Омыртқа анатомиясы


Жоспар:
- Омыртқа анатомиясы
- Түрлері
- Омыртқа остеохондрозы
Пайдаланылған әдебиеттер
Омыртқа анатомиясы
Омыртқа (vertebraе) - тұлға тірек қаңқасын құратын сүйектердің бірі. Омыртқаның қалың да жалпақ біткен бөлігін денесі, жұлын орналасатын қуыс құратын артқы бөлігін доғасы деп атайды. Доғаның дара және жұп қанаттары (екеуі көлденең және төртеуі келесі Омыртқамен жалғасады) болады.
Түрлері
Омыртқаның пішіні әр түрлі. Бірінші мойын Омыртқаны ауыз Омыртқа, екіншісін эпистрофей деп атайды. Кеуде Омыртқада қабырға басы бекитін ойықтар бар. Бел Омыртқаның көлденең қанаттары жалпақтау, ірілеу, бұл - қабырға рудименті. Әр түрлі жануарлар Омыртқасының алдыңғы, артқы беті құрылысында айырмашылық болады. Балықтардың, кейбір қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың Омыртқа денесінің екі беті де ойыс (амфицельді), көпшілік қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың Омыртқасының алдыңғы беті ойыс (процельді), артқы беті кейбір жағдайларда ойыс (опистоцельді), құстарда ер тәрізді (гетероцельді), ал сүтқоректілердің Омыртқасы арасында шеміршек болады, осыған байланысты олардың Омыртқасы беттері жалпақ ойыс (платицельді) пішінді болып келеді.
Омыртқа остеохондрозы
Остеохондроз - қазіргі таңда кеңінен таралған аурулардың бірі. Құлағымыздың құрышы қанғаны соншалық, кейде желке тартып, балтыр сыздаса да осы остеохондрозға жабамыз. Осындай көзқарастың салдарынан бұл ауру тіпті еленбейтіндей дәрежеге жетті. Шын мәнісінде, остеохондроз дегеніміз омыртқаларға тұздың жиналуы ма? Керемет шөптермен, шетелдік дәрілер мен емшілердің түшкіруінен қайта салатын дерт пе екен?
Остеохондроз латынның «остеон» - сүйек, «хондрос» - шеміршек деген мағынаны беретін сөздерінен құралған, демек ол омыртқааралық шеміршек шеңберлерінің (диск) сүйектік ұлпаға айналуы. Омыртқа дискілерінің қоректенуі төмендеп, қан айналымы өзгеріп, олардың созылғыштығы әлсіреп сызаттар түседі, кейінірек сүйектік ұлпаға айналады. Атап айтқанда, ағзаның ластануы, тамақ мәзірінде тұзды, ащы нәрселердің, көкөністен гөрі ет тағамдардың басым болуы, қимыл-қозғалыстың азаюы, жарақаттану, омыртқа жотасында артық салмақтың түсуі, суық тию-осындай өзгерістерге әкеп соқтырады. Мүсіннің дұрыс қалыптаспауы арқа, құрсақ, мойын бұлшық еттердің нашар дамуы, ауыр зат көтеру патологиялық ауыр процестерді жылдамдатады. Ғалымдардың пайымдауынша, 23-27 жастан кейін омыртқааралық шеңберлер өзіне қажетті қоректік заттарды қанна емес, жанындағы ұлпалардан алады, демек өзгерістер кейінірек көптеген буындар мен байламаларды да қамтиды.
Омыртқа остеохондрозы кең тараған ауру, ол көбіне адамның еңбек қабілетін уақытша не біржола жоғалтуына соқтырады, сондықтан да қауіпті саналады. Бірқатар клиникалық-биологиялық және гистоморфологиялық зерттеулер негізінде омыртқа аралық дискілердің құрылымдық өзгерісінің ерекшеліктері және олардың дегенеративті-дистрофиялық табиғаты анықталды. Ұсынылған жіктеу көбіне омыртқаның дегенеративті өзгерістерін ажыратуға мүмкіндік беретін паталогоанатомиялық және рентгенологиялық зерттеулерге негізделген. Олардың ішінде аурудың мынадай түрлері бар: остеохондроз, деформациялаушы спондилез, омыртқа аралық буындардың спондилоартрозы. Дегенеративті ахуалдардың аталған түрлерінің барлығында негізінде бір ғана үдеріс жүреді, ол-дискілердің қартаюы. Осыған байланысты, «остеохондроз» терминін бүгінгі күні көптеген зерттеушілер осы аурулардың бір ретінде емес, омыртқаның дегенеративті өзгерістерін біріктіретін кең ұғым ретінде қолданады.
Ауру үш кезеңнен тұрады: І кезең - люмбаго немесе дискальгия кезеңі дискідегі дегенеративті өзгерістермен сипатталады, ІІ кезең - диск протрузиясы, ІІІ кезең - диск жарығы.
Бел-сегізкөз құяңы синдромы таралуы және еңбекке жарамдылықты уақытша жоюы жөнінен бірінші орында. Сырқат көбіне 30-50 жас аралығындағы адамдарда болады. Көбіне, ер адамдарда, әсіресе ауыр дене еңбегін атқаратын кісілерде, вибрациялы, суық орындарда жұмыс жасайтындарда кездеседі.
Консервативті ем жүргізілгенде негізінен ауру кезеңіне қарамастан, еңбекке жарамсыздықтың орташа мерзімдері тағайындалады. Сырқат қағазының ұзақтығы бірнеше күннен 2-4 айға дейінгі аралықта.
Еңбекке уақытша жарамсыздықты мерзімдері аурудың кезеңіне, ауырсыну синдромының айқындылығына, жүргізілетін ем сипатына және оның тиімділігіне, науқастың мамандығы мен еңбек жағдайына байланысты.
Аурудың бастапқы және асқынған кезеңінде, әсіресе еңбек жағдайы ауыр болса (қатты дене қимылы, жиі еңкею, денені жиі бұру, жағымсыз метеорологиялық факторлар және т. б. ), науқас 3-5 күн төсекте жатуы керек және еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі кемінде 7-10 күн болуы шарт.
Одан кейінгі кезеңде ауру жиі асқынса, оның әрі қарай өршуін болдырмас үшін науқасты оның денсаулық жағдайына сәйкес келетін жұмысқа ауыстыру қажет.
ІІ кезеңде ауырсыну синдромы асқынған жағдайда, жалпы төсек режимінің ең аз мерзімі - 5-7 күн, ал еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімінің ұзақтығы - 16-18 күн. Егер осы мерзімнің соңына қарай айқын ауырсыну жойылмаса, науқасты ауруханаға жатқызып, екі апта ем жүргізу қажет. одан кейін оған емдеу-профилактикалық мекемесінің дәрігерлік-бақылау комиссиясының қорытындысы бойынша еңбек ету үшін жеңілдетілген жағдай ұсынылуы немесе мүгедектіктің ІІІ тобын беру үшін оны дәрігерлік-еңбек сараптау комиссиясына жолдау қажет.
Аурудың ІІІ кезеңінде - диск жарығы кезінде бел-сегізкөз құяңы синдромы жіті пайжа болған жағдайда немесе созылмалы үдеріс асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызады, өйткені онда қызметтің айқын және тұрақты бұзылыстары бар. Бұндай науқастар 8-10 күн бойы қатаң төсек тәртібін сақтауы қажет Ауруханада жатып емделетін аз мерзім - 2-3 апта, еңбекке уақытша жарамсыздықтың жалпы ұзақтығы - 28-30 күн.
Қажетті жағдайда, медициналық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздықтың ұсынылған мерзімі ұзартылады.
Ой еңбегімен айналысатын адамдар, тіпті аздаған ауырсыну болаған жағдайда да, жұмысқа біршама ерте жіберіледі. Олар емді амбулаториялық жағдайда жалғастырады. Дене еңбегімен айналысатындар, әсіресе еңбек жағдайлары қолайсыз болса, ауырсыну толығымен жойылған соң ғана жұмысқа жіберіледі. Қажетті ем тәртібі кеш ұсынылса және науқас адам айналысуға болмайтын жұмысқа жолданса, ол қайтадан және ұзақ емделуге мәжбүр болады.
Остеохондроз - тек адамға ғана тән ауру. Өйткені, жануарлардың омыртқа жоталары көлденең орналасады, оған салмақ түспейді және олар үнемі қимыл-қозғалыста болады, тек қатты ашыққанда ғана тамақтанады. бұл тамақтың өзін табу да оңай емес.
Сонымен, мүсініңіз дұрыс болып, омыртқа жотасы дертке шалдықпасын десеңіз, мына қағидаларды ұстаныңыз:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz