Әдет-ғұрыптар


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Әдет-ғұрыптары

Қазақ халқының тұрғын үйі - материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Ол аумағымен және түзілісімен ерекшеленіп, қыстық және жаздық болып бөлінеді. Жазғы уақыттары қазақтар жығып алуға жеңіл киіз үйлерде, қыста - тұрақты, жылытылатын: «ағаш үй», «жер үй», «қара там» деп аталатын үйлерде тұрды. Ағаш пен киізден жасалатын жиналмалы киіз үй керегеден - негізден (ағаш тор) сфера тәрізді күмбез - шаңырақтан, тарамдана орңаласатын сырықтар уықтардан тұрды. Киіз үйдің көлемі қанаттарының (кереге бөліктерінің) санына байланысты болды. 12 қанаттан тұратын үйлер 100-120 шаршы метр алаңды алды. 12, 15, 18 қанатты үйлер XII ғ. -дан XIX ғ-дың басына дейін кездесті.

Әрбір қанат кереге ортасынан аздап майыстырылған 36 сағанақтан құралды. Керегелердің екі түрі бар: жуанырақ сырықшалардан майда төрт бұрышты тор етіліп жасалатыны «тор көз» деп, ал жіңішкерек сырықшалардан ірі тор етіліп жасалатыны - «жел көз» деп аталды. Үйдің әдетте оңтүстік жаққа қаратылатын, адам кіріп-шығатын есігі тік бұрышты ойық формасында болды. Оның екі жаққа ашылмалы, қос қақпалы есігіне көбінесе оюлы өрнектер салынып отырды. Үйдің тор қаңқасының сырты шимен көмкеріліп, оның сырты киізбен жабылды. Күмбездің ортасынан бастап жерге дейін үйді туырлықтар, шаңырақтан бастап, күмбездің төменгі тұсына дейін үзіктер бастырып тұрады. Киіз жабулар үй уық-керегелеріне өрме жіптермен, белдеулермен бекітілді. Үй күмбезі аспалы кілем жолақшаларымен, шеті шашақталған ленталармен және әр түсті жүн жіптерден түйілген шашақтармен әшекейленді.

Әзінің пайдаланылуына қарай киіз үйлер үш түрге бөлінді. Қонақтарды қабылдауға арналған салтанатты үйлер көлемінің аумақтылығымен және бай жиһаздарымен ерекшеленді. Салтанатты үйлер ең кем дегенде он екі қанат керегеден тұрғызылып, олардың үстіне ақ киіз бен жібек маталар жабылды. Жасаулары жөнінен неғұрлым бай үйлер үйлену тойы өтетін - отау үй болды. Ал тұрғын үйлер шағын көлемде жасалды. Кішкентай жорықтық үйлер бір түйеге ғана немесе тіпті бір атқа тиеліп-ақ тасымалданды. Бұлардан басқа қоймалар ретінде және басқа шаруашылық әжеттерге пайдаланылатын үйлер болды.

Жорықтық үйлерді әскери жорықтар үшін немесе бақташылар мен жылқышыларға әдейі арналып жасалған үйлер санатына жатқызуға болады. Тасымалдауға жеңіл, нағұрлым қарапайым үй - бірнеше сырықты конус пішінде жерге қадап, сыртын киізбен жаба салып отыра беретін шатыр күрке болды. Жорықтарда үш-төрт кереге мен уықтардан тұратын «жолама үй» жиі пайдаланылды.

Бұлармен бірге қазақтар көшіп-қону кезінде сыйымды жылжымалы күймелерді де пайдаланды. Олардың сырты матамен, киізбен немесе әр түсті тері-терсектермен жабылды. Күймелерге балалар мен әйелдер орналастырылды.

Үй ортасына таман орналасатын ошақта тамақ әзірленді және күн суық уақыттары ол үйді жылытты. Есікке қарма-қарсы тұс үйдің ең құрметті орны - «төр» деп аталды, төрге қонақтар мен ауылдың қадірлі адамдары отырғызылды. Есік маңайындағы кеңістік - «босаға» деп аталды. Есіктен кіре берістегі оң қанатта үй аспаптары мен ыдыс-аяқтар, сол қанатта-ат ер-тұрмандары тұрды. Босағаның оң жағынан үй иелерінің керуеті орналасып, оның ішке қараған тұстары шымылдықпен жабылып қойылды.

Үй жиһаздары әр түрлі ағаш және тері заттардың, киізден жасалған бұйымдардан, өрме, тоқымалардан және кілемдерден құралды. Киіз кілем-текеметтер, өрнектер ойылып тігілген киіз кілем - сырмақтар кеңінен, ал тоқыма кілемдер аздау тарады. Кілемдердің екі түрі болды. Олар: түгі жоғы тақыр кілем және түгі бар түкті кілем. Өрнектермен, оюлы безектермен және кестелермен әшекейленген, түр-түске бай қабырғалық киіз кілемдер «түскиіз» деп аталды. Аспаптар мен ыдыстар аяққаптарда, киіз қораптарда, қос қалталы кілем қоржындарда сақталды. Әрбір үйдің ерекше белгісі - сандықтар болды. Ағаш бұйымдар үстіне көрпе-төсек жиыстырылатын жүк аяқтар, тағамдар сақталатын кебежелер көркем ою-өрнектермен әшекейленетін.

Қазақстанның көптеген аудандарында ағаштан, тастардан, шикі қыштан және шымнан тұрғызылатын тұрақты тұрғын үйлер тарады. Қандай материалдан салынғанына қарай оларды «ағаш үй», «жер үй», «кірпіш үй» деп атады. Үйдің аумағы егесінің материалдық жағдайына және от басы құрамына байланысты болды, бірақ тұтас алғанда ол үйлер көшпелі тұрмыс жағдайына барынша бейімдендіріліп салынды.

Қазақтың ұлттық киімдері

Қазақтың ұлттық киімінде этникалық, экономикалық және климаттық жағдайларына байланысты ежелгі дәстүрлері бейнеленді. Киім мауытыдан, жүн және жібек матадан, киізден және аң терісінен тігілді. Қазақтарда құланның, ақ бөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілері ерекше қымбат бағаланды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Құнды аң терісі астар етіліп тігілген тон «ішік» деп аталды және тысына қарай аталуы да өзгеріп отырды; аң терісінен жібекпен тысталып тігілгені - бас тон, көк мауытымен тысталғаны - көк тон, қамқамен тысталғаны - қамқа тон делінді. Құлын терісінен жаға салынған ұзын тон - жарғақ тон деп аталды. Ешкі терісінен ұзын жүндерін жұлып тастап тіккен тонды «қылқа жарғақ» деді.

Шалбарлар күдеріден, мауытыдан, шұғадан тігіліп, көрнекі кестелермен әшекейленді. XV-XVII ғғ. жеңі жоқ жеңіл сулық киімкебенек пен жұқа ақ киізден тігілетін шапан - қаттау аса әйгілі болды. Байырғы киімдер қатарына сондай-ақ түйе жүнінен тоқылатын ұзын сулық киім - шекпен де жатады. Еркектер мен әйелдердің сырт киімдерінің негізгі түрі - жүн және жібек маталардан тігілетін шапандар болды.

Жаз кездерінде еркектер киетін жиынтығы іш жейде мен дамбалдан және желбегей жеңіл шапаннан, әйелдердікі ұзын етек көйлек пен жеңісіз қамзолдан тұрды. Әйелдер киімдерін тігуге мақта және жібек маталар, барқыттар пайдаланылды.

Еркектер мен әйелдер бас киімдер әртүрлілігімен ерекшеленді. Еркектердің неғұрлым бұрынғы уақыттардан келе жатқан әрі дәстүрлі бас киімі - қалпақ жұқа ақ киізден тігілді. Бұлардың ақ киізден төбесі биік етіліп жасалғаны-ақ қалпақ деп, ол жалпақ жиектері жоғары бүктеліп қайырылғаны - айыр қалпақ деп аталды. Көктем мен күзде қазақтар дөңгелек формалы, төбесі биік, міндетті түрде аң терісімен жиектелген бөрік киіп жүрді. Қыста киетін үш құлақшынды бас киім «тымақ» деп аталды.

Қыздардың бөріктері алқалармен және төбесіне үкінің, көк құтанның немесе тотының үлпек қауырсындары тағылып әшекейленді. Құндыз терісімен жиектелген қыздардың бас киімдері «кәмшат бөрік» деп, алтынмен кестеленгені - «алтын бөрік», маржандармен әшекейленгені - «қалмаржан бөрік» деп аталды. Барқыттан немесе қамқадан тігілген жаздық жеңіл бас киім - «тақия» үкінің үлпек қауырсынымен, күміс және алтын кестелермен әшекейленді.

Әйелдердің бас киімдері арасынан негұрлым өзіндік сән-салтанатымен ерекшеленетін қыздардың тұрмысқа шығардағы бас киімі - сәукеле болды. Төбесі конус тәрізді үшкірлене, биік етіліп жасалатын ол алтын және күміс тиындармен, інжу-маржандармен, алқалармен безеңдірілді. Алғашқы нәрестесі дүниеге келісімен жас әйел ақ матадан тігілетін бас киім-кимешек киіп жүрді.

Ерлер мен әйелдердің аяқ киімдері де әр түрлілігімен ерекшеленді. Еркектердің биік өкшелі қонышы тізеден жоғары асатын етіктері «шоңқайма етік» деп аталды. Еркектердің сондай-ақ басы жоғары қайырылған жеңіл, атқа мініп жүруге ыңғайлы жұмсақ - бір тақа дейтін етіктері, ешкі терісі былғарысынан жасалған мәсілері және неғұрлым тығыз қайыстан тігілген кебістері болды. Олар қыста саптама етік, кедейлері - шоқай мен шәркі киді.

Әйелдердің аяқ киімдері еркектердікінен гөрі әсемдігімен, қоныстарындағы бай ою-өрнектерімен бөлектенді. Олардың үй тірлігі кезінде киетіндері - кебіс болды. Байлардың әйелдері өрнектелген аяқ киім-кестелі етіктер, жасыл түсті былғарыдан тігіліп, кестелермен және күміс жапсырмалармен әшекейленетін биік өкшелі - «көк сауыр» киді.

Қайыстан, барқыттан, жуннен және жібектен жасалған белдіктер қазақ кимідерінің міндетті бір бөлшегі болды. Қайыс белдіктері өрнек түсірумен, әр түрлі жапсырмалармен, асыл тастардан көздер салумен, сүйек оюларын бастырумен әшекейленді. Мұндай белдіктер «кісе» деп аталды. Жас жігіттердің белдіктерінде алқа, әлеміштер болды. Әйелдердің белдіктері жалпақ әрі сәнді келді және негізінен жібек пен барқыттан тігілді. Әйелдер сондай-ақ белдеріне жұмсақ белбеу байлады.

Әйелдердің әшекейлері алтыннан, күмістен, асыл тастардан әзірленді. Салмақты күміс білезіктерге алтын жалатылды, оюлы безектер салынды. Сырғалар негізінен күміс сымдардан имек, жарқырауық тастар түзілген шығыршық түрінде жасалды, оның өзара күміс сыммен бекітілген төрт бұрышты қиықша, дөңгелек жалпақтілікті түрлері көбірек кездесті.

Шашқа салатын әшекейдер - өзара кішкен шиыршылықтармен біріктіршетін алқалар немесе теңгелер тізбегі түріндегі шашбаулар кеңінен пайдаланылды. Оның орталық алқалары түрлі түсті асыл тастармен безектелді. Шашқа салынатын әшекей қатарына аспалы шолпылар да жатады.

Жүзіктер құйылып және нақышталып, сопақша, дөңгелек, көп қырлы қисында жасалды. Олар көбінесе бетіне түрлі түсті асыл тастар салумен әшекейленді.

Қазақ зергерлері бұлардан басқа омырауша, өңір жиек, «бой тұмар», белдіктерге ілгектер, сәукелеге арналған өрнекті тана-шылтыр, салмақты дөңгелек түймелер-торсылдақ түйме, түйреуіш сияқты әшекей бұйымдар да жасай алды.

Әйелдер әшекейлерін әзірлеуде әр түрлі тәсілдер: құю ою салу, нақыш қондыру, қалыптау, зерелеу, қараға бояу, інжу қадау, эмаль жағу қолданылды.

Қазақ қарулары да әртүрлі болды. Ерекше болаттан имек қылыш, селебе, семсер соғылды. Қару ретінде сапы, қанжар, қайқы сапты ұзын пышақ - жеке ауыз, жіңішке ұзық пышақ - бұйда пышақ кеңінен қолданылды. Неғұрлым көп тараған қару-садақ пен жебе болды. Жебелердің ұшы: төрт қырлы, төрт қиғаш бұрышты, аша тәріздес болды. Сүңгі найзаға болат темірден үш, жылқының құйрық қылынан шашақ жасалды. Қару құрамына сондай-ақ теріден тігілген және болат шиыршыықтардан өрілген сауыт, маңдайшасы бар тор көзді болат дулыға, сырты қаңылтырмен қайталған ағаш және тері қалқандар енді.

XVII ғ. аяғында бір бөлігі Орта Азия қалаларынан сатылып алынған, бір бөлігін қазақтардың өздері жасаған мылтықтар пайдаланыла бастады. Мылтықтардың білтемен атылатын және күмістен әшекей салынған - білтелі мылтық, әшекейсіз - қара мылтық, қысқа ұңғылы - самқал деген бірнеше түрі болды. Оғы жеті жүз метрдей жерге жететін қысқа ұңғылы мылтық «қозы көш» деп аталды. Оқ-дәріні қазақтардың өзі әзірледі, бір бөлігін көрші елдерден сатып алды. Қайың сырғауылдарынан жасалатын сойылдар мен шоқпарлар падаланылды, бірақ, соғыс кезінде олар сирек қолданылды.

Ұлттық тағамдар

Қазақтардың тамағы негізінен ет және сүт өнімдерінен құралды. Сүт тағамы әр түрлі болды. Бие сүтінен - қымыз, түйе сүтінен - шұбат дайындалды. Сиырдың, ешкі мен қойдың сүті негізінен алғанда айран ұйытуға, май пісуге, әр түрлі құрт, ірімшіктер жасауға пайдаланылды.

Қазақтардың сүйсініп ішетін сусындарының бірі - айран болды. Айранға су араластырылған сусынды «шалап» деді. Күбіде пісіп, сүттен май алды. Ол майдың ұзақ сақталуы үшін оны суық сумен шайып, тұздап, қарынға салды. Қазақтардың тағам түрлерінде құрт-ірімшіктер маңызды орын алды. Ашыған айран жиынтығынан сығымдалып, күнге кептіріліп жасалатын құртты қысты күндері ыстық сорпаға ерітіп ішті. Сүттен сары ірімшік, ақ ірімшік және басқа тағамдар жасалды.

Ұннан әзірленетін тағамдар көбінесе қыста пайдаланылды. Азық-түліктік негізгі дақылдар - тары, сүрегірек - бидай мен қара, бидай болды. Тарыдан қазақтар ақталған тары әзірледі, одан тары көже істеді. Қуырылып, келіде түйіліп ақталған тарыны сүтке бөктіріп жеді, одан аса құнарлы дәм - мап сөк әзірледі. Тарыны тартып, талқан да жасады. Тары ұнынан тары таба нан пісірілді. Тары талқанынан сондай-ақ мерке, той дастарханына арналып, сары майға шыланған жент әзірленді.

Бидай бұдан да артығырақ бағаланды. Одан бидай көже, қуырылған бидайдан талқан, ал бидай талқаннан - жент дайындалды. Бидай ұны таба нан, кеспе көже, бауырсақ пісіруге пайдаланылды. Қазақтың тамақ түрлерінде қара бидай мен арпа өз орын алды. Оңтүстік аудандардың қазақтары күріштен палау басты, күріш ботқа әзірледі.

Қазақтардың негізгі асы - ет болды. Соның ішінде неғұрлым бағалысы - жылқы еті саналды. Жылқы мойнының жоғарғы жағындағы майлы жері - жал және сауырындағы майлы тұсы - жая деп аталды. Тоқ ішегінен - «қарта», қабырғалық ет - майынан - «қазы» әзірленді. Басқа еттерінен ішекке салынып, шұжық дайындалды.

Қой еті негізінен жазғы уақыттары желінді. Пісірілген қой еті - қазақтардың негізгі асы - дастарханға кеспе салынып та және кеспесіз де тартылды. Етті жеп болғаннан кейін оның сорпасы берілді. Өкпе-бауыр, ішек-қарын және жұмсақ еттерінен майдалана туралып, майға қуырылып пісірілетін тағам - «қуырдақ» деп аталды.

Малшы қазақтардың ыдыс-аяқтары мен үй аспаптары олардың көшпелілік тұрмысына бейімделініп, теріден және ағаштан жасалды. Сынатын ыдысты тасымалдау үшін арнайы дорба - «шынықап», айталық, құрастырылып және жас шыбықтан тоқылып әзірленетін шыны қаптар пайдаланылды.

Қалпы, сиымдылығы, не үшін падаланылатыны жағынан ең әр түрлі ыдыс саба, сүйретпе, торсық, мес және басқалар болды. Саба жылқының арнайы өңделген терісінен, кейде мүйізді ірі қара малдың терісінен тігілді. Соғым (қысқы маусымға ет әзірлеу) кезінде саба үшін ең алдымен семіз әрі ірі малдың терісі әдейі қалдырылып отырды. Ондай тері жүннен тақырланып тазартылды, ішкі бетіне ашыған айран, іріткі, құрт жағылып жұмсартылды, онан жуылып, кептірілді және тұздалып, көктемге дейін сақталды.

Көктем шығысымен ол арнайы ыс салатын орында жақсылап ысталды.

Қымыз құятын шөміш, ожаулар әр түрлі әдемі етіліп жасалды, олардың оюланып, сабына күміс пен сүйектен безек салынатындары жиі кездесті. Асханалық аспап қатарына міндетті түрде шойын қазан да жатқызылды. Қазақстанның отырықшылықты аудандарында саз балшықтан күйдіріліп жасалатын керамикалық ыдыстар кеңінен пайдаланылды.

Қазақтардың материалдық мәдениеті халықтың шаруашылық тұрмысының ерекшеліктерін бейнеледі, дала малшыларының бұрынғы ұрпақтары мәдениетінің дәстүрлеріне негізделді. Шаруашылық-экономикалық құрылыс, тамақ, киім олар өмір сүрген табиғат жағдайларына неғұрлым бейімдендірілген қалыпта болды.

Халықтың материалдық және рухани өмірін олардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары да бейнелейді. Тарихтық аңыз-әңгімелерде сақталып қалған қазақтардың әлеуметтік, зандық және шаруашылық-тұрмыстық терминологиясында тарихи бағалалықтар аз емес.

Үйлену салт-дәстүрі

Қазақтың халықтық әдет-ғұрыптары, үйлену жоралары - «құдалық салтта» айқын ашыла түседі. Қалыңдық туысқандарының күйеу бадаға деген көзқарасы ісләм белгілеген көптеген ырымдардан азат болды. Келісуден және қалымның алғашқы жарнасы берілгеннен кейін болашақ күйеу қалыңдығымен жасырын жолығыса алды және оның алғашқы келуі-ұрын келу, әдетте, қалыңдығының әке-шешесінен жасырын түрде, сол қалындығының аға-інісінің немесе туыстарының үйінде өтті. Күйеу жігіттің екінші жолғы келуі ашық түрде болды және ол «қалындық ойнау» деп аталды.

XV-XVII ғғ. қазақтардың отбасылық өміріне ісләмнің ықпалы онша болған жоқ, молданың қатысуымен қалыңдықтың некесін қию ғүрпы қолданылмады. Ерлі-зайыптылық (жұбайлық) халықтың жаппай мақұлдауымен, бәрі қосылып той салтанатында орындалатын «жар-жар» өлеңін айтумен бекітілді.

«Жар-жар» - айтыс өлеңі. Оны әдетте екі топ күйеу бастаған - еркектер, қалыңдық бастаған - әйелдер жағы айтады.

Өлең патриархальды отбасындағы әйелдің жағдайы туралы баяндайды, бөтен ауылға, бөтен ортаға кетіп бара жатқандығына, туыстарымен айрылысатынына, туған жерінен алыстайтынына байланысты қыздың мұң - қайғысын білдіреді. Көбінесе күйеуге өзінің еркінен тыс кетіп бара жатқандығын сезінуінен туатын қалыңдықтың қасіреті кейде шынайы әрі ойланатын жылап-сықтау өлеңіне - сыңсуға, «қыз танысуға» келіп қосылатын. Мұнда қыз өзінің туған аулымен қоштаса тұрып, қайғы-қасіретін де өлеңмен өрнектейтін.

Қыз өзіне еріп жүрген құрбыларымен бірге қоштасу өлеңімен өз ауылының әрбір үйіне және көрші ауылдарға кіріп-шығуы керектігін дәстүр талап етті. Қазақтарда қыздың бұл қоштасуы «қыз-танысу» деп аталды.

Күйеу жігіттің ауылында дәстүрлі өлең - беташармен қарсы алды. Беташардың екі бөлімнен тұратын қағидалық тексті болды: бірінші бөлімінде қалындық әдетте күйеудің туысқандарына және ауылдастарына таныстырылды, екінші бөлімі жаңа ғана өзінің бұдан былайғы отбасының табалдырығын аттаған қалындыққа ақыл-қасиет айтудан тұрды.

Қалым төлеуден басқа, күйеу тарапынан жөн-жоралғылық сыйлықтар әзірленді: шешесіне - сүт ақысы, әкесіне - той мал (той шығындары), қалыңдықтың аға-інілеріне - тартулар (ер-тұрман, белдіктер, т. б. ) жақын туыстарына - кәде берілді. Мұндай жағдайда күйеу жігіт кедейлеу болса, оған туыстары мен достары көмектесті. Қалындықтың туыстары да қарыздар болып қалмады. Келісім кезінде олар қарғыбау деп аталатынды - келісімнің адалдығына кепілдік салуға тиісті болды, құдаларына сый ретінде кит кигізді. Ұзатылған қыздарының жасауы оларға өте қымбатқа түсетін, тіпті кейде алған қалыңмалының құнынан да асып кететін. Туыстары қызы үшін тойда киетін бас киім - сәукеле тіктіретін және көлік ретінде - күйме табатын. Ал туыстары бай болса ұзатылған қызына барлық жасау-жабдықтарымен қоса жаздық үй-отау тігіп беретін.

Жерлеу дәстүрі

XV-XVII гғ. жерлеу жора-жосықтары аралас күйде болып, ісләмнің әдет-ғұрпы сияқты жай «тәңірілік» әдет-ғұрыпқа негізделді. Қазақтар о дүниелік өмір бар деп сенді. Сондықтан марқұммен бірге оның қабіріне садағы, найзасы, ер-тоқымы, сүйікті атының басы салынды. Өлікке тамақ пен сусын қалдырылды. Марқұмның үйінде өлікті түнде күзету ырымы атқарылды. Ертеңіне өлік отпен тазартуға ұшыратылып, сонан соң оны қыстау маңына апарып көмді. Хандар Түркістанда, Қожа Ахмед Яссауи кесенесінде жерленді. ІПалғай аудандарда қыс кезінде қайтыс болған әйгілі адамдар уақытша сөреде ұсталып, тек күн жылына бастаған кезде ғана жерлеуге Түркістанға немесе әулиелі деп есептелінетін басқа жерлерге апарылды.

Қазақтардың қабір үстіндегі құрылыстары қайтыс болғанның әлеуметтік жағдайына байланысты қатаң сараланған. XV-XVIII ғғ. қабір бетіне шикі қыштан салынатын мазарлармен бірге тастардан үйіп тебешік жасау дәстүрі де өмір сүрді.

Ежелгі ғұрып бойынша марқұмға жылап-сықтау ұзаққа созылды, қайғы - күйінішін білдіру ретінде әйелдер өздерінің беттерін тырнады (бет жырту) . Өлген күйеуі үшін аза тұтуын сақтап әйелі бір жыл бойына басына қара орамал тартып жүрді (қара салу) . Марқұмның тірі кезінде мініп жүретін атының үсті (егер ол бай адам, болса) азалы қара жабумен жабылды. Жыл өткен соң аза тұту аяқталып, қабір үстіне ескерткіш орнатылды, сөйтіп марқұмның жылы берілді. Оның мінген атының құйрығы кесіліп, артынша ол сойылды. Аттың басы, тұяғы және терісі иесінің бейітіне қойылды.

Материалдық мәдени қазыналары

Қазақтардың мәдени өмірінде тұрмыстың аса маңызды оқиғаларына - үйлену тойына, баланың тууына, өлгенге ас беруге және басқасына арналған халықтық мерекелер үлкен рөл атқарды. Олардың, кейбіреулерінің діни сипаты болды. Мерекелерде ат жарысы (бәйге), балуан жігіттердің күш сынасуы (күрес), ат үстінде тартысу тәрізді ойындар өткізілді. Ол ойындарға қатысушыларға бағалы сыйлықтар белгіленді. Жаңа жыл күнін (наурыз) қазақтар көктемнің басталуы ретінде мейрамдады. Халықтық мерекелер қашанда ән-күйімен және суырып салма ақындардың сайысымен (айтыс) елдің көңілін көтеріп отырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыз айту
Отандық тарихнамада жануарлар культіне арналған толық қанды еңбектер жазылмасада өзіндік зерттеушілік қолтаңбасын қалдырған зерттеулер баршылық
Қазақ халқының мерекелері
Мәдениеттің кеңістігі мен формалары, құрылымы, парадигмалары, мәдени сценарийлер
Қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып құқығының бастаулары
Әдет - ғұрыптар халықтық мәдениеттің феномені ретінде
Қоғам және дін
Қазақтың әдет - ғұрып құқығының қайнар көздері
Қазақтардың мәдени дәстүрлерінің исламдық негіздері
Құқық ұғымы мен белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz