Көне түркі тілі. Лекция тезистері


ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1-лекция тақырыбы: Кіріспе. Көне жазба ескерткіштері жайлы мағұлмат
Жоспары:
1. Көне түркі жазба ескерткіштерінің зерттелінуі мен жариялануы, түрлері
2. Енисей ескерткіштері
3. Талас ескерткіштері
4. Орхон ескерткіштері
Лекция мақсаты: Студенттерге көне түркі жазба ескерткіштерінің зерттелінуі мен жариялануы туралы мәлімет бере отырып, түрлерімен таныстыру.
Лекция мәтіні: Дүние жүзіндегі халықтар сияқты түркі халықтарының да өздеріне тән даму, қалыптасу тарихы бар. Ешбір тайпа, халық және ұлт тарихсыз болмайды. Әрбір халық ұлт болып қалыптасу үшін талай тарихи кезеңдерді басынан өткізеді.
Түркі тайпалары халық ретінде дүние жүзіне біздің дәуірі-міздің VI ғасырының орта кезінен бастап-ақ белгілі бола бастады. Түркі тайпалары туралы қүнды деректерді біз Батыс Европадағы Византия материалдарынан көбірек кездестіреміз. Бұлармен қатар түркі халықтары жөніндегі қыруар мәліметтерді біз сол түркі тайпаларының өздері жасап, артында өшпес мұра етіп қалдырған жазба нұсқалар арқылы білеміз. Мұндай жазба нұсқалар түркі халықтары үшін баға жетпес тарихи және мәдени мұра болып есептеледі. Оған ешқандай шүбә келтіруге болмайды.
Түркі халықтарының тарихи мұраларын шын мәнінде бағалай білу, олардың тарих, мәдениет және тіл тұрғысынан алғанда баға жетпес қазына екендігін көпшілікке, оқушылар қауымына жеткізу - кезек күттірмейтін негізгі міндеттердің бірі. Біз көне жазба нұсқаларынан тасқа қашалған мынандай сөздерді кездестіреміз: «Түркі бектері мен халық, мұны естіңдер. Қандай сөздерім бар болса, соларды мәңгі тасқа жаздырдым. Оларды көріңдер, ұғыңдар». Бұл сөздер, арнаулар түркі халықтарының кейінгі ұрпақтарына арналған.
Орхон-енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ең алғаш рет көне жазу жайлы хабар берген Н. Витзен болды. 1697 жылы С. Ремезовтың еңбегінде Талас бойындағы «Орхон тасы» деген жер атап көрсетіледі. Көне түркі жазба мұраларын зерттеушілердің пікірі бойынша, осы жер 1896-1898 ж. Талас ескерткіштері табылған тұсқа сай келеді.
Орхон-Енисей ескерткіштері үлгілерінің алғаш жарық көруі Т. Страленбергтің атымен тығыз байланысты. 1793 жылы П. Паллас көне түркі жазба мұраларының кейбір үлгілерін жариялайды. Міне, осы кезден бастап көне түркі жазуларын жинау, бастыру қолға алынды.
1887-1888 жылдары фин елінің көрнекті ғалымы Ж. Аспелин арнаулы экспедициямен Енисей өзені бойындағы жазуларды зерттеп қайтты, экспедицияның қорытынды материалдары 1889 жылы Гельсенгфоргте «Енисей жазбалары» деген атпен жарық керді. Бұнда 14 текстік иллюстрация, 32 жазу таңбасы, 8 фотосуреттер қамтылған еді
1889 жылы Н. М. Ядринцев бастаған Орыс географиялық қоғамының Шығыс-Сібір белімі экспедициясы Монғолиядағы Орхон өзені бойынан екі үлкен ескерткіш тауып, түркология ғылымына елеулі үлес қосты. Оның бірі Күлтегінге, екіншісі - Білге қағанға (Могилянға) арналған ескерткіштер еді. Осыдан көп кешікпей-ақ 1890 жылы Г. Гейкель бастаған фин және 1891 жылы В. В. Радлов басқарған экспедициялар Монғолияға барып, Орхон және Енисей бойындағы ескерткіштерді зерттеп қайтты. Осылайша ескерткіштердің тылсым сырын ашып, оларды оқу мәселесі күн тәртібіне қойылды. Бірақ ғалымдардың алғашқы ізденістері тым сәтсіз аяқталды. Жазулар жөнінде олардың ара-сында әрқилы теріс пікірлер мен қате болжамдар өріс ала бастады. Мысалы, бұл ескерткіштерді Т. Байер ескі кельт жазуына, Тихзен гот жазуына, А. Ремюза усын, индокот, скандинавия елдері жазуына, Г. Спасский қалмақ, не монғол жазуына, Роммель скиф халықтары жазуына, Ю. Клапрот грек жазуына, Ж. Аспелин фин жазуына, Г. Қсенофонтов якут жазулары түріне жатқызды.
Белгісіз жазуларды оқып, талдау (расшифровка жасау) Дания елінің ғұлама ғалымы В. Томсеннің үлесіне тиді. Ол ең алдымен ескерткіштердегі кейбір таңбалардын басқа екінші бір таңбалармен қатар келетін және келмейтін ерекшеліктеріне назар аударды. Бұдан ол көне түркі жазуындағы дауысты дыбыс-тардың қолдануына байланысты жуан және жіңішке айтылатын екі жүйе бар екендігін анықтады. В. Томсен жазуды солдан оңға қарай емес, керісінше оңнан солға оқу керек деген көрегендік қорытындыға келді және ескерткіштердегі таңбаларды салыстырып, онда 38 негізгі таңба бар екендігін анықтады. Сөйтіп 1893 жылы В. Томсен құпия болып келген жазу түркі халықтарының төл жазуы екендігін дүние жүзіне дәлелдеп берді.
В. Томсеннің бұл еңбегін В. Розен 1894 жылы орыс тіліне аударып, бастырып шығарды. В. Томсеннің түркология мәселелеріне арнап жазған еңбектері онша көп емес, бірақ түркология ғылымы алдында оның ашқан жаңалығы, табысы аса ірі жетістік деп бағаланды. Ғалым ежелгі түркі жазуларының сырын ашып, оны оқумен ғана шектеліп қойған жоқ, сондай-ақ бірсыпыра Орхон ескерткіштерінің аудармаларын жасап, оны жұртшылыққа кеңінен таныстырды. Оның көне түркі ескерткіштері жөнінде екінші еңбегі 1896 жылы Гельсингфорг қаласында жарық көрді. Ол, өз еңбегінде Орхон-Енисей алфави-ті, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы, Орхон алфавитінің пайда болуы, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді бір-бірінен ажыр'ататын қос нүкте т. б. жөнінде деректер берді. Сонымен бірге ғалымның бұл еңбегінде VI-VIII ғасырлардары түркі тайпаларымен олардың әдет-ғұрыптары жөнінде қыруар мәліметтер бері л д і.
Көне түркі жазуларын жете тексеріп, оны зерттеуге айрықша көңіл бөлген ғалымдардың бірі - В. В. Радлов. Ол бірінші болып Күлтегін мен Білге қаған (Могилян) ескерткіштерінің аудармаларын жасады. І894-1895 жылдары Қошо-Цайдам, Онгин және басқа да бірсыпьіра үлкенді-кішілі ескерткіштердің аудармаларын жасап,, бастырып шығарды. Оның көптеген еңбектері Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілдік ерекшеліктеріне арналды. Көне түркі ескерткіштерін зерттеу үстінде В. Радловтың оның тілінің біркелкі емес, оның құрамында говорлардың іздері бар екендігін одан әрі анықтай түсті. Ол өзінің 1912 жылғы «Түркі ескерткіштерінің тілі» атты еңбегінде ескерткіштер тілінде үш диалектілік ерекшеліктер бар деген тоқтамға келеді. Олар:
Ежелгі солтүстік диалектісі (Бұған түркі тілдерін жатқызады) .
Ежелгі оңтүстік диалектісі (Оған ұйғыр тілін жатқызады) .
Аралас диалекті (Бұған батыс және шығыс көне түркі тілдерін жатқызады. )
В. В. Радлов Орхон-Енисей ескерткіштері тілін зерттеуде елеулі еңбек сіңірді. Бұған С. Е. Маловтың «Академик В. В. Радлов дал все, что он мог дать и дал он очень много. Мало того, не всем известно все то, что осталось не печатанным самим Ра-дловым» 1 деген сөзі толық дәлел бола алады. Түркология тарихында XIX расырдың бас кезі Радлов дәуірі деп аталуының да өзіндік сыры бар.
Орхон-Енисей ескерткіштерін зерттеуге үлес қосқан орыс ғалымдарының бірі - П. М. Мелиоранский. Ол өзінің қысқа ғұмыры ішінде 40-тан аса еңбек жазып қалдырды. Сол еңбектерінің жартысынан көбі түркология мәселелеріне арналған. Бұлардың ішінде ең шоқтығы биігі - Күлтегін ескерткішін зерттеген еңбегі. Ол 140 беттен тұрады. Оның кіріспе бөлімінде (1-15-беттер, ескерткіштің зерттелуі мен түркі тайпаларының тарихы, этнографиясы жөнінде қыруар деректер берілген. Кіріспеден кейін ескерткіштің дыбыстық ерекшеліктері, дауысты (15-24-беттер) және дауыссыз дыбыстардың (24-25-беттер) қолданылуы, үндестік заңы (18-бет) т. б. жөнінде бірсыпыра мәліметтер келтірілген. Бұдан кейін ғалым ескерткіштің лексикалық (45-60-беттер) ерекшеліктері мен Күлтегіннің орысша аудармасы, транскрипциясына (60-79-беттер) біраз көңіл бөледі. Еңбектің соңғы беттері (129-140-беттер) ескерткішке байланысты ескертпелерге арналған. П. М. Мелиоранскийдің еңбектерін Н. Ф. Қатанов ете жоғары бағалады.
Енисей, Орхон және Талас жазу ескерткіштеріне арнап В. Радлов, В. Томсен, П. М. Мелиоранский, В. Бартольд, А. Н. Бернштам, С. Е. Малов, С. В. Киселев, И. А. Батманов, X. Н. Оркун, В. Банг, В. Л. Котвич, Г. И. Рамстед сияқты ұлы ғалымдар көп-теген еңбектер жазды. Бірақ бұған қарап VI-VIII ғасырлардағы Енисей, Орхон және Талас жазу ескерткіштері жан-жақты түгелдей зерттеліп бітті деген ұғым тумауға тиіс.
Географиялық, тілдік және графикалық ерекшеліктеріне қарай көне түркі ескерткіштері төмендегідей үш үлкен топқа бөлінеді:
Енисей ескерткіштері.
Талас ескерткіштері.
Орхон ескерткіштері.
1. Енисей ескерткіштері
Енисей ескерткіштері қатарына: Енисей өзені, Тува автономиялы рсспубликасы, Алтай, Хакас автономиялы облысымең;, Краснояр өлкесі территориясынан табылған бірсыпыра, ірілі-уақты ескерткіштер жатады. Қазір Енисей ескерткіштерінін, жалпы саны 145-ке жетіп отыр Оларды әркімдер әр уақытта жоғарыда аталған территориядан тауып алып отырған. Атап айтқанда, мұндай ескерткіштерді алғаш тапқандардың ішінде Ошур-ков (, Мессершмидт (1721 жылы), Кастрен (1847 жылы), Қостров (1757 жылы), Корчаков (1878 жылы), Кузнецов (1885 жылы), Қлеменц (1886 жылы), Савенков, Проскуряков, Рамстедт (1900 жылы), Андрианов; (1915 жылы) сияқты ғалымдар мен әр түрлі мамандық өкілдері бар. Сондай-ақ ескерткіштерді іздестіріп табуға көптеген, елдердің ғылыми ко-ғамдары ұйымдастырған экспедициялар да елеулі үлес қосты Енисей ескерткіштері келемі жағынан өте шағын, олардың . . . ең улкені 10-15 жолдан, кішілері бір, екі, үш жолдардан түрады Олардың бірқатары Хакас автономиялы облысындағы Минусинск қаласында (М. Мартьянов атындағы музейде), Тува АССР-інің Қызыл қаласындағы өлкетану музейінде, Ленинград қаласындағы антропология және этнография музейінде, Финляндияның Хельсинки музейінде және т. б. жерлерде сақтаулы тұр.
Қолдану мерзімі жағынан Енисей ескерткіштері түркі жазбаларының ең көнесі, ол шамамен V-VII ғасырларды қамтиды.
1887-1888 жылдары Ж. Аспелин бастаған фин ғалымдары Енисей өзені аңғарына барып, ескерткіштерді өз жерінде зерттеп қайтты. Ол екі экспедиция материалдары 1889 жылдары «Енисей жазбалары» деген атпен жеке еңбек болып жарияланды. Бұдан кейін 1890 жылы Г. Гейкель және 1891 жылы В. Радлов басқарған экспедициялар да Енисей өзендері бойларына барып, ескерткіштерді өз көздерімен көріп, зерттеп қайтты. Экспедиция материалдары да арнайы өз алдына еңбек болып жарық көрді.
Енисей ескерткіштері материалдарын оқып, транскрипцияларын жасап, оларды жариялауда В. Радлов, В. Томсен, П. М. Мелиоранский, С. Е. Малов, X. Н. Оркун, В. Л. Котвич және тағы басқа ғалымдар елеулі еңбек етті.
1959 жылы И. А. Батманов Енисей ескерткіштерінің тілдік ерекшеліктеріне байланысты «Енисей көне түркі ескерткіштерінің тілі» атты еңбек жазды.
2. Талас жазу ескерткіштері
Талас жазу ескерткіштері қатарына Талас өзені бойынан табылған 12 ескерткіш жатады. Талас езені бойындағы Айыртам-Ой дейтін жерден (қазіргі Жамбыл облысы) 1896 жылы Әулие Ата уезінің бастығы В. А. Каллаур ғылымға үлкен жаңалық боп енген жазуы бар тас тауып алды. Бұл ескерткішті бұдан кейін Г. Гейкель қарап шықты. Оның аудармасын В. Радлов (1899), Ю. Немет (1926), С. Е. Малов (1928), X. Н. Оркун (1930) жасады.
Екінші ескерткіш 1898 жылы Талас өзені бойындағы Дмитриевск селосы маңынан (М. Е. Массонның көрсетуі бойынша бірінші ескерткіштен 500 қадамдай жерден) табылды. ЕкіншІ ескерткіштің аудармасын жасап, жариялағандар: П. М. Мелиоранский Ю. Немет, С. Е. Малов және X. Н. Оркун.
Үшінші ескерткіш те 4898 жылы осы маңнан табылды. Аудармаларын Ю. Немет (1926), С. Е. Малов (1936) және X. Н. Оркун (1939) жасады.
Төртінші, бесінші және алтыншы ескерткіштер де осы жылдары табылды. Бұл ескерткіштердің аудармаларын жасап, жариялауда П. М. Мелиоранский, С. Е. Малов, Ю. Немет және т. б. ғалымдар елеулі еңбек етті.
1932 жылға дейінгі табылған Талас ескерткіштерінің бүкіл саны алтау болатын. ] Қейінгі кездері И. А. Батманов бастаған бір топ қырғыз ғалымдары Талас өзені бсійында түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
1961 жылы археолог-этнограф П. Н. Кожмяко Талас өзені бойынан төрт жолдан тұратын жаңа бір ескерткіш тапты. Дәл сол жылы Қырғыз ССР Ғылым академиясы ұйымдастырған экспедиция мүшелері тағы да жаңа үш ескерткіш тауып, Талас ескерткіштерінің санын арттыра түсті.
И. А. Батманов бурынғы және кейінгі кездерде табылған Талас ескерткіштерін одан әрі арнайы зерттеп, ез алдына кітапша етіп шығарды. Ескерткіштерді зерттеушілердің топшылауы бойынша Талас жазба ескерткіштері VIII ғасырды қамтиды. Талас ескерткіштерінің басқа Орхон, Енисей ескерткіштеріне қарағанда, өзінің кейбір графикалық ерекшеліктері бар екендігі байқалады. Өз еңбектерінің басым көпшілігін осы ескерткіштерге арнаған П. М. Мелиоранский, В. В. Бартольд Талас ескерткіштерін Енисей жазба нұсқаларына жақын деген пікірді қуаттайды. Мұны С. Б. Киселев те жақтап шықты.
3. Орхон ескерткіштері
Орхон ескерткіштері, қатарына VII ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың бас кезіндегі Орхон, Селенгі, Тола езендері мен Минусинск ойпатынан табылған Құтлығ қаган (Онгин), Білге қаған (Могилян), Күлтегін, Тониқуқ, Мойын Чор, Күлі Чор, Суджы және т. б. бірқатар ескерткіштер жатады.
Енді төменде сол Орхон ескерткіштерінің кейбіреулеріне қысқаша тоқталып өтелік:
Құтлығ қаған (Онгин) ескерткіші. Ескерткішті 1891 жылы Монғолиядағы Онгин өзенінінің бойынан Н. Ядринцев тапты. Жазба нұсқа - Орхон ескерткіштерінің ішіндегі ең көне ескерткіштердің бірі. Мұнда екінші Түркі кағанатын қайтадан қалпына келтірген Ілтеріс (Құтлығ) қаған мен оның әйелі Ілбілге қатын жөнінде әңгіме болады.
Ілтеріс (Қүтлығ) қаған - аты дүниеге әйгілі болған қолбасшы Күлтегін мен Білге қағанның әкесі. Ескерткіште Құтлығ қағанның, Білге қағанның және Күлтегіннің жорықтары туралы қызықты мағлұматтар беріледі.
Білге қаған (Могилян) ескерткіші. 1889 жылы Монғолиядағы Орхон өзені бойындағы көне Эрдени Цэу монастырының жанынан тапқан да - Н. Я. Ядринцев. Ескерткіштегі оқиғалар Күлтегін ескерткішімен дәлме-дәл келеді. Жазба Білге қағанға (Могилянға) арналған. Білге қаған - Қапаған қаған қайтыс болғаннан соң қағандық таққа отырған Құтлығ қағаннын, үлкен ұлы. Ол 683 жылы туып, 734 жылы қайтыс болады. Жазба нұсқада сол дәуірдегі түркі тайпалары: оғыз, қыпшақ, қарлуқ, чік, чігіл, ұйғыр, татар т. б. жөнінде құнды деректер келтірілген. Білге қаған (Могилян) өз заманындағы ақылды қағандардың бірі болған, Түркі қағанатын нығайтуға елеулі үлес қосқан.
Ескерткіштегі жазуды жазған қағанның туысы - Иоллығ тегін деген кісі.
Күлтегін ескерткіші. Ескерткіш Білге қаған ескерткішімен бір кезде табылған. Күлтегін - Құтлығ қағанның кіші ұлы. Талай жорықты бастан өткерген кәніг қолбасшы. Білге қағанның ел басқарудағы серігі, оң қолы. Ескерткіште Түркі қағанатын нығайту барысындагы Күлтегіннің атқарған ролі ерекше баяндалған.
Күлтегін 731 жылдың 27 февраль күні 47 жасында қайтыс болды. ; Оған кеңіл айтуға көптеген жерден елшілер келді. Күлтегіннің өлімі ағасы Білге қағанға қатты батты. «Інім Күлтегін қайтыс болды, өзім қатты ойландым. Қөрер көзім көрместей, білер білігім білместей болды. Өзім көп ойландым. Уақыт өз дегенін істейді, кісі баласы тек өлгелі жаралған ғой» деп қатты қайғырады.
Тониқуқ ескерткіші. Ескерткішті Д. Клеменц 1897 жылы Селенгі өзені бойынан тапқан. Тониқуқ - үш қағанның, 692 жылы қайтыс болған Құтлығтың, 716 жылы қайтыс болған Қапағанның және 734 жылы қайтыс болған Білге қағанның әскери кеңесшісі. Табғаш елінде оқып, тәлім-тәрбие, әскери білім алған кісі. Білге қағанның қайын атасы. Қөп жасаған. Бірақ қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Кейбір тарихи деректерге сүйенсек, 716 жылдан кейін қайтыс болды деп шамалауға болады. Ескерткіштегі жазуды жазған Тониқуқтын өзі.
Күлі Чор ескерткіші. Ескерткішті 1912 жылы Монғолияның Ихе-Хушоту деген жерінен тапқан - В. Л. Қотвич. Ескерткіш тардұш тайпасының көсемі, Қүлтегін мен Білге-қағанның замандасы Күлі Чорға арналған. Мұнда да түркі тайпалары женінде көптеген құнды деректер бар. Күлі Чордың қашан, қай жерде қайтыс болғаны белгісіз. Бірақ ескерткіште «Ұлы Күлі Чор сексен жасап қайтыс болды» деген сөйлем кездеседі.
Мойын Чор ескерткіші. Ескерткішті 1909 жылы Селенгі өзені бойынан тапқан - Г. И. Рамстедт. Ескерткіш ұйғыр мемлекетінің ең ілкі қағаны Мойын-Чорға арналған. Ол 745 жылы Түркі қағаны Озмыш тегінді өлтіріп, түркі қағанатын біржолата құлатады. Селенгі өзені бойынан тұңғыш ұйғыр қағанатын орнатып көптеген қалалар мен сарай салдырады. Оның қабырғаларына өз жорықтары туралы жазулар жазып қалдырады.
Орхон ескерткіштері қатарына бұдан да басқа бірнеше ұсақ ескерткіштер кіреді.
Бақылау сұрақтары:
Көне түркі жазба мұралары туралы зерттеулер
Енисей ескерткіштерінің зерттелінуі
Орхон ескерткіштерінің түрлері
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
Көне түркі жазба мұраларының жариялануы
Күлтегін ескерткіші
Орхон ескерткіштері
Талас ескерткіштері
Қажетті әдебиеттер:
Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А., 1986, 5-12-беттер
Сыдыков С., Конкобаев К. Байырғы түркі жазуы. Бішкек, 5-14-беттер
Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. А., 1996, 39-56-беттер
Лингвистикалық түсіндірме сөздік. А., 2002, 277-278-беттер
2-лекция тақырыбы: Көне түркі тілі және оның диалектілері
Жоспары:
1. Көне түркі тілі - Орталық Азиядағы VІ-ХІ ғ. көне түркі руникалық, манихей және ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі.
2. В. В. Радловтың көне түркі тілінің диалектілерге бөлінуі туралы пікірі
3. А. Габеннің көне түркі диалектілерін топтастыруы
4. С. Малов ұсынған көне түркі жазба ескерткіштерінің классификациясы
Лекция мақсаты: Студенттерге көне түркі тілі және оның диалектілері жөніндегі зерттеушілердің пікірі туралы мағлумат беру.
Лекция мәтіні: Туыстас тілдерді сөз еткенде ең алдымен тілдік туыстық деген ұғым - арға тегі бір төркіндес немесе бір негізден тараған тілдерге қатысты қолданылады. Алтай семьясы тілдерін, соның ішінде түркі-монғол тілдерін салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеу 19 ғ. басталады. Тілдердің материалдық және типологиялық құрылымдық ұқсастығы бір-бірімен тығыз байланысты. Алтай, орал тілдерінің ортақ белгілері - үндестік заңа, жыныстық белгінің жоғы (род), есімдердің тәуелденуі т. б. Ертедегі түркі тілдерінің үндіевропалық тілдермен араласы грек-түркі, хетт-түркі, тохар-түркі лексикаларының қатарласуымен дәлелденеді. Ата тілдің реконструкциясын жасап, қалпына келтіру үшін өлі тіл үлгілерінің мәні зор.
VІІ-ХІ ғасырлардағы көне түркі руникалық, манихей және ұйғыр жазба ескерткіштері тыңғылықты зерттеулерге қарағанда көне түркі тілінің әр түрлі диалектілерін қамтиды. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі диалектілік ерекшеліктер тек фонетикалық, лексикалық және кейбір грамматикалық ауытқулардан көрінеді. Руникалық көне түркі жазуы Орталық Азия мен іргелес аймақтарда негізінен, түркі қағанатының шығыс және батыс бөлігінде кең қолданылды. Бұл мемлекетке әр түрлі қыпшақ, оғыз, қарлұқ, ұйғыр, татар, түргеш, чік, басмыл сияқты тайпалар енді.
Түркі руникасының тілі жазба әдеби тіл ретінде көне тайпа диалектілері негізінде қалыптасты. VІІ-ІХ ғ. түркі руникалық ескерткіштерінің тілі оғыз және ұйғыр диалектілерінің ықпалында бодлды. А. Кононовтың пікірінше, ескерткіштердегі кейбір графикалық және морфологиялық ерекшеліктерге назар аударғанда, Күлтегін жазуы ашина тайпасының диалектісінде, ал Тоныкөк жазуы ашиде диалектісінде жазылған болып есептеледі. Көне ұйғыр ескерткіштері тілдік және хронологиялық жағынан көне түркі руникалық ескрткіштерімен ұштасады. Жазба ескерткіштерден байқалатын көне түркі диалектілерін жіктеудің алғашқы жобасын В. Радлов «Көне түркі зерттеулері» атты еңбегінде жасаған. Ғалым көне түркі ескерткіштер тілін солтүстік, оңтүстік және аралас диалектілерге бөледі. Көне солтүстік диалектісіне немесе ұйғыр тіліне Турфандағы курсивті ұйғыр қолжазбалары мен «Құтты біліктің» Герат нұсқасын енгізген. В. Радлов оңтүстік және солтүстік диалектілерінің кейбір фонетикалық және морфологиялық ерекшеліктерін атап өткен.
1. Оңтүстік диалектіде сөз басындағы б дыбысының м дыбысымен ауысуы (баңа-маңа, бің-мің)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz