Сән үлгілерінің теориясын анықтап, шығармашылық іс–әрекетін тәжірбиеден өткізіп, ұтымдылығымен анықтау


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеудің көйкестілігі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жылда халыққа өз жолдауын арнап отырады. 11 қараша күні елбасымыз «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады. «Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан - 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға тоқтаала келе, ондай идеяның бастауы тым тереңде жатқанын жеткізді.

«Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз - Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз», - деді Мемлекет басшысы.

Еліміздің тәуелсіздік даңғылындағы дәстүрлі қазақ мәдениетіміздегі әйел киімдерінің мән -мағынасын айқындаудың өзектілігі қазіргі өркениет мәдениетінде өте сұранысқа ие болып жатыр.

Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шықармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және де қандай жағдайда болып отыр және де қандай жағдайда болмасын арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда. Бір сәт тарихқа көз салсақ, әрбір дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік көркем стилі қалып тасқан. Белгілі бір стильдің өзінде киімнің жеке бөліктерінде өзгерістер болады және бұл киім тарихында сән ағымы деп аталады. сән аіымына байланысты киім жаңарып отырады.

Дизайн стиль қалыптастыру процесінде көркемдік пішін қалыптастырудың әр түрлі аспектілеріне тікелей байланысты болады, ұлттық дәстүрді де есепке алады. Халқымыздыдың дәстүрлі мәдениетініңсәндік қолданбалы өнерінің құрамдас бір бөлігі болған қазақ әйел киімі ерте заманнан бастау алып, қазіргі уақытта оның көркемдік, мәднени-рухани, әлеуметтік тарихи заңдылығы, ерекшелігі өзіндік маңыздылығымен және елімізде өзінің өзектілігін қазіргі жаһандану дәуірінде арттыра түсуде. Жалпы киім қызметінің барлық жүйесі әлеуметтік өмірдің негізгі бағыттарынан бастау алып алып, адамның дүниетанымдық болмысында рәміздік белгі ретінде бейнеленді. Әр халықтың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесінде жалғасын тапқан өзіндік рухани тарихы, тағлымы, ой-пікірі, қорытынды түйіні философиялық жүйесі болып есептелетіні белгілі. Көне тарихи ұғымдар мен түсініктер қазақ мәдениеті мен өнерінде көбінесе өзіндік көркемдік нақышты бейнеде кескінделіп, адамзаттың мәдени-рухани дүниетанымдық құндылығын байытады.

Зерттеудің мақсаты: сән үлгілерінің теориясын анықтап, шығармашылық іс-әрекетін тәжірбиеден өткізіп, ұтымдылығымен анықтау.

Зерттеудің міндеті: сән үлгілерінің шығу тарихы, сән бағыты, жобалау-құрастыру үлгілері, өңделудің технологиялық тиімді жолдары.

Зерттеудің нысаны: сән үлгілерін киім дизайн саласында жетілдіру.

Зерттеудің пәні: дизайн саласындағы киім үдерісін жобалау.

Диплом жобасының құрлымы мен көлемі: кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдалаған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдардан тұрады.

1«ҚАЗАҚ ОРДАСЫ» КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 «Қазақ Ордасының» хандарының тарихы

Жәнібек және Керей сұлтандар басқарған қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында жаңа қазақ мемлекетінің негізін қалай бастады.
Қазақтың алғашқы Бас ханы болып Керей сайланды. Ол Жәнібек хан екеуі Қазақ хандығының аумағын ұлғайтуға барынша атсалысты. Қазақ хандығының тарихы XV ғасырдың ортасынан басталады.

Сол күрделі заманда Өзбек, Сібір, Ноғай хандықтарының құрамындағы әртүрлі көшпенді ру-тайпаларды бір тудың астына біріктіріп, қазақтың дербес мемлекетін құру осы Ұлы хандарға оңайға түскен жоқ. Қазақ хандығын құруда Керей және Жәнібек хандармен қатар, елді бірлікке шақырып, ұлттық идеямыздың негізін салған рухани жетекшілер - ноғайлыдан шыққан Асанқайғы, кердері Қазтуған және т. б. ақын-жыраулардың маңызы зор болды. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі сол кезде қалыптасқан еді. Қазақтың хандығын құрып, мемлекеттің іргетасын қалаған осындай Ұлы тұлғалар әлі күнге тарихи бағасын ала-алмай келеді. Көптеген елдерде мемлекеттің негізін салған ұлы тұлғаларға қалалардың, университеттердің аттарын беріп, ескерткіштер орнатып жатады. Себебі, мемлекеттің негізі сол тұлғалардың есімімен байланысты. Мысалы, АҚШ астанасы осы елдің негізін салған Дж. Вашингтонның есімімен аталады. Біз де қазақ хандығының негізін салған ұлы қайраткерлерге Петропавл, Павлодар сияқты қалалар мен университеттердің аттарын беріп жатсақ - ол мемлекеттің беріктігін қамтамасыз етуге және төл тарихымызды түсінуге үлкен көмек болар еді.

Қазақ хандығының шекарасын ұлғайтып, іргесін бекітуде Жәнібек ханның ұлы Қасым ханның орыны ерекше болды. Оның маңына бір миллионнан астам адам жиналып, сарбаздарының саны 300 мыңға жетті. Ол ел басқарған тұс қазақ даласындағы хан билігі берік, ең беделді және жер көлемі кеңейген кез еді. Қасым хан Қазақ хандығының жерін солтүстік-батыста, солтүстікте және оңтүстікте кеңейте түсіп, мықты көрші мемлекеттермен тең байланыс орнатты. Хайдар Дулати оның Дешті Қыпшақта толық билік жүргізіп, Жошы ханнан кейінгі ең беделді және айбынды хан болғанын жазады. Сонымен қатар, ол «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын дала заңдарын шығаруымен тарихта қалды.
Хандық билікті күшейтіп, қазақтың жерін кеңейту жолында хан Қасымның ісін жалғастырған оның ұлы Хақназар болды. Хақназар ханның саяси күші қазақ қоғамын біріктіруге және оны сыртқы жаулардан сақтауға бағытталды. Ол Ембі мен Жайық бойын қазақтарға қайтарып, батыстағы шегараны ұлғайтып, көрші ноғай және қырғыз халықтарына өз билігін жүргізді. Сондықтан да оны әр кезде “қазақ пен ноғайдың ханы” және “қазақ пен қырғыздың ханы” деп атады. Ол Мәскеуге өз елшілерін жіберіп, Ресеймен тұрақты дипломатиялық қатынастар орнатты және Бұхараның ханы Абдулла-ханмен “достық одаққа” қол қойып, онымен де әскери одақта болды.

XVI ғасырдың аяғында Қазақ хандығының саяси тұрақтылығын күшейтудегі және Сырдария бойындағы қалаларды қазақ жеріне кіргізудегі жетістіктер Тәуекел ханның атымен байланысты. Ол шайбанидтермен соғысып аз уақытта Сайрам, Ташкент, Түркістан, Андижан, Самарқан қалаларын басып алды. Соңынан олардың алдыңғы үшеуі қазақ хандығының құрамында қалды. Тәуекел хан өзінің бір баласын қарақалпақ елін басқаруға қойса, інісіне қалмақтарды басқартты. Сонымен қатар, Тәуекел хан Үндістан жеріндегі Ұлы Моғол мемлекетінің ішкі істеріне араласып, онда мемлекет басқару ісіне өз адамдарын қоя білді. Бұхар хандығындағы тарихшы Хафиз-и Таныш Тәуекел хан туралы, “ол дүниедегі ең батыр, батыл және ер, сонымен қатар, Дешті Қыпшақа даңқты болды” деді. Қазақ хандарының ішінде тарихта өшпес із қалдырған хандардың бірегейі Жәнібек ханның шөбересі Есім хан болды. Ол Бұхарды билеген Аштарханидтермен және ойраттармен Сырдария бойындағы қалалар мен оазистер үшін шайқасып Түркістан қаласы мен қала маңын қазақ хандығына қаратты. Содан кейін екі жүз жыл бойы Түркістан қаласы қазақ хандығының астанасы болып, басты саяси орталыққа айналды. Соғыстағы ерліктерімен қатар, Есім хан халық жады мен жалпы тарихта «Есім ханның ескі жолы» деп аталған дала заңымен әйгілі.

Есім ханның немересі Тәуке хан жоңғарға қарсы көрсеткен ерлігі мен талантты қолбасшылығы үшін қазақтың бас ханы болып сайланды. Әскери күшінен гөрі ақылы мен шешендігі және күрделі дауларды әділ шешкені үшін оның беделі үш жүзді біріктіре алды. Үш жүзді біріктіру жолында ол әртүрлі тактикалық әдісті тиімді пайдалана білді, оның ішінде елді басқаруда Орта жүзде Қазыбек биге, Кіші жүзде Әйтеке биге, Ұлы жүзде Төле биге сүйенді. Тәуке ханның отыз жыл хандық құрған кезі халықтың есінде “алтын ғасыр” немесе “Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған” кезең болып сақталды. Тәуке хан көшпенді қазақ халқы құқықтарының жинағы, атақты «Жеті жарғының» авторы.

Әбілқайыр билік басына қолбасылық дарыны мен басқа да ерекше қасиеттерінің арқасында 1710 жылы, “ел басына күн туған” қазақтың жоңғармен, Еділ қалмақтарымен, башқұрттармен және жайық казактарымен соғыс жағдайында тұрған кезінде Кіші жүздің көптеген рулары мен Орта жүздің бір бөлігінің ханы болса, соңынан қазақтың бас ханы болып сайланды. Ол жанына Есет, Бөгембай, Жәнібек батырларды топтастырып, қазақ жүздерінің ішінде беделді ханға айналды.

Қазақ халқының тарихындағы 1723 жылдан басталған ең қайғылы “Ақтабан шұбырынды” кезінде хандар мен билердің ішінде Әбілхайыр хан ғана аз уақытта әртүрлі рулар мен тайпаларды біріктіріп, жоңғар әскеріне тойтарыс бере алды. Сүйтіп ол ұлт азаттық қозғалысының жетекшісіне айналды. Ордабасыдағы үш жүздің басшылары жиналған халықтық жиын Әбілқайырды қазақ әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ол басқарған үш жүздің әскері Аңырақай мен Бұлаңты шайқастарында жоңғармен болған екі жүз жылдық соғыстағы ең ірі шешуші жеңістерге жетіп, қазақ жерін қалмақтардан тазартып шықты. Оның ішінде Аңырақай шайқасының орыны бөлек. Әр халықтың тарихында оның мақтан тұтатын жеңістері болады. Ол ағылшындарда - Ватерлоо, орыстарда - Бородино алаңы болса, біз үшін Аңырақайдың да маңызы ерекше. Әбілқайыр хан қолбасы ретінде Шыңғыс тұқымдарының ішінде Батый, Жошылармен қатар тұрады. Балқаш көлінің оңтүстігінде, Алакөл шығанағы тұсындағы таудың “Әбілқайыр-Сұңғайты” және Тараз қаласының шығысындағы үлкен сайдың “Әбілқайыр” аталуы оның халық есінде мәңгі қалғанының белгісі. Бірақ, Аңырақайдағы жеңістен кейін қазақтың ханын сайлау кезінде осы ұлы қолбасшы Шыңғысханның кезінен келе жатқан “дала дәстүрінен” Ақсақ Темір сияқты асып кете алмады. Қорытындысында елдің қамы емес, әрбір жүздің қамын ойлаған билердің айтқаны болып, жігерсіз Сәмекені хан сайлады. Одан кейін басшыдан айырылған қазақтың әскері ыдырап, қалмақтар Еділге дейінгі бұрынғы билігін қалпына келтірді. Ел тағдыры қыл ұшында тұрған кезде қазақ хандығының тізгіні ру-жүздің мүддесін елдікінен жоғары қойған билердің қолында кетуі біртұтас халық пен оның мемлекеттік институттарының қалыптаспағанын көрсетеді. “Алтау ала болғанның” күні осы. Содан бері біздің ұлттық санамызда не өзгерді?
Әбілқайыр хан қазақ жерін жоңғардан азат етумен бірге, қазақ елінің іргесін солтүстік-батысқа және солтүстік бағытқа кеңейтіп, оған Жайық, Елек, Есіл және Тобыл өзендері аймақтарын қосты. Ол сонымен қатар, башқұрт, қалмақ және жайық казактарының қарулы шабуылдарына тойтарыс беріп, Даладағы көшпенді рулар арасындағы алауыздықты тоқтатты.

Әбілқайыр хан мықты қолбасы ғана емес, сонымен қатар, алыстан ойлайтын саясаткер де. Жоңғарлармен және солтүстіктегі көршілермен жүріп жатқан көп жылдық қанды шайқастар Даладағы билік жүйесін реформалауға, көшпенді қоғамды модернизациялауға және қорғаныс күшін нығайтуға мәжбүр етті. Қазақ қоғамында Бас ханның институтын бекітіп, оны көшпенділер қоғамындағы интеграциялық процесстердің тиімді құралына айналдыру қажет болды. Оның билік жүйесін өзгертуде өзара байланысты үш ұстанымы бар еді.

1) Хан атағы қазақ қоғамындағы Жошы тұқымына жататындардың біреуіне ғана беріледі.

2) Бас ханға толық билік құқы беріледі.

3) Жоғарғы атақтар Бас хан мен оның отбасы мүшелеріне ғана берілуді жүзеге асыру.

Әбілқайырдың бұл ұсынысы (инициатива) көшпенділер қоғамына екі мың жылдай кешігіп келген жаңа жүйе еді. Хан бақилық болғаннан кейін оның бірнеше әйелінен туған ұлдары билікке таласып, амалын тапқаны қарсылас бауырларын өлтіріп тынатын. Атилладан қалған 168 ұлдың арасындағы билікке талас, ол құрған империяның ыдырауына себеп болса, бұл теріс үрдіс әсіресе Алтын Орданың соңғы кезеңінде шарықтау шегіне жетіп, бір жылда билік басына бірнеше хан келген уақыттар да болды. Ұлы далада “қан сасыған хан сарайы” деген осыдан қалған.

Қазақ хандығын дамыту жолындағы ішкі саяси жағдайды жан-жақты ұғынған және сол кездегі күрделі геосаяси жағдайды ескерген Әбілқайыр хан қазақтың Ресей құрамына өз еркімен кіруінің (протекторат) инициаторы болды. Ол қазақ халқының үш ғасырға созылған күрделі тағдырын анықтаған шешім еді. Сол кезде Қазақ хандығы Ресейдің құрамына кірмей өздігінен өркениетті елдердің қатарына қосылатын мүмкіндігі болды ма? Бұл үш ғасырдан кейін де маңызын жоймаған сұрақ.

Бұл дұрыс шешім болды ма, әлде теріс пе деген сауалға әлі күнге дейін ғалымдар мен саясаткерлер толық жауап бере алмай келеді. Мүмкін толыққанды жауап табылмайтын да болар. Ресей мемлекетінің тұрақты көмегінсіз Даладағы ханның билігі қазақтың үш жүзінің басы бірігіп, ұзақ уақыт тұрақты дамуы екіталай екенін түсінді.

Қазақтың ханы ретінде Әбілқайыр өзінің тарихи миссиясын қазаққа жарқын жол көрсету деп түсінді. Өз ойын ресейдің императоры Елизавета Петровнаға жазған хатында, “бұл дүние ешкімге, соның ішінде маған да мәңгі емес, сондықтан мен балаларым мен өзімнің қырғыз-қайсақ (қазақ) халқыма соңынан олар пайдаланатын бір жол қалдырғым келеді” деген. Оның есімі қазақ тарихында елдің ішкі және сыртқы саяси проблемаларын шешкен Даланың ірі саяси қайраткері және әскербасшы ретінде ғана емес, сонымен қатар Еуразия кеңістігіндегі болашақ қазақ тарихының дамуын дұрыс болжап, оған өз халқын дайындай білген халықаралық дәрежедегі стратег ретінде қалды. Ол қазақ халқының сол кездегі түйінді мәселелерін саралай келіп, еуропа өркениетіне бағыт алуға шешім қабылдады. Ол туралы Ы. Алтынсарин, “ . . . Әбілқайыр қазақтарға адамзат өркениетіне апаратын жаңа жол, қайырымдылық пен бақыт жолын көрсететін ерекше дәуірді ашты . . . Біз оған: Әбілқайыр - сен о дүниенің де патшасы бол, сенің есімің қазақтардың есінде мәңгі қалсын демекпіз” деген екен.

Әбілқайыр жүргізген саясатты, қазақтың ұлы ханы Абылай одан әрі жалғастырды. Ол туралы Ш. Уәлиханов: “Сол қантөгіс заманда сұлтан Абылай басқалардан ерекше көрінді. Ол қатардағы әскерден бастап сол кездегі барлық негізгі соғыстарға қатысып, онда өзінің ерекше батырлығымен және айлакерлігімен көзге түсті. Пайдалы кеңестері мен стратегиялық шешімдері оны даналардың қатарына қосты” дейді.

Ойраттар ішінде билікке талас соғысқа ұласқанда, Абылай көтерілісші нояндар - Әмірсана мен Дауациді қолдау арқылы, өзара соғысқан жоңғардың күшін солардың қолдарымен әлсіретті. Сүйтіп олардың шайқасы солтүстікке ығысқанда қазақтың көшін Ертістің сағасы мен Зайсанның жайлауына көшіріп апарды. Сонымен, біріншіден, қазақтың жерін кеңейтті, екіншіден, жоңғарды өзіне өзін қарсы қойып әлсіретті. Сол кездегі саяси жағдайды тиімді пайдаланды. Соңынан манчжур әскері жоңғарды қирата жеңгенде, Абылай өз әскерін ойраттардың қонысынан шығарып, Циндардың жағына шықты. А. И. Левшиннің дәл анықтауы бойынша, “ол мақсатын өзгертпей, одақтастарын ауыстырды” және сол жағдайды пайдаланып бұрын жоңғар хандарының қарамағында болған Жетісудың Солтүстік-Батысы мен Тарбағатайға Орта және Ұлы жүз қазақтарын көшірді. Цин империясы Жоңғар хандығын жойып жібергеннен кейін қазақ халқы өте күрделі геосаяси жағдайда қалғанда Абылай саяси және әскери дарынымен бірге, көреген дипломаттық қырын таныта білді. Ол бұрын Ресейге ант бергенімен, енді қытай богдахандарының қамқорлығын қабылдап, осы екі ел арасындағы қайшылықтарды қазақ хандығының саясатын жүргізуге пайдалануды ойлады. Бірақ, осы қос бодандық немесе сол кездегі көпвекторлы саясат түбінде қазақ хандығының сыртқы саясатына тиімді болған жоқ. Ол XIX ғасырда Шығыс Түркістанды Қытайдың басып алып, құрамына кіруін тездетті. Елді басқа елдің бодандығына (әскери, экономикалық, саяси және т. б. ) апаратын қандай да саясатты дұрыс деп айтуға болмайды.
Қазақ хандығының оңтүстіктегі жағдайын түзету мақсатында Абылай хан Тянь-Шань қырғыздары мен Фергана басшыларына қарсы жорық ұйымдастырып, Түркістан қаласының маңайы мен Ташкентті қазақ жеріне кіргізді.
Абылай хан айналасына заманының ұлы ақындары - Бұхар жырау, Тәттіқара, Үмбетей жырау және батырлары - Қабанбай, Бөгембай, Тайман, Наурызбай және т. б. жинау арқылы халқын біріктіріп, сарбаздары мен батырларының рухын көтере білген ұлы елбасшы болды. “Тағдыр кейде алдын, кейде артын береді” деп Асанқайғы бабамыз айтқандай, Абылай хан дүниеден өткен соң қазақтың батырлық дәуіріндегі дәстүрлер тарих үлесіне кетті. Абылай хан қазақ халқының санасында ұлы істерді атқаруға жіберген аруақ ретінде сақталды. Әбілқайыр мен Абылай хандардың жүргізген сыртқы саясаттары бүгінгі Қазақстан үшін де маңызын жойған жоқ. Олардан кейінгі екі ғасырдан астам уақыт ішіндегі бодандық, “Зар заман”, Қазан төңкерісі мен қазақтардың шет жерге жаппай көшуі (екінші “Ақтабан шұбырынды”), 1921-1924, 1929-1938 жылдардағы ашаршылық, жаппай қырғын мен саяси қуғын-сүргін, тоталитарлық жүйе т. б. осының бәрі Әбілқайыр мен Абылай хандардан кейінгі қазақ халқының ауыр да қасіретті тарихы. Енді тәуелсіздік алған еліміздің геосаясаты мен экономикасын дамытуда біз “баяғы жартас, сол жартас” болып қалмай, өткен тарихымыздың сабақтарын үнемі естен шығармауымыз керек.
1743 жылы қалмақ тұтқынынан хан Абылайды босатып жатып Галден Церен оған үш сұрақ қояды: «Сендерде қой көп пе?» деп. Оған Абылай: «Көп» дейді. Сонда Галден «Демек, қойшы өтірікші, қойлар - ұры. Сендер ешқашан ұсақ даудан құтылмайсыңдар, - дейді де, - сендерде жылқы мен сиыр көп пе?» деп екінші сұрағын қояды. Абылай бұл сұраққа да «Ия, көп» деп жауап береді. Сонда Галден айтады. «Сенің халқың еңбек етпей етке тойып, қымызға мас болатындықтан ұрпақтарың сауатсыз болады. Сенің халқың егін еге ме?» дейді ақырғы сұрағын қойып. Абылай, «Жоқ» деп жауап береді. Галден оған: «Жерге орнықпаған халық отанын тапқанша талай рет басқа жерлерге тарап атамекенінен қуылады» депті.

Қазақтың атақты билері Төле мен Қазыбек хан Абылайдың замандастары. Қалмақта жатқан тұтқындарды босатып алуға барған Қазыбек би Қоңтәжі ханға: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген, дәм-тұзды ақтай білген елміз. Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды! Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз . . . » деп тұтқындарды босатып алыпты.
Абылайдан кейін қазақ тарихында өшпес із қалдырған хандар - Кенесары Қасымұлы, Бөкей және Жәңгір Бөкейұлы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы
Психологиялық қызмет көрсету
Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі
Өткен ғасырдың ойшылдары
Көркем шығарманың оқытудың тиімді жолдарын қарастыру
Сөз мағынасының дамуы және ақпарат
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» білім мен тәрбие жүйесі
Оқушылардың өзіндік жұмысына тән сипттарды анықтау
Баланы жан-жақты тәрбиелеуде ойының маңызы
Сыныптан тыс оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz