Ұлттық қаржы нарығы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Ұлттық қаржы нарығын дамыту қажеттілігі Қазақстанның ішкі қаржыландыру қайнаркөздерін дамытуға бағытталған, отандық бағалы қағаздар нарығындағы құқықтық және институттық инфрақұрылымды жүзеге асырады, сонымен қатар Қазақстанның Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кірудегі елдің ішкі қарызын реттеуде, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігін сақтауда қажетті алғышарттардың бірі болып табылады және Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына косылуына бағытталады. Соңғы жылдары еліміздегі қаржылык жағдай мен бюджеттегі профициттің жақсарғандығы және ұлттық валютаның бекемденгені белгілі. Бұл еліміздегі қаржы жүйесінің тұрақтанғандығының тікелей куәсі.

Мемлекеттін қарызды басқару көлемі бойынша саясаты орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуына сай шеттен алып пайдаланудың ішкі көлемін кысқартуға бағытталған. Қазақстан Республикасы пост кеңестік кеңістікте жинақтаушы зейнетақы реформасын жүргізуді үздіксіз жалғастырып келе жатқан жалғыз мемлекет болып табылады. Зейнетақы құралдарының қоры үлкен сомаға ие, сондықтан шеттен алып пайдалануды шетелге қарағанда елдің ішінен қолдану қызықтырады.

Ішкі нарықтағы шеттен алып пайдалануды ұлғайту бюджеттің заңнамалық негізі профицит шарты бойынша мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруға мүмкіндік береді. Бұл Парламенттің өзгертулер мен толықтырулар енгізілген бюджет кодексіне сай келеді.

Қаржы министрлігінің алдында тұрған негізгі мақсат инвесторды да, эмитентті де қанағаттандыратын және қорғайтын айқын ережелерді кұру болып табылады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын Қаржы министрлігі болғандықтан өткен жылы қор нарығындағы қайталанбалы аукцион механизмінде алғаш рет қолданылатын ұзақ мерзімді облигациялар және кварталаралық эмиссия жоспарларының жариялануы арқылы түспал кұру жұмыстары жасалды.

2006 жылы Қаржы министрлігі номиналды құны бойынша жалпы сомасы 164, 7 млрд теңгені құрайтын МБҚ шығаруды жүзеге асырды, соның ішінде:

  • 67 млрд теңге сомасында орта мерзімді (МЕОКАМ),

-41, 8 млрд теңге сомасында ұзақ мерзімді (МЕУКАМ),

  • 55, 9 млрд теңге сомасында ұзақ мерзімді жинақтаушы (МЕУЖКАМ)

Үстіміздегі жылы айналымдағы Қаржы министрлігінің МБҚ жылдық өсімі 80, 9млрд теңгені құрайды.

2006 жылы нарықтағы үкіметтік бағалы қағаздардың түсімділігі жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған облигациялардан тыс ағымдағы инфляция көрсеткіштерінен төмен деңгейде тұракты түрде қабаттала бастады. Оның себебі институтттық инвесторлар тарапынан мемлекеттік облигацияларға сұраныстың артуы және шеттен алып пайдалаудың консервативті саясатын жүргізуге мүмкіндік беретін ағымдағы республикалық бюджеттің профициті секілді субъективті түрде болды.

Зейнетақы қорындағы нақты түсімділікті қамтамасыз ету мақсатында инфляция деңгейінен төмен емес түсімділікпен қамтамасыз ете алатын және ұзақ мерзімді кағаз болып табылатын МЕУЖКАМ орнату шарттары өзгертілді. Заң бойынша осылай, біз оны орындауға міндеттіміз.

Институттық инвесторлардың активтерін инвестициялау үшін альтернативті құралдардың пайда болуымен, сонымен бірге инфляция қарқынының өсуімен өз кезегінде республикалық бюджеттің ішкі займдар бойынша қызмет көрсету шығындарына, МБҚ бойынша сыйақы мөлшерінің біртіндеп үлгаяюына алып келетіндігі болжануда. Қор нарыгының және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуы мақсатында ішкі шеттен алып пайдалану саясатын жүргізе отырып 2006 жылдың 2 желтоқсанында бекітілген Президенттің Жарлығындағы мемлекеттік жалпы ішкі қарызды басқару бойынша Концепцияда көрсетілген басымдылықтарын басшылыққа аламыз.

Осыған байланысты, нақты ауытқымалы түсімділік пен түспалды құру үшін Қаржы министрлігінің шеттен алып пайдалану саясатының мемлекеттік емес бағалы қағаздарды ішкі нарықта мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша біртіндеп теңдестірілген түсімділіктің көбеюіне бағытталады.

Аса маңызы жоқ факторлардың бірі графикқе сәйкес құрылған, қор нарығындағы түспалды құруды анықтайтын және тұрақты негізге орналастырылған МБҚ болыһ табылады. Бұл график эмиссияныц кандай тэртіппен, қанша мерзімге, неше сомада болатындығын биржаның бағдарлай білуі үшін жарияланады.

Инвесторларға жаңа шыгарылымдардың көлемі мен мерзімі туралы ақпараттарды кең көлемде беру жұмыстары жалғастырылады. Мысалы, бүгінгі таңда нарық жылдық орналастыруға жоспарланған МБҚ көлемінің қиығы, мерзімі және түрі туралы ақпараттарға қанық. Сонымен қатар, 20^) 7-2011 жылдарға арналған каржы секторының даму Коицепциясында мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды жоспарлау мен оның тұрақты негізі қарастырылған. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы дамуының жағымды кезеңдерімен қатар ішкі шеттен алып пайдалану нарығында келеңсіз салдарға алып келетін мәселелердің туындауы мүмкін.

Қазіргі кезде жеке инвесторлар өтеу мерзімі келгенге дейін МБҚ-ды оз портфельдерінде ұстап отыратын консервативті инвестициялау саясатын ұстануда. Нәтежеде саудадағы нарық көлемінің өсуіне қарамастан ликвидтілік барынша төмен деңгейде қалуын жалғастыруда. Жағдай нарықтағы пассивті инвесторлар үлесінің артуына алып келетін зейнетақы активтерінің көлемінің ұлғаюымен барынша киындайды. Ликвидті қайталанбалы МБҚ нарығындағы алғышарт жоғары түсімділікті мемлекеттік емес бағалы қағаздардың жинақтаушы зейнетақы қорларының портфелін жасау болып табылады.

Осылайша, қор нарығының дамуы тек қана мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуымен байланысты емес, сонымен қатар қор нарығындағы альтернативті құралдардың бар болуымен, мемлекет пен жеке сектордың бірлескен әрекеттері бойынша

секьюритизация келісімі шеңберінде арнайы қаржылық компаниялар шығаратын облигациялар болып табылатын қаржылық құралдардың жаңа түрлерін шығару мен оларды дамытуға бағытталуы тиіс. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасындағы Азиялық даму банкінің басқарма офисі болып табылатын Қаржы министрлігі тарапынан 2006 жылы Азиялық даму банкінің жеке секторындағы операцияларды көбейту жұмыстары жасалды. Әсіресе, Азиялық даму банкі қазақстандық банктермен секьюритизация бойынша келісімді жүзеге асыру бағдарламасын дайындады, осының аясында алғашқы секьюритизацияланған облигациялар шығару жүзеге асырылды.

2007 жылы Қаржы министрлігі АДБ-мен ҚР территориясында келісімдер жасау, АДБ тарапынан қазақстандық қор нарығындағы ұлттық валютамен деномиинирленген облигацияларды шығаруды жүзеге асыру жұмыстарын атқаруға атсалысты.

Қазақстандағы мемлекеттік-жеке серіктестіктерді жетілдіру үшін халықаралык қаржы ұйымдарын қаржылық концессиондық жобаларға қатысуға және кеңес берушілік қызметтерді көрсетуге тарту қажет. Қазіргі кезде ҚР «Концессиялар туралы Заңына» сай заңға тәуелді нормативті актілер қабылданған.

Концессия келісімшарттары аясында мемлекеттік кепілдік инфрақұрылымдык облигацияларға беріледі, аталған құрал отандық қор нарығының дамуына, сонымен қатар зейнетақы нарығындағы активтердің есебінен капитал тартуына қосымша серпін береді. Қаржы министрлігі барлық нарыққа қатысушылармен, ¥лттық Банкпен, қаржылық бақылау Агенттігімен, Қазақстандық қор биржасымен және Қазақстанның қаржыгерлер Ассоциациясы арқылы қор нарығында белсенді мүше болу үшін, елге концессионды жобаларды жүзеге асыруға келетін бизнес құрылымдарымен тығыз байланыста.

Сонымен қатар, ҚР «Концессиялар туралы Заңын» жүзеге асыру мақсатында қаржылық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жұмыс тобы күрылды, оның құрамына қаржыгерлер, Ұлттық Банк, ҚБА және министр орынбасары лауазымындағы министрліктер мен мекемелердің өкілдері, комитеттердің төрағалары енеді, ал жұмысшы орган Қаржы министрлігі болып табылады.

Мемлекеттік және жеке серіктестіктер консолидациясының және жұмысшы тобының экономикасы диверсификациясының мақсаты бойынша қаржылық сектордағы мәселелердегі шешу жолдары мен ұсыныстар жасалады. Әрбір мемлекеттік орган, әрбір қатысушы деңгейді кетеруге атсалысуы қажет, мүның нәтежесі бәсекеге қабілетті елге айналу болып табылады.

Қазіргі таңдағы биржаға тоқталсақ. Бұл акционерлік қоғам ретінде жұмыс істейтін, коммерциялық емес ұйым. Биржадағы акционерлердің саны 59 акционерден тұрады. Қазіргі таңдағы биржадағы дауыс беру кағидасы: бір акционер - бір дауыс. Биржадағы бағалы қағаздарды сату мен сатып алу бойынша брокерлік қызметтер көрсететін 33 брокерлік компания биржада жұмыс істейді. КА8Е эмбебап биржа болып табылады. Ол бірнеше нарыққа қызмет көрсетеді, алайда оларды акциялар мен корпоративті облигациялар қызықтырады.

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамыған заманауи инфрақұрылымы қалыптасқан. Мысалы, Ресейде шетелдік инвесторлардың нарықтагы сенімдеріне сәйкес орталық депозитария мәселелерінің орын алуымен бетпе-бет келуде.

Нарық туралы жалпы не айтуға болады? 2005 жылдың күзінен бастап акциялар нарығы көңіл аудара бастады. Айналым мен көлем ұлғаюда, акция индексінде үлкен баға өсімі көрінуде. Өткен жылы акциялармен жасалған келісім 4 млрд АҚШ долларын, ал облигациялармен жасалған келісім 3 млрд АҚШ долларын құрады. Облигациялар нарығының басым бөлігі зейнетақы активтеріне бағытталған, зейнетақы активтері қалай өссе облигациялар нарығы да солай өседі.

Нарықтың негізгі мәселелері. Акция нарығының ликвидтілігі - басты мәселе. Нарықтың ликвидтілігі нарық белсенділігін өзіне қолданады. Мысалы, дамыған нарықта бір секундта бірнеше келісім жасалуы мүмкін, ал біздегі ликвидті қағаз бойынша бір күнде санаулы ғана келісімдер жасалады.

Мәселе неде? Айналымдағы еркін акциялардың жетіспеушілігінен. Жекешелендірудің нәтежесінде компанияның иесі стратегиялық инвесторларға айналды. Қазіргі таңда компаниялар өзінің әрекеті туралы ақпараттарды бермеуге тырысады, көлеңкеде қалғысы келеді. Компанияларда ақшаны шеттен алып пайдалануды жүзеге асыратын мүмкіндіктер жеткілікті: банктік несиелеу, капиталдардың халықаралық нарығына шығу. Негізгі мәселенің бірі компания иелерінде, олар компанияны басқаруды жоғалтып алудан қорқады және ол мәселені өзара шешуге тырысады.

Басты мәселе, көптеген компаниялар жеткілікті қатаң бәсекеге түсуге салқындық танытады, сондыктан олардың инвестициялық мүмкінліктері банкітерді қызықтыратын айналым құралдары және ресурстармен шектеледі.

Инвесторлар тарапынан консервативті саясатта өтем мерзіміне дейін ұстау мен сатып алу кадағаланады. Негізгі инвнсторлар зейнетақы қоры түріндегі инвестициялау стратегиясы барынша консервативті институттық инвестор болып табылады. Яғни ликвидті нарық негізіндегі алпысатарлық инвесторлар, бөлшек инвесторлар, өзара қорлар қазіргі кездегі біздің нарықта өте аз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығы жайында
Қаржы нарығының түсінігі және экономиканың дамуындағы оның маңызы
Қаржы нарығының құрылым
Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы
Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары
Қазақстанның қаржы нарығын жетілдіру жолдары
Қаржы нарығының құрылымы және оның негізгі бөліктері
Қаржы және ақша нарығы
Қаржы нарығы туралы ұғым
Экономикалық факторлар тербелістерінің қаржы нарығына әсерін бағалаудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz