Еңбек статистикасы
1 Әдіснамалық түсініктемелер
1Еңбек рыногының негізгі индикаторлары (KILM)
3 Халықтың жұмыспен қамтылуына зерттеу жүргізу бойынша ұйымдық және әдістемелік негіздер
4 Зерттеуді әдіснамалық және ұйымдық қамтамасыз ету
5. Халықтың бейресми жұмыспен қамтылуы

Еңбек бойынша статистикалық ақпараттарды жинау және жариялау екі бағытта жүргізіледі:
- еңбек рыногының көрсеткіштері;
- еңбекақы төлеу (еңбек құны) көрсеткіштері.
Еңбек статистикасы көрсеткіштерін құру дереккөздері жұмыс күшін іріктемелі зерттеу материалдары мен шаруашылықты жүргізетін субьектілердің ағымдағы статистикалық байқау деректері болып табылады.
Еңбек рыногын зерттеу және еңбек бойынша есептілікті жинау экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша республиканың барлық аумағында жүргізіледі. Жеке тұлғалар (халық, жұмыспен қамтылған адамдар) мен заңды тұлғалардың (кәсіпорындар және ұйымдар) жиынтығы байқау объектілері болып табылады.
Еңбек статистикасында көрсеткіштер жүйесін, статистикалық есептілік нысандарын, статистикалық байқау әдістерін жетілтіру бойынша ауқымды жұмыс атқарылған. Бұл халықаралық стандарттарға, атап айтқанда Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсыныстарына негізделген әдіснамалық тәсілдерге өтуді жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Бүгінгі күні Қазақстанда еңбек статистикасы көрсеткіштері жүйесінде еңбек рыногының 17 негізгі индикаторлары (KILM – Key Indicators of the Labour Market) бар. Осы көрсеткіштер бойынша дереккөздерді, сондай-ақ олардың есептеу тәртібін қамтитын бірыңғай әзірленген әдіснамалық түсініктер мен анықтамалар ХЕҰ-ның ұсыныстары мен стандарттарына негізделген. Олар сапаның барлық параметрлері бойынша Халықаралық Валюта Қорының Деректерін Таратудың Арнайы Стандарттарына (ХВҚ ДТАС) сәйкес деп танылған, бұл олардың халықаралық деңгейде салыстырмалығын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, қолданыстағы есептіліктің оның сапасына, дұрыстығына, обьективтілігіне және мүдделі ведомстволар мен басқа да пайдаланушыларды статистикалық ақпараттармен қамтылуына тұрақты бағалауы қамтамасыз етіледі.
Еңбек статистикасы көрсеткіштерінің жүйесі мен оларды алу әдістерін көкейтесті ету және қайта қарау халықаралық тәжірибеде қолданылатын стандарттарға жақындауын есепке алумен, сондай-ақ «Еңбек статистикасы жөніндегі» Халықаралық еңбек ұйымының 1985 жылғы № 160 Конвенциясы мен 1985 жылғы № 170 Ұсынысын есепке алумен жүзеге асырылады.
Халықаралық еңбек ұйымы мен Еуростат ұсыныстарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногы статистикасын одан әрі дамыту, атап айтқанда халықты бейресми жұмыспен қамту көрсеткіштерін, еңбек (лайықты еңбек) сапасын өлшеу индикаторларын қалыптастыру, толық емес және ішінара жұмыспен қамтуды, еңбек құнын (бағасын) зерделеу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Еңбек статистикасы көрсеткіштерін есептеу негізіне Еңбек Статистиктерінің Халықаралық Конференциясымен (ХЕСК) қабылдаған анықтамалар және Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін есепке алумен Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсыныстары алынды.
Еңбек статистикасының кез келген көрсеткіштерін құру халықаралық стандарттармен және озық тәжірибемен ұсынылатын концепциялары мен қағидаттарына негізделеді:
- «Жұмыспен қамту, жұмыссыздық және толық емес жұмыспен қамту» Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамалық басшылығы («Surveys of economically active population, employment, unemployment, and underemployment»);
- «Еңбек рыногының негізгі индикаторлары» жүйесі («Key Indicator of the Labor Market» KILM) және 1999 және 2003 жылдары Женевада ХЕҰ-мен әзірленген KILM индикаторлар жүйесін қолдану бойынша басшылық;
- Кәсіптегі жағдайы (жұмыспен қамтудағы мәртебесі) бойынша халықаралық жіктелім – Еңбек статистиктерінің 15-ші халықаралық конференциясында қабылданған ЖҚМХЖ (International Classification by Status in Employment, ICSE-93);
- Еңбек статистиктерінің 11-ші халықаралық конференциясында қабылданған жұмыс күшіне жұмсалатын шығыстарына жататын халықаралық қарар;
- Еңбек статистиктерінің 12-ші халықаралық конференциясында қабылданған жалақы статистикасының интеграцияланған жүйесіне жататын халықаралық қарар.
Негізгі индикаторларға (KILM) енгізілген ХЕҰ-ның стандарттары мен ұсыныстары жұмыс күшін, жұмыспен қамтуды, жұмыссыздықты, жалдамалы қызметкерлердің жалақысын және жұмыс берушілердің өтемақы (төлемдерін) шығыстарын, жұмыс күшінің құнын, сондай-ақ, еңбек рыногындағы жұмыс күшінің (қозғалысының) ағындарын және т.б. сипаттайтын көрсеткіштерді алуға мүмкіндік береді.

Әдіснамалық түсініктемелер
Еңбек статистикасы экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік статистиканың
және оның басқа салаларымен тығыз байланысты маңызды құрама бөлігі болып
табылады, себебі қызметкерлер саны және еңбекақы төлеу көрсеткіштері
экономиканың жағдайын тұтастай және жеке қызмет түрлері бойынша сипаттайтын
басты элементі болып табылады.
Еңбек бойынша статистикалық ақпараттарды жинау және жариялау екі
бағытта жүргізіледі:
- еңбек рыногының көрсеткіштері;
- еңбекақы төлеу (еңбек құны) көрсеткіштері.
Еңбек статистикасы көрсеткіштерін құру дереккөздері жұмыс күшін
іріктемелі зерттеу материалдары мен шаруашылықты жүргізетін субьектілердің
ағымдағы статистикалық байқау деректері болып табылады.
Еңбек рыногын зерттеу және еңбек бойынша есептілікті жинау
экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша республиканың барлық
аумағында жүргізіледі. Жеке тұлғалар (халық, жұмыспен қамтылған адамдар)
мен заңды тұлғалардың (кәсіпорындар және ұйымдар) жиынтығы байқау
объектілері болып табылады.
Еңбек статистикасында көрсеткіштер жүйесін, статистикалық есептілік
нысандарын, статистикалық байқау әдістерін жетілтіру бойынша ауқымды жұмыс
атқарылған. Бұл халықаралық стандарттарға, атап айтқанда Халықаралық еңбек
ұйымының (ХЕҰ) ұсыныстарына негізделген әдіснамалық тәсілдерге өтуді жүзеге
асыруға мүмкіндік берді.
Бүгінгі күні Қазақстанда еңбек статистикасы көрсеткіштері жүйесінде
еңбек рыногының 17 негізгі индикаторлары (KILM – Key Indicators of the
Labour Market) бар. Осы көрсеткіштер бойынша дереккөздерді, сондай-ақ
олардың есептеу тәртібін қамтитын бірыңғай әзірленген әдіснамалық
түсініктер мен анықтамалар ХЕҰ-ның ұсыныстары мен стандарттарына
негізделген. Олар сапаның барлық параметрлері бойынша Халықаралық Валюта
Қорының Деректерін Таратудың Арнайы Стандарттарына (ХВҚ ДТАС) сәйкес деп
танылған, бұл олардың халықаралық деңгейде салыстырмалығын қамтамасыз
етеді. Бұдан басқа, қолданыстағы есептіліктің оның сапасына, дұрыстығына,
обьективтілігіне және мүдделі ведомстволар мен басқа да пайдаланушыларды
статистикалық ақпараттармен қамтылуына тұрақты бағалауы қамтамасыз етіледі.
Еңбек статистикасы көрсеткіштерінің жүйесі мен оларды алу әдістерін
көкейтесті ету және қайта қарау халықаралық тәжірибеде қолданылатын
стандарттарға жақындауын есепке алумен, сондай-ақ Еңбек статистикасы
жөніндегі Халықаралық еңбек ұйымының 1985 жылғы № 160 Конвенциясы мен 1985
жылғы № 170 Ұсынысын есепке алумен жүзеге асырылады.
Халықаралық еңбек ұйымы мен Еуростат ұсыныстарын басшылыққа ала
отырып, еңбек рыногы статистикасын одан әрі дамыту, атап айтқанда халықты
бейресми жұмыспен қамту көрсеткіштерін, еңбек (лайықты еңбек) сапасын өлшеу
индикаторларын қалыптастыру, толық емес және ішінара жұмыспен қамтуды,
еңбек құнын (бағасын) зерделеу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Еңбек статистикасы көрсеткіштерін есептеу негізіне Еңбек
Статистиктерінің Халықаралық Конференциясымен (ХЕСК) қабылдаған анықтамалар
және Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін есепке алумен Халықаралық еңбек
ұйымының (ХЕҰ) ұсыныстары алынды.
Еңбек статистикасының кез келген көрсеткіштерін құру халықаралық
стандарттармен және озық тәжірибемен ұсынылатын концепциялары мен
қағидаттарына негізделеді:
- Жұмыспен қамту, жұмыссыздық және толық емес жұмыспен қамту
Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамалық басшылығы (Surveys of economically
active population, employment, unemployment, and underemployment);
- Еңбек рыногының негізгі индикаторлары жүйесі (Key Indicator of
the Labor Market KILM) және 1999 және 2003 жылдары Женевада ХЕҰ-мен
әзірленген KILM индикаторлар жүйесін қолдану бойынша басшылық;
- Кәсіптегі жағдайы (жұмыспен қамтудағы мәртебесі) бойынша
халықаралық жіктелім – Еңбек статистиктерінің 15-ші халықаралық
конференциясында қабылданған ЖҚМХЖ (International Classification by Status
in Employment, ICSE-93);
- Еңбек статистиктерінің 11-ші халықаралық конференциясында
қабылданған жұмыс күшіне жұмсалатын шығыстарына жататын халықаралық қарар;
- Еңбек статистиктерінің 12-ші халықаралық конференциясында
қабылданған жалақы статистикасының интеграцияланған жүйесіне жататын
халықаралық қарар.
Негізгі индикаторларға (KILM) енгізілген ХЕҰ-ның стандарттары мен
ұсыныстары жұмыс күшін, жұмыспен қамтуды, жұмыссыздықты, жалдамалы
қызметкерлердің жалақысын және жұмыс берушілердің өтемақы (төлемдерін)
шығыстарын, жұмыс күшінің құнын, сондай-ақ, еңбек рыногындағы жұмыс күшінің
(қозғалысының) ағындарын және т.б. сипаттайтын көрсеткіштерді алуға
мүмкіндік береді.
Осы халықаралық материалдарды қолдану:
- рыноктың және еңбекақы төлеудің негізгі көрсеткіштерін ұсынуды;
- халықтың жұмыспен қамтылуы, қызметкерлерге еңбекақы төлеу және жұмыс
күшінің құны саласындағы жаңа үрдістерді қадағалауға мүмкіндік беретін
көрсеткіштерді кеңейтуді және көкейтесті етуге;
- есептелетін көрсеткіштердің географиялық өкілділігін;
- еңбек статистикасы көрсеткіштері жүйесінің айқындылығы мен
мобильділігі;
- халықаралық деңгейде көрсеткіштердің салыстырмалығын қамтамасыз
етеді.
3.1. Жұмыспен қамту және жұмыссыздық
Еңбек рыногының негізгі индикаторлары (KILM)
1-KILM. Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі (жұмыс
күшінің қатысу деңгейі)
Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі жұмыспен қамту
саласындағы саясатты әзірлегенде, кәсіби дайындықтағы қажеттіліктерді
анықтағанда және ерлер мен әйелдердің еңбек белсенділігінің күтілетін
ұзақтығын, еңбекке жарамды жасына толатын және зейнетке шығатын халықтың
үлесін есептегенде қолданылады.
Осы көрсеткіш еңбек рыногында халықтың әр түрлі санаттағы қозғалыс
серпінін түсінуге көмектеседі. Теориялардың біреуіне сәйкес халықтың
экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі мен құрылымы табыстағы жұмысқа
орналастыру мүмкіндіктері мен қажеттілігіне тәуелді, олар халықтың әр түрлі
санаттары үшін әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, әр түрлі жас топтардағы
әйелдердің экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі оның отбасы жағдайы
мен білім деңгейінің өзгеруіне байланысты жүйелі түрде түрленеді. Сондай-
ақ, әр түрлі әлеуметтік-экономикалық санаттар арасында қала мен ауылдың
экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейлеріндегі елеулі айырмашылықтар
байқалады. Тамақтанудың жеткіліксіздігі, мүгедектік және созылмалы аурулар
да еңбек ету қабілетіне зиянын тигізуі мүмкін және сондықтан экономикалық
тұрғыдан белсенділік деңгейін әсіресе табысы төмен өңірлерде анықтайтын
маңызды факторлар болып есептелінеді.
Еңбек статистиктерінің 13-ші халықаралық конференциясының анықтауымен
(1982 ж., ХЕҰ) жұмыс күшіне немесе ағымдағы экономикалық тұрғыдан белсенді
халыққа талаптарды қанағаттандыратын және оларды жұмыспен қамтылған немесе
жұмыссыздар санына қосылуға мүмкіндік беретін барлық адамдар жатады.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халықты өлшеу үшін ХЕҰ-ның
стандарттарына сәйкес қабылданған жас – 15 және одан жоғары жастағылар.
Көптеген елдерде осындай жас шегі білімге және жұмысқа құқық алудың
әлеуметтік стандартына сәйкес келеді.Алайда, кейбір елдерде экономикалық
тұрғыдан белсенділер құрамына 15-тен төмен жастағы адамдар да жатады,
себебі еңбекке жарамды жас 15 жастан ерте басталуы мүмкін.
Экономикалық белсенділік деңгейі – халықтың жалпы санындағы
экономикалық тұрғыдан белсенді халық санының пайызбен өлшенген үлесі. Ол 15
және одан жоғары жастағы жұмыс күші санының 15 және одан жоғары жастағы
халық санына (ағымдағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық) қатынасы
ретінде анықталады.
Еңбекке жарамды жастағы халық – бұл әрбір елдің экономикалық сипатын
өлшеу мақсатында белгіленген белгілі бір жасқа жеткен адамдар.
Қазақстанда еңбекке жарамды жастағы адамдарға 16 жасқа жеткен
азаматтар және 63 жастағы ерлер, 58 жастағы әйелдер (Қазақстан
Республикасының Еңбек Кодексі және Қазақстан Республикасының азаматтарын
зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес) жатады.
2-KILM. Жұмыспен қамту деңгейі
Еңбек статистиктерінің 13-ші халықаралық конференциясында қабылданған
қарарына сәйкес экономикада жұмыспен қамтылғандарға зерттелген аптада
сыйақы үшін жалданып, сондай-ақ өз бетінше жұмыспен қамтудан табыс әкелетін
жұмыс істеген (ең болмаса аптасына бір сағат), 15 және одан жоғары жастағы
адамдар жатады.
Жұмыспен қамтылған халық санына жұмыста уақытша болмаған, бірақ оған
ресми тіркелген адамдар да жатады. Уақытша болмаған себептеріне еңбекке
уақытша жарамсыздық (ауру), жүктілігі және босануы, балаға күтім жасау
бойынша демалыстар, жыл сайынғы еңбек немесе оқу демалыстары және басқалары
болуы мүмкін.
Жұмыспен қамту деңгейі жұмыспен қамтылғандар санының экономикалық
тұрғыдан белсенді халық санына қатынасы ретінде есептеледі. Ол 15 және одан
жоғары жастағы барлық халық санында жұмысы бар (табысты кәсібі) халықтың
үлесі ретінде анықталады.
Осы көрсеткіш еңбек рыногындағы өндірістік қызметінде халықтың
жұмыспен қамтылу деңгейін сипаттайды және уақыттың сол немесе өзге де
сәтінде қызмет көрсету мен тауарларды өндіруге қатысатын ел тұрғындарының
бөлігін анықтауға көмектеседі.
Жұмыспен қамту көрсеткіші әр түрлі елдердің немесе олардың топтарының
еңбек рыногын салыстыру үшін база ретінде қолданылады. Ол ерлер мен әйелдер
үшін, сондай-ақ әр түрлі жас топтары үшін жеке есептелінеді. Жыныс белгісі
бойынша жұмыспен қамту деңгейін талдау ерекше мүддені көрсетеді, өйткені
ерлер мен әйелдердің жұмыспен қамту деңгейлерінің салыстырмалы ұқсастығы
немесе алшақтығы нақты елдің еңбек рыногында қалыптасқан гендерлік
айырмашылықтарын сипаттайды.
3-KILM. Жұмыспен қамту мәртебесі
Жұмыспен қамту мәртебесі үш маңызды санаттар арасында жұмыспен
қамтылған халықтың айырмашылықтарын жүргізеді:
- жалданып жұмыс істейтіндер (жаладамалы қызметкерлер);
- жалданып жұмыс істемейтіндер (өз бетінше жұмыс істейтіндер);
- отбасына көмектесетін мүшелері (сондай-ақ, отбасылық
кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері деп аталатындар).
Осы үш топтардың әрқайсысы жұмыспен қамтылған халықтың жалпы
санындағы, сондай-ақ жұмыспен қамтылған халықтың ерлер мен әйелдер
санындағы тиісті үлесі түрінде көрсетілген.
Жалданып жұмыс істемейтіндер тобы келесі кіші санаттарды қосады:
- жалдамалы қызметкерлерді тартумен жалданып жұмыс істемейтіндер
(жұмыс берушілер);
- жалдамалы қызметкерлерді тартусыз (өзінің есебінен жұмыс
істейтін дара кәсіпкерлер) жалданып жұмыс істемейтіндер.
Мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылғандардың жіктелімі еңбек рыногының,
сондай-ақ тұтас алғанда экономиканың серпінін зерделеу үшін маңызды.
Жұмыспен қамту мәртебесі қызметкерлердің мінез-құлығын және еңбек жағдайын
сипаттау үшін, сондай-ақ индивидуумның әлеуметтік-экономикалық ережелерін
анықтау үшін статистикалық негізді береді. Жалданып жұмыс істейтіндердің
жоғары үлесі экономикалық дамудың жоғары деңгейі жөнінде куәландырады.
Егер жалдамалы еңбекті тартуды талап етпейтін өз бетінше жұмыспен
қамтылғандардың үлесі жоғары болса, бұл ресми сектордағы жұмыс орындарының
өсу қарқынының төмендеуін және бейресми секторда олардың өсу қарқынының
жоғарылауын көрсетеді. Жұмыспен қамтылған халықтың елеулі үлесін отбасылық
кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері құрайтын мемлекет ең алдымен
нашар дамыған болып табылады және жұмыспен қамту өсуінің елеулі емес
қарқынымен, барлық жердегі кедейшілікпен және көбінесе, ауыл шаруашылық
өндірісінің басымдылығы кезінде өндірістік индустрияның жоқтығымен
сипатталады.
Осы көрсеткіш экономикалық қызмет секторлары бойынша (KILM 4) жұмыспен
қамту көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Экономикалық өсу шамасына қарай
жұмыспен қамтылған халық ауыл шаруашылық секторынан өндірістік секторына
және қызмет көрсету саласына ауысады, бұл өз кезегінде жалданып жұмыс
істейтіндер санының өсуіне мүмкіндік береді.
Кәсіптегі жағдайы бойынша халықаралық жіктелімге (жұмыспен қамту
мәртебесі – ЖҚМХЖ) сәйкес төменде көрсетілген санаттарға бөлудің негізгі
критерийлері ретінде экономикалық тәуекел түрлері қолданылады. Оның
элементтері адам мен жұмыс орны арасындағы институционалдық байланыстың
беріктігі және еңбек шартында (келісім-шартында) көрсетілген кәсіпорын мен
басқа да қызметкерлердің қатынасындағы өкілеттіктер типі болып табылады.
Қазақстанда ұғымдар мен анықтамалар халықаралық стандарттарға, атап
айтқанда жұмыспен қамтылғандардың келесі санаттары бойынша негізделген:
Жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлер – еңбек ақы, сыйлық ақы, үстеме
ақы және т.с.с. түрде немесе заттай нысанда ақы (сыйақы) төлеу
қарастырылған жалдау шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар.
Өз бетінше жұмыспен қамту– бұл сыйақы мөлшері тікелей қызмет
көрсетулер мен тауарларды өндіруден (өткізуден) (бұл жерде өзінің тұтынуы
табыс бөлшегі ретінде қаралады) түскен табысқа байланысты жұмыспен қамту.
ЖҚМХЖ сәйкес өз бетінше жұмыспен қамтылған адамдардың келесі топтары
анықталған:
Жұмыс берушілер – өзінің меншікті кәсіпорнын басқаратын немесе қандай
да бір экономикалық қызмет түрінде тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын және бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлері бар адамдар.
Өз бетінше жұыс істейтін қызметкерлер – өз бетінше немесе бір я
бірнеше серіктестерпен жұмыс істей отырып, өз бетінше жұмыспен қамту
негізінде қызмет істейтін және қызметкерлерді тұрақты негізде жалдамайтын
адамдар.
Отбасының ақы төленбейтін қызметкерлері – туысы басқаратын кәсіпорында
(шаруашылықта) әдетте сыйақысыз жұмыс істейтін адамдар.
Өндірістік кооператив мүшелері – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын,
еңбек кооперативінің мүшелері болып табылатын адамдар.
4-KILM. Экономикалық қызмет секторлары бойынша жұмыспен қамту
Экономикалық қызмет секторлары бойынша жұмыспен қамту көрсеткіші
барлық жұмыспен қамтылғандарды өзінің еңбегін жұмсаған үш негізгі салаға
бөледі: ауыл шаруашлығында, өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында
жұмыспен қамтылғандар. Салалық бөліністе жұмыспен қамту туралы деректер
жұмыспен қамту құрылымында негізгі өзгерістер айқындалғанда және
экономиканың даму сатысын анықтағанда ерекше мағынаға ие болады. Әрбір
ірілендірілген салалық топтар (секторлар) үшін жұмыспен қамту жалпы
жұмыспен қамтудың тиісті үлесі түрінде анықталады. Көрсеткіш жұмыспен қамту
серпіні мен деңгейіндегі айырмашылықтарын атап көрсете отырып, әрбір
сектордағы жұмыспен қамтудың өсу және қысқарту үрдістерін көрсетеді.
Секторлар арасында жұмыспен қамтылғандар ағыны - өнімділік тренділерін
талдаудың маңызды факторы. Олар жеке сектор ішіндегі өнімділіктің өсу
қайнар көзін және төмен өнімділік саласынан жоғары өнімділік саласына
қызметкерлердің ауысуы нәтижесінде секторлар арасында жұмыс күшінің көшуін
анықтауға мүмкіндік береді. Кейіннен жеке салаларға (қызмет түрлеріне)
бөлуі әрбір аталған сектолардың ішінен жұмыспен қамту серпінін байқауға
мүмкіндік береді.
Жыныс белгісі бойынша көрсеткішті бөлу экономика салалары
бөлінісіндегі ерлер мен әйелдердің жұмыспен қамтылуына талдау жүргізуге
мүмкіндік береді. Салалар бойынша ерлер мен әйелдер біркелкі бөлінген бе
немесе әйелдер сандық жағынан жалақы мөлшері өнеркәсіпке қарағанда жалақы
мөлшері орта есеппен төмен қызмет көрсету саласында басымырақ па?
Бұдан басқа, негізінен қызмет көрсету саласы кәбінесе әйелдер дәстүрлі
түрде әйелдер үйде айналысатын қызмет түрлерін қамтитындықтан (балаларды
тәрбиелеу, науқастар мен қарттарды күту, жинау), олар осындай жұмыстарды
орындауға аса қолайлы кандидаттар ретінде қарастырылады. Әйелдің өз
балаларына өзі күтім жасауға мәжбүр болған жайдайларда, ол еңбек нарығында
жұмыспен қамтылуымен бірге үйдегі жұмыстарымен қолайлы үйлесетін қызмет
түрлерін таңдай алады.
Экономикалық байлықты әлемдік бөлу экономикалық қызмет секторлары
бойынша жұмыспен қамтуды бөлумен өзара тығыз байланысты сақтауды
жалғастыруда. Аса дәулетті мемлекеттерде жұмыспен қамтылған халықтың ең
үлкен үлесі қызмет көрсету секторына келеді (дәулеттілік деңгейі жалпы
ұлттық өнімнің жан басына шаққандағы орташа көлемімен есептеледі), сол
уақытта байлығы аздау елдер экономикасының негізі ретінде басымдылықпен
ауыл шаруашылығы құрайды.
5-KILM. Ішінара жұмыспен қамту
Ішінара жұмыспен қамту көрсеткіші жұмыс толық жұмыс уақытынан аз
жұмыс уақытындағы жұмыспен қамтылған халықтың бөлігін сипаттайды. Осы сәтте
аптадағы сағаттардың ең төменгі санының бірыңғай ресми анықтамасы жоқ, оны
толық жұмыс уақыты ретінде жіктеуге болады. Елдер арасындағы
анықтамаларда арыймашылықтар болу себенінен толық және ішінара жұмыспен
қамту арасындағы шегі әрбір елмен өз бетінше немесе арнайы есептеу
негізінде белгіленеді.
Еңбек статистиктерінің халықаралық конференциясының 81-ші сессиясында
(ХЕҰ, 1994 ж.) келесі анықтама ұсынылған. Ішінара жұмыспен қамтылған
қызметкер – бұл толық жұмыс күнімен жұмыспен қамтылған және кәсібі бар
қызметкердің жұмыс уақытынан аз қалыпты жұмыс уақыты бар адам.
Толық және толық емес жұмыс күні арасындағы шектерін анықтау елдердің
өз қарауына қалдырылды. Ұлттық шектер, әдетте, аптадағы 30-40 сағаттар
дипазонында белгіленеді. Кейбір елдер толық және ішінара жұмыспен
қамтылғандарды жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығына емес респонденттердің
өздері өз мәртебесін бағалауына сүйене отырып бөледі.
Ішінара жұмыспен қамту толық жұмыс уақытымен қамтылуынан ерекшеленетін
жұмыс жағдайларымен байланыстырылады және ол ерекше қарауды қажет етеді.
Аса икемді жұмыспен қамтылуға талпыну жағдайында мұндай жұмыспен қамту
экономикалық тұрғыдан қауіпсіз және толық жұмыс күніне жұмыспен қамтылу
ретінде онша тұрақты еместігі туралы жанама болжамды туғызады.
Ішінара жұмыспен қамту жағымсыз немесе кемсітетіндей бағаланбауы
керек. Қысқартылған жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейтін адамдарды бұл
қанағаттандыруы мүмкін. Кейбірлеулерге мұндай жұмыспен қамту үй
міндеттерін, оқу, бос уақыт немесе қоғамдық қызметті орындауды еңбек
қызметімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Саясаткерлер үшін ішінара
жұмыспен қамтудың өсуі жұмыс істелген жалпы сағат саны өсуінің қажетінсіз
жұмыссыздықтың өсуін шектеудегі мүмкіндігі маңызды. Ішінара жұмыспен қамту
жастар, жоғары жастағы адамдар, әйелдер немесе оқушылар сияқты жұмыспен
қамтылған халықтың белгілі топтар арасында неғұрлым таралған.
Сол уақытта ішінара жұмыспен қамтудың басымдылығы ретінде толық жұмыс
күнімен жұмыспен қамтуды салыстыру бойынша кемшіліктер қатары бар икемділік
болып табылады. Осылайша, ішінара жұмыспен қамтылғандар сағаттық еңбекақысы
неғұрлым аз болуы мүмкін, олар кейбір әлеуметтік жеңілдіктерге құқығы жоқ,
олардың кәсіби өсуі көп жағдайда шектеледі. Сондықтан, толық жұмыс күнімен
жұмыспен қамтуға мұқтаж немесе ықылас танытатын қызметкерлер үшін ішінара
жұмыспен қамту орынсыз сипатта болатынын заңды түрде пайымдауға болады.
Орынсыз ішінара жұмыспен қамту ХЕҰ терминологиясында жеткіліксіз жұмыспен
қамту (жұмыс уақытының мөлшері бойынша) ретінде анықталады, ал мұндай
жағдайға тап болған қызметкерлер мәжбүрлі сипаттағы себептер бойынша толық
емес жұмыс уақытымен қамтылғандар ретінде жіктеледі.
Ішінара жұмыспен қамту көрсеткіштері шеңберінде екі көрсеткіш
есептеледі:
- Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы ішінара жұмыспен
қамтылғандардың үлесі, кейде ішінара жұмыспен қамту деңгейі деп аталады;
- Олардың жалпы санындағы ішінара жұмыспен қамтылған әйелдердің үлесі.
Қазақстанда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қалыпты
жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек.
7-KILM. Бейресми секторда жұмыспен қамту
Осы көрсеткіш жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы бейресми
секторда жұмыспен қамтылғандардың үлесін көрсетеді. Ол жұмыспен қамтылған
халықтың жалпы санына бейресми секторда жұмыспен қамтылғандар санының
пайызбен тұлғаланған қатынасы ретінде есептеледі.
Бейресми сектор экономиканың және еңбек рыногының елеулі бөлігін
көрсетеді, жұмыспен қамтуды құруда, өндіруде және табыстарды қамтамасыз
етуде маңызды роль атқарады. Кенттенудің және халықтың жоғары өсу қарқыны
бар елдерде бейресми сектор негізінен қалалардағы өспелі жұмыс күшінің көп
бөлігін басып алады. Бейресми сектордағы жұмыспен қамту жұмыссыздық бойынша
немесе жалақының шамалы деңгейін, әсіресе, ресми секторда және зейнетақыны
сақтандыру сияқты әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелері жоқ елдерде тіршілік
ету үшін қажетті стратегия болып табылады.
Бейресми сектордағы жұмыспен қамту туралы статистикалық деректер елдің
экономикалық дамуына барлық қызметкерлердің қосқан үлесін мойындауда
маңызды роль атқарады. Бейресми сектордың негізгі аспектісі өз бетінше
жұмыспен қамту болып табылады. Жұмыспен қамтудың осы нысаны – әсіресе
әйелдер үшін, мәдени дәстүрлері оларға үйден тыс жерде жұмыс істеугетыйым
салатын немесе үй шаруашылығын жүргізу бойынша әйелдердің міндеті
белгіленген жұмыс уақыты ішінде жалдау бойынша оларға тұрақты жұмыс істеуге
мүмкіндік бермейтін елдердегі табыстың маңызды көзі. Бейресми сектор
жалдау бойынша жұмыс ала алмайтын әйелдер үшін резервтік сектор ретінде
танылған.
Бейресми сектор БҰҰ-ның Ұлттық әлеуметтік көрсеткіштерінің ең төменгі
тізбесіне жұмыспен қамту деңгейі көрсеткішін толықтыратын қосалқы
көрсеткіш ретінде енгізілген.
Бейресми сектор қызмет көрсету немесе тауарларды өндірумен
қамтылғандардың экономикалық бірліктерінің жиынтығы ретінде сипатталуы
мүмкін, негізгі мақсаты осы бірліктермен байланыстыларға жұмыспен және
табыспен қамтамасыз ету. Осындай экономикалық бірліктер еңбек пен
капиталдың азғантай мөлшері және олардың елеусіз немесе толығымен шектелуі
бар ұйымның ең төменгі деңгейінде жұмыс істейді. Еңбек қатынастары егер
олар қолданыста болса, олардың көп бөлігі ресми кепілдікті қарастыратын
еңбек келісім-шарттарына емес, ал кездейсоқ қызметкерлерді туыстық немесе
жеке байланыстарда және әлеуметтік қатынастарда тартуға негізделген.
Бейресми сектордың өндірістік бірліктерінде үй шаруашылықтары
кәсіпорындарының сипатты белгілері бар. Қолданыстағы негізгі құралдар мен
өзге де активтер өндірістік бірліктерге емес, олардың қожайындарына тиісті.
Шаруашылық бірліктері өз атынан мәмілелерге қатыса алмайды немесе басқа
шаруашылық бірліктерімен келісім-шарт жасаса және сондай-ақ жауапкершілік
ала алмайды. Қожайындар өздерінің тәуекеліне қажетті қаржы ресурстарын
тарту керек. Олар өндіріс үдерісінде туындайтын кез келген парыздар немесе
міндеттер бойынша шектеусіз жеке жауапкершілікке тартылады. Өндіріске
жұмсалатын шығыстар үй шаруашылықтарының шығыстарынан жиі бөлінбейді.
Бейресми экономикадағы жұмыспен қамту бейресми секторда өндірістік
кәсіпорындар бірліктері болып табылатын жұмыспен қамтылғандарды қамтиды,
және жұмыс орны байқау бірліктері болып табылатын бейресми сектордан тыс
бейресми жұмыспен қамтуды қамтиды.
Бейресми секторда жұмыспен қамтылғандар – зерттеу кезеңі ішінде
олардың жұмыспен қамтылу мәртебесіне, олар үшін бұл жұмыс негізгі немесе
қосымша болып табылатындығына тәуелсіз, аз көлемде, бейресми сектордың
өндірістік бірліктерінің ішінде біреуінде жұмыспен қамтылған адамдар.
Бейресми жұмыспен қамту – ресми немесе бейресми секторындағы
кәсіпорындарда немесе үй шаруашылықтарында бейресми жұмыс
орындарыныңжұмыстардың жалпы саны.
8-KILM. Жұмыссыздық
Халықаралық еңбек ұйымының стандарттары мен критерийлеріне сәйкес
жұмыссыздарға халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген
жастағы (15 және одан жоғары жастағылар), қаралған кезеңде:
- жұмыссыз болған (табысты жұмысы болмаған);
- оны іздеумен белсенді айналысқан;
- уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде жұмысқа кірісуге дайын болған
деген үш негізгі критерийлерге бір мезгілде жауап берген адамдар.
Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы
жұмыссыздар санының пайызбен есептелген үлесі.
Жұмысы жоқ, бірақ оны белсенді іздеуде және оған кірісуге дайын
экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың үлесі жөнінде жұмыссыздық деңгейі
куәландырады. Осы көрсеткіш жұмыспен қамтылмаған қызметкерлерді және
олардың отбасы мүшелерінің экономикалық ресурстарын сипаттамайды.
9-KILM. Жастар арасындағы жұмыссыздық
Жастар арасындағы жұымыссыздық маңызды саяси мәселені көрсетеді. Осы
көрсеткіштің мақсаты үшін ХЕҰ-ның стандарттары бойынша жастарға 15 жастан
24 жасқа дейінгі жастағы адамдар жатады.
Көрсекіш бір-бірінен ерекше төрт индикаторлардан құралады, әрқайсысы
жастар арасындағы жұмыссыздықтың әр түрлі аспектісін сипаттайды:
- жастар жұмыссыздығының деңгейі – 15-24 жастағы жұмыссыз халық
санының осы жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы пайызбен
өлшенген үлесі;
- жоғары жастағы халық арасындағы жұмыссыздық деңгейіне жастар
арасындағы жұмыссыздық деңгейіне қатынасы;
- жұмыссыздардың жалпы санындағы жұмыссыз жастардың үлесі;
- жас халықтың жалпы санындағы жұмыссыз жастардың үлесі;
10-KILM. Ұзаққа созылған жұмыссыздық
Ұзаққа созылған жұмыссыздық көрсеткіші оның ұзақтығы тұрғысынан, яғни
жұмыссыз адамның жұмыссыз жүрген және оны іздеумен айналысқан уақыт
аралығын қарастырады.
Ұзаққа созылған жұмыссыздық көрсеткіші тым ұзақ болып табылатын бір
жыл және одан да көп жұмыссыздық кезеңі туралы пайымдауға негізделеді және
сондықтан да ерекше назар аударуға лайықты. Ұзаққа созылған жұмыссыздықтың
екі дербес өлшемі ұсынылды:
- экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың жалпы санындағы бір және
одан да көп жыл аралығындағы жұмыссыздар үлесі;
- жұмыссыздардың жалпы санындағы (немесе ұзаққа созылған
жұмыссыздықтың ауқымы) бір және одан да көп жыл аралығындағы жұмыссыздар
үлесі;
ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі – бір жыл және одан астам уақыт
жұмысы болмаған жұмыссыз халық санының экономикалық тұрғыдан белсенді халық
санындағы пайызбен өлшенген үлесі.
11-KILM. Білім деңгейі бойынша жұмыссыздар
Осы көрсеткіш жұмыссыздықты жұмыссыз отырған адамдардың білім деңгейі
позициясымен қарастырады. Анықтама бойынша көрсеткіш оқыту сатыларына
сәйкес топтар бойынша елдегі жұмыссыздардың жалпы санын пайыздық бөлуді
көрсетеді.
Көрсеткіш қызметкерлердің білімі мен жұмыссыздық арасындағы өзара
байланысының маңызды аспектілерді ашады. Ол экономикалық тұрғыдан белсенді
халықтың жұмыссыздық бөлігінің негізгі сипаттамаларын түсінуге мүмкіндік
береді. Көрсеткіш жұмыс орындарына сұраныстың өзгерістерін талдау,
экономикадағы маңызды стратегиялық ілгерілеулердің еңбек рыногы жағдайына
және ондағы біліктілігі жоғары және төмен қызметкерлердің ережесіне әсерін
зерделеу кезінде қолданылады.
Деректер келесі оқыту санаттарына сәйкес жіктелген – бастауыш білім
деңгейінен аз, орта және жоғары білім. Қолданылатын санаттар Білім беруді
халықаралық стандартты жіктеуінің (БХСЖ) білім сатыларына тұжырымдамалық
тұрғыда негізделген.
12-KILM. Уақытша толық емес жұмыспен қамту
Жеткіліксіз жұмыспен қамту – неғұрлым анық және өлшеуге оңай берілетін
толық емес жұмыспен қамту нысаны. Көрсеткіш жұмыспен қамтуға байланысты
мәселелерді неғұрлым толық сипаттау үшін, сондай-ақ толық жұмыспен қамтуды
қамтамасыз ету мақсатында өндірістік үдерісте қолда бар адам ресурстарын
пайдалану деңгейін бағалау үшін маңызды. Осындай ақпараттың жұмыспен қамту,
табыс саласындағы бағдарламалардың және басқа да әлеуметтік
бағдарлармалардың тиімділігін өңдеу мен бағалауда тәжірибелік құндылығы да
бар. Көрсеткіш екі салыстырмалы өлшеуішті қосады – экономикалық тұрғыдан
белсенді халықтың жеткіліксіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі және жұмыспен
қамтылған халықтың жалпы санындағы жеткіліксіз жұмыспен қамтылғандардың
үлесі.
Уақытша толық емес жұмыспен қамту термині Еңбек статистиктерінің 13-
ші халықаралық конференциясында (ХЕҰ, 1982 ж.) мақұлданған және 16-шы ЕСХК-
да (ХЕҰ, 1998 ж.) қайта қаралды. Жаңартылған халықаралық анықтама үш
критерийлерге негізделеді. Уақытша толық емес жұмыспен қамтылғандар
санатына қарастырылатын уақыттың қысқа кезеңінде:
- қосымша уақыт аралығында жұмыс іздейтін;
- қосымша уақыт аралығында жұмыс істеуге дайын;
- толық жұмыспен қамту белгіленген аз уақыт кезеңі аралығында жұмыс
істеген барлық жұмыспен қамтылған адамдар жатады.
13-KILM. Экономикалық тұрғыдан енжарлық деңгейі
Экономикалық тұрғыдан енжарлық деңгейі жұмыс күшінің құрамына
кірмейтін 15 және одан жоғары жастағы халықтың бөлігін сипаттайды.
Экономикалық тұрғыдан енжар (әрекетсіз) халық – қарастырылып отырған
кезең ішінде жұмыспен қамылғандар немесе жұмыссыздар болып табылмайтын
халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы адамдар.
Халықтың экономикалық тұрғыдан енжарлылық деңгейі – экономикалық
тұрғыдан енжар халық санының 15 және одан жоғары жастағы халықтың жалпы
санындағы пайызбен өлшенген үлесі.
Халықтың экономикалық тұрғыдан енжарлылық деңгейі мен халықтың
экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейінің қосындысы 100 пайызды береді.
Халықтың жұмыспен қамтылуына зерттеу жүргізу бойынша ұйымдық және
әдістемелік негіздер
Халықты іріктемелі зерттеу еңбек рыногындағы халықтың жағдайын толық
және жан-жақты сипаттайтын және басқа да дереккөздерден алуға болмайтын
ақпараттармен қамтамасыз ететін көлемді деректерді жинау әдістері мен
дереккөздерінің бірі болып табылады.
Халықаралық стандарттар жүйелі және жиі қайталанатын негізде жиналатын
ағымдағы мұқтаждықтар үшін ақпаратты, сондай-ақ неғұрлым ұзақ интервал
арқылы алынатын, серпіннің терең құрылымдық талдауына арналған ақпаратты
қамтамасыз етуге тиісті деректерді жинау бағдарламасынан басталады.
Ағымдағы деректерді алу бағдарламасы үрдіс пен маусымдық тербелісті жақсы
қадағалауға болатындай, белсенді халықты, жұмыспен қамтылғандарды және
жұмыссыздарды қамтуы тиіс.
Осыған орай, жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселелері бойынша
әсіресе халықты іріктемелі зерттеу еңбек рыногының статистикалық
сипаттамасында ерекше роль атқарады. Олар:
- ақпаратты алудың сенімді және өзекті дереккөзі, себебі халық санағы
тек мерзім-мерзіммен жүргізіледі, ал кәсіпорындарды зерттеудің және
әкімшілік есептің әр түрлерінің, әдетте, зерттеу бірліктерін толығымен
қамтылмауы және байқаудың санаулы бағыты болады;
- деректерді жинаудың барлық құралдарынан неғұрлым икемдісі, себебі
зерттелетін құбылыстың алуан-түрлі аспектілерін зерделеуге, деректерге
қойылатын талаптарға тез бейімделуге, ұсынған басқа зерттеулердің
сұрақтарына және оларды басқа зерттеулердің сұрақтарына жауаптармен
сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Оның өзінде халықаралық стандарттармен
көзделген критерийлер негізіндегі бастапқы деректердің көбісін үй
шаруашылықтары мүшелерінен тек жеке сауал алу кезінде алуға болады;
- елдің барлық халқын және экономикалық қызмет салаларын қамтуға
қабілетті, сондай-ақ жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар және экономикалық
тұрғыдан енжар адамдар санын бірлесе және өзара қарама-қайшы өлшеуге жол
бермейтін жалғыз дереккөз;
- жұмыс күші және олардың арасындағы санаттар ішіндегі өзгерістерді
анықтаудың оңтайлы құрал, себебі үй шаруашылықтарын зерттеуді белгілі кезең
жағдайын ғана емес, сонымен қатар серпінін көрсетуді жоспарлауға болады.
Бастапқы белгілер есебі мен статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру
Қазақстанның ұлттық ерекшеліктері есепке алумен Халықаралық еңбек ұйымының
(ХЕҰ) әдіснамалық ережелері мен ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады, бұл
еңбек рыногындағы негізгі индикаторлардың барлық тізбесін алуға мүмкіндік
береді.
Зерттеу нәтижелері бойынша алынған ақпарат ұғымдар, анықтамалар және
көрсеткіштер есептеуінің әдіснамасы бойынша халықаралық дәрежеде
салыстырылады. Ол рыноктағы жұмыс күшінің жағдайы мен өзгеру үрдісін
талдау, стратегияны анықтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен өңірлердің
әлеуметтік даму бағдарламаларын дауындау, өткізілетін іс-шаралардың
тиімділігін бағалау және еңбек рыногының ағымдық және болжамдық
көрсеткіштерін әзірлеу үшін қолданылады.
Зерттеу жүргізудің мақсаты – еңбек рыногының жағдайы жөнінде өзекті
деректерді алу, атап айтқанда:
- экономикалық тұрғыдан белсенді халық (жұмыс күші) саны;
- жұмыспен қамтылған халық саны;
- жұмыссыздар саны;
- экономикалық тұрғыдан енжар халық саны;
- олардың әлеуметтік-демографиялық құрамы;
- олардың әр түрлі белгілері бойынша жіктелімі мен топтамасы.
Зерттеудің міндеттері – халықаралық аналогтарға салыстырылатын еңбек
рыногының индикаторларын (көрсеткіштерін) қалыптастыру болып табылады.
Зерттеудің нәтижелері жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар санын,
олардың жынысы, жасы, отбасы жағдайы, білімі және кәсіби құрамы, жұмыспен
қамтылу санаттары мен жұмыспен қамтылмау мән-жайлары, қосымша жұмыспен
қамтылу тәсілдері, жұмыс іздестіру жолдары бойынша бөлінуін бағалауға
мүмкіндік береді, бұл нарықтық экономика жағдайында әсіресе маңызды, онда
еңбек рыногы ұйымдасқан және ұйымдаспаған нысанда жұмыс істеуі мүмкін.
Зерттеудің жалпы сипаттамасы
Халық пікіртерімі.
Жұмыспен қамту мәселелері бойынша халық пікіртерімі арнайы дайындалған
интервьюерлер (есепшілер), олардың үй шаруашылықтарына тікелей бару жолымен
сұхбат жүргізу әдісімен жүзеге асырылады. Зерттеу ерікті негізде
жүргізіледі. Сұралып отырғандардың сөздерінен барлық жауаптар жазылады,
растайтын құжаттар ұсыну талап етілмейді. Қойылған сұрақтарға жауаптар
респонденттердің өздерінен, сондай-ақ отбасымен бірге тұратын жоғары
жастағы мүшелерінен, егер соңғылары барлық сұрақтарға толық жауап бере
алатын болса, алынуы мүмкін.
Халықтың жұмыспен қамтылуы және жұмыссыздық мәселелері бойынша
ақпараттар жинау тоқсан негізінде жүзеге асырылады. Бұл алынған
көрсеткіштер едәуір инертті болуына және айдан айға өзгермеуіне байланысты.
Зерттеудің кезеңі әрбір тоқсанның орташа айы, яғни ақпан, мамыр, тамыз
және қараша айлары болып табылады, ал сыни (зерттелетін) аптамен есепті
айдың соңғының алдындағы аптасы белгіленеді.
Әрбір үй шаруашылығында 15 жасқа толған, оның барлық мүшелері
сұралады. Үй шаруашылығы – бір немесе одан да көп жеке адамдардан құралған,
бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін
және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын экономикалық
субъект. Үй шаруашылығы мүшелерінің отбасынан айырмашылығы туысқандық
қатынаста болмауы да мүмкін екендігі.
Сұрау қою кезінде зерттеу кезеңінде уақытша болмағандарды қоса тұрақты
(әдетте) тұратын адамдар есептеледі. Сұралатын өз уақытының көп бөлігін
өткізетін пәтері, үйі, елді-мекені тұрақты тұрғылықты жері болып
есептеледі. Бұл орын тіркелімге (тіркелуіне) сәйкес оның заңды тұрақты
тұрғылықты жерімен сәйкес келуі немесе келмеуі мүмкін.
Осы үй шаруашылығының мүшелері болып есептелетініне және осы мекенжай
олардың негізгі тұрғылықты жері болуына тәуелсіз ұзақ уақыт бойы болмаған
адамдар туралы ақпарат жиналмайды. Оларға:
- оқу орны бойынша тұратын барлық оқу орындарының студенттері және
оқитындары;
- басқа елді-мекендерде іссапарда немесе зерттелетін аптаға дейін
шетелде алты ай және одан да көп уақыт болатындар;
- казармалар мен әскери аймақтарда Қарулы Күштердің мерзімді
қызметіндегі әскери қызметшілер;
- ауруханада емделіп жүргендер (алты ай және одан да көп);
- қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айырылу
түрінде және жазасының мерзімін өтеп жүрген сотталғандар;
- зерттелетін аптаға дейін алты ай және одан көп басқа да
шыққандар жатады.
Стандартталған және логикалық бірізділікпен орналасқан есепті белгілер
жөніндегі сұрақтар мен жауптардың дайын мәтіндерін қамтитын пікіртерім
Халықтың жұмыспен қатылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасының стандартталған
бланкілері бойынша жүргізіледі. Бұл барлық респонденттерге бірдей
бірізділікпен бірдей сұрақтарды қоюға мүмкіндік береді. Стандартталған
әдіспен әр түрлі респонденттерден қойылған бір немесе сол сұраққа берілген
жауаптардың салыстырылуы қамтамасыз етілетін, интервьюерлердің жауаптарды
жазып алуы жүргізіледі, сондай-ақ интервьюерлермен толтырылған бланкте
механикалық қателерді жіберу мүмкіндігі азайтылады.
Байқау бірліктері және оның іріктемесі.
Жұмыспен қамту мен жұмыссыздықты зерттеу республиканың барлық
өңірлерінде кейінен халықтың барлық санына қорынтындыларды бөлу арқылы
байқаудың іріктемелі әдісі негізінде жүргізіледі.
Іріктемелі байқаудың бірліктер жиынтығы үй шаруашылығы және онда
тұратын 15 және одан жоғары жастағы адамдар болып табылады. Шексіз ең
жоғары жас шегі зейнеткерлікке шыққан, бірақ жұмыс істеуді жалғастырып
жатқан адамдардың қатысу мүмкіндігін нақтылауға төменгі шегі –
жасөспірімдер, сондай-ақ деректердің халықаралық деңгейде салыстырылуын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Іріктеменің бас жиынтығы республиканың және өңірлердің халық саны
болып табылады, бұл әзірлеменің белгілі бір бөлінісінде өңірдің барлық
халқына қолданылатын репрезентативті деректер алуға мүмкіндік береді.
Республиканың Халық санағы қорытындылары бойынша құрылған Тұрғын үй-жайлар
тіркелімі (тізімі) ақпараттық база болып табылады. Тұрғын үй-жайларды
зерттеуге түсетін кездейсоқ іріктемелі жиынтықты қалыптастыру мақсатында
жатақхана, балалар үйі, мектеп интернаттары, қарттар үшін үйлер, қонақ
үйлер, түрмелер, монастырьлар және өзге коллективті тұрғын үй-жайлары алып
тасталады.
Үй шаруашылықтарының стратификацияланған (аумақтық) іріктемесін
қалыптастыру жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселелері бойынша онда сұрау
қоюды жүзеге асыру үшін математикалық әдістермен келесі шарттар мен
шектеулерді есепке алумен жүргізіледі:
- іріктемелі жиынтықтың жалпы көлемі, шығыстар мен алынған
нәтижелердің оңтайлы арақатынасына жетудің экономикалық сипаттағы
талаптарға, ақпараттарды жедел алу және нақты нәтижелердің берілген
критерийлерін сақтау қажеттілігіне сүйене отырып анықталады;
- есептеулердің қателерін терістеу және интервьюерлерге түсетін бір
өлшемді жүктемені қамтамасыз ету үшін өңірлер бойынша іріктелім саны аз
болмауы керек;
- іріктемелі жиынтықтың құрылымы тұрғылықты жері қала мен ауыл елді
мекендерден тәуелсіз халықтың саралауын және пікіртерім кезеңіне жақын
кезеңде нақты қалыптасқандарға тиісті халықтың жыныстық-жастық үлесін
ескеру керек.
Өңірлер бөлінісінде және тұтастай республика бойынша еңбек рыногындағы
анық және обьективті көрсеткіштерді алудың сенімді негізін құру үшін 15
және одан жоғары жастағы халық санынан 05%-ға тең іріктеме мөлшері
белгіленеді. Жоғарыда көрсетілген критерийлер бойынша қалыптасқан
зерттелетін іріктемелі жиынтыққа негізгі әлеуметтік-демографиялық
көрсеткіштер бойынша халыққа репрезентативті 21 мың үй шаруашылықтары
жатады және берілген нақтылық дәрежесі мен әзірлеме бөлінісі шегінде
өкілдік қорытындыларын алуға кепілдік береді.
Іріктемелі жиынтықты қалыптастыру рәсімі.
Жұмыспен қамту мен жұмыссыздыққа зерттеу жүргізу үшін үй
шаруашылықтарының екісатылы іріктемесі қолданылады. Таңдау сатыларының саны
таңдау бірліктерімен анықталады, мұнын өзінде таңдау бірлігінің әрбір
келесі сатысында өзінің масштабы бойынша азаяды және соңында таңдау бірлігі
іріктемелі жиынтық бірлігімен сәйкес келеді.
Жіктелуді қолдану қажетті және тиімді, себебі:
- зерттеуді ұйымдастырудың әкімшіліктік қолайлылығын қамтамасыз
ететін бас жиынтықтың табиғи немесе алдын ала белгілі қабаттары
(географиялық бөлімшелері, тұратын жерінің типтері және т.с.с.) бар;
- бас жиынтықтың әр түрлі бөлімдері үшін іріктелген бірліктердің
белгілі саралауы және гомогенизациясы жететін іріктеменің әр түрлі
стратегиясы мен рәсімі қолданылуы мүмкін;
- құрылатын қабаттар іштей біртекті болатындықтан, дисперсияның
(стандартты қателер) азаюына қол жеткізіледі, ал айтарлықтай өзгермелілер
өзгермелі жіктелумен байланысты;
- іріктемеге қатысты қателер бақылануы мүмкін, бұл пікіртерім
нәтижелерін жақсартуға және нақтылауға ықпал етеді;
- құралдарды үнемдеу және нәтижелерді алудың өзектілігі
нақтылағанда салыстырмалы шығасыларды ақтайды.
Зерттеу мақсаттары үшін іріктемелі жиынтықты қалыптастыру рәсіміне
таңдаудың кезекті екі сатысы кіреді.
1 саты – Негізгі таңдау мен жіктелу. Байқау бірліктерін таңдау алдында
бас жиынтық ғимараттар көлемінің өңірлік аспектілері және класстары бойынша
стратификацияланады. Іріктеменің бірінші кезеңінің міндеті мекенжай бөлігі
бойынша сұрыпталған қабаттары жөніндегі барлық тұрғын үй қорын анықтау және
құрастырумен білдіріледі.
Зерттеудің бірліктерін таңдау үшін салынған және адамы бар аумақты
жіктелу әрбір облыстың жалпы тұрғын үй қорын ғимарат санатына (шағын, орта,
үлкен) тәуелді жеке негізгі қабаттарына (құрылыстың барлық жиынтығы) бөлуді
қарастырады.
2 саты – Таңдау бірліктерін құрастыру. Таңдаудың екінші кезеңінің
мақсаты үй шаруашылықтарын, олардың әртүрлі типтерін ұсынуды қамтамасыз
ететін тікелей анықтау болып табылады. Іріктеменің стратегиясы кездейсоқ
сандардың кестесі арқылы элементтердің кезекті таңдалуын білдіреді. Оларды
қолдану жұмыс көлемін қысқартады, іріктемеге барлық элементтердің түсу
мүмкіндігі бірдей екеніне үлкен сенімділік береді және артықшылықтарға
негізделетін іріктеменің әдейі қателерін терістейді.
Таңдаудың осы сатысында жұмыстарды орындау келесі қадамдардан тұрады:
- Нақты тұратын адамдар санына (басқа себептер есептелмейді)
тәуелді пәтерлер саны бойынша ғимарат іріктелімін құрастыру арқылы
қабаттардың ішкі ара-жігін ажырату.
- Көшелер мен үйлерге дейін (қосымшаны қоса алғанда) өңірлік
критерийлер бойынша әрбір қабатты таңдау бірліктерін орналастыру және
интервьюерлерге түсетін жүктемені жеңілдетуге әкелетін берілген нормативтік
көрсеткішке сәйкес сегменттерге оларды топтау.
- Бас жиынтықтың 1-ден N элементтеріне дейінгі реттік нөмірлерді
беру жолымен өзін құрастыру кезектілігіндегі сегменттерді нөмірлеу.
- Sl іріктемелі интервалын ондық белгілерге дейін (3.1) ретінде
нақтылаумен есептеледі:
Sl = Nn.
(3.1)
- Бірінші элементті (бастапқы нүктесінен) анықтау үшін 1-ден 100-ге
дейінгі кездейсоқ сандар кестесінен RN кездейсоқ санын таңдау.
- Бастапқы нүктесінен бастап және содан кейін әрбір элементті қоса
алғанда, Sl (3.2) интервалы арқылы кумулятивті сандар қатарын құрастыру.
Яғни:
,
(3.2)
мұндағы,
RS - N мәні бойынша жоғарыламайтын кумулятивті қатардың соңғы саны.
Әрбір қабатта өзінің реттік нөмірімен осындай сандардың жалпы жиынтығы
жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселелері бойынша пікіртерім жүргізу үшін
тұратын мүшелерінің саны және тұру мекенжайы бойынша үй шаруашылықтарының
қолданылатын іріктемелі жиынтығы болып табылады.
Іріктемелі жиынтықтың ротациясы өткен тоқсанда іріктелген жиынтықтан
үй шаруашылықтарының бөлігін жаңарту жолымен тоқсан сайын жүзеге асырылады.
Ол үшін әрбір қабаттағы үй шаруашылықтар бірліктері аймақтарға, ал
келесілері бірінен соң бірі келетін қатарынан төрт аймақ – блоктарға
біріктіріледі. Әрбір блоктың аймақтары 1-ден 4-ке дейінгі (ротацияның
төрттік нөмірі) сандармен кездейсоқ нөмірленеді. Іріктеменің төрттік нөмірі
арқылы ағымдағы жылы алып тастау және жаңамен ауыстыруға арналған таңдау
әрбір бірлігі сәйкестендіріледі.
Дайындық жұмыстар үдерісінде статистиканың өңірлік органдарының
қызметкерлерімен зерттеу жүргізу алдында олардың тіршілік етуіне және онда
азаматтардың тұру фактілеріне қалыптастырылған іріктелімнің мекенжайларын
салыстырып тексеру жүргізіледі. Үйдің бұзылуына, тұрғын-үй қоры шешімімен
тұрғындарды көшірумен, оған күрделі жөндеу жүргізу және т.с.с. зерттеуден
шығарылатын мекенжайлар зерттеу бірліктерін ауыстырудың арнайы әзірленген
әдістемесі бойынша жаңасымен ауыстырылады.
Зерттеу қорытындыларын қалыптастыру және тарату, көрсеткіштердің
нақтылығын бағалау
Сұрау қою күніне жағдайы бойынша алынған деректер халық саны мен
құрылымын ағымдағы есептеудің негізгі нәтижелері көмегімен бас жиынтыққа
страталар бойынша сыртқа таратылады (қорытындыланады, таратылады).
Іріктемелі зерттеудің нәтижелерін тарату персонаға - байқаудың әрбір жеке
бірлігіне тиісті факторды (салмақты) меншіктеу жолымен жүргізіледі.
Бас жиынтық бойынша қорытындыларды қалыптастыру үдерісі екі өзара
байланысты кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде өтем, немесе пікіртерім
жүргізілмеген белгілі жағдайларда іріктеме деректерін теңестіру, ал
екіншісінде – сыртқа тарату, немесе барлық бас жиынтыққа іріктемелі
зерттеулердің нәтижелерін тікелей тарату жүзеге асырылады.
Осы рәсімдерді жүзеге асыру алдында зерттеуге ұсынылған (S1) үй
шаруашылықтарының саны, нақты сұралған үй шаруашылықтарының саны (S2) және
себептерді көрсетумен сұралмаған үй шаруашылықтарының санын (Sр)
нәтижелейді. Сұралмағандар санын екі топтарға – объективті себептер (Sр1)
бойынша және субъективті себептер (Sр2) бойынша топтарға бөлінеді.
Объективті себептер тұрғын үй-жайды бұзу немесе біріктіру, сондай-ақ өлім,
ұзақ уақыт болмаған немесе зерттеуге жататын үй шаруашылығы мүшесінің жаңа
орынға шыққан және т.б. күтпеген жайдайлар салдарынан зерттеуді жүргізудің
мүмкін еместігіне байланысты. Суъективті себептерге тұрғындарды зерттеу
сәтінде болмауы, сондай-ақ үй шаруашлығының барлық немесе жеке мүшесінің
пікіртерімнен бас тартуы жатады. Бұндай бөлу деректерді өтем және сыртқа
тарату рәсімін жүргізу кезінде қажетті. Көрсетілген себептер топтамаларының
арасындағы айырмашылық нәтижелерді ең жоғарғы есеп үшін шешуші болып
табылады, себебі субъективті бас тарту кезінде жауапты фактор ең жоғарғы
есеп факторын жақындатады.
Өтем. Осы рәсім зерттеуден бас тартудың субъективті себептеріне
түсетін үй шаруашылықтары бойынша көрсеткіштерді қайта есептеуін жүзеге
асыруға танылған, яғни іріктемелі зерттеуден толық алынбаған деректердің
орнын толтырады. Ол үшін орын толтыратын аралық фактор (салмақ) есептеледі
К1 (3.3):
(3.3)
мұндағы,
Sр2 – пікіртерімнен бас тартудың субъективті себептеріне түсетін үй
шаруашылықтарының саны;
S2 – нақты сұралған үй шаруашылықтар саны.
Орын толтыратын аралық фактор дәлдікпен әрбір өңір бойынша жеке елуге
дейінгі белгілермен есептеледі және осы өңірдің әрбір респондентіне оның
жынысы және жасына тәуелсіз меншіктеледі. Ол арқылы зерттеуге (S1) (3.4)
дейінгі үй шаруашылықтарының санын жеткізу нәтижесінде алынған саны
анықталады:
(3.4)
Сыртқа тарату. Зерттеудің іріктемелі деректерін тарату үй
шаруашылығына – байқаудың әрбір жеке бірлігіне тиісті дара кодты
меншіктелуіне негізделген. Ол үшін жыныстық-жастық және өңірлік
сипаттамаларды есепке алумен, стратификацияланған іріктемелі жиынтықты
(зерттелген азаматтар саны) осындай сипаттамалар бойынша
стратификацияланған ағымдағы есептеулер деректері бойынша халық бас
жиынтығын салыстыру жүзеге асырылады.
Бейімделу (салмағы) факторы есептеуінің жалпы түріндегі формуласы
(3.5):
(3.5)
мұндағы,
vg – g белгісі бойынша салмағы,
wg – g сипаттамасына ие болатын бас жиынтықтағы халықтың үлесі,
n – сұралғандардың жалпы саны,
ng – g сипаттамасына ие болатын сұралғандардың саны.
Өлшеу рәсімі жынысы және жасы бойынша тек өңірлік іріленген
қабаттардың ішінде бас ретінде қолданылатын қалыптасқан жиынтық бойынша
халықтың құрылымы туралы деректер негізінде әзірленеді. Әрбір респондент
үшін бейімделу (салмағы) факторларының жүйелері:
- өңірлік (аудандық) құрылым ішінде;
- (ерлер мен әйелдер) жынысы;
- 6-10 жас; 11-14 жас; 15-34 жас; 35-54 жас; 55-71 жас; 72 және одан
да жоғары 6 жас топтары бойынша есептеледі.
Бейімделу факторын есептеудің келесі формуласы қолданылады (3.6):
(3.6)
мұндағы,
K2 – бейімделу факторы;
S – бас жиынтықтың үй шаруашылықтарының саны;
S1 – нақты сұралған үй шаруашылықтарының саны;
K – адамның жиынтық сипаттамасына тәуелді ерекше белгісі, ол үшін
(3.7) факторы есептеледі.
Түпкілікті дара салмақ немесе сыртқа таратудың факторы бейімделу
факторларына орын толтыратын фактор көбейтіндісінің нәтижелері болып
табылады. Бұл ретте, егер берілген үй шаруашылығының барлық мүшелері үшін
орын толтыратын фактордың бірдей мәні болғанда, онда бейімделу факторлары,
тиісінше, сыртқа таратудың түпкілікті факторы (дара салмақ) әр түрлі
болады.
(3.7)
Қосымша өзгермелі ретіндегі есептелген дербес салмақтар әрбір сұралған
респондент бойынша дербес деректер қорына жазылады және республикалық және
өңірлік деңгейлерге тиісті тоқсан бойынша жиынтық нәтижелерді қалыптастыру
кезінде қолданылады. Ағымдағы жылға орта есеппен алғандағы таратылған
деректер тоқсандық іріктелімдерді біріктіру жолымен алынады.
Көрсеткіштердің нақтылығын бағалау. Іріктемелі зерттеу материалдары
бойынша алынатын бағалар іріктемеге негізделгеніне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz