Жалпы түркі тарихы. Дәрістер


Лекция тақырыбы: Кіріспе
Лекция жоспары:
1. Жалпы түркі тарихының тарихнамасы.
2. Көшпелі мәдениеттің ұғымы.
3. Түркілердің тарих сахнасына шығуы, мемлекет басқару дәстүрі мәдениеті.
Қолданылған әдебиеттер:
- Аманжолов К. Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Алматы. 1996
- Аманжолов К. Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. 2-кітап Алматы. 1997
- Байпаков К. Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және Қазақстан. Алматы. 1992
- Гумелев Л. Көне түріктер. Алматы. Жалын. 1994
- Акишев К. А. Кушаев Г. А. Древняя культура саков и Усуней долины р. ү Или. Лматы, 1963.
- Айдаров Г. Сыздықов С. Орхаон-Енисей жазбалары. Алматы, 1990.
- Байпаков К. М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. Алматы, 1986.
Лекцияның мазмұны:
Түркілердің тарихы YII-YIII ғасырларда жазылған Орхон - Енисей жазбалары арқылы белгілі. Ол ескерткіштер - бір замандарда түркілер мекендеген Енисей өзенінің бойы мен қазіргі Монғолия жеріндегі Орхон өзені маңайынан табылған құлпытастағы жазулар. Сондықтан олар «Орхон - Енисей жазуы» деп аталып кеткен. Ескерткіштер - YII-YIII ғасырлардағы түркі ру тайпаларының іргелі елі түркі қағандығының тұсында тасқа қашалған Білге қаған (хан), Күлтегін (әскербасы), Тоныкөк (кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлпытастағы жазулар.
Өтікен тауының шығыс жағындағы Орхон өзені жағалауына, қазіргі Кошо-Сайдам көлінің жағасына тұрғызылған бұл құлпытастар шоғырының айналасы тас кірпіштермен қоршалған.
Енисей құлпытастарын алғаш Г. Спасский зерттесе 1889 жылы орыс ғалымы Н. Н. Ядоинцев Монғолия жерінен оның жаңа нұсқасын тауып, ғалымдар назарына іліктірді. Ескерткіш жазуын белгілі Дания ғалымы В. Томсен оқып, 1893 жылы неміс тіліне аударды (аударма 1895 жылы жарық көрді) . Академик В. Радлов басқарған Ресей археологиялық экспедициясы 1894 жылы бұл жазба ескерткіштерді орыс тіліне аударып, 1894 ж. -1897ж. жариялады. Шын мәнінде Орхон жазбаларын дәл әрі толық аударған ғалым С. Е. Малов болды. Ол Орхон - Енисей жазбаларының бірнешеуін аударып, бастырған.
Орхон жазбалары түркілердің 630 жылдан бастап 680 жылға дейін жарты ғасыр бойы Қытай билеушісінің қол астында болғаннан және жаң хандардың билігінен құтылып аз уақытқа болса да өздерінің батыстағы тегі бір туыстарын өзіне бағындырғанын баян етеді.
2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық мемелекеттік университетінде Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесі орнатылып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі 10 жылдығына арналған «Байырғы түркі мәдениеті: жазба ескерткіштер» атты халықаралық ғылыми теориялық конференция болып өтті.
Байырғы түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі ең көрнектісі 732 жылы Орхон өзенінің (Монғолия) бойына орнатылған тас ұстыны болса, осы ұстынның тарихта тұңғыш рет жасалған дәлме дәл ғылыми көшірмесі Астанамыздың төрінде, Еуразия мемлекеттік университетінің бас ғимаратындағы 1-ші атриумына мәңгілікке 2001 жылы 18-ші мамырда орнатылды.
«Түркі» сөзі біздің заманымыздан бұрынғы Y ғасырда брінші рет көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Осы кезде түркілер Монғолиядан және Қытайдың солтүстік шекарасынан Қаратеңізге дейін созылып жатқан ұлы көшпелі империяның негізін қалады. Ұлы даладатүркі мемлекетінің, түркі тілінің қалыптасу дәуірінен беретін Күлтегін ескерткішінде былай деп жазылады: «Әлемнің көгінде аспан төменінде қоңыр жер пайда болғнда, осы екеуінің арасында адам бласы жаратылды. Азамат балсының үстінен менің бабаларым Бумын қаған мени Истеми қаған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз мемлекетін қорғап, түркі заңдарын шығарып оны бекітті». Мұнда дүниенің төртбұрышын түгел өзіне табындырған алғашқы түркі қағандарының билік құрған уақытымен бйланысты суреттеледі. Махмуд Қашқаридің жазуы бойынша түркілерге шығу тегі жағынан түркі емес, бірақ түрнікше білген халықтардың бәрі жатқызылады. Ол барлық түркі халықтарын сролтүстік және оңтүстік деп екі топқа бөледі, әрқайсында он-оннан халық болған. Солтүстік топқа енгендер: печенегтер, қыпшақтар, оғыздар, яғма, башқұрттар, қырғыздар т. б. Оңтүстік тобына жататындар:шігіл, тухси, яғма, играк, жумыл, ұйғыр, хитайыл, табғаш.
Махмұд Қашқари таза түркі деп қырғыз, оғыз, тухси, шігіл, играк халықтарын атады.
Түркі халықтарының өзіндік дербес ел болуымен мемлекеттігі көрші елдерден мысалы славян, арап, тіпті парсы халықтарына қараған нашар дамыған түркі жұртының арасында шын мәнінде дербес мемлкекеті бар, тез өсіп, өркендеп келше жатқан ел- Түркия Республикасы. Ал Кеңестер Одағы кезімени айтатын болсақ, оның 583 ұлттық аумақтық құрылымының үштен бірі тарихи қалыптасқан түркғі тілді халықтадыукі соның бесеуі қазір тәуелсіз республикалар (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Азербайжан ), әзірше автономиялық республика құқығында -9 (Татарстан, Башқұрстан, Чуваш, Нахачеван, Қарақалпақстан, Дағыстан, Сақа елі, Тува, Қабарды-Балқар елі ), 3 автономиялық облыстар дәрежесінде (Хақас елі, Таулы Алтай, Қарашай- Черкес елі), ал 1-і автономиялық округ санатында (Дунған-Ненец елі) .
Тест сұрақтары
2. Лекция тақырыбы: Орта Азия және Қазақстан территориясында құрылған алғашқы түркі мемлекеттері.
Лекция жоспары:
1. Сақ- скиф мемлекеті.
2. Ұлы ғұн мемлекеті.
Біздің заманымызға дейінгі X-Y ғасырларда Хуанхе өзенінен Еділ мен Дунайғ дейінгі аралыққа қатысты тарихи мәліметтерде парсыларша - «сақ» грекш «скиф» деген атпени белгілі болған түркі тілдес тайпалар болған.
Скиф-сақ бірлестігінің өмір сүрген кезеңі, көне тарихшылардың деректерімен археологиық материалдарға назар аударсақ, рулық қоғамның ыдырауы кезіне тура келетін сияқты. Сол тұсты (В. В. Бартольдың айтуынша) түркі тілдес тайпалардың қалыптаса бастаған шағы деуге болады.
Сақтар сол заманда көптеген тарихи оқиғаларға қатысқан. Мәселен аса күшті ахемонидтер әулетінен шыққан парсының Кир деген патшасы Лидияның патшасы Крезбен соғысқанда сақтармен одақ жасаған. Кейіннен Кир сақтарды өзіне бағындырғысы келедіде мыңдаған қол жинап соғыс ашады. Кирдің, шығысқа қарай екінші қатерлі жорығы оның қартайған шағында 530 ж, . туракеледі(шамасы ол кезде 70 жаста) .
Қорыта келгенде сақтар одағы өздері мекендеген жерінде біздің заманымыздан бұрынғы екінші ғасырға дейін өмір сүрді. Біздің заманымыздан бұрынғы екінші ғасырдың соңында Иозылерден (ұлы жүздерден) жеңіліп, оңтүстікке - Сырдария мен Амударияға қарай көшті. Содан -соң сақ тайпаларының одағы ыдырап, әлденеше басқа сакйпаларға сіңісіп кетті. Олардың бір бөлігі бұрынғы мекенінде қалып, ұлы жүздерге қосылады, ал ұлы жүздер үйсіндерден жеңілген де солардың құрамына енеді.
Бұрын сақтар, кейін ұлы жүз тайпалары мекендеген екі ірі тайпалық одақ құрылды. Олар ; уйсіндер және қаңлылар. Ол өңірде қалған сақ және Ұлы жүз тайпалары осытайпалық одақтарға араласып, соларлдың атымен аталатын болды.
Қолданылған әдебиеттер:
- Аманжолов К. Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Алматы. 1996
- Аманжолов К. Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. 2-кітап Алматы. 1997
- Байпаков К. Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және Қазақстан. Алматы. 1992
- Гумелев Л. Көне түріктер. Алматы. Жалын. 1994
- Акишев К. А. Кушаев Г. А. Древняя культура саков и Усуней долины р. ү Или. Лматы, 1963.
- Айдаров Г. Сыздықов С. Орхаон-Енисей жазбалары. Алматы, 1990.
- Байпаков К. М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. Алматы, 1986.
3. Лекция тақырыбы: Еділ-Орал аймағында құрылған түркі мемлекеттері.
Лекция жоспары:
- Оғырлардың тарих сахнасына шығуы.
- Сабарлар Авар және Хазар қағандығының құрылуы.
1. Азиядан Еуропаға дейін жеткен тарихи түркі көштерінен туындаған оқиғалар арасында «қауымдар көші» маңызды болып саналады. Өйткені, бұл оқиғаның нәтижесінде Еуропаның этникалық, саяси және мәдени болмысы қатты өзгерген; Еуропа тарихында түркілер маңызды орын алған.
Еуропа Ғұн мемлекетінің ыдырауынан кейін Оғырлармен арласқан, бұлғар деп аталатын бір күш пайда болған. Еділ-Орал өлкесіне алғаш рет түркілердің қашан келгені белгісіз. Алайда б. з. д. II ғасырдың соңында ғұн бірлігіне кіретін қауымдардың Еділ-Орал өлкесінде көрінгендері және артынша келген ғұндардың Еділ өзенінен өтіп қауымдар көшіне себеп болғандары айтылуда.
Еуропа ғұн әміршісі Атилла 453 жылы қайтыс болғаннан кейін орнына келген ұлдары мен немерелері мемлекеттің бірлігін сақтай алмаған. Ғұн мемлекеті арқа сүйеген түркі халықтары Батыс және Орта Еуропада тұрақтай алмағандықтан, Шығыс Еуропаға бет бұрған. Осы кезде шығыстан дәл осы аймаққа келген оғыр түркі тайпаларымен араласып, бұлғар қауымы пайда болған.
Византия империясының дәстүрлі саясатының нәтижесі ретінде оғырлардың да Византия шекараларында, әсіресе Дон мен Кубан өзендері арасында өмір сүріп жатқандықтары айтылуда.
Оноғыр бұлғарлардың басында Атилланың ұлы Ирнектің болуы ғұн және оноғырлардың араласуынан бір Бұлғар қауымының пайда болғанын көрсетеді.
Еділ-Орал және Қара теңіздің солтүстігінде далаларға оноғыр мен сары оғырлардан кейін VI ғасырдың басында сабырлар келеді және Кавказда күшті мемлекет құрады. Артынша Көкеүріктердің қудалауынан қашқан аварлар (жуан-жуандар) сол жолмен Кавказға келіп, Сабыр мемелекетін құлатып, Еділ өзенінен Донға дейін жеткен территорияда Авар мемлекетін құрады. Кейінірек аварлардың ізін ала осы жерге келген Көктүріктер авар және оноғырларға қатысты Византиямен келісімшарт жасасады.
Қолданылған әдебиеттер:
- Аманжолов К. Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Алматы. 1996
- Аманжолов К. Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. 2-кітап Алматы. 1997
- Байпаков К. Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және Қазақстан. Алматы. 1992
- Гумелев Л. Көне түріктер. Алматы. Жалын. 1994
- Акишев К. А. Кушаев Г. А. Древняя культура саков и Усуней долины р. ү Или. Лматы, 1963.
- Айдаров Г. Сыздықов С. Орхаон-Енисей жазбалары. Алматы, 1990.
- Байпаков К. М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. Алматы, 1986.
4. Лекция тақырыбы: Исламға дейінгі көшпелі түрік мәдениеті
Лекция жоспары:
- Сәулет өнері және материалдың мәдениеті.
- Жазба ескерткіштер.
- Діни наным сенімдер, салт-дәстүрлер.
1. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, бір ғана Қазақстанда ата-бабамыздан қалған заттық мәдениеттің 25 мыңға тарта ескерткіші бар. Олар негізінен Сыр бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас-Шу аңғарына, Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Көкше өңіріндегі мұнан 5 мың жыл бұрынғы қоныстың орны Ботай, Іленің оң жақ қанатындағы Бесшатыр қорғандары, Қаракеңгірдегі Домбауыл ғибадатханасы, Маңғыстаудағы Шақпақ Ата мешіті халқымыздың мақтанышы, олардың ғасырлар бойы қалыптасқан құрылыс мәдениетінің жетістіктері болып табылады.
Мұны біз Отырар - Қаратау мәдениеті дегенге жататын Көкмардан, Күйкімардан, Қыркескен қазбаларынан табылған заттардан әсіресе, балшықтан күйдірілген, тастан қашалған, металдан соғылған бұйымдардан, еңбек құралдарынан аңғарамыз. Қалалардың қаулай өсуіне VI-IX ғасырларда архитектура мен қосалқы өнердің жаңа үлгілерінің туындауы себеп болды. Бертін келе, X-XI ғасырлар құрылыста күйдірілген кірпіш, гипс, алебастр кеңінен қолданылып, глазунь бояуымен және ою-өрнекпен үйді безендіру кең өріс алды.
Археологиялық зерттеулер қазіргі Өзбек, Қырғыз, Түркмен, Якут, Монғолия, Қазақстан аймақиарында жүздеген тұрақты қоныстар мен қалалардың көне жұрттарын тауып, ежелгі түркі тайпаларының өзіндік материалдық және рухани мәдениеті болғандығын анықтап отыр. Күнкөріске байланысты қалыптасқан түркілердің қолөнері, оған тікелей қатысты ою- өрнегі, қайталанбас үй жиһаздары, киім-кешегі, қару-жарағы, әуез аспаптары, тіпті қырыққа тарта жанры мен қосалқылары бар өте бай ауыз әдебиеті, белгілі бір мазмұнға құрылатын күйлері, ақындық, шешендік өнері, әр түрлі кейіпке кіре өнер көрсететін жалғыз орындаушыдан тұратын халық «театры», халық әуендері болған.
Сөйтіп VI-IX ғасырлардағы қалалар мен қоныстар негізінен сауда-саттық және қол-өнер кәсібінің орталығы ретінде қырдағы елмен отырықшы аймақты байланыстырушы маңызды экономикалық буын ретінде өмірге келген. Ежелгі Қазақстанның экономикалық және мәдени орталықтарының бірі Тараз қаласы болды. Арабтар Отырарды Фараб деп атап кеткен. Тараз қаласы VII ғасырда Ұлы Жібек жолындағы аса ірі мәдени орталықтың біріне айналды.
2. V-IX түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталық Азия жерлерінде жазу, сызу, егін егу, әдебиет, өнер, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің қалыптасқаны көпшілікке аян, оған Енисей жазу ескерткіштері, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.
Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түркі» дәуіріне сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон-Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері - Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы.
Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді.
Енисей жазба мұралары. Олардың былайша аталуы тас бетіндегі сына жазуларының Енисей бойынан табылуымен байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен Хакасия, Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкені 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері - ескі түркі жазуының алғашқы шығып, қалыптасып, тараған нұсқасы. Бұл жазу біртіндеп Орхон өзені, одан Талас өзені өңіріне тараған. Бұл тұжырымның шындыққа жанасымдылығы жеке таңбалардың жазылу тәсілі мен жетілдіруіненде байқалады. Енисей жазба ескерткіштерінің ең көне түрлері Минусинск ойпатынан табылған. Бұл жазбалар түркі халқы белгілі мөлшерде отырықшы болып, металл өңдеумен айналысқанын, мәдениетті ел болғанын көрсетеді.
Орхон жазуы көне түркі жазба мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Сібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол астына қараған болатын. VI ғасырдың ортасында қазіргі солтүстік Монғолия жерінде бас құраған Түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. Солай бола тұра, V-VIII ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге, сондай-ақ кейбір ыдыстардың жиегі, түбі және қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең маңызыдсы - Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған үш тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі - 731 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі - 735 жылы өлген Білге қағанның өзіне, ал үшіншісі - Тоныкөкке арналған ескерткіштер. Тоныкөк туралы Копенгагендік профессор В. Томсен мен Клеменц ханымның еңбектерінен мынандай мағлұмат ала аламыз: Орхон жазбаларында көрсетілгеніндей, Тоныкөк деп табылған ескерткіште ол - үш ханның ақылшысы және Білге қағанның құдасы болған адам. Қытай жазбаларында Тоныкөк жайлы 716 жылы айтылған. Елтерістің патшалық құруында оның қосқан үлесі туралы қытай және Тоныкөк жазбаларында толық көрсетілген. Көне түркі жазабаларын кейде «руна» жазуы деп те атайды.
Талас жазу ескерткіштері. Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен барлығы 13 ескерткіш табылған. Таластан табылған ескерткіштер көлем әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.
Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар асатаяқ та қызықтырары сөзсіз. Оның төрт қырына да көне түркі алфавитімен жазылған. Бұл асатаяқ шыршадан жасалаған, оның құндылығы да осында. Асатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы.
Қолданылған әдебиеттер:
- Аманжолов К. Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Алматы. 1996
- Аманжолов К. Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. 2-кітап Алматы. 1997
- Байпаков К. Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және Қазақстан. Алматы. 1992
- Гумелев Л. Көне түріктер. Алматы. Жалын. 1994
- Акишев К. А. Кушаев Г. А. Древняя культура саков и Усуней долины р. ү Или. Лматы, 1963.
- Айдаров Г. Сыздықов С. Орхаон-Енисей жазбалары. Алматы, 1990.
- Байпаков К. М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. Алматы, 1986.
5. Лекция тақырыбы: Оғыздар мен Селжұқтар
Лекция жоспары:
- Оғыз жабғуының құрылуы және ыдырауы.
- Селжұқтардың тарих сахнасына шығуы.
Оғыздар Каспий-Арал өңірінде VII ғасырда пайда болды. Шамамен VIII ғасырдың орта шенінде оғыздар Жетісудан Қаратау бөктері мен Сырдарияның төменгі алқаптарына қарай жылжи бастаған. Ал ХІ - Х ғасырда Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағында оғыз этносы бірте-бірте қалыптасты. Оғыздардың Этникалық құрамында Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын мекендеген ежелгі түркі тайпалары болды. Олар Жетісу мен Алтайдағы көшпелі және жартылай көшпелі тайпалардан еді.
ІХ ғасырдың соңы мен Х ғасырдың ортасында Арал және Каспий теңіздері маңындағы аймақтарда Оғыз мемлекеті құрылды. Мемлекет орталығы Янгикент қаласы болды.
Оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі ағысына дейінгі байтақ өлкені мекендеді. Олар Ырғыз, Жайық, Ембі, Ойыл өзендерінің алқабында, Сырдария мен Қаратаудың бөктерінде көшіп-қонып жүрді. Негізінен Арал теңізі маңында, Каспиидің солтүстігі мен Сырдарияның төменгі ағысын мекендеді. Орта Азияға, Шығыс Еуропаға, Шығыс Қазақстан мен Монғолияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жеріне орналасқан Янгикент қаласы Х ғасырда гүлдену шегіне жетті. Мемлекет басында жоғарғы әкім - "яғбу" (оғыздарша - жағбу) тұрды. Олардың орынбасарлары күл-еркіндер деп аталды. Жағбу сөз жүзінде хан болып сайланғанымен, іс жүзінде мемлекет билігі атадан балаға мирас болып қалып отырады.
Оғыздардың бас хандары әскери демократия кезінде халық жиналыстарының қайталанған түрі іспеттес кеңестерде сайланды.
Жағбу мемлекетінде оғыз әскерлерінің бас жетекшісі (лауазымы - сю баши) үлкен рөл атқарды. Оның есімін еуропа оқымыстылары арабтық емле ережесінің негізінде "Селжук" деп атап кеткен. Түркі фонетикасының заңдарында қарама-қайшы келетін атау еуропалық тарихи ғылымда осылай қалыптасып кетті.
Оғыздар мемлекетінің саяси өмірінде сюбашы ("селжук") араласып, кейде жағбуға да қарсы шығып отырды. Каспий-Арал өңіріндегі оғыздардың мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік құрылымы жағынан феодалдық мемлекет болды. Мұнда ескі ру-тайпалық институттар жойылып, феодалдық қатынастар дамыды. Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында Оғыз мемлекетінде тұрақты салық жүйесі қолданылды. Мемлекетте белгілі басқару аппараты қалыптасты. Оғыздардың басым көпшілігі негізінен көшпелі мал шаруашылығымен - қой, жылқы, түйе, сиыр малын өсірумен, аң аулаумен шұғылданды. Көшпенділермен қатар, отырықшы, жартылай отырықшылар да болды. Олар Мақмуд Қашқаридің айтуынша Сырдария алқабындағы қалаларды - Қарнақ, Сүткент, Сығанақ және Фарабты мекендеді. Отырықшы оғыздар негізінен егіншілікпен, қолөнерімен айналысты, түрлі аяқ киім тікті, ыдыс, әшекей бұйымдар жасады. Оғыздардың шаруашылығында зат айырбасы мен сауда маңызды орын алды. Жетісу, Хорезм, Мауреннаһармен сауда жасауда Сырдария алқабындағы қалалар - Янгикент, Сауран елеулі рөл атқарды. Х ғасырда оғыздар арасында бірте-бірте ислам діні тарады.
Қолданылған әдебиеттер:
- Аманжолов К. Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Алматы. 1996
- Аманжолов К. Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. 2-кітап Алматы. 1997
- Байпаков К. Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және Қазақстан. Алматы. 1992
- Гумелев Л. Көне түріктер. Алматы. Жалын. 1994
- Акишев К. А. Кушаев Г. А. Древняя культура саков и Усуней долины р. ү Или. Лматы, 1963.
- Айдаров Г. Сыздықов С. Орхаон-Енисей жазбалары. Алматы, 1990.
- Байпаков К. М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. Алматы, 1986.
6. Лекция тақырыбы: Хорасан территориясында құрылған түркі мемлекеттері.
Лекция жоспары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz