Жапонияның 50 жж саяси өмірі



1 Жапонияның 50 жж саяси өмірінің ереркшеліктері
2 «Ёсида доктринасы».
3 «1955 ж саяси жүйесін» қалыптастыру. Саяси институттар мен саяси партиялар.
4 Либералдық−демократиялық партияның (1955) Хатояма үкіметі
5 1960.шы жылдардағы әлеуметтік өзгерістер
6 Саяси күштердің құрылымындағы өзгерістер
7 Ғылыми−техникалық революция
1949 жылдың шілде−тамыз айларында Жапонияда жапондықтарды үш инцидент қатты алаңдатты. Олардың барлығы темір жол мәселелеріне байланысты жапондықтардың әлеуметтік табының әркелкіленуіне байланысты болды. Біріншісі денесі теміржол желісінде табылған мемлекеттік Симояма темір жолының президентінің өлімі болды. Екіншісі Токио қаласының Митака станциясында жүргізушісі жоқ электрі пойыз адамдарға бағытталды. Және соңғысы Мацукава станциясына жақын жерде пойыз апаты болды. Барлық жағдайларда кінә профодақ белсенділері, коммунистерге тағылды. Есида тергеу жүргізбей жатып−ақ коммунистер қоғамдық тәртіпсіздік орнатып жатыр деген мәлімдеме жасады. Симояма президентінің өлімі ісі аяқталмай жабылып қалды. Митака станциясындағы келісілген бұзақылық деп аталған іс сот үкімімен қайтарылды. «Мацукава» ісі алғашында қозғалып, кейіннен кінәсіз деп жабылып тасталды. Осы аталғандардың барлығы компартия қызметіне үлкен зардап әкелді және халық алдында беделін түсірді. 1948 жылдың басында−ақ коммунистік партия ұлттық демократияландыру бағытын ұстанды және Жапонияның толықтай тәуелсізденуіне ұмтылды. Кейіннен 1950 жылы қаңтарда халықаралық коммунистік үнқағаз «Коминформда» антиамерикандық бағыт ұстанатын компартия мақаласы жарияланды. Мақалада екіжақты бейбіт келісімнің болуы, Жапонияның толықтай еркін ел болуы, сонымен қатар елден американдық әскерлердің шығарылуын талап ететін жағдайлар қарастырылды. Соның ішінде коммунистік партия жетекшілерінің бірі Носака Сандзоның «оккупация режимінде бола отырып Жапонияны социализм бағытына бет бұрғызу» деген мақаласы қатты сынға ұшырады. Осының әсерінен Жапонияда коммунистер туралы біршама кері ойлар қалыптасты. Коммунистер елде бұзақылықтарды және қате ойларды қалыптастыратын топ болып есептелді. 1950 жылдың маусымында коммунистік саяси қызметтен жиырма төрт саясаткер аластатылды. Біраз уақыт өткен соң «Акахата» деп аталатын коммунистік үнқағаздың он жеті қызметкері жұмыстарынан босатылды. Корей соғысы басталған соң Макартур штабы үнқағазды мүлдем жауып тастады. Шілде айынан бастап барлық мемлекеттік қызметтерден аластатылған коомунистердің жасырын, заңдастырылмаған қызметі басталды. «Қызылдарды тазарту» мақсатында Жапонияда шілде айынан қарашаға дейін он екі мың адам жұмыссыз қалды. Осындай әрекеттерден кейін 1951 жылы компартия басшылары Қытайға және Ресейге барып кеңестер алып қайтты. Сталинмен де кездесу болды. Дегенмен айтарлықтай іскери жоспар берілмеді. Бірақ жапондықтар Қытайдағы «халық соғысын» қолданғысы келді. Сонымен қатар бірнеше төңкерістер ұйымдастыру жоспарда болды. Бірақ мұның барлығы тек тек жоспар болып қала берді. Былайша айтқанда коммунистьік паритяның құлауына себеп болған оның саяси радикалды қызығушылықтарының халық қызығушылықтарымен сәйкес келмеуі және тым ультра−солшылдық партия беделінің ақырғы құлауына алып келді.
1. История Японии, А.Е. Жуков, 2 том, Москва
2. История Японии. XX век: В. Э. Молодяков, Э. В. Молодякова, С. Б. Маркарьян — Санкт-Петербург,2009
3. Япония в Азиатско-Тихоокеанском регионе / Japan in the Asia-Pacific Region: — Санкт-Петербург,2009
4. Макаров А.А. Политическая власть в Японии - М.: Наука, 1988
5. История Японии 1945-1975 гг. — М.: Наука, 1978
6. История стран Азии и Африки в новейшее время, 2 часть - М.:1979
7. Кузнецов Ю.Д., Навлицкая Г.Б., Сырицын И.М. История Японии - М.: Высшая школа, 1988

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жапонияның 50 жж саяси өмірінің ереркшеліктері. 1949 жылдың шілде−тамыз
айларында Жапонияда жапондықтарды үш инцидент қатты алаңдатты. Олардың
барлығы темір жол мәселелеріне байланысты жапондықтардың әлеуметтік табының
әркелкіленуіне байланысты болды. Біріншісі денесі теміржол желісінде
табылған мемлекеттік Симояма темір жолының президентінің өлімі болды.
Екіншісі Токио қаласының Митака станциясында жүргізушісі жоқ электрі пойыз
адамдарға бағытталды. Және соңғысы Мацукава станциясына жақын жерде пойыз
апаты болды. Барлық жағдайларда кінә профодақ белсенділері, коммунистерге
тағылды. Есида тергеу жүргізбей жатып−ақ коммунистер қоғамдық тәртіпсіздік
орнатып жатыр деген мәлімдеме жасады. Симояма президентінің өлімі ісі
аяқталмай жабылып қалды. Митака станциясындағы келісілген бұзақылық деп
аталған іс сот үкімімен қайтарылды. Мацукава ісі алғашында қозғалып,
кейіннен кінәсіз деп жабылып тасталды. Осы аталғандардың барлығы компартия
қызметіне үлкен зардап әкелді және халық алдында беделін түсірді. 1948
жылдың басында−ақ коммунистік партия ұлттық демократияландыру бағытын
ұстанды және Жапонияның толықтай тәуелсізденуіне ұмтылды. Кейіннен 1950
жылы қаңтарда халықаралық коммунистік үнқағаз Коминформда антиамерикандық
бағыт ұстанатын компартия мақаласы жарияланды. Мақалада екіжақты бейбіт
келісімнің болуы, Жапонияның толықтай еркін ел болуы, сонымен қатар елден
американдық әскерлердің шығарылуын талап ететін жағдайлар қарастырылды.
Соның ішінде коммунистік партия жетекшілерінің бірі Носака Сандзоның
оккупация режимінде бола отырып Жапонияны социализм бағытына бет бұрғызу
деген мақаласы қатты сынға ұшырады. Осының әсерінен Жапонияда коммунистер
туралы біршама кері ойлар қалыптасты. Коммунистер елде бұзақылықтарды және
қате ойларды қалыптастыратын топ болып есептелді. 1950 жылдың маусымында
коммунистік саяси қызметтен жиырма төрт саясаткер аластатылды. Біраз уақыт
өткен соң Акахата деп аталатын коммунистік үнқағаздың он жеті қызметкері
жұмыстарынан босатылды. Корей соғысы басталған соң Макартур штабы үнқағазды
мүлдем жауып тастады. Шілде айынан бастап барлық мемлекеттік қызметтерден
аластатылған коомунистердің жасырын, заңдастырылмаған қызметі басталды.
Қызылдарды тазарту мақсатында Жапонияда шілде айынан қарашаға дейін он
екі мың адам жұмыссыз қалды. Осындай әрекеттерден кейін 1951 жылы компартия
басшылары Қытайға және Ресейге барып кеңестер алып қайтты. Сталинмен де
кездесу болды. Дегенмен айтарлықтай іскери жоспар берілмеді. Бірақ
жапондықтар Қытайдағы халық соғысын қолданғысы келді. Сонымен қатар
бірнеше төңкерістер ұйымдастыру жоспарда болды. Бірақ мұның барлығы тек тек
жоспар болып қала берді. Былайша айтқанда коммунистьік паритяның құлауына
себеп болған оның саяси радикалды қызығушылықтарының халық
қызығушылықтарымен сәйкес келмеуі және тым ультра−солшылдық партия
беделінің ақырғы құлауына алып келді.
     Жалпы демократия ұғымы батыс елдері мен азиялық мемлекеттер үшін
бірдей мағынаны білдірмейтінін ұмытпаған жөн. Жеке қарастырсақ, Жапонияда
саяси дәстүрлер, этика−құқықтық ерекшелік және халықтың социомәдени қырлары
 әсер еткен ерекше бір модель қалыптасты. Жапонияда демократияның дұрыс
қызмет атқаруына барлық заңды негіздер мен институттар болғанымен, оның
тарихын қарастырмау мүмкін емес. Жапония өзге азиялық мемлекеттер сияқты
саяси құрылымды батыс елдерінен үлгі ретінде алғанымен, тәжірибе жүзінде
олардың барлығы үлкен өзгерістерге ұшырады. Соғыстан жеңілген соң саяси
және экономикалық саладағы дағдарыстар Жапонияда қайта реформалар жасауды
талап етті. Негізгі роль оккупациялап отырған, батыс құндылықтарын үгіттей
отырып жапондықтардың тарихи және рухани дамуына да назар аударған АҚШ
үлесіне  тиді.  Ал жапондық халық АҚШ енгізген реформаларды сабырлы қарсы
алды. Ол реформалар елдің саяси−құқықтық базасына айналды.

Реформалардың орындалуына, жеделдетілген модернизация мен демократизацияға
АҚШ кепілдік беріп отырған саяси тұрақтылық қажет болды. Конституциямен
кепілденген демократиялық принциптер экномикалық және қоғамдық өмірде
белсенділікті арттырды және қабілеттердің көрінуіне мүмкіндік берді.
Экономиканың дамуына әсер еткен халықаралық қатынастарды шешу ретінде
Жапонияның соғыстан бас тартуы болды.

Осылайша Батыс Европа елдерінде социал−демократиялық үлгіде дамыған 
демократия жетістіктері Жапонияның 50-ші жылдардағы саяси дамуының негізіне
айналып, маңызды реформалардың нәтижесі болды.  саяи демократияландыруды
іске асыру үшін билік басындағылар саяси күштің жұмысшылар, шаруалар,
пацифистер, либералдар, социалистер, консерваторлар сияқты радикалды
өзгерістерге дайын болған таптарын кеңінен қолданды. Барлық қызығушы
жақтардың күшімен өкілдік және парламенттік жүйелер құрылды. Реформалар
жүргізгені арқасында Жапония батыс елдерімен жақындасты. Барлық салада
жаңашаландыру қарқынды жүрді.

     Ёсида доктринасы. Жапонияның  50-ші жылдардағы өмірінің негізінде
мағынасы экономикалық терминдермен анықталатын Ёсида доктринасы жатыр.
Бұл дегеніміз Есида доктринасы АҚШ қоластында бола отырып, жапон
экономикасын дамытуға бағытталған бағдарлама немесе экономикалық ұлттандыру
саясаты. Вашингтон университетіндегі белгілі американ жапонтанушысы Кенет
Пайлдың айтуынша, осы доктрина 1993 жылы осы мектептің соңғы түлегі ретінде
Киити Миядзаваның пермьерлігінің аяқталғанына дейін қызмет атқарды.
Доктринаның жалпы мағынасы бойынша қырғи қабақ соғыс жылдары Жапония бар
жүкті АҚШ−қа артып қойып, АҚШ пен КСРО арасындағы қос жүйеге назар
аудармай тек экономикалық реформалармен айналысты. Бұл үшін олар
конституцияның тоғызыншы бабын пайдаланған еді.

Осындай көзқарас Жапонияның коммунизмге қарсы салымдарын жоққа шығарады.
Жапония Кореядағы соғыста 13 млрд доллар табыс тапты, ал Вьетнамдағы
соғыста азырақ, бірақ айтарлықтай. Соғысқа деген ұлес тек экономикалық емес
саяси да мінезде болды. стратегиялық мақсаттар мен антикоммунизм байқалды.
КСРО мен ҚХР−дағы ұстамдылық АҚШ−пен ортақ әскери потенциал болғандықтан
болды.

Басқа сөзбен айтқанда, Есида доктринасы Жапония үшін экономикалық, саяси,
әскери жақтардың барлығынан классикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп
отырды. Соңғысы тек АҚШ тарапынан жүргізілетін қорғаныс қана емес,
Жапонияның өзінің қарулы күштері, оны жапондықтар жай ғана қорғаныс күштері
деп таап қойды, оған қоса елдегі американ қаруланған әскери күштер базасы.
Осындай классикалық күйде Есида доктринасы жетпісінші жылдардың басына
дейін белсенді болды.

Жетпісінші жылдардың басында Жапония сыртқы саясатына өзгертулер енгізген
үш оқиға болды. Біріншіден, АҚШ−тың Вьетнамдағы жеңілуі; екіншіден, Жапония
ІҰӨ жөнінен капиталистік елдер арасынан екінші орынға шықты; үшіншіден,
кеңес американ қатынастарында түсініспеушіліктер басталды. Есида
доктринасының қауіпсіздік тармағы ұлттық қызығушылықтардан тұратын
классикалық доктринаға айналып кетті. Ол үш компоненттен тұрды: ішкі
әлеуметтік, әскери және сыртқысаяси. Жапондық нұсқада олар былайша аталды:
қоғамдық қауіпсіздік, ұлттық қауіпсіздік және Азиядағы бейбітшілік пен
тұрақтылық.

Кеңестік жапонтанушы Д.В.Петров осы доктринаны доктрина деп санаса, өзге
ғалымдар оны доктрина емес, ұлттық қызығушылықтардан туындап отырған
стратегиялық мақсат деп қарастырған. Яғни, бұны доктринаның сыртқы саясат
бөлігінің бір компоненті деп санауға болады. Бірақ кей жағдайда оның
теоретикалық толықтығынан оны доктрина деп санайтындығы да осыдан. Ол жалпы
үш бөліктен тұрады: әлемдегі нарықтық демократиялардың тұрақтылығына
әрекеттесу; капитализм мен социализм арасында стратегиялық балансты
қамтамасыз ету; Солтүстік пен Оңтүстік арасында, әсіресе Азияда, тұрақты
экономикалық және саяси қатынастар орнату.

Шындығында, Азия үшін қосымша концепция құрастырылды. Ол Фукуда
доктринасы деп аталды, 1976-1978 жылдардағы премьердің есімімен. Ол өзінің
доктриналық сөздерінде былай деген: Жапония ешқашан әскери держава
болмайды, Жапония АСЕАН мүшелерімен құрылымдық әскери емес қатынастар
орнатады, Жапония АСЕАН мүшелері мен Үндіқытай елдері арасындағы
әрекеттестікке ықпалшы болады. Осы арада Жапонияның барлық осындай
жоспарларының ішінен Жапония бастысынан басқасына қол жеткізді деуге
болады, яғни Жапония ақыры Ұлы саяси держава бола алмады.

1955 ж саяси жүйесін қалыптастыру. Саяси институттар мен саяси партиялар.
 Оккупация аяқталаған соң Жапонияда саяси күштердің қайта құрылғаны
белгілі. Саяси күштер басқарушы консерваторлар мен оппозиция қолында болды,
соңғысы солшыл пиғылда еді. Олардың арасындағы қатынастар конфронтациялық
мінезде болды. Консервативтік лагерь біршама әркелкі еді. Алайда
консолидациялық тенденциялар айқын байқалды. Осында консервативтік қоғам
екі лидер жанында шоғырланды. Олар Есида Сигэру мен Хатояма Итиро. Екі
тұлға да сол кезде билікте болған Либералдық партиямен байланысты болды. Өз
кезегінде Есида оны Хатоямадан мұрагерлік жолмен алған болатын. 1945 жылы
оны Хатояма соғысқа дейінгі кезеңде болған Сэйюкай партиясының негізінде
құрған. Келесі жылғы парламент сайлауында Либералды партия бірінші орын
алды, бірақ американдықтардың оккупациялауынан бұл үрдіс созылып, тек уақыт
мәселесі болып қалды.

Оппозиция арасында белсенділері Социалистік партия мен Коммунистік
партиялар болды. социалистік партия екіге бөлінді. Оңшыл және солшыл
бағытты ұстанған екі ағым уақыт өте келе екі жеке партияларға айналуды
көздеді. Компартияда керісінше, қаталдау тәртіп болған соң бірлік ұзаққа
дейін сақталды. Бірақ саяси көзқарастардың әркелкілігінен коммунистер
арасында да түсініспеушіліктер байқалды. Кейіннен ол Коминформ сынына
ұшырағаннан кейін партия бөлінуі басталды. Солшыл күштер белсенділігі
консерваторларға бәсекелестік тудырды. Әсіресе 1952 жыл ішкі саяси
жағдайдың тұрақсыздығымен сипатталды. Мамыр айындағы көтеріліс билік
басындағылар үшін американдықтардың көмегінсіз шешетін мәселе болды. Осы
қозғалыс Есида билігін қатты алаңдатты. Сол себепті басшылық жағдайды
тұрақтандыру үшін жүйені қаталдандыру шараларын қолданды. Мемлекеттің
қарулы және қорғаныс күштері алғашында елдегі толқулар мен көтерілістерді
басу үшін құрылған жасақтар еді.

1954 жылдың аяғында саяси басшы алмасуы болды. Мемлекет  басына Хатояма
Итиро келді. Қараша айында консервативтік күштердің бірігуінен Жапонияның
жаңа Дмеократиялық партиясы пайда болды. Оның басшысы Хатояма Итиро болды.
Хатояма лагерінде американдықтар репрессияға ұшыратқан консерваторлар
жиналды. Олардың қатарында Киси Нобусукэ, Сигэмицу Мамору, Исибаси Тандзан
және Исии Мицудзиро секілді қайраткерлер болды. Елде Хатояма мен Есида
басқару кезеңдерін көп салыстырады. Бірақ Хатояма саясатқа туғанынан бейім
болған деген пікірлер де айтылады. Өйткені оның әкесі де Жапонияның
белсенді саяси қайраткері болған. Яғни ол мықты саяси мектептен өткен десе
де болады.

     Либералдық−демократиялық партияның (1955) Хатояма үкіметі. Хатояманың
саяси мектептен өтуі оның қызметінде көп көмектесті. Оны тек өз жақтастары
ғана емес, оппозиция өкілдері де құрметтейтін. Социалистік партия өкілдері
ағымдағы саяси жүйеге емес, тек тұлғаның өзіне ғана құрметпен қарайтынын
айтқан. Каваками Дзетаро деген белгілі социалист қайраткер өз ғұмырында тек
екі саясаткерді жақтайтынын айтқан, олар Хатояма мен Катаяма екен. 1955 жыл
оккупациядан кейінгі Жапонияның саяси өмірінде өте бір ерекше жыл болды.
Қараша айында екі үлкен партия Либералды партия мен Демократиялық партия
күштері қосылып Либералды−Демократиялық партия құрылды. Келесі жылы
партияның кезектен тыс жиналысында сайлауда партия төрағасы болып Хатояма
Итиро сайланды. Екі партияның бірігуінің өзіндік себептері бар еді.
Мемлекетке Жапонияны АҚШ−пен тең дәрежедегі мемлекетке айналдыратын, елдің
экономикалық жағдайын көтеруге ықпалдасатын және ел ішіндегі жұмысшылар мен
солшыл күштер қайшылығын жоятын күш керек болды. Екі партияның бірігуі
саяси құрылымның құрылуының аяқталуын білдірді. Өз назарына кіші партиялар
мен топтарды аударған екі саяси орталық құрылды.

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі орнын іздеу мен оның ішкі саяси жағдайға
әсері. Сан−Франциско бейбіт келісіміне қол қойғаны арқасында Жапония
халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды. Бірақ бұл келісімнің
сепараттық қатынасы және АҚШ тарапынан қауіпсіздік Жапоиняны өзге
мемлекеттермен қатынастарда тежеді, әсіресе жақын көршілестерімен.
 Оккупация жылдарында қалыптасқан жағдайдан Жапония АҚШ тарапына
тәуелділікке ұшырап қалды. Жапонияның барлық дерлік мәселелері АҚШ арқылы
шешілетін болды. 1952-1954 жылдарда АҚШ пен Жапония арасындағы тең емес
құқықты әскери қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі келісім екі жақтың
күштер балансын анықтап берді. Әрине АҚШ диктатор рөлінде болды. Жапония
тек атқарушы рөлді атқарды. Есида доктринасы алғашында осы мәселеден шыққан
еді. 1952 жылы АҚШ президенттігіне Д.Эйзенхауэр келіп, ол бірден
халықаралық қатынастарға көңіл бөле бастады. Ол халықаралық қатынастарда
АҚШ позициясын конфронтациялық және консолидациялық тұрғылардан алғанда
елдің стратегиялық ұстанымдарын күшейту керек деді. Осы кезеңде Азиялық
аймақта ықпал етуде Қытай Халық Республикасы тарапынан үлкен қауіп туды.
Қиыр Шығыс аймағында АҚШ өз ықпалын жоғалтып алмас үшін барлық шараларға
баруға дайын болды. Осы кезде Жапонияның әріптес ретінде рөлі байқалатын
кез келді.

Жапонияның АҚШ әріптесі ретінде көрінуі алдымен американдықтардың
жапондықтарға Тынық мұхитындағы аралдарын қайтарып берулерінен басталды.
Алғаш болып 1953 жылы Амамиосима аралы қайтарылды. Жетпісінші жылдары бірақ
аяқталған Жапонияның өзіне Рюкю (Окинава) архипелагында билік жүргізуге
әкімшілік құқықтарды қайтару процесі басталды. Сыртқы саясатта
жапон−американ қатынастарында келісімдер болғанымен ол келісімнің өзі емес,
Жапоиняның егемендігі мәселесі оппозиция тарапынан көп сынға алына бастады.
Осындай наразылықтар нәтижесінде АҚШ елу үшінші жылы Жапонияны  НАТО
блогінің ішіне қосып, біршама компромисске барды. Және де шектелген
юрисдикциялық құқықтар арқылы Жапондықтар елдегі АҚШ әскерлерінің санын
өздері бақылап отыруға мүмкіндік алды. Осылайша жапон−американ
қатынастарындағы ұнамсыз жағдай тоқтатылды.

Жапонияның Американың одақтасы болуы одан үлкен ағаға деген адалдығын талап
етті. Осындай маңызды акттің бірі оның АҚШ−қа ұсынысы ретінде Тайваньмен
келісім жасасуы болды. жапония үшін Қытаймен ашық конфронтацияға бару
біршама қиын болды. Қытаймен Жапонияны тарихи ұқсастықтары ғана емес, діни
рухани тарапы да байланыстыратын еді. Сонымен қатар, Жапония Қытаймен сауда
байланыстарын да дамытқысы келді. Бірақ АҚШпен одақтас болудың құны осындай
еді.

1960-шы жылдардағы әлеуметтік өзгерістер. Жапонияның осы жылдардағы
экономикалық табыстары ел тарихында елеулі орын алады. Өйткені, оның
жетістіктері ол кездері тек Жапонияға ғана емес, бүкіл әлемге байқалды.
Тіпті Жапонияның экономикасындағы ғажайып деген сияқты терминдер де айтылып
жатты. Шынында да, Жаонияның әлеуметтік жағдайында үлкен секіріс байқалды.
ЖҰӨ 6.5 есеге, ал өндірістік өнімдер көлемі 10 есеге дейін өсті. Франция,
Канада, Италия, Англия және Германияны капиталистік елдер арасында
өндірістік өнімдер көлемінен басып озып, әлемде екінші орынға шықты. Сол
кездегі Жапония экономикасының дамуының басты бір себебі елдегі өндірістік
салаға көп көңіл бөлінуі және капитал мен инвестицияның дамуы. Елуінші
жылдардың екінші жартысынан ақ елде өндірістік салаға аса назар аударыла
бастады. Жапон техникасы қарқынды даму жолына түсті. Робот, конструкторлық
техника және технология, машина жасау, ауыр өнеркәсіп жедел түрде дамып, ел
экономикасының көтерілуіне көп үлесін қосты. Сонымен қатар қара
металлургия, мұнай өңдеу, текстиль, жеңіл және тамақ, кеме жасау, химия
өнеркәсіптері де қарқынды дамыды.

Қарқынды экономикалық даму арқасында Жапония техникалық өнімдерді өндіру
және ауыр өнеркәсіп саласында алдыңғы орынға шықты. Жапондық техника
өнімдеріне сұраныс артты, соның ішінде машина жасау саласында. Нәтижесінде,
Жапонияның өндіріс саласы он жыл ішінде мүлдем басқа сфераға аусып кетті.
Жапония ауыр өнеркәсіп саласында өте көп шығаратын болды, елдің
тауарларының барлығы техника мен технологияға негізделді, әсіресе жаңа
заманғы. Алпысыншы жылдардың соңына қарай Жапонияның өөндірістік өнімдері
әлемдегі алдыңғы орындарға шықты, ал бірнеше жылда Европа мемлекеттерін
ғана емес, АҚШты да басып озды. Ал онжылдықтың соңына қарай Жапония ауыр
өнеркәсіп, кеме жасау, кино және фотоаппараттарын өндіруден әлемде бірінші
орынға, ал темір балқыту, электр жабдықтары, электронды техника,
автомобиль, тігін машиналарын жасаудан АҚШ, Англия, Германиядан кейінгі
екінші орынға шықты. Экспорт мөлшері он есеге дейін өсті, ал Жапония енді
әлемдегі бірнеше тауар түрлерінен мықты өндірушіге айналды. Әлеуметтік
жағдай да сәйкесінше жақсарып, жұмыссыздық көлемі азайды. Жапония халқы АҚШ
тарапынан тәуелділіктен құтылу үшін өз экономикасын көтеруге тырысты. Және
де олар өз мақсаттарына жетті десе де болады.

Әлеуметтік жағдайда урбандалу қатты байқалды. Және де жалға жұмыс
істеушілер саны да көбейді. Қала халқының саны өсіп, статистикада да
өзгерістер байқалды. Тек 1964 жылы ауытқы болды деп айтуға болады. Инфляция
болып ең қажетті деген тауарларға да баға тым көтеріліп кетті. Оқу бағасы
да қымбаттады, нәтижесінде студенттер осы мәселе бойынша наразылықтарын
білдірді. Келер жылы қайтадан барлығы түзеліп, 1965-1973 жылға дейін
жалғасқан Идзанаги төңкерісі болды. Бірақ алпысыншы жылдар жапондықтар
үшін өтпелі кезең секілді болды. ел экономикасында көптеген жағдайлар
болып, халық көп жағдайды басынан өткерді.

Саяси күштердің құрылымындағы өзгерістер. Икэда кабинетінің құрылуы.
Сайлаудағы ЛДП жеңісі. Экономиканың қарқынды түрде дамуы және қауіпсіздік
келісіміне байланысты жапон−американ қатынастарының оппозицияға ұнамауы,
Жапонияның саяси өміріндегі елеулі оқиғалар болды. Жаңа онжылдық алпысыншы
жылы билік басына Икэда Хаятоның келуімен басталды. Қарапайым пошташы
отбасынан шыққан Икэда өзге саясаткерлер сияқты Токио университетін емес,
Киото университетін бітірген. 1925 жылы ол қаржы министрлігіне түсіп, 1929
жылы ол Уцуномия қаласының салық басқармасының директоры орнына орналасады.
Перл Харбор талқандалып жатқан күні ол қаржы министрлігінің салық бөлімінің
бастығы атанады да, ал соғыстан кейін 1947 жылы ол қаржы министрі Исибаси
Таидзанның орынбасары болып тағайындалады. Исибаси Икэда қызметінің
өрлеуіне көп көмегін тигізген. Икэданың жолы болды. 1949 жылы өзінің үшінші
кабинетін жинап жатып, Есида өз округынан сайланған Икэданы байқап қалып,
оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХғ. Азия және Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама
Орыс Қиыр Шығысындағы Жапонияның интервенциясы
Заманауи жапон мәдениетіндегі синтоизм
Жапонияның саяси және экономикалық дамуы
Жапония мемлекетінің саяси-экономикалық дамуы
Жапонияның сыртқы саясатындағы территориялық (РФ, ҚХР, Оңтүстік Кореямен) мәселелердің орны мен маңызы
Жапонияның дәстүрлі мәдениетінің ерекшеліктері және модернизация мен вестернизация үрдістері
ХХғсоңындағы азия және африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама туралы ақпарат
Жапония экономикасының қазіргі жағдайы
Жапония экономикасының қазіргі жағдайын талдау
Пәндер