Лекциялар жинағы «Дінтану және теология»
1.Лекция тақырыбы : Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғұрыптар пәні
2.Лекция тақырыбы : Дәстүрлі емес діндарлық құбылысы ұғымы және оның мәнін анықтау мәселесі
3.Лекция тақырыбы : Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың ерекшеліктері және жіктелуі
4.Лекция тақырыбы : Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғұрыптар
5.Лекция тақырыбы : Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қозғалыстар
6.Лекция тақырыбы : Дәстүрлі емес діни қозғалыстар және болашақ

Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттар пәнінің қарастыратын саласы дін.Дін -адамзат тарихымен қатар жасап келе жатқан және бүкіл әлемге ортақ құндылық.Дінсіз адам және мемлекет болса да,бірақта дінсіз халықта қоғамда болмайтындығын тарих дәлелдеп отыр.Адам баласына діннің не екендігін танып білу рухани-мәдени қажеттлік,сонымен қатар дінтанушы мамандарға дін туралы білім өз кәсіби саласында қажет. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар және ғибадаттар пән қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес қоғалыстардың пайда болуының себептерін,ілімдерінің ерекшелігін,өзіндік ғұрыптық рәсімдерін,таралу географиясын,миссионерлік әрекеттерін,дәстүрлі діндермен арақатынасын,мәселеге қатысты түрлі концепцияларды қарастырады.
Дінтануда дәстүрден тыс діндердің пайда болуын әлеуметтік саяси өзгерістермен,демографиялы қозғалыстармен және де дәстурлі діндердің ықпалының әлсіреуімен байланыстырады.Жаңа діни қозғалыстар өздерінің діни ілімдерінің мазмұнына,діни рәсімдерінің атқарылуына қарай жаңа христиандық,жаңа шығыстық,жаңа бағдарламалық,жаңа пұқка табынушылық болып бөлінеді.Дәстүрден тыс діндер ілімінің ұйымдастыру жүйелерімен де ерекшеленеді.
Бұл діндерде дәстүрлі діндердің қасиетті кітаптары мойындалғанымен қоса осы діндерді құрушылардың еңбектері де қасиетті деп құрметтеледі.Жаңа діндердің негізін салушылар құтқарушылар,пайғамбарлар,тірі құдайлар ретінде қабылданып,түсіндіріледі.Дәстүрден тыс діндердің ілімі мен практикасы синкреттілікпен және дүниежүзілік діндердің көптеген қағидаларын ұстанулығымен ерекшеленеді.Көптеген дәстүрден тыс діндерде қатал басқару жүйесі бар,дінге қабылдауда да қатал талаптар қойып,арнайы храмдарда өткізіледі.Дәстүрден тыс діндер белсенді миссионерлік қызметімен де ерекшеленеді.Бұл діндердің әлеуметтік бағдарламасы түрлі уағыздаудан бастап күнахар әлемнен толық бөлініп шығу,экономикалық өмір мен қоғамдық қатынастарға белсенді араласу.
Курстың мақсаты Қазақстанда дінтанушы мамандар дайындаумен байланысты студенттерге дін ілімі саласында білімі мен дүниетанымдық козқарасын,құндылыктарға бағдарын қалыптастыру. Курстың міндеттері cтуденттерге құпия ілімдер туралы білімдегі қазіргі заман талабына сай оқыту, адам табиғаты мен әлем заңдарының үндестігін дінні ролі мен мазмұнын,мәдени феномен ретінде ұғынуға баулу, діни феноменді сараптауда бүкіләлемдік шартты бірлігін жеткізу дін проблемалары жөніндегі әртурлі көзқарастарға терең бойлау,әртүрлі діни өрістер мен оның институттарының қызметіне сараптама жасау.

1.Балагушкин, Е.Г. Нетрадиционные религии в современной России: морфологический анализ.-Ч.1.-М.: ИФРАН, 1999
2.Баркер А. Новые религиозные движения. СПб.: РХИ, 1997
3.История религии. В 2 т. Т.2. / Под ред. И.Н.Яблокова. –М.: Высшая школа, 2002
4.Новые религиозные культы, движения и организации в России (2-е изд., дополн. и перераб.).-М.: Из-во РАГС, 1998
5.Ткачева А.А. «Новые религии» Востока. –М. Наука, 1991
6.«Религиоведение» Энциклопедический словарь. –М. 2006
7.Артьемов А.И.Дінтану. –А. 2008
8.Трофимов Я.Ф. Религия в Казахстане. А., 1997
9.Новые религиозные организации России деструктивного и оккультного характера: Справочник/ РПЦ.Белгород, 1997.
10.Кантров И.Я. Новые религиозные движения. – М.: Изд-во МГУ, 2006
11.Қазіргі Қазақстандағы жаңа діни ағымдар./ Ж.Байтенова редакторлығымен / А., 2010
12. Основы религиоведение. Яблоков.И.Н.Выс.школа.М.,1994.
13. Кислюк.К.В.Кучер.О.Н Религиоведение.Феникс.Ростов на – Дону.,2003.
14. Тихонравов.Ю.В. Религии мира: Учеб.-справ.пособие.-М.,1996.
Web сайттар:
26. http:// www. relіgіovedenіe.ru
27. http:// www. relіgіo.ru.
28. http:// www. relіgіon.ng.ru
29. http:// www. antisekta.kz
30. http:// www. din.gov.kz

Ф-ӘД-001026
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Тарих-педагогика факультеті
Дінтану және теология кафедрасы
ҚАЗІРГІ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ ҚОЗҒАЛЫСТАР МЕН ҒИБАДАТТАР
Түркістан 2012
Ф-ӘД-001026
Лекциялар жинағы Дінтану және теология кафедрасының ___ 20
ж. мәжілісінде талқыланды № 1 хаттама.
Кафедра меңгерушісі, доцент С.Оразбай
Құрастырған пән оқытушысы С.Оразбай
Лекциялар жинағы факультеттің ___ 20 ж. (хаттама № )
ОӘК де қаралып, мақұлданды.
Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, п.ғ.к., доцент __________ Ү.Мелдебекова
Лекциялар жинағы дінтану мамандығының типтік оқу жоспары және
пәннің типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Ф-ӘД-001026
Қазіргі дәстүрлі емес діни қлзғалыстар мен ғибадаттар
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттар пәнінің қарастыратын
саласы дін.Дін -адамзат тарихымен қатар жасап келе жатқан және бүкіл әлемге
ортақ құндылық.Дінсіз адам және мемлекет болса да,бірақта дінсіз халықта
қоғамда болмайтындығын тарих дәлелдеп отыр.Адам баласына діннің не
екендігін танып білу рухани-мәдени қажеттлік,сонымен қатар дінтанушы
мамандарға дін туралы білім өз кәсіби саласында қажет. Дәстүрлі емес діни
қозғалыстар және ғибадаттар пән қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес
қоғалыстардың пайда болуының себептерін,ілімдерінің ерекшелігін,өзіндік
ғұрыптық рәсімдерін,таралу географиясын,миссионерлік әрекеттерін,дәстүрлі
діндермен арақатынасын,мәселеге қатысты түрлі концепцияларды қарастырады.
Дінтануда дәстүрден тыс діндердің пайда болуын әлеуметтік саяси
өзгерістермен,демографиялы қозғалыстармен және де дәстурлі діндердің
ықпалының әлсіреуімен байланыстырады.Жаңа діни қозғалыстар өздерінің діни
ілімдерінің мазмұнына,діни рәсімдерінің атқарылуына қарай жаңа
христиандық,жаңа шығыстық,жаңа бағдарламалық,жаңа пұқка табынушылық болып
бөлінеді.Дәстүрден тыс діндер ілімінің ұйымдастыру жүйелерімен де
ерекшеленеді.
Бұл діндерде дәстүрлі діндердің қасиетті кітаптары мойындалғанымен
қоса осы діндерді құрушылардың еңбектері де қасиетті деп
құрметтеледі.Жаңа діндердің негізін салушылар
құтқарушылар,пайғамбарлар,тірі құдайлар ретінде
қабылданып,түсіндіріледі.Дәстүрден тыс діндердің ілімі мен практикасы
синкреттілікпен және дүниежүзілік діндердің көптеген қағидаларын
ұстанулығымен ерекшеленеді.Көптеген дәстүрден тыс діндерде қатал басқару
жүйесі бар,дінге қабылдауда да қатал талаптар қойып,арнайы храмдарда
өткізіледі.Дәстүрден тыс діндер белсенді миссионерлік қызметімен де
ерекшеленеді.Бұл діндердің әлеуметтік бағдарламасы түрлі уағыздаудан бастап
күнахар әлемнен толық бөлініп шығу,экономикалық өмір мен қоғамдық
қатынастарға белсенді араласу.
Курстың мақсаты Қазақстанда дінтанушы мамандар дайындаумен
байланысты студенттерге дін ілімі саласында білімі мен дүниетанымдық
козқарасын,құндылыктарға бағдарын қалыптастыру. Курстың міндеттері
cтуденттерге құпия ілімдер туралы білімдегі қазіргі заман талабына
сай оқыту, адам табиғаты мен әлем заңдарының үндестігін дінні
ролі мен мазмұнын,мәдени феномен ретінде ұғынуға баулу, діни феноменді
сараптауда бүкіләлемдік шартты бірлігін жеткізу дін проблемалары жөніндегі
әртурлі көзқарастарға терең бойлау,әртүрлі діни өрістер мен оның
институттарының қызметіне сараптама жасау.
Пән терминологиясының да ерекшелігі бар,олардың мағынасын,
қолданылуын білу маңызды.Сондықтан да терминдерді жеке қарастырамыз.
Біріншіден дәстүрлі және дәстүрлі емес терминінің мағынасын
қарастыралық.Дәстүрлі дін- халықтың тарихи- мәдени дамуында қалыптасқан
Ф-ӘД-001026
ұлттық құндылықтарын,қағида,салт дәстүрлерін қ өз ілімдері тұрғысынан
қабылдап, оларға қарсы келмейді.Ал дәстүрлі емес діндер қоғамда тарихи-
мәдени тұрғыда қалыптасқан құндылықтарды,салт-дәстүрлерді танымайтын,оны
жоққа шығаратын үлкен діндерден бөлініп шыққан жаңадан пайда болған
діни ағым.Діни секта термині дінтануда дәстүрлі емес діни қозғалыс,
әлеуметтік мағынада қолданылса, ал құқықтануда бұл термин діни ұйым ретінде
қабылданады, заңнамада секта терминін қабылданбайды.Діни ағым мен діни
сектаның айырмасын бар,діни ағым - діннің белгілі бір қағидаларын
басқаша түсіндіретін көзқарастағы түсінік,ол діннің негізгі іргелі
постулаттарына қарсы келмей,сол діннің кеңістігінен шықпайды,ал дін
негіздерін түбегейлі өзгеріске түсіріп басқаша қабылдаса онда ол діни
сектаға айналады, яғни діннен бөлініп жаңадан қалыптасады.
Курста жалпы ғылыми және дінтанулық зерттеу әдіс тәсілдері
қолданылады.Курс материалын түсіндіру конфессиялық дінтану позициясы
тұрғысынан жүргізіледі.
Қорыта айтқанда курстың оқытылуы бүгінгі күн талабынан туындап
отыр,қазіргі қоғамдағы діни секта феномені туралы ғылыми білім дінтанушы
мамандардың кәсіби іс-әрекет саласында маңызды.
1.Лекция тақырыбы : Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғұрыптар
пәні
2. Лекция жоспары:
1. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар пәні мақсаты мен міндеті
2. Пәнді оқытудағы негізгі ұстанымдар мен әдіс-тәсілдер
3. Дінтанулық және теологиялық әдіснама және олардың айырмашылығы
3. Лекция мақсаты: курстың қарастыратын тақырыбы, ерекшелігі
және терминологиясын түсіндіру.
4. Лекция мазмұны: Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттар
пәнінің қарастыратын саласы дін.Дін -адамзат тарихымен қатар жасап келе
жатқан және бүкіл әлемге ортақ құндылық.Дінсіз адам және мемлекет болса
да,бірақта дінсіз халықта қоғамда болмайтындығын тарих дәлелдеп отыр.Адам
баласына діннің не екендігін танып білу рухани-мәдени қажеттлік,сонымен
қатар дінтанушы мамандарға дін туралы білім өз кәсіби саласында қажет.
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар және ғибадаттар пән қазіргі кезеңдегі
дәстүрлі емес қоғалыстардың пайда болуының себептерін,ілімдерінің
ерекшелігін,өзіндік ғұрыптық рәсімдерін,таралу географиясын,миссионерлік
әрекеттерін,дәстүрлі діндермен арақатынасын,мәселеге қатысты түрлі
концепцияларды қарастырады.

өзгерістермен,демографиялы қозғалыстармен және де дәстүрлі діндердің

христиандық,жаңа шығыстық,жаңа бағдарламалық,жаңа пұтка табынушылық болып

синкреттілікпен же дүниежүзілік діндердің көптеген қағидаларын

Пәннің мақсаты Қазақстанда дінтанушы мамандар дайындаумен

козқарасын,құндылыктарға бағдарын қалыптастыру. Пәннің міндеттері с
туденттерге құпия ілімдер туралы білімдегі қазіргі заман талабына сай
оқыту, адам табиғаты мен әлем заңдарының үндестігін дінні

ұлттық құндылықтарын,қағида,салт дәстүрлерін өз ілімдері тұрғысынан

діни ағым.
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар (діндер)- соңғы кездерде пайда
болған,шығу тегінен ұлттық немесе әлемдік діндерден бөлініп шыққан,бірақ
қайнарынан байланысын үзген,өзіндік ерекшелік пен әмбебептыққа ұмтылатын
жаңадан шығып жатқан діни сенімдер.Олар әлеуметтік тұрғыда діни секта деп
аталады.Құқықта секта термині қолданылмайды сондықтан ғылыми әдебиеттерде
бұл термин көп кездесе бермейді.
Діни секта термині дінтануда дәстүрлі емес діни қозғалыс,

негіздерін түбегейлі өзгеріске түсіріп басқаша қабылдаса, онда ол діни

Секта-өзіндік діни ілім мен ғұрыпқа ие діни ұйым.Ол өзі ұстанған
жолдың дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді.Сектаға тән нәрсе-өздерінің
Құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім,оқшауланушылық,ғұрыптарына
ерекше беріктік,секта мүшелерінің теңдігін жариялау,дәстүрлі қоғамдық
құндылықтар мен ұллтық ерекшеліктеге мән бермеу,келісімге келмеу және
миссионерлікпен белсенді айналысу.

Қорыта айтқанда пәннің оқытылуы бүгінгі күн талабынан туындап

5. Бақылау сұрақтары:
1. Дәстүрлі емес діндер пәнінің қарастыратын саласы
2. Курстың мақсаты мен міндеті
3. Дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің айырмашылығы
4. Діни секта терминінің мағынасы
5. Діни ағым мен діни сектаның айырмашылығы
6. Дәстүрлі емес діни қоғалыстар терминінің синонимдері
6. Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмасы: Пән әдебиеттері мен интернет
материалдарына шолу
7. Әдебиеттер:
1.Балагушкин, Е.Г. Нетрадиционные религии в современной России:
морфологический анализ.-Ч.1.-М.: ИФРАН, 1999

3.История религии. В 2 т. Т.2. Под ред. И.Н.Яблокова. –М.: Высшая школа,
2002
4.Новые религиозные культы, движения и организации в России (2-е изд.,
дополн. и перераб.).-М.: Из-во РАГС, 1998
5.Ткачева А.А. Новые религии Востока. –М. Наука, 1991
6.Религиоведение Энциклопедический словарь. –М. 2006

9.Новые религиозные организации России деструктивного и оккультного
характера: Справочник РПЦ.Белгород, 1997.

11.Қазіргі Қазақстандағы жаңа діни ағымдар. Ж.Байтенова редакторлығымен
А., 2010

1. http: www. relіgіovedenіe.ru
2. http: www. relіgіo.ru.
3. http: www. relіgіon.ng.ru
4. http: www. antisekta.kz
5. http: www. din.gov.kz
1.Лекция тақырыбы : Дәстүрлі емес діндарлық құбылысы ұғымы және оның мәнін
анықтау мәселесі
2.Лекция жоспары:
1. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың пайда болуының шарттары
2. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың психотехникалық әдістері мен
тәсілдері
3. Лекция мақсаты: Дәстүрлі емес ліни қозғалыстар мен ғибадаттардың
пайда болуына ықпал етуші факторлар, олардың негізгі белгілері мен
психотехникалық тәсілдерін түсіндіру
4. Лекция мазмұны: 1. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттар
XVІІ-XX ғ.ғ пайда болған және қазірде пайда болуда,олардың санының қанша
екені анық емес,шамамен әлемде 150-200 млн адам діни секталар мүшесі.Діни
секталардың көншілігі батыс қоғамынан шығуда.олардың пайда болуының
шарттары да күрделі,қоғамдағы саяси-әлеуметтік немесе дүниетанымдық
процестермен қатар,оның шығу себептеріне ғаламдық деңгейдегі
экономикалық,демографиялық,әлеуметт ік проблемалардың зардаптары(
наркомандық,спид,халық-қ қылмыс,коррупция және т.б ) және күнде өзгеріп
жатқан әлемдегі әр бір нәрсеге кейбір дәстүрлі діндердің дер кезінде жауап
бере алмауы,діни догмаға шырмалуы секілді факторлардың әсері де
айрықша.Дәстүрлі емес діни қозғалстардың пайда болуының себептеріне
ғалымдар батыс қоғамындағы өзгерістерді жатқызады.Осы факторларды бөліп
қарастыралық:
-дәстүрлі діндердің қазіргі заманның өткір мәселелеріне айқын жауап бере
алмауы себепті,олардың қоғамдағы беделінің түсуі;
-ғылым мен техниканың дамуы,адамның жаңа мүмкіндіктерінің ашылуы және ғылым
алдында жаңа проблемалардың тұруы;
-адамзаттың мәңгілік сұрақтарының шешілмеуі ( өмірдің мән-мағынасы,өлім
және т.б ).Бұл жерде қазіргі материалистік дүниетанымның салдары айтылуда;
-қарқынды дамудағы халықтар мен елдер арасындағы,саяси-мәдени байланыстар,
ақпараттар алмасумен оның жылдам жетуі,БАҚ,интернет жүйесі.Адамның осы
ақпаратты,түсінікті жүйелі қабылдап қорыта алмауы, оған уақытының
жетіспеуі;
-өмірдің барлық саласының коммерцияға айналуы,барлық нәрсе сатылады және
сатып алуға болады деген түсініктің белең алуы;
-қоғамдағы әлеуметтік,саяси,демографиялық және т.б проблемалардың дер
кезінде шешілмеуі;
-мемлекет пен қоғамдағы парақорлық пен бюрократия;
- білім беру саласында дін туралы ғылыми білімнің дұрыс жолға қойылмауы;
-рухани жұтаңдық,адамның өміріне рухани тірек таппауы.
Осындай факторлар дәстүрлі емес діни қозғалыстардың пайда болуының
негізгі себептері.
Діни секталардың мүшелері көбіне қалыпты әлеуметтік тіршілігін
бұзған адамдар,яғни мығым рухани бағдар таба алмауы немесе оны жоғалтуы.
Сонымен діни секталар дәстүрлі діндерден бөлінуден және
дүниетанымдық ізденістерден пайда болады.
2. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың дүниеге қатысты түсініктері ұқсас
келеді.Бұл қозғалыстардың негізін салушылар абсолютті ақиқатты таныған
адам ретінде қабылданып,ол пайғамбар,данышпан тіпті тірі құдай депте
саналады.Діни сектаның негізін қалаушы шәкірттеріне ( жолын ұстанушылар )
белгілі бір ақиқатты танытады,барлығының құтылатынына кепілдік береді
егер оның көрсеткен жолымен жүрген жағдайда.Құтылушылық білімді игеру
діни секта мүшелерін танылмаған әулие,әлемнің шынай элитасы етіп
көрсетеді.
Өткен,бүгін және келешекке қатысты тұжырымдарынан дүние түсініктерін
негіздейді.Діни секталар дүниетанымдық негіздерін “өткен уақыт
қателік,азап пен адасу дәуірі,тарихққа мұндай баға беруді жаңа ілімнің
шығуы ақтайды,өйткені жаңа ілім –ұлы ақиқат,онда бұрынғы заман үлкен
қателік адасу дәуірі , қазіргі заман өтпелі кезең ретінде
қарастырылып,енді ақиқат ашылды,бірақ әлі толық жеңіске жеткен
жоқ,зұлымдық пен ізгілік арасында бітіспес күрес жүруде түбінде біз
жеңеміз, өздерінің тапқан ақиқаттары жеңіп,дүние жақын арада түбірімен
өзгереді,сенбегендер жойылып, сенгендер құтылып жаңарған әлемнің жаңа
тұрғындары болады”-деп түсіндіреді.
Әрбір діни сектаның дүниетанымдық принциптерін кейінгі лекцияларда
арнайы қарастырамыз,сондықтан оларға тоқталмаймыз.
3. Дәстүрлі емес діни қозғалыстың зиянды екенін анықтаудың басты
өлшемдерінің бірі сектада психологиялық мәжбүрлеудің болуы.Зайырлы
мемлекеттердің барлығында адамның діни сенім бостандығына заңмен кепілдік
берілген,сондықтанда барлық діни секталарды зиянды деп қарастыру дұрыс па
деген сұрақ туындайды..Бұл жерде мәселенің екі жағы бар, заңға қарсы
келмейтін кез келген діни ұйым өмір сүруге құқылы,екінші жағынан қоғамның
басым көпшілігінің дәстүрлі дүниетанымы мен діни сенімі тұрғысынан жаңа
діни ағымдардың қоғамға еш пайдасы жоқ,олар ұлттық болмысымызды бұзушы
деген түсінік.Бірінші көзқарас бойынша діни секталардың әрекеттері заң
шеңберінен шықпаса болды,бұл мәселеге тек заң тұрғысынан келу.
Екінші көзқарас бойынша дәстүрлі діни сенімімізге жат кез келген жаңа діни
ағым зиянды деген түсінік.
Ресей ғалымы Волков Е.Н. “ Жеке адам немес топтың біреудің ерікті және
саналы келісімінсіз сананысын бақылау үшін психологиялық күштеу қолдануы
туралы сараптамалық-анықтамалық ақпарат ” –атты кітабында діни секталардың
зияндығын анықтаудың өлшем белгілерін көрсетеді.Онда негізгі өлшем
психологиялық күштеу екендігі айтылады.
Сонымен дәстүрлі емес дін қозғалыстардың зияндығы олардың әрекеттерінде
психологиялық күштеудің барлығына байланысты төмендегідей анықталады:
1. Көсемдік сипаты:
- харизматикалық көсемдікке ұмтылыс: құдайлық немес ерекше даналықты
жариялау,оның билігіне мойынсұну;
- басшылыққа мүлтіксіз бағыныштылық: басшының ілімдеріне өзгеріс
енгізсе,ізіне ерушілердің де көзқарастарын соған бейімдеуі,сөйтіп
көсемдеріне адалдығын көрсетуі;
- міндетті түрде көсемге еліктеу;
- көсемнің өткен өмірін анқтайтын құжаттың болуы ( өткен өміріндегі
қылмыстар туралы мәлімет );
- кері байланысқа ашықтықтың болуы,көсем билігін тежеу мен қарсы тұру
тетіктерінің жоқтығы;
2. Доктриналарының сипаты мен құрылымы:
- өздеріне арналған ішкі доктринаның және сыртқа көрініс үшін
арналған доктриналардың болуы;
- сенім негіздерінде мақсатқа кез келген жолмен жетуге болады деген
түсініктің болуы;
- ізгілік үшін аморалдық әрекеттерді қолдау,біз және басқалар деген
жікшілдікке апаратын дүниетанымды енгізу;
- сектаның сенімі абсолютті ақиқат,сондықтан дүниелік заңнан
жоғары,бізге мүше адам тылсым күш пен ерекше құрметке ие деген сенім;
3. Сектаға мүшелікті құру мен қолдаудың сипаты:
- түрлі әдіс- тәсілдерді қамтитын белсенді және пассивті алдау мен
арбау,мақсаттарын жасырып психотехникалық әдістерді пайдалана отырып үгіт-
насихат жүргізу;
- манипулация қолдану: құпиялық және элитарлық ахуал туғызу,ритуалдық
рәсімдер өткізу,адамның басқалардан ерекшемін деген сезімін
оятуы,қорқыныш пен кінәлік сезімдерді манипуляциялау;
- сананы бақылау техникаларын қолдану: адамда сезімдік жоғарылау мен
төмендеу,
жаттану (адамның отбасы,достар және қоғамнан бөлінуі ),құндылықтарын
өзгертіп сектаның жаңа “отбасы” құндылығын енгізуі,адам психикасында
өзгерістердің болуы;
- сезімді ойдан жоғары қою (эмоция, инстинктілік түйсік,интуицияны
қолдап, рационалды ой қорытуға мән бермеу ),секта басшыларының
қарапайым мүшелердың сезімдерін үнемі манипуляциялауы;
- сектаға кірген адамның өткенмен байланысын үзуі(
отбасы,достары,мақсаты,мүдде),
өмірлік бағыт бағдардың өзгеруі;
- сыни ойлау,ақылға салу ақыл парасатты үнемі жоққа шығару,олар адамды
шатастырады деп сезімді жоғарылату;
- адамды психологиялық оқшаулықта ұстау,оның сектадан еркін шығуына
түрлі қорқыныш сезімдерін сіңіру арқылы жол бермеу;
- дүниені екіге бөліп қарау көзқарасын ( поляризация ) енгізу, яғни біз-
жақсымыз, ал әлем-жаман деген;
- секта мүшелерін ашық немесе жасырын тәуелді ету (
психологиялық,қаржылай және т.б.) және оларды қанау;
- секта мүшелерінің сұрақ қоюына мүмкіншілік бермеуі,бергеннің өзінде
толық дәл жауап ала алмауы;
Осындай өлшемдер арқылы діни секталардың зиянды екенін анықталады.
4. Зерттеуші Е.Н.Волков кейбір дәстүрлі емес діни қозғалыстардың түрлі
психотехникалық әдістер арқылы адам санасын бақылауда ұстайтындығын
жазады.Соларды жеке қарастырамыз:
Ойды бақылаудың шарттары.
Маргерет Т. Сингердің үлгісі бойынша сананы бақылаудың алты шарты бар.
1. Адамның уақытын бақылауға алу,әсіресе оның ойлау кезін.
2. Сектаға жаңадан кірген адамда бейшаралық сезім қалыптастыру,өздеріне
тиімді жолға салу.
3. Секта мүшесін бұрынғы әлеуметтік қалпын өзгерту мақсатында оның санасына
сый беру және жазалау арқылы ықпал ету.
4. Басшылыққа тиімді әрекет жасау үшін секта мүшесін сыйлық пен жаза
әдістерімен шатастыру.
5. Қатаң бақыланатын жүйе жасау,яғни адам топ мүшелерінің
көзқарасынан ауытқыса, оның қалыпты қағиданы бұзушы ретінде
өзін кінәлі сезіндіру.
6. Секта мүшелерін болып жатқан нәрселерге есеп бере алмайтын жағдайда
ұстау.
Сананы бақылау техникалары.
1. Топтық қысым көрсету немесе сүйіспеншілік көрсету- адамның
күдіктенуіне жол бермеу,жаңа мүшені ерекше
ілтипатпен қарсы алу,оны бір мезетте жалғыз қалдырмау,тәжірибелі адамдардың
жаңа мүшенің қасында үнемі болуы,оны үйретуі.
2. Оқшаулау- жаңа мүшенің секта туралы мәліметін тексеруіне мүмкіндік
бермеу.
3. Ойлауды тежейтін техникалар- жаңа мүшені медитацияға кіргізу,бір
әуезді ән айту және қайталанатын қимылдар,оларды көп жасағанда адамда
жоғарғы берілгендік пайда болады.
4. Қорқыныш пен кінәлік- ашық немее жасырын сес көрсету арқылы адамда
қорқыныш пен кінәлік сезімдерін ояту.
5. Ұйқыдан бас тарту- рухани жаттығу үшін деп аз ұйықтау.
6. Қалыпты тамақтануды бұзу- денсаулықты жақсарту және рухани жетілу
үшін арнайы диета немесе арнайы рәсім деп түсіндіріледі.
7. Сезімдік қайта күштеу- жаңа доктринаны қабылдауға күштейді,оған өте
көп ақпаратты игеруіне аз уақыт береді және сыни ойлауын шектейді.
Сананы бағындырып бақылау жүргізудің үш кезеңі.
Сананы бағындырып бақылау жүргізудің үш кезеңі төмендегідей сипаттармен
ерекшеленеді
1. Тоқтату ( растормаживание,психологиялық тежеу,адамды психологиялық
шашыраңқылыққа әкелу және сананың бейберекетсіздігі).
- қате бағыт бағдар беру ( дезориентация );
- сезімге күш түсіру ( сенсорная депривация или перегрузка);
- физиологиялық манипуляция яғни тыныш ұйықтауға,жалғыз қалуға,қалыпты
тамақтануға мүмкіншілік бермеу,бұл физиологиялық және психикалық
өзгерістерге алып келуі мүмкін;
- гипноз жасау,ол үшін түрлі бір әуенді ән,екі мағыналы
сөз,медитация,дұға ету және т.б әдістер қолданылады;
- жаңа мүшеге өзінің бірегейлігін( самоидентификация) анықтауды
мәжбүрлейді;
2. Өзгерту:
- адамда жаңа бірегейлік жасау;
- іс-әрекетті түрлендірудің техникаларын қолдану ( сый-жаза,ойлауды
тоқтату тезхникасы,ортаны бақылау);
- мистикалық манипулация ( оқиғалар мен жағдайларға басшылыр мүддесіне
сай мән мағына беру);
- гипноз қолдану;
- күнәдан арылу мен жасырын мәлімет алуды қолдану;
3. Енгізу ( замораживание,консервация новых стреотипов) .
- адамның ескі бірегейліктен бас тартып жаңаға көшуі ( өткеннен
ажырау,жеке мүлкін сектаға өткізу,басқа сектанттар мен жақындасу);
- жаңа есім,жаңа тіл,жаңа отбасы;
- жаңа ролдегі міндеттерді атқару: таныс жүйесі;
- санаға ықпал етудің(индоктринация) жалғасуы ( семинарлар,оқу,топтық
қағидаларды игеру);
Санаға бақылау жүргізу төрт негізгі салада іске асырылады:
1. Жүріс- тұрысты бақылау (контроль поведение)
2. Ақпаратты бақылау (контроль информации)
3. Ойды бақылау ( контроль мышление)
4. Сезімді бақылау (контроль чувств,эмоций)
1. Жүріс-тұрысты бақылау
- Адамның жеке өмірін реттеу ( қайда және кіммен тұратыны,киетін киімі,
тамағы,шашының прическасы,қанша ұйықтау керектігі және қаржылық
кіріптарлық).
- Сананы улау мен топтық рәсімдерге көп уақыттың бөлінуі.
- Сый беру және жазалау.
- Қатаң қағида мен ереже.
- Жеке даралықтың жойылуы,орнына топтық ойдың белең алуы.
- Бағыну мен тәуелділікке бейімділік.
2. Ақпаратты бақылау:
Ақпаратты бақылау төмендегідей іске асырылады.
1. Алдау арбауды қолдану (ақпаратты әдейі жасыру,ақпаратты теріс жеткізу,
өтірікті айту).
2. Секта мүшелерінің басқа көздерден ақпарат алуын мүмкіндігінше шектеу
немесе міндеттер жүктеп олардың ойлануына мұрша бермеу.
3. Сыртқы ақпаратты өз мақсаттарына бұрмалау,секта басшысының ақпаратты
реттеп отыруы.
4. Секта мүшелерінің бір бірін аңдуына қолдау көрсетуі.
5. Сектаның өз ақпараты мен үгіт насихатын кеңінен қолдану ( журналдар,
газеттер,үнпарақшалар,аудио-бейне таспалар,түрлі дәйектемелер және
т.б )
6. Күнадан арылу рәсімін жиі өткізу (күнә туралы ақпарат-бақылауда ұстау
үшін адамның тұлғалық болмысын жою).
3. Ойды бақылау:
Ойды бақылауға мыналар жатады.
1. Сектаның доктринасын ақиқат ретінде қабылдауға мәжбүрлеу:
- біздің сызба шындыққа сәйкес;
- ақ пен қара (басқа түс жоқ);
- ізгілік зұлымдыққа қарсы ( келісім және күрделі өзарақатынас жоқ);
- біз оларға қарсымыз ( сыртқы әлемге топтық қарсылық).
2. Күрделі тілді меңгеруді міндеттеу ( сектанттық лексикон).
3. Жақсы және дұрыс ойларға қошемет көрсету (секта басшысына ұнайтын).
4. Ойлауды тоқтатын техникалар қолдану:
- жоққа шығару,ақталу, қажетсінгенді шындық ретінде қабылдау;
- бір жақты жәй сөйлеу,ән айту немесе дыбыс шығару;
- медитация;
- дұға ету;
5. Көсем,доктрина немесе сектаның саясаты туралы сыни сұрақтар қоюға тыйым
салу.
6. Баламалы басқа діни сенімді ұстануға тыйым салу.
4. Сезімді бақылау:
Сезімді бақылауға жататындар.
1. Адамның сезімдік кеңістігін тарылту.
2. Кез келген мәселеде адамның өзі кінәлі деген сенім ұялату.
3. Кінәлікті көп қолдану:
- бірегейлік кінәлігі;
- әлеуметтік кінәлік;
- тарихи кінәлік;
4. Қорқыныш сезімін көп қолдану-түрлі фобиялар енгізіледі.
5. Күнәхар сезіндіру үшін рәсімдерді көп қолдану
6. Сезімдік жоғарылау мен төмендеудің шектерін жасау.
Кейбір діни секталар адам санасын бақылаудың күшті техникасы ретінде түрлі
қорқыныштар мен фобияларды кеңінен қолданады.Қорқыныш сезімі үнемі
күшейтіліп тұрады.Адам санасына жеке және сыни ойлау,сектадан
кетуден,жаулардан,табиғат апаттары және т.б қорқыныштар енгізіледі
(индоктринация).
Енді діни сектадан шыққан адамның жағдайы қандай болатыны
жайлы.Діни секталардың көпшілігі адамды өз қатарынан жәй шығара
салмайды,оны қорқытып,алдап арбап кетірмеуге тырысады.Бірақ сирек болсада
есебін тауып шығатындар бар.Діни сектадан шыққан адамға
барлық жағдай жасалғанымен,ол өзін әлеумет ішінде еркін сезіне
алмайды.Мұндай адамдарда көбіне өзін жоғалтуы,депрессия, шешім қабылдай
алмауы,ерік бостандығы мен өз өмірін бақылай алмауы,психологиялық дамудың
баяулауы,әзіл-қалжың сезімін жоғалтуы,түрлі психикалық ауруларға
шалдығу,ұйқының қашуы және т.б. көптеген мәселелер кездеседі.Тіпті кейбір
адамдар қайтадан сектаға барады,біраз уақыттан кейін кері қайтіп екі арада
дел сал болады.
Қорыта айтқанда дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттар
қоғамдық және ғаламдық деңгейдегі саяси,әлеуметтік,демографиялық,діни
жалпы мәдени факторлардың себебінен пайда болған және пайда
болуда.Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттар генетикалық және
дүниетанымдық прициптер бойынша шартты жіктеледі.Діни секталардың
дүниеге қатысты түсініктері “олар өткенді жоққа шығарып,бүгінгі күнді
өтпелі кезең, біз тапқан ақиқат адамзатты жарқын болашаққа алып барады”-
деген тұжырымға негізделеді.Сонымен дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен
ғибадаттар- соңғы ғасырларда пайда болған,генетикалық дәстүрлі ұлттық
немесе әлемдік діндерден бөлініп шыққан,бірақ олармен байланысын үзген,
өзіндік әмбебаптығы мен абсолютті ақиқаттығына берік сенетін жаңадан
пайда болған діни қозғалыстар.
5. Бақылау сұрақтары:
1. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттардың пайда болуының негізгі
себептері.
2. Діни секталардың дүниені түсіндіруінің ерешелігі.
3. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар анықтамасы
4.Діни сектаның зияндығын анықтаудың өлшемдері
5.Ой сананы бақылаудың шарттары
6.Сананы бақылаудың техникалары
7.Санаға бақылау жүргізудің үш кезеңі
8.Сананы бақылауды іске асырудың төрт саласы
9. Адам санасына енгізілетін қорқыныштар
10.Діни сектадан шыққан адамның жағдайы.
6. Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмасы: Зайырлық ұстанымы
тақырыбына реферат жазу
7. Қажетті әдебиеттер:

6. http: www. relіgіovedenіe.ru
7. http: www. relіgіo.ru.
8. http: www. relіgіon.ng.ru
9. http: www. antisekta.kz
10. http: www. din.gov.kz
1.Лекция тақырыбы : Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың ерекшеліктері
және жіктелуі
2. Лекция жоспары:
1. Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстарды ерекшеліктері және жіктелуі
2. Дәстүрлі емес діни қозғалысқа қарсылық
3. Лекция мақсаты: Дәстүрлі емес діни қозғаластардың ерекшеліктері,
жіктелуі,шет елдік ұйымдардың діни секталарды қолдаудағы мақсаттарын
түсіндіру.
4.Лекция мазмұны: 1. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар өзіндік
ерекшеліктерге ие.Оған кірген адамдар өмірінде күрт өзгеріс орын алып,адам
отбасында ата-анасы,бауырларымен басқаша қатынас жасап, өз сенімін
насихаттап дәлелдеумен әуреге түседі,эгоизмге бой алдырып,тіпті кейбір діни
секта мүшелері жеке мүлкін сатып,ортақ қауымдық меншікке қосады,жеке
өмірден бас тартып коммуналарға(ұжымдық қауымдық отбасылық өмір) барып
тұрады.Бұл дәстүрлі отбасылық өмірді өзгерту.Мемлекет заңдарын
сыйламау,қоғамдық әдеп қағидалары мен ұлттық дәстүрге
немқұрайлық,жеккөрушілік,жоққа шығару,өз сенімдерін абсолютті ақиқат
ретінде дәріптеу және ол ойларын жасыру,ғылымнан тыс танымдарға жүгіну,адам
санасын бақылаудың түрлі әдістерін (адамға зиянды) қолдану,қоғамнан
оқшаулану діни секталарға тән ортақ ерекшеліктер.
Осындай діни қозғалыстарды қоғам мен мемлекетке зиянды(
тоталитарный,деструктивный ) діни секталар деп атайды,олардың зияны заң
жүзінде дәлелденіп жатса,оларға тыйым салынып заң алдында жауап
береді.Бірақ діни секталар өз әректтерінің мақсатын құпия сақтайды,оны
жоғарғы басшылары ғана біледі,төменгі қарапайым мүшелері бейхабар күйінде
миссионерлік істерін белсенді жүргізе береді. Олардың түпкі мақсаттары не
деген сұрақтың жауабын секталардың доктриналарынан көруге
болады.Біріншіден кейбір діни секталар өз сенімдерінің абсолютті
ақиқаттығына берік сенімді,олар дәстүрлі ұлттық және әлемдік діндерден
бөлініп шыққан,түпкі мақсаттары адамды күнәхар әлемнен құтқарып бақыт пен
молшылыққа кенелту.Мұндай діни секталар
қылмыс,наркомания,жезөкшелік,байлық ,атақ және т.б. адамның шынайы
болмысына жат істермен айналыспайды.Олар миссионерлік әрекеттерінде
ғылым мен техниканың жетістіктерін және түрлі психотехникалық әдістерді
кеңінен қолданады,мемлекет заңдарын бұзбай,мәдениетті түрде өз сенімдерін
уағыздайды,мақсаттары қатарларына адамдарды көптеп кіргізу.Мұндай секталар
біз адамды тура жолға салып,шынайы құдайлық өмірге
жеткізушіміз,парызымызды өтеп жүрміз (өзінің діни сенімі бойынша) деп
түсінеді.Бұл секталар қоғамдық әдеп қағидаларын өздерінше түсінеді және
халықтың ұлттық құндылықтары мен салт дәстүрін сырттай құрметтегендей
көрінгенімен шын мәнінде жоққа щығарады,яғни ой мүдделерін жасырын
ұстайды,мақсаттары діни сенімдеріне кіргізу.
Екіншіден діни секталардың кейбіреулерінің түпкі мақсаттары адамды
бақытқа кенелту емес керісінше сектаны құрушының жеке басының мүдделерін
іске асыру.Яғни байлық,билік ету және т.б. нәпсіқұмарлық.Мұндай діни
секталар адам санасын түрлі әдіс- тәсілдермен улап бағынышты етіп
басшыларының мүддесіне әрекет жасайды,оны қарапайым секта мүшесі білгені
былай тұрсын сезіне де алмайды,оған мүмкіншілік те бермейді,адамды зомбиге
айналдырып тастайды.Бұл түрге жататын секталардың мақсатқа жетуде лаңкестік
әрекеттерге де баруы мүмкін.
Сонымен дәстүрлі емес діни қозғалыстарға тән ортақ ерекшеліктерді
атап көрсетсек:
1. Харизматикалық көсемдік- сектаның негізін салушы жоғарғы құдіреттен
немесе тылсымнан келген күш иесі,онда құдайлық немесе ерекше даналық
бар,сондықтан оның билігіне мүлтіксіз мойынсыну керек.
2. Сенімдерінің абсолютті ақиқатығына беріктік,басқа сенімдерге деген
төзімсіздік,ұлттық құндылықтарды ескермеу,жеккөрушілік.
3. Сыртқы көріністік : барлық сенім және ғұрыптық ерекшеліктер ізгі
мақсаттар үшін.
4. Құпиялық- түпкі мақсаттары мен іс-әрекеттерінің салдарын жасыру,ішкі өз
мүшелеріне және сыртқа арналған екі мақсаттағы доктриналардың болуы,секта
мүшелерінің басқа ақпарат алуына мүмкіншілік бермей шектеуде ұстау.
5. Дәстүрлі діндердің қасиетті кітаптарынының мәтінін өз сенімдеріне
сәйкес өзгеше түсіндіру.
6. Секта мүшелерінде жаңа өзіндік менталитет қалыптастыру үшін,адам
санасын бақылаудың түрлі әдістерін қолдану.
2.Халықаралық ұйымыдардың дәстүрлі емес діни қозғалыстарды белсенді
қолдауларының мақсаттары.
Кейбір діни секталарды халықаралық ұйымдардың қаржылай және саяси
жағынан белсенді қолдауының мүмкін мақсаттары:
1.Саяси мақсатта мемлекетті әлсірету үшін қоғамның рухани негіздерін
бұзу.Өйткені сол қоғамдағы дәстүрлі діндер діни секталар тарапынан қарсы
әрекеттерге ұшырауда,әсіресе қоғам мүшелерінің басым көпшілігі ұстанатын
дін.
2.Жасырын құпия күрес- діни секталардың қоғамдағы дәстүрлі дінмен күресі.
3.Діни сектанттықты сол елдегі билікке ықпал етудің қуатты құралы ретінде
пайдалану.
4.Шет елдердің барлау органдарының кейбір діни секталардың ұйымдарын өз
мақсатына пайдалануы (тыңшылық мақсатында агенттерін секта мүшесі ету).
5.Бір елдерде саяси мақсатта тұрақсыздық тудыру үшін фанат орындаушылар
резервін дайындау.
6.Мемлекеттік шенеуніктерді діни секталар арқылы бақылауға алу (
жала,сатып алу,шантаж және т.б).
7.Батыстың дамыған елдері мен халықаралық ұйымдардың қоғамды
демократияландырудың белгілерінің бірі ретінде түрлі елдерде либералды
сипаттағы діни сенім мен діни бірлестіктер туралы заң қабылдауына ықпал
жасауы.Мұндай заң бойынша мемлекет өз азаматтарының діни сенім
бостандығына еркіндік беруі керек.Ешқандай дінге заң негізінде басымдық
берілмейді,дәстүрлі емес діндердің әрекеттері заң аясынан шықпаса еркін
тіршілік жасайды.Егер мемлекет дәстүрлі емес діни қозғалыстар әрекеттерін
шектейтін болса,батыс елдері бұл адам құқығын бұзу, демократия
принциптеріне жатпайды деп сол мемлекетке қысым жасауы мүмкін,әрине
мемлекет өз конституциясы бойынша зайырлы және демократия елміз деп
жарияласа.
3. Дәстүрлі емес діни қозғалыстарды жіктелуінің ғылымда ортақ
принциптері қалыптаспаған,оның себебі мәселенің күрделігінде.Сол себепті
кейбір зерттеушілер бір діни сектаны белгілі топқа жатқызса,екіншілері
оны басқаша жіктейді.Дінтануда діни секталарды генетикалық шығу
тегіне,дүниетанымдық негіздеріне байланысты шартты түрде топтастыру
қалыптасқан.Осы принциптер бойынша діни секталардың классификациясы
төмендегідей беріледі:
1. Бірінші замануи тәртіпке (принципі )қатысты дәстүрлі емес діни
қозғалыстар үшке бөлінеді:
1). Дүниеге төзімділікпен қарайтын яғни дүниелік заңдар мен
саяси-әлеуметтік қағидалардан тыс олардың үстінде тұратын кемел қоғам
құру идеясын қолдамайтын діни секталар.Бұл топқа тантралық бағыттағы діни
және дүниетанымдық ілімдер жатады.
2). Дүниені жоққа шығаратын дәстүрлі емес діни
қозғалыстарда негізгі мәселе дуалистік ілімдерінде,яғни әлемде өзара
күресуші бітіспейтін ізгілік және зұлымдық секілді екі күш
бар,ақырзаманның орнауы барлығын орнына қояды,мәңгілік ізгілік орнайды
деген эсхатологиялық сенім.Бұл топқа жалған христиандық
(псевдохристианства) бағыттағы Виссарион шіркеуі жатады.Иеговаларды да
армагедон идеясына байланысты осы топқа кіргізуге болады.
3). Дүниені түзетуші діни секталар дүниені мүлдем жоққа
шығармай,ондағы зұлымдықпен күресу күш салады.Адамның интеллектуалдық
қабілетін арттырудың әдіс тәсілдерін ұсынады.Оны ғылыми негіздеуге
талпынады.Мысалы: саентология шіркеуі, Бірігу шіркеуі
2. Екінші классификация генетикалық принцип бойынша:
1). Жаңахристиандық діни секталар- бұл қозғалыстар Библияны өз
ілімдерінің басты
қайнары ретінде таниды.Иса-ілімдерінің орталық фигурасы,бірақ олардың
Иса туралы түсініктерінің дәстүрлі христиан шіркеуінен ерекше.Мессиандық
(құтқарушы),құтылу,ақырзаман ілімдеріне аса мән беріп,ресми шіркеуді
мойындамай,ғұрыптарын басқаша атқарады.Бұл топқа Иегова
куәгерлері,Мормондар,Христос тәні,Құдай уағызы және т.б. көптеген
інжілдік христиандар діни секталары жатады.
2). Жаңашығыстық діни ғұрыптар- бұл діни ғұрыптардың
негізінде қазіргі заманға бейімделген ( модернизация)
будда,синтоизм,индуизм діндерінің діни ілімге аса мән бермейтін,ғұрыптық
практиканы жоғары қоятын (медитациялармен шұғылдану) Кришна
қоғамы,Йога,Дзэн-буддизм,жаңа синтоизм ғұрыптары және т.б діни секталар.
3). Саентологиялық бағыттағы -дін,ғылым және құпия ілімдерді
біріктіріп адам психикасының құпмя тылсым сырларын ашып оны ізгілік пен
молшылыққа кенелтіп,бақытты етуді мақсатындағы діни секталар.Саентология
шіркеуі,Ақыл ілімі,Христиан ғылымы тәрізді діни секталар осы топқа
кіреді.
4). Синкреттік бағыттағы-бүкіл адамзатты бір дінге біріктіруді
мақсат етуші Бірігу шіркеуі,Бахай сенімі,Ұлы Ақ ағайындар секілді діни
секталар.
5). Шайтанға табынушылық- зұлымдықты насхаттайтын,мистикалық
тұрғыда шайтанмен байланысқа түсуді уағыздайтын құпия әрекет жасайтын
діни ілімдер.Оларға прагматизм,зорлық жасау,күш,оқшауланушылық
элементтері тән.
6). Жаңа пұтқа табынушылық-әр елдерде көне нанымдар мен
сенімдер негізінде жаңадан пайда болған ғұрыптар.Мысалы: Қазақстандағы
кейінгі кезде пайда болған Ата жолын қуушылар тобы және т.б.
5. Бақылау сұрақтары:
1. Діни секталардың ортақ ерешеліктері
2. Халықаралық ұйымдардың кейбір секталарды қолдаудағы мақсаты
3. Діи секталардың көсемдерінің тән ерекшелік
4. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардыі классификациясы
6. Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмасы: Қазіргі дәстүрлі емес
діни қозғалыстар классификациясы

11. http: www. relіgіovedenіe.ru
12. http: www. relіgіo.ru.
13. http: www. relіgіon.ng.ru
14. http: www. antisekta.kz
15. http: www. din.gov.kz
1.Лекция тақырыбы : Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғұрыптар
2. Лекция жоспары:
1.Жаңабатыстық дәстүрлі емес діни қозғалыстар
2. Жаңашығыстық дәстүрлі емес діни қозғалыстар
3.Синкреттік, саентологиялық дәстүрлі емес діни қозғалыстар
4.Шайтанға табынушылық
3.Лекция мақсаты: діни секталардың өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру.
4. Лекция мазмұны:
1.Жаңахристиандық Иегова куәгерлері дәстүрлі емес
діни қозғалысы 1870 жылы АҚШ-тың Питсбург
қаласында (Пенсильвания штаты) протестанттық адвентис
ағымынан бөлініп Чарлз Тейз Рассел басқарған Библияны оқу-зерттеу
үйірмесінде пайда болды.Жаңа қозғалыстың негізін салушы алғашқы
христиандардың ілімдерін жаңғыртуды мақсат етеді. XІX ғасырдың аяғынан
жаңа секта бүкіл елдің аумағына қарқынды тарала бастайды.
Иегова сектасының ерекшеліктері.
Діни сектаның ілімдері Ч.Расселдің 7 томдық “ Киелі жазбаны зерттеу ”
деп аталатын еңбегінде көрсетілген,Иеговашылардың пікірінше онсыз
Библияны түсіну мүмкін емес.
Сенім ілімдерінің негізгі мәні төмендегідей:
- Құдай жалғыз,оның есімі-Иегова,үштік Құдай ойдан шығарылған,Иса Құдай
емес, ол жоғарғы ахлақ иесі, күнә жасамайтын адам.Құдай оған адамзаттың
күнәсін айқышта азапты өлімімен құтқаруға тапсырма берген деген
сенімдері ресми христиан шіркеуімен кереғар келеді.
- Исаның екінші қайта келуіне сену,жерде шайтанмен соғысып (армагеддон
) Иса жеңеді,
1000-жылдық құдай патшалығы орнайды деген сенім.Осыған байланысты Исаның
екінші келуінің дәл уақытын Расселдің өзі 1874 жыл деп айтады,бірақ
орындалмаған соң басқа мерзімдер айтылады,мысалы: 1914
ж,1916ж,1918ж,1980ж,2000ж келеді деген сәуегейлік,ақырында олар
армагеддон кейінге қалдырылды,сондықтан Исаның келуіне дайындалуымыз
керек деген жауаппен құтылуда.
- Сенімдері бойынша соғыста шайтан жеңіліп,сонан кейін сот
болып,адамдар үшке бөлінеді.Біріншілері 144 мың таңдаулы иеговашылар
,олар аспанда тәнсіз тіршілік етіп, Исамен бірге жердегілерді
басқарады.Екінші топ қалған иеговашылар,олар аспан патшалығына бармай
соғыс,өлім дегенді білмей жерде бақытты өмір сүреді.Ал қалған
адамдар иеговашыларды қолдамағаны үшін шайтанмен бірге жойылады деп
сендіреді.Олар тозақты мойындамайды,адамдар өлген соң тіршілік жасамайды
деген сенімде яғни тозақтағы мәңгілік өмірді қабылдамайды.
- Мәңгілік бақытты өмір Иегова қатарына кіру арқылы,Библия сенімнің
қайнары ретінде қабылданады және өздерінше түсіндіріледі, киелі жазбаны
әркімнің ана тілінде оқуы,
- Иеговашылар соғысқа ( пацифизм) және әскерде қызмет жасауға қарсы.
- Икона мен айқышқа табынбайды,
Ғұрыптық ерекшеліктері.
Негізгі құлшылықтарына Библияны көп оқу жатады,оны қолдарынан тастамай
алып жүреді.Пұтқа табынушылық деп елдің туы,елтаңбасын,ән ұранын
мойындамайды.Туылған күн,ұлттық және мемлекеттік мейрамдарды тойлауға
қарсы.Басқа христиандар Исаның туылған күнін мерекелесе,иеговашылар оны
қабылдамайды.Тек Исаның өліп тірілуін өздерінің жиындарында арнайы
атап өтеді.Шіркеу мен діни қызметкерлер қызметін жоққа шығарады .
Секта мүшелерінің негізгі міндеті өз ілімдерін насихаттау,сектаға
адамдарды кіргізу.Үгіт насихатқа секта мүшелері табыстарының 10% береді
және үгіт-насихат жұмыстарына айына кемінде 10 сағат бөлуі тиіс және бұл
шарамен өте белсенді айналысады.
Секта мүшелері басшыларының бұйрығын орындауға әр уақыт дайын болуы
керек,мыс:
эаңды бұзу,отбасын,оқуын,жұмысын тастау және т.б .
Сектаның әрбір мүшесі ай сайын қанша рет миссионерлік пен
айналысты,неше рет секта жиынына қатысты,Библияны оқуға қанша уақыт
бөлгені,сектаға қанша ақша қосқаны туралы есеп жүргізіп отырады,жыл
соңында басшылыққа есеп береді.
Иеговашылар қан құюға қарсы,өйткені қан құю тамаққа қанды қолданған
секілді деп түсінеді.Оларға тән ерекшеліктің бірі кез келген дүниелік
билікті мойындамау,тек басшыларының билігін ғана таниды.
Иеговашылар миссинерлікті белсенді жоспарлы жүргізеді,үйлерді
аралау және адамдар көп жиналатын орындарда өздерінің газет-журналдарын
таратып,әңгіме құрып,талас туғызып өз сенімдерін насихаттайды.Секта
мүшелерінің дайындық деңгейіне байланысты
олар үндеушілер және пионерлер болып екіге бөлінеді.Олар айына сектаға
жаңа адамдар кіргізуге 10 –нан 150 сағатқа дейін уақыттарын бөледі.
Ұйымдық құрылымдары.
Иеговашылардың негізгі ұйымдары тәжірибелі сенімді бес адам басқаратын
жиын немесе топ.Жиын 5-15 адамнан тұратын үйірмелерге (килки)
бөлінеді,оның басында килканың қызметшісі тұрады.Бірнеше жиындар
округке бірігеді оны бақылаушы басқарады,округтер өлке бірлестігін құрып
оның басшылығы өлке басқарушысының қолында.Мұндай қатаң теократиялық
басқару сектаның бүкіл қауымдары мен мүшелерін бақылауға тиімді.Иегова
сектасының орталығы АҚШ-та Бруклинде орналасқан.Екі жүзден астам елде
жұмыс істейтін жүзге жуық бөлімшелері бар.”Сторожевая башня” және “
Пробудитесь” деген журналдары 160 тілде миллиодаған тиражбен
шығарылады.Иегова куәгерлерінің әлемдегі саны шамамен 15 млн .
Иегова кугерлері діни сектасы мемлекет заңдарын бұзбай әрекет
жасайды,сондықтан оларды заң алдында айыптау қиын.
2. Мормондар діни сектасының ресми аты-“қасиетті соңғы күндер Иса Мәсіх
шіркеуі”.
1830 жыы АҚШ-та пайда болды,оның негізін салушы Джозеф Смит.
1848 жылы үнді тайпасы ютаның жерінде Солт-Лейк Ситиде алғашқы
орталықтарын құрды,мормондардың жерлері кеңейіп 1896 жылы Юта штаты
құрылады.
Сектаның ілімі Библия мен “Мормондар кітабы”- на негізделеді.Сектаның
негізін салушыға жас кезінен аян келіп, Иса,Мұса,періштелер мен
пайғамбарлар оған христиан шіркеуі құрыды,сен оны қалпына келтіресің
деген,сол үшін маған “жаңа киелі жазбаның”
алтын жапыраққа жазылған жазуы берілді,оны мен он бір досыма көрсеттім
және олардан көрдім деген жазбаша тіл хат алдым деген уағыз- насихаты
жаңа сектаның негізін қалады.Бұл жазбада мормондардың сенім негіздері
көрсетіледі:
- христиандықтың үштік,күнә,тәубаға келу,құтылу,ақырзаман және т.б
қағидалары қабылданып өздерінше түсіндіріледі.
- көпқұдайшылдық- жерді қорғайтын көп құдайларға сенім;
- материализм- құдайлар материалды,бір мезгілде бір орында ғана бола
алады;
- әрбір адамның құдай болу мүмкіншілігі,ол үшін мормондарда
шоқыну,үйлену,көп балалы болып,тақуалық өмір сүру керек.
- Америаның айрықша роліне сену (“Мормондар Кітабында”
жазылған,б.д.д VІІ ғ. Америкаға Израйлден адамдар көшіп келіп,мемлекет
құрады,оларға Иса келіп шіркеу салып берген,бірақ кейінгі дәуірлерде
өзара соғыс пен қақтығыстар себебінен еврейлердің Америкадағы өркениеті
жойылады,арттарында ұрпақтары үнділерді қалдырып.) Бұл ғылыми
негізделмеген әңгіме.
Мормон ғұрыптары төрт құпиядан тұрады:
- шоқыну – сегіз жастан бастап атқарылады.Сектант қайтыс болған
туысқандары мен достары үшін де шоқындырылады,өйткені олар тірі кезінде
мормон болмаған.
- шүкіршілік ету адамның құдай мен байланысын жаңартып күшейту
мақсатында;
- неке ( жер және аспан некесі оны өлімде бұза алмайды,1851ж көп
некеге рұхсат беріледі,бірақ мемлекет қарсы болғандықтан іске
асырылмай тұр.);
- қол беру рәсімі екі сатылы – материалдық және рухани мәселелермен
шұғылдану;
Мормондар қатаң ұйымдасқан секта.Секта басында пайғамбар тұрады,оның
әрбір сөзі құдайлық аянмен тең.Сектаны басқаруда пайғамбарға 12 серік пен
70 елшіден тұратын коллегия көмектеседі,орталықтары Солт-Лейк-Сити
қаласында орналасқан.Аймақтық ұйымдарын епископ және ақсақалдар
басқарады.Мормондардың ” кек алушы періштелер ”
аталатын қарулы жасақтары бар.Қарапайым мормондар табысының 10% төлеп
басшыларына сөзсіз бағыну керек.Мормондарда белсенді миссионерлік пен
айналысады,бірақ оны мәдениетті жүргізеді.
2.Кришна санасы діни қозғалысының негізі XVІ ғ үнді дін ғұламасы Чайтанья
Махапрабхудың діни-филисофиялық ілімінен бастау алады.Бенгалдық дін
ғұламасы адамның нәсіліне,дініне,ұлтына қарамайтын әмбебап рухани жол
бхакти- махаббат пен Құдайға берілу ілімін уағыздайды.Ол қасиетті діни
жазбаларды санскриттен ұлттық хинди және бенгал тілдеріне
аударады.Кришналықтар оны “Құдайдың көрінісі”(аватар) деп санап,оған
сыйынады.
Халықаралық Кришна санасы қоғамын үнді Абхай Бхактиведанта Свами
Прапхупад құрған,ол 59 жасында отбасын тастап саньясиге (дүниені тәрк ету)
өтеді,1966 жылы АҚШ-қа келіп Кришнаға сенімді уағыздап,қоғамның негізін
қалайды.Зерттеушілер Кришналықтардың миссионерлік әрекеттеріне қарап оны
жаңа үнді діни қозғалысына жатқызуда,өйткені дәстүрлі үнді дінінде ұлттық
діннен әлемдік дінге айналу мақсаты жоқ,сондықтанда сенімдерін бөтен
елдерге таратуға мүдделі емес,сол себепті ХКСҚ американдық үлгідегі жаңа
үнді діни қозғалысы деп бағалануда.
Сенім ілімдерінде жоғарғы ақиқат Кришна Құдай- ол жоғарғы кемел
тіршілік иесі, үш аспектіде танылады: Брахман (абсолютті рух); Параматма
(әрбір тірі нәрседе және жаратылыстың әрбір атомында болатын) және
Бхагаван (Құдайдың жоғарғы тұлғасы).
Сенімдері бойынша тірі нәрсенің екі түрі ғана бар- кшара және акшара.Акшара
мәңгілік азат,Құдаймен бірге оның рухани патшалығында өмір сүреді, ал кшара
материалды әлемде,оның бар болуы материалдық әлем шарттарына байланысты.Ол
уақытша материалдық тәнмен сәйкестендіріледі,қайта туылудың үздіксіз
тізбегінде(сансара) айналуда.Әлемде тіршіліктің 8400 түрі бар,оларда карма
заңы бойынша “жан-рух” түрлі бейнеде өмірге келеді.Барлық тіршілік
түрлерінің ішінде рухани кемелдену мен өлімнен кейін Кришнаның рухани
патшалығына қайтуға адам ғана лайық.Бірақ Құдайды тану мен оған беріліп
қызмет ету,оның мейір шапағаты қонған шынайы рухани ұстаз арқылы мүмкін
болмақ.
Азат болу (мокшаға жету) Кришнаға деген шексіз махаббат және оған
қызмет жасау яғни ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz