Қиял және оның балалық шақта дамуы



1 Қиял және оның балалық шақта дамуы
2 Атомистік психология
3 Пиаженін тәжірибелік зерттеулері
4 Балалар психологиясывдағы қиялға байланысты маңызды мәселе
5 Қиялдың өзіне тән ерекшелігі
Ескі психологияда қиял біздерге әсер еткен нәрселердің бейнесін байланыстар нәтижесінде қиысатын психикалық процестердің барлық түрлеріне қатысты адам әрекетінің ерекше түрі мәселердің сипатталатын.

Ұзақ уақытка дейін қиялдың сырын ашу қиын мәселелердің бірімен санальш келді. Қиялдың өзіндік сипатына сәйкес психологтар оны ерекше процесс деген түсінікті қолдан келді, Адамның әр алуан атқаратын қызметіне орай қиялды біздерге бұрын әсер етуші нәрселерді жинақтап, оларды жаңаша деп қайта жасалған түрде бейнелейді деп санады. Бұл пікірді өзгеше айтқанда санада сақталған әсерлер жаңарып, қайта жасалып, өзгеше болып құрылып, тық бейнелер пайда болады деп түсіндіріліп келді, Мұндай беймелер негізінен адамнын іс-әрекеті арқылы жүзеге асып, қиял процесі пайда болады. Сондықтан ассциация психологиясында қиял бұрыннан адам санасында ірге тепкен нәрселердің қисынды бейнелері мен бөлшектері житалып әсер етеді, солай болғандықтан да қиялдын сырын ұғу қиынға түседі деген пікір өктем болып саналғанды.
Қиялға байланысты қиын сырдың мәнін ашу ниетімен бұрынғы психология оны өзге психикалық процестердің қызметіне қызу үшін де әрқилы әрекеттер жасараны мәлім. Т.Рибо қиялдың мән-жайын зерттуге арнаған еңбегінде оның негізінен түрін атап көрсетеді. Оның бірі – қайта жаңғырту қиялы, ал еніншісі – творчествовалық немесе шығармашылық қиялы.
Қайта жаңғырту қиялын ес деп айтуға да болады. Қиялдың түрі бойынша біз санамызда бұрын бастан кешіріп, көріп-білген нәрселер мен құбылыстардын түр-сипатын қайтадан жаңғыртып көз алдымызға келтіреміз. Ес процесіне тән мұндай кызмет нәрселердің бұрынғы бейнесі дәл қазіргі кезде біздерге тікелей әсер етіп тұрмағандақтан оларды санада жаңғыртуымыз қиял деп аталады

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қиял және оның балалық шақта дамуы

Январь 7, 2012 · Психология
Қиял және оның балалық шақта дамуы. Ескі психологияда қиял біздерге әсер
еткен нәрселердің бейнесін байланыстар нәтижесінде қиысатын психикалық
процестердің барлық түрлеріне қатысты адам әрекетінің ерекше түрі
мәселердің сипатталатын.

Ұзақ уақытка дейін қиялдың сырын ашу қиын мәселелердің бірімен санальш
келді. Қиялдың өзіндік сипатына сәйкес психологтар оны ерекше процесс деген
түсінікті қолдан келді, Адамның әр алуан атқаратын қызметіне орай қиялды
біздерге бұрын әсер етуші нәрселерді жинақтап, оларды жаңаша деп қайта
жасалған түрде бейнелейді деп санады. Бұл пікірді өзгеше айтқанда санада
сақталған әсерлер жаңарып, қайта жасалып, өзгеше болып құрылып, тық
бейнелер пайда болады деп түсіндіріліп келді, Мұндай беймелер негізінен
адамнын іс-әрекеті арқылы жүзеге асып, қиял процесі пайда болады. Сондықтан
ассциация психологиясында қиял бұрыннан адам санасында ірге тепкен
нәрселердің қисынды бейнелері мен бөлшектері житалып әсер етеді, солай
болғандықтан да қиялдын сырын ұғу қиынға түседі деген пікір өктем болып
саналғанды.
Қиялға байланысты қиын сырдың мәнін ашу ниетімен бұрынғы психология оны
өзге психикалық процестердің қызметіне қызу үшін де әрқилы әрекеттер
жасараны мәлім. Т.Рибо қиялдың мән-жайын зерттуге арнаған еңбегінде оның
негізінен түрін атап көрсетеді. Оның бірі – қайта жаңғырту қиялы, ал
еніншісі – творчествовалық немесе шығармашылық қиялы.

Қайта жаңғырту қиялын ес деп айтуға да болады. Қиялдың түрі бойынша біз
санамызда бұрын бастан кешіріп, көріп-білген нәрселер мен құбылыстардын түр-
сипатын қайтадан жаңғыртып көз алдымызға келтіреміз. Ес процесіне тән
мұндай кызмет нәрселердің бұрынғы бейнесі дәл қазіргі кезде біздерге
тікелей әсер етіп тұрмағандақтан оларды санада жаңғыртуымыз қиял деп
аталады. .

Қиялдың бұл түрінің естен айырмашылығын түсіндіруде оны қазіргі көріп
тұрган нәрселеріміз біздің санамызда бұрын әсер еткен нәрселердің бейнесін
еске түсіріп, олар қайтадан жанғырады деп түсіндіреді. Дұрысын айтқанда
мұндай жайт әдеттегі ассоциациялық қозғалыстар арқылы еске түсіру қызметін
атқаралды. Егер мен ешқандай табиғат көріністерін көрмей-ақ өзіммен-өзім
болып, ойым мен мақсат-мүлдем жайында қиялданатын болсам бір кезде менің
есіме пәленбай уақытта көрген көрініс елес береді. Ойлану әрекетіндегі
мұндай жайт ес процесінен өзгешелеу. Өйткені менің қиялымды тудырушы сол
нәрсенің бейнесі емес, бөтен бір процестердің ықпалы.

Бұл жайтгы басқаша айтатын болсақ, онда психологтардың айтқанындай ойдың
мағынасы дұрыс жеткізіліп тұр. Себебі қиялдану әрекетінде бүрынғы
бейнелерді жаңғырту еске түсіру әрекетінен әлдеқайда өзгеше сипатта
болатындығын көрсетеді
Психологтар бұл ретте мынадай жайтқа кезігеді: белгілі жердің атын
естігенде, сол бұрынғы көзбен көрген нәрселердің бейнесін көз алдына
келтіріп, бұрынғы бейнелерді жаңғыртады

Сол көріністі еске түсіруден мәселенін түпкі мәні өзгере қоймайды.
Сондықтан қиял мен естің. өзара айырмашылығы қиялданудан көрі сол әрекетті
тудыру себебіне байланыстылық басымырақ әсер етеді. Мұндай жағдайларда
әрекет түрлері өзара ұқсас келіп, атомистік психологиясының қағидасына орай
ұқсас бөлшектерден әрекеттің күрделі түрлері пайда болады. Осы орайда
қиялдану әрекетінен бір бейне көрінісінен ассоциация бойынша жаңа бейне
пайда болады. Қайта жаңғырту қиялы бұл түрі толығымен ес процесімен бірігіп
кетеді де оның алуан қызметгерінін біріне айналады.

Психолог мамандардың пайымдауынша адамның іс-әрекет күрделірек маңызы
бар қиялдын түрі – шығармашылық Қиялдың бүл түріне тән сипат – санада бұрын
ірге теуіп тәжірибеде кездеспеген жаңа тын бейнелердің жасалуы.

Ассоциация психологиясы жаңадан пайда болатын бейне; түрлі бөлшектердің
кездейсоқ бірігіп кетуі деп түсіндірге Творчестволық қиялда бөлшектер сана
арқылы бірігіп, бейнеге айналады. Алайда ондай бөлшектерді тың нәрселер
атауға болмайды. Творчестволық қиялдың бөлшектерден құралатыны туралы алғаш
рет пікір айтқандар – В.Вунт пен Т.Е Олар творчестволық қиял сан алуан
бөлшектерден құра дейді де, қиялдың бұл түрі өздігінен бірде-бір жаңа
бөлшек жасай алмайтынын атап айтады.

Мен бұл психологтардың жұмыстарында елеулі жетістіктері болғанын атап
көрсетіп, олар қиялдың сезімдік таныммен ұштасты екендігін бірізді
түсіндірііі берді. Сондай-ак олар бе бір психологтардың бағалауындай біздің
арман-қиялдарымыздың шарықтап дамуы орынсыз ниет-тілектерімізден емес,
адамның өз басынан кешірген өмір тәжірибесіне байланысты неше алуан,
болмыстардың ерекшеліктері мен бөлшектерінің қиысып бірігуінен туындап
отыратын процесс деп анықтайды. Адам қиялының көріністері оның бір кездерде
басынан кешірген оқиғалары мен танып білген нәрселерінің бейнесі ретінде
ұйқыда түс көру құбылысынан да байқалады. Түс көру кезінде адамның ғажайып
оқиғалар мен құбылыстарды басынан. кешіруінің бәрі өмір тіршілігіндегі
болмыспен, арқилы іс-әрекет түрлерінің тәжірибелерімен байланысты
әсерлердің жиынтығы екендігін айқын аңғаруға болады. Алайда бұл мәселенің
астарында жатқан тағы бір жәйт бар.

Ол сол әсерленген бейнелер қоспасынан туындайтын, не олардан жасалатын
қиялдың жаңа түрі мен оның өзіндік сипаты нендей жағдайға байланысты деген
сұрақтың мән-жайын ашып көрсету өз шешімін талап ететін жұмбақ мәселе
сияқты.

Психологияның ертеректегі мектептерінің өкілдері бұл сұраққа төте жауап
беріп, қиял арқылы жаңа бейнелер кездейсоқ түрде нәрселер бөлшектерінің
өзара бірігіуінен пайда болып отырады деген-ді. Осы ретте В.Вундтың түс
көру туралы пікірінің мәнін ескерген орынды сияқты. Ол адам көрген
түстерінің бөліктері бұрын адамның күндіз басынан кешірген нәрселердің
бейнесі санаға әсер етіп, олардың бөлшектерінен құралған қияли бейнелер
дейді. Түс көру кезінде адам сыртқы нәрселердің әсерін көріп ести алмайды.
Ұйқыдағы адам ешнәрсені кермейді, ести де алмайды, немесе оның сезім
мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді сезе алмайды, сондықтан нәрселердің
бейнесі бұрмаланып, өзгеріп бейнеленеді. Ұйқыдағы сана ішкі органикалық
әсерленулерді ғана қабылдайды. Ұйқы кезінде ми алаптарында қозу процесінің
де таралуы өзіндік сипатга болғандықтан нәрсердің бейнесі де өзгеріп, әр
қилы шым-шытырық кездейсоқ бейнелердің өзара ұласуынан пайда болады.

Сонымен, Вундтың айтуынша түс көру күндізгі бастан кешіріп әсер еткен
нәрселер мен оқиғалардың үзінділерінен құралатын бытырыңқы мағынасыз
бейнелер. Соған орай Вунд пен өзге психологтар адамның қиялы бейнелерге
сараң, адам басынан кешір-меген нәрселердің бөлшектері арасында байланыс
болмадықтан творчестволық қиялдың әрекет шеңбері де соғұрлым болады дейді.
Психологгар кейбір адамдардың түс көруі өмірбойында бір ғана оқиғаның
маңында болып, ол түрлі сипатта болғанымен өзге оқиғалармен бірігіп жаңа
бейнелер тудыра. алмағандығын бірсыпыра нақтылы фактілермен тізіп
көрсетеді.

Сол психологгар қиял сыртқы жағдайға бейімделіп отыратын әрекет,
соңдықтан оның щарықтап дамуы да заңды дейді, Алайда олар осы орайда
қиялдың жаңа бөлшектері де пайда болы отыратындығын ескерусіз қалдырады.
Вундтың заңы бойынша әсерлену не ойлану, немесе үйлену тойын тікелей
бақылап көрген адамның ойында кері түсініктер де тудыруы мүмкіі Мысалы,
үйленген зайыбыңнан үнемі бөлек жүріп тіршілік ет өлім алдындағы табыттың
елестеуі сияқты. Сондықтан адамның қиялдануы көріп-білген нәрселерінен ары
ұзап кетпейді. Мысалы, үйлену тойының әсері адам тісінің ауруы туралы елес
тудыруы мүмкін емес. Өйткені үйлену мен тістің ауруы үйлесімсіз жәйттер.
Сондықтан да адамның қиялы біздің есімізде сақталған нәрселердің мазмұнына
тіректеледі.

Творчестволық қиял бір жағынан қараганда қайта жаңғыру сипатында
болғанымен, өзіндік әрекет ретінде, ес процесімі бірігіп кете алмайды.
Творчестволық қиял адам әрекетін айрықша түрі ретінде ес процесінің өзіндік
бір сипаты болып табылады. Дегенмен қиялдың мән-жайын шешусіз қалдырады.

Атомистік психология адамның мақсатты әрекеті мен ақылды ойдын түйінді
мәселелерін жүйелі түрде түсіндіре алмады. Сондай-ақ творчестволық қиялдың
пайда болуы жайындағы мәселе түсіндіруге келгенде де дәрменсіздік танытты.
Мұндай көзқарастың әлсіздігі ақырында келіп психологияның бірден себепті
түсіндіру-шілік интуициялық сияқты бірнеше тармақтарға бөлшектердеп кетуіне
әкеп соқтырды.

Ассоциация психологиясы творчестволық қиялды, ойлау процесі сияқты,
бірізділікпен түсіңдіруге шама-шарқы жетпегендіктен, интуициялық бағыт
ұстаған психологтардың ізін қуып ойлау мен творчестволық қиялды, Гетенің
сөзімен айтқанда, дәйектеп жатуды қажет етпейтін постулат деп санады.
Идеалистеп адам санасына творчестволық қиялдың тән екені рас, ал оның мәні
адам тәжірибесінен бұрын пайда болатын априорлық сипатта болады деп жауап
берді. Интуициялық бағыттағы психологтар ассоциация психологиясының
қателерін сынап, ол творчестволық қиялдың пайда болуын адамның түйсігі мен
қабылдауы сияқты психиканың бастапқы процестеріне сүйеніп адамның іс-
әрекеті, нәтижесінде жасалды деген пікірде болды. Интуициялық психология,
шынында, адамның саналы әрекеттерінің барлық түрлері жасампаздық сипатта
болады да, сыртқы нәрселерді сезіп білген танымына өзіндік үлес қосады
дейді. Сөйтіп қазіргі идеалистік көзқараста психологиядағы түрлі қызмет
өзара орын ауыстырды. Егер ассоциация психология-сы қиялды ес процесіне
әкеп телісе, ал психологияны естік өзі сол қиялдын жеке бір ерекшелігі деп
санады. Осы бағытта иедалистер қабылдаудың да қиялдың жеке қасиеті деп
санаудан танбады. Олар қабылдау адамның ақылымен жасалатын болмыстың
бейнесі, ол сыртқы нәрселердің әсеріне тіректеліп, таньш білудің
творчестволық әрекетінен туындайды дейді.

Сонымен қиялға байланысты идеализм мен материализм арасындағы қайшылық
бұл процестін таным әрекетіндегі алатын орны мен мән-жайын барлап анықтауды
талап етеді. Идеализм қиялдың пайда болуын санадан бұрынғы деп санап, оны
сананың творчестволық әрекетімен ұштастырады. Бұл орайда идеалистер өз
көзқарастарының ұтылысқа ұшырағанын аңғара алмайды. Г.Дриша мен А.Бергсон
және басқа виталистер мен интиуацияшылдар санамызға ерік бостандығының
пайда болуымен атар шыққан деп қостайды. Заттың дүниенін дамуында ерікті
рекеті сияқты адамның іс-әрекеті де дербестік сипатга болады. .Джемс те осы
пікірді қолдап, адамның творчестволық әрекетерінің бәрі де ерікті түрде
құдайдың жаратылуымен іске асып отырады дейді.

Идеалиет ІІсихологтардың көзқарастарын анығырақ аңғарып, мәнісін түсіну
үшін олардың қиял процесінің пайда болуын генетикалық тұрғыдан іздестіріп,
оны санадан бұрын пайда болған деудің өзі материалистік ілімге ашықтан-ашық
қарсы қойылғанын көрсетеді.

Біз енді осы салада балалар психологиясының нендей жаңа-лықтарға қолы
жетті деген сауалға тоқталайық. Мен бұл мәселенің тарихын егжей-тегжейлі
баяндаудың қажеті жоқ деп са наймын. Алайда мәселенін, бағдарын байқап
білудің артықшылығы болмас деп білемін.

Қиял алғашқы және ол балалар санасының бастапкы түріне жатады, соның
нәтижесіңде адам санасының өзге түрлері пайда болады дейтін көзқарас
психанализ және бұл ілімді жасаушы З.Фрейд, Оның айтуынша баланың
психикалық әрекетін реттеп отыратын екі түрлі принцип бар. Оның- бірі –
бала талабын қанағаттандырып, одан рахат табуы, екінші – шындык болмыс.
Бала дамуының бастапқы кезіңде алғашқы принцип негізгі және оның
психикасындағы үстемдік етуші талап.

Баланың биологаялық мұқтаждығы мен еркін ересек адамдар үнемі қолдап,
қолпаштап отырады. Ол әлі өзін-өзі тамақ, киім . мұқтаждықтармен қамтамасыз
ете алмайды. Баланын мұңдай мұқтаждықтарын ересектер атқарады. Бала
Фрейдтін сөзінше нақтылы болмыс пен дүниеден бейхабар, уайым-қайғысыз өмір
сүретін жан. Мұңдай жағдайда бала санасы негізінен өзінің жеке баеынын
сезімі мен мұң-мұқтажын қанағаттандыруға бейімде; одан рахат табуға ғана
бағытталған. Ол шындық, болмыст мәнін әлі де түсініп қабылдай алмайды.

Бала психикасының. дамуындағы осындай ерекшеліктер Пиаже зерттеулерінде
кеңінен қамтылып, баланың ойлауы мен қиялы шындыққа, болмысқа
бағдарланғанын көрсетеді. Алайда баланың санасыз ойы мен ересек адамның
мақсатты ойының арасында өтпелі кезең болады дейді. Мұндай аралық немесе
өтпелі кезеңді Пиаже бала ойының эгоцентрлігі (өзімшілдігі) деп атайды.
Бала ойындағы эгоцентризм қиялдан шындық ойлауға өту сатысы болып саналады.
Баланың эгоцентрлік ойын түсіндіру үшін Пиаже оны жеңіл-желпі түс көру,
елес сипатында болады да ол қалайда өзінің талабын орындауға бағытталып,
шындықтан әлдеқайда алыста жатады дейді. Ал енді бала есейген соң оның
мұндай ойы шындық болмысқа қарай бет бұрып, жүзеге асыруға ұмтылады дейді.

Осы бағытта жүргізілген Пиаженін тәжірибелік зерттеулері айтарлықтай
маңызды болды. Ол баланың сырттан алған әсерлері мен өзінен-өзін алған
әсерлерінің мән-жайын толық ажырата алмайды. Оның мән деген түсінігінде
әлі де нақтылы ажырата білу жоқ. Сыртқы әсер мен өз әрекетінің мәнін де
түсіне алмайды. Бала санасындағы мұндай шатыспалы түсніктердің пайда болу
себептері мен олардың мәнін Пиаже тәжірибелік зерттеулерінде айқын да,
сенімді етіп түсіндіре білді.

Егер бала өзінің қимыл-қозғалыстары арқылы бір нәрседен рахат тауып
тілегін қанағаттандыратын болса, ересек адамдардың сөзімен айтқанда, оны
сол алдыңғы жасаған іс-әрекетінің жімісі деп ұғынады. Пиаже бес айлық қыз
баламен мынадай тәжірибе жүргізген. Бөбек қолындағы қалам мен қаңылтыр
қорапты соғып, одан шыққан дыбысты естиді. Бөлменің бір бұрышында тығылып
тұрған зерттеуші бөбек соққан сайын оған жауап ретінде құстың дыбысын
шығарған. Бөбек еңді корапты бір-ақ рет соғып, жауап күткен. Оған құс
жауап береді. Бөбек дыбыстың қайдан шыққанына түсіне алмайды. Ол тағы да
қорапты соғады. Бірак оған жауап болмайды. Бұған наразы болған бөбек ашу
шақырып қорапты жиі-жиі өзге жағынан соғады. Бөбек өзінің қылығымен
кездейсоқ дыбысты естіп, өзінін қорапты соғуынан пайда болған дыбыс екен
деген түсінікте болады.

Пиаже өзінің тәжірибелерін онан әрі қарай жалғастырып бөбектің қылығын
зерттеуді өзге бір автордын зерттеу әдісін қолдану арылы байқап көреді.
Баланың жасы неғұрлым болса, онын өзімшілдігі (эгоцентрлігі) соғұрлым күшті
болтынтындығы аныкталады. 7 жасар баланың дербестігі 10 жастағы балаға
қарағанда әлдеқайда басым. Осы ретте біздер баланың бастапкы даму кезеңінде
кылығындағы эгоцентрлігі барынша асым болып отырады деп санаймыз

Эгоценгризм деген не? Пиаже бұл сұраққа былай жауап береді.Бұл ұғым
сананың жалған түрі, сананың бұл түрінің болмысқа қатысы жоқ, дүниеде тек
өзіндік сана құрылымымен ғана тіршілік ету. Баланың дербестік санасы өсе
келе ересек адамдардың шындықпен байланысты түрде дамитын санасы сияқты
сипат алып, оның болмысты пайыадауында жүйелі ойы қалыптасады.

Бұл мәселеден қиял жөніндегі ілімге көшу үшін сәби анасының дамуын
бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Осы орайда Пиаже, өзге зерттеушілер
сияқты, Фрейдтің іліміндегі біраз жайттарға арқа сүйейді. Бұл көзқарасқа
сәйкес қиялдың бастапқы түрін пайымсыздық сипатта болады деп санауға
болады. Мұндай қиял адамның саналы әрекеті мен ойлауынан өзгеше. Бұл
ерекшеліктің мәнін қиялды зерттеуші авторлар ойлауды жүзеге асыруда белгілі
ниеттегі мақсат-міндетгер болатындығын атап көрсетеді. Ал қиялға
негізделетін ойлауда белгілі мақсат-мүлде болмайды, ондай ойлау парықсыз
болып қала бермек. Демек, бірінші айырмашьшық ойлаудың шындыққа сай саналы
сипатта болуы, ал қияли ойлау парықсыз түрінде тірексіз болып қала береді.
Екінші айырмашылық адамның саналы әрекетіңін мақсатты түрде жұзеге
асырылуы. Киял, бұл орайда іс-әрекет түрі ретінде, өзінің максатгы
мүлдесінен нәтиже күтіп, одан рахат табады. Қиял бұл орайда өзгеше қызмет
атқарады.

Үшінші айырмашылық шындыққа сәйкес ойдың сөз арқылы өзгелерге жеткізілуі
әлеуметгік сипатта болып, дауыстап айтылады. Мұңдай ой әлеуметгік сипатта
сыртқы болмысты бейлейді. Осы сипаттағы саналы әрекетгердің әр алуан
түрлерінің ара ұқсас болуының негізгі себебі ойдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте балалық шақ жасындағы балаға сипаттама жасап, психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу
Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалық шақ
Мектепке дейінгілердің оқу-танымдық әрекетінің ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуы
Мектеп жасына дейінгі бала бойындағы қорқыныш және оны түзету
Балалардың жас ерекшеліктерінің сипаттамасы
Жас балаға ойлау тым ауыр
Балалардың дамуы мен тәрбиеленуі
Пәндер