М.ЖАНПЕЙІСОВАНЫҢ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ДАМУЫН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Баяндама:

«М. ЖАНПЕЙІСОВАНЫҢ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ДАМУЫН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ».

Нұрғалиева Е. В.

№40 мектеп

Павлодар қ.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я. А. Коменскийдің, И. Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектірлер-оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекетті болып табылады.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Егер «жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ, біздің ойымызша Г. К. Селевко айтқандай: «Жеке тұлға-бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы, өзіне және өзімен-өзінің, дүниеге қатынастарының жүйесі, айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі, қажеттілік жүйесі, щығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы, сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т. б. » [1. 1]

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Ғылымға мықтап енген «педагогикалық технология» ұғымына әртүрлі түсініктемелер берілген (В. П. Беспалько, В. М. Шепель, И. П. Волков, М. Чошанов, М. В. Кларин және т. б. ) . Дегеннен, барлық анықтамалардың ортақ басты негізі бар, бұл келесі түсіндірмеде айқын көрінеді. М. Жанпейісованың айтуынша:

«Педагогикалық технологиялар-бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің ; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерін, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»[1. 2] .

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңыңда оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогиқалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

Оқыту технологиясының бір ерекшелігі-оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді:яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т. б. ), ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауінсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттансыруға; белсенді сөздік қорын(ауызша және жазба тілінде) дамытуға бағытталуы.

Ал базалық білім бұл технологияның алдына қойған мақсаттарына жетудегі басты құралдарының бірі болып қана табылады.

Осы технологияның нұсқасы модульдік мінез деп табылады және М. Жанпейісова модульдік оқыту технологиясы деп аталады.

Педагогикалық технология негізіне оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған.

Оның мазмұнына:

1) оқытудың жалпы мақсатын қою;

2) жалпы қурылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

3) оқушылардың білім деңгейін алдын ала (диагностиқалық) бағалау;

4) оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс) ;

5) нәтижені бағалау енеді.

Осының арқасында оқу процесі «модульдік » сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.

Оқу модулі білімді қайта репродуктивті оқу циклі ретінде үш құрамдас бөлімен:кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.

Осыған орай, оқу процесі «модульдік мінезді табады, құрылымы жалпы болса да, мазмұны әр түрлі болады.

Тақырыптар тобының ерекшелігіне қарай әр оқу модуліне бөлінетін сағат саны әр түрлі болады.

Таблица №1

Алтыншы сынып.

Лексикалық тақырып: қыс

Грамматикалық тақырып: зат есім

Бөлімі
Сабақ саны
Модульдің мазмұны
Уақыты
Бөлімі:

КІРІСПЕ

Сабақ саны: 1-сабақ
Модульдің мазмұны:

1. Модульге кіру

2. Граматикалық тақырып

3. Сөздік жұмыс

4. Лексикалық тақырып

5. Бекіту

Уақыты:

5 минут

10 минут

8 минут

12 минут

10 минут

Бөлімі:

СӨЙЛЕСУ

Сабақ саны: 2-сабақ
Модульдің мазмұны:

1. Топпенжұмыс. Желтоқсан. Қаңтар. Ақпан. »Қар кесегі» ойыны.

2. Сөздік диктант

3. Грамматикалақ жаттығулар. Жұптық жұмыс.

4. Сұрақ-жауап

Уақыты:

20 минут

7 минут

10 минут

8 минут

Бөлімі: 3-сабақ
Сабақ саны:

1. Ауа райы (жұптық жұмыс)

2. Суретпен жұмыс

3. Морфологиялық талдау жасау

4. «Өз жұбыңды тап» оқыта үйрету ойыны

Модульдің мазмұны:

10 минут

10 минут

12 минут

13 минут

Бөлімі: 4-сабақ
Сабақ саны: «Қысқы киім». Тіл дамыту сабағы
Модульдің мазмұны: 45 минут
Бөлімі:

ҚОРЫТЫНДЫ

Сабақ саны: 5-сабақ
Модульдің мазмұны:

1. Фонетикалық талдау

2. «Қыс келбеті». »Даналық ағашы» ойыны

3. Үш деңгейлік тапсырмалар. Жеке-топтық жұмыс

Уақыты:

15 минут

10 минут

20 минут

Бөлімі: 6-сабақ
Сабақ саны:

1. Тест

2. Ауызша сынақ

Модульдің мазмұны:

10 минут

35 минут

Оқушы нені білуі тиіс:

«Қыс» тақырыбы туралы қысқаша әңгімелей білу;

Осы тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс пайдалана білу;

Зат есімнің түрлерін ажырата білу, сұрақтарын дұрыс қоя білу.

Оқушы нені үйренуі қажет:

Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды, тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға және сауатты жазуға үйрену;

Зат есімнің түрлерін ажыратуға үйрену.

Сөйлемдерде сөздердің орын тәртібін сақтай білу, дұрыс қолдана білу.

Мысалы: алтыншы сыныптарда оқу модулі қазақ тілі пәнінен жалпы бес-алты сағаттан құрылады. (Таблица №1)

Таблицаға қарағанда кіріспе бөліміне және қорытынды бөліміне бір сағаттан беріледі. Қалған барлық сағат сөйлесу бөліміне бөлінеді.

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы қурылымымен және мазмұнымен таныстырады, грамматиканың ережесін түсіндіреді, лексикалық материалды тірек сызбаларға сүйене отырып қысқаша (15-20минут ішінде) түсіндіреді.

Сөйлесу бөліміне төрт сағат бөлінеді. Осы бөлімінде оқушылардың қазақ тіліне қызығушылық дамуын көтеру үшін оқу ойындарын пайдалануы қажет.

Оқу ойыны-бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыруы, оқушылардың оқыту процесінде оқу ойындарын қолданудың жоғары тиімділігін көрсетедуі.

Ойындарды оқу модулінің сөйлесу бөлімінде қолдануға баса назар аудару қажет. Мұнда негізінен оқыта үйрету ойындарды пайдалану, өйткені олардың мазмұны баланың оқудағы еңбегі табылады. Оқушылар ойынға қатыса отырып аз шаршайды, оқу, қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.

Мәтін бойынша осындай ойындарды пайдалануға болады: «Даналық ағашы», «Мәтінді құр», «Қарлы кесек» және т. б.

Таблица № 2

«Қар кесегі» ойыны.

Құрал-жабдығы:

1. Бағыттаушы парақтар (қатысушылардың санына қарай) .

2. Қатысушылардың нөмірі жазылған жетондар.

3. Үстелді белгілеуге арналған сілтемелер (А, Б, В, Г ) .

4. Жалпы бағалау парағы (оны тақтаға сызуға болады) .

Ортақ бағалау парағы.

-1
-2
-3
-4
-5
Ең жақсы сөйлеген ойыншы нөмірі
Топтың ортақ ұпайы
: «А»
-1:
-2:
-3:
-4:
-5:
Ең жақсы сөйлеген ойыншы нөмірі:
Топтың ортақ ұпайы:
: «Б»
-1:
-2:
-3:
-4:
-5:
Ең жақсы сөйлеген ойыншы нөмірі:
Топтың ортақ ұпайы:
: «В»
-1:
-2:
-3:
-4:
-5:
Ең жақсы сөйлеген ойыншы нөмірі:
Топтың ортақ ұпайы:
: «Г»
-1:
-2:
-3:
-4:
-5:
Ең жақсы сөйлеген ойыншы нөмірі:
Топтың ортақ ұпайы:

«А»тобы - «Желтоқсан» мәтіні бойынша мәлімет дайындайды.

«Б» тобы - «Қантар» мәтіні бойынша мәлімет дайындайды.

«В» тобы - «Ақпан» мәтіні бойынша мәлімет дайындайды.

«Г» тобы - «Қыс» мәтіні бойынша мәлімет дайындайды.

«Қарлы кесек» ойында оқушылар төрт топқа бөлінеді, А, Б, В, Г деген төрт үстелде отырады. Әр үстел өз тапсырмасын алады. Дайындыққа алты минут беріледі. Оқушылар дайындалып болған соң, бірінші тур басталады. Оқушылар әрқайсысы өз үстелдеріне отырып жауап береді де, қолдарына берілген « жүру бағыты » парағына өзіне ұнаған жауаптың нөмірін белгілейді. Яғни әр оқушы «жүру бағыты» парағы мен соның нөміріне сөйкес үстелінің нөмірі жазылған парақты кеудесіне тағып алады. Әрі қарай екінші турда оқушылар «жүру бағыты» парағында көрсетілген үстелге барып, реті бойынша сөйлейді. Осылай үш тұрда үш үстелге отырып, жауап беріп, тыңдап шығады. Осы ойында оқушылар мәтіннің мазмұнын айтуға үйренеді, тілі дамиді. Ойының соңында ортақ бағалау парағында ең жақсы сөйлеген ойыншының нөмірі, топтың ортақ ұпайы белгіленеді.

Қорытынды бөлімінде мысалы «Даналық ағашы» ойынды пайдалануға болады. Осы ойында оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуға, сұрақтар қоюға үйренеді. Жүргізушінің қолында сандықша болу тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Әр оқушы сандықшыдан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап береді.

Таблица № 3

Блиц-турнир. Оқушылар дайындықсыз тез жауап беруге тиісті. Әр дұрыс жауапқа бес ұпай беріледі.

1. Мен . . . қаласында тұрамын.

2. Менің қалам Қазақстанның . . . орналасқан.

3. Менің қалам . . .

4. Қаламда . . . астам тұрғын бар.

5. Қаламда . . . оқу орындары бар.

Оқушыларға жарыс ойыңдар ойнауға ұнайды. Мысалы: «Жарыс» ойыны, «Блиц-турнир» ойыны, «Брейн-ринг» және т. б. Осы ойындарда оқушылардың сөздік қоры байиды, оқушылар сөздермен сөз тіркестер, сөйлемдер құрып үйренеді. Осы ойындар жұппен, топпен жүргізіледі. Оқушылар осындай ойындарда жарыстық ықыласқа ұмтылады, өз тобына көп ұпайлар табуға ұмтылады, өз тобына немесе серіктесіне көмектесу жан ашу сезімі дамиді, әр тапсырманы биік сапаға орындауға тырысады. (таблица № 3)

Осы ойындарда оқушылар өздері (өзін, бір-бірін, команданы, топты) бағалайды.

Кім өз жұмысында осы технологияны пайдаланам десе, технологияны жақсы білу үшін, бірінші: теориялық материалмен міндетті түрде танысуға қажет. Жұмыстың екінші жылында осы технологияның әр элементтерін сабаққа кіргізуге болады.

Келесіде Жанпеисова модульдік оқыту технологиясы бойынша тесттер, ойындар шығарып, ашық сабақ өткізуге болады.

7 - сыныптарға арналған қазақ тілі пәнінің тақырыптық - күнтізбек жоспары оқулық бағдарлама және мемлекеттік стандарттің талабына сай құрылған.

Жоспар 12 модульден тұрады. Олар қарым - қатынастық және елтану бағытындағы тақырыптар: «Қазақстан Республикасы - тәуелсіз ел», «Жері байдың - елі бай», қазақ халқының әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, мәдениеті, әдебиеті, белгілі қоғам қайраткерлері, ақын - жазушылары, әнші - сазгерлері, батырлары туралы мәлімет беретін модульдер.

Модульді қолдануда қазақ тілін оқыту ісіне не кіретіні анықталып, оны белгілі бір жүйеге келтіру іске асады, яғни модуль белгілі құрылады. Бір модульге тек бір - бірімен байланысты мәселелер ғана кіреді. Модуль кез келген мәселелердің тобынан құрылмайды. Модульді құрастырғанда, оның мазмұнының байланыстылығы, логикасы, элементтерінің бір - бірімен өзара байланыстылығы және олардың бір - бірінен даралануы, ажыратылуы, ерекшелігі негізге алынады.

Модуль жалпы мазмұнға кіретін негізгі мәселелер мен олардың ішкі бөлшектерін, кіші мәселелерін жүйелі түрде көрсетіп, оны мұғалім үшін де, оқушы үшін де нақтылы түрде анық білдіреді. Мұғалім модульдерді қандай тәртіпте оқыту керектігін білсе, оқушы модульден нені білуге, қандай жұмысты жасауға тиісті екенін біледі.

Мысалы, модульдің тақырыбы: «Көктем. Ана», Микротақырыптары: «Көктем мерекелері», «Ардақтаңдар ананы», «Әже», «8 - Наурыз», т. б., барлығы 7 сағат.

1 - ші, - 2 - ші сабақтарда оқушылар жаңа білім алады. Қазақ тілі сабағында жаңа материалды оқушылардың көңліне мықтап ұялатып, саналы түсінік беру үшін оларды сабаққа қызықтыра білу аса маңызды. Осы мақсатты іске асырудың бір тиімді жолы - әңгіме әдісі. Кіріспе әңгіме арқылы мұғалім оқушыларды сабақты қызыға тыңдауға, мазмұнын толық түсінуге, ақыл - ой қызметін оятуға, ынтасын дамытуға бағыттайды.

Келесі кезең - жаттықтыру (тренировка) . Жаттықтыру әр түрлі болады. Орыс мектебінде қазақ тілін оқытудың басты бір мақсаты оқушыларды осы тілде ауызекі сөйлеуге төселдіру, қазақ тілін сөйлесу құралына айландыру Сондықтан осы сабақта тіл ұстартуға арналған тапсырмалар беріледі: үлестірмекеспелі карточкалар, тест, бақылау - жаттықтыру тапсырмалар. Олар оқушының қабілетін анықтап, қай ережені қаншалықты меңгергеніне есеп жүргізуге көмектеседі.

Ойындар:

«Көңілділер мен тапқырлар» ойыны.

Сынып 4 оқушыдан топтарға бөлінеді.

І кезең. Жаңа сөздерге сүйене отырып, оқушылар мәтінді түсініп оқиды.

ІІ кезең. Мәтінді әр түрлі әдіспен конспектілейді.

Дәптер үш бағанаға бөлінеді.

1 - бағана түйінді сөздер, 2 - бағанаға негізгі ойлар, 3 - бағанаға түсініктемесі (немесе тірек белгілермен, бағыттаушылармен, қарапайым суреттермен берілген түсінгі) беріледі.

ІІІ кезең. Жасалған конспектілерге сүйене отырып, мазмұнын айту.

Жарыс ойынын өткізу (1, 2 - тапсырмалар негізінде, 33 - бет) .

Сынып екі топқа бөлінеді.

Тақтаға мына кестені сызып қоюға болады

І түр ІІ тур ІІІ тур

ТапсырмаТоп:

Тапсырма

Топ

Негізгі, туынды сын есімдер (5 ұпай): Негізгі, туынды сын есімдер (5 ұпай)
Сөз тіркестері (5 ұпай): Сөз тіркестері (5 ұпай)
Сөйлем құрастыру (10 ұпай): Сөйлем құрастыру (10 ұпай)
Қорытынды: Қорытынды
ТапсырмаТоп: А тобы
Негізгі, туынды сын есімдер (5 ұпай):
Сөз тіркестері (5 ұпай):
Сөйлем құрастыру (10 ұпай):
Қорытынды:
ТапсырмаТоп: Б тобы
Негізгі, туынды сын есімдер (5 ұпай):
Сөз тіркестері (5 ұпай):
Сөйлем құрастыру (10 ұпай):
Қорытынды:

І, ІІ тур - 2 тапсырмада берілген сын есім бойынша жұмыс жүргізу.

ІІІ тур - 1 - тапсырмадағы сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру.

Ойын аяқталғаннан кейін мұғалім топтардың әр турдан жинаған ұпайын санап, қорытынды шығарады және бағалайды.

«Қарлы кесек» ойыны. 1 - тапсырма.

Ең әуелі сынып бірнеше топқа бөлініп, оқулыққтағы «Піл», «Жолбарыс», «Қасқыр» мәтіндерін аударады.

Құрал - жабдағы:

  1. қатысышылардың нөмірі жазылған жетондар (І) ;
  2. ұстелдерді белгілеуге арналған сілтемелер (ІІ) ;
  3. жалпы бағалау парағы (ІІІ) ;

І

ІІ

ІІІ

нөмірітоп:

нөмірі

топ

1: 1
2: 2
3: 3
4: 4
5: 5
Топтың ортақ ұпайы: Топтың ортақ ұпайы
нөмірітоп: А
1:
2:
3:
4:
5:
Топтың ортақ ұпайы:
нөмірітоп: Ә
1:
2:
3:
4:
5:
Топтың ортақ ұпайы:

Ойынның жүру барысы.

Үстелдерді орналастыру үлгісі:

Сынып оқушылары топтарға бөлінеді: А, Ә үстелдері. Әр топ: А тобы - «Піл»

Ә тобы - «Жолбарыс»

Мәтіннің мазмұнын айтуға 10 минут дайындалады. Дайындалып болғаннан кейін, оқушылыр келесі тәртіппен орын алмасалады. Бір үстелдің басына

, жетоны барлары, т. с. с. жиналады.

Мұғалім А, Ә сілтемесін өзгертіп, орнына 1, 2, 3, 4, 5 сандары жазылған сілтемелер қояды.

Ойынның І туры жарияланады.

Жаңа топта әрбір алғашқы топ өкілі өз мәтінін әңгімелейді. Бұл уақытта 5 нөмірі, ойыншылар тақтаға шығып,

пысықталған

материалдарының сызба - конспектісін жазады.

ІІ тур(уақытын мұғалім белгілейді) .

Оқушылар өзінің алғашқы орындарына қайта оралады, ал мұғалім үсел сілтемелерін ауыстырады - 1, 2, 3, 4, 5 - тің орнына А, Ә - ны қояды.

5 - нөмірлі ойыншылар тақтада өз мәтіндерін бір - бірлеп айтады.

Мұғалім мен басқа оқушылар мәтінді қаншалықты меңгергендігін бақылап отырады.

ІІ турдың қорытындысын шығару.

«Табиғатты қорғаңдар!» мәтіні бойынша «Тірек сызба» ойынын өткізу.

Ойын екі кезеңнен тұрады.

І кезең. Оқушылар топтарға бөлініп, мәтінді түсініп оқып, мәтінге сызба дайындайды. (Дайындыққа 15 минут уақыт беріледі) .

ІІ кезең. Әр топ өзі дайындаған тірек сызбасын қорғайды. Тірек сызбаға қойылатын критерийлер (тақтаға сызып қойылады) :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Модульдік оқыту технологиясының болмысы
Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде
Модульдік оқыту технологиясы жайлы
Модульдік технологияның гипотезасы
Тарихты оқытуда модульдық оқыту технологиясын пайдалану
Оқытудың педагогикалық теориялық негіздері мен инновациялық педагогикалық технологияның ерекшеліктері
Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың даму мониторингі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР
Модульдік оқыту технологиясының құрылымын анықтау
Қазақ әдебиеті сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz