Қозғыш ұлпалардың физиологиясы. Қозғыштықтың параматрлері


Ф КГМА 1-8-21/02
МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04. 07. 2007 г
Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Физиология кафедрасы
Д Ә Р І С
Тақырып: «Қозғыш ұлпалардың физиологиясы. Қозғыштықтың параматрлері»
«Физиология-1» пәні
051301 «Стоматология» мамандығы
2 курс
Уақыты 1 сағат
Қарағанды 2008 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
№22 Хаттама 21. 06. 2008 ж.
Кафедра меңгерушісі Ф. А. Миндубаева
- Дәрістің тақырыбы:Қозғыш ұлпалардың физиологиясы. Қозғыштықтың параматрлері
- Дәрістің мақсаты:Қозатын ұлпалардың тітіркендіру зандарын талқылау.
- Дәрістің жоспары:
1. Қозатын ұлпалардың тітіркендіру зандары:
а) тітіркендіру күші заңдары;
б) «барлығы немесе ештеңе» заңы;
в) «күш - уақыт» тітіркендіру заңдары;
г) аккомодация заңдары (күш градиент) .
2. Хронаксия және оның тәжірибедегі маңызы.
3. Қозатын ұлпалардың лабильділігі, рефрактерлілікке тәуелділігі.
4. Үнемі токтың әсер еті заңы:
а) полярлы заң;
б) физиологиялық электрон заңы;
в) бұлшыеттің жиырылу эффектісіне тәуелділігі.
5. Үнемі токтың тітіркену заңдарының медицинада қолданылуы.
Жалпы физиология- негізгі өмірлік құбылыстардың табиғатын, жалпы тіршілік қызметінің көрсеткіштерін және олардың бір-біріне қатынасын зерттейді.
Барлық тірі клеткалар мен ұлпалардың белгілі бір әсерлерді қабылдап, оған жауап ретінде өздеріндегі зат алмасу процесінің денгейін өзгерте алады, осыдан олардың тиісті қызметтік күйі өзгереді, оны тітіркену деп атайды. Тітіркену тітіркендіргіштің қасиеттінің нәтижесі немесе көрінісі. Ф. Энгельс айтқандай, тітіркендіргіштің барлық тірі материяға тән болатын жалпы қасиеті.
Жануарлар әлемінің дамуы негізінде қоршаған ортамен организмнің бірлік заңы жатады. Осы заңға негізделіп өмір сүруі мүмкін. Тірі организмнің физиологиялық қызметі әр түрлі тітіркендіргішке әсерленіп өмір сүруден пайда болуында.
Барлық тірі клеткалардың жалпы биологиялық реакциялары тітіркендіргіштің сипатында, яғни тітіркендіргіштің әсерінен физиологиялық тыныштық күйден активті күйге өтеді.
Тірі құрылымдар, ұлпалар мен оларға әсер етуші факторлар арасындағы өзара әрекеттесудің жалпы заңдылықтарын қозу физиологиясы зерттейді. Осыған орай ол ұлпаларды қозғыш деп атайды. Тірі организмнің негізгі қозғыш ұлпаларына-бұлшық ет, жүйке, безді ұлпалар жатады.
Бұларға әсер етуші сыртқы және ішкі факторларын-тітіркендіргіштер деп атайды, ал әсердің өзін тітіркендіру дейді. Бұл қоздырғыш ұлпалардың бірінші қасиеті.
2. Тітіркендіргіш әр түрлі себебіне қарай жіктеледі:
а) табиғаты жағынан:
1. Физикалық /Т, ауа, қысым, ылғал, дыбыс, сәуле, электр тоғы/.
2. Химиялық /тұздар, қышқылдар, сілтілер, түрлі улы заттар/.
3. Биологиялық /микроорганизмдер, басқа тірі объектілер/.
б) сәйкестігіне байланысты:
1. Адекватты /сай, сәйкес/, үйренкішті.
2. Адекватты емес /сай емес, төтенше, сәйкес емес/.
Адекватты тітіркендіргіштер- белгілі бір рецепторлар тандап сезетін яғни солардың табиғи қызметіне сай келетін тітіркендіргіштерді атайды /көру анализаторлар-жарық сәулелері, есту-дыбыс/.
Адекватты емес- рецепторларды таңдап сезбейтін, қалған басқа тітіркендіргіштерді атайды. Мысалы: электр тоғымен немесе адам маңдайын бір нәрсеге қатты соқса көзі жарқ ете қалады. Оны адекватты емес тітіркендіргіш дейді, олардың күші адекваттылардан артық болуы қажет. Ал адекватты тітіркендіргішке рецепторлар сезгіштігі өте жоғары болады /көзге 3-10 квант жарықтың энергиясы болу керек/.
в) орналасқан жеріне қарай:
1. Сыртқы.
2. Ішкі.
г) тітіркендіргіштің күшіне қарай:
1. Табалдырыкты-минимальды қозу тудыра алатын тітіркенудің ең аз күші.
2. Табалдырықтан жоғары күш.
3. Табалдырықтан төмен күш.
Қозғыш ұлпалардың негізгі қасиеттері:
1. Тітіркену-бұл клетканың физиологиялық тыныштық күйден қызмет ету күйіне ауысуы.
Қозу- бұл тітіркенудің бір күшіне ұлпалардың спецификалық активті реакциясы. Қозу- қозғыштық қасиеттің арқасында іске асады. Қозғыштығын жоғалтқан клеткада, ұлпада қозу тумайды.
2. Қозғыштық-бұл тірі құрылымдардың тіршілігін көрсететін негізгі қасиеті. Қысқаша айтқанда қозғыштық - бұл тітіркендірудің әсеріне жауап беру қасиеті. Оны сыртқы көріністері арқылы көруге болады. Мысалы: бұлшық еттердің қозғыштығы жиырылуымен байқалады, безді ұлпалар- секрет бөледі, нерв жүйесі-электрлік күйінен өзгерістері болады /импульс/.
3. Өткізгіштік- тітіркендіргіштің әсерінен пайда болған қозуды өткізу, таралу қасиеті. Бұл қасиеті қозғыштық ұлпалардың арасында тек қана бұлшық ет және жүйке ұлпаларында болады. Бұл ұлпалардың бір жерінде пайда болатын қозу жасушаның мембрана арқылы әрекет потенциал түрінде 2-ші жаққа қарай таралады. Өткізгіштік қасиеті ең жоғары бұл жүйке ұлпаларда.
4. Лабильдік /функциональды жылжығыштық /-қызметтілік-белгілі бір уақытта пайда болатын қозу толқындарының максимальді жиілігімен анықталатын ұлпалардың қасиеті. Ең жоғары лабильділік нерв талшықтарында. Бұл қасиеті қозбаушылық деген қасиетімен байланысты.
5. Қозбаушылық - / рефрактерлік/- бұл қозатын ұлпалардың тітіркенудің әсеріне жауап бермеу қасиеті, ол 2 түрлі болады:
а) абсолютті/ толық қозбайтын/.
б) салыстырмалы.
Абсолютті кезінде - қозатын ұлпалар ешқандай тітіркендіргіштің әсеріне және күші ең жоғары болсада жауап бермеуі.
Салыстырмалы кезінде - тітіркендіргіштің қарама-қарсы байланысы бар. Қозбаушылық кезеңі үлкен болса, лабильдігі төмендейді, қозбаушылық кезеңі төмендесе, лабильдігі жоғарлайды. Ең жоғары лабильдік жүйке ұлпаларында, бірақ олардың қозбаушылық кезеңі өте төмен болады.
Қозатын ұлпалардың тітіркендіру заңдары:
- Күш заңы.
- “Бәрі немесе ештеңе емес”заңы.
- Күш-уақыт заңы.
- Күштің градиент заңы.
1. Күш заңы - ұлпалардың жауап беруі тітікендіргіштің күшіне байланысты. Бұл заңның мәнін бұлай айтуға болады- егерде тітіркенудің күші неғұрлым жоғары болса қозатын ұлпалардың жауабы да соғырлым жоғары болады. Бұл бойынша күштің 3 түрі болады:
a) Табалдырықты күш- бұл минимальды қозу тудыра алатын тітіркенудің ең аз күші.
б) Табалдырықтан төмен күш- күші табалдырық күштен төмен болады да оған жауап бермейді.
в) Табалдырықтан жоғары- табалдырықты күштен тітіркенудің күші жоғары болса, одан да жоғары жауап береді.
2 . ”Бәрі немесе ештеңе емес”заңы - алғашқы рет бұл Баудид деген зерттеуші ашты. Жүректен жекеленген ет талшықтарының қасиеттерін зертеу барысында. Егер талшықты табалдырықтан төмен күшпен тітіркендірсе, онда қозу тумайды /ештеңе емес, ештеңежоқ, түк жоқ /. Сондықтан ол жиырылмайды көндіру табалдырыққа жетсе және күші одан әрі болса, максимальді қозу туады /бәрі түгел/. Қазіргі кезде табалдырықтан төмен күш ұлпаларда ештеңе тудырмайды емес /түк жоқ емес /, оларда локальдық жауап туады, жиынтықтау процессі жүреді. Сондай-ақ ”түгел“ де ылғи максимальды жауапқа сәйкес келе бермейді екен. Өйткені тірі клеткаларда оның тітіркенудің әрекетіне туатын әрекет потенциалдарының амплитудалары әр түрлі болады.
3. Күш-уақыт заңы- бұл заңды Гоорвег-Вейе-Лапик зерттеді. Ол тітіркенуін күші мен ұзақтығының арасындағы байланысты көрсетеді және оны график арқылы көрсетуге болады. /оны күш ұзақтың қисық деп атайды /. Тұрақты тоқтың қозу тудыра алатын минимальді күшін /тітіркендіру табалдырығының /-реобаза дейді. Бір реобаза күшімен әсер етсе қозу тууға қажет болатын ең аз уақытты-пайдалы уақыт дейді. Оның себебі- осы алынған күшпен бұдан әсер еткенмен оның әрекет потенциалдарының тудыруға болмайды.
Хронаксия- екі еселенген реобазамен әсер еткенде қозу тудыруға керек аз уақытты айтады. Оны хронаксиметрия әдісімен анықтайды.
Хронаксияның 2 түрі бар:
- Конституциялық- бұл жекеленген бұлшық еттің, талшықтардың хронаксы.
- Субординациялық-бұл тірі, организмдегі сол бұлшық еттің, талшықтардың хронаксиясы.
4. Күштің градиент заңы - тұрақты тоқпен әсер еткенде туатын жауап, тітіркендіру күшінің өсу қарқынына да байланысты. Егер бұл қарқыны төмендесе, тоқтың табалдырық күші жоғарлайды. Тіпті өсу қарқыны белгілі бір мимальдық шамадан баяу болса, тітіркендіруге жауап тумайды. Өйткені тоқ күші баяу өскенде, ұлпаларда қозу тууға кедергі келтіретін активті өзгерістер дамып үлгереді. Бұл жағдайда аккомодация құбылысы пайда болады.
Аккомодация- белгілі бір тітіркендірудің күші баяу өссе, оның әсеріне ұлпалар бейімделіп кетеді. Сонда қозуды тағы да тудыру үшін тітіркендіргіштің күші жоғарлау керек.
Қозатын ұлпалардың параметрі немесе өлшемдері:
1. Табалдырықты күш /төмен, жоғары /.
2. Реобаза.
3. Тиімді уақыт.
4. Хронаксия.
5. Лабильдік.
6. Қозбаушылық.
Физиологиялық эксперименттерде тітіркендіргіш ретінде негізінен электр тоғын пайдаланады. Себебі:1. эл. тоғының күшін нақты және өз қалауынша өзгертуге болады. 2. эл. тоғы ұлпаларда қайтымсыз өзгерістер тудырмайды. Себебі:
- оны тез дайындауға болады.
- физиологиялық ерітінді көмегімен оның қалыпты жұмыс қабілетін уақытқа сақтауға болады.
- еттен жырылу биіктігін талдау арқылы ондағы туған қозудың шамасы білуге болады.
- оны оңай тітіркендіруге болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz