«Қазіргі педагогикалық технология» пәнінен оқу-әдістемелік кешен



1. лекция. Тақырыбы: Заманауи педагогикалық технологияларының пәні және міндеттері
2.лекция. Тақырыбы: Заманауи педагогикалық технологиялардың пәні және міндеттері.
3.лекция. Тақырыбы: Ақпараттық оқыту технологиялары.
4.лекция. Тақырыбы: Педагогикалық технологияның пәні және міндеттері.
5.лекция. Тақырыбы: Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялардың жоспарлануы, ұйымдастырылуы және бақылануы.
6.лекция. Тақырыбы: Жеке.бағдарлап оқыту технологиясы.
7.лекция. Тақырыбы: Педагогиканы оқыту технологиясы.
8.лекция. Тақырыбы: Оқытудың ақапараттық технологиялары.
9.лекция. Тақырыбы: Педагогиканы оқыту технологиясы.
10.лекция. Тақырыбы: Педагогикалық мамандыққа кіріспе курсына арналған оқыту технологиясы.
11.лекция. Тақырыбы: «Педагогика тарихы» курсын оқыту технологиясы.
12.лекция. Тақырыбы: «Этнопедагогика» курсы бойынша оқыту технологиясы.
13.лекция. Тақырыбы: «Әлеуметтік педагогика» курсын оқыту технологиясы.
14.лекция. Тақырыбы:Қазіргі мектептегі «Педагогикалық менеджмент және басқару» курсын оқыту
15.лекция. Тақырыбы: «Педагогикалық шеберлік» курсын оқыту технологиясы.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ - ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы

Қазіргі педагогикалық технология пәнінен

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Мамандығы: 6М010100 - Мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиелеу

Оқу формасы: күндізгі (МАГИСТРАТУРА)
Курс ІІ Семестр 3 ММД-111

ТҮРКІСТАН

Кешен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 23
желтоқсан2005 жылғы №779 бұйрығымен бекітілген 6N0101- Мектепке дейінгі
оқыту және тәрбиелеу (МАГИСТРАТУРА) мамандығының Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарты, университеттің жұмыс оқу жоспары және пәннің
оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Оқу-әдістемелік кешенді дайындаған: п.ғ.к., М. Жаздықбаева

Оқу-әдістемелік кешен Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасының
№1 01 09.
20 ж. мәжілісінде талқыланды.

Кафедра меңгерушісі: ______________ п.ғ.к., аға оқытушы Рысбекова А.

Оқу-әдістемелік кешен факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің №1 03
09 . 20 ж. мәжілісінде мақұлданды.

Салааралық ғылыми координациялық
кеңес төрағасы:
п.ғ.д., профессор К. М. Беркімбаев

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1- лекция. Тақырыбы: Заманауи педагогикалық технологияларының пәні және
міндеттері
Жоспары:
1.1. Жоғары мектептегі қазіргі білім беру технологиялары
1.2. Білім беру технологияларының мазмұны.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр
түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің,
оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім
беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді
басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi
роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң
қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың
материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным
теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi
айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын,
объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр
мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа
талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті
пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл
жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай:
Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай
білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін
тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің
алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың
әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі
зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман
дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз
мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп,
тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту,
қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз
пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы
жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,
тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл
тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады,
дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге
қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі,
әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға
қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік,
дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік,
ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен
сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты,
шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы
аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық
технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға
бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты
білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және
жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады.
Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен
ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде
білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет.
Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің
қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы
адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға
бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім
беру парадигмасы білікті адамға бағытталған білімнен мәдениет адамына
бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру-
оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен
тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың
идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін
қажет дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу
бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу
жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық
технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу
оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік
позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы
барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде
кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде
проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті
жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы
құзыреттілікті меңгере отырып тек  кәсіби икемділігін оңтайландыруды
қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін  үнемі оқып – үйрену
және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен
қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы
мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең
алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі
бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды
қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен
ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты
қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы
саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына,
өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен
жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің
сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің,
зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде
білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты
мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім
кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның
құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру
жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы
алғанда құзырлылық ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова Құзырлылық ұғымы –
соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше
көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы сомпетенсбелгілі сала бойынша
жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір
сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді
деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева ... өзінің практикалық әрекеті
арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын –
құзырлылықтар деп атаймыз  деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның
көзқарасы бойынша, Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның
дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы .
Латын тіліндегі  компетенссөзін ғалым К.Құдайбергенова Құзырлылықты
білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға
мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын
толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім
беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік
көзқарастарды есепке алу қажет деп жазса, Б.Тұрғанбаева Құзырлылыққа
бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі
молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі
бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың
өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты  деп көрсетеді.
Қ.Құдайбергенова Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда
мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу
қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату
мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық
қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу
дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады
деген тоқтам жасайды.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін
көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр.
Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы
тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет.
Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін
ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша
тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім
беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық
сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты
қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне
айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге
асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы
бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес
болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы
тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене
қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат
мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол
жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек.
Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу
қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.

Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен
байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын
өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың
негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс
қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген,
мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог-
психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.
Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау
жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан
психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды.
Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген
педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының
жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын,
ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген
ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып
білім беруді кажет етеді..
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол
мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен
дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай
қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту програм-масының тек
сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің
сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен,
сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына
да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден
акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай
мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері,
графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык
бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың
сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар
өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды
жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып
отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык
жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын
калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген
сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің
дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына
әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык
мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен
әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс
жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:
өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
құбылыстарға модельдер кұра біледі.
Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау
мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының
жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға
мүмкіндік туғызады.
Мақсаты:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу
жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;
- мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде
мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың
категорияларын таңдауды болжау;
- білім беруді ақпараттандыру жағдайына педагог мамандардың
біліктілігін көтеру.
Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:
- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған
сәйкес мазмұнын анықтау;
- педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу
дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және
олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін
зерттеу.
- педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз
қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқу
процесіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін
тарату.

2-лекция. Тақырыбы: Заманауи педагогикалық технологиялардың пәні және
міндеттері.
Жоспар:
2.1 Қазіргі дидактикалық концепциялар
2.2 Бағдарламаланған оқыту. Проблемалық оқыту. Дамытылып оқыту.
Бiлiм берудi ақпараттандыру процесi пән мұғалiмдерiне, әдiскерлерге,
бiлiм мекемелерiн басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз
қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк
бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала
бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған
мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және
қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды.
Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби
шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге,
басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты
даярлауға бағытталған.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң
өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық
кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен
бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне
пайдалану оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану
оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
– оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау
жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге
байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа
ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
– оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық,
ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және
т.б.);
– проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн
қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
– жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi
компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және
мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң
материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.
Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi
мүмкiндiктерi ұсынылады:
– ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм
мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру:
информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша
жаңа бiлiмдер алу;
– информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта
даярлау;
– бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа
ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге
үйрету;
– информатика пәнiн оқытудың көкейкестi мәселелерi бойынша
информатика мұғалiмдерi үшiн стажировка өткiзу және оны
ұйымдастыру;
– арақашықтықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;

– облыстағы бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандырудың ғылыми-
әдiстемелiк бағыт бойынша жетекшiлiк ету;
– облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресрустарын
қалыптастыру;
– оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық
технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.
Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны
меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде
институт көлемiнде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру
процесi жүзеге асырылуда.
Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде
дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:
– вариативтiлiк — әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған
материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;
– болашаққа негiзделген — күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк
бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға
бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;
– рефлексивтi-креативтi — жаңа ақпараттық технологияларды
меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-
шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;
– эргономикалық — нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт
мөлшерi талап етiледi;
– iзгiлiктiлiк — бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi,
бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн
анықтау;
– тәжiрибеге бағытталған — оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде
оқытушылардың тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және
нақытлы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық
процестерiнiң өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға
ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
– жекелеген консультация беру - тыңдаушыларға консультация беру
ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының
өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге
байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны мен оған
қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер.
Бiлiм беру қызметкерлерiн қайта даярлау практикалық және жобалық сипатты
анықтайды. Ол ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану
тәжiрибесi, сабақты ақпараттық ортаға бейiмдеп, жобалау және т.б.
жұмыстарды қамтиды.
Жаңа ақпараттық технологиясына дайындау мынадай екi негiзгi модуль
бойынша құрастырылған: “Педагогтың ақпараттық құзырлығы” және “Оқытудағы
ақпараттық технологиялар”.
Ақпараттық мәдениеттi дамыту қазiргi педагогтың ақпараттық құзырлығына
қойылатын талаптарына сай анықталады:
1. қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы
бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру (бүкiләлемдiк ақпараттық
ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды iздеу алгоритмi мен
ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдiстерiн
меңгерту).
2. ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-
әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу
нәтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн
меңгерту; қолданбалы программалық құралдарды меңгерту; жаңа
программалық құралдарды меңгерту.
3. өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн
пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы
бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру
процесiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық
программалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге
сәйкес бейiмдеп пайдалану.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы
тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық
құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық
желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау
(педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын
бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру
үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқушыларды ақпараттық қоғам
жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық,
тиімді араластыру болып табылады.
Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.
·  Тұтынушының қолдану сапасында;
·  Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды
жасаушы сапасында.
Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат
беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық
технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет
атқарады.
Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім
қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды,
олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл –
жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.
·  Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік
бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге
асыратын технология;
·  Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр
түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын
болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының
жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін
ашады;
·  Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар,
технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар,
аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда
бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын
бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;
·  Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық
формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда
айтылғандармен сәйкес келеді;
·  Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп
қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып
кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда
қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге
тәуелсіз;
·  Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз
ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы
болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді
қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу
орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің
мүмкіндіктерін көрсетеді.
Дамыта оқыту
Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән.
Оған тән сипаттар:
- оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек,
- іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет
жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін
қою,
- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда
үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне
таратуы қажет ол үшін екі шартты орындау керек.
1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу
керек.
2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру
керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.
3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын
ұйымдастырып оның басқа міндеттрді шешу үшін қаншалықта пайдалануға
болатынын түсіндіреді.

Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер
жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының
өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып,
оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау
және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын
(проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы
басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін
қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының
ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз
етеді.
Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен
білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті
шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады,
осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.

Оқыту технологиялары оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай
біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу ақпарлары мен біліктіліктерді меңгеру
мақсатына жақындау деңгейлерін әр қырынан.
бағалау және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз
етеді. Білім стандартында белгіленген, білім беру бағдарламаларында
айқындалған талаптарды нақты жағдайларда жүзеге асыруға мүмкіндік беретін
педагогикалық технологиялардың бірі деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы.

3-лекция. Тақырыбы: Ақпараттық оқыту технологиялары.
Жоспары:
3.1 Инновационды оқыту.
3.2 Модульдік оқыту технологиясы.
Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз
етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:
·  Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;
·  Ақпарат іздеу жүйесі;
·  Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;
·  Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;
·  Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;
·  Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.
Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз мамандандырылған
бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір
мәселелерін зерттеуге тура келеді.
Инструменттік құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз
ететін бағдарламаларды атайды:
·  әр түрлі форматты файлдар;
·  мәліметтер қоры;
·  бағдарламалық модульдер;
·  жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.
Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер
ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін. Білім үрдісінде
қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі талаптар
– бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына
мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды
HCI (ағылшын тілінде “Human – Computer Interface” – Интерфейс-адам-
компьютер) аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл сөзбе-сөз аударуды
адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар деп түсінуге
болады.
Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге қарамастан,
оны ақпараттық революция деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар
мыналар:
·  ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала
жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден,
анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі
арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компакт-
дискілерге жазылады;
·  жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары
өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы
мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол
жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық
жол аша бермейді;
·  оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды
семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен
бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар студенттер үшін
мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға
қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен
жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;
·  білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру
үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім
үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізуде жоғары
біліктілікке ие мамандар керек.
Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге
мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай
бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар
қатарын құрастыруға болады:
·  сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары
ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;
·  Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген
уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді
ақпарат беруі тиіс;
·  желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;
·  оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.
Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол
жеткізуге болады:
·  қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану;
·  іштей және қашықтан оқыту түрлерін  біріктіру;
·  қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар
жасау.
Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі
талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды енгізу. Өйткені
бүгінгі таңдағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау
немесе оқулықтарды пайдалану заман талаптарын қанағаттандырмайды. Сондықтан
қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға
жылжу мүмкін емес. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру
жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің
тәжірибесіне енуде.
Жаңа технологияны меңгеруде тәрбиешінің интелектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін — өзі дамытып, оқу — тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда
дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже беріп жүр.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр
тәрбиеші алдында отырған бүлдіршіндердің жас ерекшеліктерін ескере отырып,
педагогтық мақсат – мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады.
Мектепалды даярлық сыныбында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының
кейбір стратегияларын қолдануға әбден болады. Бір технологияларының өзі әр
түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі
№6345 өкімімен бекітілген Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың
Мемлекеттік бағдарламасы мектептегі білім беруді ақпараттандыру процесіне
негіз қалады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты
оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау
барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді
қолдану қажеттілігі туындап отыр.
Қазақстан Республикасыныңда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасында: экономиканың барлық салалары үшін
жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру
және кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби
қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін
жауап беруге қабілетті кәсіби құзіретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті
маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді
жүйесі құрылатын болады деп атап көрсеткен.
Мемлекеттік бағдарламада оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық –
коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану — жалпы білім беруді
дамытудың басты бағыттарының бірі делінген. Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық
білім кеңістігінің деңгейіне Республика мектептерін көтерудің тиімді жолы —
білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының
Білім беру Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы
мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің
біріне айналып отыр.
Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық
моделінің қалыптасуымен және Қазақстан білім беру жүйесін әлемдік білім
беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Индустриалды ақпаратты
өркениетке көшудің қазіргі кезеңінде қоғам дамуының негізгі фокторы
мемлекеттің қызметін құрайтын саяси –экономикалық, әлеуметтік салаға
белсенді әсер ететін ақпараттық – комууникациялық сала болып табылады және
экономиканы ғаламдастыру мен қоғамдық қатынастар процестерін айқындайды.
Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы
жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану
жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және
мемлекеттік қызыметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді,
интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап
болуға тиіс екендігі атап көрсетілген.
Осыған байланысты ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін
білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және
телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді
пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютерде жұмыс істей білу кез –
келген ақпарат көзін — анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедиаларды,
көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын т.с.с дұрыс
пайдалана білу деген сөз. Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу,
теледидар, хабар (Интернетті) талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған
мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне
әсер ететін жағдайларда өз еркіндігін шектей білу.
Осы сала төңірегінде Білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар,
информатика пәнін оқытудағы инновациялық технологиялар, Obasic, Pascal
программалау тілдері, 12 жылдық білім беру барысында информатика пәнін
оқыту әдістемесі, Білім беру саласындағы ақпараттық мәдениет негіздері
тағы басқа да тақырыптар бойынша білім жетілдіру курстары ұйымдастырылады.
Мұғалімдер мен тәрбиешілерге шығармашылық еркіндік беріледі. Әр сабақтың
сапалы болып, оның тиімділігін арттыру – ізденімпаз, шығармашылығы
шыңдалған ұстаздың қолында.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында: Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау
сапасын арттыру, ...білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып
табылады деп атап көрсетілген. Жаңа педагогикалық технологилар
студенттердің кәсіби – шығармашылық қабілетін бейнелеу процесінің құрылымын
және теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын байымдау, баіа беруін,
танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған.
Жаңа ақпараттық технологияның келесі бағыттары бар: проблемалық оқыту,
апталық, пікір сайыс, дебат, дөңгелек үстел, іскер ойындар. Проблемалық
оқыту дәріс тапсырмаларды орындау, сұрақтар қою әдістері арқылы жүзеге
асады. Бейнелеу өнері пәндері бойынша проблемалық дәрістерде студенттердің
эстетикалық танымын тереңдету мақсатында әр түрлі әдістемелік тәсілдер
пайдаланылады. Дөңгелек үстел өткізу. Дөңгелек үстелдің мақсаты —
студенттерді толғандыратын кейбір мәселелерді жеке пікірлер арқылы
дәлелдеу.
Бұл әдіс студенттердің өз ойларын ертеңгі заман талабына сай іс –
тәжірибеде дәлелдеулер келтіре отырып саналы жеткізуге көмектеседі.
Дөңгелек үстел соңында студенттердің жыл сайынғы қолданбалы өнер
саласындағы дипломдық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылады. Көрмеге қойылған
бұйымдар – қазақтың ұлттық салт – дәстүрін, ырым – жораларын бүгінгі
ұрпаққа жеткізуде бірден – бір құрал. Жаңа технологияларды қолдануда
Қазақстан суретшілері туралы интернет жүйесіндегі материалдармен танысудың
берері мол. Студенттерді өз беттерінше тың ақпараттар іздеулеріне
талпындырады.
Мамандық бойынша оқытушылардың кәсіби – шығармашылық бағыттағы іс —
әрекеттерінің барысында арнаулы пәндер мазмұнын толықтыруда арнайы курсты
оқытуды енгізуге, студенттердің ғылыми – практикалық конференцияларда
баяндамаларды талқылауға, комплекстік тапсырмалар, бақылау жұмыстарын,
жазба, курстық, дипломдық жұмыс орындауды жүзеге асыруға болады. Демек,
жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
• студентерді логикалық және ғылыми – шығармашылық ойлауға, кәсіби
қабылдауларын, ізденушілігін дамытады;
• дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға негіз болады;
• өздігінен ізденіп, игерген материалдарын ұзақ есте сақтауларынан
білімдерін тереңдетеді.
• өз білімдеріне сенушілік қалыптасып, эмоционалдық сезімдеріне әсер
етеді;
• іздену, зерттеу жұмыстарымен айналысуға үйретеді;
• өнерге деген эстетикалық белсенділікке, баға беруге талпындырады.
Педагогтар 21 ғасырда Жаңа ақпараттық технологиялар кезеңі деп атайды,
қазір кез келген ақпаратты табу жолдары оңай. Сондықтан оқушыларды қажет
ақпаратты тауып, оны талдап ойластыруға үйрету – оқыту технологияларының
бір аспектісі болып табылады. Білім беру технологиясы – оқу барысын
жоспарлау, оқушылардан тест алу және білім беру жүйесі ретінде мектеп іс —
әрекетін басқару үшін жүйелі тәсіл мен ілеспелі тәжірибелік білім жиынтығын
құру.
Оқыту технологисы – дидактикалық бағыт оптимальды жүйелердің
принциптерін анықтаудың және жасаудың, алдын ала сипаттамалары берілген
қайталауға келетін дидактикалық процестерді конструкциялауды ғылыми зерттеу
аясы.
Компьютерлік технологияларды енгізу жұмысы барысында компьютерлік
қолдауы бар сабақ құрылымының алгоритмі құрылады. Оның келесі кезеңдері
бар.
1. Сценарий қалыптастыру (нақты көрсетілген компьютерлік тапсырмалары
бар сабақ құрылымы: экран түрі, мұғалім әрекеті, оқушылар әрекеті, нәтиже);
2. Сабақтың әр кезеңіне уақытты есептеу;
3. Сабақтың мақсатын міндеттерін, жүру барысын, практикалық
тапсырмаларды және оларды орындау әдістерін құрастыру; қажет бағдарламалық
құралдарды анықтау.
Компьютерлік технологиялардың білім-берудің гуманистік концепциясын
іске асыруда үлкен мүмкіншіліктері бар, нақтырақ айтсақ:
пәндік білім бағыттылығынан оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін игеруге
ауысуы;
шешімі шоғырландырып ойлауды қажет ететін, вербальды және бейнелі
құрылымдық ойлаудың дамуын қалыптастыратын, кешенді мәселелерді шешуге
бағыттау;
оқушылардың іс-әрекетін басқаруда оның нәтижелілігін оқудан тыс
оперативті бағалау мониторингін жетілдіру;оқушылардың іс-әрекетінің
сабақтан тыс нәтижелілігін бақылау үшін дәстүрлі жүйені толықтыратын
оқушылардың танымдық қызығушылықтарын және шығармашылық белсенділігін
жоғарылататын рейтингтік жүйені қолдану.
Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын
Я.А. Коменский оның пікірінше оқыту “технологиялық” болуы қажет. Оның
мағынасы нені үйретсе де, нені оқытса да оқу процесі табыссыз болмауы
керек. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру,
бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды.
АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық құралдарды
пайдаланып оқыта бастағанда “білім берудегі технология” термині пайда
болды. Бұл көбіне оқу процесінде техниканы пайдалануға байланысты да болды.
60-шы жылдарда америкалық және батыс Европалық білім берудегі
реформаларға байланысты “оқу процесінде межеленген білім нәтижесіне қалай
жетуге болады” мағынасын беретін “педагогикалық технология” термині пайда
болды. Ал дидактикалық технологияның мәселелері біздің заманымыздың екінші
жартысында техника мен технологияның қарқынды дамуы нәтижесінде пайда
болды. Оқыту технологиясы, яғни кеңірек айтқанда педагогикалық технология
ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына
байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік
технологияның маңызды компоненті болып табылады. Педагогикалық технология
ғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология
ғылымының мәні түрліше қарастырылады. Педагогикалық технология мәселесіне
арналған П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов, В.М. Кларин, Ж.А. Қараев, Т.Т.
Галиев т.б. ғылымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық
құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап педагогикалық
технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған.
Педагогикалық технологияның оқыту әдістемесі және тәрбиелеу жұмысынан
айырмашылығы байқалады. Егер “әдістеме” ұғымы, оларды орындауға қатысты
емес оқытудың әдістері және тәсілінің жиынтығын қолдану кейіпкерлік
белгілерінде жинақтауын анықтайды. Осыдан келіп, яғни кез-келген
педагогикалық тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог маманның іс-
әрекеті мен негізгі технологиялардың көмегімен тиімді шешіледі.
Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған
мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және
түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен
құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей
білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген
анықтамалардан “технология” technе - өнер, шеберлік және logos - ғылым,
заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге
болады.
Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын және маңызды
құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге
мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи-педагогикалық зерттеулерін талдау
педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың
басты нысаны болғанын айқындайды.
Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-
қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі –
шеберлік. Технология және шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге
болатын педагогикалық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды.
Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады. Бір ғана
технология әр түрлі мұғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру
ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі және кәсіби іскерлігі
көрінеді.
Сонымен, оқыту технологиясы сабақ беру әдістемесімен салыстырғанда,
оқушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын
өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту
процесінің қасиеттерінің жалпы оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған
объективті бақылауын қажет етеді.
Педагогикалық технологиялардың көкейтестілігін анықтауда төмендегі
қайшылықтарды атауға болады:
қоғамның педагог мамандарға қойып отырған талабының күшеюі мен кәсіби
білім беруді жүзеге асыруда кездесетін қиыншылықтар арасындағы;
қайта дамып отырған жекелеген педагогикалық жүйелер мен оларды жылдам
өзгеріп отырған еңбек шараларына бейімдеу, білім беру жүйесінің
консервативтілігі арасындағы;
ғылымның даму деңгейі мен өндірістің оны іске асыруға мүмкіндік деңгейі
арасындағы;
мұғалімнің әлеументтік ролі және қоғамдық ақпараттық-коммуникациялық
қызмет арасындағы;
педагогикалық жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларының мазмұнының
әдістемелік құралдары және қоғам мәдениеті арасындағы болатын қайшылықтар.
Білім ізгілігі – педагогтар мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын
дамыту субъектісі болатын, педагогикалық процестің мәні мен сипатына деген
көзқарасты едәуір өзгертетін, педагогикалық ойлаудың басты бөлшегі.
Педагогикалық процестің негізгі мәні, мұндай жағдайда, тұлғаның дамуы мен
өзін-өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны
мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызды
шарттардың бірі болып табылады.
Теорияларды талдау мен қалыптасқан тәжірибелерді жалпылау білім
ізгілігінің негізгі жолдарын анықтауға мүмкіндік туғызады.
Соның ішінде ең маңыздылары:
1. Ізгілендірілген білім мазмұнында қаралатындар:
2. Балалардың қабілеті мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен
тәрбиелеудің тұлғалық бағдарлық технологиясын таңдау (Ойлаудың, есте
сақтаудың, назар аударудың негізгі типтері бойынша);
3. Мұғалімнің озық игілік дайындығы: оның оқушылармен ынтымастастығын
қалыптастыруға оқушылардың дайындығы, педагогикалық процестегі
шығармашылық, өзін-өзі көрсетудің қажеттігі.
Қоғамдық-тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік-қызметі – білімді
жинақтауда емес, бар білімді қайта қалыптастыруда. Сондықтан қазіргі
заманғы мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін кеңінен дамытып, білімді
өзіндік жаңарту мен толықтыруға, оларды теориялық және тәжірибелік
міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті. Мұны П.П.
Блонскийдің, Л.С. Выготскийдің, С.Л. Рубинштейннің, А.Л. Леонтьевтің, П.Я.
Гальпериннің, Н.Ф. Талызинаның, Дж. Брунордың және т.б. зерттеулері
дәлелдейді.
Білім берудің сапасын мәнді жоғарылату жолдарын іздестіруде, нақтырақ
айтсақ, жоғары білімнің Н. Чебышев пен В.П. Коган пәнаралық байланыстың
тұжырымдамасын негіздей отыра оны жоғары білім беру тәжірибесіне енгізудің
нақты оқу-әдістемелік механизмін ұсынады. Бұл бағыттағы, инновациялық іс-
әрекет мәселесі жалпы білім беру мектептерінде шешілуі қажет.
Сондықтан, әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың
жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап
қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор. “Қазіргі білім беру саласындағы
оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі”, - деп көрсетеді С.В. Селевко.
Қоғам өмірінің барлық салаларында яғни экономикасы мен әлеуметтік
қатынастарында көптеген өзгерістер туып отырған жағдайда білім беру ісінде
де өзгерістің болуы заңды нәрсе. Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп
ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды. Бүкіл қоғам өмірінде бой көрсеткен
келеңсіздіктің халыққа білім беру саласына да соқпай өтпегені мәлім.
Сонымен, халыққа білім беру жүйесі қоғамдық әрекеттердің басқа салаларымен
де қатарлас алға басуы керек.
Ғылым мен халыққа білім берудің дамуы еліміздің техникалық прогресске
жеткізері мәлім. Ал техникалық прогресс қоғамдық және жеке бастың өмір сүру
деңгейін көтеруші еңбек өнімділігінің жоғарлауына әкеледі. Сонымен, білім
беру жүйесін қоғамдық өмірдің өзге салаларының да негізі деп білуіміз
керек.
Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен
дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке
шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға
бағытталады.
Шынында бұл мәселенің шешімі ұстаздың кәсіпкерлік шынайы іске асыруға
тән сол бір ішкі объективті қайшылықты анықтаумен байланысты.
Ю.Н. Кулюткин кәсіпкер ұстаздың іс-әрекетіндегі “мөлшерлік шығармашылық
белсенділіктің” ара қатынасы мазмұны мен мәнінен бөлек, абстрактылы түрде
қарастырылмайды дейді. Егер “іс-әрекеттің немқұрайлы іс-әрекеттік
құрылымымен бірге ұстаздың шығармашылық белсенділігі де мөлшермен берілсе,
жаңа педагогикалық ойлар және оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі.
Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес,
педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің
білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.
Дәстүрлі оқу пәндерінде шоғырландырылған мақсат пен міндеттер
қойылмайды, пәнді меңгерудің басты міндеті болып, ғылыми міндеттерді
фотографиялық түрде меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта жаңғырту
деңгейінде (кей кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мультимедиалық жүйелік дыбыстар
«Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары мен әдістері»
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Интерактивті тақтаны орнату
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту технологиясы
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда АКТ қолдану
Интерактивті тақтаның құралдары
Пәннің оқу - әдістемелік кешені негізінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдіснамалық негізі
Енбек сабақтарын жоспарлау
Интерактивті тапсырма және оны жасақтауға қолайлы бағдарламалық құралдары
Пәндер