Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар



1. Жалпы ережелер
2. Стратегиялық жоспарды әзірлеу кезеңдері
3. Стратегиялық талдау
4. Стратегиялық жоспар
5. Стратегиялық талдау және жоспарлау нәтижелерін қолдану
6. Стратегиялық жоспарды қалыптастыру
ІІ Елдің аумақтық.кеңістіктік дамуының болжамды схемасын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
1. Осы әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) әзірлеу жөніндегі тәсілдерді ашады.
2. Стратегиялық жоспарды әзірлеу пайымдауды талдау, модельдеу, қалыптастыру және Стратегиялық жоспардың басым бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен нысаналы индикаторларын айқындау процесін білдіреді.
3. Стратегиялық жоспар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру мақсатында әзірленеді және елдің жоспарлы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының стратегиясын, мақсаттарын, міндеттерін, басым бағыттарын нақтылайды.


1.1 Негізгі ұғымдар

4. Осы әдістемелік ұсынымдарда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) каскадтау - бұл мемлекеттік жоспарлау жүйесінің иерархиясындағы жоғарғы деңгейлердің мақсаттары, міндеттері, нәтижелер көрсеткіштерінің төменгі деңгейлердің тиісті мақсаттары, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне ауысуын білдіретін әдіс. Каскадтау кезінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі иерархиясының дәйекті деңгейлері арасында өзара байланыс орнатылады және ол бойынша біртіндеп төмендеу арқылы мемлекеттік жоспарлау жүйесі неғұрлым толық ашылады;
2) квазимемлекеттік сектор ұйымдары – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
3) жоспарлы кезең – Стратегиялық жоспар әзірленетін кезең;
4) нысаналы индикатор - Стратегиялық жоспардың мақсатына қол жеткізу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін сандық өлшенетін көрсеткіш.


2. Стратегиялық жоспарды әзірлеу кезеңдері

5. Стратегиялық жоспарды әзірлеу екі кезеңнен тұрады:
1) стратегиялық талдау;
2) стратегиялық жоспарлау.
6. Стратегиялық талдау – ішкі және сыртқы ортадағы процестер мен үрдістерді мынадай мақсаттарда анықтауға негіз бола алатын елдегі жағдайды талдау:
елдің дамуына мүмкіндіктер мен әлеуетті қауіптердің шеңберін айқындау;
проблемаларды анықтау және проблемаларға себеп-салдарлық талдау жүргізу;
елді дамытудың мүмкін сценарийлерін талдау.
7. Стратегиялық жоспарлау – елдің серпінді бәсекелестік ортада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен негізгі бағыттарын айқындау, ел болашағына қатысты мүдделі тараптардың мүдделерін анықтау және келісу, нысаналы индикаторлар мен ел дамуының жалпы ұлттық шешуші көрсеткіштерін әзірлеу.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2013 жылғы
№ бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2010 жылғы 1 шілдедегі
№ 101 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар

1. Жалпы ережелер

1. Осы әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасының стратегиялық
даму жоспарын (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) әзірлеу жөніндегі
тәсілдерді ашады.
2. Стратегиялық жоспарды әзірлеу пайымдауды талдау, модельдеу,
қалыптастыру және Стратегиялық жоспардың басым бағыттарын, стратегиялық
мақсаттары мен нысаналы индикаторларын айқындау процесін білдіреді.
3. Стратегиялық жоспар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму
стратегиясын іске асыру мақсатында әзірленеді және елдің жоспарлы кезеңдегі
әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының стратегиясын,
мақсаттарын, міндеттерін, басым бағыттарын нақтылайды.

1.1 Негізгі ұғымдар

4. Осы әдістемелік ұсынымдарда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) каскадтау - бұл мемлекеттік жоспарлау жүйесінің иерархиясындағы
жоғарғы деңгейлердің мақсаттары, міндеттері, нәтижелер көрсеткіштерінің
төменгі деңгейлердің тиісті мақсаттары, міндеттері мен нәтижелер
көрсеткіштеріне ауысуын білдіретін әдіс. Каскадтау кезінде мемлекеттік
жоспарлау жүйесі иерархиясының дәйекті деңгейлері арасында өзара байланыс
орнатылады және ол бойынша біртіндеп төмендеу арқылы мемлекеттік жоспарлау
жүйесі неғұрлым толық ашылады;
2) квазимемлекеттік сектор ұйымдары – мемлекеттік кәсіпорындар,
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде
мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы
холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес,
тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен
аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
3) жоспарлы кезең – Стратегиялық жоспар әзірленетін кезең;
4) нысаналы индикатор - Стратегиялық жоспардың мақсатына қол жеткізу
дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін сандық өлшенетін көрсеткіш.

2. Стратегиялық жоспарды әзірлеу кезеңдері

5. Стратегиялық жоспарды әзірлеу екі кезеңнен тұрады:
1) стратегиялық талдау;
2) стратегиялық жоспарлау.
6. Стратегиялық талдау – ішкі және сыртқы ортадағы процестер мен
үрдістерді мынадай мақсаттарда анықтауға негіз бола алатын елдегі жағдайды
талдау:
елдің дамуына мүмкіндіктер мен әлеуетті қауіптердің шеңберін айқындау;
проблемаларды анықтау және проблемаларға себеп-салдарлық талдау
жүргізу;
елді дамытудың мүмкін сценарийлерін талдау.
7. Стратегиялық жоспарлау – елдің серпінді бәсекелестік ортада тұрақты
әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен негізгі бағыттарын
айқындау, ел болашағына қатысты мүдделі тараптардың мүдделерін анықтау және
келісу, нысаналы индикаторлар мен ел дамуының жалпы ұлттық шешуші
көрсеткіштерін әзірлеу.

3. Стратегиялық талдау
3.1. Стратегиялық талдау жүргізу негіздемесі

8. Стратегиялық талдау жүргізу үшін әлемдік үрдістер, Қазақстан
Республикасының әлемдік және өңірлік экономикадағы ұстанымдары, елдегі
жағдай туралы қолжетімді ақпаратты жинау және оны құрылымдау жүзеге
асырылады.
9. Стратегиялық талдауға арналған ақпарат көздері мыналар бола алады:
ұлттық және ведомстволық статистика;
интерактивті семинарлар, іскерлік ойындар, атқарушы және заң шығарушы
билік, бизнес, ғылыми жұртшылық өкілдерімен сұхбат;
халық арасында пікіртерім (сауалнама) жүргізу, халықтың және бизнестің
қызығушылықтарын анықтау үшін интернет-технологияларды қолдану.

3.2. Ішкі және сыртқы факторларды талдау

10. Стратегиялық талдау алдағы жоспарлы кезеңде елдің дамуына әсер
ететін ішкі және сыртқы факторлар бойынша жүзеге асырылады.
Атап айтқанда, факторлардың мынадай топтарын бөлуге болады:
экономикалық және қаржылық;
демографиялық;
технологиялық;
әлеуметтік және мәдени;
кеңістіктік және экологиялық;
заң шығарушы және реттеуші;
басқарушы.
11. Ішкі және сыртқы факторлар бойынша талдау жүргізу үшін соңғы үш
жылдағы деректерді пайдалану ұсынылады.
12. Стратегиялық талдау ел дамуының сыртқы факторлары ретінде
қаралатын әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамудың жаһандық және
елдік үрдістерін талдаудан басталады.
13. Дамудың сыртқы факторлары – мемлекеттік органдар мен бизнестің іс-
әрекеттерінен тәуелсіз, қазіргі уақытта және алдағы жоспарлы кезеңде ел
дамуына елеулі ықпал ететін шарттар.
14. Дамудың ішкі факторларын талдау белгілі салалар (қызмет салалары
(атап айтқанда, экономикада, әлеуметтік салада және т.б.) бойынша ел туралы
толық түсінік береді.
15. Дамудың ішкі факторлары – сыртқы факторлардың әртүрлі өзгерістерін
есепке ала отырып стратегияның қалыптасуына негіз болатын ресурстар мен
әлеует.
16. Ел ерекшелігін негізге ала отырып елдің дамуына ықпал ететін
сыртқы және ішкі факторлардың тізбелері қалыптасады және олар бойынша
талдау жүргізіледі.
17. Дамудың ықтимал үрдістерін қалыптастыру үшін ішкі факторларды
бағалау басқа елдер тәжірибесімен салыстырылады.
18. Сыртқы және ішкі факторларға, статистикалық деректерге,
жүргізілген сұхбаттарға, сауалнамаларға, фокус-топтарға, мүдделі
тараптармен консультацияларға жүргізілген талдау нәтижелері,
бәсекелестермен салыстырулар жинақталып, жалпыланады.
19. Негізгі тұжырымдар SWOT-талдаудың қағидаттарына сәйкес
интеграциялануы мүмкін, бұл өзінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға
(ішкі орта) және сыртқы ортадағы мүмкіндіктер мен қауіптерді айқындауға
мүмкіндік береді.
20. SWOT-талдау деректері бойынша негізгі артықшылықтар мен
кемшіліктер, қолайлы мүмкіндіктер мен әлеуетті қауіптер арасында байланыс
орнатылады. Талдау үшін тізбеден неғұрлым елеулі факторлар пайдаланылады
және олардың негізінде ішкі және сыртқы факторларға жүргізілген талдау
нәтижелері жүйеленеді және елді дамытудың бірнеше сценарийлері әзірленеді
(SWOT-талдау кестесі).
21. Барлық факторлар (ішкі және сыртқы факторлар да) қарастырылып
отырған елдің даму стратегиясы үшін маңыздылық критерийлері бойынша
бағаланады және оған әсер ететін фактордың дәрежесі айқындалады.
22. Елдің дамуына ықпал ететін артықшылықтар (күшті жақтары) және ел
дамуын тежейтін және (немесе) оның дамуына теріс әсер ететін кемшіліктер
(әлсіз жақтары) – бұл ел дамуының бақылаудағы ішкі аспектілері.
23. Елдің дамуына оң әсер ететін мүмкіндіктер және ел дамуына теріс
әсер ететін, сыртқы ортаның сипаттамаларымен байланысты және ел дамуының
әсеріне бағынбайтын қауіптер сыртқы аспектілер болып табылады.

SWOT-талдау кестесі

Мүмкіндіктер Қауіптер
Артықшылықтар 1 жиек 2 жиек
Артықшылықтар мен Артықшылықтар мен қауіптер
мүмкіндіктер
Кемшіліктер 3 жиек 4 жиек
Кемшіліктер мен мүмкіндіктер Кемшіліктер мен қауіптер

24. Кестедегі жолдар мен бағандардың қиылысында төрт жиек құрылады.
25. Жиектердің әрқайсысында барлық ықтимал жұп комбинациялар қаралады
және стратегиялық жоспарды әзірлеуде ескерілетіндері ерекшеленеді.
26. SWOT-талдау нәтижелері, жалпы алғанда, елді дамыту сценарийлерін
әзірлеуге (немесе нақтылауға) қажетті материал ретінде пайдаланылады.
27. 1-жиекте таңдап алынған жұптарға қатысты, сыртқы ортада пайда
болған мүмкіндіктерден қайтарым алу үшін артықшылықтарды пайдалану бойынша
елді дамыту стратегиясы әзірленеді.
28. Егер жұп 2-жиекте орналасса, онда даму стратегиясы қауіптерді жою
үшін артықшылықтарды пайдалануды болжайды.
29. 3-жиектен орын алған жұптар үшін даму стратегиясы пайда болған
мүмкіндіктер есебінен бар кемшіліктерді жоюға тырысу үшін құрылады.
30. 4-жиекте орналасқан жұптар үшін кемшіліктерден арылу ғана емес,
сондай-ақ төнген қауіпті жоюға мүмкіндік беретін даму стратегиясы
әзірленеді.
31. Осы кезеңде елді дамытудың бірнеше сценарийлері әзірленуі және
қаралуы мүмкін.
32. Даму сценарийлерін әзірлеу кезеңінде елдің дамуын пайымдау
қалыптасады, яғни елдің жоспарлы кезеңнің соңына қарай даму деңгейін
көрсететін, стратегиялық жоспарды іске асыру салдарынан болатын елдегі
өзгерістерді сипаттайтын пайымдау.

3.3. Проблемаларды талдау

33. Бұл кезеңде проблемаларды тұжырымдау және олардың себеп-салдарлық
байланыстарын айқындау жүзеге асырылады.
34. Проблемалар ішкі және сыртқы факторларға жүргізілген талдау,
негізгі артықшылықтар мен кемшіліктерді, қолайлы мүмкіндіктер мен әлеуетті
қауіптерді талдау (SWOT-талдау) және олардың негізінде әзірленген даму
сценарийлері негізінде анықталады.
35. Проблеманы сипаттау қалыптасқан жағдайға теріс көзқарасты
білдіреді.
36. Стратегиялық талдаудың осы кезеңінде негізгі проблеманың туындау
себептерін және оларды тудыратын салдарды белгілеу, ал кейіннен проблеманы
шешу бойынша іс-қимылдар дәйектілігін анық айқындау үшін негізгі проблеманы
бөліп қарау мақсатында проблемалар талданады.
37. Проблемалар мынадай критерийлерге сәйкестікке қаралады:
проблема ағымдағы болып табылады, яғни Стратегиялық жоспарды әзірлеу
кезінде бар болады;
проблеманы тұжырымдау мүдделі тараптарға қалыптасқан жағдайдың
неліктен тиімсіз және нені өзгерту қажет екендігін жеткізу мүмкіндігімен
нақты баяндалады;
проблеманы тұжырымдау артық толықтыруларсыз, қысқа да қисынды
баяндалады.
38. Проблемалар бір-бірін қайталай алмайды. Егер бірнеше проблемалар
мағынасы жағынан жақын болса, олар бірігеді немесе проблемалар арасындағы
айқын айырмашылықты белгілеу мақсатында олардың тұжырымдамасы нақтыланады.
39. Барлық ықтимал проблемаларды анықтағаннан кейін, проблемалардың
иерархиялық орналасуы және олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстар
белгіленеді. Бұл үшін проблемалар бір-бірімен қалайша байланысты екендігіне
нақтылау жүргізіледі, яғни проблемалар-себептер және проблемалар-
салдарлар белгіленеді.

Проблемалар арасындағы себеп-салдарлық байланыстар схемасы

40. Егер бір проблема екіншісінің себебі болып табылса, онда оның
біреуі бір деңгейге төмендейді, егер ол салдар болса – онда жоғары деңгейге
көтеріледі. Егер проблемалар бір-біріне қатысты не себеп, не салдар болып
табылмаса, онда олар бір деңгейге орналастырылады.
41. Осыдан кейін негізгі проблема таңдалады, оның шешіміне
стратегиялық жоспарды іске асыру бағытталатын болады. Ол үшін жүргізілген
жұмысқа талдау жүргізіледі және мыналар айқындалады:
стратегиялық жоспарды іске асыру нәтижесінде проблемалар қай деңгейге
дейін шешіледі (проблемалар – себептер);
қай проблемалар өздігінен немесе басқа проблемаларды шешу нәтижесінде
шешіледі (проблемалар – салдарлар).
42. Себептер аяқталатын проблемалардың себеп-салдарлық байланыстары
схемасындағы нүкте негізгі проблема болып табылады.
43. Проблемаларды нақты айқындау талдау процесінде аса маңызды болып
табылады, өйткені олардың негізінде мақсаттарды қою және оларға қол
жеткізудің аса қолайлы шараларын таңдау жүзеге асырылады.
44. Проблемаларды дұрыс тұжырымдау және олардың пайда болуының басты
себептерін анықтау, оларды еңсеру бойынша шараларды негізделген түрде
таңдау, мақсаттарға қол жеткізу, сондай-ақ күтілетін нәтижелерді айқындауды
қамтамасыз етеді.

4. Стратегиялық жоспар
4.1. Себеп-салдарлық байланыстар

45. Проблемалардың себеп-салдарлық байланыстарының әзірленген схемасы
Стратегиялық жоспар, сонымен қатар төмен тұрған деңгейдегі стратегиялық
және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспарларын жоспарлау мен әзірлеу үшін негізді білдіреді.
46. Әзірленетін Стратегиялық жоспар проблемаларды шешуге шоғырланады.
Бұл үшін Стратегиялық жоспардың мақсаттары тұжырымдалады.
47. Себеп-салдарлық байланыстар схемасының құрылымын өзгертпестен,
проблемалар тиісті мақсаттарға алмастырылады.
48. Негізгі проблеманы шешу қарастырылып отырған даму сценарийінің
негізгі мақсатына қол жеткізуге өзгереді.
49. Схеманың төменгі деңгейінде стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін
орындалуы қажет мақсаттар қалыптастырылады.
50. Аса маңызды емес проблемаларды шешу мемлекеттік жоспарлау
жүйесінің төмен тұрған деңгейінің құжаттарында көзделуі мүмкін.

4.2. Стратегиялық мақсаттар

51. Стратегиялық мақсаттармен жоспарлы кезеңнің соңына қарай елдің
күтілетін болашақ жағдайы айқындалады, оған қол жеткізу төмен тұрған
деңгейдегі құжаттар арқылы Стратегиялық жоспарды іске асыруды қамтамасыз
етеді.
52. Әрбір мақсатты сипаттау оның қысқаша тұжырымдамасын, мазмұнды
анықтамасын, мақсатқа қол жеткізу деңгейін өлшеуге болатын сандық
көрсеткіштердің жиынтығын және жоспарлы кезеңнің соңына қарай қол
жеткізілуі тиіс аталған көрсеткіштердің мәндерін (нысаналы мәндер) қамтиды.
53. Стратегиялық мақсаттарды айқындау кезінде мынадай критерийлерді
басшылыққа алу ұсынылады:
шынайылық, мақсаттар шынайы болып табылады;
өлшемділік, мақсаттарға қол жеткізуді сандық индикаторлардың көмегімен
тексеруге болады;
релеванттық, мақсаттардың Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму
стратегиясының мақсаттарымен байланысының болуы;
қолжетімділік, мақсаттар жоспарлы кезеңде әлеуетті түрде қолжетімді
болады;
мақсаттың нақтылығы, мақсат тұжырымдамасынан оған қол жеткізу
индикаторлары айқын болады.
54. Стратегиялық мақсат тұжырымдамасы қысқа және анық баяндалады және
мыналарды:
еркін немесе әртүрлі түсіндіруге жол беретін терминдер, ұғымдар мен
сөздер;
мақсатқа қол жеткізу жолдары, құралдары мен әдістерін сипаттауды
қамтымайды.
55. Стратегиялық мақсаттардың көп саны ұсынылмайды. Стратегиялық
мақсаттардың дұрыс тұжырымдалған жүйесі елдің жоспарлы кезеңдегі өзекті
қажеттіліктерінің жиынтығын көрсетеді.

4.5. Нысананы индикаторлар

56. Елдің дамуын пайымдауды сипаттау жоспарлы кезеңнің соңына қарай
даму деңгейі мен мақсаттарға қол жеткізуді бағалауға болатын шешуші
нысаналы индикаторларды қамтиды.
57. Әрбір стратегиялық мақсатқа, оған қол жеткізу дәрежесін айқындау
үшін нысананы индикатор (аралық және түпкілікті) сәйкес келеді.
58. Нысаналы индикатордың сапалы жағы алдағы онжылдық кезеңге арналған
Стратегиялық жоспарды іске асыру шеңберіндегі мемлекет қызметінің
нәтижесінде болатын мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы)
оң өзгерістердің мәнін, ал сандық жағы – олардың өлшенетін, абсолютті және
салыстырмалы шамасын көрсетеді.
59. Нысаналы индикаторлар мынадай критерийлерге сәйкестікке қаралады:
жоспарланған кезеңдегі серпінде көрсеткіштерді салыстыруға мүмкіндік
беру;
тұтынушылар үшін бір мәнді түсінікті болу;
көрсеткіштерге қол жеткізуді бағалау үшін жеткілікті ақпараттық және
техникалық ресурстардың болуы;
жалпы елдің барлық жұмыс істеу аспектілерінің толық және барабар
сипаттамасын беру;
жалпы елдің әртүрлі даму сатыларындағы өзгерістерді көрсету;
қолжетімді және өлшемді болу;
көрсеткіштерге қол жеткізуге мониторинг пен бағалау жүргізу мақсатында
аралық мәндердің болуын қамтамасыз етеді.
60. Шешуші өзгерістерден тұратын және анықталған проблемаларды шешуді
өте жақсы сипаттайтын және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бағалау
үшін қажет нысаналы индикаторлар ғана таңдалады.
61. Әрбір нысаналы индикатор үшін ақпарат көздері мен деректерді жинау
құралдары айқындалады.
62. Ақпарат көздері мыналарды:
құжаттық растау түрлері, олардың көмегімен тиісті мақсаттарға қол
жеткізу фактісін тіркеуге болатын, яғни ақпарат қолжетімді болатын форматты
және ақпарат көзін;
ақпарат беру жиілігін (тоқсан сайын, жыл сайын және т.б.) қамтиды.
63. Нысаналы индикаторлар үшін сәйкес келетін тексеру көздері
табылмаса немесе олар бойынша ақпарат жинау көп еңбек етуді қажет етіп, әрі
қымбатқа түсетін болса басқаларымен ауыстырылады.
64. Өзге де нысаналы индикаторларды айқындау мүмкін болмаған жағдайда,
таңдап алынған нысаналы индикаторлар немесе нәтижелер көрсеткіштері бойынша
есептеу әдістемесін (формуласын) көрсетуге және мұндай нысаналы индикаторды
бағалық (болжамды) есептеуді қоса беруге болады.
65. Егер нысаналы индикатор үшін ақпарат көзі немесе оны өлшеу тәсілі
болмаса, онда басқа нысаналы индикатор әзірленеді.
66. Стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларын әзірлеу кезінде
одан әрі оларға қол жеткізуге жауапты болатын орталық және жергілікті
мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор ұйымдары, ведомстволық
бағынысты ұйымдар, құрылымдық бөлімшелер деңгейіне каскадтау қажет болатыны
ескеріледі.

5. Стратегиялық талдау және жоспарлау нәтижелерін қолдану

67. Елді дамытудың сыртқы және ішкі факторларын бағалау, SWOT-талдау
жүргізу, проблемаларды анықтау, мақсаттарды тұжырымдау, нысаналы
индикаторларды әзірлеу нәтижесі елдің даму стратегияларын сипаттау,
мемлекеттік билік органдарының, бизнес және басқа мүдделі тараптардың
проблемаларды шешуге қажетті іс-қимылдарын тізбектеп жазу болып табылады.
68. Жүргізілген стратегиялық талдау мен жоспарлау нәтижесі ықшамдап
баяндау болып табылады:
Стратегиялық жоспарды іске асыру нәтижесінде қандай мақсаттарға қол
жеткізіледі;
бұл қалайша жүзеге асырылатын болады;
қандай нәтижелерге қол жеткізіледі және олар қалай өлшенеді;
оны іске асыру үшін қандай тәуекелдер мен қосымша шарттар (жол
берулер) туындауы мүмкін.
69. Жоғарыда аталған ақпарат кестеде ел дамуының әрбір таңдап алынған
мақсаты бойынша жалпыланады.
70. Бұл кестені толтыру, ең алдымен, схеманың түрлі деңгейлеріндегі
тұжырымдамаларды кесте құрылымына ауыстыру арқылы мақсаттардың, себеп-
салдарлық байланыстар оның әзірленген схемасы негізінде жүзеге асырылады.

Талдау нәтижелерінің кестесі

Сипаттамасы Нысаналы Нысаналы Жол берулер мен
индикаторлар индикаторларды тексерутәуекелдер
көздері
Пайымдау -
Мақсат

...


71. Бұл кестенің көмегімен әзірлеуші мемлекеттік орган қалай қол
жеткізгісі келетінін, оны қалайша жүзеге асыратынын, ол үшін не қажет,
қандай нәтижелерге қол жеткізеді және қандай қауіптер туындауы мүмкін
екендігін анық біле алады.
72. Қорытындысында ел дамуының пайымы, мақсаттары мен нысаналы
индикаторларының логикалық өзара байланысы белгіленеді.
73. Стратегиялық жоспардың логикалық құрылымы бірінші баған
(Сипаттамасы) толтырылғанша, тігінен төмен қарай жылжи отырып жасалады.
Пайымдау мен мақсаттар иерархиясы қисынды деп есептелгенде ғана, Нысаналы
индикаторлар, одан кейін Нысаналы индикаторларды тексеру көздері және
Жол берулер бағаны толтырылады.
74. Сипаттамасы бағанында ел дамуының пайымы мен стратегиялық
мақсаттың тұжырымдамасы келтіріледі.
75. Нысаналы индикаторлар бағанында өлшенетін: 1) мақсаттарға қол
жеткізу дәрежесін (Мақсат жолы) айқындауға мүмкіндік беретін нысаналы
индикаторлар және 2) міндеттерді шешу дәрежесін сипаттайтын нысаналы
индикаторлар (Міндеттер жолы) көрсетіледі.
76. Нысаналы индикаторларды тексеру көздері бағанында әрбір мақсат
пен нысаналы индикаторлар үшін оларды орындауға мониторинг жүргізу үшін
қажетті деректерді алу көздері көрсетіледі. Тұжырымдамалар қысқаша
толтырылады және ақпарат келіп түсетін мемлекеттік немесе өзге де органның
атауы, құжаттың ресми атауы, ақпаратты ұсыну кезеңділігін қамтиды.
77. Жол берулер мен тәуекелдер бағанында мыналар көрсетіледі:
мақсаттарға қол жеткізуге жоғары дәрежеде теріс әсер етуі мүмкін
жағдайлар (тәуекелдер);
мақсаттарға қол жеткізу үшін қосымша жағдайлар жасайтын сыртқы (ішкі)
ортаның оң ықпалдары (жол берулер).
78. Осылайша, жол берулер мен тәуекелдер – бұл мақсаттарға қол жеткізу
үшін маңызды болып табылатын, бірақ Стратегиялық жоспарды орындаушылар
оларға қандай да бір себептермен әсер ете алмайтын факторлар.
79. Жол берулер мен тәуекелдер стратегиялық талдау кезеңінде
жүргізілген SWOT-талдау нәтижелерінің негізінде қалыптастырылады.
80. Пайымдау жолында жол берулер мен тәуекелдер келтірілмейді.

6. Стратегиялық жоспарды қалыптастыру

81. Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеунің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы
№ 931 Жарлығына сәйкес қалыптасады және оның шеңберінде
Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-
кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды,
аумақтарды дамыту бағдарламалары мен мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау мен бақылау
Ережелері бекітілді.
82. Стратегиялық мақсаттар елдің дамуын пайымдаудан туындайды және
иерархиялық құрылымды: пайым – стратегиялық мақсат – нысаналы индикаторды
құрайды.
83. Пайымында елдің жоспарлы кезеңнің соңына қарай даму параметрлері
ашылады. Стратегиялық мақсаттар пайымның мазмұнын ашады.
84. Стратегиялық талдау жүргізу процесінде алынған ақпарат
Стратегиялық жоспардың Ағымдағы жағдайды талдау және Пайымдау
бөлімдерінде көрсетіледі.
85. Стратегиялық жоспарлау процесінде алынған ақпарат негізінде Ел
дамуының басым бағыттары және ел дамуының алдағы кезеңге арналған
стратегиялық мақсаттары бөлімі қалыптастырылады.
86. Қорытынды бөлімінде алдағы жоспарлы кезеңге арналған
Стратегиялық жоспарды іске асыру бойынша негізгі тұжырымдар келтіріледі.
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2013 жылғы
№ бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2010 жылғы 1 шілдедегі
№ 101 бұйрығына 2-қосымша

Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын әзірлеу
жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

1. Жалпы ережелер

1. Осы әдістемелік ұсынымдар Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының
болжамды схемасын (бұдан әрі - Болжамды схема) әзірлеу жөніндегі тәсілдерді
ашады.
2. Болжамды схеманы әзірлеу Болжамды схеманың пайымын талдау,
модельдеу, қалыптастыру және басымдықтарын, мақсаттары мен міндеттерін
айқындау процесі болып табылады.

1.2 Негізгі ұғымдар

3. Осы әдістемелік ұсынымдарда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) квазимемлекеттік сектор ұйымдары – мемлекеттік кәсіпорындар,
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде
қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы
холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес,
тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен
аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
2) жоспарлы кезең – Болжамды схема әзірленетін кезең;
3) нәтиже көрсеткіші - Болжамды схеманың міндеттерін шешу дәрежесін
айқындауға мүмкіндік беретін сандық өлшенетін көрсеткіш;
4) схема – бұл салалардың, өнеркәсіптік кешендер мен аумақтар дамуының
өңірлік стратегиясын негіздейтін ғылыми-индикативтік сипаттағы стратегиялық
құжат.

2. Болжамды схеманы әзірлеу

4. Болжамды схема Қазақстан Республикасының алдағы он жылдық кезеңге
арналған стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленеді және
елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін өңірлер бөлінісінде ел халқын
қоныстандыру, өндірістік күштерді, көліктік-коммуникациялық, әлеуметтік
және басқа инфрақұрылымды ұтымды орналастыру жүйесі болып табылады.
5. Болжамды схеманы әзірлеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі
уәкілетті орган мүдделі органдардың қатысуымен жүзеге асырады және
Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
6. Болжамды схеманы әзірлеу:
1) талдау кезеңінен;
2) жоспарлау кезеңінен тұрады.
7. Талдау –елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының бөлінісінде ел жағдайын
талдау, оның негізінде сыртқы және ішкі ортада бар процестер мен үрдістерді
төмендегідей мақсаттар үшін анықтауға болады:
Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарында (бұдан әрі –
Стратегиялық жоспар) белгіленген және өңірлер бөлінісіндегі елдің дамуына
бағытталған мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін мүмкіндіктер мен
әлеуетті қауіптер ортасын айқындау;
Стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған елдің
аумақтық-кеңістіктік дамуының ықтимал сценарийлерін талдау;
проблемаларды анықтау және проблемаларға себеп-салдарлық талдау
жүргізу;
елдің аумақтық ұйымдастырылу перспективаларын және ел халқын
қоныстандыру, инфрақұрылым объектілерін орналастыру, қоршаған ортаны қорғау
жүйелерін және макроөңірлер экономикасын талдау және т.б.;
елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының мақсаттары, міндеттерін және елдің
ұзақ мерзімді даму болжамын белгілеу.
8. Жоспарлау – серпінді бәсекелес ортада, ел өңірлері бөлінісінде
елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының мақсаттары мен негізгі
бағыттарын айқындау, болашаққа қатысты мүдделі тараптардың мүдделерін
анықтау мен келісу, елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының стратегиялық
мақсаттары мен міндеттерін әзірлеу және ұзақ мерзімді перспективаға
арналған ел дамуының макроэкономикалық болжамы және қажетті ресурстарды
айқындау.
9. Болжамды схема:
олардың тұратын жеріне (қала, шалғайдағы ауыл) қарамастан тұрғын үй-
коммуналдық қызметтермен;
тыныс тіршіліктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында, тұрақты
жұмыс істейтін кәсіпорындары бар, перспективалы елді мекендерге (бірінші
кезекте кірістерді ескере отырып) халықты шоғырландыру;
еліміздегі перспективалы елді мекендерді мемлекеттің ішінара қолдауын;
өсу нүктелерін бірінші кезекте қалалық агломерацияларды дамыту мен
қалыптастыру бойынша жергілікті бастамаларды нысаналы қаржыландыруды;
инженерлік инфрақұрылым объектілерін өндірістік күштерді
орналастырумен, қоныстандыра отырып перспективалы орналастыруды өзара
байланыстыру; жалпы адам капиталын дамыту және республикадағы еңбек
ресурстарының жұмылдырылуын арттыру, көші-қон ағындарын тиімді басқаруды;
елдің ресурстық әлеуетін тиімді қолдануды және еңбекті республикалық,
өңірлік және халықаралық бөлуде оның өңірлеріндегі бәсекеге қабілетті
экономикалық мамандандыруын қалыптастыруды;
үшінші елдің нарығына шығу мақсатында шекаралас аумақтарды дамытуды
қалай қамтамасыз ету екендігін көздейді.

3. Талдау кезеңі
3.1. Талдау жүргізу үшін негіз

10. Талдау жүргізу үшін елдің аумақтық-кеңістіктік дамуы туралы ішкі
және сыртқы ортада бар процестерді және үрдістерді анықтау үшін қолжетімді
ақпаратты жинау жүзеге асырылады.
11. Талдауға арналған ақпарат көздері мыналар:
ұлттық және ведомстволық статистика;
мемлекеттік органдардың өкілдерімен семинарлар және кеңестердің
қорытындылары бола алады.

3.2. Ішкі және сыртқы факторларды талдау

12. Талдау алдағы жоспарлы кезеңде елдің аумақтық-кеңістіктік дамуына
ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлар бойынша орындалады. Мысалы,
факторлардың мынадай топтарын бөлуге болады:
экономикалық және қаржылық;
демографиялық;
географиялық;
технологиялық;
әлеуметтік және мәдени;
кеңістіктік және экологиялық;
заңнамалық және реттеуші;
басқарушылық.
13. Бұл тізбе елдің аумақтық-кеңістіктік дамуы бөлінісінде ерекшелікке
сәйкес түрленуі мүмкін.
14. Өңірлерді ішкі және сыртқы факторлар бойынша талдау үшін соңғы үш
және бес жылғы деректерді пайдалану ұсынылады.
15. Талдау елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының сыртқы факторлары
ретінде қарастырылатын әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамудың
жаһандық және өңірлік (мысалы, облыс, аудан шегінде) үрдістерін талдаудан
басталады.
16. Дамудың сыртқы факторлары – бұл мемлекеттік органдар мен бизнес іс-
қимылдарынан тәуелсіз, қазіргі уақытта және алдағы жоспарлы кезеңде жалпы
елдің және өңірлердің дамуына елеулі ықпал ететін шарттар.
17. Дамудың ішкі факторларын талдау аса маңызды салалар (қызмет
саласына (мысалы, экономикада, әлеуметтік салада және т.б.) бойынша өңірлер
туралы тұтас пайымды береді.
18. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының ішкі факторлары және олардың
негізінде сыртқы факторлардың әртүрлі өзгерістерін ескере отырып стратегия
қалыптасатын әлеует.
19. Сыртқы және ішкі факторларға, статистикалық деректерге, мүдделі
тараптармен консультацияларға, бәсекелестермен салыстыруларға жүргізілген
талдау нәтижелері жинақталады және жалпыланады.
20. Елдің аумақтық-кеңістіктік болжамды схемасының мақсаттары SWOT-
талдау жүргізу арқылы өңірлер бөлінісіндегі елдің аумақтық-кеңістіктік
дамуына әсер ететін барынша маңызды факторларды анықтау негізінде
айқындалады.
21. SWOT-талдау мыналарды анықтауға бағытталады:
елдің аумақтық-кеңістіктік дамуына ықпал ететін артықшылықтар (күшті
жақтары);
елдің аумақтық-кеңістіктік дамуын тежейтін және оның дамуына теріс
әсер ететін кемшіліктер (әлсіз жақтары);
Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуына оң әсер ететін мүмкіндіктер;
Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуына теріс әсер ететін қауіптер.
22. Болжамды схеманың мақсаттары белгіленгеннен кейін оларға қол
жеткізу үшін шешімдерді талап ететін міндеттерді айқындайды.

4. Жоспарлау кезеңі
4.1. Елдің аумақтық-кеңістіктік даму схемасын әзірлеу

23. Әзірленетін болжамды схема Стратегиялық жоспарда айқындалған
мақсаттарға қол жеткізуге шоғырланады.
24. Ол үшін:
аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау;
аумақтық-кеңістіктік дамудың негізгі бағыттары;
Қазақстан Республикасы экономикасының секторларын дамытудың болжамды
схемалары;
Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының алдағы
онжылдық кезеңде іске асырылуын мониторингілеуге арналған индикаторлар.
25. Проблемаларды дұрыс тұжырымдау және олардың пайда болуының басты
себептерін анықтау, оларды еңсеру шараларының негізделген таңдауы,
Қазақстан Республикасы Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық
мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз
етеді.

5. Болжамды схеманы қалыптастыру

26. Болжамды схема Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау
жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен
қалыптастырылады, оның шеңберінде Қазақстан Республикасының стратегиялық
даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын,
мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг,
бағалау және бақылау жүргізу ережесі бекітілген.

6.3. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының алдағы
онжылдық кезеңде іске асырылуын мониторингілеуге арналған индикаторлар

27. Нәтижелер көрсеткіштері жоспарланатын мәндерге жету болжанатын
нақты кезеңді (орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді) көрсетумен, міндеттерді
шешу дәрежесін сипаттайтын сандық өлшенетін мәндер болып табылады.
28. Нәтижелер көрсеткіштері мынадай критерийлер сәйкестігіне қаралады:
жоспарланатын кезеңдегі серпінде нәтижелер көрсеткіштерін салыстыру
мүмкіндігін беру;
тұтынушыларға бір мәнді түсінікті болуы;
нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау үшін жеткілікті
ақпараттық және техникалық ресурстардың болуы;
жеке саланың (қызмет аясының) немесе жалпы елдің (өңірдің) толық және
барабар сипаттамасын беру;
жеке саланы (қызмет аясының) немесе жалпы елдің (өңірдің) әртүрлі даму
кезеңдерінде өзгерістерді көрсету;
қолжетімді және өлшенетін болу;
көрсеткіштерге қол жеткізуге бағалау және мониторинг жүргізу үшін
аралық мәндердің болуын қамтамасыз ету.
29. Әрбір нәтиже көрсеткіші үшін ақпарат көзі мен деректерді жинау
құралдары айқындалады.
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2013 жылғы
№ бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2010 жылғы 1 шілдедегі
№ 101 бұйрығына 3-қосымша

Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу
жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

1. Жалпы ереже

1. Осы әдістемелік ұсынымдар Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу
жөніндегі тәсілдерді ашып көрсетеді.
2. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мақсаттарды, нысаналы
индикаторды, міндеттер мен оларға қол жеткізу жолдарын, мемлекеттік
бағдарламаларды қажетті ресурстық қамтамасыз етуді талдау, модельдеу және
айқындау процесі болып табылады.
3. Мемлекеттік бағдарламалар Қазақстан Республикасының алдағы он
жылдық кезеңге арналған Стратегиялық даму жоспарын және Елдің аумақтық-
кеңістіктік дамуының болжамды схемасын (бұдан әрі – жоғары тұрған құжаттар)
іске асыру мақсатында әзірленеді, Қазақстан Республикасының он жылдық
кезеңге арналған стратегиялық даму жоспарының стратегиялық мақсаттарына қол
жеткізу жолдарын анық баяндайды, жалпыұлттық салаішілік сипаттағы
міндеттерді шешуге және тиісті қызмет саласының дамуына бағдарланады.

1.3 Негізгі ұғымдар

4. Осы әдістемелік ұсынымдарда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) каскадтау - бұл Мемлекеттік жоспарлау жүйесі иерархиясының жоғарғы
деңгейлердегі мақсаттары, міндеттері, нәтижелер көрсеткіштері төменгі
деңгейлердің тиісті мақсаттарына, міндеттеріне, нәтижелер көрсеткіштеріне
ауысуы кезіндегі әдіс. Каскадтау кезінде жүйе дәйекті түрде төмен түсе
отырып, егжей-тегжейлі ашылатын оның иерархиясының дәйекті деңгейлері
арасындағы өзара байланыс белгіленеді;
2) квазимемлекеттік сектор ұйымдары – мемлекеттік кәсіпорындар,
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде
мемлекет қатысатын немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы
холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес,
тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен
аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
3) жоспарлы кезең – мемлекеттік бағдарлама әзірленетін кезең;
4) нысаналы индикатор – мемлекеттік бағдарламаның мақсатына қол
жеткізу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін сандық өлшем көрсеткіші;
5) нәтиже көрсеткіші - мемлекеттік бағдарлама міндеттерінің шешілу
дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін сандық өлшем көрсеткіші.

2. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу

5. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту Мемлекеттік
бағдарламалардың бекітілген тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Президенті
айқындаған және мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік
орган әзірлейді.
7. Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу екі кезеңнен тұрады:
1) талдау кезеңі;
2) жоспарлау кезеңі.
8. Талдау белгілі қызмет саласының жай-күйінің ағымдағы жағдайын
талдаудан және белгілі қызмет саласын дамытуды мемлекеттік реттеудің
қолданыстағы саясатын талдаудан қалыптасады.
9. Талдау негізінде:
жоғары тұрған құжаттарда белгіленген және тиісті қызмет саласын
дамытуға бағытталған мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін мүмкіндіктер
мен әлеуетті қауіптер ортасын айқындау;
жоғары тұрған құжаттардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған
тиісті қызмет саласын дамытудың ықтимал сценарийлерін талдау;
негізгі проблемаларды, үрдістер мен алғышарттарды анықтау;
мақсаттарды, нысаналы индикаторларды белгілеу үшін ішкі және сыртқы
ортадағы процестер мен үрдістерді анықтауға болады.
10. Жоспарлау – жоғары тұрған құжаттардан туындайтын мақсаттарды және
мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индикаторларын, сондай-ақ мемлекеттік
бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін міндеттер мен
шараларды айқындау, келешектегі белгілі бір салаға қатысты мүдделі
тараптардың мүдделерін анықтау және келісу, мемлекеттік бағдарламаны іске
асыру кезеңдерін әзірлеу және қажетті ресурстарды айқындау.
11. Қажетіне қарай Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге байланысты
барлық түйінді шешімдерді талқылау және бекіту мақсатында мемлекеттік
бағдарламаны әзірлеу комиссиясы (жұмыс тобы) құрылады.
12. Жұмыс тобы мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға
мүдделі ғылыми-зерттеу ұйымдарының, түрлі білім беру салаларындағы ғалымдар
мен мамандарды, бизнесті, қоғамдық ұйымдарды тарта отырып мемлекеттік
органдардың өкілдерінен (мүмкідігінше басшылардан) тұрады.
13. Мемлекеттік бағдарламаның жобасын жария түрде талқылау үшін
мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган бұқаралық
ақпарат құралдарында орналастыруы және түскен ұсыныстарды ескерумен
пысықтауы мүмкін.
14. Мемлекеттік бағдарлама әзірлену сатысында барлық мүдделі
мемлекеттік органдармен келісіледі.

3. Талдау кезеңі
3.1. Талдау жүргізу негіздемелі

15. Осы кезеңде қызмет саласындағы ахуал туралы қолжетімді ақпаратты
жинау, құрылымдау және талдау жүргізіледі.
16. Талдау үшін ақпарат көздері:
ұлттық және ведомстволық статистика;
интерактивті семинарлар, іскерлік ойындар, атқарушы және заңнамалық
билік, бизнес, ғылыми қоғамдастық өкілдерімен сұхбат;
халық арасында сауалнама (анкета) жүргізу, халық пен бизнестің
қызығушылықтарын анықтау үшін интернет-технологияларды пайдалану болуы
мүмкін.

3.2. Ішкі және сыртқы факторларды талдау

17. Талдау алдағы жоспарлы кезеңде қызмет саласының дамуына ықпал
ететін ішкі және сыртқы факторлар бойынша орындалады.
Мысалы, факторлардың мынадай:
экономикалық және қаржылық;
демографиялық;
технологиялық;
әлеуметтік және мәдени;
кеңістіктік және экологиялық;
заңнамалық және реттеуші;
басқарушылық топтарын бөліп қарастыруға болады.
18. Бұл тізбе нақты қызмет саласының ерекшелігіне сәйкес түрлендірілуі
мүмкін.
19. Қызмет салаларын ішкі және сыртқы факторлар бойынша талдау үшін
соңғы үш жылғы деректерді пайдалану ұсынылады.
20. Талдау қызмет саласын дамытудың сыртқы факторлары ретінде
қаралатын әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамудың жаҺандық,
елдік және өңірлік үрдістерін талдаудан басталады.
21. Дамудың сыртқы факторлары – бұл мемлекеттік органдар мен бизнестің
әрекеттеріне тәуелсіз, қазіргі уақытта және алдағы жоспарлы кезеңде қызмет
саласының дамуына елеулі ықпал ететін шарттар.
22. Дамудың ішкі факторлары – сыртқы факторлардың әр түрлі
өзгерістерін есепке ала отырып, базасында стратегия қалыптасатын ресурстар
мен әлеует.
23. Қызмет саласының ерекшеліктерін негізге ала отырып, салаға ықпал
ететін және ол бойынша талдау жүргізілетін сыртқы және ішкі факторлардың
тізбелері қалыптастырылады.
24. Сыртқы және ішкі факторларға, статистикалық деректерге,
жүргізілген сұхбаттарға, сауалнамаларға, фокус-топтарға, мүдделі
тараптармен жүргізілген консультацияларға, бәсекелестермен салыстыруға
жүргізілген талдау нәтижелері жинақталады және қорытындыланады.
25. Негізгі қорытындылар мыналарды:
белгілі бір қызмет саласының дамуына ықпал ететін артықшылықтарды
(күшті жақтарын);
белгілі бір қызмет саласын тежейтін және оның дамуына теріс әсер
ететін кемшіліктерді (әлсіз жақтарын);
белгілі бір қызмет саласының дамуына оң әсер ететін мүмкіндіктерді;
белгілі бір қызмет саласының дамуына теріс әсер ететін қауіптерді
анықтауға бағытталған SWOT-талдаудың қағидаттарына сәйкес кіріктірілуі
мүмкін.
26. SWOT-талдау нәтижесінде белгілі бір қызмет саласының дамуына әсер
ететін неғұрлым маңызды факторлар анықталады. Барлық факторлар белгілі бір
қызмет саласы үшін маңыздылық өлшемдері бойынша бағаланады.
27. SWOT-талдау нәтижелері белгілі бір қызмет саласын дамыту
сценарийлерін әзірлеуге қажетті материал ретінде пайдаланылады.
Сценарийлер, сондай-ақ олардың негізінде әзірленетін шаралар басымдықтарды
пайдалану, кемшіліктерді барынша азайту, мүмкіндіктерді іске асыру,
қауіптерді жоюды көздейді.

3.3. Проблемаларды талдау

28. Проблемалар ішкі және сыртқы факторларға жүргізілген талдауды,
негізгі артықшылықтар мен кемшіліктерді талдауды, қолайлы мүмкіндіктер мен
ықтимал қауіптерді талдауды (SWOT-талдау) және олардың негізінде әзірленген
даму сценарийлерін есепке ала отырып, жоғары тұрған құжаттарда белгіленген
проблемалар негізінде қалыптасады.
29. Проблеманы сипаттау қалыптасқан жағдайға деген теріс көзқарасты
білдіреді.
30. Талдаудың осы кезеңінде негізгі проблеманы бөліп қарау, оның пайда
болу себептерін және соның салдарын түсіну, ал кейін проблеманы шешу
бойынша әрекеттердің дәйектілігін айқын белгілеу үшін анықталған
проблемаларға талдау жүргізіледі.
31. Проблемалар келесі талаптарға сәйкес қаралады:
проблеманы тұжырымдау, неге қалыптасқан жағдайды қолдануға болмайтынын
және нені өзгерту қажеттігін мүдделі тараптарға жеткізу мүмкіндігімен
баяндалады;
проблема тым жалпылама немесе аса ғаламдық бола алмайды;
проблеманы тұжырымдау артық сөзсіз нақты әрі шынайы болады;
32. Проблемалар қайталанбайды. Егер бірнеше проблемалар мағынасы
жағынан жақын болса, оларды біріктіру немесе проблемалар арасында
айырмашылық айқындалғанша тұжырымдама нақтыланады.
33. Барлық мүмкін проблемаларды анықтағаннан кейін, проблемалардың
иерархиялық орналасуын және олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстар
анықталады. Бұл үшін негізгі проблема және түйінді проблемалар тобы
айқындалады, олардың пайда болу себептері анықталады және негізделеді,
проблемалар арасындағы байланыстар талданады, яғни проблемалар-себептер
және проблемалар-салдарлар анықталады. Проблемаларды еңсеру бойынша
дәйекті шаралар (іс-қимылдар) әзірлеу үшін проблемалардың сапалық және
сандық сипаттамасының болжамы жүзеге асырылады.
34. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бағытталатын негізгі
проблема таңдап алынады.
35. Проблемаларды дәл айқындау талдау процесінде маңызды болып
табылады, өйткені олардың негізінде тиісті мақсаттарды қою және оларға қол
жеткізудің неғұрлым қолайлы шараларын таңдау жүзеге асырылады.
36. Проблемаларды дұрыс тұжырымдау және олардың туындауының негізгі
себептерін анықтау, оларды еңсерудің негізделген шараларын таңдау жоғары
тұрған құжаттардаң стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге, сондай-ақ
күтілетін нәтижелерді айқындауға бағытталған мақсаттарға қол жеткізуді
қамтамасыз етеді.

4. Жоспарлау кезеңі
4.1. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары

37. Әзірленіп жатқан мемлекеттік бағдарлама мемлекеттік бағдарламаның
мақсаттарын қалыптастыру арқылы проблемаларды шешуге шоғырланады.
38. Белгілі бір қызмет саласын дамытудың қарастырылатын сценарийінің
басты мақсаты-жоспарлы кезеңнің соңына қызмет саласының жай-күйін
пайымдауды білдіреді және оның осы бағытта дамуының сапалы бағдары болып
табылады.
39. Басты мақсат Қазақстан Республикасының алдағы онжылдық кезеңге
арналған Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық мақсатына сәйкес келеді.

40. Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты кезең-кезеңмен жекелеген
бағдарламалық мақсаттар мен міндеттерге бөлінеді (проблеманы құрылымдау
және кіші бағдарламаларды анықтап бөлу арқылы басты мақсатты жеке-жеке
мақсаттарға нақтылау).
41. Бағдарламаның мақсаттары Қазақстан Республикасының 10 жылдық
кезеңге арналған мемлекеттік жоспарлау жүйесінде белгіленген стратегиялық
мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келеді, бұл Жүйені іске асыру мақсатында
мемлекеттік бағдарлама әзірленді.
42. Басты мақсат жоспарлы кезеңнің соңына қарай қызмет саласын дамыту
параметрлерін ашады. Бағдарламалық мақсаттар басты мақсаттың мазмұнын ашып
көрсетеді.
43. Әрбір мақсаттың сипаттамасына оның қысқаша тұжырымдамасы, мазмұнды
анықтамасы, мақсатқа қол жеткізу деңгейін өзгертуге болатын сандық және
сапалы көрсеткіштердің жиынтығы және жоспарлы кезеңнің соңына қарай қол
жеткізілуі тиіс аталған көрсеткіштердің мәндері (мақсатты мәндер) жатады.
44. Мақсаттарды анықтау кезінде мынадай өлшемдер басшылыққа алынады:
нақтылық: мақсаттар нақты болады;
өлшемділік: мақсаттарға қол жеткізуді сандық индикаторлардың көмегімен
тексеруге болады;
релеванттық: мақсаттың жоғары тұрған деңгейдің стратегиялық
құжаттарының мақсаттарымен айқын байланысының болуы, бұл мақсаттарды іске
асыруда мемлекеттік бағдарлама әзірленеді;
қол жетімділік: мақсаттар жоспарлы кезеңде ықтимал түрде қол жетімді
болады;
мақсат айқын болуы тиіс: мақсат тұжырымдамасынан оған қол жеткізу
индикаторлары айқын көрінеді;
әзірлеуші органның (қоса атқарушы орган) функцияларымен сәйкестік.
45. Мақсат тұжырымдамасы қысқа, әрі түсінікті болады және онда мыналар
болмайды:
өз бетінше немесе біркелкі түсінік берілмейтін терминдер, ұғымдар мен
сөз тіркестері;
стратегиялық мақсатқа қол жеткізу салдары болып табылатын өзге де
мақсаттарға, міндеттер мен нәтижелерге сілтемелер;
мақсатқа қол жеткізу жолдарын, құралдары мен әдістерін сипаттау.
46. Стратегиялық мақсаттар саны көп болмауы тиіс. Стратегиялық
мақсаттардың дұрыс тұжырымдалған жүйесі қызмет саласының жоспарлы кезеңдегі
өзекті қажеттіліктерінің жиынын көрсетеді.
47. Мақсаттарға қол жеткізудің нақты жолдарын, құралдары мен әдістерін
таңдау, сондай-ақ тәуекелдерді бағалау және оларды ұйымдастыру жөніндегі іс-
шараларды әзірлеу міндеттерді қалыптастыру кезінде жүзеге асырылады.

4.2. Мемлекеттік бағдарламаның міндеттері

48. Міндеттер-ахуалды талдау негізінде қалыптасатын және жоспарлы
кезеңнің соңына қарай белгілі бір қызмет саласындағы шешуші өзгерістерді
көруге мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламаның тиісті мақсатына қол
жеткізу үшін орындалуы тиіс негізгі шарттар болып табылады.
49. Мақсатқа қол жеткізу әр түрлі, кейде балама міндеттерді шешумен
қамтамасыз етілуі және көлемі бойынша әр түрлі ресурстар мен шығындарды
талап етуі мүмкін.
50. Әрбір міндет мақсаттардың біріне ғана сәйкес келеді. Мақсаттардың
әрқайсысы үшін, жиынтығында тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті
қызметтің барлық бағыттары қамтылады, барынша маңызды міндеттердің қажетті
саны тұжырымдалады.
51. Әрбір мақсат бойынша міндеттер жиынтығы қажеттілік қағидаттарына
сай болады – әрбір міндеттің шешімі мақсатқа қол жеткізудің және
жеткіліктіктің қажетті шарты болып табылады – барлық міндеттердің шешімі
мақсатқа қол жеткізудің жеткілікті шарты болып табылады.
52. Міндеттердің әрқайсысының іске асырылу мерзімдері тиісті мақсатқа
қол жеткізу мерзімінен аспайды.
53. Мақсаттар мен міндеттер қызмет саласының дамуын пайымдаудан
туындайды және иерархиялық құрылым түзеді: пайымдау – стратегиялық мақсат –
міндеттер.

4.3 Мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индикаторлары мен нәтижелер
көрсеткіштері

54. Әрбір стратегиялық мақсатқа, оған қол жеткізу дәрежесін анықтау
үшін аралық және түпкі нысаналы индикатор сәйкес келеді. Бұл ретте
жоспарланған мәнге жетуді көздейтін нақты кезең көрсетіледі.
55. Әрбір міндет нәтижелер көрсеткіштерін – жоспарланған мәнге жетуді
көздейтін нақты кезеңді (орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді) көрсету арқылы
міндеттерді шешу дәрежесін сипаттайтын сандық өлшеу мәндері қамтылады.
56. Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері (бұдан әрі бұл
бөлімде – көрсеткіштер) мынадай өлшемдерге сәйкестікке қаралады:
жоспарланған кезең ішінде серпінді көрсеткіштерді салыстыру
мүмкіндігін ұсыну;
көрсеткіштер пайдаланушыларға бірдей түсінікті болуы;
көрсеткіштерге қол жеткізуді бағалау үшін жеткілікті ақпараттық және
техникалық ресурстардың болуы;
жекелеген қызмет саласының барлық қызмет ету аспектілерінің толық және
барабар сипаттамасын беру;
жекелеген қызмет саласының әр түрлі даму сатыларындағы өзгерістерді
көрсету;
қолжетімді және өлшемді болуы тиіс;
көрсеткіштерге қол жеткізу мониторингі мен бағалау жүргізу мақсатында
аралық мәндердің болуын қамтамасыз ету.
57. Шешуші өзгерістерден тұратын, анықталған проблемаларды шешуді өте
жақсы сипаттайтын және мақсаттар мен міндеттерге жетуді бағалауға қажетті
көрсеткіштер ғана таңдалады.
58. Барлық келтірілген көрсеткіштер бойынша базалық (бастапқы) және
жоспарлы мәнді (егер жоспарланған өзгерістер осындай түрде тиімді қамтылып
көрсетілсе), сондай-ақ аталған көрсеткіш мәніне қол жеткізуге қажетті
уақытша кезең (нақты жыл) белгіленіп көрсетіледі.
59. Әрбір көрсеткіш үшін ақпарат көздері мен деректер жинау құралдары
анықталады.
60. Ақпарат көздері мыналарды қамтиды:
құжаттық растау түрлері, олардың көмегімен тиісті мақсаттар мен
міндеттерге қол жеткізу фактісін тіркеуге болатын, яғни ақпарат қолжетімді
болатын формат және ақпарат көзі;
ақпарат беру жиілігі (тоқсан сайын, жыл сайын және т.б.).
61. Лайықты тексеру көздері табылмайтын көрсеткіштер немесе олар
бойынша ақпарат жинау көп еңбек етуді, қажет етіп, әрі қымбатқа түсетін
жағдайда басқаларымен ауыстырылады.
62. Басқа көрсеткіштерді анықтау мүмкін болмаған жағдайда, таңдап
алынған көрсеткіштер бойынша есептеу әдістемесін (формуласын) көрсетуге
және мұндай көрсеткіштің бағалық (болжамдық) есептеуін қоса беруге болады.
63. Егер көрсеткіш үшін ақпарат көзі немесе оны өлшеу тәсілі болмаса,
онда басқа көрсеткіш әзірленеді.
64. Көрсеткіштерді әзірлеу кезінде бұдан әрі оларды қол жеткізуге
жауапты орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік
сектор ұйымдарының, ведомствоға қарасты ұйымдардың, құрылымдық
бөлімшелердің деңгейіне каскадтауды жүргізу қажеттігін ескерген жөн.

5. Стратегиялық талдау мен жоспарлау нәтижелерін қолдану

65. Қызмет саласын дамытудың сыртқы және ішкі факторларын бағалау,
SWOT-талдау жүргізу, проблемаларды анықтау, мақсаттар мен міндеттерді
тұжырымдау, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін әзірлеу
нәтижелері мыналар болуы тиіс: қызмет салаларының даму стратегиясын
сипаттау, даму стратегияларының қаржылық және материалдық ресурстарға
қажеттілігін бағалау, мемлекеттік билік органдарының, бизнес және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан халқы ассамблеясының стратегиясы
МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Бухгалтерлік есептің басты міндеттері болып табылатыны
Ақтөбе қаласының әкімдігінің аппараты
Бюджеттік бағдарламалар
Министрліктің Инвестиция комитеті
Бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау және алдағы уақытта қр-да есеп пен қаржылық есептілікті жетілдірудің бағыттары
Мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Мемлекеттік органдардың тиімділігі
Пәндер