Мектепке дейінгі педагогика идеясының дамуы және оның қайнар көзі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

І.ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ СЕРГІТУ СӘТТЕРІ МЕН МЕРЕКЕЛІК
ІС.ШАРАЛАРДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
1.1 Мектепке дейінгі педагогика идеясының дамуы және оның қайнар көзі .. 8
1.2 Балалар бақшасындағы күннің алғашқы жартысындағы сергіту сәттері мен мерекелік іс.шараларда жүргізілетін тәрбие жұмысы 10
1.3 Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі және сергіту сәттерін ұйымдастыру ... .
ІІ.ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЕРГІТУ СӘТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Мектепке дейінгі балаларда сергіту сәттерін ұйымдастырудың түрлері ... . 19
2.2 Бала бақшада өткізілетін мереке түрлері және оның мазмұны ... ... ... ... 21
2.3 Мерекелер мен сауықтыруды өткізуге және ұйымдастыруға қойылатын талаптар 23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... 29
Біздің елімізде тәрбие беру ісі рухани кемелділігі, моральдық тазалығы және күш-куатының жетілуі жарасымды үйлесе біткен жаңа адамды қалыптастыруды көздейді.
Жан-жақты тәрбие беру адам өмірінің ең балғын шағынан басталуға тиіс және бұл ретте халыққа білім беру жүйесінің бастапқы буыны — мектеп жасына дейінгі мекемелер жетекші роль атқарады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабында халыққа білім берудің біздің елімізде құрылған бірыңғай жүйесі үздіксіз жетіле түсіп отырғаны атап көрсетілген. Жеткіншек ұрпаққа коммунистік тәрбие беруді қамтамасыз ету, оны еңбекке және қоғамдық қызметке даярлау — оның борышы.
Жаңа қоғамның құрылысшысы болғанға дейін бала дене және психикалық дамудың күрделі жолынан өтеді.
Мектеп жасына дейінгі бала дегеніміздің өзі қандай бала?
Бала өмірінің алғашқы жеті жылы — денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.
Мектепке дейінгі шақ — қоршаған дүниені белсенді түрде танитын кез. Бөбек аяғына қаз тұрысымен оның дүниеге көзі ашыла бастанды. Ол бөлмедегі, үйдегі, балалар бақшасындағы, көшедегі заттармен танысады. Бөбек әр түрлі заттармен әрекет жасап, оларды анықтап көріп, олардан шығатын үндерді тыңдай отырып, олардың қасиеттері мен сипаттарын таниды; оның көру-сезіну әсері және көру-бейнелеу ойы қалыптасады.
Айшықты, таңсық нәрсенің бәрі бөбектердің назарын аударады, сондықтан да балалардың ойлау белсенділігін қоздыратын ойыншыктар мен ойын тәсілдері тәрбие беру процесінде кеңінен пайдаланылады.
Кішкентай балалардың қоршаған дүниені эмоциялық қабылдауы педагогтарға сергек те зейінді болуды, тәрбие беруде балалардың сезімдеріне сүйенуді, балалар бақшасы әр бала үшін жайлы орын, жайдары орта болуы үшін жағдай жасауды міндеттейді.
Мектеп жасына толмаған балаларға еліктеушілік тән. Ересектер бұл ерекшелікті пайдаланып, өз өнегесімен, сондай-ақ көркем образдарды келтіре отырып, бөбектерді өэара тату болуға, үлкендерді сыйлауға, өсімдіктер мен жануарларға, адам еңбегінің нәтижелеріне ұқыпты қарауға үйретеді.
Мектепке дейінгі шақ дамудың бір-бірінен әжептәуір өзгеше кезеңдерін қамтиды: бірінші кластағы мектеп оқушылары мен орта мектепті бітірушілер арасындағы дене және психика ерекшеліктеріне қарағанда, бір жастағы балалардың мұндай ерекшеліктері жеті жастағы балалардың ерекшеліктерінен анағұрлым өзгеше. Мектепке дейінгі балалық шақтың әрбір кезеңі психофизиологиялық дамудың өзіне тән ерекшеліктерімен, ал әрбір бала-даралық ерекшеліктерімен сипатталады.
1. В.И.Ядешко, Ф.А.Сохин. Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы, «Мектеп», 1982
2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2002 – 384 бет.
3. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алматы, «Рауан», 1992.
4. Алдамұратов Ә.Қызықты психология.А,«Қазақ университеті»,1992 ж
5. Алдамұратов Ә., М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалык сабақтар. Бірінші бөлім. А, 1978; Екінші бөлім.1979 ж
6. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша
сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976 ж
7. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
8. Мухина В.З. «Детская психология» М. 1976г.
9. Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы, 1964.
10. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы.1980.
11. М.К. Жайлауова. Г.Сауытбаева Қазіргі мектептегі сабақ. – 2006ж.
12. Ә.Мырзаханова Білім берудің жаңа технологиясы: саралап, деңгейлеп оқыту-білім сапасының артуына ықпал ету тетіктерінің бірі. –Экономика негіздері: мектепте, колледжде, және ЖООда оқыту. 2008-№ 1(25) 30-32 б.
13. Б.Рысбеков Мектепте қазақ тілін саралап оқыту – оқушының білім сапасын жетілдіру құралы. Шагын мектеп – 2007-№ 87 4-9 б.
14. Сарбасова К. Саралап оқыту. –Қазақстан мектебі. 2007.№2 29-30б.
15. К.Сагыдыкова Саралап окыту.
16. Н.Кошекбаев Оқыту теориясы.- А.1976ж.
17. Мұхамбетов С.Қ. Педагогика .Ақтөбе, 2001.
18. Педогогика . Дәріс құралы . Алматы: «Нұрлы әлем », 2003, /Абай
19. атындағы қазақ ұлттық Педагогикалық Университеті/ .
20. 9.Әбиев Ж . , Бабаев с. , Құдиярова А. Педагогика . – Алматы : Дарын , 2004.
21. 10. Қоянбаев Ж. Б. , Қоянбаев Р. М. Педагогика , -Алматы ,2000.
22. 11.Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология . Тараз : ТарМу , 2003.
23. 12. Ахметова А. К. Принципы технологий и содержание образовательной
24. программы . – Алматы , 1995.
25. 13. Инновационное обучение : Стартегия и практика . / Под . ред.
26. В.Я. Ляудие. – М. , 1994.
27. 14. Керимбаева М. Р. Инновационные процесс в школе : проблемы ,
28. перспективы , поиск, - Алматы, 1995.
29. 15.Сабыров Т.А Оқушылардың өз белсенділіктерін арттыру жолдары.
30. Алматы «Мектеп»,1978ж. 110-бет.
31. 16. В.А.Рахматшаева . Психология взаимоотношений .
32. Алматы,Оқу әдебиеті.1996ж.
33. 17.Шаталов В.Ф. Эксперимент продалжается. М «Педагогика » 1989.
34. 18.Лысенко. С.Н. Методика дифференцированного обучения .
35. М, «Просвещения»,1988.
36. 19.Қараев Ж.А. Педогогическая технология дифференцированного
37. обучения.Алматы, 1999.5-17 бет , 17-21 бет.
38. 25.Баймаханова С. Деңгейлеп саралап оқыту. //Қазақстан мектебі.
39. №10, 2004, 63-67 бет.
40. 26. Кемелжанова М. Деңгейлеп оқыту . //Бастауыш мектеп .
41. №9 , 2005, 45-46 бет.
42. 27.Мұханмедина Ж. Деңгейлеп саралап оқыту .(тест) //Қазақстан мектебі.
43. №9 ,2005, 70-бет.
44. 28.Мұхитанова С. Деңгейлеп оқыту тәсілімен // Қазақстан мектебі .
45. № 12, 2004 ,51-52 бет.
46. 29. Ахметова Г. Мониторинг және бағалау. // Қазақстан мектебі.
47. № 2 ,2005 ,38-45 бет.
48. 31.Әбдіғалиева Қ. Осы заманғы педагогикалық технология.
49. //Қазақстан мектебі – 2001 №2 8-13 бет.
50. 32.Фирсов В.В Дифференциация обучения на основе обязательных результатов обучения.-М: -1984.
51. 33. Таубаева Ш.Т. Барсай.Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары . //Бастауыш мектеп №3-4 ,1999.
52. 34. Оқытудың жаңа технологиялары.//Халық тәлімі арнайы басылым.
53. №1 2002 , 3-7 бет.
54. 35.Кобдикова Ж.У . Оқытудың жаңа технологиясы .
55. //Бастауыш мектеп №3 2000 , 25-30 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

І-тарау. Мектепке дейінгі сергіту сәттері мен мерекелік
іс-шаралардың даму кезеңдері
1.1 Мектепке дейінгі педагогика идеясының дамуы және оның қайнар көзі .. 8
1.2 Балалар бақшасындағы күннің алғашқы жартысындағы сергіту сәттері мен
мерекелік іс-шараларда жүргізілетін тәрбие жұмысы
... ... ... ... ... ... ... . 10
1.3 Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі және сергіту сәттерін
ұйымдастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 16

ІІ-тарау. Мектепке дейінгі балалардың сергіту сәттерін ұйымдастырудың
түрлері
2.1 Мектепке дейінгі балаларда сергіту сәттерін ұйымдастырудың
түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Бала бақшада өткізілетін мереке түрлері және оның мазмұны
... ... ... ... 21
2.3 Мерекелер мен сауықтыруды өткізуге және ұйымдастыруға қойылатын
талаптар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 28

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29

Кіріспе

Курстық жұмыстың көкейкестілігі: Біздің елімізде тәрбие беру ісі
рухани кемелділігі, моральдық тазалығы және күш-куатының жетілуі жарасымды
үйлесе біткен жаңа адамды қалыптастыруды көздейді.
Жан-жақты тәрбие беру адам өмірінің ең балғын шағынан басталуға тиіс
және бұл ретте халыққа білім беру жүйесінің бастапқы буыны — мектеп жасына
дейінгі мекемелер жетекші роль атқарады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабында халыққа білім
берудің біздің елімізде құрылған бірыңғай жүйесі үздіксіз жетіле түсіп
отырғаны атап көрсетілген. Жеткіншек ұрпаққа коммунистік тәрбие беруді
қамтамасыз ету, оны еңбекке және қоғамдық қызметке даярлау — оның борышы.
Жаңа қоғамның құрылысшысы болғанға дейін бала дене және психикалық
дамудың күрделі жолынан өтеді.
Мектеп жасына дейінгі бала дегеніміздің өзі қандай бала?
Бала өмірінің алғашқы жеті жылы — денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік,
еңбек және эстетикалық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.
Мектепке дейінгі шақ — қоршаған дүниені белсенді түрде танитын кез.
Бөбек аяғына қаз тұрысымен оның дүниеге көзі ашыла бастанды. Ол бөлмедегі,
үйдегі, балалар бақшасындағы, көшедегі заттармен танысады. Бөбек әр түрлі
заттармен әрекет жасап, оларды анықтап көріп, олардан шығатын үндерді
тыңдай отырып, олардың қасиеттері мен сипаттарын таниды; оның көру-сезіну
әсері және көру-бейнелеу ойы қалыптасады.
Айшықты, таңсық нәрсенің бәрі бөбектердің назарын аударады, сондықтан
да балалардың ойлау белсенділігін қоздыратын ойыншыктар мен ойын тәсілдері
тәрбие беру процесінде кеңінен пайдаланылады.
Кішкентай балалардың қоршаған дүниені эмоциялық қабылдауы педагогтарға
сергек те зейінді болуды, тәрбие беруде балалардың сезімдеріне сүйенуді,
балалар бақшасы әр бала үшін жайлы орын, жайдары орта болуы үшін жағдай
жасауды міндеттейді.
Мектеп жасына толмаған балаларға еліктеушілік тән. Ересектер бұл
ерекшелікті пайдаланып, өз өнегесімен, сондай-ақ көркем образдарды келтіре
отырып, бөбектерді өэара тату болуға, үлкендерді сыйлауға, өсімдіктер мен
жануарларға, адам еңбегінің нәтижелеріне ұқыпты қарауға үйретеді.
Мектепке дейінгі шақ дамудың бір-бірінен әжептәуір өзгеше кезеңдерін
қамтиды: бірінші кластағы мектеп оқушылары мен орта мектепті бітірушілер
арасындағы дене және психика ерекшеліктеріне қарағанда, бір жастағы
балалардың мұндай ерекшеліктері жеті жастағы балалардың ерекшеліктерінен
анағұрлым өзгеше. Мектепке дейінгі балалық шақтың әрбір кезеңі
психофизиологиялық дамудың өзіне тән ерекшеліктерімен, ал әрбір бала-
даралық ерекшеліктерімен сипатталады. Жас шамасы мен даралық ерекшеліктерді
білу, балалармен жұмыс істеу методикасын игеру тәрбиешінің балаларды топтан
топқа ойдағыдай апаруына, оларды даму мен тәрбие беруде бір сатыдан екінші
сатыға жоғарылатып отыруына көмектеседі.
2000-жылдың белсенді еңбеккерінің жеке басы бүгінгі таңда қалыптасуда.
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту программасы қандай болуы
тиіс? Оның міндеттері мен мазмұнын белгілеу үшін болашаққа көз жүгіртіп,
бүгінгі бала 15-20 жылдан кейін белсене қатысатын қызметті ойдағыдай
орындауының негіздерін әзірлеу керек.
Бүгінгі мектепке дейінгі балаларға тәрбие беру міндеттерін болжаумен
және белгілеумен маркстік-лениндік педагогиканың берік іргетасына сүйенетін
педагогика ғылымының ерекше саласы - мектепке дейінгі педагогика
шұғылданады.
Мектепке дейінгі советтік педагогика дүние жүзілік педагогика
ғылымында ерекше орын алады. Ол мектепке дейінгі балаларға жан-жақты
коммунистік тәрбие берудің мақсаттары, міндеттері мен мазмұнын зерттейді.
Коммунистік партия мен мемлекет мектепке дейінгі мекемелер жүйесін кеңейту,
олардың қызметін жетілдіру, орта және жоғары білімді мамандар даярлау
туралы үнемі қамқорлық жасап отырған біздің елімізде тәрбие берудің
қоғамдық сипатын мектепке дейінгі советтік педагогика бейнелейді. Мектепке
дейінгі советтік педагогика ғалымдарының коллективтік ойы мен озық
тәжірибенің қорытпасы болып табылады.
Біздің елімізде мектепке дейінгі балаларды олардың психофизиологиялық
және даралық ерекшеліктерін ескере отырып жан-жақты тәрбие беруді көздейтін
мемлекеттік Балалар бақшасындағы тәрбие программасы қолданылады. Осы
программаны жасау тәжірибесі және практикада жүзеге асыру туысқан
социалистік елдерде де зерттеліп, қолданылуда. Мәселен, кішкене балаларды
тәрбиелеудің мемлекеттік жас программаларының бірі Бостандық аралында
жүзеге асырылуда.
Балалар бақшасындағы тәрбиелеу программасын орындауды ең алдымен
педагог (тәрбиеші) жүзеге асырады. Ол - мектепке дейінгі мекемеде басты
тұлға.
Тәрбиеші өзінің күрделілігі мен әсемдігі жағынан қайталанбайтын,
ештеңемен салыстыруға болмайтын жеке адамның қалыптасу процесін басқарады.
Тәрбиешінің балалар бакшасындағы жұмысы-тәрбие, білім беру, яғни басты
міндетті шешу: жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу, сабақтарда баланың
ана тілін, математиканың бастауыш негіздерін дамытуы және т.б. үшін қажетті
әр түрлі, оның түсінуіне оңай білімдерді, іскерлік пен дағдыларды
қалыптастыруды қамтиды.
Адамның жеке басын қалыптастырушы деген талаптарды қанағаттандыру үшін
балалар бақшасының тәрбиешісі қандай болуы тиіс?
Ол ең алдымен балаларды сүюі тиіс, өйткені тәрбиелеу-үлкен шыдамдылық
пен жан сезімінің жомарттығын қажет ететін ұзақ процесс.
Осы заманғы баланың білім кұмарлығын қанағаттандыру, оның қоршаған
дүниені тануына көмектесу үшін тәрбиешіге алуан түрлі білім қажет.

Тәрбиеші балалар мен олардың ата-аналары үшін беделді болуы, жанұямен
бірге тәрбие берудің жауапты міндеттерін шешуі тиіс.
Қазіргі кезде біздің елімізде 12 миллионнан астам бала мектепке
дейінгі мекемелерге барады. Бұларда 700 мың тәрбиешілер істейді. Оларға ел
ең асылын - өзінің болашағын сеніп тапсырып отыр.
Курстық жұмыстың міндеті:
- мектепке дейінгі педагогика идеясының дамуы және оның қайнар көзі;
- балалар бақшасындағы күннің алғашқы жартысындағы сергіту сәттері мен
мерекелік іс-шараларда жүргізілетін тәрбие жұмысы;
- мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі және сергіту сәттерін
ұйымдастыру;
- мектепке дейінгі балаларда сергіту сәттерін ұйымдастырудың
түрлері;
- бала бақшада өткізілетін мереке түрлері және оның мазмұны;
-мерекелер мен сауықтыруды өткізуге және ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

І-тарау. Мектепке дейінгі сергіту сәттері мен мерекелік іс-шаралардың даму
кезеңдері

1.1 Мектепке дейінгі педагогика идеясының дамуы және оның қайнар көзі

Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі бастамасы XVII ғасырға
жатады. Бұл кезде чехтың ұлы педагогы Ян Амос Каменский (1592-1670)
мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Я.А.Каменский өз
еңбектерінде бала тәрбиесі мен дамуындағы прогресшіл идеяларды басшылыққа
алып, тәрбиеде баланың жеке басының дамуы мен ерекшеліктерін ескеру қажет
деп есептеген.
Тәрбие жұмысы дұрыс ұйымдастырылса, енжар бала да тәрбиелі, тиімді
болып өседі деген. Я.А.Каменскийдің пікірінде кейбір қателіктер де орын
алған. Мысалы, баланың қоғам мүшесі екенін жете бағаламай, оның дамуы тек
табиғат заңдары бойынша ғана өтеді, - деп ағаттық жіберген.
Я.А.Каменскийдің кейбір жәйттерде тарихи жағынан шектелгендігі, діни
көзқарасындағы қателіктерін ескермегенде, оның педагогикалық құнды
идеялары мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде үлкен роль атқарған.
Француздың атақты жазушысы, философы, аса ірі ағартушыларының бірі Ж а
н-Ж а к Руссо (1712-1778) тәрбиенің өзіндік теориясын жасаған. Ол феодалдық
қоғам тудырған әлеуметтік әділетсіздікті, баланың жас және жеке даму
ерекшеліктерін, қажеттерін ескерген тәрбиені қатты сынаған. Эмиль немесе
тәрбие туралы еңбегінде бала дамуын жас шамасына қарай кезеңдерге бөлу, әр
кезеңдегі міндетін, мазмұнын, оқу-тәрбие әдістерін белгілеуге әрекет
жасаған.
Оның педагогикалық идеялары гуманизмге, демократизмге, Отанға
деген сүйіспеншілікке, жан-жақты дамытуға толы еді. Баланың өздігінен
дамуына ерекше орын беріп, оларға екі жастан он екі жасқа дейін кітап оқып
берудің, ой салудың қажеті жоқ, оның кітабы болу керек, табиғаттың өзі
баланың ақыл-ойын дамытудағы тәрбиешінің ролі оның әрекетін
ұйымдастырумен ғана шектеледі деген Жан-Жак Руссо тәрбие арқылы қоғамды
өзгертуге болады деп ойлаған. Руссо тәрбие туралы бұл пікірлері
идеалистік тұрғыда бола тұрса да, тарихи тұрғыдан алғанда прогресшіл еді.
Иоганг-Генрих Песталоцци (1746-1827) Швейцарияның
ұлы демократ-педагогы. Ол да Жан-Жах Руссо тәрізді баланың таби-ғи дамуына
ерекше орын берген. Бірақ ол адамды адал ететін тәрбие
деген пікірге сенген. И.Г.Песталоцци ана тілі, есеп, өлшеуші оқыту
методикасын жасап, Аналар кітабын жазған. И.Г.Песталоцци тәрбиенің
негізгі міндеті баланың адамгершілік қасиетін қалыптастыру
деп санаған. Ол адамгершілікті өндірістегі еңбекпен еңбек тәрбиесімен
ұштастыруды қажет деп тапқан. Бала тәрбиесін дұрыс ұйымдастыруда жанұяның,
әсіресе ананың ролін зор бағалаған. Тәрбие алғашқы күннен басталу қажет,
сондықтан әр ананы тәрбие әдістерімен
қаруландыру керек деген. И.Г.Песталоццидің педагогикасы мен философиясының
ұсақ буржуазиялық мәні тәрбиенің таптық сипатын
түсінбегендігінде болды.
Мектепке дейінгі педагогика ерекше ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші
жартысында бөлініп шықты. Оған себеп, біріншіден, балалар психологиясының
дамып, өз алдына ғылым ордасы ретінде сараланып шығуы болса, екіншіден,
мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие орындарының ашылуы еді. Соның нәтижесінде
бай тәжірибе жинақталды. Сол тәжірибелерді талдап, жалпылап, қорытындылауда
теоретиктердің көмегі бірден-бір қажет болды.
Мектепке дейінгі педагогикалық жеке ғылым саласы ретінде бөлінуінде
неміс педагогы Фридрих Фребельдің (1782-1852) еңбегі зор. 1837 ж.
Ф.Фребель мектелке дейінгі мекеме ашып, оны - балабакша, тәрбиешіні —
бағбан дегі атаған Алайда Ф.Фребель баланың дамуын немістің идеалистік
философиясы тұрғысында ғана қарастырған.
Буржуазиялық педагогика Фребель ілімінің реакциялық жақтарын
насихаттап, оның идеяларының динамистикалық жағын пайдаланды.
Орыс педагогтары К.Д.Ушинский, Н.И.Пирогов, Л.Н.Толстой және басқалары
Фребель бақшаларының құрғақ уағыздылып, балаға творчество мен қуаныш
әкелмейтіндігі, шамадан тыс дидактизмі үшін сынаған.

1.2 Балалар бақшасындағы күннің алғашқы жартысындағы сергіту сәттері мен
мерекелік іс-шараларда жүргізілетін тәрбие жұмысы

Балаларды таңертең қабылдап алуды ойластырып, қабылдап алудың
жақсы ұйымдастырудың күн тәртібінде үлкен маңызы, уақыты бар. Тәрбиешінің
балаларды жылы шыраймен қарсы алуы және орны олардың көңіл күйіне, жұмыс
қабілетіне, тәртібіне әсер етеді. Балалар өздерін күтіп алатынын,
келгенін ұнататынын білсе, балалар бақшасына ынталы келеді.
Көптеген тәрбиеші баланың бақшаға келгендегі көңіл күнін байқайды да
педагогикалық шара қолданады: сәбиді бірден іс-әрекетке тартады немесе
жалғыз өзі болып, жұбануына мүмкіндік береді.
Балалар бақшасына жаңа келген балаға ерекше көңіл аударуды талап
етеді. Тәрбиеші оған ойыншық беріп, көңілін жұбатады, баланың үйде үйренген
жағдайдан балалар бақшасындағы жағдайға неғұрлым жеңіл ауысуына жағдай
жасалды.
Мектепке дейінгі балалар мекемесіне бұрыннан барып жүрген балалардың
өзі де кейде бақшаға барғысы келмейді. Бұның себебі балалардың
денсаулығына, шаршап-шалдыққандығына, үлкендердің берген уәдесін
орындамауына және т. б. болуы мүмкін. Кейде ата-аналар жұмысқа баруға
асығып тұрып, баланы оның қарсылық көрсетуіне қарамастан, жұлмалап
шешіндіре бастайды немесе өзінің шешінуін талап етіп, ұзақ өтініп тұрады.
Тәрбиеші мұндай ата-аналарға әлгіндей әрекеттің қайсысы болсын жөн емес
екендігін, ол сәбидің көңіл күйіне әсер ететіндігін, өзі кеткеннен кейін
баланың көпке дейін басыла алмайтындығын айтып, түсіндіруі керек.
Баланы жұбату үшін көңілін әлдеқандай қызғылықты бір нәрсеге аудару
қажет. Мұны әр түрлі тәсілдермен: балаға кішігірім тапсырма беру, қандай да
бір қызықты нәрсені бірлесіп бақылау және т. б. жасау. Мысалы, Денис
балалар бақшасына қабағы қатыңқы келді, ешкіммен амандаспады. Тәрбиеші
балалардың бәріне естіртіп: Балалар, қараңдаршы, міне, Денис те келді! Біз
оны күтіп едік қой: ол бізге тамаша кеме жасауға көмектеседі,— дейді.
Көптің көңілі өзіне ауғанына мәз болған бала ойынға кірісіп те кетеді.
Балалар бақшасында тәулік бойы болатын балалар көбірек көңіл бөліп,
еркелетуді қажет етеді. Таңертең тәрбиеші оларға келіп, қалай
ұйықтағандарын сұрайды, алда тұрған қызғылықты істер туралы айта отырып,
ойларын үйден басқаға аударады. Ол сәбилерге ойыншықтарды көрсетіп,
қызғылықты ойын бастап жібереді, кеше басталған құрылыстар туралы
балалардың есіне салады және т. с. с. Тәрбиешінің жайдары көңіл күйі
балаларға да тарайды.
Балаларды қабылдап алу (жас шамасына қарай) әдетте сағат 7-ден
8- сағат 30 минутқа дейін созылады, бірақ ол ата-аналардың жұмыс істейтін
уақытына қарай бұдан да ерте басталуы мүмкін.
Балаларды қабылдауға әзір болуы үшін тәрбиеші балалар бақшасына
ертерек келеді. Сәбилерді таза ауада немесе бөлмеде қабылдап алуға болады.
Учаске болса, ауа райы ашық кезде жылдың қай мезгілінде де балаларды таза
ауада қабылдау керек. Әрине, өзгешелеу болатын жағдай да кездесіп қалып
отырады. Мысалы, егер тәрбиеші жаңа топпен жұмыс істей бастаса, ол мұндағы
балаларды әлі жақсы білмейді немесе алғашқы кезде туысқандарынан айрылғысы
келмейтін сәбилер тобын қабылдап алғанда, қабылдауды бала көңілін аулауға
ыңғайлы келетін бөлмелерде ұйымдастырған дұрыс.
Қабылдау кезінде балалардың сырт пішініне көңіл аудару керек. Тәрбиеші
кемшіліктерді байқаса, баладан өзін тәртіпке келтіруін талап етеді, оған
көмектеседі. Тәрбиеші балаларды айнаны пайдалануға, өзінің сырт пішініне
қарауға, киіміндегі, шашының таралуындағы кемшіліктерді байқауға, әрдайым
таза, мұнтаздай боп киініп жүруге үйретеді.
Сәби топтағылардан бастап тәрбиеші балаларды өзін қарсы алып
отырғандардың бәрімен сәлемдесуге үйретеді, балалардың өзара әдепті де тату
болуын қадағалайды.
Таңертеңгілік қабылдау медициналық сестраның немесе дәрігердің
балаларды профилактикалық байқаудан өткізуімен басталады. Олар болмаған
жағдайда балалардың денсаулығын тәрбиешінің өзі бақылайды. Егер тәрбиеші
зер сала караса, балалардың жеке ерекшелігін жақсы білсе, сырт пішініне
қарап баланың денсаулығын байқай алады. Әдетте дені сау бала балалар
бақшасына келісімен-ақ ойынға кірісіп кетеді, бір-бірімен шүйіркелесіп, көп
қозғалады.
Егер тәрбиеші баланың дені сау емес-ау деп күдіктенсе, ол баланың ата-
анасымен әңгімелеседі, сәби түнде қалай ұйықтап шықты, мазасызданған жоқ
па, деп сұрайды, баланың дене қызуын өлшейді. Сәбидің сырқаттанғаны оның
ата-анасының кеткенінен кейік анықталса, тәрбиеші баланы басқа балалардан
бөлектеп, төсекке жаткызады, бұл жөнінде жанұя мүшелеріне хабарлайды. Олар
қандай болсын бір себеппен баланы алып кетуге келе алмайтын болса, тәрбиеші
дәрігер шақырады.
Көптен бері балалар бақшасына келмеген баланы дәрігер немесе
медициналық сестра қарамайынша, қабылдап алуға болмайды.
Егер қабылдау учаскеде өткізілсе, үйге кірерде балалардың аяқ киімін
сүртіп немесе щеткамен ысқылап тазалауы талап етіледі. Вестибюльде
сәбилер шешініп, сырт киімдерін өзінің киім ілгішіне ұқыпты іліп, аяқ
киімдерін ауыстырады.
Тәрбиеші ойын мен ойыншықтарды даярлайды, сәбилер өздері оңай алып,
бір-біріне бөгет жасамай ойнауларына ыңғайлы етіп, орналастырып қояды.
Педагог балалардың инициативасы бойынша басталған ойынды құптайды, қажетті
жағдай жасай отырып, балалардың ойлағаны болуына көмектеседі. Тәрбиеші
балаларға бұрыннан таныс дидактикалық ойындарды, сондай-ақ учаскеде немесе
үйде өткізілетін қимылды ойын түрлерін ұсынуына болады. Ойын түрін таңдап
алу балаларға әуелі қандай оку сағаты ұсынылатындығына байланысты болады.
Егер бірінші оқу сағаты балаларға едәуір күш түсіретін болса, ойынның
қимылды көп қажет етпейтін түрі ұсынылып, балалардың шамадан тыс қозып
шаршауын болдырмауды қадағалау керек. Егер музыкалық оқу сағаты белгіленсе,
онда тәрбиеші ұсақ құрылыс материалдарымен стол үстінде ойнайтын қағазға
басылған ойынмен ойнауды ұйымдастырады. Ақыл-ой белсенділігін талап ететін
оқу сағаты алдында сәбидің қимылын дамыту үшін, оларға физкультуралық құрал-
саймандарды: секіргішті, кұрсауды, допты, кегльді, серсоны ұсынған жөн.
Таңертеңгілік сағаттарда балалардың еңбек әрекеті ұйымдастырылады. Тәрбиеші
сәбилерді өсімдіктер мен жануарларды күтуге (гүлдерге су құю, кішкентай
балықтарды азықтандыру) қатыстырады, оларға қуыршақтарды киіндіруді және т.
б. тапсырады. Сәбилер еңбек тапсырмаларын тәрбиешінің бақылауымен және оның
көмегімен орындайды. Ересек балалар табиғат мүйісінде кезекші міндетін
атқарады. Осы кезде балалармен учаскеде немесе бөлмеде бүкіл топқа немесе
жеке балаға әр түрлі бақылау: үлкендердің жұмысын, табиғат құбылыстарын
және т. б. бақылау жүргізуге болады.
Тәрбиеші сәбилерді түрлі іспен айналыстырып, олардың қол қусырып
жүрмеу әдетін қалыптастырады.
Балаларды кабылдау аяқталған соң педагог табиғат мүйісіндегі
кезекшілердің жұмысын тексереді, балаларды таңертеңгілік гимнастикаға
шақырады, ол барлық топтарда учаскеде немесе жақсы желдетілген бөлмелерде
(жыл мезгіліне қарай) өткізіледі.
Гимнастикадан кейін таңертеңгі тамаққа әзірлік жасалады. Кезекшілер
столдарды орнына қояды, басқа балалар бесеу-алтаудан біртіндеп беті-
қолын жууға барады.
Білімге құмарлығы шамалы балаларға қызғылықты бақылау жүргізу мысалы,
атжалманның дәнді қалай жейтінін және ұртына қалай тығатынын, учаскеге
келіп қонған шымшықты бақылау, қыстың таңертеңгілік көрінісін тамашалау
және т. б. тапсырылады.
Балалардың қалыпты өсіп, дамуы үшін оларға дұрыс ұйымдастырылған
тамақтандыру қажет. Өсіп келе жатқан және тез дамып отырған организм
тамақтың жеткілікті мөлшерде және сапалы болуын талап етеді. Тамақтың
аздығы да, көптігі де баланың денсаулығына бірдей зиянды және ас қорыту мен
зат алмасуы бұзылығы, организмнің қарсыласу қабілеті төмендеп, дене дамуы
ғана емес, психикалық дамудың да тежелуі ықтимал.
Балалар бақшасында болатын ұзақтығына қарай балаларға арасына үш-төрт
сағат салынып, 3-4 рет тамақ беріледі.
Тамақтың сіңуі оның дәмділігіне және баланың тәбетіне ғана емес,
сонымен қатар оның жалпы жағдайына, көңіл күйіне, бақшадағы балалар
тұрмысының ұйымдастырылуына байланысты болады. Сәбилердің шаршап немесе
дүрлігін кетпеуі үшін, олардың көңіл күйі көтеріңкі болуы үшін тамақ ішер
алдында жайбарақат жағдай жасалады.
Балалар бақшасындағы режим ұзақ серуендеу немесе шулы ойын тамаққа
шамамен жарты сағат қалғанда аяқталатындай етіп жасалады. Бұл уакыт
жайбарақат ойындар мен оқу үшін пайдаланылады. Әсіресе тез еліккіш,
ашуланшақ балалармен қарым-қатынаста абай болып, оларға көп әсер етпеу
керек.
Тәрбиеші балаларды стол басында тыныш отыруға үйретеді, тамақ үстінде
қажет болған ескертпелерді жылы шыраймен, ақырын айтады.
Тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыруда столды жабдықтау маңызды сәт болып
табылады. Стол үстіне кіршіксіз таза ақ дастархан жайылғанын балалардың
ұнататынын тәжірибе көрсетіп отыр; сондықтан тіпті сәби топтарылардын
балалар бақшасына келген күнінен бастап-ақ тамақты ақ дастархан үстінде
жеуге үйрету керек, бұл оларды ұқыптылыққа тәрбиелеуге көмектеседі.
Ересектеу балалар тобындағылар ақ түсті матадан тігілген салфетка үстінде
тамақтанғаны дұрыс.
Ыдыс-аяқ балалардың жас шамасына анық, ұстауға ыңғайлы болуы, түрі
сүйкімді, формасы мен әшекейі жағынан біркелкі болуы тиіс. Кең салалы,
жайпақ, жеңіл және төрт ашалы шанышқылар қажет. Сәбилердің десерт тарелкасы
мен қасықты пайдаланғаны жөн. Егер үшінші тағамға компот, кисель берілетін
болса, олар шыны табақшасы бар шынаяққа құйылып, кішкене қасық қоса
ұсынылады. Кофе, шай, сүт жылы күйінде және қасықсыз беріледі, жеміс-
табақшаға салынады. Ал тамақ топқа қақпағы жабық фаянс ыдыспен әкелінеді.
Жайпақ тарелкаларды шұңғыл тарелкалардың астына қойып, столды
жабдықтауды күрделендірмеу керек. Стол үстінде нан, салфетка алуға, тарелка
қоюға ыңғайсыздық туғызатындай ештеңе болмауы тиіс. Стол тамақтануға алдын
ала жабдықталып қойылады, оны дайындауға кезекші балалар да қатысады.
Кезекшілердің атқаратын міндеттері олардың жас шамасына байланысты болады.
Тамақтану алдында күтуші берілетін тамақ түрлерін біліп алады да,
тиісті ыдыстарды қосалқы стол үстіне әкеп қояды. Кезекшілер ыдыстарды стол
үстіне жайғастырады.
Тамақтану алдында балалар қолдарын мұқият жуады, ал егер қажет болса,
бетін де жуады. Алдымен тамақты баяу жейтін балалар жуынады, олар
басқаларды күтпестен столға отырып, тамақ іше береді.
Тамақ түрлерін беру арасында ұзақ үзілістер болмауға тиіс, бірақ қысқа
мерзімді үзілістер болып тұрады. Бір стол басында отырған балаларға бұл
кезде ақырын сөйлесіп, пікір алысуға рұқсат етіледі. Тамақ үстінде стол
басында тәртіп сақталуы тиіс. Егер баланың біреуі абайсызда тамағын төгіп
алса, еденді сол бойда сүрту керек. Сәбилерді тазалыққа үйрету қажет. Тамақ
ішіп болған балалар ыдысты стол ортасына қояды, ал кезекшілер оны жинайды.
Тамақ ішіп болған сәбилер үлкендерге рахмет айтып, ойынға кірісе береді, ал
ересек топтың балалары стол басында бірге отырған жолдастарын күтеді.
Сәбилер тобындағы балалар тамақты аз-аздап алып, асықпай, шайнап жеуге
үйретіледі. Алғашқы күндері балаларға шанышқы мен қасықты өздерінің
ыңғайына қарай ұстауына рұқсат етіледі. Балалардың әр үлесін тауысып жеуіне
көмектесу керек, өйткені кішкентай балалардың қолы тез талады. Бұл арада
тәрбиешіге күтуші әйел жәрдем береді. Балалар үлкендердің көмегінсіз тамақ
жей алатын болған соң тәрбиеші оларға қасық пен шанышқыны қалай дұрыс ұстау
керек екендігін көрсетеді: қасық үш саусақ арасында ұсталады, тамақты оның
бүйір жагынан ішеді, шанышқыны ортан қол мен басбармақ арасында ұстаған
дұрыс, үстіңгі жағынан сұқ колмен демесе, ол ыңғайлы, еңбек қалпында болады
да қолға берік ұсталады; егер гарнирін шанышқымен алу керек болса,
шанышқының имек жағынан жоғары тартылады да, оны қасық сияқты пайдаланады.
Нан жұқа тілімделіп (20-25 г) кесіліп беріледі. Балаларды нан салынған
ыдыстан қолы тиген нан тілігін алуға үйретеді.
Сәбилерді бірінші тағамның қоюы мен сұйығын араластырып ішуге
үйретеді; котлетті, балықты, пісірілген көкөністі, сондай-ақ макаронды
немесе вермишельді шағындап бөліп жеу ұсынылады. Қияр, помидор кесілген
күйінде, жеміс (апельсин, мандарин) қабығы аршылған күйінде беріледі.
Қатырылып пісірілген жұмыртқа алдын ала кесіліп, нанмен бірге бутерброд
ретінде, ал шала пісірілген жұмыртқа шынаяққа салынып беріледі.
Орта және ересектеу балалар топтарында мәдениетті тамақтану
дағдылары жетілдіріле түседі. Балалар ас жабдығын дұрыс
пайдалануға, тамақты өздігінен және төкпей-шашпай жеуге дағдылануға тиіс
Тамақ ішу кезінде тарелкаға сәл еңкейе түсіп, тағамды дыбыс шығармай шайнау
керек. Қол орамалды мүмкін болғанынша ас алдында пайдалану қажет.
Ересектеу балалар котлетті, балықты, пісірілген көкөністі шанышқының
қырымен шағындап бөлшектеп жейді; помидорды, қиярды өздері кеседі,
қатты пісірілген жұмыртқа мен жемістің қабығын өздері аршиды.
Шала пісірілген жұмыртқа арнайы ыдысқа салынып беріледі.
Бала тәбеті дұрыс ұйымдастырылған тамақтану кезінде балалар шар болу
себептсрі асты сүйсіне жейді, олардың асқа тәбеті де болады және оны
болдырмау. Егер тамақтану қолайсыз жағдайда (мысалы, тамақты зорлап
ішкізу) байланысты болса, онда баланың асқа зауқы соқпай, таңертеңгі
немесе түскі тамақты қуана күтудің орнына, көбіне, қорғаныс әрекеті пайда
болады; сәби алдына қойылған асқа сыртын береді, қолдарымен итергіштейді,
жылайды.
Кейде баланың ұртынан оның тамақ ішкенінен кейін бірнеше сағат өткен.
Осыған байланысты дағдылардын егжей-тегжейлі тізімі Балалар
бақшасындағы тәрбие программасында берілген соң, тіпті екінші күні ас
түйірі табылады. Бір кез пайда болған, асқа деген жағымсыз сезім
тұрақтап қалуы мүмкін.
Кейде балалар ас ішіп отырғанда тамақты жұтып жіберу үшін су сұрайды.
Олардың бұл өтінішін канағаттандырған жөн, өйткені сумен сұйытылған тамақ
жұтуды оңайлатады.
Тәбеті нашар балалар да кездеседі. Тиісті шарасын жасау үшін мұның
себебін анықтау керек. Тәбетінің нашарлауы баланың денсаулығына байланысты
болуы мүмкін. Мұндай балалар үлкендер тарапынан ерекше қамқорлық
талап етеді. Дәрігермен ақылдасу керек, ол қажет болған жағдайда
баланы емдеуді ұйымдастырады. Организм қабылдамайтын тамақтың
қайсыбір түрлерін жемейтін балалар да болады. Мұндай жағдайда, ерекшелік
ретінде, балаға лайықты тамақты іріктеп алу керек. Кейде сәбилер үйінде жеп
көрмеген тағам түрінен бас тартады. Ондай баланы тамақтың жаңа түріне бірте-
бірте үйрету қажет. Қандай да бір науқастан айыққан, әлсіреп қалған
балалар тамақты сылбыр жейді. Оларға көңіл бөлу, асықтырмау керек.
Баланың бірқалыпты тамақтануы денсаулығының жақсаруына байланысты қалпына
келеді.
Мадақтаудың әр түрлі тәсілін пайдаланып, үй ішінің тамақ ішуге жалынып
көндіруіне үйреніп кеткен ерке балалардың тамақ ішуіне қатаң талап қою
керек. Сонда балалардың ас үстіндегі мінез-құлқы да тез жөнделетін болады.
Тәбетінің нашар екеніне балалардың көңілін аударуға, бұл жөнінде
олардың көзінше айтуға болмайды. Тамақ ішуге жалынып көндірудің және
баланың көнілін аулаудың қажеті жок. Мадақтау, сендіру, құрдастарын үлгі
ету арқылы баланың сезіміне әсер ету керек. Балалардың мінезін және нені
ұнататынын жақсы білетін педагог әр баланың ыңғайын таба алады: біреуін
тәбеті жақсы балалармен бірге отырғызады, екіншісіне балалар бақшасында
өсірілген салаттың немесе пияздың дәмін татуды ұсынады.
Баланың тамақты жақсы жеуі үшін дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібінің
ролі зор. Таза ауада жеткілікті болу, қимылды ойындар және дене шынықтыру
процедуралары, қалыпты ұйқы баланың тәбетінің көтерілуіне себін тигізеді.
Сонымен қатар тамақтың үстіне қыста да өсіруге болатын көкөніс түрлерін
салып, оны әдемілеудің де маңызы зор.
Тәрбиеші балалар тамағы мәселесі жөнінде ата-аналармен үнемі жұмыс
жүргізіп отырады. Жиналыстарда баланың денсаулығына және дене дамуы үшін
дұрыс тамақтанудың қандай маңызы болатынын әңгімелеп береді. Ата-аналар
мүйісінде ас мәзірін дұрыс жасау, тамақты дұрыс даярлау мәселесін қозғайтын
көрме ұйымдастырылады.
Балалар бақшасындағы ас мәзірімен ата-аналарды күн сайын таныстырып,
баланың кешкі тамағына ұсынылатын астың түрінің мәзірін іліп отыру керек.
Таңертең үйде берген тамақтың баланың күні бойы тамақтану ретін бұзып
жіберетіндігіне, ал тамақ алдында берілген тәттінің баланың тәбетін бұзып
төмендететініне ата-аналардың көзін жеткізу маңызды.

1.3 Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі және сергіту сәттерін
ұйымдастыру

Мектепке дейінгі шақта бала организмі шапшаң дамиды. Оның нерв, сүйек-
бұлшық ет жүйелері белсенді қалыптасады, тыныс аппараттары жетіледі. Бұл
кезеңде жақсы денсаулық пен дене бітімінің дұрыс дамуының негізі қаланады.
Мақсатты дене тәрбиесі сәбилердің ақыл-ойы дамуына дұрыс ықпал етеді:
қоршаған заттар мен құбылыстар жөніндегі білімдері толысады, кеңістік пен
уақытты бағдарлауы жетіледі; жағымды мінез-құлық белгілері қалыптасады.
Балалар құрбы-құрдастары коллективінде әрекеттенуді үйренеді; оларда
шыдамдылық, дербестік, белсенділік, инициатива, жолдастық, өзара көмек
сезімі және т. б. қасиеттері қалыптасады.
Дене тәрбиесінің міндеттері - олардың денсаулығын сақтау және
міндеттері, дене бітімін дұрыс дамыту, организмді шынықтыру, қимыл
және мәдени-гигиеналық дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.
Өмірге келген соң сәби тұрақты күтімді, ана сүтін керек етеді, ұзақ
уақыт өздігінен қозғала алмайды. Бала өмірі толығымен оның денсаулығын
сақтау және нығайту, дене бітімін дұрыс дамыту жөнінде қамқорлық жасайтын
адамға байланысты.
Дұрыс ұйымдастырылған режим, гигиенаның қажетті ережелерін орындау,
балалардың біршама қимыл белсенділігі - міне, осының бәрі оның көңіл
күйінің көтеріңкі болуына, қуаныш сезіміне бөленуіне игі әсерін тигізеді.
Дені сау баланың ұйкысы қатты, тәбеті жақсы болады. Режимді бала
тәрбиесінің дұрыс методикасымен ұштастыра отырып орындау балалардың шаршап-
шалдығуын болдырмайды.
Дене тәрбиесінің көздейтін маңызды мақсаты - бала организмін
шынықтыру. Шынықтыру арқылы балалардың салқын тиюден болатын және жұқпалы
ауруларға төтеп беру қабілеті күшейтіледі. Жүйелі шынықтыру организмде
сыртқы ортаның түрлі жағдайына және өзгерістеріне: температураның
ауытқуына, желді және жауын-шашынды ауа райына бейімделу қабілетін
қалыптастырады.
Дене тәрбиесінің елеулі міндеті - балалардың қимыл дағдыларын,
іскерлігін, дене күші сапаларын қалыптастыру.
Қимыл өсіп келе жатқан организмнің жетілуіне елеулі әсер етеді. Алуан
түрлі белсенді қимыл іс-әрекеті сүйек-бұлшық ет системасының дамуына,
балалар организмі қызметінің жетілуіне септігін тигізеді, сыртқы ортаның
түрлі жағдайына бейімделуіне көмектеседі.
Мектепке дейінгі балаларда негізгі қимыл (жүру, жүгіру, секіру,
өрмелеу, лақтыру) ерте бастан қалыптасады. Алайда тәрбиелеу процесі дұрыс
ұйымдастырылған жағдайда ғана балалардың дамуы неғұрлым толық дәрежеде
болады.
Қимылдың өмірге қажетті негізгі түрлеріне қоса мектепке дейінгі
балалар бұлшық еттің белгілі бір топтарын (қолдың, аяктың, кеуденің)
нығайтуға бағытталған жаттығуларды орындайды. Сондай-ақ балалардың дамуына
дене жаттықтыруының спорттық түрлері: шаңғы, коньки тебу, жүзу, велосипед
тебу, т. б. көмектеседі.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде баланың организміне белсенді
түрде жан-жақты әсер ету мақсатымен колданылатын дене жаттықтығуларының
белгілі бір жүйесі қалыптасты. Ол дене тәрбиесі жөніндегі оқу сағаттарын,
қозғалмалы ойындарды, таңертеңгілік гимнастиканы мақсатты ұйымшылдықпен
пайдаланудан, сондай-ақ дене шынықтыру жаттығуларын және балалардың өз
бетімен қимыл жасайтын ойындарын кеңінен қолданудан тұрады.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу баланың денсаулығын нығайтуға
бағытталады. Сонымен бірге ол маңызды адамгершілік міндетті - мінез-құлық
мәдениетін тәрбиелеуді қамтиды.
Балалардың денсаулығы, олардың нығайып өсуі туралы қамқорлық тазалық
сақтауға, мұнтаздай киінуге, тәртіпке баулудан басталады. Балалар
бақшасының маңызды міндеттерінің бірі,- деп жазды Н.К.Крупская
- балаларға олардың денсаулығын нығайтатын дағдыларды үйрету.
Балаларды жастайынан тамақ алдында қолын жууға, асты бөлек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ - ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАНЫҢ НЕГІЗІ
Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері жайлы
Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Еуропа елдеріндегі гуманистік тәрбие идеяларының қалыптасуы
ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштікті қалыптастыру
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогиканың дамуы
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика
Пәндер