Оқушылардың білім сапасын арттырудаға оқу іскерліктерін қалыптастыру процесін зерделеу



Кіріспе
I тару. Оқушылардың оқу іскерліктерін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1 Жалпы оқу іскерліктерінің мәні мен түрлері
1.2 Оқу.іскерліктерін қалыптастырудың дидактикалық шарттары
ІІ тарау. Оқу іскерліктерін қалыптастырудың әдістемесі

2.1 Оқушылардың оқу іскерліктерін қалыптастырудың жалпы әдістемесі
Әлемдік өркениеттен өз орнын тауып жаһандану ағысына енген еліміздің алдында тұрған міндеттердің бастысы – еліміздің бәсекеге қабілетті азаматтарын даярлау мақсатында елдің интеллектуалдық потенциалын көтеру,жастарға ұлтық ерекшеліктерді ескере отырып саплы білім ,білік,тәрбие беру,жан-жақты дамыған іскер азамат қалыптастыру.Бұл жонінде Республикамызда мынан ресми құжаттар жарияланған. Білім жазылған министірлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында (ақпан,1993)былай деп жазылған:Бүгінгі таңда жастарға әлемдік мен ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру,оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін,,ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру,сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін,іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады)/1,б.3/.Ал, ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың №448 Жарлығымен бекітілген (2000ж. 30-қыркүйек)Білім мемлекеттік бағдарламасының білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарында «Жалпы орта білім беру саласында оның мазмұнын білім беруді демократияландыру және ізгілікті ету бағытында айтарлықтай жаңарту қажет.Оқушылардың сапалы білім,білік пен дағды алуының жоғары негіздеріне қол жеткізген жөн»деп,отбасы,мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген білімді, дағдылар мен қарым-қатынастарды баланың меңгеруін,сондай-ақ күш-жігірі мен психологиялық жағынан мектеп бағдарламасын игеруін қамтамассыз етуге міндетті»деп баланың дамуындағы отбасының міндеттерінде белгіленген /2,б.45-47/.Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының(27.12.2003)
түсіндірмесінде «Білім берудің кәзіргі негізгі мақсаты білім алып, білім мен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес,солардың негізінде дербес,әлеуметтік және кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан мына дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады »-деп және осы тұжырымдаманың 4-ші құрлымының үшінші тармағында:″орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге,өзін-өзі іске асыруға,өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру ″,ал осы тармақтың бірінші функтінде“бастауыш білім беру саласындағы оқумен тәрбие оң уажді қалыптастыруға және оқу қызметін білуге,оқу,жазу,санаудың берік дағдыларын үйренуге және ...Сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды ”делінген қоғамдық-әлеуметтік мәні бар талаптар қойылған /3,б.7-8/.Міне осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін, кез-келген қызметті ұйымдастыра алатын жеке тұлға қажет.Ал мұндай жеке тұлғаны мемлекеттік білім беру мекемелері даярлайды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Әлемдік өркениеттен өз орнын тауып жаһандану ағысына енген еліміздің
алдында тұрған міндеттердің бастысы – еліміздің бәсекеге қабілетті
азаматтарын даярлау мақсатында елдің интеллектуалдық потенциалын
көтеру,жастарға ұлтық ерекшеліктерді ескере отырып саплы білім
,білік,тәрбие беру,жан-жақты дамыған іскер азамат қалыптастыру.Бұл жонінде
Республикамызда мынан ресми құжаттар жарияланған. Білім жазылған
министірлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында (ақпан,1993)былай деп
жазылған:Бүгінгі таңда жастарға әлемдік мен ғылым мен прогресс деңгейіне
сәйкес білім мен тәрбие беру,оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін,,ойлай
білу мүмкіндігін жетілдіру,сонымен қатар әр адамның кәсіби
біліктілігін,іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып
табылады)1,б.3.Ал, ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың №448 Жарлығымен бекітілген
(2000ж. 30-қыркүйек)Білім мемлекеттік бағдарламасының білім беру жүйесін
дамытудың негізгі бағыттарында Жалпы орта білім беру саласында оның
мазмұнын білім беруді демократияландыру және ізгілікті ету бағытында
айтарлықтай жаңарту қажет.Оқушылардың сапалы білім,білік пен дағды алуының
жоғары негіздеріне қол жеткізген жөндеп,отбасы,мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген білімді,
дағдылар мен қарым-қатынастарды баланың меңгеруін,сондай-ақ күш-жігірі мен
психологиялық жағынан мектеп бағдарламасын игеруін қамтамассыз етуге
міндеттідеп баланың дамуындағы отбасының міндеттерінде белгіленген 2,б.45-
47.Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінгі білім беруді
дамыту тұжырымдамасының(27.12.2003)
түсіндірмесінде Білім берудің кәзіргі негізгі мақсаты білім алып, білім
мен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес,солардың негізінде
дербес,әлеуметтік және кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау
және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан мына дүниеде лайықты өмір сүру
және жұмыс істеу болып табылады -деп және осы тұжырымдаманың 4-ші
құрлымының үшінші тармағында:″орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп
отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының
негізінде еркін бағдарлай білуге,өзін-өзі іске асыруға,өзін-өзі дамытуға
және өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
″,ал осы тармақтың бірінші функтінде“бастауыш білім беру саласындағы оқумен
тәрбие оң уажді қалыптастыруға және оқу қызметін білуге,оқу,жазу,санаудың
берік дағдыларын үйренуге және ...Сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы
білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды ”делінген қоғамдық-
әлеуметтік мәні бар талаптар қойылған 3,б.7-8.Міне осы тұрғыдан қоғамға
жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей
білетін, кез-келген қызметті ұйымдастыра алатын жеке тұлға қажет.Ал мұндай
жеке тұлғаны мемлекеттік білім беру мекемелері даярлайды.
Кез-келген адамның ,оның ішінде оқушының әрекетінде білімнің ғана
емес, сонымен бірге іскерлік пен дағдылардың да зор маңызы бар.
Іскерлік ұғымы педагогика тарихында көптеген қазақстандық және
ресейлік еңбек сіңірген педагогтардың құнды еңбектерінде әр қырынан
тұжырымдалған.Біздің зерттеу жұмысымызға байланысты оқушылардың білім
сапасын арттыру, үлгермеушілікті болдырмау мақсатында оқу іскерліктері мен
дағдыларын қалыптастыру мақсатымен айналысқан Қазақстандық И.Д.Буртовой мен
Т.Әбдіғалиева,
Ж.Балтабаев,Р.М.Қоянбаев,Ж.Б.Қоянба ев,Б.Т.Ортаев,Т.Хазіретәлі, зерттеулері
мен еңбектерінің орны ерекше және Ресейлік педагогтар И.В.Савин Т.А.Ильина,
Е.А.Климов, А.В.Усова мен А.А.Бобров, А.А.Бред,
Д.Хамблин,С.А.Шапоринскийдің еңбектерінің маңызы зор.
біліміне,қалыптастыруы тиіс іскерлік пен дағдыға қойылатын талап пен
қазіргі таңдағы жалпы білім беретін орта мектептердегі сол талаптардың
жүзеге асырылуы арасындағы алшақтықты айқындау мақсатында біз диплом
жұмысымыздың тақырыбын “Оқушылардың білім сапасын арттырудағы оқу
іскерліктерінің рөлі”деп алдық.
Зерттеу обьектісі - жалпы білім беретін орта мектептің оқу
процесі.
Зерттеу пәні – оқушыларда оқу іскетліктерін қалыптастыру
процесі.
Зерттеудің мақсаты – оқушылардың білім сапасын арттырудаға оқу
іскерліктерін қалыптастыру процесін зерделеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы – Егер:
- оқушылардың білім сапасын арттыруда маңызды рөлге ие оқу
іскерліктерін қалыптастырудың технологиясы, дидактикалық шарттары,
кезеңдері мен әдіс- тәсілдері, анықталса:
- әр пән оқытушыларына арналған оқу іскерліктерін қалыптастырудың
инновациялық талаптарға сай әдістемелік құралы дайындалса, онда жалпы
білім беретін мектеп оқушыларының білім сапасы артып бәсекеге
қабілетті іскер азамат тәрбиеленеді.
Зерттеудің міндеттері:
1.Оқушыларда оқу іскерліктерін қалыптастыру мәселесі төңірегіндегі ғылыми
әдістемелік әдебиеттерді,зерделеу,ғылыми мақалалармен танысу.
2.Осы мәселеге қатысты озық педагогикалық тәжірбелерді зерделеп,жүйелеп
жазып шығу.
3.Оқу-ақпараттық іскерлікті қалыптастырудың технологиясын сипаттау.
Зерттеу әдістері: бақылау,әңгіме, оқушылардың жұмысын зерттеу,
оқу әдістемелік әдебиеттерді жинақтау, талдау, жүйелеу, сұрақ-жауап
әдістері т.б.

I тару. Оқушылардың оқу іскерліктерін қалыптастырудың теориялық
негіздері
1.1 Жалпы оқу іскерліктерінің мәні мен түрлері

Жалпы оқу іскерліктері мен дағдыларының мәнімен қатар оқытушы
назары көптеген мәселеге аударылуы тиіс. Мұғалім шәкірттерге оқу материялын
түсіндіреді, оқушы оны қабылдайды, меңгереді және қайта баяндап береді. Бұл
схема бойынша оқушы мұғалімнің педагогикалық әрекеті бағытталған поссивті
обьект ретінде, ал оқу нәтижесі мұғалімнің тек жеке басының іскерлігіне
байланысты қарастырылады.
Қазіргі білім ғасыры кезеңінде оқушыға жаңа білім жүйесін
берумен ғана шектелмей, олардың оқуды және оған қажет икемділікті үнемі
қажетсінуіне тәрбиелеу керек. Сонымен, мұғалімнің ең алғашқы міндеті –
баланы өз бетінше кітаппен, сөздікпен және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс
жасауға, уақытты үнемдеп, оны дұрыс пайдалануға, күн тәртібін орындауға, іс-
әрекетін жоспарлап отыруға үйрету болып табылады.
Оқу-әдістемелік әдебиеттерден “білім”, “іскерлік”,“дағды” деген
ұғымдарды анықтайық.Педагогикалық әдебиеттерде бұл ұғымдардың біркелкі
анықтамалары жоқ.Айта кету керек,бұл мәселе республикамызда бастауыш
сыныптарға арналған және жеке пәндер бағдарламаларда біріңғай шешімін
таппаған.
Білім – фактілер,ережелер, қортындылар, заңдылықтар, идеялар,
теориялар түрінде кездесетін шындықтың түрлі салалары бойынша адамзат
жинақтаған тәрбие болып табылады.Білім адам санасында түсініктер, ұғымдар
түрінде бейнеленеді.
Іскерлікті көпнесе іске асқан,қолданысын тапқан білім деп анықтайды
4,б.6-7
Негізінен әдіскерлер мен дидактиктер арасында іскерлік пен дағды
туралы түрлі көзқарастар орын алған. Мәселен, іскелік – қандайда болмасын
қызметтің тәсілін саналы түрде игеру. Автоматты деңгейге дейін жеткізілген
іскерлік – дағды болып есептеледі. Демек, іскерлік бірте–бірте дағдыға
ұласады. Мысалы, әуелі мәтінді оқу іскерлігі пайда болады, ал кейін жылдам
оқу дағдысына айналады. Іскерлікті меңгеру үшін әрекеттің тәсілін біліп,
үнемі жаттығу қажет.
Ендігі бір авторлар іскерлікті әрекеттің тәсілі туралы білім ,
дағды қалыптастырудың бастапқы сатысы деп есептейді. Іскерлікті саналы,
тиянақты әрекетке дайындық немесе өзгермелі жағдайда мақсатқа саналы түрде
жетуге қажеттілік дейтіндер де бар 5,б.58-59
Ал қазіргі таңдағы елімізге танымал психолог Қ. Жарықбаев осы
уақытқа дейін орыс тіліндеге умение деген терминінің қазақша дәл
баламасы табылмай келеді.Осы ұғым әртүрлі сөздермен икемділік, еп,
ептілік, іскерлік, білік, шеберлік, істей білут.б. ұғымдармен
беріліп жүр. Біз мұны икемділік деп алғанды дұрыс көрдік.
Дағдылардан икемділік ұғымын айыра білу қажет. Икемділік
дегеніміз қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті.
Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Ол белгілі бір
дағдылар мен білім жүйесін практикада пайдалана алудың көрінісі болып
табылады.
Икемділік білімнің амалға айналу, ол саналы әрекетті қажет
етеді, икемділік амалды жүзеге асырудың да тәсілі-деп өз тұжырымын
береді 6,б.85.
Икемділіктің психологтар анықтаған басқа да қызметі бар. Онда
икемділік ақыл-ой және практикалық әрекеттің саналы мақсатты меңгеруге
бағытталған ерекше қызметі деп көрсетіледі.
Ю.К. Бабанский қандай да болсын қызмет тәсілін саналы меңгеруді
икемділік дейді. Бұл анықтама мына жүйеге негізделеді. Оқу қызметі
белгілі бір әрекеттің жиынтығы арқылы іске асырылады, әрекеттің іске
асу әдісін меңгеру - икемділік.
Машық бірнеше рет қайталанған жаттығулар негізінде
қалыптасады.
А.В. Петровскийдің еңбектерінде машық икемділіктен бұрын
қалыптасады деген пікірлер айтылады. Оқушының күрделі іс-әрекетті
әртүрлі жағдайда орындау үшін бойындағы бар білімі мен машығын саналы
түрде пайдалануын икемділік деп анықтайды 4,б.7-8.
Н.В.Савин өзінің “Педагогика” деген еңбегінде “Кез келген
адамның,оның ішінде оқушының әрекетінде білімнің ғана емес, сонымен
бірге іскерлік пен дағдылардың да зор маңызы бар. Оқушылардың
ережені біле тұра, сауатсыз жазатынын, есеп шығара және ойлай
білмейтінін мұғалімдер жиі атап көрсетеді.

Іскерлік - бұл адамның бұрындар алған тәжірибе негізінде қандай
да бір
іс-әрекетті (қызметті)орындай білуге деген қабілеттілігі” – деп
көрсетеді 7,б.76.

Т.А.Ильина өзінің педагогикалық еңбектерінде “іскерлік пен
даңдының қалыптасуы процесі көптеген практикалық әрекеттер жасауды
қамтиды. Іскерлікті меңгеру процесі әдетте оқушы өзі меңгеретін
белгілі әрекетті өзі аяқтауға тырысып бағудан бастайды-ол меңгерген
ереженің негізінде әріпті жазады, есеп мысалын шығарып көреді
т.б.Ал іскерлікті қалыптастыру кезінде ойланып-толғану, білімді істе
саналы түрде қолдану сәті аса күшті әсер етеді”деп іскерлікті
қалыптастырудағы бірқатар тұжырымын береді 8,б.223.
Ж.Б.Қоянбаев және Р.М.Қоянбаев өзінің “Педагогика” атты
еңбегінде:“Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен
құбылыстарда, табиғатпен қоғам заңдарын тану нәтижесі.Білімді жеке
адамның игілігіне айналдыру жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы
ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл
дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін
дамыту,оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді
еркін үйрету.
Іскерлік – алған білім негізінде оқушылардың практикалық
әрекеті іске асырылады. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін
емес. Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу керек.
Өлшеу сызғышын,секундомерді пайдалану үшін физика біліміне сүйену
қажет.
Дағды – бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке
машықтандыру. Мысалы, тез оқу дағдысы жүйелі түрде жаттығу
нәтижесі.
Сонымен, оқу процесінде білімнің, іскерліктің және дағдының
өзара байланысы, бірлігі оқушылардың таным қабілетінің дамуына
мүмкіндік туғызады.”
Аа, Сәбит Бап-Баба өзінің “Жалпы психология” атты еңбегінде
“Ептілік-бұл білімдер мен дағдылардың нақты әрекетте көрінуі. Жаңа
жағдайлар немесе жаңа обьектілермен қатынасқа келе, адам өзінің
бұрыннан алған, игерген білімдері мен дағдыларын іске қосады, яғни
осы дағдылардың жаңа жағдайға көшу-көшпеуі ептілікке байланысты ”деп
анықтама береді 9,б.78-80.
Барлық іскерліктің негізін әрекеттер құрайды. А.Е.Климов
еңбектің құраушысы ретінде жалпы әрекеттерді төмендегідей етіп
жіктейді:
1. Қозғалыс әрекеттері (алу, қою, сығымдау, орын ауыстыру, күшті
азайту немесе көбейту және т.б.)
2. Танымдық әрекеттер (гностикалық):а) қабылдау әрекеттері (байқау,
ажырату, тану, есту, сипап сезу, көру, дәм сезу, иіс сезу бойынша
белгілер көрінісінің дәрежесін анықтау және т.б.);
б) елестету әрекеттері (обьектіні ойша түзу, осының негізінде
болашақ өнер тапқыштар, тиімді ұсыныс жасаушылар дүниеге келеді
);
в) логикалық әрекеттер (талқылау, қортынды шығару).
3. Жеке тұлғалық қарым-қатынас әрекеттері :
а) болжаушылық ;
б) әреке-талап ету (ым-ишара, өтініш, мақұлдау, терістену, келіспеу
т.б.) бойынша әрекеттер. 10,б.38-39
Ресейлік физиктер А.В.Усова мен А.А.Бабровтың
еңбектерінде“іскерлік”
ұғымын тұлғаның білімі мен дағдылар негізіндегі белгілі әрекетке
немесе қойылған мақсатқа сәйкес операцияларға дайындығы ретінде
қарастырған.
Барлық психологтар іскерліктің түрлі қызмет жағдайында өзгеріп
отыратын, қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін талдап
қортындыланған деген қасиетін белгілейді. Олардың пікірінше талдап-
қортындыланған қасиет – іскерлікті дағдыдан ерекшелеп тұратын адамның
арнайы қасиеті болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде іскерліктің қарапайым
және күрделі , арнайы және талдап-қортындыланған түрлері бөліп
көрсетіледі. “ Талдап-қортындыланған іскерлік ” ұғымын салыстырмалы
түрде алғаш рет 1969ж белгілі физик А.В. Усова берген болатын .
Бертін келе бұл ұғымды кең түрде ашқан зерттеулер жүргізіле
бастады. Мәселен, оған “ интеллектуалдық іскерлік ” ұғымы айқындала
бастады. Бұл іскерлік түрі жайлы Г.И. Щукина былай деп жазды:
“Интеллектуалды іскерліктер кез-келген ситуациялар мен пәндік
материалға әсер ететін мобильді, қозғалмалы(подвижны), вариативті
болып келеді. Талдап-қортындыланған іскерлікті игерген оқушы кез-
келген пәндік іс-әрекетті тез орындауға, еркін әрекет етуге
мүмкіндік береді ” 11,б.9-15 .
Мұндай іскелік саналылығымен, интеллектуалдылығымен,
мақсаттылығымен, еркінділігімен, прогрессивтілігімен, практикалык
әрекеттілігімен, танымдық әрекет пен практикалық әрекеттің бірігуімен,
сонымен бірге мақсатқа жету тәсілдерінің вариативтілігімен
сипатталады. Талдап-қортындыланған іскерліктер қатарына сонымен бірге
өз бетінше әдебиетпен жұмыс жасау, тәжірибе жүргізу және оны
бақылау іскерліктері де жатқызылады. Сол себепті де, оқушылардың
интеллектуалдық қабілеттерінің дамуында көрініс табатын, жаңа
жағдайларға оңай өте алатын өзінің қасиеттерімен көрінетін іскерлік
ұғымын талдап – қортындыланған іскерлік деп атауға болады. Олар кейін
тасмалды қасиетке ие. Олардың бірнеше тапсырмаларды шешуге тек қана
бір пәннің аясында қолданып қана қоймай, өзгеде пәндері бойынша
сабақ барысында, практикалық жұмыстарда қолдануға болады.
Талдап-қортындыланған іскерліктер іс-әрекеттің ғылыми негізімен
құрылымын ұғынудың негізінде қалыптастырылады.
Оқу іскерлігінде адамның обьективті шындықты танып, өзінің
тәжірбесін байыта алатын табиғатқа әсер етудің тәсілдерін игеруіне
көмек беретін оқу іскерліктері жетекші рөлге ие.
Н.К. Крупская өз заманында жалпы білім беретін орта
мектептерде оқушыларды “өз бетінше білім алу іскерлігімен ”
қаруландыратын “Организация туралы” атты курс жүргізуді ұсынған
болатын. Надежда Канстантиновна білімді меңгеру процесі оқушылардың
бақылау жүргізуді, тәжірибе арқылы бақылауды тексеруді жүзеге
асыратын практикалық әрекет процестерінде, кітапты еңбек қаруы
ретінде түсініп, ғылыми мәліметтерді еңбек процесінде қолдану
барысында жүруі тиіс деп жазды.
Бірақ біршама уақытқа дейін оқушыларды білім жүйесімен
қаруландыру мақсаты мектептің негізгі міндеті болып табылып келеді.
Осыған байланысты оқытушы қызметі оқушылардың білім сапасымен,
тапсырмаларды шешу іскерлігімен, оқушының өз бетінше тәжірибе және
бақылау жүргізу іскерлігімен бағалап, ол оқушылардың әртүрлі
ақпарат көздерінен өз бетінше білім алу, игеру іскерлігі мүлдем
ескерілмеген болатын.
ХХғ. 60 –жылдарының соңында психологтар мен дидактиктердің
теориялық және эмпирикалық деңгейде жүргізілген зерттеулері оқытудың
жетістігі үшін мұғалімнің оқушыларды білім жүйесімен ғана
қаруландырып қоймай, олардың ептіліктер мен дағдылар жүйесін
қалыптастыруға бағыттылық жасауларының қажеттілігін көрсетіп отыр.
Сонымен бірге бұл зерттеудің нәтижесі іскерліктер оқушыларда
тығыз байланыста қалыптасатынын анықтаған болатын. Мәселен,
“кениматика”түсінігінің қалыптасуы мысалында меңгеру процесінің өзі
егерде оқушыларда бір мезгілде мол ұғымдарға сәйкес іскерліктер
қалыптасқан жағдайда ғана болатыны көрсетілген.
Ғылым негіздерін оқу процесінде қалыптасқан және оларды игеруге
қажетті іскерліктер деген атауға ие болды.
Одан кейінгі жүргізілген зерттеулер жалпы оқу іскерліктерінің
түрлерін бөліп көрсетудің қажеттілігін, дәл оқу, жазу, жауап жоспарын
құру іскерліктерін, оқу әдебиеттерімен жұмыс жасау, тәжірибе,
бақылау жүргізу іскерліктерін айрықша көрсетудің қажеттілігі туралы
қортындылар шығарылған еді.
1981 жылдан бастап сол циклдің бағдарламаларында нақты тәндерге
арналған жеке іскерлік түрлері (мысалы, физика курсында керілу күшін
өлшеу және денені диномометрмен өлшеу; химия курсында заттардың
химиялық анализін анықтау; биология курсында микроскоппен жұмыс
жасау және т.б.)беріледі. Өкінішке орай бұл деңгей қандай да бір
жүйесіз негізгі және екінші сатылы іскерліктің бөлініп көрсетуінсіз
беріледі.
Оқыту процесінде танымдық және өз бетінше білім игеру іскерліктері
негізгі орынға ие. Оқушыларды танымдық іскерліктермен қаруландыру
оқушыларды шамадан тыс жүктемеден азайтып, оқу сабақтарының
тиімділігін арттырудың қажетті шарты болып табылады.
Танымдық іскерліктер құрамын анықтауда ең алдымен білімнің
негізгі көздерін талдау қажет. Оқушылар үшін білімнің негізгі
көздері оқулықтар болып табылады. Міндетті түрде оқушыларды
оқулықтар мен жұмыс жасауға үйретуіміз керек.
Қазіргі маманға халық шаруашылығының кез-келген саласы және
жаратылыстану-ғылыми пәндерін оқуда эксперимент әдістемесін меңгеру
қажет. Эксперимент теориялық құрлымдардың дұрыстығының критериі болып
табылады. Ол өз құрамына болжам жасау, бақылау жүргізу,
өлшеу,санау, графика құрастыру, алынған мәліметтерге талдау жасау
сияқты бірқатар әдістерді қамтиды.Олай болса оқушыларда аталған
іскерліктерді қалыптастыру үшін мақсаттылық пен жоспарлық қажет.
Өз бетінше бақылау жасау және тәжрибе жүргізу іскерлігінің
қалыптастырылуы баяу өтетін процесс, сондықтан жалпы білім беретін
орта мектепті бітіруші көптеген оқушылар ғылыми таным әдісі сияқты
экпериментке тән белгілерді ажырата алмайды.Себебі, оқушылардың оқыту
процесінде бақылау мен эксперимент жүргізуді дайын инструкция
бойынша орындағандықтан болады. Осы себепті де оқушылардың іс-әрекеті
репродуктивті сипатқа ие болады.
Қазіргі таңда оқушыларда өз бетінше тәжірибе жүргізу іскерлігін
қалыптастырудың әдістемесін қайта жасаудың қажеттілігі туындап отыр.
Осыған байланысты негізгі танымдық іскерліктер қатарына төмендегілерді
жатқызуға болады :
-оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау, осының негізінде өз
бетінше білім алу, білімді тереңдету іскерлігі қалыптастырылады;
-бақылау жүргізу және қортынды тұжырымдамасы, болжам жасау және
үлгілеу (модельдеу);
-өз бетінше эксперимент жүргізу іскерлігі және соның негізінде
жаңа білімді игеру, теориялық білімдердің негізінде құбылыстар мен
бақыланушы фактілерді түсіндіру, теориядан салдар айту.
Сонымен бірге оқушыларда практикалық іскерліктерді қалыптастырудың
да маңызы ерекше.
Жалпы білім беретін орта мектептерде оқытылатын физика курсы мен
өзге жаратылыстану-ғылыми пәндерінің мазмұнында оқушыларда
практикалық іскерліктерді қалыптастыру, материалдық өндіріс саласында
олардың еңбекке дайындығы үшін жағдайлар қарастырылған. Осыған
байланысты оқушыларды техникамен, қазіргі өнеркәсіптік және
ауылшаруашылық өнеркәсіптің технологиясымен, ғылыми-техникалық
прогрестің негізгі бағыттары мен жетістіктерінің теориясы мен
практикасымен таныстыру бойынша жұмыс жұмыс жүргізу тиіс.Оқушылар
теориялық материалдарды оқуда, демонстрациялық жаппай тәжірибе
жүргізу , лабораториялық жұмысты орындау, эксперименттік тапсырмалар
шешу және практикум жұмыстарын орындау процестерінде келісілгендей
іскерліктерді игеру тиіс.
1)өлшеу (өлшеу құралдарын қолдану :масштаб, сызғыш, өлшеу
лентасы, өлшеу цилиндрі, таразы, динамометр, термометр, барометр, манометр,
амперметр, вольтметр және т.б.)
2)Есептеу (тәжірибе нәтижесінің математикалық жолмен өңделуі)
3)Құбылысты сипаттайтын физикалық шама арасындағы физикалық

тәуелділіктердің ерекшеліктерін айқындайтын графикалық құру және
талдау жасау;
4)Түрлі лабораториялық приборларды (химиялық ыдыспен, штативпен)
және энергия көздерін (спирт, электр плитасын, аккуммуляторды,
тезеткішті), шаруашылық пен техникада кездесетін асппаптар мен керек
– жарақтарды (рычак, блок, реостат, электроқозғалтқыш, компас,
тұрақты мәліметтер мен электромагнитті оптикалық линзаны, әйнектерді
және т.б.) қолдану.
5)Электр тізбегін жасау және олардың схемасын оқу;
6)Есептік, графикалық, логикалық және эксперименттік
тапсырмаларды шешу.
Есептеулерде (ЭВТ) Электр есептеуіш техниканы қолдану.
Келесі көрсететініміз ұйымдастырушылық іскерліктері. Бұған өз
жұмысын жоспарлау және сабақ үстіндегі; лабораториялық жұмыстарды
орындауда жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуы кіреді. Сонымен бірге
бұл іскерлік құрамына өз міндетін, іс-әрекетті орындауда және санау,
өлшеу, тапсырманы шешу операциясын, ұй тапсырмасын орындау бақылау
жүргізу және өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру сиақты іскерліктер
тобы кіреді.
Жеке топқа бағалаушылық іскерліктері бөлінген. Оларға есептеу мен
эксперименттік міндеттерді шешу нәтижесінде алынған көлем мәніне
әлеуметтік-экономикалық және экологиялық баға беру, өндіріс
технологиясын, эксперименттік жұмыстардың нәтижесін дәлелдеудің,
лабораториялық жұмыстарды орындауда жіберілген қателіктерді бағалау
іскерліктері жатады.
Аталған іскерліктердің кейбірі барлық оқу пәндеріне алпы болып
келсе, мәселен, кітаппен жұмыс жасау, еңбекті ғылыми ұйымдастыру
іскерліктері, ал мынадай іскерліктер қатары тұтас пәндер цикліне
жалпы болып табылады. Мәселен өлшеу, санау, графикалық есептерді шешу
іскерліктері- жаратылыстану-ғылыми, математикалық пәндерге қатысты
болып келеді. Ал бақылау, эксперимент жүргізу іскерлігі жаратылыстану
цикліне жалпы іскерлік болып табылады.
Сол себепті де түрлі пәндерді оқытуда жалпы оқу іскерліктерін
қалыптастыруға біркелкі көзқарас пен сабақтастықты қамтамассыз ету
қажет.
Сонымен жоғарыда келтірілген оқу іскерліктерінің түрлерін А.В.
Усова мен А.А. Бабров өздерінің “Формирование учебных умений и новыков
учащихся на уроках физики” атты педагогикалық еңбектерінде жүйелеп,
мынадай схема түрінде ұсынады.

І 11, б. 4-16 І

Ал, А.Бред өзінің еңбегінде оқу іскерліктерінің мынадай түрлерін
келтірген. Іскерліктерді алдыға қойылған мақсаттың сипаты бойынша
оқу-ақпараттық, оқу-инеллектуалдық, оқу-практикалық деп ажыратылады.
Оқу-ақпараттық іскерлік - әртүрлі білім көздерінен ақпаратты алу
мен сақтаудағы әрекеттер жүйесі. Мәселен, оқылып отырған тақырып
бойынша қажетті ақпарат көзін табу, оқулықтан мақала бойынша
сұрақтарға жауап іздеу, статистикалық таблица мен схемаларды және тағы
басқаларды көрсету. Бұл іскерлікті қалыптастырудың негізгі әдістері –
ізденушілік, жаттықтырушы жаттығулар болып табылады.
Оқу-интеллектуалдық іскерлік - ұғымдарды, заңдылықтарды,
қортындыларды, талдап-қорытуларды қалыптастыру үшін логикалық ойлау
тәсілдерін игеру бойынша әрекеттер жүйесі. Осы іскерліктің негізінде
мынадай ой қызметінің тәсілдері игеріледі :абстракция, анализ,
синтез,салыстыру және сәйкес қою, классификация, құбылыстар мен
заттардың топтамасы, индукция және дидукция , қортындылар мен
анықтаулардың құрылуы, аналогия бойынша ой қортындысы.
Оқу-коммуникативтік іскерліктер – білімді беру, жеткізу тәсілдерінің
жүйесі.
Оқу-практикалық іскерліктер немесе практикалық сипаттағы - өлшеу,
есептеу, түрлі сипаттағы есептерді шешу, сипаттама жасау бойынша
жұмыстарды орындаудағы (пәнге байланысты) әрекеттердің жиынтығы.
9,б.30-31
И.Д.Буртовой мен Т.Әбдіғалиева өз еңбектерінде икемділіктерді
жалпы және арнайы деп екіге бөледі. Онда СССР Оқу министрлігі
бекіткен “Оқушылардың жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын дамытуға
арналған нұсқауда”(1984ж) икемділіктері мен машықтар төрт салаға
ажыратылғаны жайлы сөз етілген. Олар: 1) оқу – ұйымдастырушылық,2) оқу-
информациялық,3) оқу-интеллектуалдық, 4) оқу-коммуникативтік. Алдынғы
үшеуін Ю.К.Бабанский, төртінші саланы Н.А.Лошкарева ұсынған.
Оқу-ұйымдастырушылық икемділіктер мынадай негізгі екі топқа
бөлінген:
1) Білім алуға қолайлы жағай туғызуға бағытталған икемділіктер.
2) Оқу тапсырмаларын орындау тәртібін анықтауға мүмкіндік
беретін икемділіктер.
Бірінші топқа санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауға
байланысты икемділіктер енеді: а) сабақтағы тәртіп талаптары партаға
дұрыс отыру , оқу , жазу гигиенасы, жұмысқа кірісу тәртібі т.б.; ә)
үзілістегі тәртіп талаптары қысқа және ұзақ үзілістегі демалыс,
ыстық тамақ ішу, сынып бөлмесінің ауасын тазарту т.б.; б)
ұзартылған күн топтардағы, мектеп интернаттағы гигиеналық талаптарды
орындау; в) мектепте және үйде күн режімін сақтау ұй тапсырмасын
әзірлеуге дайындалу, ұйқы тамақтану, таза ауада болу, демалыс,
каникул күндерін дұрыс өткізу т.б.; сыныптағы және үйдегі жұмыс
орнын жабдықтау.
Екінші топқа оқу тапсырмасын орындауда оқушыға күш пен
уақытты аз жұмсауға мүмкіншілік беретін икемділіктер тобы жатады.
Оларға өлеңді жаттау, тексті баяндауды жоспарлау, есеп шығару, сабақ
үстінде, үй тапсырмасын орындау кезінде өз бетінше жұмыс істей
білу, орындалған жұмыс тапсырманы даяр үлгі бойынша тексеру, өзін-
өзі өзара тексерудің тиімді жолдарын, әдістерін жатқызуға болады.
Оқу-информациялық икемділіктер саласына информацияны
ауызша, жазбаша, көрнекі түрлерін меңгеруге мүмкіндік беретін
икемділіктер жатады. Ол ең алдымен оқу информациясын таңдау және
оны қабыл алу шеберлігі, жеке оқу пәндері бойынша оқушылар негізгі
деректерді оқулықтардан алады. Оқулықпен жұмыс жасау, тексттен ,
суреттерден мәліметтерді іріктеп алу, көмекші әдебиеттерді пайдалана
білу қажет. Сондай-ақ оқулықпен жұмыс істеудің бүкіл жүйесі кітап
мазмұнымен танысу, қажетті бетті, ережені, есепті тез таба білу
сияқты икемділіктерді де үйрету осы салаға енеді.
Ал үшінші салаға талдау, жинақтау, салыстыру, қортындылау,
себеп-салдар байланыстарын аңғару және ақыл-ой дамуына себін
тигізетін басқа логикалық әрекеттер сияқты Оқу-интеллектуалдық
икемділіктер жатады. 4,б. 10-11
Келесі кезекте Д.Хамблин оқушылардың жас ерекшеліктерін,
қабілеттері мен өмірлік тәжірибесінің есебінің төмендегідей негізгі
жалпы оқу дағдыларын бөліп көрсетеді:
1. Тыңдау (игерілген білімді өңдеу іскерлігімен байланыста
қарастырылады)
2. Оқу (оқу техникасымен шектелмей игерілгенді қайта
өңдеу іскерлігі және мазмұнды қортындылар жасау және де оқылғанның
негізінде жаңа идеаларды алға қою )
3. Жабдықталуы (бұл дағды көбінесе ескерусіз қалып,
оқушыларда қажетті мөлшерде қалыптастырылмайды. Ал ол оқылған
материалды игерумен, өз қызметінің нәтижелілігін сезінумен
байланысты).
4. Ұй жұмысын продуктивті тәсілмен орындау.
5. Мақсаттың қойылуы мен жоспарлануы.
6. Шығармалармен жұмыс жасау және сұрақтарға жауап
түзу.
7. Емтихандар мен бақылау жұмыстарын қайталау және
дайындық.
8. Көшірудің жүргізілуі.
9. Баға (оқушыларды өз жұмысын өзіндік бағалауға
ұйрету қажет) 13,б. 28-29

Сонымен қортындылай келе әртүрлі педагогтар мен
авторлардың оқу-іскерлігімен іскерліктеріне берген анықтамасы мен
түрлерін мынадай жүйеге келтіріп топтастыруға болады :
1. Оқу-ақпараттық іскерлік.
2. Оқу-интеллектуалдық іскерлік.
3. Оқу-коммуникативтік іскерлік.
4. Оқу-практикалық іскерлік.
5. Оқу-ұйымдастырушылық іскерлік.

2. Оқу-іскерліктерін қалыптастырудың дидактикалық шарттары

Кез-келген іс-әрекетті орындау іскерлігін қалыптастыру
үшін ең алдымен мұғалімге іс-әрекет құрлымына талдау жасап, оны
орындаудың құрамды элементтерін анықтауы тиіс (мәселен, бақылау,
өлшеу, тәжірибе жүргізу әрекеті қандай операциялардан тұрады).
Сонымен бірге әрекет құрлымындағы жеке элементтерді бөліп, оларды
орындаудың мақсатты бірізділігін анықтауды және оқушылардың
қарапайым әрекеттерді сенімді де автоматты деңгейде орындауын,
орындаудың ұйымдастырылуын қамтамассыз ететін жаттығулар жүйесін
белгілеуі тиіс.
Көрсетілген жұмыстың нәтижесінде, негізінде мақсатқа
сәйкес арнайы таңдалған тапсырмалармен жүзеге асырылатын анағұрлым
күрде-
лі іс-әрекетті орындау іскерлігін қалыптастыруға болады.
Күрделі іс-әрекетті орындау кезең бойынша жүзеге
асырылатын процесс.Бағыттаудың үшінші типі яғни, жоспарлы оқыту
бойынша оқу әрекетінің мынандай үш мативациялық негізін бөледі:
бағыттаушылық, орындаушылық және бақылаушылық талдап-қортындыланған
іскерліктерді қалыптастыру процесі төмендегідей кезеңдерді
қаититындығын А.А.Усова мен А.А.Бабров былай етіп көрсетеді:
1. Оқушылардың нақты іс-әрекетті орындау іскерлігін меңгерудің мәнін
түсінуі (іс-әрекеттің мативациялық кезеңі)
2. Іс-әрекеттің мақсатын анықтау.
3. Іс-әрекеттің ғылыми негізін анықтау.
4. Біршама міндеттердің түрлеріне жалпылама болып табылады және
сол іс-әрекет орындалатын жағдайлардан тәуелсіз іс-әрекеттің
құрлымдық компоненттерін анықтау (мұндай құрлымдық компонненттер іс-
әрекеттің тіректі пункттерінің рөлін атқарады);
5. Іс-әрекеттің моделін (алгоритмін) құратын операциялардың орындалуы
(ұжымдық немесе өз бетінше іздеу жолымен).
6. Оқушы тарапынан іс-әрекет бақыланатын жаттығулардың бірнеше
санын ұйымдастыру;
7. Оқушыларды өзін-өзі бақылау әдісімен оқыту;
8. Егер жағдай өзгерген кезде оқушылардан берілген іс-әрекетті өз
бетінше орындау іскерлігін талап ететін жаттығуларды ұйымдастыру ;
9. Анағұрлым күрделі іс-әрекет түрлерінде жаңа күрделі
іскерліктерді меңгеру үшін іс-әрекетті орындауда белгілі іскерліктерді
қолдану.
Жоғарыда келтірілген іскерлікті қалыптастыру кезеңдері
сонымен бірге өз құрамына психологтар анықтаған мақсатты іс-
әрекеттің компоненттерін, оқу тапсырмаларын орындаудағы жоғарғы
деңгейдегі шығармашылық көзқарастың дамуын қамтамассыз ететін
қосымшаларды да қамтиды.
Қарастырылған іскерліктерді қалыптастыру тәсілі оқушылардың
жеке операцияларды орындауының рационалды бірізділігі мен құрлымын
анықтаудағы белсінді қатынасын қамтамассыз етеді; әрекеттің құрлымы
ғылыми тұрғыда негізделеді. Осының негізінде оқушылар іскерлікті
игеру, жаңа сетуацияда берілген іс-әректті орындау қабілетін
қалыптастырады . Бұл оқу жоспарлы оқыту бағытына сүйенеді. Ол екінші
типтегі оқыту бағытына қарағанда көп уақытты талап етеді, бірақ
сонымен бірге оқушылар жаңа тапсырмаларға жылдам өтіп, бағытталып ,
өзге пәндер бойынша тапсырмаларды орындауда қалыптасқан
іскерліктерді тасымалдай алады.
Екінші типтегі бағыттау бойынша оқыту аз уақытты талап
етеді, оқытушының өзі оқушыларды іс-әрекет құрлымы мен барлық
операциялардың орындалу бірізділігін көрсетеді, ал оқушы болса бұл
жерде айтылғандарды көшіріп, іс-әрекеттің орындалу маңыздылығы мен
бірізділігінің мәнін терең түсінбей оны тек мұғалімнің соңынан
қайталайды. Мұндай іс-әрекеттің қайталану нәтижесінде дағдылар
қалыптасып, бірақ оқушылар іс-әрекеттің бұлай меңгеруінен жаңа
жағдайларға көшуде қиындықтарға тап болады. Сонымен бірге оқытушы
операция құрамын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мультимедиялық оқыту технологиясы
Мұғалімнің міндеті зерттеу іскерліктерін зерттеу бойынша қызметті ұйымдастыру
Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі
Студенттердің педагогикалық практикасын жетілдіру
Жалпы географиялық карталар
Пәнаралық байланыс функциялары
Тыңдауға үйрету әдістері, принциптері, қолданылатын құралдары
Ағылшын тілін оқытуда сөйлеу әдістері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарын қарастыру
Педагогикалық бақылаудың мәні
1-сынып оқу үдерісінде қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың тиімділігін анықтау
Пәндер