Ақыл-ойы кемістіктің зерттелуі



І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1. Ақыл.ойы кемістіктің зерттелуі.
2. Психикалық дамудың тежелуінің зерттелу тарихы.
3. Есту бұзылуының зерттелу тарихы.
4. Көру бұзылуының зерттелу тарихы.
5. Сөйлеу бұзылуының зерттелу тарихы.

ІІІ Қорытынды
«ХҮІІІ ғасырдан бастап, Ж.Эскирөл, Э.Сеген, Ф.Гальтон, А.Бине, Э.Крепелин, Дж.Кэттел сияқты психиатрлар, ақыл-ойдың айқын бұзылуын зертеуге кірісті. Ғалымдардың алға қойған негізгі мәселесі, интеллектуалды кемістіктің жан ауруларымен, психикалық науқастармен байланысты анықтау, бұл бұзылулардың тереңдігін ажырату болды.
ХІХ ғасырдың ортасында, көптеген Еуропа елдерінде жалпыға міндетті білім беру ісі енгізілгенде интеллектуалды жетіспеушілік мәселесінің мектеп бағдарламасын меңгеруге кедергі жасауы, дәрігерлердің, педагогтардың, кейін психологтардың назарын өзіне аударды. Жан ауруы жоқ, бірақ бағдарламаны меңгере алмайтын балаларды топтап оқытатын көмекші мектептердің, сыныптардың ашыла бастауы, осы кезеңдерге сәйкес келеді.
Кеңес Одағы дәуірі кезіндегі ғылымда, олигофренияны жан ауруынан жеке алып қарастыру кейін, ХХ ғасырда басталды, әрі медицинада ғана емес (И.П.Кащенко, Г.И.Россолимо) –жылдары пайда болған дефектология ғылымында Л.С.Выготский арқылы кеңінен зерттеу қолға алынды. Ол дәрігерлер, психофизиологтар, психологтар мен педагогтардың еңбектерін бір арнаға бағыттады.
К.Д.Ушинский өз еңбектерінде мектеп оқушыларының арасында, жүйелік-психикалық ерекшеліктердің салдарынан оқуда үлгермейтін балалардың кездесетіндігі туралы ескертеді. Педагогтар мен психологтар мұндай үлгермеушіліктің себебін анықтауға үлкен мән береді. Көп жағдайда, бұл ақыл-ойдың кемістігімен түсіндіріледі, балалар көмекші мектептерге жіберіледі. Ресейде көмекші мектептер 1908-1910 жж. ашыла бастайды.
ХІХ ғасырдың ортасында, дәрігерлер ақыл-ойы кем балаларды психиатриялық аурухананың басқа пациенттерінен бөлек қарастыра бастады. Оларды тәрбиелеу мен оқытуға тырысудың нәтижесінде олардың психикалық әрекетінің ерекшеліктері туралы мағлұматтар жинақталады.
1929 ж. Мәскеуде балалар үйлері мен арнайы мектептердің ғылыми-практикалық институтының ашылуы, аса маңызды оқиға болып саналады. Ондағы арнайы психологиялық зертханаларда талантты жас ғалымдар еңбек етті, олардың ішінде арнайы психология мен арнайы педагогиканың дамуына елеулі үлес қосқан Л.С.Выготский болды.
1. Қ.С.Тебенова, А.Р.Рымханова. Арнайы педагогика. Алматы «Дәуір» 2011

2.А.А. Катаева, Е.А.Стребелева. Дошкольная олигофренопедагогика. Москва «Владос» 2001

3. Коррекционная педагогика: Основы обучения и воспитания детей с отклонениями в развитии. \ Под ред. Б.П.Пузанова. Москва «Академия», 2001.

4. Литвак А.Г. Тифлопсихология. Москва «Просвещение» 1985.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1. Ақыл-ойы кемістіктің зерттелуі.
2. Психикалық дамудың тежелуінің зерттелу тарихы.
3. Есту бұзылуының зерттелу тарихы.
4. Көру бұзылуының зерттелу тарихы.
5. Сөйлеу бұзылуының зерттелу тарихы.

ІІІ Қорытынды

Дефектология ғылымының зерттелу тарихы ХҮІІІ ғасырдан басталады.
Бұл саланың ғылым ретінде қалыптасуы Ж.Итар, Ж.Эскирөл, Ж.Демор, Э.Кре-
пеоин, Э.Сеген, В.К.Кащенко, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, А.Н.Граборов,
М.Монтессори т.б. есімдерімен байланысты.
Қазақстандағы дефектология саласын зерттеуші ғалымдар ретінде
Ж.Ы.Намазбаеваны, Р.А.Сүлейменованы, Қ.Қ.Өмірбекованы, К.Б.Бектаеваны,
З.А.Мовкебаеваны т.б.атауға болады.

Ақыл-ойы кемістіктің зерттелуі.
ХҮІІІ ғасырдан бастап, Ж.Эскирөл, Э.Сеген, Ф.Гальтон, А.Бине,
Э.Крепелин, Дж.Кэттел сияқты психиатрлар, ақыл-ойдың айқын бұзылуын
зертеуге кірісті. Ғалымдардың алға қойған негізгі мәселесі, интеллектуалды
кемістіктің жан ауруларымен, психикалық науқастармен байланысты анықтау,
бұл бұзылулардың тереңдігін ажырату болды.
ХІХ ғасырдың ортасында, көптеген Еуропа елдерінде жалпыға міндетті
білім беру ісі енгізілгенде интеллектуалды жетіспеушілік мәселесінің
мектеп бағдарламасын меңгеруге кедергі жасауы, дәрігерлердің,
педагогтардың, кейін психологтардың назарын өзіне аударды. Жан ауруы жоқ,
бірақ бағдарламаны меңгере алмайтын балаларды топтап оқытатын көмекші
мектептердің, сыныптардың ашыла бастауы, осы кезеңдерге сәйкес келеді.
Кеңес Одағы дәуірі кезіндегі ғылымда, олигофренияны жан ауруынан
жеке алып қарастыру кейін, ХХ ғасырда басталды, әрі медицинада ғана емес
(И.П.Кащенко, Г.И.Россолимо) –жылдары пайда болған дефектология ғылымында
Л.С.Выготский арқылы кеңінен зерттеу қолға алынды. Ол дәрігерлер,
психофизиологтар, психологтар мен педагогтардың еңбектерін бір арнаға
бағыттады.
К.Д.Ушинский өз еңбектерінде мектеп оқушыларының арасында, жүйелік-
психикалық ерекшеліктердің салдарынан оқуда үлгермейтін балалардың
кездесетіндігі туралы ескертеді. Педагогтар мен психологтар мұндай
үлгермеушіліктің себебін анықтауға үлкен мән береді. Көп жағдайда, бұл ақыл-
ойдың кемістігімен түсіндіріледі, балалар көмекші мектептерге жіберіледі.
Ресейде көмекші мектептер 1908-1910 жж. ашыла бастайды.
ХІХ ғасырдың ортасында, дәрігерлер ақыл-ойы кем балаларды
психиатриялық аурухананың басқа пациенттерінен бөлек қарастыра бастады.
Оларды тәрбиелеу мен оқытуға тырысудың нәтижесінде олардың психикалық
әрекетінің ерекшеліктері туралы мағлұматтар жинақталады.
1929 ж. Мәскеуде балалар үйлері мен арнайы мектептердің ғылыми-
практикалық институтының ашылуы, аса маңызды оқиға болып саналады. Ондағы
арнайы психологиялық зертханаларда талантты жас ғалымдар еңбек етті,
олардың ішінде арнайы психология мен арнайы педагогиканың дамуына елеулі
үлес қосқан Л.С.Выготский болды.
Л.С.Выготский маңызды теориялық ережелерді тұжырымдайды:
- Адам психикасы құрылымының жүйелілігі, яғни бір жүйедегі буынның
бұзылуы, барлық жүйенің қызметін өзгертетіндігі туралы;
-Бала дамуының өзекті және жақын даму аймағы туралы;
-Қалыпты және дамуы ауытқыған балалардың дамуындағы факторлардың
бірдейлігі туралы;
-Ауытқыған дамудағы бірінші және екінші кемістік туралы, дамуы ауытқыған
балалармен жүргізілетін коррекциялық педагогикалық жұмыстар туралы;
-Баланың психикалық жоғары қызметтерінің дамуындағы ұжымның фактор ретінде
қарастырылуы туралы;
-Ақыл-ойдың кемістігі зият пен аффект қатынасының өзгерісі туралы.
1930 ж. басында Л.В.Занков арнайы психологияның теориялық негіздерін
жасады, ол ақыл-ойы кем балалардың есте сақтау қабілетін зерттей бастады.
Л.В.Занков Россия тарихында ең алғаш рет өз лабораториясындағы
ғалымдардың материалдары негізінде Очерки психологии умственно отсталого
ребенка (1935) кітабын жарыққа шығарды.

Психикалық дамудың тежелуінің зерттелу тарихы.
Психикалық дамудағы аздаған ауытқулар мәселесі, шетелдік және
отандық ғылымда, тек ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл кезде ғылым
мен техниканың түрлі салаларында, қарқынды даму болды, жалпы білім беретін
мектептердің бағдарламалары күрделене түсіп, көптеген балаларға оқу
қиындай бастады. Педагогтар мен психологтар мұндай үлгермеушілік
себептерін, өте маңызды деп санап, талдау жасады. Көп жағдайда, бұл
мәселе ақыл-ойдың кемістігі деп қарастырылып, үлгермеуші оқушылар көмекші
мектептерге орналастырылды.
Жалпы білім беретін мектептердегі бағдарламаларды меңгере алмаған
балаларды клиникалық тексеруден өткізгенде, ақыл-ойы кем балаларға тән
өзгеше ерекшеліктер байқалмаған. Тек 50-60 жж. Л.С.Выготскийдің шәкірті
М.С.Певзнердің басшылығымен, үлгермеушілік мәселесінің түркілікті себебі
анықтала бастады. Кешенді клиникалық-психологиялық-педагогика лық тексерулер
үлгермеуші оқушыларға психикалық дамудың тежелуі деген (ПДТ) тұжырымдама
берді. Сөйтіп, жалпы мектептердегі үлгермеуші оқушылардың тең жартысын
құрайтын, дамуында ауытқуы бар балалардың жаңа категориясы пайда болды.
1960 ж. Кеңес Одағында ғылым академиясының дефектологиялық ғылыми-
зерттеу институтында, М.С.Певзнер мен Т.А.Власованың жетекшілігімен
жүргізілетін кешенді зерттеулер екі жақты қажеттіліктен туындады:
біріншіден, жалпы мектептердегі үлгермеушілік мәселесімен күресу болса,
екіншіден, танымдық әрекеттің клиникалық бұзылуын әрі қарай тереңірек
зерттеу қажет болды. Барлық көрсеткіштерге сәйкес, бұл категориядағы
балалардың психоәлеуметтік дамуы басқа дизонтогениялық бұзылулардан
өзгеше, екінші жағынан, қалыпты дамудан айырмасы бар, сөйтіп, психикалық
даму деңгейіне қарай ақыл-ойдың кемістігі мен қалыпты даму аралығын
көрсетеді.
Ақыл-ойдың кемістігінде орталық жүйке жүйесі диффузиялық түрде
зақымданған болса, психикалық дамудың тежелуінде орталық жүйке жүйесі
локальды зақымданады. Ақыл-ойдың кемістігінде екінші сигналдық жүйе шартты
байланыстар жасауда белсенді рөлді атқармайды, ал ПДТ-де екінші сигналдық
жүйе шартты байланыстар жасауда, қалыпты жағдайда белсенді рөл атқарады.

Ақыл-ойы кем балалар ересек адамдар тарапынан берілген көмекті
қабылдамайды, ал ПДТ бар балалар көмекті қабылдайды.
Психикалық дамуы тежелген балаларға, айқын даму ауытқулары жоқ (ақыл-
ойдың кемдігі, сөйлеудің ауыр бұзылуы, жеке анализаторлар кемістігі, т.б.)
балалар жатады. Бұл категориядағы балаларда, түрлі биоәлеуметтік себептер
салдарынан, бейімделу қиындығы кезедседі. Дер кезінде жүргізілген
коррекциялық-педагогикалық көмек жүйесі кейбір жағдайдағы медициналық көмек
аталған, даму ауытқуын толық немесе жартылай жоя алады.

Есту бұзылуының зерттелу тарихы.
Есту қабілеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дефектология пәнінің негізі
Аномальды балалар
Аномальды балалардың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері
Кемтар балалар тұлғасын зерттеген ғалымдарды атаныз
Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім үрдісіне қосу
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНІҢ ТҮЗЕТУШІЛІК БАҒЫТЫ
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің мазмұны
Терең зиятының бұзылуы
Зият ауытқуларының түрлері
Көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамыту жолдары
Пәндер