Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер
Мақсаты
Тәрбие сағатының барысы
Тәрбие сағатының барысы
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Тақырыбы: Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға еліміздің рәміздерінің мағынасын терең
түсіне білуге мемлекеттік рәміздердің авторларының өмірбаяндарын, еңбек
жолдарын үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың мемлекеттік нышандарды оқып- үйренуде
өзіндік дағды қалыптастырып және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке,
мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, кұрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ауызша журнал
Тәрбие сағатының әдісі: іздену, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері,
Қазақстан Республикасының рәміздері, Қазақстан Республикасының
рәміздерінің авторларының суреттері.
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу,назарларын сабаққа аудару.
Құрметті оқушылар, бүгін біз Мемлекеттік Рәміздеріміз жайлы терең, жан-
жақты білуге және Мемлекттік Рәміздеріміздің авторлары жайлы , олардың
өмірлері жайында, еңбек жолдарымен таныса отырып, өз білімімізді ой
өрісімізді кеңейтеміз.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар
Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк
бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран
бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк
жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi
ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен
Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк
күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына
адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да
бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика
(гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк,
үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк”
сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi
ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик.
тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының
жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын
көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен
байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң
белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар
нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте
қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-
дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Шакен Ниязбеков – Қазақстан Мемлекеттік Туының авторы және суретші.
Ол 1938 жылы 12 қазанда бұрынғы Тараз қаласында өмірге келген. Шакен
Ниязбеков анасы жағынан кеңес одағының батыры Бауыржан Момушылының туысы,
сонымен қатар арғы ата-бабалары Төле би болған екен. Ол 10 жасында ата-
анасынан, апасынан айрылған екен. Мектепті бітіргеннен кейін Ленинградтағы
В.И.Мухин атындағы жоғарғы сурет-өнеркәсіп училищесін бітірген.
Студент болып жүрген кезінен-ақ ол Эрмитаждағы, Петродворецтегі
Исаакиев соборын қайта өндеу жұмыстарына қатысқан. Ол өзінің басты ұстазы
суретші Абылхан Қастеев деп есептейді.
Соңғы 30 жылдан астам уақытта көптеген конкурстарға қатысып, бірнеше
рет жеңіпаз атанған. Мысалы: 1961 жылы – Чехословакияда Глобус
телевизорының дизайнын құрастырған үшін алтын медаль, 1964 жылы Ленинградта
Миру-мир плакаты үшін конкурста бірінші премия, 1967 жылы- Монреалда
ЭКСПО -67 қатысушы, 1982 жылы Алматы қаласындағы Республика алаңындағы
Құрманғазы, Көбік Шашқан, Исатай Тайманов, Абай, Шоқан Уалиханов,
Мұхтар, Материнство көркем-өнер әшекелеу конкурсында бірінші орын
алған.
Бауыржан Момұшылының қабыр-тасының ескерткіші және Алматы қаласының
нышаны оның жоғарғы жетістіктері болып табылады.
Шакен Ниязбеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы. 1996
жылы Қазақстан суретшілерінен, ТМД елдерінен, Туркия, Германия, Монголиядан
1200-ден астам қатысқан конкурста жеңіп шықты.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ.
Елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.
ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы”
конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк
тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ —
мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған
Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi
көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала
дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген
жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке,
бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ
поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып
жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа
құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол
өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн
Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы
бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр
адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. елтаңбасының авторлары —
Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.
Мәлібеков Жандарбек Мәлібекұлы -
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Өзбекстанның
еңбегі сіңген архитекторы.
Ол 1942 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Екпінді
ауылында дүниеге келген. Ол Ташкенттегі архитектуралық Политехникалық
институтты бітірген. Өзбекстаның ғылыми – зерттеу институты өнеркәсібінің
және қала кұрылысының басты жобасының архитекторы. Жандарбек Мәлібекұлы
Андижан қаласының аэровокзалының, Ферғана қаласындағы почтамптың,
Самаркандта облыстық администрацияның, драма театрдың, орталық
библиотеканың және Ангрена, Ферғана, Самарканд қаласындағы шағын
аудандардағы үйлердің жобасын құруға белсене қатысты. Қазір Астана
қаласында тұрады.
Уалиханов Шота-Аман ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz