Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі


Жоспары:
1. Кіріспе
а) жүректің созылмалы жеткіліксіздігі туралы түсінік.
2. Негізгі бөлім
а) b-андреноблокаторлардың әсері.
ә) Жүректің созылмалы жеткіліксіздігінде кардиоселективті b-адреноблокаторларды қолдану. Қолдану көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, жанама әсері.
б) Селективті емес b-адреноблокаторларды қолдану. Көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, жанама әсері.
3. Қорытынды.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің B-адреноблокаторларды қолдану. Көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер, жанама әсері
Жүрек-қан айналым жүйесінің созылмалы жетіспеушілігі адам организміндегі патологиялық жағдай. Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі кезінде жүрек-қантамыр жүйесі адам ағзасының мүшелері мен тіндерінің қалыпты функциясын атқаруға қажетті қан қан көлемімен қамтамасыз ете алмайды. Жүрек-қанайналым жүйесінің созылмалы жеткіліксіздігінің патогенезінің негізінде жүректің жиырылғыштығының төмендеуі, миокардтың зақымдануы, жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігі, қолқаның, өкпе артериясының саңылауының тарылуы, қан тамырларының зақымдануы жатады.
Миокардтың зақымдануы нәтижесінде жүрек жеткіліксіздігі дамиды. Миокардың зақымдануы миокардит, кардиомиопатияда, диффузды кардиосклерозда, ірі ошақты миокард инфарктында жиі кездеседі.
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігінің бастапқы кезеңінде қанайналым жеткіліксіздігі тек физикалық және эмоционалді жүктемеден кейін дамиды, ал тыныштық жағдайда гемодинамикалық көрсеткіштер қалыпты болады. Жүректің минуттық қан айдау көлемі және айналымдағы қан көлемі азайғанда, систолалық фазаның бұзылысы кезінде гемодинамикалық өзгерістер дамиды.
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі кезінде адам ағзасының мүшелері мен тіндерінде микроциркуляция бұзылысы дамиды, нәтижесі дистрофиялық өзгерістерге алып келеді. Мүшелердегі дистрофиялық өзгерістерге байланысты олардың функциясы бұзылады:өкпелердің диффузиялық қызметі, дезинтоксикациялық қызмет, бауырда белок пен гликоген түзілуінің бұзылуы және т. б. Бұл бұзылыстар адам ағзасының компенсаторлық реакцияларының іске қосылуын тежейді.
Жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы жеткіліксіздігінің ауыр сатысында ОЖЖ-нің, бүйрек, бауыр, өкпенің бұзылысы айқын көрінеді.
Жүректің -қанайналым жүйесінің созылмалы жеткіліксіздігінің еміндегі негізгі мақсат -зақымдалған жүректің функциональді жағдайын жақсарту, тамырлардың тонусын қайта қалпына келтіру, зақымданған мүшелердің функциясы мен микроциркуляциясын нормализациялау. жүректің созылмалы жеткіліксіздігі кезінде b-адреноблокаторлар кеңінен қолданылады,
b-адреноблокаторлардың антиангиналді және антиишемиялық әсері микардың оттегіге қажеттілігін төмендетуіне негізделген, b-адреноблокаторлар теріс хронотропты және теріс инотропты әсер етеді, сонымен қатар коронарлық қанайналымды жақсартады.
Антигипертензивті әсері жүректен шығатын қан көлемін азайтуға, бүйректің юкстагломерулалық жасушаларынан рениннің секрециясын төмендетуге(ренин бауырдан ангиотензиногеннің секрециясын арттырады), симпатоадренал жүйені тежегендіктен норадреналиннің синтезін төмендетуіне негізделген. b-адреноблокаторлар(пропраналол. атенолол, метапронолол, окспронолол) жүректің ишемиялық ауруларында жиі кездесетін кенеттен болатын өлімді, геморрагиялық инсульттерді азайтады Сонымен қатар, . b-адреноблокаторлар қолқа аневризмасының, катехоламиндік криздердің профилактикасы ретінде қолданылады. b-адреноблокаторлардың екі түрі белгілі: кардиоселективті , (тек қана жүректегі b1-адренорецепторларды тежейтін) және селективті емес( жүректегі b1-адренорецепторлар және бронх пен тамырдағыb2- адренорецепторларды тежейді) . Селективті емес b-адреноблокаторлар тамырлар мен брохтарды тарылтатын қасиетке ие болғандықтан бронхоспазмға, перифериялық қан тамырларының тонусының жоғарылауына бейімділігі бар
науқастарға сақтықпен қолдану керек. Негізінен ЖИА кезінде кардиоселективті b-адреноблокаторларды қолданған тиімді, себебі олар қантамырлардың кедергісін жоғарлатпайды, демек жүрекке түсетін жүктеме де азаяды.
b-адреноблокаторларды суда еритін (атеналол, нодалол, соталол) және майда еритін(пропраналол-анаприлин, пиндолол т. б) болып бөлінеді. Суда еритіндер гематоэнцефалді барьерден өтпейді, сондықтан жанама әсері аз.
Кардиоселективті b-адреноблокаторлар .
Атенолол (Atenololum)
Синонимдері:Азектол, Атен, Атенобене, Бетакард, Синаром, Унилок т. б. Ұзақ әсер ететін b1-адреноблокатор t ½ 6-9 сағат. Гидрфилді қасиеті бар, гематоэнцефалды барьерден өтпейді, бірақ плацентарлы барьерден өтеді.
Қолдану көрсеткіштері:
*артериалды гипертензия
*стенокардия, миокард инфаркты
*суправентрикулалық және қарыншалық тахиаритмия
*гипертрофиялық кардиомиопатия
Ішке және тамыр ішіне қабылдайды. Ішке 50-100 мг тәулігіне 1-2 рет. Тамыр ішіне аритмия кезінде 0, 15мг/кг 20 минут аралықта, 12сағат сайын. Миокард инфаркты кезінде тамыр ішіне 5мг 5минут аралығында, 10 минуттан соң осы дозаны қайтаруға болады. Миокард инфарктында атенололды қолдану кенеттен болатын өлімді, жүректің жыртылуын, қарыншалардың фибриляциясын азайтады b1-адренорецепторларды тежегендіктен бронхоспазмы және перифериялық қан тамырларының спазмы бар науқастарға кауіпті емес.
Қарсы көрсеткіштер:
*синусты брадикардия
*қант диабеті
*жүктілік
*емшекпен емізу кезінде
Жанама әсері:
*брадикардия
*гипогликемия
*гипотиреоидты жағдай
*диспепсия
*депрессия
*ұйқының бұзылысы, қорқыныш сезімі
*аллергиялық реакциялар
Шығарылу қалпы:0, 025; 0, 05 және 0, 1г таблеткалар(N. 20, 30, 50, 100)
Метопролол (Metoprolol)
Сукцинат немесе тартрат түрінде шығарылады.
Синонимі:Беталок, Вазокардин, Корвитол, Лопрессор, Эгилок)
Әсер механизмі b1-адренорецепторларды тежеу арқылы.
Ішке қабылдағанда толығымен сіңіріледі, биожеткіліктілігі 50-70%, t ½ 3-7 сағат; бауырда биотрансформацияға ұшырайды, бүйрек арқылы шығарылады.
Қолдану көрсеткіштері:
*стенокардия
*микард инфаркты
*артериалді гипертензия
*тахиаритмияларда
* тахикардиямен жүретін жүрек жеткіліксіздігі
Ішке 0, 1-0, 2 г күніне 2-3 рет тартрат түрінде, ал 1 рет сукцинат түрінде. Тамыр ішіне 0, 005 г минутына.
Қарсы көрсеткіштер:
*қант диабеті
*жүктілік
*брадикардия
*төмен систолалық қысым
Жанама әсері:
*артралгия
*миалгия
*көрудің нашарлауы
*лейкопения
*агранулоцитоз
*аллергия
Шығарылу қалпы:
Таблеткалар 0, 025, 0, 05 және 0, 1 г түрінде(N 20, 30, 50, 100)
0, 1% ерітінді түрінде 5 мл ампулада.
Талинолол( Talinolol)
Синонимі:Корданум
Әсер механизмі: b1-адренорецепторларды тежейді, теріс инотропты, теріс хронотропты әсер етеді, гипотензивті әсері бар.
Қолдану көрсеткіштері:
*миокард инфаркты
*стенокардия
*артериалді гипертензия
*қарыншалық пароксизмді тахикардия
*қарыншалар жыбыры және дірілі
Ішке және тамыр ішіне қолданады. Ішке 0, 1-0, 2 г тәулігіне 3 рет.
Тамыр ішіне аритмияда 10 мг, миокард инфарктында 10-20 мг (тәулігіне 50 мг) .
Қарсы көрсеткіштер басқада b1-адреноблокаторлар сияқты.
Шығарылу қалпы:0, 05 г драже немесе таблетка түрінде(N30, 50 )
Бетаксолол( Betaxolol)
Синонимі:Бетоптик, Локрен.
Әсер механизмі:кардиоселективті b1-адреноблокатор, әлсіз әсерге ие. Липид алмасуын бұзбайды.
Био жеткіліктілігі 80-90% t ½ 15-20 сағат гисто- және гематобарьерден нашар өтеді; метаболит түрінде бүйректен шығарылады.
Артериалді гипертензияда 0, 02 г 1-тәулікте, кейіннен 0, 04 г дейін жоғарылатамыз. Емдеу 2 аптаға дейін созылады.
Қолдану көрсеткіштері:
*артериалді гипертензия
*стенокардия
*миокард инфаркті.
Қарсы көрсеткіштер:
*артериалді гипотензия
*ауыр брадикардия
*жүктілік, емшекпен емізу.
*қант диабеті
Жанама әсері:
*көрудің нашарлауы
*брадикардия
*аллергия
*диспепсия
Кальций ионының антагонистері, амиодарон, хинидин тәрізді заттар жүрек-қантамыр жүйесі жағынан жанама әсерлерді күшейтеді.
Шығарылу қалпы:
0, 01 г және 0, 02 г таблетка түрінде (N . 14, 28 ) 0, 25 % ерітінді күйінде 5-10 мл ампулада.
Селективті емес b1-b2адреноблакаторлар.
Анаприлин (Anaprilinum)
Синонимі:Апо-пропраналол, Бетакэп, Индерал, Обзидан. Ақ түсті кристалды ұнтақ. Суда және спиртте ериді. Жоғары липофильді қасиетке ие.
Әсер механизмі:таңдамалы емес b-блокатор; мембранотұрақтаушысы. Анаприл жүректегі b1-адренорецепторларды тежей отырып, жүректің жиырылу жиілігін қан айдау көлемін және миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендетеді. b2-аденорецепторларды тежегіндіктен емнің басында бронх пен перифериялық тамырлардың тонусы артады. Анаприл қан плазмасындағы рениннің активтілігін төмендетеді; бүйректік қан айналымды және шумақтық фильтрацияны төмендетеді.
Ішке қабылдағанда тез сіңіріледі. t ½ 2-5 сағат. Бауырда интенсивті метаболизмге ұшырайды. Биожеткіліктілігі 30-40%. Плацентарлы барьерден өтеді.
Артериалды гипертензияда бастапқы доза 0, 08г күніне 2 рет, қажеттілігіне қарай дозасын 0, 16 -0, 32 г тәулігіне дейін жоғарылатамыз. Стенокардияда 0, 04г 3-4 рет күніне. Қайталамалы миокард инфарктінің профилактикасы ретінде басында 0, 04г тәулігіне 4 рет 2-3 апта береміз. 3 аптадан кейін 0, 08 г тәулігіне 3 рет. Аритмияда, іркілулік гипертрофиялық кардиомиопатияда 0, 01-0, 04г 3-4 рет тәулігіне. Жүрек ырғағының бұзылысында, стенокрдия ұстамасында және миокард инфарктында тамыр ішіне алдымен 0, 001г(1мг) енгізеді. Кейіннен 2 минуттан соң анаприлдің әсері мен науқастың төзімділігіне қарай 0, 005-0, 01г (5-10мг) дейін өсіреді. ЖИА-ның емінде анаприлдің дозасын бірте-бірте азайту керек. Емді бірден тоқтатқанда, ангинозды синдромның күшейуі миокард ишемиясының артуы бронхоспазм сонымен қатар қанның
реологиялық қасиетінің өзгеруі (эритроциттің агрегаттық қасиетінің артуы) байқалады. ЖИА-ны анаприлмен ұзақ уақыт емдегенде жүрек гликозидтерін беру керек.
Қолдану көрсеткіштері:
*ЖИА
*артериалды гипертензия
*қарыншалық тахиаритмия
*іркілулік гипертрофиялық кардиомиопатия
Қарсы көрсеткіштері:
*синустық брадикардия
*синоатриалды және атриовентрикулалы блокаданың 3-ші дәрежесі
*аса ауыр жүрек жеткіліксіздігі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz