Қарлұқ қағанаты



І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Қарлұқ қағанаты
2.Қарлұқ мемлекетінің құрылуы
3.Этникалық және тайпалық құрамы
ІІІ.Қорытынды
VI—VII ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттары ықпалының аясына кірді. Орталық Азияда орын алған саяси қиын-қыстау кезеңдер барысында қарлұқ тайпаларының бірлестігі аумақ-тық және саяси жағынан ыдырады. Жазбаша деректерде қарлұктардың бірқатар шоғырланған топтары туралы хабарланған. Мәселен, шығыста олардың Отюкен таулы жерлерінде (Монғолия), Шығыс Түркістанда Бесбалық аймағында орналасқаны айтылған, ал ең оңтүстігінде Ауғанстанның солтүстігіндегі Тоқарстанда ірге тепкен. Алайда олардың негізгі көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерінің деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағындағы аумаққа орналасқан «үш қарлұқ» (қарлұқтардың үш тайпасы) бірлестігі ретінде мәлім. Қарлұқ тайпалары одағының билеушісі «елтебер» деген атақ алған, ұйғырлар мен аздардың билеушілері осылай аталған. 657 жылы олардың негізгі қоныстанған ауданында қарлұқтардың үш аймағына қоса, тайпа басшылары басқаратын төртінші әкімшілік аймағы пайда болды.
Шығыс және Батыс қағанаттардың күшеюіне немесе әлсіреуіне қарай қарлұқтар кей кездері түріктердің әлеуметтік-саяси бірлестігінің бірде біре-уіне, енді бірде екіншісіне бағынып жүрді. 682 жылы Монғолияда Шығыс түрік қағанаты құрылғаннан кейін қарлұқтар оған тәуелді болды. Алайда, орхон жазуларында айтылғанындай, қарлұқтар қағандарға қарсы бірнеше рет көтеріліс жасаған және оларға қарсы соғыс жорықтарын жасап отырған. Қарлұқтардың бірінші жорығы 711—712 жылдары болған, бұл жөнінде Құл-тегін мен оның інісі Могилянханның құрметіне арналған ежелгі түрік жазбаларында айтылады. Мұнда былай делінген: «Күлтегін 27 жасқа келгенде қарлұқтар халқы азаттық пен тәуелсіздік нәтижесінде жауға (бізге) айналды». 715 жылы Білге-қаған мен Күлтегін «қасиетті Тамағ жотасында» (сірә, Тарбағатай тауларында болуы керек) қарлұқтарды жеңді. Қарлұқтарға қарсы жорықтар онан кейінгі жылдары да (716, 720 жылдары) жасалды. Білге-қаған өлгеннен кейін (734 ж.) көп ұзамай Шығыс түрік мемлекеті құлады.
1. Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІV-ғасырына дейінгі кезең. А. 2006
2. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А. 2002
3. Байпаков К.М. Средневековая культура Южного Казахстана и Семиречья. А., 1986.
4. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967,1993; Көне түріктер. А., 1994.
5. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін.-Алматы, 1996.
6. 3.Бабатайұлы.Б.Ежелгі қазақстан тарихы.-Алматы 2003

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

1.Қарлұқ қағанаты

2.Қарлұқ мемлекетінің құрылуы

3.Этникалық және тайпалық құрамы

ІІІ.Қорытынды

Кіріспе

VI—VII ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік
қағанаттары ықпалының аясына кірді. Орталық Азияда орын алған саяси қиын-
қыстау кезеңдер барысында қарлұқ тайпаларының бірлестігі аумақ-тық және
саяси жағынан ыдырады. Жазбаша деректерде қарлұктардың бірқатар шоғырланған
топтары туралы хабарланған. Мәселен, шығыста олардың Отюкен таулы
жерлерінде (Монғолия), Шығыс Түркістанда Бесбалық аймағында орналасқаны
айтылған, ал ең оңтүстігінде Ауғанстанның солтүстігіндегі Тоқарстанда ірге
тепкен. Алайда олардың негізгі көпшілігі ертедегі түріктердің руналық
ескерткіштерінің деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің
аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағындағы аумаққа
орналасқан үш қарлұқ (қарлұқтардың үш тайпасы) бірлестігі ретінде мәлім.
Қарлұқ тайпалары одағының билеушісі елтебер деген атақ алған, ұйғырлар
мен аздардың билеушілері осылай аталған. 657 жылы олардың негізгі
қоныстанған ауданында қарлұқтардың үш аймағына қоса, тайпа басшылары
басқаратын төртінші әкімшілік аймағы пайда болды.
Шығыс және Батыс қағанаттардың күшеюіне немесе әлсіреуіне қарай қарлұқтар
кей кездері түріктердің әлеуметтік-саяси бірлестігінің бірде біре-уіне,
енді бірде екіншісіне бағынып жүрді. 682 жылы Монғолияда Шығыс түрік
қағанаты құрылғаннан кейін қарлұқтар оған тәуелді болды. Алайда, орхон
жазуларында айтылғанындай, қарлұқтар қағандарға қарсы бірнеше рет көтеріліс
жасаған және оларға қарсы соғыс жорықтарын жасап отырған. Қарлұқтардың
бірінші жорығы 711—712 жылдары болған, бұл жөнінде Құл-тегін мен оның інісі
Могилянханның құрметіне арналған ежелгі түрік жазбаларында айтылады. Мұнда
былай делінген: Күлтегін 27 жасқа келгенде қарлұқтар халқы азаттық пен
тәуелсіздік нәтижесінде жауға (бізге) айналды. 715 жылы Білге-қаған мен
Күлтегін қасиетті Тамағ жотасында (сірә, Тарбағатай тауларында болуы
керек) қарлұқтарды жеңді. Қарлұқтарға қарсы жорықтар онан кейінгі жылдары
да (716, 720 жылдары) жасалды. Білге-қаған өлгеннен кейін (734 ж.) көп
ұзамай Шығыс түрік мемлекеті құлады.
742 жылы Монғолия далаларында саяси үстемдік шығыс түріктердің билігін
күйреткен үш тайпаның — қарлұқтардың, ұйғырлар мен басмылдардың одағына
көшті. Аз уақытқа басмылдар көтерілді, сөйтіп солардың көсемі қаған етілді.
Қарлұқтардың басшысы мен ұйғырлардың жетекшісі ябгу (жабғу) атағын алды.
Көп кешікпей, 744 жылы ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күштері
басмылдардың тас-талқанын шығарды.Сол жылы ішкі Азияда түркі тілдес
тайпалардың жаңа мемлекеттік құрылымы — Ұйғыр қағанаты пайда болды (744—840
жж.).
V ғасырдан VI ғасырдың орта шеніне дейін ұйғырлар Жужань (Авар), ал содан
соң Түрік қағанаттарының құрамына кірген еді. VIII ғасырдың ортасында ұйғыр
қағанының саяси үстемдігі Алтайдан шығысында Маньч-журияға дейін,
оңтүстігінде Гобиге дейін, ал 758 жылдан Енисей қырғызд-арының жеріне дейін
жайылды. Ұйғыр конфедерациясының құрамына ұйғырлардың өзінің он тайпасы
және оғыздардың тоғыз тайпасы кірді. Ұйғыр тайпаларының басшысы жоғарғы
қаған болды да, қарлұқтардың көсемі оң (батыс) жақ ябғу атағын алды. Ибн
Хордадбех бұл атақты қарлұқша ж дыбысымен басталып айтылуымен — әл-жабғу
деп жазған.
1 Мемлекеттің құрылуы. Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр
қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлүқтар Жетісуға қоныс
аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте
түргеш қағандары өздерінің бүрынғы күш-құдіретінен айрылды. Соның
салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық
керсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: Ит
жылы үш-қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының
еліне келді, — деп көрсетілген. Түргештердің әулеттік руларының саяси
билігінің әлсіреуін Шығыс Түркістандағы қытай наместниктері пайдалана
қойды. Тань әскерлері Суябты басып алды, Шашқа (Ташкентке) дейін жетті,
бірақ мұнда көк тіреген Қытайдың мүдделері батыстан өздерінің ықпал өрісін
кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың мүдделерімен қиғаш
келді. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш
арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері
зор шығынға ұшырады. Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда,
Атлах қаласының түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға
алынған. Тұтқындар арасында қолөнершілер көп болған. Талас өзеніндегі
шайқастың Жетісу және Мауараннахр халықтарының тағдырларында зор тарихи
маңызы болды. Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес, ұйғырлар мен
тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті. Талас аңғарында
арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның нәти-жесінде қарлұқтар
өз жағдайын нығайтып алды.
Жетісуда түргештердің мұрасы үшін қарлұқтар мен оғыздар арасында
күрес өрістеді. Алдыңғы ортағасырлык жазбаша деректерде келтірілген
оғыздардың атақты аңыздарына сәйкес, Ыстықкөл мен Талас аумағы оғыз-
дардың ежелгі отаны деп аталған. Осы тайталастың нәтижесінде оғыздар-
дың негізгі бөлігі Жетісу шегін тастап шығып, Сырдарияға кетуге мәжбүр
болды. :
766 жылы түргештердің екі қағанының ордалары — Тараз және Суябпен қоса
бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси және
әлеуметтік биліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұқ
мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді. Қарлұқтар өздеріне бағынышты
жерлердің шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766—775 жылдары қарлұқтардың
бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың басқа
бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. Бұл оқиғаларды бейнелей келіп, әл-
Марвази былай деп жазады: қарлұқтар бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-
оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы
көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне
қарай жылжыды.
VIII—X ғасырларда Алакөл ойпаты мен Сырдарияның орта ағысы ара-сындағы
аумақ қарлұқ тайпаларының әскери-тайпалық ақсүйектерінің билігінде болды.
Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік-тайпалық жүйенің дамыған түрлері
болуымен сипатталады, мұның езі бір орталықтан басқару түріне
жәрдемдеспеді. Қарлұқтар жағбуының билігі сөз жүзінде ғана болды. Жікіл,
тухси және ягма сияқты ірі тайпаларды басқарып отырған үлестік билеушілер
өздерінің жартылай дербес және іс жүзінде тәуелсіз иеліктерін нығайтуға
ұмтылды. Мәселен, жікілдердің билеушісі, алтын Аргу-Талас пен Кашудың
ханы, Ордукент пен Жікіл-Балықтың билеушісі, сірә, қарлұқтардың жағбуына
тәуелсіз болса керек. Әрбір үлестік билеушісінің бекіністі қалада немесе
елді мекендерде орналасқан ордасы мен әскері болды. Тайпа шонжарларына
мұрагерлік сипатта болған артықшылықтар берілді. Қарлұқтар мемлекетіндегі
әскери-әкімшілік басқару жүйесі олардың көшпелі және жартылай көшпелі
тұрмысының ерекшелігін бейнеледі.
Билік етуші ақсүйек үстем топтардың иерархиялық қатаң жүйесі айқын
бейнеленіп қана қойған жоқ, сонымен қатар қарлұқ конфедерациясьшың рулары
мен тайпалары да әлеуметтік маңызына қарай бөлінді.
Көшпелі тайпалардың билеп-төстеуші шонжарлары жайылымдық жерлерді ғана
емес, қалалық орталықтарды да иеленді. Қарлұқтар тұрған аймақ, Худуд әл-
алам (X ғ.) авторының мәліметтеріне қарағанда, түріктерге қарасты аумақтар
арасында халық мейлінше көп қоныстанған және ең бай жер болған; онда
қалалар мен отырықшы қоныстар көп еді. Нақ сол деректемеге сәйкес,
қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс болған, олардың ішінде Құлан, Мирки,
Аталық, Түзун, Балық, Барсхан, Сикуль, Талғар, Тоң, Пен-чуль және басқалар
бар. Қарлұқтар хақанының қаласы ерекше, әл-Идри-сидің (XII ғ.) мәліметтері
бойынша, ол көп адам тұратын және бекіністі, әскері сансыз көп және
жарақтары мол деп сипатталған. Қарлұқтардың астанасы мен олардың көптеген
қалалары Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу тұрғындары үшін дипломатиялық
және сауда жолы ретінде ғана емес, сонымен қатар мәдени және рухани жетілу
жолы ретінде де зор маңызы болған Ұлы Жібек жолының бойында жатты.
Өзара қырқыс, билік пен жайылым үшін күрес қарлұқтардың этникалық-
әлеуметтік қауымын әлсіретті, солай бола тұрса да, онда патриархаттық-
феодалдық қатынастар нақ сол кезде одан әрі дамыды.
2- Қарлұқтардың сыртқы саясаты. Қарлұқ жабғуы Оңтүстік Қазақстан
маңайында Мауараннахрдың солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде
белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды. Арабтарға қарсы
әр түрлі аттаныстарды қарлұқтар талай рет белсене қолдады.
Қарлұктардың шығыста Ұйғыр қағанатымен бәсекелеспек болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түрік тектес түргеш тайпалары
Қазақстан Республикасының аумағындағы ертефеодалдық монархиялар
ЕРТЕДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР (VІ – Х ғғ. )
Түрік қағанаты. шаруашылығы мен жағдайы
Қарлұқ мемлекетінің құрылуы
Көне түркі дәуіріндегі Қазақстан туралы
Ерте және кейінгі ортағасырлық мемлекеттер
Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер (ҮІІ – ХІІ ғғ.)
Қарлұқ мемлекетінің мәдениеті
Пәндер