Құс шаруашылығы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

:
:
: Кіріспе
:
: 1. «Алматы Құс» ААҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама
:
: 2. Құс шаруашылығында өндіріс шығындарының есебі
:
: 3. Құс шаруашлығында өнімнің өзіндік құнын есептеу
:
: Қорытынды
:
: Пайдаланған әдебиеттер тізімі
:
:
:

Кіріспе

Нарықтық қатынастарға көшу процестері кәсіпорынның экономикадағы орнын және ролін мүлдем өзгеше анықтайды. Компания қызметінің тиімділігін, яғни кәсіпорынның шынайы экономикалық дербестігін, оның бәсеке қабілеттілігін және нарықтағы беделділігін қамтамасыз ету ақпараттық жүйені ұйымдастырудың жаңа жолдарын табуды талап етеді. Бухгалтерлік (қаржылық) есеп кәсіпорындағы қызмет ететін ақпараттық жүйенің негізгі бөлігі болса да, барлық деңгейдегі басқарушыларды қажетті шұғыл ақпаратпен қамтамасыз ете алмады. Қаржылық есеп өзінің ерекшелігіне байланысты нарық жағдайындағы кәсіпорын қызметін ішкі басқарудың стратегия мен тактикасын жасауға қажетті ақпаратты ұсына алмайды.

Нарық жағдайында кәсіпорындардың қызмет етуі күннен күнге өсіп отырған тәуекелділікпен тығыз байланысты, мұның өзі қабылданатын шешімдердің сапасына жаңаша талаптар қойяды. Өндірістік шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау басқару жүйесінде орталық мәнге ие және олар қоғамдық өндірістің құндық көрсеткіштерінің негізгі сипаттамаларын қалыптастырады. Өндірістік шығындар есебін және өнімнің өзіндік құнынын калькуляциялауды барынша дұрыс ұйымдастырудан кәсіпорынның басқарылу деңгейі, экономикалық тұтқалардың оның қызмет ету тиімділігін жоғарлатуға әсер ету дәрежесі тәуелді болады.

Бүгінгі күнгі шаруашылық жүргізу жағдайында кәсіпорын үшін екі түрлі мақсаттың бірдей маңызды екені анық: тиімділік және сенімділік. Оларды жүзеге асыру үшін басқару орталықтары құрылады. Кәсіпорынның қызмет етуінің сенімділік стратегиясы кешенді және басымдылық сипатта болады. Аталған мәселелердің барлығы басқару есебінде шешіледі.

Жоспарлау, есептеу және реттеу сияқты есептік процестер басқару жүйесінде бірін-бірі толықтырып отыратын процестер ретінде қарастырылады және олар өндірістік экономикалық ақпараттың әртүрлі белгілерін бейнелейді. Өндірістік жүйелерді басқарудың негізін ақпараттық процесс құраса, жоспарлау, есептеу, реттеу шығындарды басқарудың мәнін бейнелейтін, бір-бірімен байланысқан нақты функциялары бар бөліктердің жүйесін көрсетеді.

Ауылшаруашылығы кәсіпорындарында негізделген және белгілі бір нәтиже әкелетін басқарушылық шешімдерде қабылдау басқару есебінің таңдалған жүйесіне және талдауға қажетті ақпараттың қол жетерлігіне байланысты.

Аталмыш мәселелерді зерттеу мақсатында 2005 жылдың 3 мамыр мен 6маусым аралығында «Алматы Құс» ААҚ-да ғылыми-зерттеу тәжірибесі өткізілді. Аталған тәжірибенің мақсаттарын келесідей анықтауға болады:

  • магистратурада оқу кезінде алған теоретикалық білімді бекіту;
  • кәсіпорындағы жұмыстың шынайы тәжірибесімен танысып, жұмыс істеудің кәсіби дағдыларын қалыптастыру;
  • кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметін ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп пен басқару есебін ұйымдастыру, өндірісті және ұжымды басқарудың тәжірибесін зерттеу мен талдау;
  • «Құс шаруашылығында өндірістік шығындардың басқару есебі» тақырыбындағы магистрлік диссертацияны жазу үшін мәліметтерді жинау.

«Алматы Құс» ААҚ Қазақстан Республикасында құс шаруашылығымен айналысатын ірі компаниялардың бірі болып табылады. Оның құрамына Алматы облысындағы 7 құс фабрикасы кіреді. Компанияның жалпы қызмет етуін төрт бағытта қарастыруға болады: жұмыртқа шығару, құс етін өндіру, құс шаруашылығы үшін арналған құрама-жемді әзірлеу, инкубациялық жұмыртқаны шығару.

«Алматы Құс» ААҚ-ның менеджменті, дұрыс құрылған маркетинг, дамыған ақпараттық технологиялар, шығындарды оңтайландыру саясаты және тауарлық қорлар мен шикізаттық базаны тиімді басқару, білікті мамандар тобы жоғарыда аталған диссертациялық жұмысты жазу бойынша терең зерттеу жұмыстарын жүргізуге барынша жағдай жасайды.

Тәжірибе барысында өндіріске жұмсалған шығындар, олардың сыныптамасы, бухгалтерлік есепте бейнелеу тәртібі, құс шаруашылығы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мәселелері қарастырылды.

  1. «Алматы Құс» ААҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама

«Алматы құс» Ұлттық Акционерлік Компания (ҰАК) өз қызметін 1998 жылдың науырыз айынан бастап, Алматылық АООТ «Алтын құс» (Чапай 1960 жылы құрылған), АООТ «Феникс» (Каскелен, 1981 жылы құрылған), АООТ «Абай» (Абай, 1963 жылы құрылған) және ААҚ «Ават құс фабрикасы» (Ават, 1965 жылы құрылған) төрт құс фабрикасының активтерін қосу жолымен құрылды. Бастапқы кезде аталған құс фабрикаларының барлығы сенімді басқару негізінде болған, ал содан кейін Сеймар Концернінің меншігіне өтті. Осы кезде фабриканың әр қайсысында ғимараттарды, құрылғылардың, инфрақұрылымның қайта құрылуы жүріп өтті, құс орналасқан жерлердің жаңартылуы жүзеге асырылды.

Бүгінгі күні «Алматы құс» ААҚ құрамына Чапай құс фабрикасы, Ават бройлерлік құс фабрикасы, Жоғары Ават құс фабрикасы, Алексеев құс фабрикасы, Алматы бройлерлік құс фабрикасы, Қаскелен асыл тұқымды құс фабрикасы, Абай құс фабрикасы, Карасу құрама жем комбинаты кіреді.

Қоғамның қаржы -өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның қызмет етунің мақсаты Қазақстан Республикасының нарығын тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз ету болып табылады.

«Алматы Құс» ААҚ-ның жарияланған жарғылық капиталы 1830 млн тенге құраса, төленген жарғылық капитал 1200 млн тенге құрады. Жыл қорытындылары бойынша дивидендттер төленеді. Ең алдымен артықшылығы бар акциялар бойынша, ал одан кейін жай акциялар бойынша дивидендттер төленеді.

«Алматы Құс» ААҚ Жарғыға сәйкес келесідей акциялардың түрін шығарады: Бірінші эмиссия

  1. жай атаулы акциялар KZ1C31690015, саны 64 867 490 дана, номиналдық құны - 10 тенге;
  2. артықшылығы бар атаулы акциялар KZ1P31690111, саны 5 132 510 дана, номиналдық құны - 10 тенге.

Екінші эмиссия - жай атаулы акциялар KZ1C316900X8, саны 40 000 000 дана, номиналдық құны - 10 тенге.

Үшінші эмиссия -артықшылығы бар атаулы акциялар KZ1P31690319, саны 10 000 000 дана, номиналдық құны - 10 тенге.

Төртінші эмиссия- жай атаулы акциялар KZ1C316900X8, саны 63 000 000 дана, номиналдық құны - 10 тенге.

Компанияның жай және артықшылығы бар акциялары КАSE сауда тізімдеріне енді.

Бүгінгі күні компания алдында құс шаруашылығы нарығында қалыптасқан жағдайға байланысты қолда бар өндірістік қуаттардың құрамында, жаңарған өндірістік құрылымды құрудың объективті қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ, «Алматы Құс» ААҚ ҚР үлкен сұранысқа ие болатын, өнімдердің жоспарлы көлемін шығаруды қамтамасыз ете алатын, жоғары технологиялық және экологиялық жағынан таза өндірістік базаны құру, ұлттық нарықты дамыту және өз өнімдерін экспорттау мүмкіндігін табу сияқты мәселелерді шешуді өз алдына мақсат етіп қойып отыр.

Кәсіпорынның өндірістік қызметі. Жұмыртқа бағытындағы және ет өндіру бағытындағы құс фабрикаларында өндірістік алаңдар үш функцияға байланысты бөлінген:

  • Аналық құс тобын күтіп-ұстау;
  • Балапандарды күтіп-ұстау;
  • Өндірістік құс тобын күтіп-ұстау.

Аналық құс тобының арналымы- 21 күннен кейін өндірістік құс тобының балапандары жарылып шығатын, ұрықтанған жұмыртқаларды өндіру.

Балапандарды күту жағдайлары үлкен құсты күту жағдайларынан өзгеше болғандықтан, оларды арнайы балапандар үшін арналған орындарда ұсталынады. Содан соң белгілі бір жасқа толғаннан кейін олар өндірістік құс топтары үшін жасалған орындарға көшіріледі. Өндірістік құс топтарындағы әлсіз құсты алмастыру мақсатында балапандар ұсталынатын аймақтан құстар үнемі толықтырылып отырады. Жұмыртқа бағытындағы өндірістерде өндірістік құс топтары негізінен мекиен тауықтан тұрса, бройлерлер өндірісінде тауықтар жынысына қарамастан ұсталынады.

Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында аналық, өндірістік құс топтары және балапандар бір-бірінен 2-5 км қашықтықта бөлек ұсталынады.

Өнімді өңдеумен байланысты функционалдық буындар, сойыс, мүшелеу, жұмыртқа сорттау цехтары және дайын өнімді сақтау үшін арналған суық қоймалар әдетте өндірістік құс топтарының аймағына орналастырылады.

Өндірістік процесті орталықтандыру және өнімнің өзіндік құнын төмендету мақсатында, сондай-ақ құс фабрикаларындағы эпидимиологиялық жағдайды жақсарту үшін сойыс процесі құс фабрикасынан тыс жерге апарылады және барлық фабрикалардағы өндірілетін өнімнің өңдеу цикліне ұйымдастырылады.

2001 жылы компания құс фабрикаларындағы құс кроссын «Hy line», бройлерлік бағыттағы Hubbard Isa Classic, Ross 308 американдық кроссқа толықтай алмастыруды шешті. Бұл құс жоғары өнімділікпен және жем шығындарының аздығымен сипатталады, мұның өзі жұмыртқаның өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасайды.

Қазіргі өнеркәсіптік құс шаруашылығы ауыл шаруашылығы салаларының ең рентабельдісі, осыған байланысты ол ең капиталдандырылған және әлемдік агро өнеркәсіп кешенінің қарқынды дамып отырған бөлігі.

Құс шаруашылығы компанияларының қызмет ету тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерге келесілер жатады:

- Жем-шөп конверсиясы, яғни тұтынылған жем көлемінің өнім бірлігіне қатынасы. Ет бағытындағы құс шаруашылығында жем-шөп конверсиясы бұл тұтынылған жем массасының алынған ет салмағына қатынасы.

  • Жұмыртқалағыштық, жұмыртқалық кросстардың тиімділігін сипаттайды. Салалық көрсеткіштердің ең жақсылары бұл бір мекиен тауықтан жылына 290-310 жұмыртқаның алынуы болып табылады.
  • Орташа тәуліктік салмақ қосу, бройлерлік өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады. Бүгінгі күні сала бойынша тәулігіне 40-45 гр салмақ қосу жақсы көрсеткіштерге жатқызылады.

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер кәсіпорын қызметінің сапасын сипаттайтын интегралданған болып табылады, және олар өндірістің бірнеше сапалық факторына тәуелді болады: пайдаланылатын кроссқа, жем-шөпке, технологияға, ветеринария деңгейіне және мамандардың біліктілігіне.

«Алматы Құс» ААҚ әлді жақтарына келесілерді жатқызуға болады:

  • дамып отырған нарықта 7 жылдық жұмыс істеу тәжірибесі;
  • банктердің жоғары несиелік сенімі;
  • мықты кәсіпқой ұжым;
  • сала ішінде кәсіпорынның сауда белгісінің танымды болуы;
  • бос тұрып қалған фабрикаларды жекешелендіру және қалпына келтіру тәжірибесі;
  • өнеркәсіптік құс шаруашылығының «тар жерлерін» білу;
  • стратегиялық серіктестердің, қатарластардың бар болуы;
  • ҚР Үкіметінің компанияның стратегиясын саяси қолдауы.

2004 жылы компания өзінің ұйымдастырушылық құрылымын қайта құрып, басқару жүйесін кадрлар саясатын өзгертті. Яғни басқару аппаратынан басқа, барлық бөлімшелер, жанұйя деп аталатын, жеке кәсіпкерлерге берілді. Жанұйя немесе жеке кәсіпкерлер компанияға құсты өсіру және дайын өнімді беру бойынша қызмет көрсетеді. Компания мен жеке кәсіпкерлер арасында байланысты келесідей көрсетуге болады: компания барлық қажетті өндірістік ресурстарды: асыл тұқымды төлдердіғ жемдерді ұсынады, егу жұмыстарын өткізеді, өз қаражаты есебінен электр энегргиясымен, отынмен және т. б. қамтамасыз етеді. Ал жанұйя өз атынан компанияға дайын өнімді береді.

Өндрістік процесс компанияның ішкі аудитімен бақыланады, мұның өзі жеке кәсіпкерлердің қызметін уақытылы бақылап отыруға мүмкіндік береді. Жанұйя-Компания сұлбасына негізделетін басқарудың бұл қағидасы шет елдердің жетістіктер мен тәжірибесіне негізделген.

Компанияның басқарушылық саясаты келесілерден құралады:

- құс өсіру шаруашылығын және инкубациялық бөлемдерін басқаруды ұйымдастыру;

  • құс фермаларының тәртіпке салынған қызмет етуін қамтамасыз ететін, инфрақұрылымның басқаруын ұйымдастыру;
  • басқару технологиясы (бюджеттеу, бизнес үлгілер, өнімнің сапалық көрсеткіштеріне тәуелді ассортименттік және баға саясаты), басқарудың ішкі тиімділігін бағалаудың жүйесі, шығарылатын өнімнің сапасын бақылау;
  • біріңғай орталық принципі негізінде қаржы және еңбек ресурстарының реттеу үшін орталық жүйені құру;
  • басқарудың автоматтандырылған жүйесін қалытастыру.

2003-2004 жж кәсіпорынның каржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін анықтау үшін кесте 1 мәліметтерін пайдаланамыз.

Кесте 1- «Алматы Құс» ААҚ-ның қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін талдау

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
2003 жыл: 2003 жыл
2004 жыл: 2004 жыл
Ауытқуы: Ауытқуы
Көрсеткіштер: Табыстар мен шығындар туралы бойынша есеп
2003 жыл:
2004 жыл:
Ауытқуы: абс (+, -)
%
Көрсеткіштер: Өнімді өткізуден алынған табыс, мың тг
2003 жыл: 3 137 129
2004 жыл: 3 764 555
Ауытқуы: 627 426
120
Көрсеткіштер: Өткізілген өнімнің өзіндік құны, мың тг
2003 жыл: 2 318 861
2004 жыл: 2 898 576
Ауытқуы: 579 715
125
Көрсеткіштер: Жалпы табыс, мың тг
2003 жыл: 818 268
2004 жыл: 865 979
Ауытқуы: 47 711
105, 8
Көрсеткіштер: Кезең шығындары:
2003 жыл:
2004 жыл:
Ауытқуы:
Көрсеткіштер: жалпы және әкімшілік шығындар
2003 жыл: 123 602
2004 жыл: 135 963
Ауытқуы: 12 361
110
Көрсеткіштер: өнімді өткізу шығындары
2003 жыл: 197 763
2004 жыл: 207 651
Ауытқуы: 9 888
105
Көрсеткіштер: пайыз бойынша шығындар
2003 жыл: 316 976
2004 жыл: 332 825
Ауытқуы: 15 849
105
Көрсеткіштер: Салық салынғанға дейінгі табыс, мың тг
2003 жыл: 179 927
2004 жыл: 189 540
Ауытқуы: 9 613
105, 3
Көрсеткіштер: Салық бойынша шығындар, мың тг
2003 жыл: 53 978
2004 жыл: 56 862
Ауытқуы: 2 884
105, 3
Көрсеткіштер: Таза табыс, мың тг
2003 жыл: 125 949
2004 жыл: 132 678
Ауытқуы: 6 729
105, 3
Көрсеткіштер: Баланс
2003 жыл:
2004 жыл:
Ауытқуы:
Көрсеткіштер: Ағымдағы активтер
2003 жыл: 5 060 436
2004 жыл: 5 105 471
Ауытқуы: 45 035
100, 9
Көрсеткіштер: Ұзақ мерзімді активтер
2003 жыл: 2 355 247
2004 жыл: 2 285 418
Ауытқуы: -69 829
97
Көрсеткіштер: Барлығы
2003 жыл: 7 415 683
2004 жыл: 7 390 889
Ауытқуы: -24 794
99, 7
Көрсеткіштер:
2003 жыл:
2004 жыл:
Ауытқуы:
Көрсеткіштер: Ағымдағы міндеттемелер
2003 жыл: 1 072 333
2004 жыл: 1 193 790
Ауытқуы: 121 457
111, 3
Көрсеткіштер: Ұзақ мерзімді міндеттемелер
2003 жыл: 4 191 214
2004 жыл: 4 038 994
Ауытқуы: -152 220
96, 4
Көрсеткіштер: Меншікті капитал
2003 жыл: 2 152 135
2004 жыл: 2 158 104
Ауытқуы: 5 969
100, 3
Көрсеткіштер:
2003 жыл:
2004 жыл:
Ауытқуы:
Көрсеткіштер: Өнімнің рентабельділігі
2003 жыл: 0, 040148
2004 жыл: 0, 035244
Ауытқуы: -0, 005
87, 8
Көрсеткіштер: Активтердің айналымдылығы
2003 жыл: 0, 42304
2004 жыл: 0, 5093508
Ауытқуы: 0, 086
120, 4
Көрсеткіштер: Меншікті капитал мультипликаторы
2003 жыл: 3, 445733
2004 жыл: 3, 424714
Ауытқуы: -0, 021
99, 4
Көрсеткіштер: Меншікті капитал табыстылығы, %
2003 жыл: 5, 85%
2004 жыл: 6, 15%
Ауытқуы: 0, 003
105, 1

Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай 2004 жылдың қорытындылары бойынша өнімді өткізуден алынған табыс 3764555 мың тенгені құрады, бұл алдыңғы жылға қарағанда 627426 мың тенгеге артық. Ал өнімді өткізуден алынған табыс 25% өсті. Жалпы табыс мөлшері де сәйкесінше өзгерді, өсім - 5, 8% құрады. Таза табыс көлемі 6729 мың тенгеге артты.

Қызмет етудің табыстылығын сипаттайтын көрсеткіштердің әрқайсысы акционерлік капиталдың табыстылық деңгейіне ең жоғары дәрежеде ықпал еткенін көрсетеді. Осылайша өткізілген өнімнің әрбір тенгесінен алынған таза табыс 2004 жылы 3, 5 тиынды құрады, бұл алдыңғы жылға қарағанда 0, 5 тиынға азырақ. Активтердің айналымдылығы активтердің 2003 жылға қарағанда тиімдірек пайдаланылғанын көрсетеді, яғни активтерге салынған әрбір теңгеден 50, 9 тиын табыс алынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8, 6 тиынға артық. Меншікті капитал мультипликаторы кәсіпорынның жиынтық капиталының құрылымдық өзгерісін бейнелейді. Есепті жылы жинытық капитал құрылымында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ, ол өткен жылмен салыстырғанда 0, 6% ғана азайды. Меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті 2004 жылы 5% өсіп, 6, 15 % құрады. Аталмыш көрсеткіш биржада компанияның акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында пайдаланылады.

Кәсіпорынның жалпы өндірістік көрсеткіштерінің өзгерістерін кесте 2 мәліметтері негізінде талдауға болады (қосымша А, Б) .

«Алматы Құс»ААҚ-ның өндірістік көрсеткіштері есепті жылы өткен жылдармен салыстырғанда кеміді. Жұмыртқа бойынша есепті жылы қызмет жасаған орташа жылдық қуаттылық 3708 тоннаға немесе 21, 06% кеміді. Есепті жылы шығарылған өнім немесе өңделген шикізат көлемі 4384 тоннаға азайды. 2004 жылы өткізілген өнім көлемі 4384 тоннаға немесе 256067 мың тенгеге қысқарды. Орташа жылдық қуаттылық 77, 5 % пайызға ғана пайдаланды. Бұл 2003 жылмен салыстырғанда 8, 6 пунктке кем.

Ет бағыты бойынша 2004 жылы қызмет жасаған орташа қуаттылық 113 тоннаға өсті. Есепті жылы шығарылған өнім 2539 тоннаға немесе 448695 мың тенгеге қысқарды. Өткізілген өнім көлемі 40, 44% немесе 2123 тоннаға азайса, құндық бейнеде ол 340879 мың тенгені құрады. Ет бағытындағы орташа жылдық қуаттар тек 39, 2% ғана пайдаланылды. Бұл 2003 жылмен салыстырғанда 29, 2 пунктке азырақ.

«Алматы Құс» ААҚ-ның құс басының саны, жалпы өндірілген және сатылған өнім көлемі, өзіндік құн сияқты көрсеткіштері сұлба 1 келтірілген (қосымша В) . Диаграмма түрінде бейнеленген өндіріс қуаттылығын сипаттайтын жұмыртқа бағытындағы құс басының саны өткен жылмен салыстырғанда есепті жылы 407 мың басқа азайды. Ал ет бағытында бұл көрсеткіш 1305 мың басқа өсті.

Жалпы өндірілген жұмыртқа көлемі 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 16, 2 % немесе 4869 кг азайды. Алайда бұл көрсеткіш 2002 жылға қатысты 60 % не 15490 кг өсті. Құс етінің жалпы өндірісінде де қысқарулар байқалды. Осылайша 2004 жылы өткен жылмен салыстырғанда ет өндіру көлемі 27139 цн азайды. Ал 2002 жылға қатысты ол 37 % немесе 9694 цн артты.

Сатылған жұмыртқа мөлшері өткен жылмен салыстырғанда есепті жылы 37, 04 % не 7782 кг азайып, 13229 кг құрады. Ал 2002 жылмен салыстырғанда ол 5162 кг өсті. Құс еті бойынша сату көлемдері де азайды 30, 5% немесе 16880 кг азайды, ал 2002 жылға қатысты бұл көрсеткіш 160 % не 23703 кг артты.

Нарықта сатылған жұмыртқаның 1 киллограмының өзіндік құнында тұрақты өсім байқалуда. 2004 жылы өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 19, 03 тенгеге немесе 23% артты, ал 2002 жылға қарағанда 37, 45 тенгеге не 60, 5 % өсті. Құс етінің өзіндік құны өткен жылмен салыстырғанда есепті жылы 0, 61 тенгеге не 0, 3%, ал 2002 жылға қатысты 22, 22 тенгеге не 13, 5% өсті.

2. Құс шаруашылығында өндіріс шығындарының есебі

Құс шаруашылығында өндірістік шығындар есебі, өзіндік құнға қосылатын шығындар тізімі бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі» стандартына сәйкес анықталады. Өндірістік шығындарды қалыптастыру мен өнімнің өзіндік құнын анықтаудың біріңғай принциптерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның есеп саясатында өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындарды анықтау, топтастыру және есепте бейнелеудің «жалпы тәртібі» анықталады. Есеп саясатындағы негізгі тұжырымдар шаруашылық жүргізуші субъектісінің өндіріс ерекшеліктері мен технологиясын міндетті түрде есепке алады.

Өндірістің түріне, тұрпатына тәуелсіз өндіріс шығындарының есебінде ұйымдастырылатын өндірістік есептің маңызы зор. Құс шаруашылығы саласында шығындар есебінің негізгі мақсат-міндеттері бұл:

- шығындарды өндіріс түрлері және құс топтары бойынша бөліп таратудың экономикалық негізділігін қамтамасыз ету;

- өндірілетін өнімнің өзіндік құнын құрайтын барлық шығындарды экономикалық жағынан біртекті элементтер мен баптар бойынша дәл бөлу;

  • құс шаруашылығынан алынатын өнім шығымын өз уақытында, шынайы және толық бейнелеу;
  • шаруашылық бөлімшелері бойынша шығындарды дәл бейнелеу;
  • негізгі және жанама өнімнің өзіндік құнын экономикалық жағынан негіздеп анықтау.

Құс шаруашылығында өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл саланың ерекшелігімен тығыз байланысты, яғни өндіріс барысында алынатын өнімдердің көп түрлілігімен (жұмыртқа, құс еті, қауырсын, құс саңғырығы және т. б. ) шартталған. Сондай-ақ, саланың өнеркәсіптік бағытында болуы, өндіріс технологиясы барлық өндірістерді негізгі және қосымша өндірістер болып бөлінуін анықтап берді.

Құс шаруашылығында негізгі өндірістерге құс өсірумен айналысатын өндірістер: инкубациялық цех, аналық табын, төлдер, өндірістік мекиен-тауықтар тобы жатады. Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге тікелей ықпал етеді. Негізгі өндірістің цехтары көмекші өндірістің қызметтерін пайдаланады, олардың көмегінсіз толыққанды, сапалы өнім өндіру мүмкін емес. Көмекші өндірістерге: жөндеу шеберханалары, ғимараттар мен құрылғыларды жөндеу, машино-тракторлық парк, автомобильді көлік, энергетикалық өндірістер (электро, жылу, газбен қамтамасыз ету, тоңазытқыш қондырғылары), сумен қамтамасыз ету, құсты сою цехы, жұмыртқаны сорттау цехы, санитарлық цех, жатады.

Нарықтық экономика талаптары, сондай-ақ бұл саладағы жоғары бәсекелестік аталмыш құрылымды барынша оңтайландыруға, өнімнің өзіндік құнын өсіруге әкелетін барлық қосымша шығындарды қысқарту жолдарын іздеуге итермелейді. Осыған байланысты «Алматы құс» ААҚ -ның басшылығы өнім өндіру және өндіріс процесін басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын анағұрлым тиімді етіп құруға шешім қабылдайды. Нәтижесінде асхана, санитариялық цех, жөндеу-механикалық цехы, бу қазандық цехы, жемдерді әзірлейтін цех, тракторлық бригада, құрылыс цехы және т. б. негізгі өндіріске қызмет көрсететін бөлімдердің қызмет етуі тоқтатылды. Мұның өзі өнімнің өндірістік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Өндірісті зерттеу және берілген бөлімшелердің жұмыс істеуі қаншалықты тиімді екендігі талданғаннан кейін, кәсіпорын үшін жүздеген қызметкерлері бар көмекші өндірісті ұстағанша, сырттан жабдықтаушылар мен мердігерлердің қызметін пайдалану үнемді болып шықты.

Кәсіпорында жұмыртқа өндірісі жаппай өндіріс тұрпатына жатады. Өйткені ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығарады. Мұнда шығарылатын өнім ассортименті аса көп болмағанымен, олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп, құс өсіру мен ұстауға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағы жоғары болады.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындарды жоспарлау, есептеу және талдау кезінде шығыстарды топтастырудың мынандай түрлері қолданылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудандағы шаруа қожалықтарының жұмысын тиімді арттырудың негізгі жолдары, жергілікті мемлекеттік органдардың рөлі
Нарықтық қатынастар жағдайында құс шаруашылығы өнімдерін өндірудің тиімділігін жоғарлату жолдары
Құс тұқымдары
Маркетинг өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізудің кешенді жүйесі ретінде
Жұмыртқа құс шаруашылығы
Құс ұшаларын өңдеудің технологиясы
Ауыл шаруашылығының қалдықтары
Құс етінің классификацисы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау жайлы
Құс қораларының микроклимат көрсеткіштерінің кұс өнімділігі сапасына әсері
Құс фабрикаларының қоршаған ортаға әсерін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz