан ПЖҚ-ның түзілу жолдары.
2. Пирожүзім қышқылының тағдыры.
3. Көмірсулардан, липидтерден, белоктардан түзілген ацетил-КоА-ң түзілу
жолдары.
4. ПЖҚ-ы арқылы зат алмасуларының көмірсулар, липидтер, белоктар байланысын
көрсетіңіз.
5. Зат алмасудың ацетил-КоА арқылы өзара байланыстылығын көрсетіңіз.
6. Метаболизм кезінде ЦТК-ның, БТ-нің, ТФ-дың ролі.
7. Көмірсу алмасуында бауырдың қатысуы.
8. Липидтер алмасуында бауырдың қатысуы.
9. Белоктар алмасуында бауырдың қатысуы.
10. Бауырдың пигмент алмасуындағы ролі.
11. Бауырдың улы заттарды усыздандыру функциясы. (антитоксикалық).

Ситуациялық есептер.
1. Стационардың қабылдау бөліміне (жедел жәрдем( көлігі мүлдем есінен
айырылған науқасты әкелді. Науқас ауыр дем алады, ауыз қуысынан ацетон иісі
сезіледі. Сіздің болжам диагнозыныз? Диагноз қою үшін қандай биохимиялық
анализ жасалу қажет? Осы мысалды пайдаланып липид алмасуы мен көмірсу
алмасуының байланыстылығын түсіндіріңіз.

2. Организмге тағам құрамында көмірсулар аз түсетін болса, қандағы глюкоза
мөлшерінің қалыпты деңгейде болуы неге байланысты?
3. Неге тағам белоктарын көмірсулармен, немесе липидтермен алмастыруға
болмайды. Белок құндылығы неге байланысты.
4. Күнделікті адам организміне міндетті түрде көмірсулар түсіп тұрады.
Түскен көмірсулардың белгілі бір мөлшері (() липидтерге айналып отырады.
Егер дені сау адам:
1) таңертеңгі аспен – 50 г
2) түскі аспен 500 г көмірсу пайдаланатын болса, сол пайдаланылған көмір-
сулардың қанша проценті липидтерге айналатынын есептеп беріңіз.
5. Белоктардың авариялық запасы қай жерде сақталады және белоктар мөлшері
азайғанда орны қалай толықтырылуы мүмкін? Бұл жағдай организмге тиімді ме?
6. Белоктық ашығу кезіндегі науқаста дамыған кахексия себептерін немен
түсіндіре аласыз.

Студенттердің өз бетінше орындайтын тест сұрақтары:

1. Басым көпшілігі бауырда синтезделетін қосылыстарды таңдап алу.
1. ТАГ 5. Креатин 9. Лактат
2. ХСН 6. Тікелей билирубин 10. АСҚ
3. ФЛ 7. Кетондық дене 11. Гликоген
4. Креатинин 8. Малат 12. Липопротеидтер

13. Тікелей емес билирубин

2. Амин қышқылдары липидтер, көмірсулар алмасуының ортақ аралық өнімдерін
табу.
1. ПЖҚ 4. Фруктозо-6-фосфат 7.
Ацетоацетат
2. АСҚ 5. Гуанидин сірке 8.
Пентоздар
3. ҚСҚ 6. Сукцинил қышқылы SКоА
9. Ацетон

3.Глюкозаның синтезіне субстрат ретінде жұмсалатын қосылысты табыңыз:
1. АСҚ 4. Кетондық дене.
2. Аланин 5. Глицерин.
3. Холестерин 6. ПЖҚ
7. Глюкоза-6- фосфат ____________липидтер осы схеманы толықтырыңыз.

4.Глюкозо-6-фосфаттат синтезделетін қосылыстарды атаңыз:
көмірсу, аминқышқылдар, липидтер.
5.Пентозофосфатты циклде түзілген НАДФН2-нің липидтер алмасуындағы
жұмсалатын реакцияларын атаңыз:
6.Глюкоза __________8_____________рибозо-5-фо сфат
НАДФ НАДФН2

_________7__________глицерофосфат+ ацил- SКоА
ПЖҚ ТАГ
СО2

АСҚ_____________малонил SKoA__________HSKoA__

Көмірсулар тектес тағамды көп қолданғанда қандай процесстің жүруі артады.
санымен көрсетілген.
7. Клеткадан АСҚ-ның жұмсалу жолдарын схема түрінде көрсету.
8. Белок, липид, көмірсу алмасуының соңғы өнімі ретінде түзілетін СО2-ні
бөле жүретін реакцияларды атаңыз.
9. Пальмитин қышқылының синтезіне қанша молекула глюкоза қажет?
10. Клеткада ПЖҚ-ның түзілуі және жұмсалу жолдарын атаңыз?
11. Тағамда көмірсулар болмаған жағдайда қандағы глюкозаның деңгейі
бірқалыпты деңгейде сақталады ма? Себебін түсіндіріңіз?
12. Аланиннің СО2 мен H2O-ға дейін ыдырау реакциясын схема түрінде
жазыңыз?
13. (-кетоглютар қышқылының түзілу жолдарын және оның өзгерістерге ұшы-
рауы жолдарын атаңыз?

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

№1 медицина факультеті

Теориялық пәндер кафедрасы

Биологиялық химия пәнінен
№ 5 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Тақырыбы: Нуклеопротеидтердің алмасуы. Нуклеопротеидтер алмасуының
ерекшелігі.

Түркістан-2012ж.

1. Тақырыбы: Нуклеопротеидтердің алмасуы. Нуклеопротеидтер алмасуының
ерекшелігі.

2. Сабақтыњ мақсаты: Келешек дәрігерлер нуклеопротеидтер алмасуының
ерекшеліктерін білулері керек. Нуклеопротеидтердің ыдырау нәтижесінде
түзілген өнімдерді, нуклеопротеидтердің алмасуының бұзылуы туралы
білімдерін қалыптастырулары тиіс.

3. Оқыту мақсаты: Студенттер нуклеопротеидтер алмасуының ерекшеліктерін,
зәр қышқылының көбеюін, подагра ауруының пайда болуын игеруі қажет.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Нуклеопротеидтер алмасуының ерекшеліктері.
2. Нуклеопротеидтердің ыдырауы.
3. Нуклеопротеидтердің ыдырауының жүру реакциялары.
4. Нуклеопротеидтердің құрамы.
5. Нуклеопротеидтердің қорытылуы және сіңірілуі.
6. Пуриндік негіздердің тағдыры.
7. Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы. Подагра.
8. Нуклеопротеидтер алмасуының соңғы өнімдері.
9. Белок алмасуында бауырдың ролі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару,
жұптасып жұмыс істеу.

6. Әдебиет:
Орыс тілінде:
Негізгі:
1.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.
2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М.,2005, 2007.
3.Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005, 2007.
4. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом
общей биохимии – Алматы, 1998, 2008
Қосымша:
1.Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С. Медицинская и клиническая биохимия.-
Павлодар,2004.
2.Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003
3.Кольман Я., Рем К-Г. Наглядная биохимия.- М.: Мир, 2004.
4.Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов , под
ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.
5.Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,
проф. С.М. Адекенова. -Астана, 2003.

Қазақ тілінде:
Негізгі:
1.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-
Қарағанды.-2007.
2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2.Сеитов З.С., Биологиялык химия, 2007
3.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Қосымша:
1.Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің
ред. басшылығымен.-Астана,2003.

Ағылшын тілінде:
1. Lehninger Principles of biochemistry, Fourth Edition, David L.Nelson,
Michael M. Cox, 2005.
2. Murray R.K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers
Biochemistry.1988.
3. Saini A.S., Kaur J., Textbook of biochemistry.- New Delhi,1995.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Есеп №1
Нуклеопротеидтер алмасуының ерекшеліктері.

Есеп №2
Нуклеопротеидтердің ыдырауы.

Есеп №3
Нуклеопротеидтердің ыдырауының жүру реакциялары.

Есеп №4
Нуклеопротеидтердің құрамы.

Есеп №5
Нуклеопротеидтердің қорытылуы және сіңірілуі.

Есеп №6
Пуриндік негіздердің тағдыры.

Есеп №7
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы. Подагра.

Есеп №8
Нуклеопротеидтер алмасуының соңғы өнімдері.

Есеп №9
Белок алмасуында бауырдың ролі.

Есеп №10

1. Қандай патологиялық жағдайда қанда зәр қышқылық мөлшері жоғарлайды.
Оларды атаңыз.

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

№1 медицина факультеті

Теориялық пәндер кафедрасы

Биологиялық химия пәнінен
№ 6 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Тақырыбы: Гормондардың биохимиясы. Гормондар. Гормондардың жалпы қасиеттері
және әсер ету механизмі.
Гипоталамус және гипофиз гормондары. Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің
гормондары. Құрылысы, биологиялық ролі.

Түркістан-2012ж.

1. Тақырыбы: Гормондардың биохимиясы. Гормондар. Гормондардың жалпы
қасиеттері және әсер ету механизмі. Гипоталамус және гипофиз гормондары.
Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің гормондары. Құрылысы, биологиялық
ролі.

2. Мақсаты: Студенттер гормондар, гормондардың әсер етуінің әр-түрлі
механизмдерін, нысана клеткалары туралы, рецепторлы аппарат, гормондардың
жіктелуі, жалпы қасиеттері, гипоталамус, гипофиз, қалқанша және қалқанша
маңы бездерінің гормондары туралы өз білімдерін қалыптастырулары тиіс.

3. Оқыту мақсаты: Гормондар жалпы адам организмінің мүшелері мен
тканьдерінің макро-микро құрылысын, физиологиялық функцияларының жағдайын,
организмде өтіп жатқан барлық биологиялық процестерді реттеп, белгілі бір
деңгейде ұстап отыратын, ішкі секреция бездерінің арнайы клеткаларынан
қанға бөлініп, орталықтан басқаруға қабілетті биологиялық активті заттар.
Гормондардың қабілетінің бұзылыстары кезінде әр-түрлі патологиялар: мысалы
қант диабеті, семіздік т.б. дамуы мүмкін.
Сондықтан, гормондардың қалыпты жағдайдағы әсер ету механизмін,
биологиялық ролін және ол қасиеттерінің өзгеруі салдарынан әр-түрлі
патологиялық жағдайларға алып келу мүмкіндіктерін білу болашақ дәрігерлер
үшін ХХІ ғасырда өте маңызды.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Гормон дегеніміз не? Анықтама.
2. Гормондардың рецепторлары, нысана-клеткалары (анықтама беріңіз)
гормондарға клеткалардың сезімталдығы.
3. Гормондардың химиялық табиғаты.
4. Гормондардың жалпы қасиеттері.
5. Гормондардың әсер ету механизмі:
6. І – механизм мембранды – цитозольды.
а) аденилатциклазды мессенджер жүйесі
б) гуанилатциклазды мессенджер жүйесі
г) кальцийлі жүйе.
7. ІІ-ші цитозольді механизм.
8. ІІІ-ші мембраналық механизм.
9. Гормондардың номенклатурасы және жіктелуі
10. Гипоталамус гормондары, өкілдері, химиялық табиғаты, құрылысы, әсер
механизмі, физиологиялық эффекті, биологиялық ролі.
11. Гипофиз гормондары, өкілдері, химиялық табиғаты, құрылысы, әсер ету
механизмі, физиологиялық эффектісі, биологиялық ролі.
12. Қалқанша маңы бездерінің гормондары. Химиялық табиғаты, әсер ету
механизмі. Нысана клеткасы, минералды алмасуға әсері.
13. Қалқанша безінің гормондары:
- кальцитонин химиялық табиғаты туралы түсінік, әсер ету механизмі, нысана-
клеткасы, физиолгиялық әсері, кальцитонин секрециясының регуляциясы;
- трийодтиронин, тироксин түзілуі, химиялық табиғаты әсер ету механизмі,
нысана-клеткасы, физиологиялық әсері.
14. Гипертиреоз түсінік, клиникалық белгілері, биологиялық ерекшелігі.
15. Гипотиреоз түсінік, клиникалық белгілері, биологиялық ерекшелігі.
16. Эндемиялық зобтың пайда болу механизмі және алдын-алу жолдары.
17. Қалқанша безі функциясының бұзылыстары: тиреотоксикоз, микседема,
кретинизм.
18. Организмнің сәулемен зақымдануы және адаптация процессінің бұзылуы
кезінде пайда болатын қалқанша безінің қатерлі ісігі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару,
жұптасып жұмыс істеу.

6. Әдебиет:
Орыс тілінде:
Негізгі:
1.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.
2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М.,2005, 2007.
3.Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005, 2007.
4. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом
общей биохимии – Алматы, 1998, 2008
Қосымша:
1.Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С. Медицинская и клиническая биохимия.-
Павлодар,2004.
2.Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003
3.Кольман Я., Рем К-Г. Наглядная биохимия.- М.: Мир, 2004.
4.Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов , под
ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.
5.Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,
проф. С.М. Адекенова. -Астана, 2003.

Қазақ тілінде:
Негізгі:
1.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-
Қарағанды.-2007.
2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2.Сеитов З.С., Биологиялык химия, 2007
3.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.
Қосымша:
1.Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің
ред. басшылығымен.-Астана,2003.

Ағылшын тілінде:
1. Lehninger Principles of biochemistry, Fourth Edition, David L.Nelson,
Michael M. Cox, 2005.
2. Murray R.K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers
Biochemistry.1988.
3. Saini A.S., Kaur J., Textbook of biochemistry.- New Delhi,1995.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар
1. Нысана-клетка, анықтама беріңіз.
2. Қандай заттарды гормондарға жатқызамыз. Оларға қандай жалпы қасиеттер
тән.
3. ІІ-механизм бойынша әсер ететін гормондардың жалпы құрылысын көрсетіңіз.

4. Қай клетканың бөлігінде гормондардың рецепторлары орналасады.
5. Клеткалардың гормондар әсер етуіне сезімталдығы неге байланысты? Не
себепті 1-механизм бойынша әсер ететін гормондар қысқа мерзім әсер етеді?

6. Белок-пептидті гормондарды атаңыз.
7. Қандай гормондар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиядан сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Биологияны оқыту әдістемесінің пәні
Орта мектеп оқушыларына биологияны оқытудың пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы
Биология сабағында пәнаралық байланыс
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері
Химия пәнінен оқушыларды пәндік олимпиядаға даярлауды ерекшеліктері
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы
Химияны пәнаралық байланыста негіздеп оқытудың маңыздылығы
Биологияның мектеп курсын оқу процесінде мультимедиялық оқыту әдістерінің ерекшеліктері
Биология пәнінен сабақтың типтері және олардың ерекшеліктері
Пәндер