Сөйлеу мен мектеп дағдыларының спецификалық бұзылыстары



1.тақырып. Логопедияға кіріспе, пәні, міндеттері, оның басқа пәндермен байланысы.
2.тақырып. Сөйлеу және сөйлеу қызметі
3.тақырып. Сөйлеу бұзылысының жіктелу түрлері.
Тақырып 4. Жазу және ауызша сөйлеу бұзылыстарының квалификациясы мен диагностикасы
Тақырып 5. Сөйлеудің жүйелі бұзылыстары: алалаия, афазия, жазу сөйлеуінің бұзылуы
Тақырып 6. Сөйлеу бұзылыстары кезіндегі коррекциялық әсер ету принциптері
Тема 7. Психологиялық коррекцияның жалпы аспектілері және әлеуметтік.еңбек реабилитациясы
Мақсаты: Психикалық күйін диагностау және психокоррекциялық жұмыс жасау үшін, оның ары қарайғы дамуын болжау үшін, сөйлеу бұзылысының тұлға қалыптасуына кері әсер етуіне жол бермес мақсатымен профилактикалық шаралар өткізу үшін студенттердің вербалды даму бұзылыстары туралы білімдерін қалыптастыру.
Студенттерді клиникалық психологияның және дефектологияның даму тарихымен таныстыру.
Тақырып сұрақтары:
1. Логопедияның пәні және міндеттері.
2. Сөйлеу бұзылысының зерттелуі.
3. Логопедтік әсер етудің негізгі бағыты
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Логопедияға кіріспе. Отандық логопедияның дамуы туралы қысқаша тарихи анықтамасы. Логопедия құрылымы. Міндеттері және басқа ғылымдармен байланысы: психологиялық, медициналық и лингвистикалық білімдер. Медициналық-психологиялық-педагогикалық бағыттың логопедиядағы жүйелік және кешендік мағынасы.
Логопедия – сөйлеу қызметі бұзылысының себептерін, механизмдерін, симптомдарын, ағымдарын және құрылымын зерттейді..
«Логопедия» термині грек сөзінен шыққан: логос (сөз), пайдео (тәрбиелеймін, оқытамын) – ив «дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу» дегенді білдіреді.
Логопедия пәні ғылым ретінде сөйлеудің бұзылуы және сөйлеу қызметі бұзылған тұлғаларды тәрбиелеу және оқыту процесі болып табылады. Зерттеу объектісі – сөйлеу бұзылысынан зардап шегуші адам (индивид).
Сөйлеу бұзылысы физиологтармен, невропатологтармен, психологтармен, лингвисттермен және т.б. зерттеледі. Әрқайсысы олардың мақсаттарына, міндеттеріне және өзінің ғылыми әдістеріне сәйкес белгілі бір көзқараспен қарастырады.
Логопедия сөйлеу бұзылысын ескерту және оқыту мен тәрбиелеудің арнайы ұйымдастырылған әдістері арқылы алдын-алу тұрғысынан қарастырады.
Қазіргі заманғы логопедия құрылымына мектепке дейінгі, мектептік логопедия және жасөспірімдер мен ересектер логопедиясы кіреді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН

1-бөлім. Сөйлеу мен мектеп дағдыларының спецификалық бұзылыстары:
Диагностау және коррекциялау.

1-тақырып. Логопедияға кіріспе, пәні, міндеттері, оның басқа пәндермен
байланысы. Сөйлеудің жас ерекшелік және әлеуметтік ерекшеліктері, идиолект.
Сөйлеу бұзылыстары бар балалар. Сөйлеу бұзылысының бала дамуына және оқуына
әсері.

Логопедияның даму тарихы.

Мақсаты: Психикалық күйін диагностау және психокоррекциялық жұмыс жасау
үшін, оның ары қарайғы дамуын болжау үшін, сөйлеу бұзылысының тұлға
қалыптасуына кері әсер етуіне жол бермес мақсатымен профилактикалық шаралар
өткізу үшін студенттердің вербалды даму бұзылыстары туралы білімдерін
қалыптастыру.
Студенттерді клиникалық психологияның және дефектологияның даму
тарихымен таныстыру.
Тақырып сұрақтары:
1. Логопедияның пәні және міндеттері.
2. Сөйлеу бұзылысының зерттелуі.
3. Логопедтік әсер етудің негізгі бағыты
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Логопедияға кіріспе. Отандық логопедияның дамуы туралы қысқаша тарихи
анықтамасы. Логопедия құрылымы. Міндеттері және басқа ғылымдармен
байланысы: психологиялық, медициналық и лингвистикалық білімдер.
Медициналық-психологиялық-педагогик алық бағыттың логопедиядағы жүйелік және
кешендік мағынасы.
Логопедия – сөйлеу қызметі бұзылысының себептерін, механизмдерін,
симптомдарын, ағымдарын және құрылымын зерттейді..
Логопедия термині грек сөзінен шыққан: логос (сөз), пайдео
(тәрбиелеймін, оқытамын) – ив дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу дегенді білдіреді.

Логопедия пәні ғылым ретінде сөйлеудің бұзылуы және сөйлеу қызметі
бұзылған тұлғаларды тәрбиелеу және оқыту процесі болып табылады. Зерттеу
объектісі – сөйлеу бұзылысынан зардап шегуші адам (индивид).
Сөйлеу бұзылысы физиологтармен, невропатологтармен, психологтармен,
лингвисттермен және т.б. зерттеледі. Әрқайсысы олардың мақсаттарына,
міндеттеріне және өзінің ғылыми әдістеріне сәйкес белгілі бір көзқараспен
қарастырады.
Логопедия сөйлеу бұзылысын ескерту және оқыту мен тәрбиелеудің арнайы
ұйымдастырылған әдістері арқылы алдын-алу тұрғысынан қарастырады.
Қазіргі заманғы логопедия құрылымына мектепке дейінгі, мектептік
логопедия және жасөспірімдер мен ересектер логопедиясы кіреді.
Логопедияның мақсаты мен міндеттері.
Логопедияның негізгі мақсаты – сөйлеу бұзылысы бар тұлғаларды оқыту,
тәрбиелеу және қайта тәрбиелеудің негізгі ғылыми жүйесін өңдеу, сонымен
қатар сөйлеу бұзылыстарын ескерту болып табылады.
Отандық логопедия сөйлеу бұзылысы бар балалар тұлғасын дамыту үшін
қолайлы жағдайлар туғызады. Отандық логопедияның табыстылығына дамып келе
жатқан бала миының үлкен компенсаторлы мүмкіндіктері және логопедтік
коррекциялық әсер етудің жолдары мен әдістері туралы отандық және шетел
авторларының көптеген қазіргі заманғы зерттеулері жатады, И.П. Павлов
орталық жүйке жүйесінің өте нәзіктігін және оның шексіз компенсаторлық
мүмкіндіктерін баса айта отырып, Алға жылжымайтын, ештеңеге берілмейтін
нәрсе болмайды, әрдайым жақсы жағына қарай жетуге болады, оған тек сәйкес
шарттар орындалса болғаны деп жазды [1].
Логопедияны ғылым ретінде анықтай отырып, оның келесі міндеттерін
бөлуге болады:
1. Сөйлеу бұзылысының әр түрлі формалары кезінде сөйлеу қызметінің
онтогенезін зерттеу.
2. Сөйлеу бұзылысының көп таралуын, симптоматикасын және бұзылу
деңгейін анықтау.
3. Сөйлеу қызметі бұзылған балалардың спонтандық және бағыттылық даму
серпінін, сонымен қатар сөйлеу бұзылыстарының оның тұлғалық қалыптасуна,
психикалық дамуына, іс-әрекет пен мінез-құлықтың көптеген түрлерін жүзеге
асыруға әсерін анықтау .
4. Дамуында әр түрлі ауытқулары бар балалардың сөйлеу және сөйлеу
бұзылыстарының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу (интеллект, есту, көру және
тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары).
5. Сөйлеу бұзылыстарының этиологияларын, механизмдерін, құрылымдарын
және симптомдарын айқындау.
6. Сөйлеу бұзылыстарын педагогикалық диагностау әдістерін өңдеу.
7. Сөйлеу бұзылыстарын жүйелеу.
8. Сөйлеу бұзылыстарының принциптерін, дифференциалданған әдістерін
және оны жою жолдарын өңдеу.
9. Сөйлеу бұзылыстарының профилактикалық әдістерін толық жетілдіру.
10. Логопедтік көмекті ұйымдастыру мәселелерімен жұмыс жасау.
Логопедияның көрсетілген міндеттерінде оның теориялық және практикалық
бағыттары анықталады. Оның теориялық аспектісі – сөйлеу бұзылыстарын
зерттеу, оларды профилактикалау, анықтау және алдын-алу. Практическалық
аспектісі – сөйлеу бұзылыстарын профилактикалау, анықтау және жою.
Логопедияның теориялық және практикалық міндеттері тығыз байланысты.
Қойылған міндеттерді шешу үшін мыналар қажет:
— пәнаралық байланыстарды қолдану және сөйлеу мен оның бұзылуын
зерттейтін көптеген мамандарды (психологтар, нейропсихологтар, лингвистер,
педагогтар, әр түрлі мамандағы дәрігерлер және т.б.) тарту;
— теория мен практиканың өзара байланысын, практикаға ғылымның жаңа
жетістіктерін жылдам енгізу үшін ғылыми және практикалық мекемелер
байланысын қамтамасыз ету;
— сөйлеу бұзылысын ерте анықтау және алдын-алу принципін жүзеге асыру;
— сөйлеу бұзылысын профилактикалау үшін халық арасына логопедтік
білімдерді тарату.
Осы міндеттерді шешу – логопедтік әсер етудің жүруін анықтайды.
Логопедтік әсер етудің негізгі бағыты сөйлеуді дамыту, оның
бұзылыстарын коррекциялау және профилактикалау болып табылады. Логопедтік
жұмыс процесінде сенсорлық функциялардың дамуы; моториканың, әсіресе сөйлеу
моторикасының дамуы; таным іс-әрекетінің, соның ішінде ең алдымен ойлаудың,
ес процесінің, зейіннің дамуы; бала тұлғасының қалыптасуы, сонымен қатар
әлеуметтік қатынастарын коррекциялау; әлеуметтік ортаға әсері
қарастырылады.
Логопедтік процесті ұйымдастыру сөйлеу бұзылыстарымен қоса
психофизикалық бұзылыстарды да жоюға немесе жеңілдетуге мүмкіндік береді,
бұл педагогикалық әсер етудің басты мақсаты – адамды тәрбиелеу жетістігіне
жетуге ықпал етеді.
Логопедтік әсер ету сөйлеу бұзылысын ескертетін сыртқы, сондай-ақ ішкі
факторларға бағытталуы тиіс. Бұл сөйлеу қызметінің бұзылуын коррекциялауға
және компенсациялауға бағытталған күрделі педагогикалық процесс.
Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы.
Логопедия көптеген ғылымдармен тығыз байланысты. Әр түрлі сөйлеу
бұзылыстарын коррекциялаумен және профилактикалаумен сәтті айналысу үшін
тұлғаға жан-жақты әсер ету әдістерін, сөйлеу бұзылыстарының симптомдарын,
олардың этиологиясын, механизмдерін, сөйлеу қызметінің сөйлеу құрылымындағы
сөйлеуге жататын және жатпайтын сиптомдарын білу қажет.
Байланыстың жүйеішілік және жүйеаралық түрлері бар. Жүйеішілік
байланысқа әлеуметтік педагогиканың әр түрлі салалары жатады:
сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика; ана тіліне,
математикаға үйрету әдістері; логопедтік ырғақ, жалпы және арнаулы
психология. Жүйеаралық байланыстарға медико-биологиялық және лингвистикалық
ғылымдар жатады.
Логопедияның жаратылыстану ғылымының психофизиологиялық негізі – шартты
рефлекторлы байланыстардың қалыптасуын, П.К. Анохиннің функционалды
жүйелері туралы, психикалық функцияларды динамикалық локализациялау туралы
(И.М. Сеченов, И.П. Павлов, А.Р. Лурия) және сөйлеу қызметі туралы қазіргі
заманғы нейропсихолингвистикалық ғылымдарды оқу болып табылады.
Сөз жалпылау, абстракциялау жолы арқылы болатын ерекше құрамның
сигналы. Сөйлеу қызметінің күрделі нейрофизиологиялық механизмдері сөйлеу
бұзылысын коррекциялау, бұзылуға жататын және жатпайтын функцияларын
компенсациялау бойынша логопедиялық жұмыстың құрылуын тиімді етуге
мүмкіндік береді.
Логопедия жалпы анатомия мен физиология; сөйлеу механизмдері мен сөйлеу
процесінің ойлауын ұйымдастыру туралы, сөйлеу қызметіне қатысатын
анализаторларды құру және қалыптастыру туралы нейрофизиология білімдерін
қолданады.
Сөйлеу бұзылыстарының механизмдерін түсіну және коррекциялық процестің
заңдылықтарын айқындау үшін жоғарғы психикалық функциялардың динамикалық
локализациясы туралы, сөйлеудің милық ұйымдасуы туралы білімдері маңызды
болып келеді.
Сөйлеу қарым-қатынас процесінде тілдің белгілік жүйесін қолдану
негізіндегі күрделі функциялық жүйе болып табылады. Тілдің күрделі жүйесі
қоғамдық-тарихи дамудың ұзақ мерзімді өнімі және ол баламен қысқа мерзім
ішінде меңгеріледі.
Сөйлеудің функциялық жүйесі бас миының көптеген ми құрылымдық
қызметтері негізінде құрылады, олардың әрқайсысы сөйлеу қызметінде белгілі
бір операцияларды орындайды.
Бағыттар кестесін құру
Негізгі әдебиет: 1, 7, 8, 9, 13, 18.
Қосымша әдебиет: 3.

2-тақырып. Сөйлеу және сөйлеу қызметі. Сөйлеудің онтогенезде
қалыптасуы. Сөйлеудің анатомды-физиологиялық және нейролингвистикалық
механизмдері. Ойлау, сөйлеу, тіл. Сөйлеудің орталық және перифериялық
механизмдері. Сөйлеу онтогенезі. Есту және сөйлеу. Сөйлеу және эмоциялар.
Мақсаты: Студенттерді сөйлеу онтогенезін оқудағы негізгі бағыттарымен
таныстыру.
Тақырып сұрақтары:
1. Сөйлеудің орталық және перифериялық механизмдері
2. Тұлға және сөйлеу қызметі
3. Сөйлеу дамуындағы индивидуалды ерекшеліктер және патологиялық
ауытқулар.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Ойлау, сөйлеу, тіл. Тіл әлеуметтік, психикалық және биологиялық
бірігулер болып табылады. Тұлға және сөйлеу қызметі. Сөйлеу және психикалық
процестер. Сөйлеудің орталық және перифериялық механизмдері. Психикалық
функциялар мен сөйлеудің динамикалық локализациясы. Сөйлеу онтогенезі.
Сөйлеу дамуындағы индивидуалды ерекшеліктер және патологиялық ауытқулар.
Есту және сөйлеу. Сөйлеу және эмоциялар.
Сөйлеу бұзылыстарының механизмдерін түсіну және коррекциялық процестің
заңдылықтарын айқындау үшін жоғарғы психикалық функциялардың динамикалық
локализациясы туралы, сөйлеудің милық ұйымдасуы туралы білімдері маңызды
болып келеді.
Сөйлеу қарым-қатынас процесінде тілдің белгілік жүйесін қолдану
негізіндегі күрделі функциялық жүйе болып табылады. Тілдің күрделі жүйесі
қоғамдық-тарихи дамудың ұзақ мерзімді өнімі және ол баламен қысқа мерзім
ішінде меңгеріледі.
Сөйлеудің функциялық жүйесі бас миының көптеген ми құрылымдық
қызметтері негізінде құрылады, олардың әрқайсысы сөйлеу қызметінде белгілі
бір операцияларды орындайды.
А.Р. Лурия ми қызметінің 3 функционалды блогын бөліп көрсетеді.
Бірінші блокқа қыртыс асты құрылғылар кіреді (жоғарғы бөліктің және
лимбтік аймақтың құрылуы). Бұл қабықтың қалыпты тонусын және сергек күйін
қамтамасыз етеді.
Екінші блокқа үлкен жарты шардың артқы бөліктерінің қыртысы кіреді. Бұл
сыртқы әлемнен алынатын сезгіш ақпаратты қабылдауға, өңдеуге және сақтауға
мүмкіндік береді, сонымен қатар таным (гностикалық) процестерін жүзеге
асыратын мидың негізгі аппараты болып табылады.
Оның құрылымында аймақтардың бастапқылар, екіншілер және үшіншілері
бөлініп көрсетіледі.
Бастапқы аймақтар – нейрондары шектен тыс жоғары спецификалығына ие болатын
қыртыстың проекциялық аймағы. Онда белгілі бір сезім органдарынан ақпаратты
қабылдау жүріп жатады.
Қыртыстың бастапқы аймақ аппаратының астында бастапқы аймақтармен
алынатын қоздыруларды ары қарай талдауды жүзеге асыратын екінші аймақтар
орналасқан. Екінші аймақтар бастапқылар сияқты өзінің спецификалық
модальділігін (көрулік, естулік және басқа аймақтар) сақтайды. Бастапқы
және екінші аймақтар кез-келген анализатордың (көрулік, естулік және т.б.)
қыртыстық бөлігі болып табылады.
Үшінші аймақтар анализаторлардың қыртыстық бөліктерін қайтадан жабу
аймағы болып табылады, ол әр түрлі модальділіктегі сезгіш ақпаратымен
алынған талдау, синтездеу, интеграциялау функцияларын орындайды.
Үшінші блокқа жарты шарының алдыңғы бөліктерінің қыртысы кіреді
(моторлы, премоторлы және префронтальды аймақтар); ол адамның мінез-құлқын
бағдарламалауын, реттелуін және бақылауын қамтамасыз етеді, қыртыс асты
құрылғылар қызметін, қызметтің алға қойған міндеттеріне сәйкес барлық
жүйенің сергектік жағдайын және тонусын реттеуді жүзеге асырады.
Сөйлеу қызметі барлық блоктардың бірлескен жұмысымен жүзеге асады.
Мұндағы әрбір блок сөйлеу процесінде белгілі бір спецификалық қатысуда
болады.
Дыбыстық сөйлеудің маңызды акустикалық белгілерін бөлу және
дифференциациялау процесі қыртыстың постцентралды және премоторлы
аймақтарының төменгі бөліктерімен байланысты бас ми қыртысының сол жақ
самай аймақтарының екінші бөліктері кіретін (Вернике аймағы) сөйлеу-есту
анализаторларының кортикалды аппараттарының аналитикалық-синтетикалық
қызметімен қамтамасыз етіледі.
Артикуляциялау процесі, сөйлеу актісінің моторлы ұйымы сөйлеу аппараты
бұлшықетінің күрделі координацияланған жұмысын реттеу негізінде жүзеге
асады. Сөйлеу актісінің моторлы ұйымы постцентралды аймақтың екінші
бөліктерімен (кинестетикалық аппарат) және сол жақ премоторлы аймақтың
төменгі бөліктерімен (кинетикалық аппарат) қамтамасыз етіледі.
Постцентралды аймақта сөйлеу аппаратының бұлшықетінен келіп түсетін
кинестетикалық түйсіктерді талдау жүреді. Премоторлы аймақта сөйлеу
актісінің моторлы бағдарламалары ұйымдасады, бір қозғалыстан екіншісіне
ақырын ауысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жүйке импульстарының сериялары,
кинетикалық модельдері құрылады.
Тілдік бірліктерді таңдау және оларды қиыстыру, оның мағынасын сөйлеу
формасына кодтау процесі бас ми қыртысының, маңдай алдына жатпайтын үшінші
бөліктердің және желке төбесіндегі аймақтардың жоғары ұйымдасқан
құрылымдарының қатысуынсыз мүмкін емес. Бас ми қыртысының үшінші бөліктері
акустикалық-моторлы ақпараттың біртіндеп мағыналық сызбалар мен бейнелерге
ауысатынын қамтамасыз етеді. Қыртыстың желке төбесіндегі аймағында
кеңістіктік қатынастарды білдіретін сызбалар да қалыптасады.
Жазбаша сөйлеу процесіне бас ми қыртысының аймағындағы желке және желке
төбесіндегі әр түрлі бөліктер де қатысады.
Сондықтан бас миының әр түрлі зоналары сөйлеу процесінің әр түрінде
қатысады. Оның қандай да бір бөлігінің зақымдануы сөйлеу қызметі
бұзылысының спецификалық симптомдарына әкеледі. Сөйлеу процесінің мида
ұйымдасуы туралы деректер этиология және сөйлеу қызметінің бұзылу
механизмдері жайлы елестерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл деректер
көбінесе бас миының локальды зақымдануы кезіндегі сөйлеу бұзылыстарының әр
түрлі формаларын (афазиялар) дифференциалды диагностау үшін қажет, бұл
аурулардың сөйлеуін қалпына келтіру бойынша логопедтік жұмысты тиімді
өткізуге мүмкіндік береді. Логопедия оториноларингологиямен,
невропатологиямен, психопатологиямен, олигофрения клиникасымен,
педиатриямен тығыз байланысты. Есту және сөйлеу органдары патологиясының
деректері (мысалы, дауысы бұзылған кезде) бұзылыстар этиологиясын анықтап
қана қоймай, логопедтік жұмыстың медициналық әсер етумен (дәрі-дәрмек пен
физиотерапевтік емдеулер, жедел араласу және т.б.) дұрыс сәйкестендіруіне
мүмкіндік береді. Бұл деректер дауыс бұзылысын, ринолалияны, нашар есту
кезіндегі сөйлеу бұзылысын және т.с.с. зерттеуде және жоюда өте қажет.
Дауыстың бұзылуы көбінде көмейдің және дауыс бүрмелерінің (ісік,
түйіншектелу, папилломдар, дауыс бүрмелерінің өзгеруі және т.б.) түрлі
органикалық зақымдануынан болуы мүмкін. Мұндай жағдайда дауыс бұзылысын
дәрі-дәрмектік, хирургиялық, физиотерапевтік, психотерапевтік әсер етумен
қамтамасыз етілетін дауыс аппаратының дұрыс физиологиялық қалыптасуынсыз
жою мүмкін емес.
Сөйлеу бұзылыстарының көптеген түрлері орталық жүйке жүйесінің
органикалық зақымдануымен байланысты және оны тек логопед пен невропатолог
немесе психоневролог дәрігерінің бірлесіп жасаған күштерімен ғана түзеуге
мүмкін болады. Сөйлеу бұзылыстары кезінде психикалық іс-әрекет бұзылысының
көптеген түрлері байқалуы мүмкін: психикалық дамудың тежелуі, мінез-
құлықтық және эмоционалды бұзылыстар, зейіннің, естің, ақыл-ес жұмыс
қабілетінің бұзылуы және т.б. Оның сөйлеу бұзылысының құрылымындағы бағасы,
олардың пайда болу механизмдерін талдау, орталық жүйке жүйесінің
зақымдануымен байланысты бастапқыларының шектеулігі, және сөйлеу
кемістігімен байланысты психикалық іс-әрекетінің екінші бұзылыстары
психоневролог дәрігерінің компетенциясына кіреді. Психоневролог дәрігері
баланың интеллект жағдайы туралы қорытындысын береді, клиникалық сөйлеу
диагнозын қояды, және оған сәйкес емдеу жұмысын жүргізеді.
Бұл деректер сөйлеу бұзылысына дұрыс педагогикалық талдау жасау үшін,
арнаулы мекеме профилін таңдау үшін маңызды болып келеді.
Сөйлеу бұзылыстарының көптеген түрлері мидың ерте кезде органикалық
(кейде тіпті минималды) зақымдануына қатысты ми жетілуінің тежелуімен
байланысты. Бұндай жағдайларда логопедтік жұмыс тек орталық жүйке жүйесінің
пісіп жетілуін реттейтін арнайы дәрі-дәрмектермен емдеуге сәйкес келсе ғана
тиімді болады. Бұл емдеуді психоневролог дәрігері тағайындайды. Кейбір
жағдайларда сөйлеу бұзылыстары қозғалу мазасыздығымен, жоғарғы эмоционалды
қозушылықпен сәйкес келеді, ондай жағдайда бала арнайы емдеуді алмағанша
логопед жұмысы тиімді болмайды.
Сөйлеу бұзылыстарының жеке түрлерінің, мысалы, тұтығудың, мутацияның
себептері өткір психикалық жарақаттар болуы мүмкін — қорқу, мазасыздану,
әдеттегі стереотиптің өзгеруі (жақындарынан айырылу) және т.б. Олардың
пайда болу сәтінде бала сәйкес келетін тәртіп пен емделуге мұқтаж болады;
тек психоневрология дәрігері мен логопедтің бірлесіп жасаған жұмысы ғана
оның сауығуына жағдай жасайды. Осы деректердің барлығы логопедия
педагогикалық ғылым болып табылса да, ол өзінің міндеттерін тек медициналық
ғылымдармен, соның ішінде ең алдымен невропатологиямен және бала
психиатрымен байланыстырса ғана шеше алатынын білдіреді.
Аномальді балаларды, соның ішінде сөйлеу бұзылысы бар балаларды оқыту
мен тәрбиелеу теориясы жүйке жүйесінің, оның функциясы мен даму
ерекшеліктері туралы білімдер негізінде құрылады.
Логопед сөйлеу бұзылыстарының неврологиялық негіздерін білуі керек,
бала психопатологиясы мәселелері жөнінде хабардар болуы тиіс, мінез-
құлықтық және эмоционалдық бұзылыстарда, олигофренияда және психикалық даму
тежелісінде пайда болатын бұзылу жағдайындағы балалардың психикалық
бұзылысының жиі кездесетін формалары туралы ұсыныстары болуы керек. Бұл
білімдер сөйлеу бұзылысының құрылымын дұрыс анықтауға, баланы түзеудің,
оқытудың және тәрбиелеудің оптималды әдістерін таңдауға және тұлғасының
аномальді дамуын ескертуге мүмкіндік береді.
Сөйлеу бұзылысын дифференциалды диагностау үшін невропатологиямен,
психопатологиямен, олигофрения клиникасымен байланыс жасау керек. Естуі
және сенсорлы алалиясы төмендеп кетке жағдайда сөйлеу бұзылысын
диагностауда есту фукциясының жағдайын мұқият қарау талап етіледі;
интеллект жағдайын, психикалық және сенсомоторлы даму ерекшеліктерін
анықтамай олигофрения мен алалия кезіндегі сөйлеу бұзылысын диагностау
мүмкін емес.
Медицина ғылымдарының деректері логопедке этиологияны, сөйлеу
бұзылыстарының механизмдерін дұрыс түсінуге, сондай-ақ диагностика және
сөйлеу бұзылыстарының түрлі формаларын жою кезінде дифференциалданған
логопедтік әсер ету мәселелерін дұрыс шешуге мүмкіндік береді. Тура диагноз
қоюдан балалардың әр түрлі арнаулы мекемелерін дұрыс анықтауы да
байланысты.
Логопедия лингвистика ғылымдарымен және психолингвистикамен тығыз
байланысты. Сөйлеу тілдік бірліктерді әр түрлі деңгейде қолдануын және
олардың қалыптасу ережелерін болжайды. Бұлар сөйлеудің әр түрлі
бұзылыстарында әр түрлі бұзылуы мүмкін. Баламен меңгерілген тіл нормасының
заңдылықтарын және жүйелігін білу логопедтік қорытындыларды нақтылауға
мүмкіндік береді, және логопедтік әсер ету жүйесін жасауға қажетті болып
табылады.
Жүйелік сөйлеу бұзылыстарын зерттеу және жою кезінде Л.С. Выготскийдің,
А.Р. Лурияның, А.А. Леонтьевтің сөйлеу қызметінің күрделі құрылымы туралы,
Ф. де Соссюрдің сөз сөулеуді қабылдау және пайда болу операциялары туралы
еңбектері негізінде құрылған психолингвистика деректері кеңінен
қолданылады.
Сөз сөйлеу қабылдауы мен пайда болуы әр түрлі операциялардан тұратын
күрделі иерархиялық ұйымдасқан құрылымы бар көпжақты процесс болып
табылады. Сөз сөйлеудің пайда болу процесінің әрбір деңгейінің, әрбір
операциясының өзіндік сөздігі, бірліктерді біріктіретін синтаксисі бар.
Сөйлеу бұзылыстарын зерттеу кезінде сөз сөйлеудің пайда болуының қай
операциясы бұзылғандығын анықтау маңызды. Отандық логопедияда Л.С.
Выготскимен, А.А. Леонтьевпен, Т.В. Рябовамен жасалған сөз сөйлеудің пайда
болу модельдері қолданылады.
Л.С. Выготский ой мен сөз арасындағы қатынасты ойдан сөзге және кері
қозғалу процесі ретінде қарастырып, қозғалыстың келесі жоспарларын бөлді:
мотив — ой — ішкі сөйлеу — сыртқы сөйлеу; сөйлеудің сыртқы (физикалық) және
семантикалық (психологиялық) жоспары. Сыртқы сөйлеуде грамматикалық және
семантикалық (психологиялық) құрылымдардың өзара әрекет етуі болады.
Семантикалық жоспардан сыртқы сөйлеуге өткізетін құрылым ішкі сөйлеу болып
табылады. Л.С. Выготский ішкі сөйлеудің терең талдауын берді, оған тән
ерекшеліктерін ашты.
Л.С. Выготскиймен сипатталған сөйлеу процесінің құрылымына сүйене
отырып, А.А. Леонтьев сөз сөйлеудің пайда болуының келесі операцияларын
бөліп көрсетеді: мотив — ой (сөйлеу интенциясы) — ішкі бағдарламалау —
лексикалық жанамалау және грамматикалық құру — моторлы орындау — сыртқы
сөйлеу.
Кез-келген сөз сөйлеу – сөйлеу интенциясының (ойдың) пайда болуымен
шартталатын белгілі бір мотив арқылы туындайды. Л.С. Выготскийдің ішкі
сөздегі ойды жанамалау теориясына сәйкес, ішкі бағдарламалау кезеңінде осы
және басқа да субъективті кодтық бірліктерде (Н.И. Жинкин бойынша бейнелер
мен сызбалар коды) бекітілген жекеше мағыналық кодпен сөйлеу интенциясын
жанамалау болады. Сөз сөйлеудің жалпы, сондай-ақ жеке байланыстарының
бағдарламасы құрылады, нәтижесінде ішкі сөйлеу кодында предикативті сөз
сөйлеу жүйелері пайда болады. Жеке сөз сөйлеу бағдарламасына мазмұндық,
мағыналық (психологиялық синтаксистеу) байланыспен біріккен субъект,
объект, предикат және т.б. сияқты компоненттер кіреді. Осы кезеңде қабылдау
процесінде объективті тілдік мағына жүйелерін ішкі сызбаларға тоқтату
операциясы жүзеге асады.
Лексикалық-грамматикалық жазу өзінің механизмдері бойынша
айрықшаланатын екі операциядан тұрады: белгілі бір тіл кодында, яғни тілдік
деңгейде жүзеге асатын синтаксистік құрылым мен оның лексикалық
толықтығының пайда болу операциясы. Одан кейін моторлы орындау кезеңі
жүреді.
Өзіндік бақылауға арналған тапсырмалар:
Медицина психологының қызметі туралы ережесімен танысу
Негізгі әдебиет: 1, 2, 7, 8, 9, 13, 17
Қосымша әдебиет: 3, 5.

3-тақырып. Сөйлеу бұзылысының жіктелу түрлері. Сөйлеу бұзылыстарының
клиникалық-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жіктелулері.
Этиология, патогенез, симптоматика. Ілеспе симптомдар мен синдромдар.

Мақсаты: Студенттерді сөйлеу бұзылыстарының клиникалық-педагогикалық
және психологиялық-педагогикалық жіктелулерімен таныстыру.
Тақырып сұрақтары:
1. Сөйлеу нормасы және патологиясы түсініктері
2. Этиология және сөйлеу бұзылыстарының жіктелуі
3. Дифференциалды психологияның түсіндіру модельдерінің дамуына қосқан
үлесі
4. Психологиялық бағыттар және сөйлеу бұзылыстарының психологиялық-
педагогикалық жіктелуін түсіндіретін модельдер.

Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Сөйлеу нормасы және патологиясы түсініктері.Сөйлеу патологиясындағы
симптом және синдром түсініктері. Ауызша және жазбаша сөйлеу бұзылыстарының
негізгі симптомдары мен синдромдарына сипаттама беру және сөйлеу қызметінің
паралингвистикалық тәсілдері. Сөйлеу және сөйлеуге жатпайтын бұзылыстардың
арақатынасы. Сөйлеу патологиясының таралуы. Сөйлеу бұзылысының этиологиясы
және жіктелуі. Сөйлеу қызметін зерттеу әдістері.
Логопедияда сөйлеудің нормалары мен бұзылыстары түсініктерінің
айырмашылықтары маңызды болып келеді. Сөйлеу нормалары сөйлеу қызметі
процесінде тілді пайдаланудың жалпыға бірдей қабылданған варианттарымен
түсіндіріледі. Қалыпты сөйлеу қызметі кезінде сөйлеудің психофизиологиялық
механизмдері сақталған болып келеді. Сөйлеу бұзылысы сөйлеу қызметінің
психофизиологиялық механизмдерінің қалыпты түрде қалыптасуының бұзылуымен
шартталған тілдік қоршаған ортада қабылданған сөйлеушінің тілдік қалыптан
ауытқуы ретінде анықталады. Коммуникативті теория көзқарасы бойынша сөйлеу
бұзылысы вербалды коммуникация бұзылысы болып табылады. Бұзылыстарға сөйлеу
қарым-қатынасы кезінде болатын жеке адам мен қоғам арасындағы объективті
өзара қатынастары да жатады.
Сөйлеу бұзылыстары келесі ерекшеліктермен сипатталады:
1. Сөйлеушінің жасына сәйкес келмейді;
2. сөйлеу диалектизмдері болып табылмайды, сауатсыздық пен тілді
білмеуі болмайды;
3. сөйлеудің психофизиологиялық механизмдерін қалыптастырудағы
ауытқулармен байланысты;
4. тұрақты сипатқа ие, өз еркімен жоғалмай бекітіледі;
5. оның сипатына байланысты белгілі бір логопедтік әсер етуді талап
етеді;
6. баланың ары қарайғы психикалық дамуына жиі кері әсерін тигізеді.
Мұндай сипаттама аймақтық-диалектілік және әлеуметтік мәдениеттілік
факторлармен шартталған сөйлеу ерекшеліктерінен, балалар мен ересектердің
уақытша бұзылыстарынан, сөлеудің жас ерекшелік ерекшеліктерінен
дифференциалдауға мүмкіндік береді.
Сөйлеу бұзылыстарын анықтау үшін сөйлеу бұзылыстары, сөйлеу
кемістіктері, сөйлеудің жеткіліксіздігі, сөйлеу патологиясы, сөйлеу
ауытқулары сияқты терминдері де қолданылады.
Сөйлеудің дамымауы және сөйлеудің бұзылуы түсініктері бар.
Сөйлеудің дамымауы кез-келген сөйлеу функциясының немесе жалпы сөйлеу
жүйесінің қалыптасуының төмен деңгейін көрсетеді.
Сөйлеу бұзылысы сөйлеу қызметінің механизмдерінің қалыптасуы процесінде
нормадан ауытқуды немесе бұзылуды көрсетеді.
Логопедиядағы сөйлеудің жалпы дамымауында сөйлеудің барлық
компоненттерінің қалыптасуы бұзылатын сөйлеу аномалиясы деп аталатын
формасы бар. Сөйлеудің жалпы дамымауы түсінігі сөйлеу жүйесінің барлық
компоненттерінің (оның фонетико-фонематикалық жағы, лексикалық құрамы,
грамматикалық құрылымы) қалыптаспаған симптомдарының (немесе дамудың
тежелуі) болуын болжайды. Сөйлеудің жалпы дамымауы кемістігінің әр түрлі
механизмдері және соған сәйкес әр түрлі құрылымдары болуы мүмкін. Бұл
алалия, дизартрия және т.с.с. байқалуы мүмкін.
Сөйлеудің жалпы дамымауы термині сөйлеу қызметі бұзылысының
симптомологиялық деңгейін ғана сипаттайды.
Логопедияда сөйлеу дамуының бұзылуы мен сөйлеу дамуының тежелуі
түсініктері шектелген. Сөйлеу онтогенезінің процесі жойылатын сөйлеу
дамуының бұзылуынан қарағанда сөйлеу дамуының тежелуінде сөйлеу дамуының
деңгейі баланың жасына сәйкес келмеуі салдарынан ырғақтың баяулығымен
айрықшаланады.
Сөйлеудің ыдырауы түсінігі бас миының локальдық және диффуздық
зақымдануы салдарынан сөйлеу дағдылары мен коммуникативті іскерліктің
жоғалтуымен түсіндіріледі.
Сөйлеу бұзылысының симптомы – бұл сөйлеу қызметі бұзылуының қандай да
бір белгісі (пайда болудың).
Сөйлеу бұзылысының симптоматикасы – бұл сөйлеу қызметінің бұзылу
белгілерінің жиынтығы (пайда болулардың).
Сөйлеу бұзылысының механизмі – бұл сөйлеу қызметі бұзылысының пайда
болуымен және дамуымен шартталатын процестерді және операцияларды
қалыптастырудағы ауытқулармен түсіндіріледі.
Сөйлеу бұзылысының патогенезі — бұл сөйлеу қызметі бұзылысының пайда
болуымен және дамуымен шартталатын патологиялық механизм.
Сөйлеу кемістігі құрылымының астында берілген сөйлеу кемістігінің
сөздік және сөздік емес симптомдарының жиынтығы (құрамы) мен олардың
байланысқан сипаты жатыр. Сөйлеу кемістігінің құрылымын бұзылысқа (ядро)
әкелетін бастапқы кемістік және бастапқымен себептік-салдарлық қатынаста
болатын екінші кемістік сияқты түрлері бар. Сөйлеу кемістігінің әр түрлі
құрылымдары өзінің бейнесін бастапқы және екінші симптомдардың белгілі бір
арақатынасынан табады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп логопедінің жұмысын ұйымдастыру
Кіші мектеп жасындағы ақыл есі кем оқушылардың жазбаша сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Оптикалық дисграфияны түзету
Нашар көретін балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Дисграфия себептері
Ақыл-ой кемістігі
Аутизм спектрі бұзылған балаларды психологиялық сүйемелдеу бағдарламасы
«Зияты бұзылған 3-5 сынып оқушылардың жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаты»
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Тіл бұзылыстары бар балалардың мектепте оқуға психологиялық даярлық деңгейін анықтау
Пәндер