Дарвиннің эволюциялық ілімі және оның негізгі қағидалары


ДАРВИННІҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ІЛІМІ ЖӘНЕ
ОНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуына жоғарыда келтірілген көптеген ғылыми және қоғамдық - экономикалық алғышарттар себеп болды. Ғылыми алғышарттар мыналар еді:
1. Салыстырмалы морфология мен анатомиядағы зерттеулер нәтижесінде бірқатар жануарлардың дене құрылысының жалпы көрінісі ұқсас болатыны анықталды, ал мұның өзі олардың ата тегінің бір екенін дәлелдеді.
2. М. Шлейден мен Т. Шванн ашқан, ал кейінірек Р. Вирхов толықтырған жасушалық теория өсімдіктер мен жануарлар жасушалары құрылысы және химиялық құрамы жағынан ұқсас екенін, яғни органикалық дүниенің біртұтастығьш көрсетті.
3. Салыстырмалы эмбриология ғылымындағы зерттеулер барлық ағзалардың дамуы ұрықтанған жұмыртқадан басталатынын анықтады. Сондай-ақ алғашқы даму сатысында желілілер ұрықтарының және басқа да типтерге жататыи жануарлар ұрықтарының бір-біріне ұксас келетінін, ал мұның өзі олардың арасында туыстық қатынастың бар екенін көрсетті.
4. Геология саласындағы мәліметтер жер қыртусы әр түрлі шөгінді қабаттардан тұратынын, ол қабаттар табиғи күштердің әсерінен біртіндеп түзілгенін дәлелдеп бұл ұзаққа созылған тарихи дамудың нәтижесі деп танылды.
5. Химиялық зерттеулер елі және тірі табиғаттың бірдей химиялық элементтерден тұратынын көрсетті. Энергияның сақталу және түрлену заңы ашылды, бұдан табиғаттың біртұтастығы айқын көрінді.
6. ІПалеонтологияның деректері жер бетінде жануарлар формаларының үнемі алмасып отырғанын, оны дәлелдейтін өтпелі формалардың тіршілік ететінін тұжырымдады. Олай болса, түрлер түрақты болмай, әр түрлі жағдайларға байланысты үнемі өзгеріп отырғаны дәлелденді.
Орталық ірі қалалардың саны артты, соған сәйкес халықтың саны әсті. Өскелең қала тұрғындарын азық-түлікпен, тоқыма, т. б. өндіріс салаларын шикізатпен қамтамасыз ету ауыл шаруашылығының дамуына қозғау салды. Іс жүзіндегі сүрыптау әдістерін пайдалана отырып, мал шаруашылығы мен әсімдік шаруашылығында жана тұқымдар мен іріктемелер шығарыла бастады. Сонымен қатар, басқа мемлекеттерден сатып әкелінген жануар мен өсімдік түрлері және жан-жақты жүргізілген экспедициялар кезінде жиналған материаддардың турлері молайды.
Ч. Дарвиннің қысқаша өмірбаяны мен еңбектері.
Чарлз Роберт Дарвин 1809 жылы 12 ақпанда Шрусбериде дәрігер отбасында дүниеге келді. Ол 1826 жылы Эдинбург университетінін дәрігерлік факультетіне түсіп, екі жылдан кейін әкесінің ұйғаруымен Кембридж университетінің діни факультетіне ауысады. Бірақ Дарвинді діни оқу емес жаратылыстану ғылымы, оның ішінде геология, ботаника және зоология көп қызықтырады. 1831 жылы ол университетті бітіріп, профессор Дж. Генслоның ұсынысы бойынша сол жылы «Бигль» кемесіне табиғатты зерттеуші (натуралист) есебінде қабылданып, жер шарын айналу саяхатына аттанады. Бес жылға созылған саяхат кезінде Дарвин түрлердің тұрақтылығы жөніндегі идеяға күмәндана қарап, зерттеулер нәтижесінде жинақталған деректі материалдардың ыкдалымен онда дүние тануға жаңа көзқарас қалыптасады.
Деректі материалдардың бірінші тобы ерте заманда өліп біткен жануарлар мен қазіргілердің арасында тарихи байланыстың барлығын дәлелдеді. Оңтүстік Американың геологиялық қабаттарынан табылған жалқау аңның каңқасы қазірде сол жердің тіршілік ететін түр дараларының қаңқасына ұқсайтынын анықтады.
Түрдің тұрақтылығы идеясын бекерге шығаратын деректердің екінші тобына жануарлардың географиялық таралу заңдылықтары жатты. Оңтүстік жөне Солтүстік Америка құрлыктарының жануарлар дүниесін салыстырғанда олардын түрлік құрамында үлкен айырмашылықтың бары көрінді. Оңтүстік Америкада тіршілік ететіы жалкау аңдар, құмырсқа жегіштер, тапирлер, т. б. жергілікті жануарлар Солтүстік Америкада кездеспейді.
Эволюциялық идеяны қолдайтын деректердің үшінші тобына Дарвиннін Галапагосс аралдарындағы зерттеу материалдары негіз болды. Ол Галапагосс аралдарынан бұрын еш жерде кездеспеген кесіртке, тасбақа және күстардың түрін тапты. Олардың Оңтүстік Америкалық түрлерге біршама жақындығы байқалды. Әсіресе көзге түскені аралдардағы қонақтар . Арал өзгерген сайын - таушымшық түрлері де тұмсықтарының кұрылысымен ерекшелене түскен. Дарвин олардың арғы ата тегі бәлкім Америка материгіндегі таушымшықтың бір түрі болуы мүмкін деген болжам жасады. 1836 жылы 2 қазанда «Бигль» кемесімен Англия жағалауына қайтып оралған Дарвин тіршілік еткен орта жағдайларының әсерінен түрлердің өзгеретініне кәміл сенді.
Сондай-ақ жоғарыда айтылған геологиялык, палеонтологиялық, эмбриологиялык және басқа да ғылым саласындағы деректер органикалық дүниенің өзгеретінін тағы да дәлелдей түсті.
Алайда бір түрдің екінші түрге айналу себебін ешкім түсіндіре алмады. Сондықтан түрлердің шығу тегі мәселелерін шешу, яғни эволюцияның қозғаушы күштерін анықтау Дарвиннің барлық өміріндегі негізгі мақсатына айналды. Осы мақсатта, жиналған мол материалға терең талдау жасай отырып, 1859 жылы дүние жүзіне әйгілі болған «Табиғи сүрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы» деген бегін жарыққа шығарды. Дарвин бұл еңбегінде органикалық дүниенің негізгі даму заңдылықтарын, ғылыми және диалектикалык, материалистік тұрғыда түсіндірген эволюциялық теорияны жариялады. Дарвин 1868 жылы шыққан «Үй хайуанаттары мен мәдени есімдіктердің өзгеруі» деген кітабында органикалық дүние үнемі өзгеріп отырады, «оған дәлел - адамның пайдалы қол тұқымдарды шығаруы» деп көрсетті. Іле-шала, 1871жылы Дарвиннің үшінші еңбегі «Адамның шығу тегі және жыныстық сүрыпталу» деген атпен жарияланды. Онда Дарвин эволюциялық теорияны қолдана отырып адамның жануарлардан шыққанын айқын делінген . Ұлы ғалым 1882 жылы 19 сәуірде қайтыс болды. Ч. Дарвин және А. Уоллес ілімінің негізгі қағидалары Органикалық дүние дамуының тарихи негіздерін анықтап, оны дәлелдеу үшін, Дарвин алдымен көп ғасырлық егіншілік пен мал өсіру жөніндегі әдеби мәліметтерді пайдаланды. Тәжірибелі бағбандар және мал шаруашылығывдағы адамдармен пікір алысу арқылы мәдени өсімдіктер мен үй хайуанаттарының өзгергіштігі жайында көптеген материалдар жинап, оған терең талдау жүргізді. Осыдан келіп үй хайуанаттарының қолтұқымдары мен өсімдік іріктемелерінің сан алуандығы өзгергіштіктің, тұқым куалаушылықтың және қолдан сұрыптаудың нәтижесі деген қорытынды жасады.
Ал, табиғатта осыған ұқсас әрекет бар ма? Жаңа түрлердің шығуы қалай жүреді? Шындығында табиғатта сұрыпталу үшін материал үнемі жеткілікті болады. Өйткені, барлықағзалар геометриялық прогрессиямен қарқынды түрде көбеюге қабілетті келеді, яғни кез келген ағзалар жұбы өте көп үрпақ бере алады. Алайда олардың жыныстық жетілуге дейін өмір сүретіндері аз, себебі олар өзара және сол сияқты тіршілік еткен орта жағдайларымен күрделі де алуан түрлі қарым-қатынаста болады. Ендеше, табиғатта үздіксіз тіршілік үшін күрес жүріп жатады. «Тіршілік үшін күресте - дейді Ч. Дарвин - бір ағза мен екіншісінің арасындағы тәуелділікпен қатар бір ғана дараның тіршілік етіп қалуы емес, сондай-ак оның үрпақ қалдыруға мүмкіндігі де негізгі рөл атқарады». Табиғаттағы құбылыстарды байқау нөтижесі жануарлар мен өсімдіктерге олардың белгілері мен қасиеттерінің жалпы өзгергіштігі тән екенін көрсетеді. Тіпті ағзалар жұбының бір ұрпағынан мүлде бірдей дараларды кездестіру мүмкін емес. Бір тұқымға жататын қойлардың немесе сиырлардың табынындағы жануарлардың әрқайсысы бір-бірінен болар-болмас ерекшеліктері, дене тұрқы, аяғының ұзындығы, реңі, жүнінің түсі мен бүйралығы арқылы ажыратылады. Дөл осындай құбылыс өсімдіктерде де кездеседі. Тіршілік жағдайы қолайлы ортада мұндай өзгешеліктер айтарлықтай рөл атқармауы мүмкін, ал аса қолайсыз жағдайлар туа калса, кез келген кішігірім ауытқулар ағзаның тіршілік етіп қалуына ықпалын тигізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz