Қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақ күрестің осы спорт түрінен мамандар дайындаудағы оқу пәні ретінде қалыптасу кезеңдері

Қазақстанда қазақ күресінің кең танымалдығы осы ұлттық спорт түрін сауықтыру мақсатында жаппай айналысуды дамыту үшін маңызды етеді. Қозғалу белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі таңда өзектілігі зор. Гиподинамия қарқынды өсуі мен дене дамуы кезеңінде, яғни балалық және жасөспірімдік шақта адам денсаулығына айқын кері әсер етеді. Ағзаның тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің, нерв жүйесінің, тіреуіш-қозғалу аппаратының және т.б. қалыптасуы мен дамуы үдерісінде жинақталған кері құбылыстар мен бұзылулар гиподинамияның әсерінен болашақ ұрпақтың, яғни тұқым қуалауда көрініс тауып, адамның барлық кейінгі ғұмырында денсаулықтың нашарлауына жол береді [Я.С. Вайнбаум, 1993; А.А. Виру, 1991; Ө.Е. Бектұрғанов және т.б., 2006 және т.б.].
Қазақ күресінің кең танылуы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы білімдік тиімділігі, дене шынықтыруға енгізілуі, ерік-күші мен басқа да психологиялық сапаларын тәрбиелеу, денсаулықты нығайту тәсілінің сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесі көп жағдайда осы күрес түрінің орта мектептегі дене шынықтыру пәні бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.
Казіргі жасөспірімдер мен жастардың ұлттық ойындарға қызығушылықтарын ескере отырып, орта мектептер мен колледждерде дене тәрбиесіне және сыныптан тыс қосымша сабақ кезінде тек бағдарламадағы жаттығуларды ғана емес, ұлттық спорт түрлері мен ойындарын оқу жоспарына енгізуге болады.
Кеңестік Қазақстанда қазақ күресінен жарыстар олимпиадалық және халықаралық спорттық күрес түрлерінен бірнеше онжылдық бұрын өткізіле бастады. Әдеби деректерге сілтемелердің өзінде қазақ күрестен мына Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасымен және жеке республикалық жарыстарды өткізу кезеңдерді атап көрсетуге болады: 1928, 1936, 1938, 1939 жж. [М. Тәникеев, 1957; М.Х. Болғамбаев, 1983; Е. Мұхитдинов, 1999; Е. Әлімханов, 1997, 2008; Б.М. Досқараев, 2009 және т.б.].
Ал грек-рим күресі Қазақстанда тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады (алғашқы Қазақстан біріншілігі 1948 жылы өтті), дзюдо Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізгеннен кейін ғана, 1960 ж. дами бастады, самбо жастар шұғылдануға болатын спорттық күрес түрі ретінде 1949 жылы ғана А.А. Харлампиевтің жұмысынан басталды. Қазақстанда еркін күрестін дамуы 1955 жылы грек-рим күресінен тәжірибелі жаттықтырушы П.Ф. Матущактың еркін күрестін бас бапкерлігіне тағайындалумен байланысты. Самбо мен еркін күрес Қазақстанға бірінші әкелінген уақыты 1950 ж. [Е. Әлімханов, 1997; П.Ф. Матущак, 2009 және т.б.].

1 Бектурганов О.Е., Донбаев А.Б., Камбаров Н.К., Агадилов А.Е. Техника, применяемая на соревнованиях по борьбе казах-курес // Ұлттық спорт пен ойындардың бүгінгісі мен болашағы: респ.ғыл.тәжір.конф.мат. (20-21 мамыр 2010 ж.). – Алматы: ҚазСТА, 2010. – 220-224 бб.
2 Донбаев А.Б., Саутов Р.Т. Национальные виды спорта в системе физического воспитания молодежи Казахстана // Ұлттық спорт пен ойындардың бүгінгісі мен болашағы: респ.ғыл.тәжір.конф.мат. (20-21 мамыр 2010 ж.). – Алматы: ҚазСТА, 2010. – 95-98 бб.
3 Курманалиев А.Т., Донбаев А.Б. Гигиенические требования к профилактике травматизма в зале борьбы // Вестник физической культуры. – 2010. – №2. – С. 80-82.
4 Донбаев А.Б. Анализ технико-тактических действий борца // Современные проблемы теории и практики физической культуры и спорта: материалы 3 междунар.научно-прак.конф. (8-10 сентября 2010 г., Чолпон-Ата). – Бишкек, 2010. – С. 82-84.
5 Донбаев А.Б. Народные игры и состязания как средство популяризации физической культуры и спорта // Современные проблемы теории и практики физической культуры и спорта: материалы 3 междунар.научно-прак.конф. (8-10 сентября 2010 г., Чолпон-Ата). – Бишкек, 2010. – С. 114-116.
6 Донбаев А.Б. Становление казах-курес как средства физического воспитания молодежи // Вестник физической культуры. – 2010. – №3. – С. 23-24.
7 Бектұрғанов Ө.Е., Дөңбаев Ә.Б., Ағаділов Ә.Е. Жастардың дене тәрбиесіндегі күрес тәсілінің қалыптасуы // Дене тәрбиесінің жаршысы. – 2010. – №3. – 73-75 бб.
8 Доскараев Б.М., Курманалиев А.Т., Донбаев А.Б., Айтпанбет А.А. Становление педагогической методологии казахской национальной борьбы казахша-курес // Олімпійський спорт і спорт для всіх: тези доповідей міжнародний науковий конгресс (5-8 октября 2010 г.). – Киев, Украина, 2010. – С. 669.
9 Дөңбаев Ә.Б. Қазақтың ұлттық жарыстары мен ойындары дене тәрбиесі мен спортты танымал етудің құралы ретінде // Дене тәрбиесі және еліміздің бәсекелестік мүмкіндігі: халық.ғылыми практ.конф.матер. (14-16 қазан 2010 ж.). – Алматы, 2010. – 204-206 бб.
10 Дөңбаев Ә.Б. Қазақ күресі жарысында алысу әдәстерін талдау // Дене тәрбиесі және еліміздің бәсекелестік мүмкіндігі: халық.ғылыми практ.конф.матер. (14-16 қазан 2010 ж.). – Алматы, 2010. – 207-209 бб.

ӘОЖ 796.8: 378.016 Қолжазба
құқығында
ДӨҢБАЕВ ӘБІЛ БЕКЕТҰЛЫ
Қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы
13.00.04 – Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене
тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алуға дайындалған диссертация
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Ғылыми жетекші Педагогика
ғылымдарының докторы
Ө.Е. Бектұрғанов
Ресми оппоненттер Педагогика
ғылымдарының докторы
Х.Ф. Анарқұлов
Педагогика
ғылымдарының кандидаты
Е.Ә. Әлімханов
Жетекші ұйым Ақтөбе мемлекеттік
педагогикалық институты
Қорғау 2010 жылы 28 желтоқсан сағат 16.00 Қазақтың спорт және туризм
академиясы жанындағы Д 14.41.03 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы:
050022, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8385, факс (727) 292-68-05
Диссертациямен Қазақтың спорт және туризм академиясының кітапханасында
танысуға болады
Автореферат 2010 жылы қарашада таратылды
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, педагогика
ғылымдарының докторы Ө.Е.
Бектұрғанов
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстанда қазақ күресінің кең танымалдығы осы
ұлттық спорт түрін сауықтыру мақсатында жаппай айналысуды дамыту үшін
маңызды етеді. Қозғалу белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің
шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу
белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық
технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі
таңда өзектілігі зор. Гиподинамия қарқынды өсуі мен дене дамуы кезеңінде,
яғни балалық және жасөспірімдік шақта адам денсаулығына айқын кері әсер
етеді. Ағзаның тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің, нерв жүйесінің, тіреуіш-
қозғалу аппаратының және т.б. қалыптасуы мен дамуы үдерісінде жинақталған
кері құбылыстар мен бұзылулар гиподинамияның әсерінен болашақ ұрпақтың,
яғни тұқым қуалауда көрініс тауып, адамның барлық кейінгі ғұмырында
денсаулықтың нашарлауына жол береді [Я.С. Вайнбаум, 1993; А.А. Виру, 1991;
Ө.Е. Бектұрғанов және т.б., 2006 және т.б.].
Қазақ күресінің кең танылуы, түрлі қолданбалы дағдыларды
қалыптастырудағы білімдік тиімділігі, дене шынықтыруға енгізілуі, ерік-күші
мен басқа да психологиялық сапаларын тәрбиелеу, денсаулықты нығайту
тәсілінің сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесі көп жағдайда осы
күрес түрінің орта мектептегі дене шынықтыру пәні бойынша оқу және сыныптан
тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.
Казіргі жасөспірімдер мен жастардың ұлттық ойындарға қызығушылықтарын
ескере отырып, орта мектептер мен колледждерде дене тәрбиесіне және
сыныптан тыс қосымша сабақ кезінде тек бағдарламадағы жаттығуларды ғана
емес, ұлттық спорт түрлері мен ойындарын оқу жоспарына енгізуге болады.
Кеңестік Қазақстанда қазақ күресінен жарыстар олимпиадалық және
халықаралық спорттық күрес түрлерінен бірнеше онжылдық бұрын өткізіле
бастады. Әдеби деректерге сілтемелердің өзінде қазақ күрестен мына
Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасымен және жеке республикалық
жарыстарды өткізу кезеңдерді атап көрсетуге болады: 1928, 1936, 1938, 1939
жж. [М. Тәникеев, 1957; М.Х. Болғамбаев, 1983; Е. Мұхитдинов, 1999; Е.
Әлімханов, 1997, 2008; Б.М. Досқараев, 2009 және т.б.].
Ал грек-рим күресі Қазақстанда тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
дами бастады (алғашқы Қазақстан біріншілігі 1948 жылы өтті), дзюдо
Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізгеннен кейін ғана, 1960 ж. дами
бастады, самбо жастар шұғылдануға болатын спорттық күрес түрі ретінде 1949
жылы ғана А.А. Харлампиевтің жұмысынан басталды. Қазақстанда еркін күрестін
дамуы 1955 жылы грек-рим күресінен тәжірибелі жаттықтырушы П.Ф. Матущактың
еркін күрестін бас бапкерлігіне тағайындалумен байланысты. Самбо мен еркін
күрес Қазақстанға бірінші әкелінген уақыты 1950 ж. [Е. Әлімханов, 1997;
П.Ф. Матущак, 2009 және т.б.].
Қазақстан жастарының спорттың осы түріне әуестенуі қазақ күресінің даму
деңгейінің едәуір жоғарылауына, балуандардың шеберлігінің қалыптасуына,
жастардың қазақ күресімен жаппай шұғылдануына септігін тигізеді. Қазақ
күресімен шұғылданатың жастар арасынан, өздерінің спорттық кемелденуін
спорттық күрестің халықаралық және олимпиадалық түрлерінде жалғастырып, ең
жоғары нәтижелерге жеткен көптеген атақты балуандар шыққан.
Сонымен, зерттеу өзектілігі көне заманнан қазақ халқы жастардың дене
күшін және әскери дайындауда, мерекелер мен жарыстардың қауіпсіз түрін
ұйымдастыруда пайдаланып келген қазақ күрестің Қазақстанның кеңес
дәуіріндегі дамуында жастардың дене шынықтыру дербес құралы ретінде
қалыптасу тарихын төңкерістер мен қайта құру қарқынды дамыған заманда ұмыт
қалдырмай, балуандарды дайындау құралдары мен әдістерінің барлық қажетті де
маңызды атрибуттарын зерттеп, оларды сақтап қалу және спортшыларды дайындай
әдістемесіне енгізу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінде пайдалану
үшін зерттеу қажеттілігімен анықталады.
Зерттеу нысаны – Қазақстанда қазақ күрестің оқу пәні және жастардың
дене тәрбиесі құралы ретінде дамуы.
Зерттеу пәні – қазақ ұлттық күресінің заманауи спорт түріне дейін
қалыптасу үдерісі.
Зерттеу мақсаты – қазақ күрестің Қазақстанда қазақ ұлттық күресінен
мамандар дайындаудағы оқу пәні және жастардың дене тәрбиесі құралы ретінде
халықаралық спорт түріне дейін қалыптасу кезеңдерін атап көрсету.
Зерттеу болжамы. Қазақ күрестің осы ұлттық спорттан мамандар
дайындаудағы оқу құралы ретінде қалыптасу кезеңдерін, жаттығу үдерісінің
әдіснамасын жетілдіруді, жарыстарды өткізу ережелері мен 20-ғасырда
халықаралық спорт түріне дейін дамуын зерттеу, қазақ күрестің спорттық
күрестің басқа заманауи түрлерінен даму тарихындағы, жеңіске жетудің
қолданбалы құралдардың техникасы мен әдістеріндегі, балуандарды дайындау
әдіснамасындағы және айналысушыларға тигізетін әсерінің тиімділігіндегі
айырмашылықтарын анықтау қазақ ұлттық күресін ұтымды танытып, қазақ күресі
бойынша оқу материалдарын жетілдіруге және қазақ күресті оқушы жастардың
дене тәрбиесінде пайдалану қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік береді.
Зерттеу міндеттері:
1 Қазақ күрестің оқу пәні ретінде қалыптасу кезеңдерін, Кеңес дәуірі
мен тәуелсіздік жылдарында қазақ күресі жөніндегі ғылыми және әдістемелік
жұмыстарды жариялау барысын зерттеп-білу.
2 Қазақ күресінің ерекшеліктерің талдап, жарыста қолданылатын әдіс-
тәсілдерін тіркеп реттеу.
3 Қазақ күресті дене шынықтыру әдістемесінде, дене тәрбиесінде және
Қазақстанның оқушы жастарының салауатты өмір салтына қажеттілікті
қалыптастыруда пайдалану мүмкіншіліктерін зерттеу.
4 Қазақ күресті оқушы жастардың денелерін шынықтыру мен тәрбиелеу және
құрама командалар резервін дайындау құралы ретінде пайдалану тиімділігін
негіздеу.
Зерттеу әдістері: ғылыми-әдістемелік және тарихи түпнұсқаларды
жинақтау, ҚР заңнамалық кесімдеріне, ресми статистика мен құжатнамалық
материалдарға талдау жасау, анкеталық сауалнама, педагогикалық бақылау,
күрескерлердің жарыстағы әдіс-қимылдарын тіркеу, дене дайындық сынақтары,
педагогикалық эксперимент, математикалық статистика әдістері.
Зерттеудің әдіснамалық негіздерін Л.П. Матвеевтің [1991, 2005] дене
шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі, В.Н. Платоновтың [1984]
спорт жаттығу теориясы, Л.П. Матвеев пен Ф. Меерсонның [1984] ағзаның дене
күш жүктемесіне бейімделу теориясы құрайды, одан басқа спорттық күрес
әдістемесі [Г.С. Туманян, 2006; Ю.А. Шулика, 2006 және т.б.], қазақ
күресіндегі тарихи және ғылыми зерттеулер мен әдістемелік еңбектер [П.Ф.
Матущак, Е.М. Мұхитдинов, 1998; Е. Мұхитдинов, Қ. Байдосов, 1985; М.Х.
Болғамбаев, 1983; Е. Әлімханов, 1997, 2008 және т.б.], Қазақстан спорты
мен ұлттық спорттың тарихы [М. Тәникеев, 1957, 1983; Б.М. Досқараев, 2009
және т.б.] және басқа ғалымдардың еңбектеріндегі теориялық және әдістемелік
жұмыстары құрайды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі:
- қазақ күрестің оқу-жаттығу үдерісін, күрес әдістері мен тәсілдерін
үйрету үдерісін ұйымдастыруда, қазақ күресінен жарыстар өткізу ережелерін
жетілдіру, республикалық және халықаралық жарыстарды ұйымдастыруда оқу пәні
ретінде даму кезеңедрін анықтауда;
- қазақ күрестің қазақтың ұлттық күресі бойынша мамандарды дайындау
үдерісін жарыстардың алғашқы ережелерін әзірлеу мен дамытудан бастап,
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында спорттың осы түрі бойынша
мамандықтар ашуға дейін ұйымдастыру үдерісінде оқу пәні ретіндегі
қалыптасуы мен дамуын зерттеу, қазақ күресінен әдістемелік құралдарды,
қазақтың ұлттық спорт түрлері мен қазақ күресінен мамандар дайындау
бағдарламаларын және оқулықтарды әзірлеу кезеңдерін анықтауда;
- Кеңес дәуіріндегі және Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарындағы қазақ
күресінің теориялық, әдіснамалық және оқу-әдістемелік негізін қалыптасуы
мен жетілу кезеңдерін бөліп көрсетуде.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:
- қазақтың ұлттық күресінің Қазақтанда тұрақты дамып келе жатқан
спорттық күрес түрлері арасындағы орнын зерттеп-білу, спорттық күрестің
олимпиадалық және халықаралық түрлерінің дүниежүзінде және Қазақстанда
пайда болуы мен дамуы кезеңдерін нақтылаунда;
- қазақ күрестің олимпиадалық және халықаралық спорттық күрес
түрлерінен жарыстардың даму тарихындағы, техникасындағы және тәсіліндегі,
жарыстар ережелері мен балуандарды дайындауындағы айырмашылықтары мен өзара
байланыстарын анықтаунда;
- қазақ күрестің жас ұрпақты дене тәрбиесіне баулу, салауатты өмір
салтына тарту мен қимыл тапшылығын қозғалыс белсенділігімен толықтыруға
қажеттілікті тәрбиелеу құралы ретінде білім беру және сауықтыру әсерін
дәлелдеунде.
- қазақ күресі бойынша дене жаттығулары, техника мен тактика
айырмашлықтарының даму негіздемесі және әдістемелік жағын қалыптастыруда
олардың білімдік, сауықтыру және тәрбиелік жақтарын зерттеп жетілдіруде;
– қазақ күресі бойынша әдістемелік, әдіс тәсілдік және қимыл-әрекеттің
ерекшілектерінің талдау, денсаулықты нығайту мен тұрақтылығын сақтау
мақсатында әдістеме сапасын ақтауда.
Зерттеу материалдарын ұлттық спорт түрлері мен қазақ күресінің тарихы,
дене шынықтыру және спорттық күрес түрлерінің тарихы бойынша оқу курстарын,
қазақ күрестен мамандандыру курсын және спорттық күрес түрлеріндегі оқу-
жаттығу үдерістерін жетілдіру үшін, мектептегі дене шынықтырудан оқу және
оқудан тыс сабақтарды және жоғары оқу орындарында дене тәрбиесінен
факультативтік сабақтарды ұйымдастыруда пайдалануға болады.
Ғылыми жаңалығы:
- қазақ күресінің Қазақстанның кеңес дәуіріндегі және тәуелсіздік
кезеңіндегі дамуы жылдары бойынша дамуындағы оқу-жаттығу үдерісін
ұйымдастырудың, оқу-әдістемелік негізінің құрылуы, жарыстарды ұйымдастыру
мен өткізу ережелерінің Қазақстанда дене тәрбиесінің және спорттың
олимпиадалық түрлерінің дамуымен қатар кемелдену кезеңдері атап көрсетілді;
- қазақ күресінен оқу пәнінің қалыптасуы мен оны спорттың Қазақстандық
жастар арасында танымал осы түрі бойынша мамандарды дайындау үшін жетілдіру
динамикасы көрсетілді;
- қазақ күресінің әдісітері мен тәсілі спорттық күрестің олимпиадалық
және халықаралық түрлерімен салыстырылып, балуандардың денелік, әдіс-
тәсілдік және жарысқа дайындығында қолданылатын құралдар мен әдістердің
тиімділігіне талдау жасалды.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар.
1 20-ғасырдың басында Қазақстанда қазақ күресінің дамуы (республикалық
жарыстардың өткізілуі, Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасына
енгізілуі және т.с.с.) Қазақстандағы спорттық күрестің олимпиадалық және
халықаралық түрлеріне баулудың басталуынан бірнеше онжылдыққа озған.
Қазақтың ұлттық күресінің 20-ғасырдағы даму кезеңдері ғылыми-зерттеу,
тарихи, оқу-әдістемелік, теориялық еңбектерді, жарыстардың бірыңғай
ережелерін әзірлеу мен жетілдіруді, балуандардың салмақ дәрежелері мен жас
топтарын бөлуді қоса алғанда, қазақ күресінің әдіснамалық негіздерінің
қалыптасуымен байланысты.
2 Қазақ күресінің қалыптасуы мен дамуына Қазақтың дене тәрбиелеу
мәдениеті институтында аталмыш мамандықтың енгізілуі мен қазақ күрестің оқу
пәні ретінде қалыптасуы, осы пән бойынша бағдарламалардың, оқу құралдарының
және оқулықтардың әзірленуі үлкен түрткі болды.
Қазақтың ұлттық күресінің спорттық күрестің басқа түрлерінен
айырмашылықтары көне заманнан жарыстардың тарихи қалыптасқан ережелері
шектерінде дамып келе жатқан негізгі ережелері ұрпақтан ұрпаққа ауызша
тараған қазақ күресінің дербестігін, ерекшелігін сипаттайды.
3 Қазақ күресінің спорттық күрестің басқа түрлерінен еш қалыспайтын,
өскелең ұрпақтың дене шынықтыру мен денсаулығын нығайту, дене қабілеттерін
дамыту мен қозғалыс дағдыларын қалыптастыру құралы ретіндегі жоғары
сауықтырғыш әсері, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі
тәрбиелік тиімділігі спорттық күрестің олимпиадалық түрлері тарапынан
елеулі бәсеке жағдайында тұрлаулы даму мен жастарды спорт залдарына
тартудың маңызды факторы болып табылады.
Сауалнама нәтижелері бойынша анықталғандай , сұралған, әсіресе,
ауылдық жерлерде тұратын бозбалалардың көпшілігі қазақ күресімен
шұғылдануға тілек білдіреді.
4 Қазақ күресімен шұғылданатын балуандардың дене, әдіс-тәсілдік
дайындығын зерттеу нәтижелері киімдегі спорттық күрестің басқа түрлерімен
(самбо және дзюдо) шұғылданушылардың нәтижелерінен қалыспайды, қазақ күресі
жарыстарында пайдаланылатын әдістер спорттық күрестің басқа түрлерінде де
көбінесе табысты қолданылады, ал қазақ күресінен өткізілетін жарыстарда
күрестің басқа түрлерінің балуандары табысты өнер көрсетуде, бұл қазақ
күресі үшін ғана емес, спорттық күрестің басқа түрлері үшін де резерв
дайындаудағы сабақтастықтың тамаша алғышарты болып табылады.
Зерттеу нәтижелердің сенімділігі мен негізділігі теориялық, ғылыми және
әдістемелік негізде дәлелденді, алған нәтижелері, корытынды мен тұжырымдары
зерттеу ғылыми аппаратына сай болуынан, қойылған міндеттер мен мақсаты
кешенді зертеу әдістерін пайдаланып шешуден, ғылыми зерттеу жүргізіп
материал жинаудан, педагогикалық эксперимент арқылы дәлелдеуден,
математикалық статистика әдістерімен зерттеу нәтижелердің нақтылығы мен
шынайлығын есептеумен қамтылды.
Зерттеу ұйымдастру кезеңдері.
Зерттеудің бірінші, теориялық-іздестіру кезеңінде (2006-2008 жж.)
ғылыми-әдістемелік және тарихи дереккөздерді жалпылап қорыту, заңнамалық
актілерді, қазақ күресі мен спорттық күрестің басқа түрлері бойынша ресми
статистикалар мен деректі материалдарды талдау жүргізілді, оқу-жаттығу
жұмыстарының мазмұны, жарыстардың ережелері мен қазақ күресі және спорттық
күрестің басқа түрлеріндегі жарыс қызметі зерттелді.
Екінші кезеңде (2008-2009 жж.) палуандардың дене шынықтыруға даярлығын,
жарысу қимыл әдіс-айлалылық тәсілдерін зерттеу және сауалдама жүргізілді.
Оқушы жастардың дене тәрбиесі мен дене шынықтыруға даярлығында қазақ
күресімен қолдану тиімділігі, даярлау құралдары сабақтастығы, қазақ күресті
қоса алғанда киіммен спорттық күрес түрлеріндегі дене даярлығы, әдістері
мен көрсеткіштерінің теориялық және тәжірибелік негіздемесі жасалды.
Үшінші кезеңде (2009-2010 жж.) мыналар өткізілген: алынған нәтижелерді
математикалық статистика әдістерімен өңдеу және алынған нәтижелердің
дұрыстығы мен сенімділігін тексеру, ертеректе алынған нәтижелермен
салыстыра талдау, оқу-жаттығу үдерісін жетілдіру, қазақ күресіне даярлау
бағдарламаларын және қорытындылар мен практикалық кепілдемелерді әзірлеу,
жастармен оқу-жаттығу жұмыстарында оларды қолдану.
Диссертациялық жұмысты ресімдеу зерттеу нәтижелерін тәжірибеге
енгізумен, зерттеу нәтижелерін мақұлдау және жариялаумен қатар жүргізілді.
Автордың жеке үлесі ғылыми-әдістемелік және тарихи түпнұсқаларды
талдаудан, құжатнамалық материалдар мен заңнамалық кесімдерін, қажетті
мәліметтерді жинақтаудан, анкеталық сауалнама жүргізіп, педагогикалық
бақылауда күрескерлердің жарыстағы әдіс-қимылдарын тіркеу, дене дайындық
сынақтарын қабылдау, педагогикалық эксперимент ұйымдастыру, математикалық
статистика әдістерін қолдану, зерттеу нәтижелерін есептеп шығару мен
сенімділігін тексеру, диссертация жұмысын дайындап, зерттеу тақырыбы
бойынша ғылыми мақалалар жазудан тұрады.
Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы. Зерттеу
нәтижелері келесі конференциялар мен конгресте апробациядан өтті:
- Ұлттық спорт пен ойындардың бүгінгісі мен болашағы: республикалық
ғылыми-тәжірибелік конференция (20-21 мамыр, Алматы, 2010);
- Современные проблемы теории и практики физической культуры и спорта:
III халықаралық ғылыми-практикалық конференция (8-10 қырқүйек, Чолпон-Ата,
Бишкек, Қыргызстан, 2010);
- Олімпійський спорт і спорт для всіх: міжнародний науковий конгресс (5-
8 октября, Киев, Украина, 2010);
- Дене тәрбиесі және еліміздің бәсекелестік мүмкіндігі: халықаралық
ғылыми-практикалық конференция (14-16 қазан, Алматы, 2010).
Ғылыми зерттеудің мазмұны бойынша 10 ғылыми енбек жәрияланды: Білім
және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бекіткен тізімі бойынша 3 ғылыми
мақала, халықаралық және республикалық конференциялар мен халықаралық
конгресте 7 тезистер жарық көрді және зерттеу нәтижелері практикалық
қолдану актілерімен расталды.
Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспеден, төрт
тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен,
қосымшалардан тұрады. 177 әдебиет пайдаланылды, оның 11 шетелдік
әдебиеттер. Диссертация бойынша 17 кесте және 9 сурет жасалынды.
Диссертацияның кіріспесінде ғылыми аппараты берілген: зерттеудің
өзектілігі, нысаны мен пәні, деңгейі мен болжамы, әдіснамалық негіздері мен
теориялық, тәжірибелік мәнділігі, зерттеу мәселесін шешуге бағытталған
мақсаттар мен міндет қойылып, зерттеу әдістері көрсетілген, зерттеу
ұйымдастыру кезендері, жарияланған ғылыми жұмыстары мен сенімділігі
айқындалып, ғылыми жаңалығына сипаттамасы мен қорғауға ұсынылған негізгі
қағидалар берілді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақ күрестің осы спорт түрінен мамандар дайындаудағы оқу пәні
ретінде қалыптасу кезеңдері атты бірінші бөлімінде зерттеу тақырыбы
бойынша ғылыми және әдістемелік деректерге шолу жасалды, мұндағы ең маңызды
кезеңдер: ұлттық спорт түрлерінің жастардың дене шынықтыру құралы ретінде
танылуы, қазақ күресінен бірыңғай ережелердің қабылдануы, салмақ
дәрежелеріне бөлу, Бүкілқазақстандық спартакиадалардың бағдарламасына
енгізілу және қазақ күресінен Қазақстан чемпионаттарының өткізілуі, қазақ
күрестен дайындау тәжірибесі мен техникасының Қазақстанда еркін күресті
дамытуда қолданылуы, қазақ күресінен бастап басқа спорттық күрес түрлерінде
жоғары нәтижелерге жеткен атақты Қазақстан балуандары, қазақ күресі
жөніндегі ғылыми және әдістемелік жұмыстардың жариялануы, қазақ күресі
мамандығының дене шынықтыру және спорт бойынша мамандар дайындау
бағдарламасына енгізілуі, осы пән бойынша бағдарламалар мен оқу
құралдарының әзірленуі, төсбелгі және куәлік берілетін қазақ күресінен
спорт шебері нормативінің енгізілуі.
1928 жылға дейін қазақ күресінің бірыңғай ережесі болған жоқ. Жарысқа
түсетіндердің салмағыда ескерілмеді. Сондықтан палуандар жарысына көбінесе
ірі, салмағы жоғары батырлар қатысады. Біріктіретін ереже болмағандықтан
жарыс жергілікті жерде қабылдыңған немесе келсім шартқа сәйкестірілген
ереже бойынша өткізіледі. Осы жылы қазақ күресіне тән бүкіл әдіс,
тәсілдерін қамтыған бірыңғай ереже жарияланды [М. Болғамбаев, 1985].
М.Т. Тәнекеев [1973] бұл, 1928 жыл, өзін түрлі спорттық оқиғалармен
танытқан деп жазған. Ұлттық спорт және классикалық спорт түрлерінен
көптеген жарыстар өткізілген. Соған байланысты, Республикалық дене
шынықтырудың жоғары кеңесі қазақ күресінің спорттық жарыстарына бірыңғай
ереже бекітті.
XX ғасырдың 20-жылдарына дейiн қазақ күресте салмақ дәрежесi мен жас
мөлшерiне қарай бөлу болмаған. Салмақ дәрежесiне және жас мөлшерiне қарай
бөлiнiп күресу осы кезенде ене бастады деп жеткізеді Е. Әлімханов [2008].
Қүрес ережелері ел арасында ауызша тарап, оның негізгі шарттарын
балуандар талассыз мойындаған, бірақ арасында бар айырмашылықтарын алдын
ала өзара келісім бойынша белгілеп қабылдаған.
Қазақ халқының әр аймақта күресу тәртіптерінің айырмашылығын алысу
киімінен де белгілеуге болады. Мысалы, зертеушілер [Қ.Р. Байдосов, 1987; Е.
Әлімханов, 1996 және т.б.] қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш
белбеусіз күресу түрін, шапан киіп белбеу буынып күресу түрін, белбеуді
жалаңаш кеудеге буынып күресу түрін, күртеше киіп күресу түрін және жалаң
аяқ отырып (төрттағанда) күресу түрлеріне бөледі.
Қазақ күресінің даму кезеңдері бойынша кеңес дәуіріне тарихи жорыққа
аттанатын болсақ, бұл күрес түрінен 1928 ж. [Е. Әлімханов, 2008] және 1936
ж. [Б.М. Доскараев, 2009] бірінші және үшінші Бүкілқазақстандық
спартакиадаларында жарыстар өтті, ал 1938 жылы бірінші республикалық
колхозшылар спартакиадасында жарыстар өтті [М. Болғамбаев, 1980 және т.б.].
Сайып келгенде, кеңестік Қазақстанда спорттық күрестің барлық
халықаралық және олимпиадалық түрлері қазақ күресінен гөрі бірнеше он
жылдыққа кешігіп, дами бастады (1 кесте).
Грек-рим (кәсіби француз) күресінің тек бір өкілі ғана 20, 30 және 40-
шы жылдарда Қазақстан және Орта Азияның аумағында күшін, өз өнерін
белсенді түрде көрсетті, ол Қажымұқан Мұңайтпасов. Бірақ, ең алдымен, қазақ
күресі өкілі болғандықтан төрттағандық күрессіз, қарсыласының жауырнын
тігізіп бірінші лақтырғанға дейін үстасуларға шыққан, грек-рим күресінен
секцияларын ашпаған.
1кесте – Әлемде және Қазақстанда спорттық күрестің дамуы
Күрестің түрі Әлемде дамуы Олимпиадалық Қазақстанда
ойындарының дамуы
бағдарламасында
грек-рим 19 ғасырдың 90-шы Бірінші 1940 ж. басы,
күресі жылдарында Францияда Олимпиададан Федерацияның
(француз, қатты дамыды және 1896 ж. бастап негізі 1946 ж.
классикалық Европада таралды Ресейді қаланған
күресі) қоса
еркін күресі 1904 ж. бастап АҚШ, 1950 ж. басы,
Европада 20-30 жж. 1904 ж. бастап Федерацияның
негізі 1955 ж.
қаланған
самбо КСРО-да 1938 ж. 1950 ж. басы
мемлекеттік тұрғыда енгізілмеген Федерацияның
танылды, А.А. Харлампиев негізі 1955 ж.
1949 ж қолайлы спорттық қаланған
нысанға айналдырды,
1966 ж. бастап күрестің
халықаралық түрі болып
есептеледі
дзюдо 1882-1884 жж. Жапон., 1959 ж. бастап, 1960 ж. басы
1920-1933 жж. Кеңестік XVIII жазғы
Ресей аумағында дамуы, Олимпиадалық
бірақ тыйым салынды, ойындар 1964 ж.
дүниежүзілік бірінші (Токио қ.,
біріншілік 1956 ж. өтті,Жапон.)
КСРО-да 60 жылдары
қайтадан дамыды
Грек-рим күресінің халықаралық ережелері 1896 жылы қабылданып бірінші
Олимпиядалық ойындарынан бастап бағдарламасына қірген. Ол грек-рим
(франциялық) қүресі Европада қәсіптік қүрескерлердің өнерлерімен кең
тарғандықтан болған. Бірақ, салмақ бойынша бөліп күресу 1906 жылдан
басталған, сонда 1911 жылына дейін тек қана үш салмаққа бөліңген [Г.С.
Туманян, 2006 және т.б.].
Балалық шағынан қазақтың ұлттық күресінен жекпе-жектерге жие қатысқан,
ал 1904 ж. Петербургте И. Лебедев мектебіне қабылданған, онда 2 жыл оқыған
Қажымұқан Мұңайтпасов кәсіби француз күресінің жарқын өкілі болып табылады.
Ресей мен Европада өткізілген француз күресінен бірнеше кәсіби
біріншілікті, сонымен қатар АҚШ-та еркін күрестен біріншілікте ұтты. 1927
жылы (Қазақ АКСР ОАК) оған спортқа сіңірген еңбегі үшін Қазақ халқының
батыры құрметті атағын берді.
1970 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтында алғашқы рет
қазақ күресі мамандығы енгізілді, соған байланысты көптеген әдістемелік
жұмыстар, қазақ күресі техникасы мен әдісінің жіктемесі, тәсілдерін үйрету
әдістемесі, қазақ күресінен мамандар дайындау жөніндегі оқу құралдары,
оқулықтар мен бағдарламалар шығарылды.
1971 жылы ҚазССР Спорткомитетінің қаулысы бойынша Қазақ ССР-нің спорт
шебері атағы енгізіліп, қазақ күресі бойынша төсбелгі мен куәлік қоса
тапсырылатын болады.
Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерінің даму мәселелері ҚР-ның 1999 жылғы
Дене шынықтыру және спорт туралы Заңында (2 б. 10 т.) Қазақстандағы
халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелері ашылған.
90-шы жылдары жарыстардың ережелерін және киім нысанын жетілдіруге көп
көңіл бөлінді, қазақ күресіне арналған киім нысанын спорттық күрестің басқа
түрлерімен айырбастауға жол беруге болмайтыны атап өтілді.
Б.Жаңалин жасаған қазақ күрес жарыстарының ережесін 1993 жылы ҚР
Туризм, дене тәрбиесі және спорт министрлігі бекітті. Киім нысаны жеңі
қысқа кеудешеге өзгертілді, ал 1997 жылы нысандық киім мен жарыстардың
ережелерін жетілдіру қорытындылары бойынша Е. Әлімханов кандидаттық
диссертациясын қорғады.
Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерін қаржыландыру мәселелері дене
шынықтыру және спорттың белсенді түрлерімен шұғылдануға, салауатты өмір
салтына, қозғалыс белсенділігі мен бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру
шараларына республика тұрғындарын кеңінен тарту мен жұмылдыру тәсілі
ретінде Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдарға арналған дене
шынықтыру және спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы бойынша
қарастырылады.
Қазақстан жастарының осы спорт түрімен шұғылдануға деген құлшынысы
қазақ күресінің едәуір дами түсуіне, спортшылар шеберлігінің қалыптасуына,
жастардың қазақ күресімен бұқаралық сипатта шұғылдануына, халықаралық және
олимпиадалық спорт күресі бойынша жоғары жетістіктерге жетуіне ықпал етеді.
Қазіргі кезде қазақ күресінің жеткен деңгейі – бірнеше елде тұрақты
түрде дамып келе жатқан халықаралық спорт түрі болғандықтан, жүйелі түрде
халықаралық жарыстар, континенттік және әлемдік жарыстарды ұйымдастыру мен
өткізу талап етіледі. 2005 жылы Ресейде және 2006 жылы Моңғолияда қазақ
күрес бойынша Азияның І және ІІ чемпионаттары өткізілді. 2007 жылы Азияның
ІІІ чемпионатында Қазақстанда өткізілген (Сәтбаев қаласы) Моңғолияның,
Қытайдың. Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Түркіменстан, Ресей
мен Қазақстан командалары қатысты. 2009 жылы қазақ күресі бойынша
Қызылдорда қаласында (Қазақстан) өткен Азияның V чемпионатында бірінішілік
үшін әлемнің 10 шақты елінен келген қазақ күресінің дәстүрлі қатысушылары –
атап өткен командаларымен қоса Иран және Сирия командалары күш сынасты.
Қазақ күресі бойынша әлем чемпионаттарында қатысқан командалардың саны
тіптен көп. 2006 жылы Алматы қаласында өткен қазақ күресі бойынша
біріншілікте әлемнің 42 спортшысы шайқасты. 2008 жылдың қарашасында Орскіде
(Ресей) қазақтың ұлттық күресі бойынша ІІ әлем біріншілігі болып өтті, оған
әлемнің 20 елінен ең мықты палуандар қатысты. 2010 жылдың қазанында Астана
қаласында қазақ күресінен ІІІ әлем біріншілігі өтті (30-дан астам елінен
палуандар қатысты).
Зерттеу әдәстері мен зерттеу жұмысын ұйымдастру атты екінші
бөлімінде зерттеу мәселесін шешуге бағытталған әдістердің қажеттілігі
талқыланады, оларды уйымдастру жолдары анықталады және зерттеу ұйымдастыру
кезендері мен жүргізілген орны, қатысушы бағдарламасы келтірілген.
Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері және спорттық күрес түрлері
бойынша құрама командалардың спорттық резервін даярлауда қазақтың ұлттық
күресінің мүмкіндіктері атты үшінші бөлімінде тек қазақ күресіне тән
ерекшеліктер мен жарыс ережелері, жекпе-жекті жүргізу шеберлігі мен әдісі,
жеңіске жетудің бірегей әдістері мен тәсілдерін қалыптастыруға,
қолданылатын тәсілдердің сапасы мен тиімділілігін жақсартуға септігін
тигізетін әдістер, көрсетілген ерекшеліктерді зерттеу нәтижелері
талқыланады. Сонымен бірге спорттық күрестің олимпиялық және халықаралық
түрлеріне қатысты жеңіске жетудің тәсілдерін орындау әдістерінің белгілі
бір ұқсастықтары мен қолданылуы, қолданылатын құралдары мен күресу әдісі
талқыланады, бұл әсіресе киіммен күресу спорттық түрлеріндегі және жас
спортшылармен жұмыста қазақ күресі бойынша құрама командалардың спорттық
резервін даярлауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа спорттық күрестің басқа
түрлері өкілдерінің тиісті дайындықтан кейін қазақ күресінен жарыстарда
ойдағыдай өнер көрсету мүмкіндіктері талқыланады, бұл қолда бар жарыстарды
өткізу практикасымен расталып отыр.
Қазақ күрес бойынша жарыстардың ережелері күресті түргеп тұрып
жүргізуге ғана мүмкіндік береді, бұл төрттағандық күреске оқыту
қажетінсіздіктен түргеп тұрып күресу әдісін игеруге оқыту уақытын қайта
бөлуге септігін тигізеді (2 кесте).
Спорттық жетістіктердің жарыс қызметі мен қарқын деңгейін талдау
күрескердің техника-тактикалық қалыптасуын педагогикалық бақылаудың маңызды
факторы болып табылады. Жарыстарда үйрену тәсілдердің орындалу
сенімділігін, жіберілген әдіс-алайлылық қателіктерді ғана емес, сондай-ақ
күрескердің психологиялық қасиеттерін, күрестің қолданылушы тәсілдері мен
алайлылық түрлілігін талдап, күресте жеңіске жету техника мен тактикалык
2 кесте – Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері
№ Көрсеткіші Күрестің түрі
Дзюдо Самбо Қазақ күресі Еркін күрес Грек-рим күресі
1 Киімі дзюдога белбеулі самбо жеңі қысқа арнаулы арнаулы
белбеулі кеудешекеудеше белбеулі кеудеше эластикалық шолақэластикалық шолақ
мен шалбар мен шолақ шалбар трико трико
2 аяқ-киімі аяқкиімсіз самбо аяқкиімі күрес аяқкиімі күрес аяқкиімі күрес аяқкиімі
3 киімінен ұстау рұқсат етілген рұқсат етілген рұқсат етілген тыйым салынған тыйым салынған
4 аяғынан ұстау рұқсат етілген рұқсат етілген тыйым салынған рұқсат етілген тыйым салынған
5 аяқпен жасайтын рұқсат етілген рұқсат етілген рұқсат етілген рұқсат етілген тыйым салынған
әдіс
7 тізе тигізе тастаубағаланады бағаланады бағаланбайды бағаланады бағаланады
8 төрттағанда күресубар бар жоқ бар бар
9 ауыртпалы әдістер рұқсат етілген рұқсат етілген тыйым салынған тыйым салынған тыйым салынған
10 түншықтыру әдістеррұқсат етілген тыйым салынған тыйым салынған тыйым салынған тыйым салынған
11 әдіс әрекеттін сапа сатысы балл сапа сатысы балл балл
бағалау бойынша 1, 2 және 4 бойынша (1, 2 және 3) (1, 2 және 3)
12 жеңіс лақтыру немесе түргеп тұрып таза женіс қарсыласты қарсыласты
басып жату әдісіқарсыласты қарсыласты лақтырып немесе лақтырып немесе
үшін ипон арқасына лақтыруарқасына лақтыру аударып екі аударып екі
жауырын кілемге жауырын кілемге
тігізу тігізу
13 жартылай жеңіс лақтыру немесе жоқ жартылай женісжоқ жоқ
басып жату әдісі бүйірге лақтыру
үшін ваззари
14 ширек жеңіс жоқ жоқ жамбас жоқ жоқ
жамбасқа лақтыру
15 орташа баға лақтыру немесе жоқ жоқ жоқ жоқ
басып жату әдісі
үшін юко
16 төменгі баға лақтыру немесе 1 балл, бук - 1 балл 1 балл
басып жату әдісібелсенділік қарсыласты
үшін кока тізерлету немесе
төрттағандату
2 кестенің жалғасы
№ Көрсеткіші Күрестің түрі
Дзюдо Самбо Қазақша күрес Еркін күрес Грек-рим күресі
17 қарсыласты 10 с – кока, 10 с – екі жоқ қауіпті күйінде қауіпті күйінде
арқасында басып 15 с – юко, балла, арқасында 10 с арқасында 10 с
жату әдісін 20 с – 20 с – төрт балл үстау 1 балл үстау 1 балл
бағалау ваззари,
25 с – ипон
18 таза немесе толық ипон, түргеп тұрып таза женіс, екі қарсыластың екі қарсыластың екі
жеңіске жетудің екі ваззари, қарсыласты жартылай женіс, жауырын кілемге жауырын кілемге
нұсқалары қарсыластың арқасына төрт жамбас тігізу немесе әр тігізу немесе әр
берілуі немесе лақтыру, оның немесе бір кезіде 6 баллмен кезіде 6 баллмен
ұйықтатылуы берілуі, 12 жартылай женіс жеңу жеңу
балға озып шығу және екі жамбас
19 қарсыластың толық жеңіс таза жеңіс таза жеңіс таза жеңіс таза жеңіс
жарақаттанып
немесе
ескертулермен
женілуі
20 анық артықшылықпенваззари 8 баллға озып бір жартылай әр кезеңде балл әр кезеңде балл
жеңу шығу женіс немесе екібойынша озып шығубойынша озып шығу
жамбас
21 юко балл бойынша жамбас әр кезеңде балл әр кезеңде балл
ұпай жеңісі санның көптігі бойынша шамалы бойынша шамалы
озып шығу озып шығу
22 шамалы кока белсенділігі бук үшінші кезеңде үшінші кезеңде
артықшылықпен жеңу бойынша немесе
1 балл бағасымен
23 төрешілердің ханте бар жоқ жоқ жоқ
пікірінше жеңу
24 ұстасу регламенті 5 5 5 2×2 2×2
(уақыты), мин
25 қосымша кезең, мин5 жоқ 3 2 2
әдісіндегі инновацияларды зерттеу және орындалған жаттығу жұмысының
өнімділігін тексеріп, осы негізде оны болашақта түзеу қажет.
Республикалық және қалалық жарыстарда (Астана қ.) қазақ күресі бойынша
ұстасуларды бейне және нотациялық жазу әдістерін қолдану арқылы
күрескерлердің жарыс қызметінің материалдары жинақталып, өңделді.
Жүргізілген зерттеулерге сәйкес қазақ күресі бойынша талданушы
жарыстарда қолданылатын барлық тәсілдер тобынан күрескерлер ең белсенді
(0,73 әрекетмин) және нәтижелі (0,35 бағамин) түрде санмен аяқ сыртынан
не ортадан қағып түсіру әдстерін қолданды (3 кесте).
3 кесте – Қазақ күресі жарыстарында қолданатын техникалық әрекеттер
(n=152 ұстасу)
Көрсеткіш (мин)
Тәсілдер тобының атауы
Б БӘС ТС ТЖС
(әс) (%)
санмен аяқ сыртынан не ортадан қағып түсіру 0,73 0,35 48,2 0,16
жамбасқа алып лақтыру 0,66 0,34 51,0 0,07
кеудедеден ұстап қағып жығу, қарсыластың 0,32 0,22 68,0 0,01
сыртынан адымдап не тепе-теңдіктен шығарып
арқалап алып лақтыру 0,35 0,09 26,0 0,03
табанмен қағып түсіру 0,21 0,13 62,5 0,02
ескертулер - 0,21 - 0,05
жағадан жұлқып жығу 0,16 0,12 75,0 0,01
сирақпен іліп жығу 0,16 0,08 50,0 0,02
қарсыластың аяғын орап лақтыру 0,17 0,05 30,8 0,01
кеудеден асыра тастау 0,14 0,09 63,6 0,02
иықтан асыра тастау, қол ұстап кеудеге таянып 0,04 0,03 75,0 0,01
еңкейіп лақтыру 0,01 0,01 - -
қарсы шабуыл тәсілдер – басып алу, жығу 0,01 0,01 - -
түйдекпен іліп жығу 0,01 0,01 - -
қалған әрекеттер 0,09 0,05 - 0,01
жиынтығы 3,06 1,79 54,1 0,42
Ескерту: Б – белсенділік (әс – әрекеттер саны), БӘС – бағаланған
әрекеттер саны, ТС – тәсілдің сенімділігі, ТЖС – таза жеңіс саны
Әрі қарай қолдану көрсеткіші бойынша жамбасқа алып лақтыру, кеудеден
ұстап қағып жығу (қарсыластың сыртынан адымдап не тепе-теңдіктен шығарып
және т.б.), арқалап алып лақтыру және табанмен қағып
түсіру әдіс тобтары жиі қолданылады. Қарсыласқа жарияланатын ескертулер
есебінен күрескерлер орта есеппен – 0,21 бағамин және 0,05 таза
женіскемин жетті. Жоғарыда аталғандардан басқа қазақ күресі бойынша
жарыста жиі және нәтижелі қолданылатын тәсілдер тобына қайыра жағадан
жұлқып жығу сирақпен іліп жыгу, қарсыластың аяғын орап лақтыру,
кеудеден асыра тастау және иықтан асыра тастау (қарсыластың қолынан
ұстап кеудесіне таянып) әдіс топтары жатады.
Қазақ күресі бойынша жарыстарда санмен аяқ сыртынан не ортадан қағып
түсіру әдіс топтары белсенді және тиімді қолданатын болса еркін күресте
түрегеп тұрып орындайтын лақтырулардың ең белсенді және нәтижелі қолданатын
әдіс топтарына аяқтан ұстап еңкейіп лақтыру немесе иықтан асыра тастау
жатады.
Дзюдо мен қазақ күресінде жеңісті жарыс ережесі бойынша лақтыру
әдістерінің амплитудалық орындау мен жауырынына түсіру сапасына қарай
бағалайды, сондықтан, бұл күрескерлер әдіс-тәсілдерің осы сапалы
көрсеткіштеріне лайық орындауға күш салады. Дзюдо жарыстарында түрегеп
тұрып орындайтын әдістердің көбісі амплитудалық лақтыруларға жатады. Ең жиі
қолданылатын әдістер топтары арқалап алып лақтыру, содан кейін санмен
аяқ сыртынан қағып түсіру және санмен аяқ ортадан қағып түсіру
кешендерінен басталады.
Самбо күресінде белсенді және тиімді әдістерге санмен аяқ ортадан
қағып түсіру, жамбасқа алып лақтыру, шалқайып лақтыру, еңкейіп
лақтыру, түйдекпен іліп жығу, табанмен қағып түсіру, арқалап алып
лақтыру келетіндері анықталды, одан басқа сирақты ішке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz