Түркі атауының шығуы



Түрік халықтарының шығу тегі мен түпкі түрк тілінің -пайда болуына қатысты бізге мәжбүрленіп таңылған ғылыми үрдіс аясымда талайдан қалыптасқан пікір көбіне тақ – түк. ол бойынша бұл тұрғыдағы тарихтың тарихтың ізін әріден індетудің қажеті шамалы, бәрі беріден деп есептеледі. Әрі алға тұтылар дәлел де бұл мәселеде еш түйткіл туындамауы керек деген ыңғайда нықталар еді.
Яки түрік атауына қатысты әуелгі деректер қытайдың ширатпа жылнамаларында жыл санаудың IV ғасырында ғана хатталған. орхон мен Енесей атырабындағы көне түрік жазуымен бәдіздеген бітіктастар VII ғасырдан бері ғана бар; демек, бұл жұрттардың тарихын, шыққан тегін, тілін сол кезеңдер қарасаңындағы жүз жылдықтардан ғана іздеген жөн; түрік этносы мен глоттлгенезінің көне ошағы Еуразия құрлығының шығыс бөлігіндегі Алтай мен Хинган таулары арасындағы аумақпен тығыз байланысты ; ал Алтайдан батысқа қарай негізінен үндіеуропалық тілдерінде сөйлейтін жұртттар мекендеді.
Ғылымда түрік тілінің моңғол , тұңғыш – мәнжүр, жапон, корей тілдерімен бірге алтай тілдері тобына жатқызылы, ол қауымға енетін көне жұрттардың алтайлық тайпалар деп аталатыны белгілі. бұл атаудың өзі шартты әуелі олар Алтай тауларынан едәуір шығыс жақта , Енессай мен Тынық мұхит аралдарындағы Оңтүстік Сібір Моңғолия мен Мәнжүрия сондай - ақ Солтүстік Қытайды қамтитын зор аумақта қалыптасты.
Жыл санауға дейінгі ІІ – І мыңжылдықтарда осы алтай тайпалары арасында біртіндеп арғы түрік – моңғол, арғы тұңғыс – мәнжүр тілдерінде сөйлейтін тайпалар жіктеле бастады. Арғы түрік жұрттары – Орталық Азия мен Ішкі Моңғолияда, Байкалдан Ордосқа дейін мекендесе, арғы моңғолдар Мәнжүрия мен Солтүстік - Шығыс Моңғолияда ұйысты. Олар кей аумақтарда бір – бірімен араласа қоныстанды.
Түрік тілі мен этносының түпкі тарихына қатысты ресми

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Түркі атауының шығуы.
Түрік халықтарының шығу тегі мен түпкі түрк тілінің -пайда болуына
қатысты бізге мәжбүрленіп таңылған ғылыми үрдіс аясымда талайдан
қалыптасқан пікір көбіне тақ – түк. ол бойынша бұл тұрғыдағы
тарихтың тарихтың ізін әріден індетудің қажеті шамалы, бәрі
беріден деп есептеледі. Әрі алға тұтылар дәлел де бұл мәселеде
еш түйткіл туындамауы керек деген ыңғайда нықталар еді.
Яки түрік атауына қатысты әуелгі деректер қытайдың
ширатпа жылнамаларында жыл санаудың IV ғасырында ғана
хатталған. орхон мен Енесей атырабындағы көне түрік жазуымен
бәдіздеген бітіктастар VII ғасырдан бері ғана бар; демек, бұл
жұрттардың тарихын, шыққан тегін, тілін сол кезеңдер қарасаңындағы
жүз жылдықтардан ғана іздеген жөн; түрік этносы мен
глоттлгенезінің көне ошағы Еуразия құрлығының шығыс бөлігіндегі
Алтай мен Хинган таулары арасындағы аумақпен тығыз байланысты
; ал Алтайдан батысқа қарай негізінен үндіеуропалық тілдерінде
сөйлейтін жұртттар мекендеді.
Ғылымда түрік тілінің моңғол , тұңғыш – мәнжүр, жапон, корей
тілдерімен бірге алтай тілдері тобына жатқызылы, ол қауымға
енетін көне жұрттардың алтайлық тайпалар деп аталатыны белгілі.
бұл атаудың өзі шартты әуелі олар Алтай тауларынан едәуір
шығыс жақта , Енессай мен Тынық мұхит аралдарындағы Оңтүстік Сібір
Моңғолия мен Мәнжүрия сондай - ақ Солтүстік Қытайды қамтитын зор
аумақта қалыптасты.
Жыл санауға дейінгі ІІ – І мыңжылдықтарда осы алтай
тайпалары арасында біртіндеп арғы түрік – моңғол, арғы тұңғыс –
мәнжүр тілдерінде сөйлейтін тайпалар жіктеле бастады. Арғы
түрік жұрттары – Орталық Азия мен Ішкі Моңғолияда, Байкалдан Ордосқа
дейін мекендесе, арғы моңғолдар Мәнжүрия мен Солтүстік - Шығыс
Моңғолияда ұйысты. Олар кей аумақтарда бір – бірімен араласа
қоныстанды.
Түрік тілі мен этносының түпкі тарихына қатысты ресми
ғылымда нақтыланған ұстанымдар, міне , осындай.
Бұл пайымның бізге әбден етене , даусыз түйін ретінде
нысықталғаны сонша, онда басқа пікірдің туындауы мүмкін еместей
көрінер еді. Яки түрік тілі - Алтай төңірегінде ғана дүниеге
келген перзент, оның Алтайдан батысқа қарай жылжып, Еуропа
құрлығына енуі жыл санаудың бас кезінде өткен хұн жорықтарына,
содан туындаған халықтардың ұлы қоныс аударуларына байланысты
жүзеге асты. Оған дейін бүгінгі қазақ жері және оның
батысы мен күнгейіндегі жансарлас аймақтарды тек еуропеоид
текті нәсілдер, демек үндіеуропалық тілдерде сөйлейтін жұрттар
мекендеді. Олардың түрік тілде мүмкін емес, өйткені түрік
тайпалары моңғолоид текті нәсілге жатады. деп бір түйін
тастар еді.
Әрине тіл мен нәсілдік ерекшеліктерді бір – бірінің
анықтамасы түрінде қарастыруға болмайтыны, еуропеоидтік кескінді
- тек үндіеуропалық моңғолоид тұрапатын – тек алтайлық қауымға тән
белгілі деп танудың жөн еместігі сол академиялық ғылым
тарапынан талай айтылып, талай тиянақталды.
Алайда еуропеоид кескінді болса, ол түрік текті емес,
үндіеуропалық тілде сөйлейтін жұртқа жатады дейтін “аксиоманың”
әрдайым алдан шығып, аяққа оралғы бола беретінің байқау қиын
емес. Бұл ретте тіпті , таза моңғолоид нәсілі ететін арсал боп
табылатын Алтайдың шығыс жаға мен Ішкі Азия жазираларынан
археологтар тапқан еуропеоид текті бас сүйек қазбаларының өзі
де түрік тілдерінің артефактісі емес, осы аймақта
үндіеуропалық жұрттардың қоныстанғанын көрсететін басты нышан
ретінде танылып, соған лайық топшылаулар жасалар еді. Өйткені
талай уақыт бойы ғылымда үстем боп келген еуроцентршіл
өктемдіктен туындап, “сара жол” ретінде нақтыланған ұстаным осы.
Бұл көзқарас кешегі кеңес билігі кезінде де түрік жұрттары
тарихының зерттеуі барысында басым ютүрде алға тұтылды.
Ежелгі Түрік өркениетінің ұлы үлгілерінің бірі Орхон –
Енесей жазуларын да кеңес елі құрамындағы түрік елдері
ғалымдары тарапынан зерттеу тақырыбына айналдырылуына салқын
қабақ танытылып, олардың байырғы байтақ тарихымызға, айбынды
империялар мен ұлыстар құрған дәуірлерімізге бойлай бермеуін
арнайы қадағалаған саясат өз дегеніне жетті десе де болады.
орталықтан нұсқалған еуроцентршіл идея түрік тілдес респуликалар
ғылымына мұрты бұзылмай көшіріліп, “түрк дүниесінің өткен жоқ,
оның бар тарихы Алтай төңірегінде мекендеген замандарынан ғана
басталды” деген пікірлер әбден санаға сіңірілді. Оған иә біз
сондаймыз деген өзімізден шыққан ләппайшылар жамырай үн қосты.
Осы үстем пікірге күдік білдіретін оқыс тұжырымдар дереу
қылтасынан қиналып отырады. бұл саясат көппен бірге қазақ
ғылымын да титықтатты.
Алайда заман өзгерді. Өткен кеткені , өшкен – жанды. Бұрынғы
кеңес құрамында болған түрк тілдес елдер ғалымдары талай уақыт
бүркемелденіп келген тақырыптарды көтере бастады, тол тарихтарына
қатысты терең қатпарларды шындап түгендеуг кірісіп кетті.
Бұл ретте әсіресе, әзербайжан, татар, қарашай, балқар ғалымдарының
қарқыны қауырт. Қазақстанда сонау 1975 жылы “Аз және Я” кітабымен
семген саналарды селт еткізген О. Сүлейменовтың қуатты қаламынан
кейінгі жылдардың өзінде “Жазу тілі”.
Ежелгі тарихымыз туралы сөз ете отырып, Алтай төңірегі мен
Ішкі Азия аймағының бізге бөтен емес оның түрк халықтарының
бір аяулы мекені , арда жазирасы екендігіне халық келтіре
алмаймыз. Ол - барша түрк жұрттарының басын қосқан құтты қоныс,
құйқалы жұрттарының басын қосқан құтты қоныс, құйқалы атамекен.
Еуразия құрлығының осы өңірінде көне түрк тарихының талай
алтын беттері қаталған, әлемді ат тұяғымен дүбірлеткен айбынды
ұлыстарының байрақтары желбіреген көне өркениетіміздің айшықты
белгісіндей тол жазуымызбен өрнектелген жауһар жырлар дүниеге
келіп, тас, бетінде бедерленіп қалған.
Алайда ол - осы кезге дейінгі тарихымызда қалыпталғандай
түпкі тілі мен этносы пайда болған жалғыз атамекен емес.
Оны одан горі алтайдық қауымға енетін жұрттар қоныстанған
байтақ аймақтың шығыс капиталы , мал мен жанға жайлы өлкесі ,
байырғы түрк тілінің кемелденуі ерекше қарқынмен жүрген
құнарлы өңірі бәлкім, арғы түрк халықтары дамуының белгілі
кезеңінде алтын бесік болған айтулы бір құтты ұясы
ретінде таныған жөн болды.
Ресмиленген тарихнамада алтайлық қауымдардың әуелгі пайда
болған ареалы Алтайдың батыс жағына қарай өткізілмейтіннің
әлгінде айттық. Бар өркениет кіндігі күллі мәдениет Еуропа
құрлығынан ғана тарайды дейтін көзқарасты ұстанатын еуроцентршіл
ғылым қалыптастырып кеткен бағыт пен оны жалғастырушылар
әлі де осы тұжырымнан еш айырылғысы жоқ.
Неге бұлай? Татардың әйгілі ғалымы , академик М.Закиевтің
еуроцентризм идеясыны ие себепті бәрінен бұрын түрк
жұрттарына қарсы бағытталғанын былайша түсіндіретіні бар.
Бәрі де мұсылман - села үктердің ХІ ғасырда хретиандардың
қасиетті Иерусализмді жаулап алуынан басталған еді дейді ол.
Батысеуропалық феодалдардың Шығысқа қарсы қанды кек алу
жорықтарын жасауына да дәл осы себеп басты түрткі болыпты.
Мұсылман түріктерге қарсы сол сүреңіткен жорықтар барысында
еуроцентризм идеясы да нығайыпты. Еуроцентршілдікті жақтаушыларша,
адамзат мәдени – тарихи дамуы әуелде Еуропа құрлығына ғана деп
есептелген. Демек әлемдік өркениетті жасау тек батыс
еуропалық халықтар өкілдерінің ғана қолынан келеді. Сол себепті
оны әрі қарай дамытып нығайтушылар да тек християндар болмақ
керек, олар сондықтан да тарихи халықтар деп аталмағы
ләзім. Ал қалғандағы өз – өзінің тарихты жасауға ат
салыспаған жабайылар болып шығады. Сондай халықтардың
қатарына еуроцентршілдер, ең алдымен , өзінің тікелей әскери
жән е діни тұрғыдан ата жауы - түріктерді қосқан еді. Яки
ондай азиялық елдердің тек еуропалық жұрттардың ғана қолынан
келер өркениеттік құндылықтарға қатысы жоқ болып шығады.
Ғасырлар бойы осы қағидаға орай жазылған тарихтың
салқыны бүгінге дейін қатты білінеді. Жыл санауға дейінгі
мыңжылдықтарда Алтайдың батыс бетін, жалпақ Еуроазия төсіп
дүбірлеткен сақ – скиф дәуірлері және одан бұрығны Орталық,
Батыс Азиядағы түпкі түрік тарихына қатысты Ұлы Даналық
үдерістер, олардың бүгінгі түрік болмысымен үндесіп, сабақтасып
жатқан ортақ этномәдени ерекшеліктері, жөн – жора салт – дәстүрлері
, мифологиялық сарындары , кей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш хан туралы
Тарихи әдебиеттердегі «қазақ» этнонимының тарихы
«Қазақ» атауының төркіні туралы
Қазақ халқының және қазақ хандығының құрылуы
Қазақ атауының мән - мағынасы туралы
Қазақ этнонимінің мәніне тарихи талдау
Шығыс Қазақстан облысының топонимінің қалыптасуы табиғи және тарихи жағдайы
Қазақ халқы және хандығы
Қазақ этнонимі туралы зерттеу деректері
Топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі
Пәндер