Ғылымның қазіргі кезеңінің ерекшеліктері



1 Ғылымның қазіргі кезеңінің ерекшеліктері
2 Рациональдықтың классикалық түсінігі
3 Ғылыми рациональдықтын классикалық емес формасының тууы мен дамуы
4 Рациональдықты философиялық проблема ретівде пайымдау бағыттары
5 Рациональдылық формаларының тарихи көп түрлілігі
6 Рациональдықтың диалектикалық ұғымы
Ғылымдағы рациональдық рациональдықтың бірден-бір жалғыз формасы емес, өйткені мәселені мақсатқа сәйкес дұрыс шешіп, дұрыс іс істеген жердің бәрінде қазақша ақылдылық жасапты дейді. Өндірістік және қоғамдық еңбек қызметінің түрлі салаларында ең тиімді нәтижеге жету жолын тапқан адамды ақыл-ойлы кісі екен дейді. Мекемеде, ұжымда ауыз бірлік болмай, конфликт туса, ешбір топқа немесе адамға бүйрегі бұрмай мәселені әділ шешкен басшыны ақыл-парасатты екен дейді. Тіпті жасаған тентектігін түсініп, райынан тез қайтқан баланы педагог ақылды бала екен дейді. Бұл келтірілген мысалдардың бәрінде мәселе кең мағынада алғанда ақыл-оймен шешіліп отыр. Бұл ақыл-ойдың төркіні ғылыми танымда ертеден келе жатқан латын тілінің "гаtionalis" деген сезінде, ол қазақтың ғылыми терминологиясына тікелей негіз болған орыс тілінің "разум", "разумность" деген сөздерінде десек, қателеспейтін шығармыз.
Адамның дүниетану процесінің екі деңгейі немесе екі сатысы болады: сезімдік және ақыл-ой, эмпириялық және теориялық немесе рациональдық деңгейлер. Бұл екі деңгейдің екіншісі (ақыл-ой немесе рациональды формасы) тек адамға тән, адамдық қана форма екенін атап көрсету қажет. Бірақ бұл негізгі екі деңгей немесе екі форма іштей бірлікте болатынын, бірінсіз-бірі болмайтынын да атап айту керек. Жеке адамның ақыл-ойын алсақ та, жалпы адамзаттың ақыл-ойының туу және даму тарихын алсақ та, бәрібір, дүниетанудың ақыл-ой (рациональдық) формасы сезімдіктен, жеке-дараны тікелей қабылдаудан өсіп шығады. Бұл жалпы заңдылық. Бірақ жалпы дүниетану (гносеология) тарихында әсіресе ғылыми таным теориясының (эпистемология) тарихында танымның екі деңгейінің, формасының ара қатынасы төңірегінде, яғни осы екеуінің қайсысы маңыздылау, қайсысы дүниетану процесінде сенімді ақиқат білім береді деген сұрақтың төңірегінде үздіксіз пікір таласы болып келе жатыр.
XVII ғ. ағылшын философы Фрэнсис Бэкон сол кездегі ғылымдағы схоластикалық ойлау дәстүріне қарсы күрес жүргізе отырып, танымның эмпириялық (тәжірибелік) әдісін бірінші орынға қойып, ғылыми ойлаудың индукциялық формасын асыра бағалағаны белгілі. Дәл сол XVII ғасырда француз философы Рене Декарт, керісінше, ғылыми танымның рациональдық деңгейін, ойлаудың дедукциялық формасын сенімді деп санады. Ал XIX ғасырдағы марксистік философия эмпиризмнің де, рационализмнің де сыңаржақтығын көрсете отырып, оларды диалектикалық бірлікте қарау қажеттігін дәлелдеп берді (ол жөнінде осы тараудың соңында арнайы әңгіме болады).
Тақырыптың негізгі мазмұны ғылыми танымдағы рациональдық проблемасы болғандықтан, рациональдықтың қазіргі ғылымтанудағы негізгі формаларын қарастыруға көшейік. Рациональдықты дербес проблема ретінде арнайы қарастыру бірден туған жоқ, ғылымның, техниканың, жалпы мәдениеттің үздіксіз дамуының нәтижелері қоғам дамуына шешуші түрде (көбінесе жағымсыз бағытта) әсер ете бастағанда туды. Бұл проблеманы талдауға қажетті арнайы ұғымдардың қалыптасуының, бұл проблеманы зерттеудің жолдарын анықтаудың, оның мазмұнын нақтылы түйіндеудің өзіңдік тарихы бар. Жалпы алғаңда, рациональдықтың табиғаты мен қызметін түсіну ғылым дамуының жалпы мәдениет дамуымен байланыстыра алғндағы нақтылы тарихи кезеңдерін талдаумен тікелей байланысты болып шығады.
1. Илъин В.В. Философия науки. Учебник. М., 2003.
2. Концепции современного естествознания. Под ред В.Н.Лавриненко. М., 2001.
3. Рузанин Г.И. Методологические проблемы науки. М., 2001.
4. Рузанин Г.И. Философия науки. М., 2005.
5. Маковалъский А.О. История логики. М., 1967.
6. Поппер К. Объективное знание. Эволюционный подход. М., 2002.
7. Тұргынбаев Ә.Х. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. Алматы, 2003.
8. Тұргынбаев Ә.Х. Логика. Алматы., 2000.
9. Ғылым тарихы мен философиясы: Оқулық.- Алматы: Раритет, 2008. – 368 б.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
7 Лекция. Ғылымның қазіргі кезеңінің ерекшеліктері

1. Постклассикалық емес ғылымның сипаттамасы.
2. Ғылыми зерттеу жаңа стратегиялары және өздігінен дамитын синергетикалық
жүйелерді меңгеру.
3. Ғылымның этосы.

Ғылымдағы рациональдық рациональдықтың бірден-бір жалғыз формасы емес,
өйткені мәселені мақсатқа сәйкес дұрыс шешіп, дұрыс іс істеген жердің
бәрінде қазақша ақылдылық жасапты дейді. Өндірістік және қоғамдық еңбек
қызметінің түрлі салаларында ең тиімді нәтижеге жету жолын тапқан адамды
ақыл-ойлы кісі екен дейді. Мекемеде, ұжымда ауыз бірлік болмай, конфликт
туса, ешбір топқа немесе адамға бүйрегі бұрмай мәселені әділ шешкен басшыны
ақыл-парасатты екен дейді. Тіпті жасаған тентектігін түсініп, райынан тез
қайтқан баланы педагог ақылды бала екен дейді. Бұл келтірілген мысалдардың
бәрінде мәселе кең мағынада алғанда ақыл-оймен шешіліп отыр. Бұл ақыл-ойдың
төркіні ғылыми танымда ертеден келе жатқан латын тілінің "гаtionalis" деген
сезінде, ол қазақтың ғылыми терминологиясына тікелей негіз болған орыс
тілінің "разум", "разумность" деген сөздерінде десек, қателеспейтін
шығармыз.
Адамның дүниетану процесінің екі деңгейі немесе екі сатысы болады:
сезімдік және ақыл-ой, эмпириялық және теориялық немесе рациональдық
деңгейлер. Бұл екі деңгейдің екіншісі (ақыл-ой немесе рациональды формасы)
тек адамға тән, адамдық қана форма екенін атап көрсету қажет. Бірақ бұл
негізгі екі деңгей немесе екі форма іштей бірлікте болатынын, бірінсіз-бірі
болмайтынын да атап айту керек. Жеке адамның ақыл-ойын алсақ та, жалпы
адамзаттың ақыл-ойының туу және даму тарихын алсақ та, бәрібір,
дүниетанудың ақыл-ой (рациональдық) формасы сезімдіктен, жеке-дараны
тікелей қабылдаудан өсіп шығады. Бұл жалпы заңдылық. Бірақ жалпы дүниетану
(гносеология) тарихында әсіресе ғылыми таным теориясының (эпистемология)
тарихында танымның екі деңгейінің, формасының ара қатынасы төңірегінде,
яғни осы екеуінің қайсысы маңыздылау, қайсысы дүниетану процесінде сенімді
ақиқат білім береді деген сұрақтың төңірегінде үздіксіз пікір таласы болып
келе жатыр.
XVII ғ. ағылшын философы Фрэнсис Бэкон сол кездегі ғылымдағы
схоластикалық ойлау дәстүріне қарсы күрес жүргізе отырып, танымның
эмпириялық (тәжірибелік) әдісін бірінші орынға қойып, ғылыми ойлаудың
индукциялық формасын асыра бағалағаны белгілі. Дәл сол XVII ғасырда француз
философы Рене Декарт, керісінше, ғылыми танымның рациональдық деңгейін,
ойлаудың дедукциялық формасын сенімді деп санады. Ал XIX ғасырдағы
марксистік философия эмпиризмнің де, рационализмнің де сыңаржақтығын
көрсете отырып, оларды диалектикалық бірлікте қарау қажеттігін дәлелдеп
берді (ол жөнінде осы тараудың соңында арнайы әңгіме болады).
Тақырыптың негізгі мазмұны ғылыми танымдағы рациональдық проблемасы
болғандықтан, рациональдықтың қазіргі ғылымтанудағы негізгі формаларын
қарастыруға көшейік. Рациональдықты дербес проблема ретінде арнайы
қарастыру бірден туған жоқ, ғылымның, техниканың, жалпы мәдениеттің
үздіксіз дамуының нәтижелері қоғам дамуына шешуші түрде (көбінесе жағымсыз
бағытта) әсер ете бастағанда туды. Бұл проблеманы талдауға қажетті арнайы
ұғымдардың қалыптасуының, бұл проблеманы зерттеудің жолдарын анықтаудың,
оның мазмұнын нақтылы түйіндеудің өзіңдік тарихы бар. Жалпы алғаңда,
рациональдықтың табиғаты мен қызметін түсіну ғылым дамуының жалпы мәдениет
дамуымен байланыстыра алғндағы нақтылы тарихи кезеңдерін талдаумен тікелей
байланысты болып шығады.
Қазіргі ғылымтануда ғылымның жалпы даму тарихында үш кезенді ажырататыны
белгілі: классикалық, классикалық емес (бейклассикалық), классикалық
еместен кейінгі кезең (постбейклассикалық). Соған сәйкес рациональдықтың
типтері де анықталады.

Рациональдықтың классикалық түсінігі

Рациональдықтың классикалық түсінігі тарихта адам тұңғыш рет өзінің ойлау
қабілетін түсіне бастаған кезде қалыптаса бастайды деп есептелінеді. Ақыл-
ой қызметін (қүдіретін) түсіне бастау кезеңі тарихтағы алғашқы
цивилизациялардың рухани өміріндегі түбірлі өзгерістер кезеңі. Бұл
өзгерістер ең алдымен алғашқы Шығыс цивилизацияларында орын алғанмен,
рациональдықтың ең алғашқы тарихи формасы ретінде Ертедегі грек
мөдениетіңде қалыптасқан (яғни антиктік) рациональдық қарастырылады.
Антик философиясының негізгі арқа сүйейтін ойы — дүниенің тұтастығы.
Дүние әртүрлі құбылыстардың кездейсоқ қосындысы емес, олардың бір-бірімен
заңды түрде үйлесуі. Құбылыстар арасындағы байланыста белгілі бір
тәртіптілік, реттілік бар, сондықтан да ертедегі гректер адамды қоршаған
бүкіл дүниені космос (тәртіптелген, реттелген дүние, тұтастық) деп атаған.
Космос-әсем дүние, бұл әсемділікті дүниенің бір негізден, бір бастамадан
шыққандығын мойындау арқылы ғана түсіндіруге болады. Адам сезім мүшелері
арқылы дүниенің сыртқы көрінісін ғана қабылдайды: бұл - түрлі-түрлі
құбылыстардан құралған, бір түрден басқа түрге үнемі ауысып отыратын
өзгермелі, тұрақсыз дүние, бұл дүние туралы тиянақты ештеңе айту мүмкін
емес. Дүниенің шын мәнінде қаңдай екенін түсіну үшін адам дүниені тұтас
(бүтін) организм ретінде қарастырып, сол тұтастықты қамтамасыз ететін бір
негізді тауып, сол арқылы дүниенің көптүрлілігінің қалай пайда болатынын
анықтауға үмтылуы қажет. Адамның бұл жолдағы бірден-бір құралы оның ойлау
қабілеті, ақыл-ойы болып табылады. Ойлау қалай болса солай емес, белгілі-
бір ізбен, реттілік жолмен жүзеге асуға тиіс, ал ой реттілігі сайып
келгенде дүниенің (болмыстың) өзіндегі реттілікке сәйкес болуы керек.
Осыған байланысты ертедегі грек рациональдығы ең алдымен ойлау мен
болмыстың тепе-теңдігі принципіне арқа сүйеді. Бұл принцип ертедегі грек
философиясына көмескілеу түрде басынан бастап-ақ тән болғанмен, айқын түрде
б.э.д. VI—V ғасырларда қалыптасқан Элея философиясында басшылыққа алынды.
"Болмыс" деген ұғымның өзін философияға тұңғыш рет Элея
философиясының негізін салушылардың бірі-Парменид енгізген. Парменид үнемі
өзгеріске ұшырап отыратын, аумалы-текпелі құбылыстар дүниесін шын мәніндегі
бар дүние деп айтуға болмайды деп есептеді, өйткені адам ойы мұндай
құбылмалы дүниеге талдау жасай алмайды. Ой үшін бар деп айтуға тұратын
бірден-бір дүние - болмыс. Болмыс дегеніміз, Парменидтің пікірінше,
әруақытта езіне өзі тең бірлік, тұтастық, толықтылық, кемелділік, соның
арқасында болмыстың мәнін танып-білу адамды ақиқатқа, жақсылыққа, ізгілікке
жетектейтін жол болып шығады.
Болмыс — сезімнен тыс реальдылық, оған ой ғана жеткізеді, ой ғана
сезімдік дүниенің ар жағындағы идеалды нәрсемен жұмыс істей алады. Демек,
антик философиясы үшін ой мүмкіндіктеріне арқа сүйеу, яғни рациональдық
дүниенің сыртқы көріністеріне алданып қалмай, шын мәніндегі табиғатын танып-
білудің нақтылы жолы болып табылады. Сезімнен тыс реальдылықты танып-білу
үшін оның идеалды жоспарымен жұмыс істей білу қабілетін қалыптастыру керек,
мұндай қабілет бірте-бірте реальдылыққа жалпы рациональды қатынастың,
әсіресе ғылыми рациональдықтың ең басты қасиеттерінің біріне айналады.
Идеалды объектілермен жұмыс істей білу ойлаудың теориялық формасының
қалыптасып, жетілу мүмкіндігін туғызады. Теория адамға әдеттегі күнделікті
тіршілікке байланысты ойлау шеңберінен асып, әлемдік, мәңгілік сипаты бар
ойлауға жол ашады. Ойлаудың теориялық әдісінің мүмкіндіктерінде ешқандай
шек болмайды, соның арқасында антиктік рациональды ойлау әдісі жалпы
европалық мөдениеттің, жалпы Европа ғылымының болашақ даму жолдарын
белгілеп берді.
Ертедегі грек рациональдығының өзінен кейінгі замандарға қалдырып кеткен
мұраларының бірі-сөзге ерекше көңіл бөлу. Сезім дүниесінен тысқары, оның
аржағындағы идеалды объектілерді танып-біліп, суреттеп беруге күнделікті
тұрмыста қолданылатын сөздер жарамайды, ол үшін жалпылық сипаты бар сөздер
керек. Ой мазмұнының болмыс мазмұнына сәйкестігін көрсетіп беру үшін әрбір
сөздің өзіне ғана тән барынша дәл, нақтылы мағынасы болу керек. Рациональды
таным тек дәл мағыналы сөздерді тудырып, қолдана білудің арқасында ғана
мүмкін болады. Сөзге, сөзді қолдануға қойылатын мұндай қатаң талап бүкіл
Европа мәдениетінің осы күнге дейін сақталып қалған негізгі талаптарының
бірі болып табылады.
Ертедегі грек рациональдығы тек ғылым шеңберімен шектелмеген. Антик
философиясында ақыл дегеніміз жеке адамның ғана ақылы емес, жалпы
тұтастықтың ақылы, космостық ақыл, бәрін реттеп, жолға салатын ақыл. Ойлау
дегеніміз тек логика емес, ойлау-жалпы космостық ақиқат, жақсылық, ізгілік.
Ақиқатты адам тудырмайды, космостық ақиқат адам ақылы арқылы өзін-өзі
көрсетеді. Адам ақылы космостық ақылдың көрінісі болғандықтан, білім
әруақытта жақсылық пен ізгіліктің көзі болып шығады. Білімді адам
жамандықтан, зұлымдықтан аулақ болады. Сондықтан антик заман рациональдығы
тек логикалық құбылыс емес, оның мазмұны адамдар арасындағы ізгіліктілік
қатынастарды да қамтиды. Рациональдық тек дұрыс ойлаудың ғана сипаттамасы
емес, дүниеге одан да гөрі жалпы дұрыс көзқарасқа ие болып, соның арқасында
дұрыс іс әрекет жасаудың, адамдар арасында дұрыс қатынастар қалыптастырудың
ережесі болып шығады.
Антик рациональдығында дүниенің тұтастығын, дүние құрылымының әсемдігін
мойындау дүниені мақсатқа сәйкестілік тұрғысынан түсіндіру талабымен
ұштасады. Дүние құрамындағы құбылыстардың бәрі бір-біріне қажет, бір-біріне
қызмет етеді. Демек, дүниедегі нәрселердің бәрінің жаратылуында, өмір
сүруінде белгілі бір мақсатқа ұмтылу бар. Егер ондай түпкі бір мақсат
болмаса, дүниеде де, адам іс-әрекетінде де толық түрде жүзеге асқан,
тиянақты, баянды ештеңе болмас еді. Түпкі мақсат табиғат үйлесімділігінің,
әсемдігінің себебі ретінде қарастырылады. Сондықтан да ертедегі гректер
табиғатты материалдық пайданың көзі деп есептемеген, табиғатты өндеп,
өзгерту адамға лайық емес, адам, керісінше, табиғатты құрметтеп,
табиғаттағыдай үйлесімділікке, әсемдікке ұмтылуы керек деп есептеген.
Сонымен, рациональдықтың антик дәуіріндегі типі өзінің мазмұны жағынан
рациональдықтың өзінен кейінгі тарихи типтерінің берінің даму
мүмкіндіктерін белгілеп берді деп айтуға болады. Антик философиясы
рациональдықты логикамен ғана шектемей, адам мүддесін, қоғам мүддесін
ізгілік талаптары тұрғысынан ескеретін кең көлемді рациональдық түрінде
қалыптастырған.
Рациональдықты тек ғылым шеңберімен шектеу Жаңа дәуірдегі адам танымының,
ғылымның қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты жағдай болып табылады.
Орта ғасырларда қоғам өміріне дін мен шіркеудің ықпалы қанша күшті
болғанмен, антик заманынан қалған рациональдық дәстүр жойылып кеткен жоқ,
дін мен діни емес көзқарастар арасыңдағы күрес күшейе түскен сайын
философиялық ойлау, дәлелдеу шеберлігінің қажеттігі де күшейе түседі.
Философия шіркеуге қызмет жасай отырып, өзінің белгілі бір деңгейдегі
дербестігін сақтап қалып, бірте-бірте адам ақыл-ойын ең жоғарғы құндылық
ретінде бағалай бастаудың негізін дайындады. Қайта Өрлеу дәуірі бұл
мүмкіндіктерді пайдалана отырып, адамның өзіне деген сенімін арттырады,
дүниенің табиғи реттілігін, үйлесімділігін ақыл-ой көмегімен пайымдауға
итермелейді. Бұрынғыдай дін қағидаларына немесе өткен замандардың ұлы
ойшылдарының беделіне арқа сүйемей, өз ақылымен, оған қоса эксперимент
жасау жолымен дүниені түсіну талабы пайда болады. Соның арқасында
жаратылыстану ғылымдарының бірте-біре дербес түрде қалыптасуына жол ашылды,
Жаңа дәуірдің негіздері қалаңды.
Жаңа дәуірдің бастапқы кезеңінде (шамамен алғанда XVII ғ. бастап)
ғылымның қоғам өміріндегі алатын орны, ролі өзгере бастады. Бұл кезде ғылым
философиядан оқшаулана бастайды, ойлау, зерттеу әдістері жағынан белгілі
бір дербестікке ие болады. Ғылыммен шұғылдану адам іс-әрекетінің жеке
дербес түріне айналады. Ғылымның адам тіршілігінің дербес саласы ретінде
мойыңдалуы сонымен қатар адам ақыл-ойының да дербестігін, өзіндік күш-
қуатының бар екендігін мойындауға мәжбүр етеді. Сөйтіп, ғылым дамуындағы
кейінірек классикалық деп аталған кезең басталады, ғылым туралы жаңа
түсінікке сәйкес рациональдықтың да классикалық деп аталған жаңа үлгісі
пайда болады. Енді рациональдық тек ғылыми ойлау саласының қасиеті деп
саналады, ал сол кездегі ғылымдардың ең озығы механика ғылымы болғандықтан,
механикаға тән рациональдық, механикаға тән талдау және дәлелдеу әдістері
жалпы рациональдықтың бірден-бір үлгісі ретіңде бағаланады.
Жаңа дәуір ғылымының өзіндік сипаты, ойлау әдісінің ерекшеліктері ең
алдымен механика саласыңдағы Коперник, Галилей және Ньютон сияқты ұлы
ғалымдардың зерттеулері арқасында қалыптасты.
Коперник гелиоцентристік көзқарасты негіздеу арқылы дүниенің жаңа
бейнесін жасап қана қойған жоқ. Сонымен қатар ғылыми ойлаудың қуатының
қандай екендігін де көрсетіп берді. Бір жағынан, қозғалыс дүниедегі барлық
нәрселердің табиғи қасиеті екендігі негізделді, ал екінші жағынан, дүниені
сезім мүшелері арқылы жалаң бақылау танымдық мүмкіндігі тұрғысынан мүлдем
дәрменсіз екені айқын болды. Сезімдік таным құбылыстардың сыртқы
көріністерімен ғана қанағаттанады, яғни алдамшы білім беруі мүмкін, ал шын
мәніндегі реалдық ақиқатқа жету үшін дүниені сын көзімен талдай алатын,
сыртқы көріністің ар жағына үңіле алатын ақыл-ой қызметіне арқа сүйеу
қажеттілігі түсінікті болды.
Галилей ғылыми зерттеудің мүлдем жаңа әдісінің, яғни теориялық немесе ой
жүзіндегі эксперимент әдісінің негізін салып берді. Галилейдің пікірінше,
шын мәніндегі ақиқат білімге математикалық ойлау әдістерімен қаруланған
эксперимент арқылы ғана жетуге болады. Математикалық әдістерді тәжірибеге
арқа сүйеген зерттеумен ұштастыру түбінде экспериментальды-теориялық
жаратылыстанудың тууына алып келді.
Ньютонның бүкіл дүниежүзілік тартылыс заңы дүниедегі барлық денелердің
қозғалысы ең қарапайым табиғи заңға бағынатынын көрсетіп берді. Бұл заңның
арқасында барлық денелер қозғалысын, олардың бір-біріне тигізетін әсерлерін
өлшеп, нақтылы механизмін бейнелеп беруге болады екен. Ендеше дүние
дегеніміз бір-бірімен тығыз байланысты, өмір сүру тәсілі - қозғалыстар
табиғи заңдылықтарға бағынатын құбылыстардың тұтастығы болып шығады. Бұл
тұтастықтың да, оның құрамдас бөліктерінің де зандылықтарын ашып, танып
білуге болады деген сенім пайда болады.
Осылайша қалыптасқан механика ғылымы дүниені түсіңдіру жағынан да,
материалдық өңдірісті ұйымдастырып, дамыту жағынан да ерекше табысты
болғандықтан, оның ойлау, дәлелдеу, бейнелеу әдістері жалпы ғылым үшін
бірден-бір мүмкін үлгі ретінде қарастырыла бастады. Классикалық ғылыми әдіс-
рациональдық пайда болды. Осы кезден бастап рациональдықты тек ғылыми
рациональдық мағынасында, атап айтқанда, механикалық рациональдық
мағынасыңда ғана пайымдау мүмкіндігі туды.
Классикалық рациональдықтың бірінші қағидасы: дүниені түсіну- табиғатты
түсіну. Табиғатта реттілік, тәртіп бар, олар тұрақты (өзгермейтін) және
универсальды сипатта болады. Оған адам ақыл-ой категорияларының тұрақтылығы
мен универсальдығы сәйкес келеді, соның арқасында ғана ғылым дүниедегі
реттіліктің ішкі мәнін аша алады. Ғылым жалпыға бірдей ортақ заңдарды ашуды
мақсат етеді, мұндай заңдарды математикалық түрге түсіруге болады.
Математикалық түрде бейнелей білу ғылым дәлдігінің ең жоғарғы үлгісі болып
табылады. Табиғатты осылай зерттеуге ұмтылудың нәтижесі -математикалық
жаратылыстану. Бұл ғылым үшін табиғат толып жатқан материалдық
құбылыстардың байланысқан көрінісі, табиғаттың жалпы қасиеттері оның
құрамдас бөліктерінің қасиеттеріне тәуелді. Табиғат денелерінің қозғалысы
таза механикалық сипатта болады, кеңістік пен уақыт заттарға да,
процестерге де ешқандай есерін тигізбейтін, абсолютті сипаттағы сыртқы
жағдай болып есептелінеді. Табиғат жөніндегі мұндай көзқараста даму ұғымына
орын жоқ, жаңа ештеңе пайда болмайды. Сондықтан табиғатты да, оның
құбылыстарын да түсінудің негізгі жолы-олардың арасындағы себептік-
салдарлық байланыстарды ашып беру.
Классикалық рациональдықтың екінші қағидасы: адамның ақыл-ойы-өзіндік
ерекшеліктері, өзіндік мазмұны, күш-қуаты бар дербес құбылыс. Ақыл-ой
мазмұны (ұғымдар, категориялар, принциптер, байланыстар) — ақылдың туа
біткен байлығы, ақиқатқа жетудің жолдарын, әдістерін ақыл-ой өзі
белгілейді. Мұндай көзқарас Ағартушылық дәуірінде (XVIII ғ.) қоғамды,
адамды жетілдірудің бірден-бір құралы ақыл-ой деген сенімді тудырады.
Классикалық рациональдық табиғатты мүлдем жаңа тұрғыдан бағалауды
қалыптастырды. Табиғаттың өзі емес, табиғаттан қандай пайда табуға болады
деген мәселе алдынғы қатарға шығады. Соған байланысты ғылым да тіпті
адамның өзі де пайдалылық тұрғысынан ғана бағалана басталды.
Классикалық рациональдық, шамамен алғанда, XIX ғ. аяғына дейін адам
ақылының, адам ойлауының бірден-бір үлгісі ретінде бүкіл ғылыми-зерттеу
жұмысына ғана емес, тіпті қоғамдық-әлеуметтік (экономика, саясат, тәрбие)
тіршілікті ұйымдастыруға да бағыт, сипат берді. Алайда, ғылымның және
әлеуметтік өмірдің даму барысында бірте-бірте классикалық рациональдыққа
күмәндану басталып, барған сайын ол күмән күшейе түсті.
Ең алдымен, XVIII ғ. аяғындағы француз буржуазиялық революциясының
нәтижелері адам үмітін ақтамады. "Азаттық, бауырмашылдылық, теңдік"
ұранымен басталған революция өндіріс пен ғылымды барынша дамыта отырып,
адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды бұрынғыдан бетер шиеленістіре
түсті. Ізгілік, ізеттілік талаптары жайына қалып, таза пайда қуушылық қоғам
өмірінің арқауына айналды. Оның үстіне, неғүрлым қоғам дамыған сайын,
соғұрлым ғылым табыстары адам игілігіне қызмет етудің орнына, керісінше,
адамға, адамшылыққа зиянды әрекеттердің құралына айналды (мыс. соғыс,
қылмыскерлік, қанау, т.с.с). Сөйтіп, ақыл арқылы негізделіп, дайындалған,
ақылға сәйкес қоғамдық-әлеуметтік қатынастар қалыптастырамыз деген үмітпен
жүзеге асқан революцияның нәтижелері жалпы ақылға, ақылдың мүмкіңдіктеріне,
жалпы рациональдылыққа қарсы көзқарастардың қалыптасу мүмкіндігін туғызды.
Екінші жағынан, ғылымның өз даму барысы да бірте-бірте классикалық
рациональдылықтың түбірлі қағидаларына сенімсіздіктің пайда болуына себеп
болды. Егер XVII-XVIII ғасырларда тек механика (физика) ғана ғылыми
ойлаудың, ғылыми әдістің, жалпы дүниеге көзқарастың бірден-бір үлгісі болып
саналса, XVIII ғ. аяғы — XIX ғ. алғашқы кезеңінен бастап биология, химия,
геология және т.б. ғылымдардың қалыптасып, жетіле бастауы жалпы
жаратылыстануда зерттеудің жаңа принциптерін, жаңа әдістерін туғызады.
Биология мен геология арқылы дүниенің ғылыми бейнесіне даму идеясы кіреді.
Тіршілік дүниесін зерттеуге байланысты мақсат, мақсатқа сәйкестік
ұғымдарының қажеттілігі айқындалады. Ғылымның зерттеу салаларының
ерекшеліктеріне қарай бір ғана зерттеу әдісі емес, әртүрлі зерттеу
әдістерінің болу мүмкіндігі мойындала бастайды. Ғылымдағы көрнекілік
принципі күшін жоя бастады, өйткені алдынғы қатарға түсіндірудің
математикалық әдісі шықты, соған байланысты ғылыми зерттеу бұрынғыдай тек
қатаң себептілікке бағынатын процестерді ғана қарастырып қоймай, сонымен
қатар кездейсоқтық сипаты бар процестерді де қарастырудың қажеттілігін
мойындай бастады. Сөйтіп, бірте-бірте рациональдықтың классикалық емес
түрінің мүмкін екендігін мойындауға қажетті жағдайлар туды.

Ғылыми рациональдықтын классикалық емес формасының тууы мен дамуы
XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы жаратылыстанудың қарқынды дамуы жалпы
ғылымға жаңа сипат берді. Ғылым зерттейтін объектілері тұрғысынан да,
зерттеу әдістері жағынан да түбірлі өзгеріске ұшырады, ғылымның жалпы
дүниеге көзқарастық негізгі принциптері өзгерді. Ғылымның мұндай жалпы
өзгеруінің екі кезеңін, екі түрін ажыратады: біріншісі классикалық емес
ғылым, ал екіншісі классикалық емес ғылымнан кейінгі кезең деп
есептелінеді. Бірінші кезең XIX ғ. аяғы мен XX ғ. бірінші жартысын қамтиды,
ал екіншісі XXғ.соңғы жартысында басталған деп саналады. Екеуіне де
негізінен ортақ белгі - рациональдылықтың шеңберін де, мазмұнын да
барынша кеңейту. Бұл кездегі жаратылыстанудың негізгі объектісі
микродүние болды, ал оның ерекшеліктері бүкіл классикалық ғылымның
дүниегекөзқарас негіздерін, ғылыми зерттеу әдістерін түбірлі түрде
өзгертуге мәжбүр етті. Сондықтан да бұл кезең жаратылыстанудағы
революциялық кезең деп аталады.
Ең алдымен, микродүние объектілері туралы білім олардың таза өз табиғатын
емес, олар мен зерттеу құралдарының өзара әрекетінің бейнесі болып
табылатыны белгілі болды. Бұрын зерттеуші мен оның қолданатын зерттеу
құралдары зерттелетін нәрсеге ешқандай әсерін тигізбейді, сондықтан
білімнің мазмұны объектінің өз табиғатына сәйкес, яғни объективті болады
деп есептелінетін. Еңді микродүние объектісін, мысалы электронды
зерттегенде, зерттеу құралдарының электромагниттік сөулелерінің электронға
тигізетін әсерін ескермеу мүмкін емес екендігі айқын болды. Осы кезден
бастап кез келген құбылысқа түсінік беру үшін міндетті түрде оның қандай
құралдардың көмегімен, қандай әдістерді қолдану арқылы зерттелгенін көрсету
керек болды.
Екіншіден, білімнің мазмұны зерттеу құралдарының әсеріне ғана емес,
сонымен қатар зерттеушінің объектіге сұрақты қалай қоюына, объектіні
эксперимент арқылы зерттеуді қалай ұйымдастыруына, зерттеудің нәтижелерін
қалай қорытындылауына да тәуелді екені белгілі болды. И.Канттың бір кездегі
таным субъектісінің белсенділігі жөніндегі идеялары қайтадан жаңғырды.
Үшіншіден, классикалық емес ғылымның микродүниеге байланысты ашқан
жаңалықтары, зерттеудің жаңа әдістері, табыстары мен кездескен қиындықтары
ғылымда және философияда реалдылық мәселесін туғызды. Микродүниедегі
реалдылық әдеттегі заттар дүниесіңдегі реалдылыққа мүлдем ұқсамайтын болып
шықты. Дүниенің мәнін түсіндіру үшін, дүниенің құрылымын, қасиеттерін
бейнелеп беру үшін 2000 жылдан аса уақыттың ішінде ғылым ашқан және
қолданып келе жатқан ұғымдары мен заңдылықтары микродүние объектілерін
сипаттауға жарамсыз болып шықты. Кеңістік, уақыт, себептілік, қажеттілік,
бүтін мен бөлшек, т.с.с. түбірлі ұғымдардың мазмұнын, қолдану салаларын
қайта қарап, өзгерту керек болды. Айта кету керек, осындай жағдайға
байланысты ғылым философиясы және жеке ғылымдардың философиялық
проблемалары деген дербес зерттеу салалары қалыптаса бастады.
Төртіншіден, дүние жайлы және ол туралы білімнің мазмұндарының сәйкестігі
жайлы көзқарас өзгерді. Бұрын зерттелетін құбылыстың табиғатын дұрыс
түсіндіретін бір ғана теория болуы мүмкін деп есептелсе, енді бір құбылыс
туралы бір-біріне қарама-қарсы бірнеше теорияның болу мүмкіндігі мойындала
бастады. Микродүние құбылыстарын қатаң детерминизм тұрғысынан зерттеу
мүмкін болмай шықты, соңдықтан зерттеудің статистикалық, ықтималдылық
әдістері, дүниедегі кездейсоқтықтың маңызын ескеріп, қолдана білетін
әдістер кеңінен тарай бастады. Ғылыми танымға толықтырмалылық принципі
енгізілді, яғни бір нәрсе туралы бір-біріне қарама-қарсы болып көрінетін
бірнеше теориялар бірін-бірі толықтырып отырады деп есептелінді.
Классикалық емес ғылымның осы заманғы жалғасы (шартты түрде классикалық
емес ғылымнан кейінгі кезең деуге болады) ғылымның зерттеу аумағының
кеңеюімен, зерттеудің жаңа күрделі әдістерімен сипатталады. Бұл кезеңде
ғылымның негізгі объектісі ашық сипаттағы, үнемі тарихи даму үстінде
болатын жүйелер болып табылады. Тарихи даму үстіндегі жүйелер үнемі өз
ұйымдасуының жаңа деңгейіне көтеріліп отырады, олардың құрамдас
бөліктерінің арасындағы байланыстарды өзгертіп отырады. Мұндай жүйелер
бірнеше қабаттан тұратын тұтастық сипатында болады және оның құрамдас
бөліктерінің арабайланыстарын кездейсоқ байланыстар түрінде қарастыруға
болады. Соған қарамастан бұндай жүйелерде олардың тұтастығын қамтамасыз
ететін өзіндік басқару әдістері болады. Соңдықтан бұндай жүйелерді бір ғана
ғылым зерттей алмайды, бірнеше ғылымдардың бірлесіп зерттеуіне тура келеді.
Мысалы, Жерді осындай жүйе түріңде түсіну үшін география, геолология,
физика, биология, химия, техника, экология, экономика, т.с.с. ғылымдар
зерттейтін процестердің өзара әсерлерінің нәтижесі ретінде қарастыру керек.
Күрделі жүйелерді осылай ғана зерттеу қажеттігі қазіргі заманғы ғылымда
синергетика деп аталатын жаңа ғылыми саланы туғызды. Синергетика ғылым
ретінде дүниені түсінуге және зерттеуге байланысты бірқатар түбірлі
қағидаларға арқа сүйейді:
1. Күрделі түрде ұйымдасқан жүйелердегі, мысалы табиғаттағы, болып жатқан
процестерге адам тарапынан ешқандай әсер етуге болмайды, шама келсе,
олардың ішкі мүмкіндіктеріне, өзгеру бағыттарына көмектесу ғана керек.
2. Кез келген процеске байланысты дамудың бірнеше варианттары болады,
сондықтан солардың ішінен дәл нақтылы жағдай тұрғысынан ең дұрысын таңдап
алу мүмкіңдігі болады.
3.Ретсіздік, хаос, үнемі жағымсыз болып саналмайды, кейбір кездерде хаос
эволюциялық дамудың қажетті материалы, шарты болып табылады.
4.Жүйе дамуында белгілі бір тұрақсыздық пайда болғанда, жүйенің құрамдас
бөліктерінің арасалмақтары бұзылғанда, жүйенің іргесі шайқалып, ыдырау
мүмкіндіктері көбейе түседі, ендеше бұндай кездерде әрбір жеке адамның
әрекетінің тигізетін әсері ұлғая түседі. Ендеше, адамның табиғат
процестеріне де, қоғамдық процестерге де араласуының белгілі бір шегі болу
керек. Жалпы алғанда, классикалық емес ғылым дамуының екі кезеңінің
нәтижесіңце ғылыми рациональдықтың ауқымы барынша кеңейеді. Зерттеудің
негізгі мақсаты болмысты сипаттау емес, қалыптасу, даму процестерін
сипаттау болып шықты. Объектінің мазмұны мен ол туралы білім мазмұнының
сәйкестігі туралы түсінік өзгерді, таным процесінде зерттеуші субъектінің
ролін ескеру қажеттігі айқын болды. Бұрынғыдай қатаң себептілік,
қажеттілік, заңдылық тұрғысынан түсіндірудің орнына статистикалық,
ықтималдылық, кездейсоқтық, ақиқаттың көп түрлілігі, т.с.с. ұғымдарды
қолданатын түсіндіру әдістері қалыптасты. Ең бастысы, объективтік дүние мен
адам дүниесін байланыстыра қарастыру әрекеті басталды. Білім мазмұнына,
білім ақиқаттылығына адамның дүниегекөзқарасының, танымдық іс-әрекет
ерекшеліктерінің қандай әсер ететінін ескеру міңдетті болып шықты. Осыған
байланысты білім ақиқаттылығының мазмұнына қоғамдық-өлеуметтік талап
тұрғысынан, этикалық козқарастар тұрғысынан бағалау қажеттілігі айқын
болды. Демек, дүние туралы білімнің мазмұнында дүниенің ғана объективті
қасиеттері, заңдылықтары бейнеленіп қоймайды, сондай-ақ қоғам дамуының
нақтылы кезендерінің мүмкіндіктері де орын алады, ғылымның өзіңдік
мақсаттары мен ғылымнан тыс әлеуметгік құндылықтар мен мақсаттардың тығыз
байланысы көрінеді. Осыған байланысты бірте-бірте рациональдықпен қатар
рациональдықтың ғылымға дейінгі және ғылымнан тыс түрлері болатыны туралы
пікірлер қалыптасады және олар танымдық қуаты жағынан ғылыми
рациональдықтан кем түспейді деп бағаланады. Нәтижесінде XX ғ.
философиясында рациональдық мәселесі зерттеудің дербес объектісіне айналды.

Рациональдықты философиялық проблема ретівде пайымдау бағыттары
XX ғ. философиясында рациональдық проблемасын талдау бір жағынан,
социологиялық, ал екінші жағынан, методологиялық бағытта жүргізілді.
Рациональдықты социология тұрғысынан талдау М.Веберден басталады. Оның
пікірінше, қоғамның тарихи дамуы барған сайын қоғамның рациональды
сипаттының жетілуімен байланысты болады. Бұл процесті жағымды деп бағалауға
болмайды, өйткені ол түбінде адам еркіндігін шегеріп, биліктің ең қатаң
түрлерінің шығуына жол ашады. Қоғам өмірінің барлық саласына енген
рациональдылық ұғымы адамды жеке бас бостандығынан айырып, оның
тіршілігіне, әрекеттеріне иррациональды сипат береді: Демек, Вебер үшін
рациональдылық дегеніміз ғылымның көрсеткіші емес, адам әрекетінің ең
жоғарғы принципі және мәдениет жүйесін қалыптастыратын маңызды элемент
болып табылады.
Қазіргі заманғы Батыс философиясының беделді бағыттарының бірі Франкфурт
мектебінің өкілдері Вебердің көзқарастарын әрі қарай жалғастырады. Т.Адорно
ақын алғашында адамға табиғатты бағындыруға көмектескенмен, кейінірек бір
адамдардың басқа адамдарға үстемдік жүргізуінің құралына айналды деп
есептейді. Ғылыми-техникалық рациональдылық пен биліктің бірігуі адамды
еркінен айырып, оны биліктің қолындағы ойыншығына айналдырады.
Ю.Хабермастың пікірінше, рациональдық мемлекетке бүкіл қоғам өмірін
жоспарлап, реттеп отыруға мүмкіндік береді, ал мұндай мүмкіндік өзінің ішкі
мәні бойынша адамның реальды тіршілігіне қарсы бағытталған. Рациональды
әрекет тек ақылға бағынатын әрекет емес. Адам бос кеңестікте емес,
әлеуметтік кеңістікте өмір сүреді, басқалармен үнемі өзара қарым-қатынаста
болады. Ал бұл қатынастар ғылымға, білімге емес, негізінде адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеулер түрлері
Биология ғылымының жетістіктері
Ғылым туралы жалпы түсінік
БАҚ ғылым жайында
ҒЗЖ алғашқы нәтижесі бойынша сайтқа Қазақстандағы фотоэнергетиканың дамуы саласында проф
Мәдениет морфологиясы туралы
Халық музыкасы
Әрбір кезеңдегі басты әлеуметтанушылардың ойлары мен еңбектерін жан-жақты қарастыру (О. Конт, М. Вебер, Г. Спенсер, Э. Дюркгейм және т. б. )
Білімді бекіту
Мал шаруашылғында ауыл шаруашылық малдарының өсуі мен даму заңдылықтарн қолдану
Пәндер