Исламда діні мен ғылым



1 Тәуелсіздікке дейін мұсылман елдері туралы түсінік
2 Орта ғасырларда ислам әлемі
3 Иждихадқа тыйым салу
Біз бір уақыттарда мұсылман дүниесінен іргеміз бөлініп, тереңнен тамыр тартқан байланыстың үзіліп қалғанын қалай жасырамыз. Шыныны сындыру оңай, ал оның сынасын білдірмей жинауға ғылым мен өнердің, шеберліктің күші керек екенін әркім түсінер. Кеңестік идеология дінді бас айналдыратын апиын, кертартпа етіп көрсетті. Сөйтіп, біздің аталарымыздың діни сенімін сындырып, оларды ешкімге, ешнәрсеге сенбейтін атеист етіп шығарды. Сол тәрбиенің аяқ жағы біздін ұрпаққа да бұйырды.
Тәуелсіздікке дейін мұсылман елдері туралы түсінігіміз де шамалы болды. Ал жалпы дін атаулы құбыжықтай көрінген соң, оған сенетіндердің, исламның бастауларында ғылым мен мәдениетіміздің тегі жатқандығын айтқысы келген Ақжан Машани сияқты ғалымдарды ауызға ұрып, үндетпей қойғаны да жалпыға аян. Жазусызудың, сауаттылықтың қазақ даласына ислам діні арқылы келгенін білеміз. Осыдан 10-12 ғасыр бұрын Қыпшақ даласының перзенті, Әбунасыр әл-Фараби бабамыз ғылымға мұсылман әлемінен сусындаған жоқ па еді?

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
 Біз бір уақыттарда мұсылман дүниесінен іргеміз бөлініп, тереңнен тамыр
тартқан байланыстың үзіліп қалғанын қалай жасырамыз. Шыныны сындыру оңай,
ал оның сынасын білдірмей жинауға ғылым мен өнердің, шеберліктің күші керек
екенін әркім түсінер. Кеңестік идеология дінді бас айналдыратын апиын,
кертартпа етіп көрсетті. Сөйтіп, біздің аталарымыздың діни сенімін
сындырып, оларды ешкімге, ешнәрсеге сенбейтін атеист етіп шығарды. Сол
тәрбиенің аяқ жағы біздін ұрпаққа да бұйырды...
Тәуелсіздікке дейін мұсылман елдері туралы түсінігіміз де шамалы болды. Ал
жалпы дін атаулы құбыжықтай көрінген соң, оған сенетіндердің, исламның
бастауларында ғылым мен мәдениетіміздің тегі жатқандығын айтқысы келген
Ақжан Машани сияқты ғалымдарды ауызға ұрып, үндетпей қойғаны да жалпыға
аян. Жазусызудың, сауаттылықтың қазақ даласына ислам діні арқылы келгенін
білеміз. Осыдан 10-12 ғасыр бұрын Қыпшақ даласының перзенті, Әбунасыр әл-
Фараби бабамыз ғылымға мұсылман әлемінен сусындаған жоқ па еді? Оның
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атануы да мұсылман әлемі рухани күшінің
тереңдігі мен негізділігінде жатса керек.
Тарихта адамзат қоғамы түрлі өзгерістерге ұшырап отырды. Қандай мықты,
аузын айға білеген империялардың, державалардың ешқайсысы да мәңгі жасаған
жоқ. Сол сияқты мұсылман әлемі де уақыттың түрлі ағысын, толқынын бастан
кешті. Білім мен ғылымның даму бағыты шығыстан батысқа қарай көшін түзеді.
Адамзатқа исламның даналарын берген рухани әлемнің тоқырау демесек те,
шабан қимылды қанағат еткен дәуірлерді бастан кешіруі де сондықтан болар.
Бүкіл-элемдік Ислам экономикалык форумына қатысушылар алдында сөйлеген
сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер
жүзіндегі халықтың бестен бір бөлігін құрайтын мұсылман әлемі дамуының
бүгінгі деңгейінің шындығын орынды атап өтті.
Ғасырлар тоғысындағы жылдарда техника және жаратылыстану ғылымдары
саласынан Нобель сыйлығының бірде-бір лауреаты шықпаған. Ислам әлеміндегі
жаһандық технологиялық жаңалық жөнінде де ешкім ештеңе айта алмайды.
Ал өткенге көз салсақ, ислам әлемінің ғылымдағы ғажайыптары мен рухани
жауһарларының бүтінгі өркениетке жеткізген ғылыми жаңалықтардың түп қазығы,
түбір бастауында тұрғанын байқаймыз. Мысалы, орта ғасырлардағы мұсылман
даналары көптеген ғылымның негізін қалады. Медицинада Ибн Сина, алгебрада
әл-Жабир ибн Хайян, химияда әл Хорезми, астрономияда Бируни, оптикада Ибн
Хейсам, акустика мен музыкада Әбунасыр әл-Фараби, тригонометрияда Беттани,
социологияда Ибн Халдун, кибернетикада әл-Жазаридің есімі алдымен аталады.
Ал поэзия мен әдебиетте, өнерде, философияда ислам даналарының есімі күні
бүгінге дейін жаңғыра естіледі. Алғашқы қағаз фабрикасын, алғашқы токарь
станогын, алғашқы зеңбіректі, тағы басқа адамзат өркениетінде орны бар
заттарды ойлап тапқан мұсылмандар болатын.
Орта ғасырларда ислам әлеміне интеллектуалдық еркіндіктің ұрығын сепкен
Еуропа емес, қайта ілім-білім-ғылым мұсылман шығысынан кәрі құрлыққа барды.
Қазір көпшілік мұсылмандар Еуропа мен Америка Құрама Штаттарына қалай кіді
қараса, бір кезде еуропалыктар мұсылман жұртына дәл солай үрке қарады. Оның
барлығы да қызғанышы атойлап тұратын қызығушылық болғанымен, олар іштей
мұсылман әлемінің артыкшылықтарын, басымдығын мойындайтын.
Исламда дін мен ғылымның арасында қарама-кайшылық болған жоқ, болмақ та
емес. Құранда : Біз өзара байланысып, түрлі нәрсе жараттық, Сізге осыған
ой жүгірту керек болар (51:49) деген сөздер бар. Мұсылмандардың қасиетті
кітабы материалдық әлемнің мәнін түсінуге, тұщынуға шақырады. Бұл танымның
қазіргі заманғы ғылыми әдістемесіне сәйкес келер еді. Оны қазақы түсінікке
салсақ, қасиетті кітап ғылымның тереңіне бойлау керектігін, ғылымсыз
ілгерілеу жоқтығын мензейді. Ғылымның аса маңыздылығы туралы Құран Кәрімде:
Алладан оның кұлдары (шынайы діндарлар) арасында тек ғалымдар ғана
қорқады (35:28) Алла тағала сендердің араларыңнан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заманауи тұлғалардың ислам дIнIн қабылдау себептерI
Даналық
Исламның әлемге таралуы
«Сопылық» («суфизм»)
Ислам дінінің бес парызы
Қазақстанның зайырлы мемлекет ретінде дамуы: мазмұны, белгілері, болашағы
Тарихи тұрғыдан түркі ислам философиясының қалыптасу
Зайырлылық
Исламның пайда болуы және сол төңіректегі нанымдар
Ислам мәдениетіндегі дәстүр
Пәндер