Visual Basic жобалау жүйесінің стандартты және сондай-ақ қосымша құралдары



Кіріспе
Тарау І. Қосымшаны жобалаудың қосымша құралдары
1.1 Батырмалары бар саймандар панелі
1.2 Айналдыру жолағының және сырғытпаның көмегімен мәндерді орнату
1.3 Формада информацияны бейнелеудің қосымша құралдары
Тарау ІІ. Дискілік файлдармен жұмыс
2.1 Дискіні, каталогты және файлды таңдау құралдары
2.2 Visual Basic ортасының графикалық құралдары
2.3 Графикалық файлдардың мазмұнын көру программасы
Қорытынды
Бұл курстық жобада Windows қосымшамыздың пайдаланушыларға арналған маңызды жұмыстар үшін ыңғайлы саймандарды қалай жасауға болатындығы және дисктегі графикалық файлдарды көру сөз болады. Оларға барлық мүмкін болатын саймандар панелі, батырмалар, айналдыру жолақтары т.с.с жатады. Бұлар мәндерді орнатуға арналған және түрлері әр түрлі деректерді шолуға арналған саймандар.
Visual Basic жобалау жүйесінің стандартты және сондай-ақ қосымша құралдарын пайдаланып, аталған саймандарды жасауды іске асырамыз.
Стандартты құралдар – бұл кәдімгі бізге жақсы таныс жобалау ортасына енгеннен кейін бірден қатынауға болатын ToolBox панелінің саймандары. Бұлар горизонталь және вертикаль айналдыру жолақтары каталогтар тізімінің терезесі, файлдар тізімі терезесі т.с.с сияқты саймандар.
Қосымша саймандар – бұл Microsoft Windows Controls жиынан, дербес жағдайда жалпы қызмет атқаратын Common Controls 6.0 жиынынан алынатын саймандары.
Windows қосымшаларының ыңғайлы саймандарының айқын мысалы – бұл осы саймандардың батырмаларына салынған суреттері бар саймандар панелі.
Мәндерді орнатудың әр түрлі құралдары қарастырылады. Олар – айналдыру жолақтары, сырғытпа, үлкен-кіші элементі. Оларды жасауға стандартты, сондай-ақ қосымша жиынның Slider, UpDown саймандары қатыстырылады. Біздер сонымен бірге Windows қосымшаларында информацияны бейнелеудің ең кеңінен тараған құралдарын қарастырамыз. Бұл көрініп тұрғандай, бет немесе белгі, күй қатары, процесстер жолағы түріндегі біздерге белгілі деректерді көрсету формасы болып табылады. Оларды жасау үшін біздер TabStrip, StatusBar, ProgressBar сияқты қосымша жиынының саймандарын пайдаланамыз.
1. Ананьев А.И., Федоров А.Ф. Самоучитель Visual Basic 6.0. – Санкт-Петербург, 2002г.
2. Бирюков Б.В., Тростников В.Н. Жар холодных числ и пафос бесстрастной логики. Формализация мышления от античных времен до эпохи кибернетики. –Москва “Значение”, 1997г.
3. Браун С. Visual Basic 6.0 учебный курс. – Санкт-Петербург, 2001г.
4. Гарнаев А.Ю. Visual Basic 6.0 разработка приложений. Санкт-Петербург, 2001г.
5. Есипов А.С. Информатика: Учебник по базовому курсу общеобразовательных учебных заведений. Санкт-Петербург Наука и техника, 2003г.
6. Есипов А.С., Паньгина Н.Н., Громада М.И. Информатика. Сборник задач и решений для общеобразовательных учебных заведений. Санкт-Петербург наука и техника, 2001.
7. Гладких И.Г., Харламов А.И. Изучаем компьютерные телекоммуникации без модема. Информатика и образование, 1999 №8.

Кіріспе

Бұл курстық жобада Windows қосымшамыздың пайдаланушыларға арналған
маңызды жұмыстар үшін ыңғайлы саймандарды қалай жасауға болатындығы және
дисктегі графикалық файлдарды көру сөз болады. Оларға барлық мүмкін болатын
саймандар панелі, батырмалар, айналдыру жолақтары т.с.с жатады. Бұлар
мәндерді орнатуға арналған және түрлері әр түрлі деректерді шолуға арналған
саймандар.
Visual Basic жобалау жүйесінің стандартты және сондай-ақ қосымша
құралдарын пайдаланып, аталған саймандарды жасауды іске асырамыз.
Стандартты құралдар – бұл кәдімгі бізге жақсы таныс жобалау ортасына
енгеннен кейін бірден қатынауға болатын ToolBox панелінің саймандары. Бұлар
горизонталь және вертикаль айналдыру жолақтары каталогтар тізімінің
терезесі, файлдар тізімі терезесі т.с.с сияқты саймандар.
Қосымша саймандар – бұл Microsoft Windows Controls жиынан, дербес
жағдайда жалпы қызмет атқаратын Common Controls 6.0 жиынынан алынатын
саймандары.
Windows қосымшаларының ыңғайлы саймандарының айқын мысалы – бұл осы
саймандардың батырмаларына салынған суреттері бар саймандар панелі.
Мәндерді орнатудың әр түрлі құралдары қарастырылады. Олар – айналдыру
жолақтары, сырғытпа, үлкен-кіші элементі. Оларды жасауға стандартты, сондай-
ақ қосымша жиынның Slider, UpDown саймандары қатыстырылады. Біздер сонымен
бірге Windows қосымшаларында информацияны бейнелеудің ең кеңінен тараған
құралдарын қарастырамыз. Бұл көрініп тұрғандай, бет немесе белгі, күй
қатары, процесстер жолағы түріндегі біздерге белгілі деректерді көрсету
формасы болып табылады. Оларды жасау үшін біздер TabStrip, StatusBar,
ProgressBar сияқты қосымша жиынының саймандарын пайдаланамыз. Біздер әр
түрлі стандартты құралдармен бірге жаңа шолу және деректерді таңдау
құралдарын қарастырамыз. Бұл құралдарға файлдарды, каталогтарды және
құрылғыларды, күнтізбені, датаны, уақытты және тізімдерді шолуға арналған
басқару элементтері жатады.

Тарау І. Қосымшаны жобалаудың қосымша құралдары
1.1 Батырмалары бар саймандар панелі

Visual Basic жүйесінің қосымша мүмкіндіктері. Visual Basic жобалау
жүйесі бізге өзіміздің қосымшамызға әр түрлі бағалы сапалық қасиеттер
беруге кең мүмкіншілік береді.
Берілген бұл кезеңде осы мүмкіндіктердің тек бір бөлігін ғана, ал осы
кезеңде жалпы қызмет атқаратын басқару объектілерін жасау үшін Visual Basic
жобалау жүйесі саймандарының қосымша жиынын қарастырамын.
Жобаның басты панелі мәзіріндегі Project пунктінің Components
командасын таңдағаннан кейін, ашылатын Controls тізіміндегі мына төмендегі
үш қатарды жалаушалармен белгілейміз:
- Microsoft Windows Common Controls 6.0
- Microsoft Windows Common Controls-2 6.0
- Microsoft Windows Common Controls-3 6.0
OK батырмасын шерткеннен кейін ToolBox терезесінде пиктограммалары
төменде келтірілген 15 жаңа элемент пайда болады. Бұл саймандар жалпы
қызмет атқаратын басқару объектілерін жасауға арналған.

Осы саймандардың аттары және пиктограммалары мына төменде
келтірілген.

1 - кесте
№ Пикто-грамСайманның аты № Пикто-грамСайманның аты
ма ма
1. Белгі жолағы 8. Сырғытпа
(TabStrip) (Slider)
2. Саймандар сызғышы 9. Бейнелердің аралас
(ToolBar) терезесі
(ImageCombo)
3. Күй қатары 10. Анимация
(StatusBar) (Animation)
4. Процесс жолағы 11. Үлкен-кіші
(ProgressBar) (UpDown)
5. Бұтақты шолу 12. Күнтізбені шолу
(TreeView) (MonthView)
6. (ListView) 13. Датаны және уақытты
таңдау
(DateTimePicker)
7. Бейнелер тізімі 14. Жақсартылған
(ImageList) айналдыру жолағы
(FlatScrollBar)

1.2 Айналдыру жолағының және сырғытпаның көмегімен мәндерді орнату
Горизонталь және вертикаль айналдыру жолақтары басқару объектілері.
Осы элементтерді (HscroolBar) және (VscroolBar)
жасауға арналған екі сайманды біз ToolBox стандартты жиынынан таба
аламыз.
Олардың көмегімен жасалатын объектілер кейбір терезелерде немесе
өрістерде бар айналдыру жолақтарына өте ұқсас.
Егер осы өрістің ішіндегісі оның шекарасынан шығып кететін болса,
онда мәтіндік өрістің шеттерінде айналдыру жолақтарының пайда болатындығын
білеміз. Бұл үшін осы өрістің кейбір қасиеттеріне (MultiLine және
ScroolBars) сәйкес мәндер орнатылуы тиіс. HscroolBar және VscroolBar
объектілері өз бетінше бар болады, яғни олар ешқандай терезелерге
байланыстырылмайды. Олар қандай да бір шаманың сандық мәндерін орнату үшін
қолданылады.
формаға орналастырылған
HscrollBar объектісінің түрі.
Осы объектінің көмегімен мәндерді орнатудың үш тәсілі бар:
- екі шеткі батырмалардың бірін шерту арқылы;
- жүгіртпені тышқанмен тасымалдау арқылы (жолақтың батырмаларының
арасындағы объект);
- жүгіртпе мен батырмалар арасындағы екі аймақтың бірін шерту арқылы.
Вертикаль айналдыру жолағымен (VscroolBar) де мәндер дәл солай
орнатылады.
Объектілердің келесі деректерінің қасиеттері пайдаланылады:
- Value – айналдыру жолағындағы жүгіртпенің орнымен анықталатын мән;
- Min – жүгіртпенің не шеткі сол жақтағы, не шеткі жоғарғы жақтағы
орнымен анықталатын ең кіші мәні;
- Max – жүгіртпенің не шеткі оң жақтағы, не шеткі төменгі жақтағы
орнымен анықталатын ең үлкен мәні;
- SmallChange – жолақтың шетіндегі батырмаларының бірін шерткенде
Value қасиетінің мәні өзгертетін шама;
- LargeChange – шеткі батырмалардың бірі мен жүгіртпенің арасындағы
аймақты шерткенде Value қасиетінің мәні өзгеретін шама.
Көрсетілген қасиеттің мәнін программаның жұмыс процесі кезінде өзгерту
керек – ол үшін берілген объектілердің Change және Scrool оқиғалары
пайдаланылады.
Көрсетілген қасиеттердің мәндерінің типі Integer, бірақ біз объектінің
деректерін бөлшек мәндерді орнату үшін пайдалана аламыз.
Мысалы, 0-ден 1-ге дейінгі аралықтағы мәндерді 0.01 (SmallChange)
қадаммен және 0.1 (LargeChange) қадаммен біз мына қасиеттердің мәндерін
орната аламыз. Min = 0; Max = 0; SmallChange = 1; LargeChange = 10. Ал
содан кейін Value мәнін 0.01-ге көбейтеміз.
Сырғытпа басқару объектісі. Бұл объектіні басқаша слайдер деп
атайды. Бұл басқару элементі өте пайдалы және кеңінен тараған – оның
көмегімен, мысалы, мультимедиалық қосымшалардың панельдеріндегі дыбыстың
қаттылығын реттеуге немесе еркін алынған түстің реңін таңдап алуға болады.
Сырғытпа объектісінің бірнеше қасиеттері біздерге қажет болуы мүмкін
– олар слайдер объектісінің Property Pages панелінің бетбелгілеріне
қатысады:
- Orientation қасиетінің мәні сырғытпа қозғалысының бағытын
(горизонталь немесе вертикаль) анықтайды. Көптеген қасиеттер тілінің
тұрақтылары болып табылады, мысалы, Orientation қасиетінің 0 мәні – бұл
ccOrientationHorizontal тұрақтысы;
- TickStyle және TickFrequency қасиеттері сырғытпаның қозғалу жолағы
бойында белгілердің (штрихтардың), бар немесе жоқ екендігін, олардың
орналасуын және санын анықтайды;
- Min, Max, SmallChange және LargeChange қасиеттері сырғытпамен
реттелетін аймақтың мәндерін және сырғытпаны орын ауыстырғандағы оның
өзгерісін анықтайды;
- Value қасиетінің мәні сырғытпаның қозғалыс жолағындағы ағымдағы
позициясын көрсетеді. Атап айтқанда пайдаланушы қосымшаның жұмысы кезінде
осы мәнді өзгере алады;
- Text және TextPosition қасиеттері қозғалыстағы сырғытпа ілестіретін
жазулардың мазмұнын және орнын анықтайды.

1.3 Формада информацияны бейнелеудің қосымша құралдары

Microsoft Windows жүйесінің негізгі класының басқару объектілері мына
төмендегідей болады:
- Бетбелгі жолағын (TabStrip);
- Күй қатарын (StatusBar);
- Процесстер жолағын (ProgressBar).
Олардың көмегімен жұмыс істеп тұрған қосымша туралы информация формада
өте толық және өте көрнекті бейнеленеді.
Көрсетілген кластардың объектілерін жасауға арналған саймандардың бәрі
Microsoft Windows Common Controls 6.0 жиынында тұрады.
Бетбелгі жолағын басқару объектісі. Бұл басқару объектісі тіптен үлкен
емес форманың өзін бірнеше бөлікке бөлуге мүмкіндік береді. Оларды жинақтай
келгенде айтарлықтай көп әр түрлі деректерді қамтиды.
Бетбелгісі бар Windows терезесінің жақсы мысалы – бұл қандай да бір
басқару объектісінің қасиеттерін (Property Pages) орнату панелі. Мысалы,
жалпы сұхбат немесе бейнелер тізімі және саймандар сызғышы.
Бетбелгі жолағын формаға орналастыратын TabStrip сайманы ToolBox
жиынына Project мәзірінің Components панелінің көмегімен ендіріледі.
Мысалы, айтайық формада қосымшаның бес бетбелгісі болсын дейік.
Олардың әрқайсысында бес мектеп пәнінің бірінен мәліметтер жиыны болсын.
Бұл мәліметтер емтиханның датасы және емтихан алушы комиссиясының құрамы
туралы болады.
Таңдалынған бетбелгідегі жазуды тышқанмен шерткенде пайдаланушының
қызықтыратын қандай да бір информациясы бар объект пайда болады.
Бетбелгісі бар қосымша терезесін жобалау технологиясы келесі
кезеңдерден тұрады.
1 – кезең. Формаға бетбелгі жолағын оның жоғарғы жартысын алып
жататындай етіп орналастырамыз. Бұл орындалатын бетбелгі жиынның
дайындамасы. Әзірше бұл объектіде бар болғаны бір ғана атаусыз бет бар.
Осы объектіні вертикаль бағытта пайдаланушыға қажетті информациясы бар
мәтіндік өрісті сыйдыру үшін созамыз.
2 – кезең. Бетбелгі жолағы объектісінің Property Pages терезесін
ашамыз. Ол үшін осы объектінің (Custom) қасиетін шерту қажет. Мұны басқаша
да жасауға болады, объектіні тышқанның оң жақтағы батырмасымен шертіп,
пайда болған мәнмәтіндік мәзірден Properties командасын таңдаймыз. Осы
терезенің Tabs бетінің Caption өрісіне Қазақ тілі мәтінін ендіреміз және
Insert Tab батырмасын шертеміз. Caption өрісіне Математика мәтінін
ендіреміз және тағы да Insert Tab батырмасын шертеміз. Осылайша бес рет
орындаймыз. Ең соңғы (Информатика) қатарын ендіргеннен кейін ОК
батырмасын шертеміз. Бетбелгі жолағы объектісінде біз жазуы бар беттің
орнына бес жазуы бар бет пайда болады.
3 – кезең. Бетбелгі жолағы объектісіне мәтіндік өрісті орналастырып,
олардың саны бетбелгінің санына тең.
Бәрінен де бұрын қазақ тілі пәні бойынша өтетін емтихан туралы
деректер үшін бірінші мәтіндік өрісті орнатамыз.
Жұмыс істеп тұрған қосымшадағы қалған 4 мәтіндік өріс бірінші өріс
тұрған орында тұруы тиіс. Бірақ жобалау процесі кезінде мұны жасау
ыңғайсыз, сондықтан оларды бетбелгі жолағы объектісінен тыс орындарға
қалай болса солай орналастырамыз. Мысалы, мына төменде көрсетілгендей.
Қосымшаның жұмысы кезінде барлық мәтіндік өрістер бір орында
пайда болу үшін, біздер программаның жұмысы кезінде олардың координаттарын
өзгерте аламыз.
Мәтіндік өрістерден жиым жасаймыз – олардың барлығына бірдей ат
қоямыз, мысалы Text деп атаймыз. Содан соң мәтіндік өріске пайдаланушыға
қажетті барлық информацияны ендіреміз.
4 – кезең. Біздің қосымшамыз үшін программа жазайық. Ол екі
процедурадан тұрады: Form_Load және Бетбелгі жолағы Click:
Dim Бетбелгі нөмірі As Integer
‘Форманы жүктеу
Private Sub Form_Load()
For Бетбелгі нөмірі = 1 To 4
Text(Бетбелгі нөмірі).Top = Text(0).Top
Text(Бетбелгі нөмірі).Left = Text(0).Left
Text(Бетбелгі нөмірі).Heigth = Text(0).Height
Text(Бетбелгі нөмірі).Width = Text(0).Width
Next Бетбелгі нөмірі
Text(0).Zorder 0
End Sub
‘Бетбелгі жолағын шерту
Private Sub Бетбелгі жолағы_Click()
Бетбелгі нөмірі = Бетбелгі жолағы.SelectedItem.Index
Text(Бетбелгі жолағы - 1).Zorder 0
End Sub
Келтірілген процедуралардың біріншісі барлық мәтіндік өрістердің
өлшемдерін және координаттарын теңестіруді жүргізеді, олардың бәрі бірінші
өріске тең болады және бірінші өрістің орнында пайда болады.
Бұл процедура тағы бір қатарды қамтиды – Zorder(N) әдісін мәтіндік
өрістер жиымының 0 – объектісіне қолданады. Осы әдістің N параметрлерінің
мәні – бұл бірін –бірі жауып тұрған, формаға орналасқан барлық
объектілердің будасындағы берілген объектінің нөмірі. Берілген жағдайда,
N = 0, яғни объект басқа объектілермен жабылмайды.
Екінші процедурада Zorder(N) әдісі пайдаланушы шерткен бетбелгінің
нөмірі – бұл бетбелгі жолағы объектісінің SelectedItem қасиетіндегі Index
бағыныңқы қасиетінің мәні.
5 – кезең. Программаны іске қосамыз. Іске қосқаннан кейін бірінші бет
ондағы бірінші мәтіндік өрісімен ашық болады. Кез келген басқа беттің
жарлығын шерту, осы бетке қатысты мәтіндік өрістің пайда болуын шақырады.
Қалған мәтіндік өрістер осы өрістің астында қалады.
Қатар күйін басқару объектісі. Бұл элементтің атқаратын қызметі – осы
берілген уақыт мезетінде жұмыс істеп тұрған қосымшада не болып
жатқандығымен пайдаланушыны хабардар етіп тұру қажет.
Кәдімгі жағдайда күй қатары форма терезесінің төменгі жағының бойымен
горизонталь орналасады.
Күй қатары бірнеше панельдерден тұрады. Берілген жағдайда, үш панельді
көреміз. Олардың әрқайсысында программа жұмысының барысында сол немесе
басқа жедел информация пайда болады немесе жоғалып кетеді. Берілген
жағдайда, бұл мәтін тышқан меңзерінің жаңа құжат батырмасына әкелінгені,
сондай-ақ пернетақтаның CapsLock және NumLock режімінде жұмыс істейтіндігі
туралы мәліметтерді білдіреді.
Ағымдағы уақыт және дата, редакцияланатын мәтіннің параметрі, шағын
ғана қозғалмайтын немесе қозғалыстағы бейнелер т.с.с күй қатары панелінде
жиі кездеседі. Біз өзіміздің қосымшамызда мұндай қатарды жаай аламыз. Оны
жасау үшін StatusBar сайманы пайдаланылады. Оның көмегімен формаға күй
қатары объектісі орналасады. Бұл сайман ToolBox жиынына бізге белгілі
тәсілмен TabStrip сайманын қалай ендірсек, дәл солай ендіріледі.
Қатар күйін басқару объектісі. Егер программа ұзақ орындалатын болса
және пайдаланушы кез келген мезетте оның қандай бөлігінің орындалғандығын,
ал қандай бөлігінің орындалмағандығын білу үшін басқару объектісін
қосымшаның формасына орнатуға болады.

Тарау ІІ. Дискілік файлдармен жұмыс
2.1 Дискіні, каталогты және файлды таңдау құралдары

Стандартты ToolBox жиынында мына келесі негізгі саймандар бар, олар
DriveListBox, DirListBox және FileListBox. Олар пайдаланушыға дискілі
құрылғыларды және файлды таңдау үшін қажет.
Осы берілген саймандардың көмегімен формада Құрылғылар тізімі,
Каталогтар тізімі және Файлдар тізімі басқару объектілері жасалады.
Қарапайым мысал арқылы осы объектілерді жасау және пайдалану
технологиясын демонстрациялайын.
Қосымшаның формасына жоғарыда көрсетілген үш тізімді және үш мәтіндік
өрісті орналастырамыз.

Бірден формаға көрсетілген тізімдерді орнатқаннан кейін біз олардан
іздеудің бастапқы күйін, яғни нақтылы құрылғыны, (мысалы, С:), каталогтар
тізімін және файлдар тізімін көреміз.
Үш мәтіндік өрістің біріндегі таңдалатын файлдың типіне шектеу
ендіреміз.
Программаны іске қосқанда пайдаланушы таңдалынған файлдың типіне
қойылған шектеуге немесе оны өзгертуге келісе алады, содан соң ол тышқанмен
дискілі құрылғыны, каталогты және осы каталогтағы файлды таңдауы және
ерекшеленуі тиіс. Екінші мәтіндік өріске тышқанмен шерткеннен кейін онда
пайдаланушы таңдалған файлға апаратын жол пайда болуы тиіс. Ал үшінші
мәтіндік өрісті дәл солай тышқанмен шерткенде, осы файлдың ішіндегісі пайда
болады.
Берілген қосымшаның жұмысын қамтамасыз ететін программа келесі
процедураларды қамтиды.
Private Sub Drive1_Change() ‘Құрылғылар тізімдегі өзгеріс
Dir1.Path = Drive1.Drive
End Sub
‘Каталогтар тізімдегі өзгеріс
Private Sub Dir1_Change()
File1.Pattern = Text1.Text
File1.Path = Dir1.Path
End Sub
‘Таңдалынған файлға жол беру
Private Sub Text2_Click()
Text2.Text = File1.Path & “\” & File1.FileName
End Sub
‘Таңдалынған файлдың
ішіндегісін
беру
Private Sub Text3_Click()
Open Text2.Text For Input As # 1
Text3.Text = Input(LOF(1), # 1)
Close # 1
End Sub
Күнтізбені шолу және дата мен уақытты таңдау. Visual Basic жобалау
жүйесінің арсеналында күнтізбемен жұмыс істеуге арналған көрнекті және
тартымды құралдар, атап айтқанда, күнтізбені шолу (MonthView) және дата мен
уақытты таңдау (DataTimePicker) саймандары қолданылады.
Олардың біріншісінің (MonthView) көмегімен күнтізбені шолу басқару
объектісін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоба және пішін терезесі
Visual Basic орасының пайдалану жолдары
Жоба терезенің астында
Visual Basic-та инженерлік калькулятор жүйесін құру
Windows қосымшамыздың пайдаланушыларға арналған маңызды жұмыстар үшін ыңғайлы саймандар
Visual Basic ортасында тексттік файлдарды шифрлеу және қайта шифрлеу
Visual basic ортасында программалау
Visual basic ортасында деректер қоры
VISUAL BASIC басты элементтерімен танысу
Мультимедиялық қосымшалар құру технологиясы
Пәндер