Кенесары Қасымұлы бастаған ұлтазаттық қозғалыс



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт.азаттық қозғалысының басталу себептері және барысы
2. Қарулы күрестің күшейген кезеңі және оның жеңілуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер;
ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайларды өз қармағына алды, ал оны пайдаланған қазақтарға салық салынатын болды. Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері кокругтерге бөлінді. Бұл округтер Батыс-Сібір және Орынбор генерал-губернаторлығына қарады.Олар қазақ жерінде "бөліп ал да билей бер” деген отаршылдық ұранды бұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сыртынан құрсаулап көптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-құрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның ең бір шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді. Қазақ жеріне кеулеп еніп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық саясатына ашық қарсы шыққан Абылай ханның баласы Қасым болды. Ол патша әкімшілігіне хат жазып, кісі жіберіп, оларды түсінісуге, пәтуаға шақырды. Қазақтың ежелгі қоныстарына бекіністер салуды, қазақ жерлеріне казак-орыстарды әкелуді, олар арқылы халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын талап етті. Оның бұл хаттарына жауап болмады, жіберген адамдары қайтарылмады. Сонда барып, Қасым патша өкіметіне ашық қарсы шығуды ойлады. Ол бұл күресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Патша өкіметі тарапынан қысым көре бастаған ол 40 мың үймен Қоқан хандығының қол астына көшіп барды. Оның діні бір, тілі бір қоқандықтардан күткен үміті ақталмады. Олар оның қайсар ұлдары Саржан мен Есенгелдіні, кейінірек өзін өлтірді. Медреседе оқып жүрген ұлы Кенесарыны (1802 жылы туған) Ташкент түрменсіне қаматты.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлтазаттық қозғалыс
 
 
       Жоспар:
 
        Кіріспе
        Негізгі бөлім
1. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері
және барысы
2. Қарулы күрестің күшейген кезеңі және оның жеңілуі
  Қорытынды
  Пайдаланылған әдебиеттер;
 
 
     ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау
саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға
бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен
жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу
жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер,
бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып
келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ
жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайларды өз
қармағына алды, ал оны пайдаланған қазақтарға салық салынатын болды.
Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері кокругтерге
бөлінді. Бұл округтер Батыс-Сібір және Орынбор генерал-губернаторлығына
қарады.Олар қазақ жерінде "бөліп ал да билей бер” деген отаршылдық ұранды
бұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сыртынан құрсаулап көптеген
бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-құрсау орнатқан Ресей
отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның ең бір шұрайлы
жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай, Ақмола,
Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді. Қазақ жеріне кеулеп
еніп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық саясатына ашық қарсы шыққан
Абылай ханның баласы Қасым болды. Ол патша әкімшілігіне хат жазып, кісі
жіберіп, оларды түсінісуге, пәтуаға шақырды. Қазақтың ежелгі қоныстарына
бекіністер салуды, қазақ жерлеріне казак-орыстарды әкелуді, олар арқылы
халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын талап етті. Оның бұл хаттарына жауап
болмады, жіберген адамдары қайтарылмады. Сонда барып, Қасым патша өкіметіне
ашық қарсы шығуды ойлады. Ол бұл күресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды.
Патша өкіметі тарапынан қысым көре бастаған ол 40 мың үймен Қоқан
хандығының қол астына көшіп барды. Оның діні бір, тілі бір қоқандықтардан
күткен үміті ақталмады. Олар оның қайсар ұлдары Саржан мен Есенгелдіні,
кейінірек өзін өлтірді. Медреседе оқып жүрген ұлы Кенесарыны (1802 жылы
туған) Ташкент түрменсіне қаматты.
   Қайырымды адамдардың көмегімен абақтыдан аман шыққан Кенесары ата мекені
Ұлытауға келіп қоныстанды. Осы Ұлытауда жүріп, ол өз өмірін қазақтың
тәуелсіз ел, дербес мемлекет болуы жолындағы, күреске арнады. Ол Ресей
сияқты аса қуатты ірі мемлекетпен күресу- қазақтың үш жүзінің күштерін
біріктіруді, едәуір құрбандықтарды, тек әскери ғана емес, сонымен бірге
дипломатиялық күш жігерді де талап ететін ой таразысынан өткерді.
   Кенесары Қазақстан патшалық Ресейге де, Орта Азия хандықтарына да
тәуелді емес, олармен тең қарым-қатынаста болу керек деп есептеді. Ол патша
әкімдеріне жазған бір хатында: Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы,
Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұры, Ақият, Тоқзақ сияқты ата-
бабаларымыз мұра еткен жерлер қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып,
бекіністер салынды. Күн сайын біздің жерлерімізді басып алып, әскери
қамалдар салу арқылы халықты ашындыруға жол берілуде. Мұның өзі біздің
келешегіміз үшін ғана емес, бүгінгі тіршілігіміз үшін де қауіпті болып отыр
деп көрсетті.
   Патшаның жазалаушы отрядтары мен жергілікті сұлтандардың озбырлығы
туралы айта келіп тағы бір хатында ол былай деп жазды: "1825-1840 жылдар
аралығында олар біздің ауылымызды 15 рет тонауға, талауға салды. Мұндай
қысым мен тонауға, талауға, кісілерімізді өлтіруге шыдай алмаған біз
бетіміз ауған жаққа көшуге мәжбүр болдық. Бірақ, олар бізге мұнда да
тыныштық бермеді. Сондықтан мен, Қасымұлы қолыма қару алып халқымның ұлы
күресін басқаруға шықтым”. Бұл хаттан Кенесарының патша үкіметіне ашық
қарсы шыққанын көреміз.
   Кенесары көтерілісінің басты мақсаты- патшалық Ресейдің құрамына қосылып
үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен
жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату еді. Сондай-ақ
Кенесарының тағы бір көздеген мақсаты- қоқандықтардың тепкісіндегңі
Оңтүстік өңірдегі қазақтарды босатып, оларды Қазақ хандығына қосу еді.
   Кенесары Қасымұлының қозғалысы бүкіл Қазақстанды қамтыды. Он жылға
созылған көтерілістің басты қозғаушы күші- бұқара халық болды. Олар күшейе
бастаған отарлық езгіден, феодалдық топтардың қысымынан құтылуға тырысты.
Көтеріліске сонымен қатар ақсүйек өкілдері де қатысты. Олар көтерілісті,
бір жағынан, өз мүдделеріне пайдалану, бұрынғы артықшылықтарын қайта алу,
екінші жағынан, көшпенді дербес феодалдық мемлекет құруды көздеді.
   1838 жылы Кенесары туының астына мыңдаған сарбаз жиналған еді. Олардың
арасында үш жүздің қазақтары болды. Кенесарыны белсенді қолдағандардың
арасында Орта жүз бен Кіші жүздің белгілі рулары- Қыпшақ, Төртқара,
Жағалбайлы, Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Бағаналы, Тама, Табын, Арғын т.б.
ру тайпаларының жігіттері аз емес-ті. Олардың көпшілігі мал өсірген, егін
еккен. Осыған орай жер шаруашылығынан зардап шеккендер кедей және орта
шаруалар болды. Кенесарының қол басқарған батырлары да халық ішінде аты
кеңінен мәлім адамдар еді. Олардың қатарында Шұбыртпалы Ағыбай, Қыпшақтың
батыры- Иман, Табынның батыры- Бұхарбай, Тіленшіұлы Жоламан, Дулаттың
батыры- Бұғыбай, Шапырашты руының батыры- Сұраншы т.б., Кенесарының інілері-
Наурызбай, Әбілғазы, әпкесі- Бопай көтеріліске белсене қатысты.
   Кенесары жасақтарында қазақтармен бірге қарақалпақтар, түрікмен, қарғыз,
өзбек, өкілдері де аз болған жоқ. Дегенмен Кенесары барлық әдіс-амалдарын
қолданып тырысып басқа да, кейбір феодалдық топтарды, үш жүздің ру-тайпалық
бөлімдерін біріктіре алмады. Көтерілістің бастапқы кезінен-ақ қазақ
ақсүйектері бір-біріне қарсы күресуші екі жаққа бөлінді: патша өкіметі
әлпештеген бөлігі отарлаушы әкімшіліктің қолдауына сүйеніп, өздерінің саяси
қарсыластарын күйретуге күш салды. Кенесарының ымыраға келмейтін
қарсыластары Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин, Кіші
жүздің басқарушы сұлтандары Ахмет пен Мұхаммед Жаңтөриндер, сұлтан
Баймағамбет Айшуақов т.б. болды. Кенесары Жетісуға өткеннен кейін
көтеріліске қарсы ымырасыздық позицияны Абылай ханның тұқымдары, яғни
өзінің туысқандары- Әли мен Сыйықта ұстанды. Бірақ осыған қарамастан,
Кенесары Қасымов өзінің туы астында үш жүздегі қазақ руларының едәуір
бөлігін топтастыра алды. Омбы облыстық басқармасына қарасты сот-жазалау
мекемелері жинастырған мәліметтер бойынша тек Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола,
Қарқаралы және Баянауыл округтерінде ғана көтерілісшілерді 80-нен астам
сұлтандар мен билер, ағамандар қолдаған.
   1838 жылы көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскерлеріне қарсы
алдын ала жасалған жоспар бойынша дәйекті күрес жүргізді. Олармен шайқаста
Ақмола қаласын қиратып, Ақмола округіндегі патша әкімдерімен ауыз жаласып
жүрген Қоңырқұлжа сұлтанның ауылын шапты. 1840 жылы күзде көтерілісшілер
Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, орыс әкімшілігін қолдаушы
жергілікті бай-шонжарларға қарсы күресті күшейтті. Бұл тұста Кенесарының
аты қазақ арасында кеңінен тарап, оның беделі бүкіл қазақ даласында
дүрілдеп тұрды. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары үш жүзден адам жинап, әкесі
Қасым ханның өлгеніне бір жыл толуына байланысты ас берді. Осы астан кейін
үш жүзден жиналған жамағат Кенесарыны ақ киізге салып, бүкіл қазақ халқының
ханы етіп сайлады.
   Кенесары хан болып сайланғаннан кейін ел билеу тәртібі өзгеріп, алым-
салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдермен сауда-
саттық байланысын орнатуға көңіл бөлінді. Керуеншілерді тоқтатып, олардан
салық алынатын болды.
   Мемлекеттік құрылыс қайта өзгертілді. Хандық кеңес құрылды. Кеңесіп
шешетін жоғарғы органдарға ханға берілген батырлар, билер, сұлтандар,
ханның туысқандары кірді. Басқарудың негізгі тұтқасы Кенесарыны өз қолында
қалды. Хандық кеңеске негізінен азаттық қозғалысының мүдделеріне адал, жеке
басының батылдығымен, дипломатиялық қабілетімен көрінген адамдар енді.
Басқарудың арнайы қызметі хандық кеңес шешімдерінің, үндеулерінің ауылдарда
таратылуын, түсіндіруін және орындалуын қадағалап отырды.
   Әскери істе де Кенесары және оның көмекшілері бірқатар өзгерістерді іске
асырды. Батырлар мен төлеңгіттердің басқаруындағы көтерілісшілердің әскери
күші негізінен өз еркімен құралған жасақтар еді. Жасақтар жүздіктерге,
мыңдықтарға бөлінді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатылды. Опасыздық
жасағандар тек өлім жазасына кесілді.
   Кенесары Ресеймен тату көршілік қатынас орнатуға ұмтылды. Бірақ Орта
жүзге билігін жүргізіп отырған Батыс Сібір губернаторы Горчаков, Орынбор
губернаторы Перовский Кенесарымен қарым-қатынаста екеуі екі түрлі
көзқараста болып, оның Ресей өкіметімен мәмлеге келуіне кедергі жасады.
Әсіресе, өркөкірек Горчаков Кенесарыны менсінбей, оның орыс әкімшілігіне
деген өшпенділігін қоздырды.
   1841-1842 жылдары Кенесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс
жүргізді. Созақты, Сауранды алып, Қоқан хандығының елірме әуселесін басты.
Қоқандықтар келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Осыдан кейін барып соғысты
тоқтатқан Кенесары Торғай маңындағы ордасына қайтып оралды. Бір айтып
кететін жәйт, Кенесары Бұхара әмірімен және Хиуа хандығымен қарым-
қатынасындағы саясаты біршама өзгешелеу еді. Кенесары олармен өзара  толық
сеніділік қатынас орнатты. Кейде Хиуа басқарушысы қазақ жасақтарын
зеңбіректерімен, оқ- дәрімен жабдықтап отырды.
   1843 жылы Орынбор генерал-губернаторы Перовский кетіп, оның орнына
Обручев келді. Кенесары мен Персовский бір-біріне сыйластықпен қарайтын.
Сондықтан көп мәселелер әділдікпен шешілетін. Енді Орынбор әкімшілігіне
орыс патшасының Кенесарыға қаны қас тағы бір ұлығының келуі оны Горчаковпен
бірігіп, Кенесарыны құғындауына кең мүмкіндік жасады. Сөйтіп, Горчаковпен
бірігіп, Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісін тұншықтыруға,
Кенесарының көзін жоюға 1843 жылы  23 маусымда патша Николай Біріншіден
рұқсат алды. Соғыс шығынын өтеу үшін 14 мың сом, Кенесарының басын кесіп
әкелген адамға сыйға беру үшін түтін салығы есебінен үш мың сом қаржы
бөлінді. Әскерлер соғысқа әзірлік жағдайына келтірілді.
    Кенесарыға қарсы орыс әскерлерінің жорығы 1843 жылы 27 маусымда
басталды. Ырғыз өзенінің бойында патша әскерінің бір тобымен кездескен
Кенесары өзінің патша өкіметімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтып шайқасты
болдырмады. Бұл тұста екі жақта әскери дайындығын мұқияттап жатты. Тамыз
айында Кенесарыға қарсы сұлтандар Жантөрин, Айшуақов, полковник Гекке және
Бизянков бастаған бес мың әскер жіберілді. Омбы, Петропавл, Қарқаралыдағы
әскер күштері де Кенесарыға қарсы жорыққа аттанды. 1 және 7 қыркүйекте
Кенесары жасақтары мен патша әскерлерінің арасында күшті шайқастар жүрді.
Көп адам шығынға ұшырады. Бірақ екі жақта жеңіске жете алмай, майдан
шебінен кері шегінді. Кенесары жасақтары енді ашық соғысқа бармай, байтақ
даланың әр тұсынан көрініп, тұтқиылдан тиісіп, жау әскерін мазалап
берекесін кетірді. Тынымсыз жорықтан шаршаған, үнемі қауіп-қатердің өтінде
жүрген патша әскерлері түні салқын, жауын-шашынды күз түсе бере ешбір
нәтиже шығара алмай бұрынғы тұрақтары Ор бекінісіне қайта оралды.
    1844-1845 жылы жылдар қазақ даласындағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық 
қозғалысы өрлеудің ең жоғарғы шегіне жеткен кезі еді. Оғап Сыр бойының,
оңтүстіктің қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің санын 20 мың адамға
жеткізді. Жасақтардың жауынгерлік дайындығын жетілдіруге, оларды дұрыстап
қаруландыруға көңіл бөлінді. Зеңбірек, мылтық, оқ-дәрі жасау, оларды сатып
алу, азық-түлік дайындау жұмысы жолға қойылды. Патша әкімшілігі әскерлеріне
тыңшы жіберуі, барлау жұмысы ұйымдастырылды.
   1844 жылдың жазында Кенесары жасақтарын құртуға, халық қозғалысын басу
үшін Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерлерінің үш үлкен
тобы шықты. Олардың алдына Кенесары жасақтарын қоршап, шешуші соққы беру
міндеті қойылды. Осы міндетті ойдағыдай іске асыру үшін, олар Сібірден
Кенесарымен шайқас жүріп жатқан жерлерге бет алған генерал Жемчужниковтың
әскерімен күшейтілді. Кенесары бұл күштердің басын біріктірмеуге, сөйтіп
өзінің жасақтарын қоршап алуына мүмкіндік бермей, оларды бір-бірлеп құрту
тактикасын қолдануды жөн көрді. Сібір әскерінің алдынан шыққан оның шағын
тобы Ақмолаға қарай қаша соғыс салып, Кенесары күші Ұлытауға бет алыпты
деген лақап таратып, жау күшін осы жаққа тартты. Негізгі күшпен Ақмола
бекінісіне шауып, Жантөрин шоғырын қоршап, ондағы 44 сұлтанды өлтірген
Кенесары мен оның батырлары 1844жылы 14 тамызда Атбасар бекінісін тікелей
шабуылмен басып алды. Бұл оқиға патша әкімшілігін қатты састырды.
Дуниковский, Жантөрин, Жемчужников әскерлеріне көмекке полковник
Ковалевскийдің отряды жіберілді. Жоғарыдағы айтылған шайқастардан кейін
Кенесары жасақтары Мұғалжар тауларына барып бекінген еді.
   Кенесарының 1844 жылғы шайқастарындағы табысы оның даңқын барлық
жерлерге жайды. Бұхара әмірі мен Хиуа хандығы онымен тығыз байланыс жасауға
ұмтылып, оған сыйлықтар жолдады. Кенесары патша өкіметінен бітім сұрап,
даулы мәселелердің барлығын келіссөз арқылы шешейік деді. Патша әкімдері
оған онша көп сене қойған жоқ. Дегенмен келіссөз жөніндегі ұсынысты қабыл
алып, Кенесарының кепілдікке алып кеткен туыстарын, әйелін тұтқыннан
босатты.
   Кенесарымен келіссөз жүргізу үшін патша өкіметі Долгов бастаған бір топ
адам жіберді. Олар Кенесары патша әкімшілігіне сөзсіз, ешбір шарт қоймай
бағынатын болса, оған кешірім жасалады деп мәлімдеді. Кенесары бұл мәселені
ойланып көремін деп елшілерді екі ай бойы ұстады. Елшілер бітім
болмайтынына көз жеткізіп, "кетеміз” дегеннен кейін Кенесары Орынбор
генерал-губернаторына хат жазып, оларды аттандырып, жіберді. Ол хатында
патша өкіметі өзінің қазақ жеріндегі бекініс-қамалдарын бұзып, қазақ
халқына істеп отырған зорлық-зомбылығын тоқтатқанда, ғана Ресей бодан
болуға дайын екенін мәлімдеді.
   1845 жылы Кенесары Ұлы жүзге қоныс аударып, Жетісуға келіп тоқтады.
Ақши, Күрті, Жиренайғыр деп аталатын жерлерді мекен етіп, осы арада ол Ұлы
жүздің халқын біріктіруді, қырғыздармен одақ құрып, Қоқан хандығына шабуыл
жасауды, сөйтіп оның қол астындағы қазақтарды босатуды көздеді. Кенесары
Қытаймен мәмлеге келіп, онымен келіссөз жүргізу үшін Құлжаға елші жібереді.

1845 жылы қазан-қараша айларында Кенесары жасақтары қоқан хандығына жорыққа
аттанады. Қорған, Жаңа Жүлек, Созақ бекіністерін алып, Ақмешітті қазіргі
Қызылорда қоршауға алды. Бірақ жорықты жалғастыруға осы жақта жұқпалы
індеттің күшеюі бөгет жасады. Ол кері оралып, Жетісу жерінде өзінің
келешегіне байланысты жоспарларын ойластырды.
   Бұл тұста патша әкімшілігі Кенесарының төңірегіне тор құрып үлгерген
еді. Ол қырғыз манаптарының және патшаға адал болып жүрген қазақтың бай
шонжарларының басын қосып, Кенесарыға еңсесін көтертпейтін ең соңғы соққы
беруге әзірленді. 1846 жылғы жазғы айлардың бірінде мың қаралы жасағымен
Кенесары қырғызға бет алды. Хан солтүстік қырғыз манаптарынан өзіне
бағынуын талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай және Жанғараш тайпалар
өкілдерінің құрылтайын шақырды. Сарыбағаш, Бұғы, Саяқ, Солто, Шерік және
басқа тайпалардың өкілдері қазақ ханының талаптарын орындаудан бас тартты.
1847 жылы сәуірде Кенесары жасақтарымен қырғыз жеріне басып кірді.
Қырғыздармен қақтығысу Ыстық көлінің тау шатқалы қойнауында және Шу
өзенінің бас жағында өтті. Кенесары Тоқмақтың маңында Кеклік сеңгірі деген
жерінде үш жақтан қоршалған қайырымсыз қатал қамауға түсті. Оны қамаған
қырғыз манаптарының жасағы, генерал Вишневскийдің ақ қалпақ киіп,
пулеметтен оқ жаудырып, зеңбірегінен от шашып келе жатқан офицерлері мен
солдаттары, Қоқан хандығының мыңнан астам сарбаздары еді. Кенесары қолы
өзінен күші он есе басым жаумен үш күн бойы соғысты. Жасақтағы жігіттер
арыстанша алысып, соңғы демі біткенше қарсыласты. Талай боздақтар осы
шайқаста жан тәсілім қылды. Үлкен ерлікпен жау тобын бұзып шыққан Наурызбай
тобы болды. Бірақ аз ғана адамымен Кенесарының жау қолына түскенін естіген
ол ағасын қимай, жау әскеріне өз еркімен келіп берілді. Патша әкімдерінің
кеңесі мен қырғыз манаптары екі батырдың да басын шапты. Сөйтіп бәрі бітті.

   Кенесары Қасымұлының көтерілісінде бірсыпыра қайшылықтар орын алды.
Олар: бір жағынан қазақтарды Қоқан хандығынан азат ету мақсатымен соғыс,
екінші жағынан, туыстас, қандас қырғыздармен ескі кек алу соғысы,
үшіншіден, өзіне қолдау көрсетуден бас тартқан қазақ руларынан қарсы басып-
шаншу саясаты. Кенесары тұсында қарт бурадай жарадық, жауды жасқап жапырып,
жауған қардай боладық, дұшпанның алдын орадық, Кене ханнан айырылып, шіл
боғындай тарадық, көрінгеннен қорғалап, кісі аузына қарадық – деп Нысанбай
жырау айтқандай, Кенесары мен Наурызбай өлгеннен кейін ұлт-азаттық
қозғылысы басылып, бостандыққа деген үміт үзіліп, қазақ жерін қайтадан қара
түнек қаптады.
   Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы патшаның отарлау
саясатына қарсы жүргізілген ең ұзақ соғыс еді. Қазақ халқының феодалдық хан
мемлекеттігін қалпына келтіру бұл жолы да жеңіліспен аяқталды. Оның жеңілу
себебі, дамудың феодалдық саясатында тұрған қазақ халқының бытыраңқылығы.
Байтақ даланы жайлаған қазақ халқы үш жүзге және Бөкей ордасына бөлінді.
Осы елдің басын қосу оңай болмады. Жүздерге жіктенген қазақ рулары
көтерілісті негізінен өз жерлерінде қолдап, Қоқан және Қырғыз жерлеріне
басып кіруден өздерін алшақ ұстады. Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға
озбырлығы, ауыр жазаға тартуы да көтеріліс қатарын әлсіретті. Екіншіден,
ұлт-азаттық  қозғалысын қазақтың бай-шонжарлары, ауқаттылары қолдаған жоқ,
қайта оны басуға патша әскерлеріне көмек көрсетті. Үшіншіден,
көтерілісшілердің жетілдірілген қару-жарағы болмады. Төртіншіден, ұлт-
азаттық қозғалысын басуға, Қазақстанның отар ел болып қала беруіне көршілес
Қоқан, Хиуа, Бұқара хандықтары да, қырғыз манаптары да мүдделі болды.
   Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс қазақ жерінде үш жүздің
халқын түгелге жуық қамтыған және ұзақ уақыт бойы жүргізілген көтеріліс
еді. Оның патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бұқаралық сипатымен және
қазақ халқының тарихында ірі прогресшіл бағытымен айқындалды. Біріншіден,
бұл қозғалыс бұқараның азаттық үшін белгілі саяси мектебі ретінде көзге
түсті. Патшаның отарлау саясатына қазақ халқының кейінгі жылдардағы
қарсылығы осы көтерілістің  негізінде өсіп дамыды. Оның сабақтары отарлау
саясатының қаншалықты озбыр, қанішерлік, халықтың тәуелсіздігін аяқ асты
етіп отырған саясат екенін түсінуге, оған қарсы күресте өзінің еркі мен
жігерін ұштауға көмектесті. Екіншіден, патша өкіметіне тегеурінді қарсылық
көрсетіп, оның отаршыл аппаратына ірі-ірі соққы берген бұл көтеріліс
халықтың күш-жігерін дұрыс ұйымдастыра білгенде жеңіске жетуге болатынын
көрсетіп берді. Сонымен бірге ол қазақ халқының өсіп-өркендеуіне, ұйымдасып
дамудың даңғыл жолына шығуына феодалдық бытыраңқылықтың тұсау болып
отырғанын да көрсетті. Үшіншіден, Кенесары көтерілісі патша өкіметінің
қазақ халқына құлдық қамытын кигізіп, біржола езгіге салатын, отарлау
саясатын ширықтыра жүргізетін сәтін біраз кешеуілдетті. Көтеріліс
отаршылдық саясатты қазақ даласына енгізудегі соңғы тосқауыл, ақырғы қамал
іспетті.
   Одан кейінгі он жылдық ішінде болған 1853-1858 жылдардағы Есет
Көтібарұлының да, 1856-1857 жылдардағы Жанқожа батырдың да патша өкіметіне,
қоқандықтарға қарсы азаттық күресі Кенесары бастаған қозғалыстай ауқымды
бола алған жоқ.
 
 
 Пайдаланылған әдебиет: Қазақстан тарихы. Мусин Чапай. Алматы, 2008
Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер.
 
1. Көне түрік, Батыс түрік және Түргеш қағанаттары.
2. Қарлұқ және Оғыз мемлекетері.
3. Қимақ және Қыпшақ хандықтары.
4.Қарахан мемлекеті.
5.Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары.
6.Қарақытайлар Жетісуда.
7.VI-XIIғғ. түркі халықтарының шаруашылығы мен мәдениеті.
 
Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-Vғғ.).
VI ғасырда Қазақстан жерінде құдіретті держава-билеушілері Түрік
тайпасының әулеттік ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігі.
Түріктік этно- және глоттогенездік (этнос пен тілдің қалыптасқан жері)
ежелгі ошақтары. Түрік этнонимі. Ашина түркілері-Түрік елінің негізін
қалаушылар. Бумын қаған және көне түрік мемлекетінің құрылуы. Орталық Азия
халықтарының тарихында ежелгі түрік империясының орны.
Қазақстан жеріндегі ескі түрік мемлекеттері.
Батыс Түрік қағанаты. Оның Жегі қаған мен Тон-Жабғы қаған кезінде
күшеюі. Қағанаттың әлеуметтік-этникалық тарихы және саяси құрылысы,
қоғамдық қатынастары, олардың алғашқы феодалдық мәні. Көшпелі мал
шаруашылық және отырықшы жер шаруашылық тұтастығы. Қағанаттың басқа
елдермен-Иран, Византия, Қытаймен байланыстары. Батыс түрік қағанатының
құлауы.
Түргеш қағанаты. Оның негізін қалаушы – Үш – елік қаған. Түрік-
түргештер, олардың қоныстары және әлеуметтік ұйымдары. Соғды мен қарым-
қатынасы. Арабтар мен қытайлар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда. Арабтарға
қарсы күрес. Түргеш қағанатының құлауы. Мұсылман мәдениеті таралуының
әсері.
Қарлұқ қағанаты. Оның этникалық және тайпалық құрамы. Қарлұқтардың
Жетісу жерінде билігінің орнауы. 751ж. Талас жанындағы қырғын шайқасқа
қарлұқтардың қатынасуы. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы және оның сыртқы
саясаты. Қарлұқтардың ұйғырлар мен саманилармен күресі. Саманилердің
Исфиджаб және Тараз қалаларын басып алуы. Қарлұқ тайпаларының арасында
ислам дінінің таралуы. Шаруашылығы, сауда және қалалар.
Оғыз мемлекеті. Этникалық қауымдастығының қалыптасуы. Оғыз тайпаларының
Сырдария өңірінен жартылай көшпелі печенег – қаңғар тайпаларын ығыстыруы
және ерте феодалдық мемлекетін құруы. Хорезм, Хазар мемлекеттері және
олардың оғыз көшпелілерімен қарым-қатынастары. IX-XI ғғ. Оғыз мемлекеті.
Оғыз-Қыпшақ қатынастары. Шаруашылығы әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, діні.
Қорқыт ата дастаны.
Солтүстік, шығыс және орталық Қазақстандағы Қимақ қағанаты. Қағанаттың
сыртқы байланыстары. Қимақ және Қыпшақ тайпалық бірлестіктері, қалалары.
Көрші тайпалардың шапқыншылығы нәтижесінде  Қимақ қағанатының әлсіреуі.
Қимақтардың шаруашылығы мен мәдениеті.
Қыпшақ хандығы. Қыпшақ қауымдастығының қалыптасу кезеңдері.
Қыпшақтардың этникалық құрамы және қоныстануы. Қазақстан жеріндегі қыпшақ
даласы – Дешті Қыпшақ. Қыпшақ конфедерациясының мемлекет- тік құрылысының
ерекшеліктері. Қыпшақтардың шаруашылығы. Хорезммен, Киев Русімен,
Византиямен, Грузиямен, Египетпен, Индиямен байланыс- тары. Қыпшақ
сұлтандарының Ұлы даладан сырт жерлердегі үстемдігі. Ежелгі Русь
жылнамаларындағы половецтер (құмандар). Қыпшақтардың қазақ және басқа да
түрік халықтарын қалыптастырудағы рөлі.
 
942 жылы Қарахан мемлекетінің қүрылуы. Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы
Сатұқ Боғра-хан. Мұндағы әскери-үлестік жүйе және феодалдық жер
иеленушіліктің түрлері. Қағанатта исламның мемелекеттік дін болып
жариялануы. Абу-Насрдың басшылығымен қараханидтердің Орта Азияда
үстемдігінің орнауы. Қарахан мемлекетінің Батыс және Шығыс қағанаттарға
бөлінуі. Феодалдық қырқыстар. Салжұқтардың көтеріліп шығуы. Кидандардың
(қарақытайлардың) басқыншылығы және Қарахан мемелекетінің ыдырауы.
Кидандар (қарақытайлар) мемелекеті (1128-1213 жж.). Елюй-Дашибасқарған
кидан тайпаларының Жетісу жеріне қоныс аударуы. Олардың ОртаАзия
салжұқтарымен жүргізген соғыстары. Кидандардың (қарақытайлардың) басқару
жүйесіндегі ерекшеліктер.
Наймандар одағы-ежелгі түркі тілдес ұлыстардың бірі. VIII ғ.
наймандардың Ертіс пен Орхон өзендері арасындағы мекені.
Наймандардыңшаруашылығы, саяси құрылысы. Наймандардың Шыңғыс
әскеріменқақтығысы және олардың Шығыс Қазақстан мен Жетісу жеріне
қонысаударуы.
Керейттер (X ғ. басы), этникалық құрамы. Керейттердің алғашқы
мекендеген жерлері-қазіргі Монголия мен Алтай аймағы. Керейттердің
Қазақстан жеріне қоныс аударуы.
Жалайырлар-Шин-жехан әулеті кезінде Монголиядағы белді ұлыстар- дың
бірі.Қоныс тепкен жерлері жоғарғы Орхонның Селенга өзеніне құятын
беткейлері.
Жоғарыда аталып өткен ұлыстардың шаруашылық-экономикалық жағдайы. Көрші
халықтармен өзара қатынастары. Тайпалық және этникалық құрамы.
VI және IX ғасырдың бірініші жартысындағы Қазақстан жеріндегі отырықшы
және көшпелі мәдениет. Көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара байланысы.
Қалалар мен қалалық қоныстар. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи рөлі.
Көшпелілердің материалдық мәдениеті-қолөнер, сауда шаруашылығы, архитектура
және өнері. Рухани мәдениет: әдет-ғұрып, салт-дәстүрі.
IX ғ. екінші жартысы – XIII ғ. басындағы дала мен отырықшы қала
халқының мәдениеті. Қалалар санының өсуі. Қала құрылысының өзгеруі. Сауда
мен қолөнердің дамуы. Сәулет өнері. Қолданбалы өнер. Діні мен мәдениеті.
Айша-бибі, Қарахан мазарлары. Исламның таралуы. Тіл, ғылым әдебиет. IX-XII
ғғ. Қазақстанның ғалымдары мен ұлы ойшылдары: Әбу-Наср Әл-Фараби, Жүсүп
Баласағуни, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Ясауи, Сулеймен Бақырғани т.б. Олар
қалдырған мұралардың дүние жүзі мәдениетіндегі маңызы.
 
Негізгі әдебиеттер
1.Қазақстан тарихы. Очерктер. 70-75 бб., 81-100-бб.
2.Қазақстан тарихы. Бес томдық. 1-том., 3-бөлім. 3-5 тараулар.
          3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 3-бөлім
4.Махмұд Қашқари. Түбі бір түркі тілі. А., 1993.
5.Жолдасбайұлы С. Ежелгі  және орта ғасырдағы Қазақстан. 81-98-бб.
 
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы
 
 
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда
болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және
этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің
дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық
топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен
Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15
ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
 
Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы
хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында
Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен,
солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып
жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді.
Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі
тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара
қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы
Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің
Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр
Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау
баурайындағы - Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды
басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер
іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып,
ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал
тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге
өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан
Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне
көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
 
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне,
соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп
кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр
хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас
өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі,
оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа
қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның
тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы
мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет
бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті.
Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін,
сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан
батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының
тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат
ханның баласы . Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі
жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи
құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын
хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
 
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін
қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында
Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы
тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты.
Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын
күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы
бар Жәнібек пен Керей , Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті
Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр
өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары
Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед
Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.
 
Сыр өңірі мен Қаратау - қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең
жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың
маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз
құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық
сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
 
70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны
(Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани
басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы
Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның
нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді.
Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар
Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.)
тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі
өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып,
алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық
хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары
билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір
бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір
әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып
алды.
 
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер - саяси және
этникалық процестер болды. Оның басты этапы - Керей мен Жәнібектің қол
астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп,
Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға - Керей мен
Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы.
Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп,
үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана
бастады.
 
16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз
тұсында "жерді біріктіру" процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен
хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.)
тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол
билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы
қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол
астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған
Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым
ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс
жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий
(1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да
қазақ хандығын осы кезде танып білді. "Қасым ханның қасқа жолы" деген
әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.
 
Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды.
Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты.
Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша
елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери
қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ
хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен
айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі
Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар
тоқталған жоқ.
 
16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Ақназар
(1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті
пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның
тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд-
Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Ақназар өзара тартыста өзбек ханы
Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне
бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық
әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Ақназарды у беріп өлтірді.
Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі
қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598
хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға
келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба
сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады.
Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді.
 
Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін күресті. 1583 жылы
ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сыр бойындағы қалаларды
алып, Ташкент, Андижан, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына
қаратты. Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қаза
болды. Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол
1598 жылы Бұқарамен бітім шартын жасасты, шарт бойынша өзбектер бұрын
тартып алған Сыр бойы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бекітіп
берілді. Сөйтіп, Сыр бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік Қазақстанның жерін
кеңейту үшін бір жарым ғасырға созылған күрес біраз бәсеңдеді.
 
Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. МСондықтан ол қанға
қан, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, зекет, ұшыр жинау, айып салу
және т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын "Есім хан салған ескі жол
деп атады. 16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен
(орталыпы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы
арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы
Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті. Сібір хандығының халқы түркі
тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды.
Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес "Сібір татарлары" деген атпен
белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және сауда байланысын
жасап тұрды. 1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір
хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы басталды.
Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж,. қаза
тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей
құрамына енді.
 
17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашарлады. Өзара қырқысты пайдаланған
жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген
қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып,
қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар
әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді.
Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да
жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының
нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың
қосылуы күшті жүрді. 1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан
болды. Оның тұсында "Жеті жарғы" деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті
жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады.
 
Феодалдық салт көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден
ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан
шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері,
әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар
аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері
болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын
егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын
әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі,
әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ
ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер,
қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке
жатқызылды
 
Қазақ поэзиясының бұл кезеңдегі аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.),
Доспамбет (16 ғ.), Жиембет, Ақтамберді (17 ғ.). Қазақтың батырлар жыры
тарихи оқиғаларға құрылған. Мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Ер
Сайын, Қамбар батыр дастандары. Ислам діні толық тарады. Араб әліпбиі
қолданылды.
 

1
2
3
4
5
Категория: Қазақстан тарихы Добавил: Kz_ref_Mara (18.06.2010)
Просмотров: 98 Рейтинг: 0.00

СЫР БОЙЫ БАТЫРЛАРЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА
 
Қазақ хандығы тұсында Сырдария өзенінің бойын иелену мақсатындағы
соғыстар бір-екі ғасырға созылды. Әсіресе, Бұрандық ханның тұсында дария
бойындағы қалалар Шайбанилер хандығымен екі арада кезек-кезек қолдан-қолға
өтті. Сондай-ақ XVI ғасырдың екінші жартысында Сыр өңірі қалалары үшін
күрес қызды. XVI ғасырдың аяғы мен XVIІ ғасырдың басында қарақалпақтар
сыртқы саяси әрекеттерінде белсенділік танытып, Сырдария аймағы мен
Ташкентті уақытша басып алды.
 
Ел бiрлiгiн нығайтқан майдан
Тәуке ханның Сырдарияның орта ағысындағы отырықшы аудандарды қосып алуы,
қазақ хандығының экономикасына, қоғамдық-саяси құрылысына ықпал жасағаны
белгiлi. 
Бұл кезде Еуразияның саяси картасы өзгерiстер үстiнде болатын. Ресей
шығысқа, Қытай батысқа қарай бағыт ұстана бастаған. Бiрқатар тарихшылардың
айтуынша, жоңғар шапқыншылығының басталуына осы екi алып империяның жымысқы
саясаттары себеп болған сияқты.
 
Әрине, қалмақтардың өз есебi бар екенi түсiнiктi. Сонымен, 1635 жылы
қазақтар мен жоңғарлар арасында жан алып, жан берiскен өмiр үшiн күрес
басталды. Жүз жылдан астам уақытқа созылған осы зор майдан кең қоныш
қазақтың сана-сезiмi мен рухын биiкке көтерiп, ел арасындағы бiрлiктi
нығайтты.
Туған жер үшiн қасық қаны қалғанша күрестi, шынын айтқанда патриотизмдi
күшейттi. Өйтпейiнше, сөзсiз жеңiлiске ұшырау қаупi тұр едi.
 
Келте тонды Келмембет
 
Ел қорғау мәселесi бiрiншi орынға қойылғандықтан, осы кезеңнен бастап
қазақ батырларының тұлғалары дараланып, рөлi күшейе түстi. Олардың зор
құрметке бөленуi де сондықтан.
 
Ел тәуелсiздiгiне қауiп төндiрген қалмақтарға қарсы соғысқан Шөмекей
тайпасынан шыққан Келмембет батырдың бейнесi дара. Оның бүкiл өмiрi
шайқаспен өттi. Бүгiнгi ұрпақтарының пайымдауынша, ол 1618 жылдары дүниеге
келген. Малға жарлы болса да қабiлет-қарымы Келмембеттi өзгелерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мәнін ашу
Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі
Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының бірінші толқыны (Құлжа өңірі, Қашқария)
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
19 ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар
Абылай хан, әбілмансұр (1711-1781)
Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері мен барысы
Пәндер