Кәсіпорынның өндірістік шығындары есебінің ақпараттық жүйесі



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

• Курстық жұмыс мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
• Курстық жұмыс құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1. Негізгі бөлім
1.1 Қолдану саласына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Ақпараттық жүйені тұрғызу мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Тұрғызылған ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар ... ...10
1.4 Ақпараттық жүйенің концептуалды сызбасы ... ... ... ... ... ...18

2. Ақпараттық жүйені жобалау
2.1 Мәселе қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.2 Кіріс ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.3 Шығыс ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.4 Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.5 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ...29
Кіріспе

Қазіргі жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорын қызметінің тиімділігін тұрақтандыру және көтеру эканомиканың басты міндеті болып отыр. Осыған байланысты, кәсіпорын қызметінің көлемдік сипаты, өндіріс шығынын және тиімділігін анықтау әдісі эканомиканы басқарудың түрлі дәрежесіндегі менеджер мен эканомист жұмысының негізгі мағынасы болуы тиіс. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.
Курстық жұмысымның тақырыбы – Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік «Асем-айдың» өндірістік шығын жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесі.
Курстық жұмыстың мақсаты
Тақырыбымның атына сәйкес белгілі кәсіпорынның өндірістік шығын жағдайының мәнін ашып көрсету, кәсіпорынның шығын жағдайын анықтаудың мүмкін болатын жолдарынның ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Өндірістік факторларды пайдалану ең алдымен өндірістік шығындарды есепке алумен тікелей байланысты.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
• Кәсіпорын ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
• ЖШС «Асем-айдың» өндірістік шығын есебінің ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;
• ЖШС «Асем-айдың» өндірістік шығын есебін талдаудың ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау;
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Конституция Республики Казахстан.- Алматы.-1995.
2. А.Қ.Мейірбеков , Қ.Ә.Әлімбетов “Кәсіпорын экономикасы” , Алматы «Экономика» 2003
3. Бралиева Н.Б., Байшоланова Қ.С. Гагарина Н.Л. ''Бизнестегі ақпарат жүйелері'', Алматы: Ротапринт КазГАУ, 1994. – 6,6 б.б.
4. Бралиева Н.Б., Байшоланова Қ.С. Гагарина Н.Л. ''Экономикадағы ақпарат жүйелері'', Алматы: НҰР, 2001. – 6. б.б.
5. Бралиева Н.Б., Байбөлекова Л.А., Балашов Қ.Т. ''Ақпараттық менеджмент негізі''.- Алматы: Экономика, 2001.- 5,8 б.б.
6. Программа Информатизации Казахской ССР на 1991-1995 годы и на период до 2005 года (Постановление Кабинета Министров Казахской ССР №474 от 18 августа 1991 года).
7. Постановление Правительства Республики Казахстан № 492 от 4 апреля 2000 года "О развитии единого информационного пространства в Республике Казахстан и создание ЗАО "Национальные информационные технологии"
8. Дейт К.Дж. Введение в системы баз данных.- Киев, 1998
9. Диго С.М. Проектирование и использование баз данных. - М.: Финансы и статистика, 1995
10. Бухгалтерские информационные системы: Учебное пособие/ Тулегенов Э.Т., Бралиева Н.Б., Л.А. Стороженко, И.А. Матвеева. – Алматы: Экономика,1999. – 120 с.
11. Диго С.М. Проектирование баз данных: Учебник. – М.:Финансы и статистика, 1998. – 216 с.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қолданбалы информатика
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Кәсіпорынның өндірістік шығындары есебінің ақпараттық жүйесі

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...3
• Курстық жұмыс
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
• Курстық жұмыс
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Негізгі бөлім
1. Қолдану саласына жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .5
2. Ақпараттық жүйені тұрғызу
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
3. Тұрғызылған ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар ... ...10
4. Ақпараттық жүйенің концептуалды
сызбасы ... ... ... ... ... ...18

2. Ақпараттық жүйені жобалау
1. Мәселе
қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...21
2. Кіріс
ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...23
3. Шығыс
ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...25
4.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .28
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ...29

Кіріспе

Қазіргі жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорын қызметінің тиімділігін
тұрақтандыру және көтеру эканомиканың басты міндеті болып отыр. Осыған
байланысты, кәсіпорын қызметінің көлемдік сипаты, өндіріс шығынын және
тиімділігін анықтау әдісі эканомиканы басқарудың түрлі дәрежесіндегі
менеджер мен эканомист жұмысының негізгі мағынасы болуы тиіс. Ақпарат –
қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі
бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен
ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің Қазақстан
Республикасының ақпараттандыру заңын қабылдағанын жатқызуға болады.
Курстық жұмысымның тақырыбы – Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік
Асем-айдың өндірістік шығын жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесі.
Курстық жұмыстың мақсаты
Тақырыбымның атына сәйкес белгілі кәсіпорынның өндірістік шығын
жағдайының мәнін ашып көрсету, кәсіпорынның шығын жағдайын анықтаудың
мүмкін болатын жолдарынның ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Өндірістік факторларды пайдалану ең алдымен өндірістік шығындарды
есепке алумен тікелей байланысты.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
• Кәсіпорын ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
• ЖШС Асем-айдың өндірістік шығын есебінің ақпараттық жүйесін
(АЖ) құрудың мақсатын анықтау;
• ЖШС Асем-айдың өндірістік шығын есебін талдаудың ақпараттық жүйе
деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау;

Курстық жұмысымның құрылымы .

Жалпы курстық жұмыс үш тарау кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды
және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік
облыстағы сипаттамасы берілген, яғни кәсіпорынның өндірістік шығын
жүйесінің түсінігі кіргізіледі. Асем-ай ЖШС-ның зерттелетін объектісі
ретінде сипаттамасы, оның ұйымдық құрылымы берілген. Бұл бөлімде өндірістік
шығындарды есепке алудың ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты
негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат
жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық,
программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты
қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың
концептуалды сызбасы жасалған.
Негізгі бөлім деп аталған екінші тарауда, осы ақпарат жүйесі бойынша
жасалған жобалық шешімдер қарастырылған.
Бұл бөлімде кіріс және шығыс ақпараты берілген. Міндеттеме қаулысынан
кейін машина сыртындағы ақпараттық база сипатталған. Машинадан тыс
ақпараттық базасында кодтау жүйесі және сыныптауда қолданылытын ақпараттық
модель қарастырылған. Машина ішіндегі міндеттер кешенін тарату әр қайсысы
сәйкесінше кестелерде келтірілген құрылымдық сипаттамалық мәліметтер
базасының тізімі берілген. Бұл бөлімде ақпарат жүйесіне математикалық,
программалық қамтамасыздандыруына сипаттама берілген.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде ақпарат жүйесін құру шығындарын
бағалау есептеледі.

1. Негізгі бөлім

1.1 Қолдану саласына жалпы сипаттама
Кәсіпорын шығындары есебінің жалпы сипаттамасы

Кәсіпорын шығындары - өнім өндіру және оны сату мақсатында
пайдаланылатын өндірістік факторлардың ақшалай көрінісі.
Нарықтық экономикадағы шығындар:
• Айқын (бухгалтерлік);
• Жүктеме (арттыру);
• Қайтпайтын шығындар болып бөлінеді.
Жалақы төлеуге, өнімдерді сатуға және өндірісті одан әрі дамыту
қажетіне жұмсалған шығындар кәсіпорынның айқын шығындары деп аталады,
қаржылық есеп беру негізінде есептелінетін болғандықтан, оларды
бухгалтерлік шығындар деп те атайды. Барлық айқын шығындардың жиынтығы
өнімнің өзіндік құнын құрайды, ал өнімнің өзіндік құны мен тауароларды сату
бағаларының арасындағы айырма пайда болып есептелінеді.
Қандай да бір өндіріс факторын пайдалануға, өлшемдерге, оларды
баламалы пайдалануды жақсартуға жасалған шығындар жүктеу шығындары деп
аталады.
Қайтпайтын шығындарға орны қайта толтырылмайтын шығындар жатады.
Өндірістік шығындарды тұрақты және өзгермелі деп те бөледі.
Тұрақты шығындар - өндірістік факторларды пайдалануға байланысты
тікелей шығындар.
• Кәсіпорынның штаттық жұмысшыларының жалақылары;
• Үй – жай жалдауға жұмсалатын шығындар.
Ал өзгермелі шығындар өнімдерді өндіру процесінде оның көлеміне
байланысты өзгеріп отырады.
Бұған:
• Жұмысшылардың еңбекақы төлемдері;
• Материалдық өнімдер мен қызметтер құрамы;
• Энергия, отын;
• Басқа да жұмсалған шығындар жатады.
Тұрақты және өзгермелі шығындар кәсіпорынның іс - әрекеттерінің уақыт
аралықтарына қарай қысқа және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді.
Қысқа мерзімді өндіріс шығындары кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын
өзгерте алмайды. Бұл тек материалдық және еңбек қорларын арттырады немесе
төмендетеді, сондай-ақ өнім шығындары көлемін соншалықты шамада
өзгертеді.Осы кезеңде шығарылған өнім өзгермелі шығынға байланысты болады,
тұрақтышығынның шамасы сол қалпында қалады.
Ұзақ мерзімді кезеңдерде кәсіпорынның барлық өндірістік қуатын
пайдаланудың маңызы зор.
Тұрақты(ҒС) және өзгермелі шығындар(VC) сомасы жалпы немесе барлық
шығындарды көрсетеді және ол былайша белгіленеді:
ТС=ҒС+VC (1 –кесте )
Өнім өндіруде өнімді бір өлшемге арттыруға байланысты, қосымша
шығындар шекті шығындар деп аталады.
Mc=∆VC∕∆Q
Q - өнім өндірудің арту көлемі;
Орташа шығындар - өндірілген бір өнім өлшеміне кеткен шығындар.
Оның үш түрі бар:
• Жалпы орташа;
• Орташа тұрақты;
• Орташа өзгермелі.
Жалпы орташа шығындар өзіне шығарылған өнім көлеміндегі жалпы
шығындардың жекелеген бөліктерін сипаттайды:
АТС =SOP∕Q
Орташа тұрақты шығындар (АҒС):
АҒС=FCQ
Орташа өзгермелі шығындар(АVC):
AVC=VCQ

1 –кесте. Шығындар құрамы

Шығындар
Өнім
көлемі
Q
Тұрақты Өзгермелі Жалпы Шекті Орташа Орташа Жалпы
ҒС VC ТС МС Тұрақты өзгермелі Орташа
АҒС АVC АТС
0 100
Ақпараттық технология Барлық ақпараттар МБ түрінде
сақталады
МБ түрі Реляционды
Жіктеу жүйесі Иерархиялық, фасеттік кодтау
жүйелері
Кодтау жүйелері Нөмірленген, реттелген және жүйелі
Қорғау Парольдердің жүйесі АЖ-мен жұмыс
істегенде, өшіп қалған сәтте,
бұрыңғы қалпына келу мүмкіншілігін
береді.

Бағдарламалық қамтамасыздандыру мінездемесі

Түрі Мінездеме
Жалпы Операциялық жүйе: Microsoft Windows
ХР, Office XP
Арнайы Borland Delphi 7.0

Техникалық қамтамасыздандыру мінездемесі

Техникалық құрал атауыФизикалық модуль Мінездеме
ДЭЕМ – Intel Pentium 4Материнская плата ATX Pentium 4
Процессор Intel, 1800 MHz
ОЗУ 256 Mb
Video card 64 Mb
Монитор SVGA, 1280x1024
Клавиатура 102 клавишті
Мышь 2 кнопкалық
Принтер Принтер HP LaserJet 1100
Сканер Сканер HP Sсan Jet 3200 C

ЖШС Асем-айдың өндірістік шығын есебін талдаудың
құрылымына қойылатын талаптар

- жүйешіктердің функционалдық міндеті мен олардың сыртқы
ортамен өзара әрекетін анықтайтын, оның жеке жүйешіктері мен элементтері
арасындағы қатынастар мен ішкі кеңістіктік – уақыттық байланыстардың
салыстырмалы орнықты реті.
Есептер тізімі, олардың міндеті, кіріс және шығыс ақпарат, сондай-ақ,
қолданушы төмендегі кестеде келтірілген:

АЖ-нің ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстар деп – материалдық ресурстар ретінде
жүретін және қандай да бір форма үшін құндылықты білдіретін, мәліметтердің
жиынтығын атайды. Оларға сыртқы жадыда сақталатын мәліметтердің негізгі
және көмекші масивтері, және кірістік құжаттар жатады.
Ақпараттық ресурстар жүйені тұрғызуға қажетті материалдық шикізат.

Автоматтық тәртіпте жүйені қалыптастыру үшін жүйенің қамтамсыз ету
бөлігі қажет, ол мына ресурстардан тұрады – техникалық жабдықтаудан,
математикалық жабдықтаудан, программалық ақпараттық және ұйымдастырушы
жабдықтаудан.

Программалық және математикалық жабдықтау машиналық программалар
жиынтығын, алгоритмдерді, экономика-математикалық әдістерді және
модельдерді қосады.
Ақпараттық жабдықтау ақпараттық ресурстарды құрайды (кіру, уақытаралық
және шығу тапсырмалары), олардың ену құралдары.
Ұйымдастырушы жабдықтау АЖ жоспарлау әдісі және құралы ұйымдастырушы
жабдықтауға кіреді.
Өңделетін жүйеге келесі талаптар қойылуы қажет:
• ЭАЖ функциялық мүмкіндіктері лизинг мамандары дайындайтын негізгі
операцияларды автоматты режимде орындау;
• Жүйелік программалық жабдықтау нақты уақытта жұмысқа еркіндік беру
және кірушығу, оқу, жазу, баспаға шығару операцияларын жүргізуге
мүмкіндік беруі;
• Қосымша программалы құралдар мәліметтер базасымен байланысты
қамтамасыз ету керек;
• ЭАЖ басқару оңай және көрсетілмелі болуы қажет;
• Жүйені аппараттық өткізу қолайлы арзан болу керек;
Жоғарыдағы талаптарды жүзеге асыру қарапайым және тиімді автоматты
жүйе құруға септігін тигізеді. Бұл жүйе кәсіпорынның еңбек өнімділігін
арттыруға,бөлшек сауда бөлімінің өткізу мүмкіндігін жоғарылатуға,
клиенттерге қызмет көрсету сапасын жоғарылатады.

Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Басқару үрдісі ақпаратты пайдаланусыз мүмкін болмағандықтан, АЖ-де
ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру әсіресе маңызды.
Ақпараттық қамтамасыздандыру(АҚ) болып автоматтандырылған жүйеде
пайдаланылатын, ақпарат массивтерінің және құжаттаманың үйлестірілген
жүйелерінің, экономикалық ақпаратты кодтау және жіктеудің ортақ жүйесінің
жиынтығы табылады.
АҚ-дің негізгі міндеті ақпаратты жинауда, сақтауда, ақпараттық базаға
өзгерістер енгізуде, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін шығыстық
ақпаратты беруде құралады.
Ал олар өз кезегінде өзіне төмендегілерді қосады:
• ақпараттың сандық және сапалық сипаттамалары;
• ақпараттың құрамы қандай;
• ақпаратты іздеу уақытының азаюы;
Ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың принциптері және құрылымы,
АЖ-нің есептер орналымымымен сәйкес түрде келесі талаптарды қанағаттандыруы
тиіс:
- мәліметтер базасының барлық элементтеріне жататын құрылым деңгейінен
тәуелсіз түрде оңай қол жеткізу;
- мәліметтер базасын ұйымдастырудың алгоритмнің функционалдық міндетінен
тәуелсіздіктері;
- басқару жүйесінің барлық функцияларын жүзеге асыру үшін ақпараттың
жеткіліктіктері;
- ақпаратты сақтаудың кедергілерден қорғалғандығы мен сенімділіктері.
Ақпаратпен жабдықтау–бұл АЖ-дағы қолданылатын экономикалық
ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің біріңғай жүйелері мен
құжаттардың және ақпарат массивтердің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі
болып табылады. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне – ақпаратты
сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару
шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.
Ақпарат қоймасы – бұл АЖ-ны жұмыс істеуде қолданылатын реттелген
ақпараттың бірігуі.
Машинадан тыс ақпарат қоймасы – АЖ-ны жұмыс істетуде қолданылатын
құжаттар мен белгілердің, мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу
техникасынсыз (ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпарат қоймасының бір бөлігі.
Машинадан тыс ақпарат қоймасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері
мөлшерлік-анықтама құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты
белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің
жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады.
Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыруға
қойылатын талаптар
АЖ-нің қызмет етуі мен құрудың маңызды шарты ұйымдастыру-шылық
қамтамасыз ету болып табылады.
Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру – ақпараттық жүйенің
қызметкерлерінің қызметін оның қызмет ету объектті басқарудың қолда бар
жүйесін талдау және оның тиімділігін өсірудің бағыттарын қалыптастыру.
Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеуге
арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол АЖ-ны тұрғызу
мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің
құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды,
сондай ақ жүйе қызматін реттейтін заңдық актілерді қамтиды.
Ұйымдастырумен жабдықтау АЖ-ны тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл
дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген
шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономика-математикалық
әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық
технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастырумен
жабдықтаудың мақсаты, жүйені тұрғызу мен әрі қарайғы қолданудың ұйымдастыру-
құқықтық негізін қалыптастыру. Оған АЖ-ның функционалдық және жабдықтау
бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау
жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен
жабдықтар және құжаттар жатады.

Техникалық қамтамасыздандыруға
қойылатын талаптар
Техникалық қамтамасыздандыру (ТҚ) деп автоматтандырылған АЖ-нің
жұмысын қамтамасыз етуге арналған, техникалық құралдар кешені (ТҚК)
аталады.
АЖ-ні техникалық қамтамасыз ету келесі талаптарды қанағаттан-дыруы
қажет:
- өнімділік, сенімділік және функционалдық мүмкіндіктер АЖ-нің берілген
есептік және ақпараттық есептерін автоматтандырылып шешілуін
қамтамасыз етуі тиіс;
- жүйе конфигурациясын жүйенің әрекет етуін бұзусыз, оған
ақпараттандырудың (автоматтандырудың) АРМ-дің, ДЭЕМ-дың және тағы
басқаларын жаңа объектілерін қосудың есебінен өзгертуді жіберу;
- жүйенің дамуының деңгейі бойынша оның конфигурациясын кеңейтуге
(өзгертуге) мүмкіндік беретін, құрудың агрегатты принципіне ие болу;
- есептеуіш техникасының құралдарына техниканың қызмет көрсетуі мен
бағдарламалық қамтамасыз етуді, құрастыруды қарапайымдандыратын,
мүмкіндігінше бір типті және сериялап шығарылатын, құрылғылар мен
кешендер кіруі қажет.
Техникалық және бағдарламалық құралдардың құрамы мынадай болуы керек:
- мәліметтерге туынды қол жеткізуді, өңдеу үрдісін максималды
автоматтандыруды, ТҚК-нің жеке элементтерінің ретінен шығудағы
жүйедегі айналатын (сақталатын) ақпараттық сақталуын (қалпына
келтірілуін) қамтамасыз ету;
- керекті жерде өңделетін ақпараттық құпиялылығын қамтамасыз ету.

Бағдарламалық қамтамасыздандыруға
қойылатын талаптар
Бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ) – АЖ-нің техникалық
құралдар кешенінің әрекет етуін қамтамасыз ететін, есептер мен мақсаттарды
жүзеге асыру үшін бағдарламалардың жиынтығы.
БҚ-ге қойылатын жалпы талаптар мына түрде қалыптасады:
- түрлі есте сақтаушы құрылғылар мен сыртқы тасымалдаушыларға
кітапханаларды ұйымдастырудың дамыған құралдарын пайдаланудың
мүмкіндіктері;
- қажеттіктің мөлшері бойынша қызметкерлердің ЭЕМ-мен тіл табысудың
мүмкіндіктері;
- МБ-да ақпаратқа ыңғайлы және жылдам қол жеткізуді жүргізудің
мүмкіндігі;
- Ақпаратты кодтаудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару шешімдерін қабылдау және басқару есебі
Басқару есебінің объектілері тәсілдері мен міндеттері
Бухгалтерлік басқару есебі
Басқару есебі туралы
Басқарушылық есептің негізі
Қаржылық және басқару есептерін салыстыру
Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні
«Dida company» ЖШС-не сипаттама және шағын кәсіпорындарда жеңілдетілгенсапалы есеп ақпараттарын құру
Басқару есебі мен қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы
Басқарушы есептін негізгі элементтері
Пәндер