Кәсіптік патология


1 Кәсіптік аурулар
2 Еңбек жағдайының санитарлық.гигиеналық сипаттамасы
3 КА.дағы дәрігерлік.еңбектік сараптау және сауықтыру мәселесі.
Кәсіптік патология (проф.патология) – клиникалық пән, этиологиясын, патогенезін, клиникалық суретін, емін және кәсіптік ауруларды алдын алу сұрақтарын зерттейді. Профпатология басқада клиникалық пәндермен тығыз байланысты, сонымен қатар еңбек гигенасыменде.
Жұмыскерлердің денсаулығына жағымсыз әсер ететін өндірістік әсерлер әрқилы. Олардың әсерлерінен тек КА ғана емес, сонымен қатар кәсіптік жарақаттанулар да кездеседі. Соңғыларына өндірістің аумағында немесе тікелей жұмыс орнында тіндер мен ағзалардың механикалық, термиялық, химиялық және электрлік зақымдануларынан болған жіті аурулар жатады.
КА жіктелулері толық жасалмаған, себебі олардың клиникалық көріністері полиморфты болып келеді және көптеген ағзалар мен жүйелердің өзгерістерімен сипатталады. Алайда кейбір КА түрлерінде басым зақымданатын ағзалар мен жүйелері болады, мысалы тыныс, қан, жүйке, тірек-қимыл аппараты, есту мен көру ағзалары, т.б.Сондықтан қазіргі кезде этиологиялық себептерге сәйкес жалпылай топтастыру, яғни КА тудырған өндірістік фактордың сипатына байланысты жіктеледі.

Пән: ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности), Защита труда
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Кәсіптік аурулар
      Кәсіптік патология (проф.патология) – клиникалық пән, этиологиясын,
патогенезін, клиникалық суретін, емін және кәсіптік ауруларды алдын алу
сұрақтарын зерттейді. Профпатология басқада клиникалық пәндермен тығыз
байланысты, сонымен қатар еңбек гигенасыменде. 
     Жұмыскерлердің денсаулығына жағымсыз әсер ететін өндірістік әсерлер
әрқилы. Олардың әсерлерінен тек КА ғана емес, сонымен қатар кәсіптік
жарақаттанулар да кездеседі.  Соңғыларына өндірістің аумағында немесе
тікелей жұмыс орнында тіндер мен ағзалардың механикалық, термиялық,
химиялық және электрлік зақымдануларынан болған жіті аурулар жатады.
     КА жіктелулері толық жасалмаған, себебі олардың клиникалық көріністері
полиморфты болып келеді және  көптеген ағзалар мен жүйелердің
өзгерістерімен сипатталады. Алайда кейбір КА түрлерінде басым зақымданатын
ағзалар мен жүйелері болады, мысалы тыныс, қан, жүйке, тірек-қимыл
аппараты, есту мен көру ағзалары, т.б.Сондықтан қазіргі кезде этиологиялық
себептерге сәйкес жалпылай топтастыру, яғни КА тудырған өндірістік
фактордың сипатына байланысты жіктеледі.
     КА этиологиялық себебіне сәйкес топтары:
1. Физикалық себептер туындаған КА; өндіріс шаңдары (пневмо-кониоздар,
шаңды бронхит, т.б.)
2. Өндірістік ортаның физикалық әсерлерінен туындаған КА (тербеліс ауруы;
қарқынды шудан, әртүрлі сәулеленуден, сыртқы ортаданың жоғарғы және
төменгі температурасынан болған зақымданулар)
3. Өндірістік ортаның химиялық әсерлерінен болған КА (әртүрлі жіті және
сүлелі уланулар)
4. Биологиялық әсерлерден болған КА (инфекциялық материалдармен не
жануарлармен қатынаста болатын еңбеккерлерде, сол секілді туберку-
лезге қарсы және инфекциялық емдеу мен профилактикалық медицина-лық
мекемлердегі қызметкерлер дамыған әртүрлі жұқпалы инфекция-лық және
паразитарлық аурулар;  антибиотиктерден, грибоктар мензат түзетін
қабілеті бар саңырауқұлақтар және т.б. туындаған аурулар)
5. Кейбір ағзалар мен жүйелерге шамадан тыс күш түсуден дамыған КА (тірек-
қимыл аппаратының, шеткілік нервтер мен бұлшықеттердің аурулары)
     КА диагнозын қою кезінде  анамнезін, клиникалық және лабораторлық-
диагностикалық көрсеткіштерін тыңғылықты талдау қажет.Осындай кезде
еңбектік немесе кәсіптік анамнезі өте маңызды орын алады, себебі тек
кәсіптік зияндылықпен қатынасы дәлелденген кезде ғана аурудың адамның
жұмысымен байланысты екені анықталады.
     Еңбектік анамнезінде  КА дамуына мүмкіндік тудыратын шартты жағдайлар
көрсетілуі тиіс. Оларға мыналар жатады:  кәсібі, еңбек еткен барлық мерзім
арасында өндірістік ортаның  нақты жағымсыз факторымен қатынастағы еңбек
жағдайының толық сипаттамасы; ұжымдық және жекебастық қорғандыру заттарын
қолдануы; өндірістік ортаның зиянды әсерлерімен қатынастың ұзақтығы мен
мерзімі.
     Еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы санитарлық-
эпидемиологиялық станцияның (СЭС) еңбек гигиенасы бөлімінің санитарлық
дәрігері толтырады. Адам еңбек ететін кәсіпорынды қадағалайтын СЭС-на жіті
немесе сүлелі КА диагнозын қойған дәрігер арнайы хабарлама (извещение)
жіберуі тиіс.
     Емдеу мекемелері анықтаған нақты диагноздардың негізінде КА-ға есеп
жүргізіледі: 
• жіті КА - барлық типтердегі емханалық-амбулаториялық  мекемелерде
(қаралуға келгенде немесе үйіне шақырғанда), әртүрлі профильдегі
ауруханаларда;
• сүлелі КА – ғылыми-зерттеу және медициналық институттардың клини-
каларында, дәрігерлердің біліктілігін жетілдіретін институттарда,
аурудың кәсіптік сипатын анықтау мен аурудың еңбек жағдайымен
байланысын анықтауға құқысы бар емдік-профилактикалық мекемелерде.
     Өндірістік кәсіпорындардың, құрылыс ұйымдары мен транспорттың
жұмысшыларына емдік-профилактикалық көмекті медициналық-санитарлық
бөлімдердің немесе емханалардың дәрігерлері көрсетеді. Медициналық-
санитарлық бөлімдердің құрамына  денсаулық пунктері де енуі мүмкін.
     Медициналық-санитарлық бөлімдердің негізгі міндеттері – денсаулық
сақтау саласының жергілікті органдарымен және мекемелерімен,
әкімшіліктермен және қоғамдық ұжымдармен бірге тиісті бекітілген жұмысшылар
мен қызметкерлердің еңбек пен тұрмыс жағдайларын сауықтыруға, жалпы және
кәісіптік аурулар мен жарақаттануларды азайтуға, мамандандырылған
медициналық жәрдем көрсетуге және диспансерлік қадағалауды толассыз
жүргізуге бағытталған  шараларды жобалау мен өткізу.
     Участкелік цехтік дәрігерлік аумақтың терапевт-дәрігер орнына  ПП
маманы бойынша дайындықтан өткен терапевт-дәрігер тағайындалады.     Оның
жұмысының негізгі түріне мыналар жатады:
• өндірістік кәсіпорындардың жұмысшыларына квалификациялық медици-налық
жәрдем көрсету,
• жұмысшыларды жұмысқа қабылданар алдындағы профтексеруден және
периодтық медициналық тексерулерден өткізу,
• диспансерлік қадағалау жұмысы,
• санитарлық ағарту жұмысы,
• сауықтыру шараларын комплексті түрде жүргізу.
     Цех дәрігері алғашқы және периодтық  медициналық тексерулерді өткізуде
негізгі роль атқарады. Осындай тексерулердің басты мақсаты  уақытында
емдеуді бастау мен болашақтағы кәсіптік жарамдылығы мен профилактикалық
шараларды  шешу үшін КА ерте анықтау болып табылады.
     КА диспаенсеризациясын участкелік цех дәрігері жүргізеді. Диспансерлік
қадағалауға пневмокониоздар, сүлелі шаңды бронхиттер, тербеліс ауруы,
сүлелі уланулар, т.б. секілді КА-дың сүлелі түрлері жатады.  Осындай науқас
адамдарды қадағалау өндірістік зиянды әсерден қатынасты үзгеннен соң да
жүргізілуі тиіс.
     Диспаенсерлік қадағалау кезінде емдік-профилактикалық шаралар жүзеге
асырылады: емханалық мамандандырылған емдер, ауруханаға жатқызу, санаторлық-
курорттық емдеу, диетотерапия,  санаторий-профилакторийлерде сауықтыру,
еңбекке орналастыру.
     КА-дағы дәрігерлік-еңбектік сараптау және сауықтыру мәселесі.
     Техникалық және санитарлық-гииеналық шаралармен қатар дәрігерлік-
еңбектік сараптау (ДЕС) КА мен кәсіптік емес үдемелі аурулардың айқын
түрлерінің дамуларын тежеуде, сол секілді науқас адамдардыңеңбекке
жарамдылығын сақтау мен қалпына келтіруде  профилактикалық тұрғыдан өте
маңызды орын алады. 
     КА клиникасында ДЕС-дың негізгі міндеттері:
1. Жұмыскер организміне өндірістік орта мен өндірістік процестердің 
жағымсыз ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Тіс емханасын метрологиялық қамтамасыз ету
Мүгедектіктің британдық моделі
Патологиялық физиологияның даму тарихы
Дәрігердің кәсіби деформациясы
Кәсіптік аурулар мен улану жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі
Кәсіптік патология (проф.патология) – клиникалық пән
Тағам және су құрамындағы микроэлементтердің жетіспеушілігі нәтижесінде пайда болған аймақтық патология
Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесi
Дәрігердің кәсіби деформациясы туралы
Ауытқыған әлеуметтену және девианттық мінез - құлық
Пәндер