Ақшалардың қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы



Мазмұны.

1 Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Ақшаның мәні және пайда болуы
1.1 Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Ақшаның мәні мен қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІ Ақшалардың қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
2.1 Ақшаның қызметтері және олардың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Ақша айналымы және ақша айналысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

ІІІ Қазақстан Республикасындағы бартердің дамуы ... ... ... ... ... ... ..33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
1 Кіріспе.
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Бірақ XVI ғасырдың басында (1516 ж.) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің "Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы туралы алтын кітап" деген еңбегінде: "Алдау, ұрлау, тонау, өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді".
Ол аздай Т. Моор тағы былай деді: "Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысынын болуы мүмкін емес".
Осыған байланысты К. Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм - ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінін айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К. Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген".
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ақша,несие, банктер. Ғ.С.Сейітқасымовтың жалпы ред. —Алматы: Экономика, 2001.
2. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу қуралы. -Алматы: Экономика, 2000 -328 бет.
3. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Жалпы ред. басқарған ҚР ҮҒА-ның академигі Сейіткасымов Ғ.С., 2-басылым. -Алматы: ИздатМаркет, 2004. -248 бет.
4. Деньги, кредит, банки. Под ред. Лаврушина О.И. —М.: Финансы и статистика, 1999.
5. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения. Под ред. Красавиной Л.Н. —М.: Финансы и статистика, 1994.
6. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.
7. Банковское дело. Под ред. Лаврушина О.И. —М.; Финансы и статистика, -1998.
8. Белов В. Когда законы толкуют произвольно. Бизнес и банки. Москва ] 992 ж.
9. Белов В. Коммерческие банки н налоговая служба, Москва 1993ж.
10. Васильева М Чек как средство платежа Закон 1992г.
11. Ефимова Л.Г Банковское право, Москва БЕК 1994г.
12. Гвирцман М.В Правовое регулирование банковской тайны, Деньги и кредит. 1992г.
13. Гуревич И,С Очерки банковского права. Изд-во ЛГУ, 1979г.
14. Гросиан Р.К Как вести дела с банками. Москва, международные отношения, 1969г.
15. Вильнянский С.И Кредитно-расчетные правоотношения: Учебное пособие, Харьков, 1985г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.
1
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Ақшаның мәні және пайда болуы
1.1 Ақшаның даму тарихы мен
эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Ақшаның мәні мен
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.8

ІІ Ақшалардың қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
2.1 Ақшаның қызметтері және олардың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...13
2.2 Ақша айналымы және ақша
айналысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

ІІІ Қазақстан Республикасындағы бартердің
дамуы ... ... ... ... ... ... ..33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 36

1 Кіріспе.
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және
тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша
айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша
айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Бірақ XVI ғасырдың басында (1516 ж.) утопиялық социализмнің негізін
қалаушы Томас Моор өзінің "Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік
құрылымы туралы алтын кітап" деген еңбегінде: "Алдау, ұрлау, тонау, өлтіру
заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді әйтсе де бұл жөнінде алдын
ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да
жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың
алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді.
Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен
туған кедейліктің өзі де жойылар еді".
Ол аздай Т. Моор тағы былай деді: "Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша
өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және
дұрыс ағысынын болуы мүмкін емес".
Осыған байланысты К. Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз
қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе
ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша
дегенмен де коммунизм - ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және
бола береді.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше
жалпылама эквивалент.
Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа
тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар
өндірушілер арасында еңбек өнімдерінін айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген.
Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи
қасиеті емес. К. Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл
қасиет қоғаммен берілген".

І Ақшаның мәні және пайда болуы
1.1 Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің бірден-бір
шарт және өнім болып табылады. Тауар –бұл сату немесе айырбастау үшін
жасалған еңбек қнімі. Адам еңбегінің өнімі зат, оны өндірушілердің белгілі
қоғамдық қатынастарын тудырта отырып , тауар формасынқабылдайды. Заттардың
тауарға айналуы ақшаның пайда болудағы обьективті алғы шарттарды құрайды.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтынушы өз сатып алушысын
таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса,онда оны дайындауға кеткен
уақытың рәсуа болғаны,мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес қоғамға қажеті
шамалы. Сондықтанда әр бір тауар қажетті тұтыну құныналу құраоы бола отырып
,өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.
Ақша қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ
айырбасталуы барысында , айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары
қолданылады.(1балта- 5құмыра,1қой 1-қап бидай және т.б. ).
Ақшаның өмір сүрудегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және
тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша
айырбас құралы болып табылды. Тауар және ақша бір –бірінен бөлінбеді. Ақша
айналысы болмаса ,онда тауар айналысыда болмайды.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді бірақ тауар ерекше
жалпылама эквивалент
Ақша жалпы бірдей эквивалент , ерекше тауар, онда барлық басқа
тауардың құны белгіленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар
өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген.
Алтынның барлық басқа тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи
қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: (Табиғат ақшаны жаратпайды, алтынға бұл
қасиет қоғаммен берілген).
Ақша -өндіру мен бөлу процнстерінде адамдар арасындағы белгілі бір
экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін тарихи даму үстіндегі
экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде
ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
- Жалпыға тікелей айырбасталу,
- Айырбас құнының дербес формасы,
- Еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаның пайдалану кез келген
материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін
көрсетеді. Социолизм жағдатында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік
қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлу мен ғана шектелді.
Кәсіпорындар ,жер,орман, жерасты сатып алынбады. Казіргі кезде
жекешелендіру процестерінің жүрумен байланысты , жалпыға тікелей
айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды
тікелей қткізумен байланысты емес. Ақшанің бұл формада қолдану жағдайлары
олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық бөлшектерді өтеу,
мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру , Ұлттық банктің несиелік
ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің ,
олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылыкөрінеді.
Ақшаның әр бір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен
туындайтын , тауар өндіріушілердің өзара байланысының формасы ретінде
әлеуметтік- экономикалық маңызының белгңлң бір жағын мінездейді. Ақша бес
түрлі қызмет атқарды: құн өлшемі, төлем құралы, қор және қазына жинау,
дүниежүзілікақша.
Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл
ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін
білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны
бар тауарға , құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне
қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни бұл
қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі-ол жқмыс уақытын
емес , осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып
табылады.
Тауар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып , өзінің тұтынушысын
тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
- Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы.
- Оның идеялды ақшала емес, нақты қолма -қол ақшалар орындайды.
- Ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын) , оны ауыстырушылар-ақша
белгілері орындайды.
Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы
Міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес.
Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін
аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі
мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса , яғни тауар
төлемақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса , онда бұл
жағдайда ақшалар төлем құрал қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құрал ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес ғ
сонымен бірге қаржы-несие қатынастары да қызмет етеді. Барлық ақшалай
төлемдерді төмендегідей етіп топтауға болады:
- Тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер.
- Еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер.
- Мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер.
- Банктік қарыз , мемлекеттік және тұтыну несие бойынша борыштық
міндеттеме.
- Сақтандыру міндеттемелері.
- Әкімшілік сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақша төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың
құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т-А-Т айналымының екі
актілерге Т-А және А-Т айырылуымен байланысты.
Тауар шаруашылығының кеңейуі , шаруашылық байланыстардың
интернационалдануы, дүние жүзілік нарықтың пайда болуы, дүниежүзілік
ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болады.
Сөйтіп аөшалар ертеден адамзаттың пайда болуы мен қатар өмір сүріп
келеді десе болады. Ғасырлар бойына ақша өзгеріп отырған және бүгінде
олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи даму процесіне жалпыға бірдей эквивалент
формасында әр алуан тауарлар болған: мал, бақалшақ, метал бұйымдары және
т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына
негізделген ақша қажеттілігінң себептерін түсіндіреді.

1.2 Ақшаның мәні мен қажеттілігі
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және
тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша
айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша
айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Бірақ XVI ғасырдың басында (1516 ж.) утопиялық социализмнің негізін
қалаушы Томас Моор өзінің "Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік
құрылымы туралы алтын кітап" деген еңбегінде: "Алдау, ұрлау, тонау, өлтіру
заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді әйтсе де бұл жөнінде алдын
ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да
жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың
алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді.
Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен
туған кедейліктің өзі де жойылар еді".
Ол аздай Т. Моор тағы былай деді: "Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша
өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және
дұрыс ағысынын болуы мүмкін емес".
XIX ғ. Социал утопистері - Прудон, Оуэн, Грси және басқалар ақшаға
теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың
жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917) кейін,
азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны
жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда
бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіп өнімдеріне
тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрі сәтсіз
аяқталды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері тредаларды, ал
ағылшын экономисі Смит Фальтнер энергетикалық бірліктерді - энедаларды
пайдалануды ұсынды.
Осыған байланысты К. Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз
қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе
ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша
дегенмен де коммунизм - ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және
бола береді.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше
жалпылама эквивалент.
Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа
тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар
өндірушілер арасында еңбек өнімдерінін айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген.
Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи
қасиеті емес. К. Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл
қасиет қоғаммен берілген".
Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар
болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай,
әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана "патша арағында" (23 тұзды және
13 азот қышқылында) ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие.
Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек
шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соқтырады. Алтынды тұтыну жылдан-
жылға өсуде. Ол әр түрлі салаларда пайдаланылады - электроникадан бастап
зергелік істерге дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған
құймалар турінде кездеседі. Тек қана циферблаты 6 м диаметрдегі Кремль
курантына алтын жалату үшін 26 кг алтын жұмсалады, мұндағы алтын жалату
қалыңдығы 3 мк. жуық 4000 жылдардан бастап б.ғ. және 1985 жылға дейін
әлемдегі барлық өндірілген алтын 90 мың т. құрады. XX ғасырда 60 мың
тоннадан астамы өндірілді, соның ішінде 30 мың тоннаға жуығы - екінші дүние
жүзілік соғыстан кейін өндірілген.
Ресей XIX ғасырдың 20-жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды.
Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндегі үлесі
40%-ды құрады.
Алтын өндіру қиын және капиталды көп қажет етеді. Сонымен, 1 кг алтын
алу үшін 3000 м орта тереңдіктегі тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта
өндеуі қажет.
Алтынды ең көп өндіретін Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) алтын
өндірушілердің еңбек ету жагдайы құлдардың өмірі сияқты: олар 40°С-ден
жоғары температурада терең жер астыларында жұмыс істейді. Мұнан бұрын, ОАР-
да әлемдік алтын өндірісінің 23-і өндірілсе, ал қазір 13-і ғана
өндіріледі.
Алтынды өндіру дүниежүзінде апатты жағдайда құлдырауда.
Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп
тұр және олардың жылдық өнімі 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады.
Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге
электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық
аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де қолданылады.
Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды.
Бұныменен ежелгі уақыттарда ал
химиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған.
Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері нәтижесінде
нағыз алтынды мынадай құрамда алды: палладий - 65%, индий - 35%. Электр
кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа кұйма қаттылығы
алтыннан алты есе асып түседі.
Құрамын өзгерте отырып (палладий - 55%, индий -45%) червондық алтын
алынды, бірақ мұндай алтынды жасанды жасау бұл процестің тиімділігін
көрсетпеді. Қазіргі ядерлік физика атомдардан күкірт және сынаптан алтын
атомдарын алуға мүмкіндік берді. Бірақ жасанды алтынды жасау мүмкіндігі бұл
процесті тиімді етпейді. Мұндай алтынның өзіндік құны өте жоғары және бұл
жолмен алынған металл табиғи алтынменен өзінің бағасының төмен болуына
байланысты нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сон-ымен қатар, жасанды алтын
өнеркәсіпте, тіс салуда және зергелік бұйымдарды жасауда пайдаланылады,
бірақ еш уақытта ол жалпыға бірдей эквивалент ретінде бола алмайды. "Ақша -
зат емес, ол - қоғамдык қатынас".
Олар шындығында коғамдык қатынастарды тудырушылар болып келеді. Бұл
дегеніміз, коғамнан бөлінген адамдар үшін ақша керек еместігін білдіреді.
Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден кұткарылып
алынган заттар оған адам аяғы баспайтын аралда қажет болған, ал ақшалар
болса өзінің барлық құндылығын жоғалтты.
Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір
экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі
экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде
ақшаның мәні оның үш касиетінің бірігуімен көрініс табады.
- жалпыға тікелей айырбасталу;
- айырбас құнының дербес формасы;
- еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген
материалдық кұндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін
керсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тек
қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар,
жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі
кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей
айырбастау формасында ақшаны пайдаланудын көлемі едәуір кеңіді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды
тікелей өткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары
олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу,
мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік
емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттык банктің несиелік ресурстарды басқа
банктерге сатуы және т.б.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің,
олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі
туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы
аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін
орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама
немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей
эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды
жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер, алтынның
жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент
ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды
дейді.
Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және
қорлану құралы болып, алтын белгілері -(қағаздай белгілері) қағаз және
несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып
отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.
Алтын құймалы стандарт - оның алтын монеталы стандарттардан айырмашылығы
бүнда алтын монета айналыста болмайды және оны еркін соғу жойылды. Алтын
құпиалы стандартта банкнотаның белгілі бір соммасы алтын қүймасының белгілі
бір салмағына айырбасталды. Мысалы, ¥лыбританияда салмағы12,4 кг - 21,5 мың
франкке теңгерілді [23;69.].
Алтын девизді (алтын валюталы) стандарт - ол банкнотаның девиздерге (яғни,
белгілібір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бүл жүйе
Австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Бүл
кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып
тасталды. Міне тек осындай косалқы жолмен ғана алтын дивизді ақша жүретін
елдердің алтын мен байланысы сақталды. Үлттық валютаның түрақтылығын бір
қалыпта сақтау дивиздік саясат әдісімен, яғни нарықта ұлттык валютаның
курсының төмендеуіне немесе жоғарылауына байланысты оған шетел валютасын
сатьш алу немесе сату арқылы жүзеге асырады. Сөйтіп, алтын дивизді стандарт
кезінде бір елдің валютасы басқа елдердІң валютасына тәуелді болды.
1976-1978 жж. Ямайка Халықаралық валюта жүйесі алтынның айналыстан шығуын
заң жүзінде бекітті. Ақша өлшемінің алтын құрамы және алтынның ресми бағасы
жойылды. Халықаралық валюта қорымен оның мүшелері арасындағы есеп
айырысудан да алтын алынып тасталды.
ІІ Ақшалардың қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
2.1 Ақшаның қызметтері және олардың дамуы
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын,
тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-
экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет
атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау
құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында
туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі
қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің
жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып
өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни,
бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі - ол жұмыс
уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни
тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен
құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын
белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі
еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен
өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық
құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз
бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның
орнына ақшалар, кез – келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. сатып
алу қасиетінен ерекшеленеді.
Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген
қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы
қажет. Металл ақша айналысында (алтын, күміс, мыс) мемлекет заңды түрде
баға масштабын тұрақты етіп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне
бекітті. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың
салмақтық құрамына сай келді. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмістің
фунты есебінде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның
салмақтық мазмұнынан ерекшелене түсті.
Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында
едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі мемлекетке тәуелді емес ақшаның
экономикалық қызметі болып табылады. Ол құн заңыменен анықталады. Баға
масштабы занды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды
емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тройск унциясына
(31,1г) 35 доллар есебінде анықталып бекітілді. Ол 1971 және 1973
жылдардағы доллардың девальвациялануына дейін сақталды және 1980 жылдың
қаңтарында 850 долларға дейін жетті.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының
арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын
жоғалтты.
Ямайка валюта реформасының (1976-1978 жж.) нәтижесінде арнайы алтын
бағасы және алтын паритеті жойылды. Құн өлшеу қызметі нарықтық баға
масштабы негізінде орындалады.
Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалар
алтынменен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып
тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына емес, алтын
нарығындагы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан
алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие
ақшалар тауардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің
құны жоқ.
Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың
пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып
келді.
Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды
өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын
тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі
сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай
келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр
уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып
алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі
өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға
қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып
отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.
Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік,
оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардын тауарларды сатып алуы
кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен
корпорациялардың және т.б. қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
- тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
- оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
- ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар - ақша
белгілері орындайды.
Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты
емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын
айналыс болуыменен түсіндіріледі.
Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы
негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады.
Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір - несие тауар мәмілелеріне қызмет
ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың
қажетті саны сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл
олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ
ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс
емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін
аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі
мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем
ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда
ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес,
сонымен бірге қаржы-несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшалай
төлемдерді төмендегідей етіп топтатуға болады:
- тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
- еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
- банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық
міндеттеме;
- сақтандыру міндеттемелері;
- әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақша төлем кұралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар.
Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды
аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін
қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға
ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш
өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы қызметін толық бағалы емес пақты ақшалар (қағаз немесе
несие), ал борыштық міндеттемелерде өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.
Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған
қызметтерінен айырамшылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені
анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, оның құн өлшемі және айналыс құралы
ретінде қызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде
қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына
жинау қызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді.
Ақшаның төлем құралы қызметін атқаруына (байланысты ақша айналысы заңы
өзінің неғұрлым толық көрініс тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда
қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген жеттілігін
азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақша
айналымының қажеттілігі артады. Өзара өтелетін төлемдер соммасы айналыс
үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлімде, борыштық
міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса онда бұл өзімен бірге
басқа да төлемсіздік тізбесін тудырды (қарыз бойынша мерзімі өткен берешек,
бюджеттік төлемдер, жалақы бойынша және т.б.)
Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және
айналыс құралы қызметте ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның
қорлануының қажеттігі Т - А - Т айналымының екі актілерге Т - А және А - Т
айрылуымен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты "таза қазына"
формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл
экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде
айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар
несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға
(өнеркәсіптік немесе сауда) айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттігі
тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну
заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.
Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы
байлықты білдірмейді. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның
формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау
құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкін.
Қазыналарды қорландыру - алтын монеталар мен алтын құймаларын жинактау
түрінде жүзеге асады.
Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын
реттеуші ролін атқарған болатын. Өндірістің және тауар айналысының кеңеюі
барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып отырды немесе керісінше.
Қазіргі жағдайда қазына жинау қызметі айналыстағы ақша массасын
реттегіш ролін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сақтандыру қоры
ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің
болуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысы мен заңы
Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы
Ақшаның мәні мен қызметтері
Ақша құн өлшем ретінде
Дүниежүзілік ақша қызметі
Ақша айналысы мен заң
Ақша айналыс және төлем құралдары
Ақша жүйесі, түсінігі және элементтері туралы ақпарат
Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы даму сатылары
Ақша айналысы және ақша жүйесі
Пәндер